Еңбек құқығы субъектісі



Кіріспе

І.
1.1. Еңбек құқығы субъектісі түсінігі және оларды топтастыру
1.2. Азаматтар еңбек құқығының субъектілері ретінде
Қорытынды

Пайдаланған әдебиет тізімі
Еңбектегі құқықтық субъектілік дегеніміз еңбек құқығы субъектілерінің заңдық міндеттемелер құқылы болу және оларды кетеру қабілеттігі, яғни еңбекті қоғамдық ұйымдастыру саласында нақты құқықтық қатынастарға қатысушы болу мүмкіндігін (қабілетін) иемдену (еңбектегі құқық қабілеті). Сонымен қатар еңбектегі құқықтық субъектілік дегеніміз еңбек құқығы субъектілерінің өз әрекеттерімен субъективтік құқық иемдену және заңдық міндеттерді көтеру қабілеті (еңбек әрекеттілігі). Ал еңбек құқығының субъектілері үшін оларда еңбектік құқық қабілеттілігі мен әрекеттілігінің екеуінің де бірдей болуы төн. Басқаша айтқанда, еңбектік құқық әрекеттілігі ерекше қасиет, ол тек еңбек құқығының субъектілерінде ғана болады.

Мақсаты:
Заңнан туындайтын субъективтік құқықтар мен міндеттерді мәртебелілік деп атау қабылданған (нақты еңбектік құқық қатынастарының мазмұнынан туындайтын субъективтік құқықтар мен міндеттерден өзгеше), себебі олар еңбек құқығы субъектісінің құқықтық статусының негізін құрайды.
Субъективтік құқықтар мен міндеттердің көлеміне және қарай еңбек құқығының субъектісі ретінде кейбір санаттағы азаматтардың құқықтық мәртебесі жалпы және арнайы болып бөлінеді.

Міндеттер:
- Еңбек құқығының субъектілері шартының мәні мен мазмұнын толық ашу;
- Еңбек құқығының субъектілері белгілері мен құрамына тоқталу;
- Еңбек құқығының субъектілері түрлерін саралау;
- Еңбек құқығының субъектілері ұғымына анықтама беру;
- Осы мәліметтерді сараптап, түйінін қорытындылау.
1.ҚР Конституциясы, 1995ж. 30 тамыз.
2.ҚР Еңбек Кодексі 15.05.200.
3. Еңбек құқығы. Ахметов А., Ахметова Г. Алматы 2005.
4. ҚР Еңбек құқығы. Уваров В.Н. Алматы 2002.
5. ҚР Еңбек құқығы. Қағазов О. Алматы 2003.
Трудовое право РК. Хамзин А.Ш. Астана 2004.
6. ҚР мемлекеті мен құқық негіздері. Алматы 2003.
Баянов Е. «Мемлекет және құқық негіздері», оқулық, - Алматы: Жеті жарғы, 2001 – 624б.
Абажанов КА. Трудовой договор. А.: Юридическая литератира, 2001
7. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан – 2030. Барлық қазақстандықтардың гүлденуі, қауіпсіздігі және тұрмыс жағдайының жақсаруы. Ел Пр өзидентінің Қазақстан халқына Жолдауы.// каз.правда. 1997.11.октябрь.
8.Әбенұлы Н. «Дороворы о труде » // Заң 11/2004. 18 – 21б.
9.Ағыбаев А. «Трудовое право: на пути к рынку » // Заң 4/2005. 22 – 24б.
10. .Конституция Республики Казахстан. Парламент жаршысы.1996,№4.
11.Қ.Р. стратегиялық жобалау бойынша агенттігі. «Қ.Р.-да мемлекеттік қызметтің орталықсыздандырылуының концепциясы».-Астана, 2000.
12.Кенжегузин М.Б., Абдуллаев С.А. Мемлекеттік басқарудың орталықсыздандырылуы.-Алматы, 2003.
13.Бекжанов Ж. «Современные проблемы трудового права» //Заң 12/2004, 16-б.
14. Баймаханов К. «Контракт трудовом праве » //Заң 10/2005, 16 б

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе

І.
1.1. Еңбек құқығы субъектісі түсінігі және оларды топтастыру
1.2. Азаматтар еңбек құқығының субъектілері ретінде
Қорытынды

Пайдаланған әдебиет тізімі

Кіріспе
Өзектілігі:

Еңбектегі құқықтық субъектілік дегеніміз еңбек құқығы субъектілерінің
заңдық міндеттемелер құқылы болу және оларды кетеру қабілеттігі, яғни
еңбекті қоғамдық ұйымдастыру саласында нақты құқықтық қатынастарға қатысушы
болу мүмкіндігін (қабілетін) иемдену (еңбектегі құқық қабілеті). Сонымен
қатар еңбектегі құқықтық субъектілік дегеніміз еңбек құқығы субъектілерінің
өз әрекеттерімен субъективтік құқық иемдену және заңдық міндеттерді көтеру
қабілеті (еңбек әрекеттілігі). Ал еңбек құқығының субъектілері үшін оларда
еңбектік құқық қабілеттілігі мен әрекеттілігінің екеуінің де бірдей болуы
төн. Басқаша айтқанда, еңбектік құқық әрекеттілігі ерекше қасиет, ол тек
еңбек құқығының субъектілерінде ғана болады.

Мақсаты:
Заңнан туындайтын субъективтік құқықтар мен міндеттерді мәртебелілік деп
атау қабылданған (нақты еңбектік құқық қатынастарының мазмұнынан туындайтын
субъективтік құқықтар мен міндеттерден өзгеше), себебі олар еңбек құқығы
субъектісінің құқықтық статусының негізін құрайды.
Субъективтік құқықтар мен міндеттердің көлеміне және қарай еңбек
құқығының субъектісі ретінде кейбір санаттағы азаматтардың құқықтық
мәртебесі жалпы және арнайы болып бөлінеді.

Міндеттер:
- Еңбек құқығының субъектілері шартының мәні мен мазмұнын толық ашу;
- Еңбек құқығының субъектілері белгілері мен құрамына тоқталу;
- Еңбек құқығының субъектілері түрлерін саралау;
- Еңбек құқығының субъектілері ұғымына анықтама беру;
- Осы мәліметтерді сараптап, түйінін қорытындылау.

І.
1.1. Еңбек құқығының субъектілері түсінігі және оларды топтастыру.

Еңбек құқығы, құқықтың дербес саласы ретінде өз субъектілерінің ауқымымен
сипатталады. Еңбек қатынастарына қатысушылардың сипаттамасы еңбек құқығының
пәнімен, әдісімен және қағидаттарымен бірлесе отырып бұл саланың Қазақстан
Республикасы ұлтгық құқығының жалпы жүйесіндегі өзіндік ерекшелігін ашады.
Қазіргі күшіндегі заңдарға сәйкес қоғамдық еңбекті ұйымдастыруға, оның
құқықтық регламантациясына, еңбекті қорғауға және еңбек заңдарының
сақталуына қадағалау және бақылау жүргізуге қатысушы жеке және заңдық
тұлға еңбек құқығының субъектісі болып табылады.
Еңбек құқығының субъектілеріне заң ерекше қасиет — құқықтық мәртебе
береді, ол оның нақты құқықтық қатынастарға қатысуына, мүмкіндік тудырады.
Құқықтық мәртебенің мазмұны мен сипаттамасы, бұл жағдайда, тараптардың
еңбектегі құқықтық субъектілігін, олардың субъективтік құқықтары мен
заңдық міндеттерін жүзеге асыру кепілдігін, сондай-ақ міндеттемені орындау
жауаптылығын қамтиды. Бұл элементтердің жиынтығы еңбек құқығының субъектісі
ұғымы туралы бүтіндей түсінік береді.
Еңбектегі құқықтық субъектілік дегеніміз еңбек құқығы субъектілерінің
заңдық міндеттемелер құқылы болу және оларды кетеру қабілеттігі, яғни
еңбекті қоғамдық ұйымдастыру саласында нақты құқықтық қатынастарға қатысушы
болу мүмкіндігін (қабілетін) иемдену (еңбектегі құқық қабілеті). Сонымен
қатар еңбектегі құқықтық субъектілік дегеніміз еңбек құқығы субъектілерінің
өз әрекеттерімен субъективтік құқық иемдену және заңдық міндеттерді көтеру
қабілеті (еңбек әрекеттілігі). Ал еңбек құқығының субъектілері үшін оларда
еңбектік құқық қабілеттілігі мен әрекеттілігінің екеуінің де бірдей болуы
тән. Басқаша айтқанда, еңбектік құқық әрекеттілігі ерекше қасиет, ол тек
еңбек құқығының субъектілерінде ғана болады. Еңбек құқығы субъектілерінің
субъективтік құқықтары мен [1]заңдық міндеггерінің көлемі мен сипатына
байланысты жалпы және арнайы құқықтық мәртебелер болады. Жалпы құқықтық
мәртебе Қазақстан Республикасының Конституциясынан және еңбек туралы заң
актілерінен тікелей туындайтын және еңбек құқығы субъектілерінің әрбір
түрі үшін бірдей болып табылатын субъективтік құқықтар мен міндеттерді
қамтиды.
Заңнан туындайтын субъективтік құқықтар мен міндеттерді мәртебелілік деп
атау қабылданған (нақты еңбектік құқық қатынастарының мазмұнынан туындайтын
субъективтік құқықтар мен міндеттерден өзгеше), себебі олар еңбек құқығы
субъектісінің құқықтық статусының негізін құрайды.
Арнайы құқықтық статус еңбек құқығы субъектілерінің кейбір түрлерінің
ерекшеліктерін сипаттайды. Статустық деңгейдегі жалпы субъективтік құқықтар
мен міндеттер азаматтардың, кесіпорындардың, мемлекеттік органдардың,
қоғамдық бірлестіктердің және еңбек құқығының басқа субъектілерінің арнайы
құқықтық мәртебесінде көрініс тауып нақтыланады. Еңбек туралы арнайы
заңнамада бекітілген субъективтік құқықтар мен міндеттер еңбек құқығы
субъектілерінің еңбекті қоғамдық ұйымдастыру саласында туындаған нақты
құқықтық қатынастарға қатысуы үшін алғы шарт болып табылады. Жалпы және
арнайы құқықтық мәртебенің тұтастығы мен ара қатынасы еңбек құқығының
тұтастық және бөлшектік принципінің көрініс тапқаны.
Еңбек құқықтары субъектілерінің кұқықтық мәртебесі оны жүзеге асыру
тетігімен толықтырылады. Еңбектің құқық субъектілігі, статустық және арнайы
құқықтар мен міндеттерден басқа құқық мәртебесінің мазмұнына осы құкықтар
мен міндеттердің жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін заңдық кепілдемелер
мен міндеттемелерді орындауға жауаптылық кіреді. Қазақстан Республикасының
Конституциясына сәйкес (13 бап) әркімнің өзін құқық субъектісі деп танытуға
құқығы бар және өз кұқықтары мен міндеттерін заңға қайшы келмейтін барлық
тәсіддермен қорғауға құқылы.
заңдық кепілдіктер өздерінің мақсаты, мазмұны және субъектік құқықтар мен
міндеттерді қамтамасыз ету тәсілдері бойынша бөлектенеді. Заңдық кепілдік
сипаттамасының маңызды жақтарының бірі - жұмыскерлер өкілдерінің (оның
ішінде кәсіподақтың)еңбек жағдайларын белгілеуге, жұмыскерлердің заңды
құқықтары мен мүдделерін корғауға тікелей қатысуы. Мысалы, азаматтар
құқықтарын жүзеге асыру кепілдіктерінің қатарына олардың жұмыс түрін
тандаудағы бостандығын, олардың еңбек құқығын қорғауды ("Халықтың жұмыс пен
қамтылуы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5 бабы); еңбек құқығын
жүзеге асырудағы тең мүмкінділікті, ешкімнің еңбек құқығының
шектелмейтіндігін немесе оларды жүзеге асыруда жынысына, жасына, нәсіліне,
ұлтына, тіліне, мүліктік және лауазымдық жағдайына, тұрған жеріне, діни
сеніміне, азаматтылығына, қай қоғамға кіретіндігіне, сондай-ақ жұмыскердің
іскерлік сапасымен және оның еңбегінің нетижесімен байланысты емес басқа да
мән-жайлар арқылы қандай да бір артықшылық алмауын жатқызуға болады. Бұл
жұмыскердің тендей еңбек үшін қандай да бір кемсітушілік болмай бірдей
еңбек ақы алу құқығына да жатады. Әңгіме қазақстандық жұмыскер мен шет
елдік жұмыскерлерге бірдей еңбек ақы төлеу жайында. Кемсітуге ұшыраған
адамдардың еңбек құқығының сот арқылы қорғалатыны заңда көрсетілген (Еңбек
туралы Заңның 4 бабы).
Субъективтік құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру кепілдемелері және
міндеттемелерді орындауға жауаптылық еңбек құқығы субъектілерінің құқықтық
мәртебесіне, егер енбекті қолдану саласында нақты құқық қатынастары орнап,
ары қарай сақталса, қандай да бір тұрақтылық береді. Мұны, еңбек туралы
заңнамада көзделген кепілдеменің, бір жағынан — еңбек құқығы
субъектілерінің өз құқықтарын және өздеріне жүктелген міндеттемелерін
орындауға итермелеитіндігі, екінші жағынан — өз міндеттерін орындамағандығы
немесе дұрыс орындамағандық үшін санкция белгілейтіндігі ескерілген.
Мысалы, қызметкерді өз тұрғысынан жұмыстан заңсыз босату, соттың жұмысқа
қайта қабылдау туралы шешімін орындамау, сол сияқты азаматтардың құқықтары
мен заңды мүдделеріне елеулі зиян келуіне әкеп соқтырған еңбек туралы
заңдарды басқаша да бұзған лауазымды адамға сот арқылы айыппұл салуға
немесе бес жылға дейінгі мерзімге басқа бір лауазымдарды атқару немесе
белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға дейін жазалауды көзделген.
(ҚР ҚК-нің 148 бабы)
Аталып өткендей, еңбек құқығының нормаларымен реттелетін қоғамдық
қатынастарға әртүрлі субъектілер қатысуы мүмкін. Құқықтық мәртебесінің
ерекшеліктерін ескере отырып, оларды мынадай негізгі топтарға бөлуге
болады: 1) азаматтар; 2) жұмыс берушілер; 3) кәсіпкерлер одағы; 4)
мемлекетгік органдар. Бұл топтардық әрқайсысы, өз к өзегінде, түрлерге
бөлінеді. Мысалы, азаматтар, еңбек құқығының субъектісі ретінде жұмыскер
(жалданба еңбек адамы) және кәсіпкер бола алады. Шетел азаматтары мен
азаматтығы жоқ адамдар еңбек қатынастарында ерекше жағдайда тұрады.
Жұмыс берушілер — заңды тұлғалар меншік түріне қарай мемлекеттік және
жеке, қызметінің ұйымдық-құқықтық формасы бойынша - коммерциялық ұйымдар
(мемлекеттік кәсіпорындар, шаруашылық серіктестіктері, акционерлік
қоғамдар, өндірістік кооперативтер) және коммерциялық емес ұйымдар
(мекемелер, коғамдық бірлестіктер, акционерлік қоғамдар, діни ұйымдар және
заң актілерінде көзделген басқа формалар түріндегі) болуы мүмкін. Бұл
ұйымдардың еңбектік құқық субъектілігі олардың жарғылық құжаттарымен
анықталады.
Өз мүшелерінің еңбек, сондай-ақ басқа әлеуметгік-экономикалық құқықтары
мен мүдделерін білдіру үшін азаматтардың өз еріктерімен құрған
кәсіпкерлер одағын; қай меншікке жататындығына және қай ведомстваға
бағынатынына қарамастан ұйымдарда еңбек, еңбекті қорғау, жұмыспен қамтылу
туралы заңдардың сақталуына мемлекеттік бақылау жүргізілетін мемлекеттік
органдарды (Еңбек және халықты өлеуметгік қорғау министрлігі, Төтенше
жағдайлар жөніндегі Агенттік, т.б.) ерекше бөліп алуға болады.
Еңбек құқықтары субъектілерінің құқықтық мәртебесі осы тараудың алдағы
параграфтарында еңбек және оған ілеспелі құқықтық қатынастарды
қарастырғанда толығырақ сөз болады.

1.2. Азаматтар еңбек құқығының субъектілері ретінде.

Азаматтар өздерінің материалдық және рухани қажетгілігін қанағаттандыру
мақсатыңда әртүрлі қоғамдық қатынастарға қатысуы мүмкін. Азаматтар,
өздерін құқық субъектісі ретінде кәсіби қызметгің қандай да бір түрінде
өзін керсете алатын, қабілетін жүзеге асыра алатын мүмкіндік тудырушы
құқықтық қатынасарды ерекше бөліп алуы керек. Еңбектік құқық субъектілігі
бар азаматтар белгілі бір ұйымдық-құқықтық формадағы еңбекке, кәсіпкерлік
қызметке қабілетін жүзеге асырады. Жалданатын еңбек адамдарында
(жұмыскерлерде), жеке кәсіпкерлерде, шетел азаматтарында өз құқықтық
мәртебесі болады.
Субъективтік құқықтар мен міндеттердің көлеміне және қарай еңбек
құқығының субъектісі ретінде кейбір санаттағы азаматтардың құқықтық
мәртебесі жалпы және арнайы болып бөлінеді.
Жалпы құқықтық мәртебе Қазақстан Республикасының Конституциясынан және
еңбек туралы заң актілерінен тікелей туындайтын және барлық азаматтар үшін
бірдей болып табылатын құқықтар мен міндеттерді қамтиды. Қазақстан
Республикасының Конституциясы (24 бап) азаматтардың еркін еңбекке, қызмет
түрі мен кәсіпті еркін таңдауға құқын көздейді. Сонымен қатар, азаматгардың
қауіпсіздік пен гигиена талаптарына жауап беретін еңбек жағдайына, ешқандай
кемсітусіз еңбек ақы алуға, сондай-ақ жұмыссыздықтан әлеуметгік қорғалуға;
жеке және ұжымдық дауларды, тіптен ереуілге шығып, заңда белгіленген
тәсілмен шешуге құқықтары бар. Ал, мәжбүрлеп жұмыс жасатуға тек сот үкімі
бойынша не төтенше немесе әскери жағдайларда ғана рұқсат етіледі.
Қазіргі к үшіндегі еңбек заңнамасы азаматтардың еркін еңбекке құқығын
нақтылайды, оған кәсіптің, жұмыстың түрін таңдау, қабілетіне,
мүмкіндігіне, кәсіби дайындығына, біліміне қарай және қоғамның
мұқтаждығына сай жұмыс жасау құқығы кіреді.
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес жұмыскерлер демалуға,
жыл сайын төленетін демалыс алуға құқылы, қолайлы және қауіпсіз жұмыс
жағдайына, кәсіподақ бірігуге, т.б. құқылы.
Еңбек туралы заңнама жұмыскердің жалпы міндеттерін де көздейді. Оларға
жататындар: адал еңбек, еңбек тәртібін бұзбау, мүлікті ұқыптылықпен
сақтау, еңбек нормаларын орындау, еңбек өнімділігін арттыру, кәсби
шеберлігін ұштау, жұмыстың және шығаратын өнімнің сапасын жақсарту.
Еңбек құқығында арнайы еңбектік құқық қабілеттілік деген ұғым бар, оның
мағнасын құқықтық қатынастардың кейбір түрлеріне (тобына) кірудін, заңдық
мүмкіншіліктерінің жиынтығы құрайды. Мұндай құқықтык, қатынастар
субъектісі тек азамат ғана болады, ол қандай да бір лауазым, кәсіп,
мамандық иесі үшін заңда белгіленген арнайы біліктілік талаптарын
қанағаттандыруы тиіс.' Еңбек құқығының субъектілері ретінде жұмыскерлерге
еңбектік құқық субъектіліктің жалпы критерийлері: жастық, жігерлік және
әлеуметгік критерийлер таралады. Бұл жағдайда адамның нақты еңбек ету
қабілеті, яғни заңнамада және жақтардың келісімінде белгіленген жағдайдағы
жүйелі, жолға қойылған жұмысқа қабілеті.
Жас өлшемі критерийі адамның еңбектік құқық субъектілігін белгілі бір жас
мөлшерімен байланыстырады. Төменгі және жоғары шегі Қазақстан
Республикасының заңымен белгіленген жас еңбекке қабілетгі жас деп саналады.
Еңбек заңнамасында жұмысқа қабылданатын ең кіші жас 16 жас деп белгіленген.
Орта білім алса немесе жалпы білім беретін оқу орнын тастап кетсе, 15 жасқа
ж өткен адам ата-анасының, қамқоршысының келісімімен жеке еңбек шартына
отыра алады. Жастарды өндірістік еңбекке дайындау үшін 14 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еңбек құқығы саласындағы құқықтық қатынастар ұғымы және олардың құрылымы
Еңбек шартының тараптары
Еңбек құқығының субъектілері туралы мәліметтер
Жұмыс берушінің құқықтық мәртебесі
Еңбек және еңбек құқығы туралы түсінік
Азаматтық құқық пен бостандыққа
Еңбек құқығы субъектісінің құқықтық мәртебесі
Саяси құқықтар мен бостандықтарға қарсы қылмыстар
Азамат азаматтық құқық субъектісі
Енбек құқығы субъектілері
Пәндер