Windows жүйесінің стандартты программалары туралы


Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:
Жоспар.
- Кіріспе бөлім.
- Негізгі бөлім
а) MS Word редакторы негізгі түсінік.
б) Word Pad мәтіндік редакторы.
в) Блокнот.
г) Күнтізбе.
д) Калькулятор.
е) Бірнеше қолданбалы программалармен жұмыс істеу.
ж) Paint және Word Pad арасында мәлімет алмасу.
- Қорытынды.
Word Pad мәтіндік редакторы.
Windows жүйесінің стандартты программалары құрамына бір топ программалар жиыны кіреді. Олар әр адамға қажетті операциялық жүйе орындай алмайтын бірсыпыра жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етеді.
- мәтіндік құжаттар дайындау
- графикалық бейне - көріністерді даярлау және оларды өңдеу, түзету;
- жұмыс уақытын жоспарлау және ұйямдастыру;
- математикалық есептерді орындау және тағы басқалары.
Әдетте, бұл қосымша рограммалар «стандартты» тобында орналасқан.
Ms Word - мәтіндік құжаттарды дайындауға, түзетуге және қағазға басып шығаруға арналған Windows жүйесінің қосымша програмасы . Ол - мәтіндік және графикалық информайиялардыөңдеу барысында жүзден аса операцияларды орындай алатын ең кең тараған мәтін редакторларының бірі.
Қазіргі компьютерлік технологияда орындауға болатын кез келген операция бұл ортада жүзеге асырыла береді . Мысалы, басқа ортада дайындалған мәтіндік фрагменттер, кестелер, суреттер сияқты әртүрлі объектілерді байланыстыра отырып осы ортаға енгізуге болады . Жалпы Word редакторында типография жұмысына керекті баспа материалдарын теруден бастап, олардың оригинал - макетін толық жасауға дейінгі барлық жұмыс орындалады, оларды көбейте отырып тарату мүмкіндіктері де қамтылған . Мұнда құжаттар мен кестелерді көрікті етіп, безендіруге қажет көптеген дайын шаблондар, стильдер жазылып бірден орындалатын ішеі макропрограммалау тілі, қарапайым графиктік бейнелерді салатын аспаптар және тағы сол сияқтылар жетіп артады .
Адам мен компьютер арасындағы байланысты ұйымдастырушы қызметін, яғни пайдаланылатын негізгі командалық жол . Бұл жол арқылы адам мен ЭЕМ арасында сұқбат қолайсыз жүргізіледі . ЭЕМ-ді басқаруға қажет жүедеген командалар пернелермен енгізіліп барып орындалады . Өзінің жұмыс істеуі кезінде Windows жүйесі программалар мен құжаттар арасында мәліметтер алмасуға арналған компьютердің жедел жадының арнаулы бөлігін алмастыру буфері ретінде пайдаланылады . Буфер әртүрлі программалар немесе құжаттар арасында керекті шағын көлемді мәліметтерді тасымалдап, олардың фрагменттерін бір - біріне ауыстырып отыру үшін пайдаланылады . Алмастырылатын мәліметтер ретінде мәтін үзінділері, сурет, кесте және тағы басқа объектілер алынуы мүкін .
Word Pad, Write редакторлары күрделі мәтіндік құжаттарды дайындауға мүмкіндік береді . Алайда кейінгі шығып жатқан мамандандырылған мәтіндік редакторларға қарағанда оның мүмкіншілігі төмендеу . қазіргі кезде кеңінен қолданылып, ең қуатты мүмкіншілігі мол деп танылып жүрген мәтіндік редакторлардың жаңа түрлері .
Word Pad редакторлары мәтіндік құжаттарды теріп, дискілерде сақтауға, оларды өңдеуге - ішкі көрінісі мен шрифтін өзгертуге, құжат ішінде символдарды іздеу мен ауыстыру әдістерін іске асыруға, графиктік суреттерді қосуға, оның беттерінің параметрлерін өзгертуге жіне қағазға басып шығаруға мүмкіндік береді .
Осы айтылған мүмкіндіктердің ішінен біз келешекте қажет болатын мәтінді қағазға басып шығару жолын кңінен қарастырамыз . Windows жүйесінің бір ерекшелігі - ондағы кез келген қосымша бағдарламадағы мәтінді қағазға басу бір тәртіппен жүргізілетіндігі .
Бағдарлама терезесінде орналасқан құжатты баспаға шығармастан бұрын, принтердің түрі мен оның параметрлерін тағайындайиыз . Бұл жағдайда Файл => Принтер таңдау ( Файл => Выбор принтера) және Файл => Баспа (файл => Печать) деген командаларды меню жүйесінен таңдау қажет. Бұл командалардың сұқбаттасу терезесінде құжатты басып шығаруға арналған принтердің аты мен маркасы көрсетіледі . Пайда болған тізімнен өзімізге қажетті принтерімізді таңдауға болады және принтерде пайдаланылатын қағаздың мөлшерін де алдын ала анықтаған жөн ( әдетте, бұл А4 форматындағы 210-299 мм-лік қағаз ) .
Егер біз Параметрлер батырмасын бассақ, онда экранға шығатын сұқбаттасу терезесінде принтерден сапалы басылым шығару параметрлерін реттеуге болады .
Принтер түрі мен баспаға шығару параметрлерін анықтап болған соң, меню жүйесінен Файл => Баспа (Файл => Печать) командасын таңдау қажет. Сұқбаттасу терезесінде басып шығару аумағы (құжатты толығымен, құжаттың белгіленген бір бөлігін немесе бір беттерін басып шығаруға болады) мен оның көшірмесінің саны анықталады . Бұдан кейін « ОК » пернесін бассақ, онда параметрлері анықталған принтерге экран бетінде алдын ала дайындалған ақпарат қағазға басылып шығады .
Word Pad - тиеу үшін Іске қосу тетігін басып, Бағдарламалар мен Стандартты бұйрықтарын таңдап аламыз, кейін Word Pad - ты таңдаймыз.
Блокнот - кішігірім мәтіндік файлдармен жұмыс істеуге арналған редактор. Оның мүмкіндігі көптеген қарапайым мәтіндік редакторлар мүмкіндіктеріне қарағанда төмендеу.
Оның бір талассыз жақсы жағы бар - ол қарапайым әрі жинақы жұмыс істеуге мүмкіндік береді, жедел жадта тіптен ешқандай орын алмайды десе де болады және басқа программалардың қатарласа жұмыс істеуіне ешбір кедергісін тигізбейді . Бұл программаны іске қосу үшін «Реквизиттер» тобында орналасқан « Блокнот » атты шартбелгіні таңдау жеткілікті .
Блокнот мәтінді форматтай ( шрифтін өзгертпей, безендірмей ) тек қана оның сөздерінен тұратын файлдарды дайындайды және дикіде сақтайды . Көптеген жағдайларда, мысалы, командалық файлдарды дайындау, түзету немесе модем ақылы жіберілетін мәтінді дайындау кездерінде бұл шынында да жылдам істейтін, таптырмайтын қосымша программа екеніне көзіңіз жетеді .
Блокнот тек бір ғана шрифт түрін пайдаланады . Мұнда мәтін фрагменттерімен жұмыс істеу ісі керекті символдарды іздестіру, мәтінді файлдарға жазу мен оқу, баспаға шығару жұмыстары жақсы жолға қойылған.
Күнтізбе - бұл жұмыс уақытын жоспарлауға, мерзімдік жоспар жасауға, кездесу мен телефон соғу кестелерін құруға арналған шағын программа . Нақты айтсақ, календарь - күнделіктің компьютерлік варианты . Программаны іске қосу үшін «Реквизиттер» тобынан «Күнтізбе» белгісін таңдап алуымыз керек .
Күнтізбе информацияны қарап шығудың екі режимінде жұмыс істейді :
- күнделікті кесте -Қарап шығу => Күн{F8} (Просмотр => День) командасы;
- айлық кесте -Қарап шығу => Ай{F19} (Просмотр => Месяц) командасы .
Бірінші режимінде көрсетілген уақыттың тұсында алдағы болатын жұмыстар жайлы қысқаша мағлұматтар болады . Терезенің төменгі бөлігінде ескерту жазуға арналған бірнеше жолдар орналасқан . Мұнда әр күнге байланысты естелік информация сияқты қысқаша мәтін теруге болады . Терезенің жоғарғы бөлігіндегі бағыттауыш тілсызықтар календарды парақтап ашуға мүмкіндік береді .
Екінші режимінде экранда үстіміздегі айдың барлық күндері бейнеленеді . Олардың ішіндегі көмескі түрмен белгіленген күндердің бірі екпінді саналады . Бұл керекті күнге тез арада өту үшін және де ай күндерінде жазылған ескертпе жазуларды тез қарап шығу үшін қолданылады . Ескертпе жазуға арналған жолдар ай күндерінен төмен орналасқан және оны оқу, өзгерту үшін сол күнді екпінді етіп алу қажет .
Егер біз бөлінген уақыт аралықтарын өзгерткіміз келсе, оларды Параметрлер => Күн параметрлері командасы арқылы жөндеуге болады . Одан кейін сұқбат терезе арқылы керекті параметрлер енгізіледі .
Калькулятор программасы бүгінгі күндері тіпті төменгі класс оқушылары да кеңінен пайдаланылатын компьютерлік калькулятор болып табылады . Программаны іске қосу үшін «Реквизиттер» тобында «Калькулятор» шартбелгісін таңдау керек .
Программа екі режимде жұмыс істейді:
- стандартты (жады бар қарапайым арифметикалық калькулятор) режим;
- ғылыми (қиын да күрделі есептеулер жүргізуге арналған қуатты калькулятор) калькулятор режимі .
Есептеуге қажет сандар «тышқанмен» немесе пернелер көмегімен енгізіледі . Енгізілген цифрлар мен де есептеулер нәтежиелері индикаторда бейнеленеді. Калькуляторда стандартты режимде төрт арифметикалық амалдан, процентті есептеуден, квадрат түбір мен кері шаманы табудан басқа оның жадымен келесі әрекеттерді орындауға болады:
ЗП - индикатордағы санды жадқа жазады ;
П+ - жадтағы санға илдикатордағы санды қосады ;
ИП - жадта сақталған санды индикаторға шығарады ;
ПО - жадты тазалайды .
Индикаторға енгізілген соңғы цифрды жоюға арнлған Кейін (Назад) батырмасының бар екені есте болсын .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz