Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік валюталық реттеу



КІРІСПЕ 3

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК ВАЛЮТАЛЫҚ РЕТТЕУДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ МЕН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 4

1.1 Мемлекеттік валюталық реттеудің мәні мен механизмі 4
1.2 Мемлекеттік валюталық реттеу . экономикада сыртқы тепе.теңдікті қолдаудың құралы ретінде 10

2 ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕТІН МЕМЛЕКЕТТІК ВАЛЮТАЛЫҚ РЕТТЕУДІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫН ТАЛДАУ 16

2.1 Ұлттық валюта қызметін қамтамасыз етудегі негізгі қаржы.экономикалық шараларды талдау 16
2.2 Валюта бағамын тұрақтандыруға валюталық реттеудің әсерін талдау 24

3 МЕМЛЕКЕТТІК ВАЛЮТАЛЫҚ РЕТТЕУДІ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ 27

ҚОРЫТЫНДЫ 31

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 33
Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасы халықаралық сауда саласында және ел ішіндегі макроэкономикалық жағдайға бейімделумен халықаралық экономикалық айырбас барысында өзгерістер мәселелеріне жиі кезігеді. Қазақстан экономикасын әлемдік экономикамен байланыстыратын негізгі буын – валюта саясаты мен ұлттық ақша бірлігінің валюталық бағамындағы өзгерісі. Сыртқы экономикалық саясат жүйесінде валюталық саясат ең маңызды орынды алатыны белгілі. Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылдың 6 наурызындағы Қазақстан халқына Жолдауында сыртқы және ішкі саясаттың негізгі бағыттарының бірі деп, ақша-несие саясаты, сондай-ақ қаржы нарығы және ұлттық валютаның айырбас бағамының тұрақтылығына, инфляция деңгейіне аса назар аударуы осының айғағы [1,2].
Қазақстан әлемдегі анағұрлым бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру үшін өзіне жаңа межелер белгіледі, бұл ең алдымен экономикадағы және халықаралық мемлекеттік басқару стандарттарындағы жетістіктерді болжайды. Бәсекеге қабілеттілікті арттыру міндетімен қаржы жүйесінің тиімділігін одан әрі жетілдіру және осы салада қаржылық секторды дамыту тұжырымдамасында айқындалғандай Еуроодақ стандарттарына барынша қол жеткізу міндеті сәйкес келеді [3].
Курстық жұмыстың мақсаты және міндеттері. Курстық жұмыстың зерттеудің негізгі мақсаты: Қазақстанның валюта саясатын, валюталық реттеуді, ұлттық валютаның айырбас бағамын тұрақтандырудағы, қолданылатын әдістердің және осы процеске пайдаланылатын валюта-қаржы құралдарының тиімділігін анықтау арқылы тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету үшін жүргізілетін мемлекеттік валюталық реттеуді жетілдіруге бағытталған ғылыми негізделген ұсыныстарды әзірлеу болып табылады. Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін, курстық жұмыстың мазмұнын және қисынды дәйектілігін анықтаған келесі міндеттерді шешу қажет:
- ұлттық валютаның айырбас бағамының қалыптасуына және оның тұрақтануына ықпал ететін факторлар әсерін анықтау;
- сыртқы тепе-теңдікті сақтауда валюталық саясаттың, басқа да экономикалық салалармен тығыз байланыстылығына теориялық негізді сипаттама беру;
- ұлттық валютаның жұмыс істеу тиімділігін арттыруды қамтамасыз ететін экономикалық шараларды айқындау;
- валюта бағамын реттеуде және тұрақтандыруда макроэкономикалық көрсеткіштерге ықпал ететін мемлекеттік валюталық реттеу механизмін бағалауға сараптама жасау;
- экономикалық көрсеткіштерді теңдестіру мақсатында мемлекеттік валюталық реттеу механизмін жетілдіруге қатысты нақты ұсыныстар жасау.
1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2009 жылдың 6 наурыздағы “Дағдарыстан жаңару мен дамуға” атты халыққа жолдауы
2. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан-2030.-Алматы:Баспа, 1999 ж.
3. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” атты 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан халқына жолдауы
4. Косой А.М. Денежная эмиссия: сущность, свойства и оптимальность // Деньги и кредит, 2004, № 5. - С. 34-45.
5. Оксенойт Г. Операции Репо. Обзор международного опыта // Рынок ценных бумаг, № 16, 2004.
6. Хэррис Дж. М. Международные финансы. М. “Филинь”, 1996.- С. 345.
7. Хэррис Л. Теория денег. - Москва, 1990. – С. 710.
8. Г.Т.Әбдіқадырова. «Валютное реглирование в РК» Оқу құралы 2007ж.
9. Доллан Э.Дж. и другие. Деньги, банковское дело и денежно-кредитная политика.- Л., 1991. - 448 с.
10. Носкова И.Я. Международные валютно-кредитные отношения. Учебное пособие. - М.: Банки и биржи, ЮНИТИ, 1995. - 208 с.
11. Артемов Н.М. Валютные ограничения. - М.: 2004. – 102 с.
12. Смыслов Д.В. Валютная сфера и экономика России: механизмы взаимодействия // Деньги и кредит.- 1995, № 2. – С. 13-20.
13. Смыслов Д.В. Международный валютный фонд: современные тенденции и наши интересы. - М.: Финансы и статистика.- 1993. - 221с.
14. Власова Л.А. Валютное регулирование и валютный контроль во Франции // Банковские услуги, 1996, № 10. - С. 37-40, № 11. - С. 35-39.
15. Государственное регулирование рыночной экономики / Под общ. ред. Кушлина В.И., Волгина Н.А. М.: ОАО “НПО “Экономика”, 2000. – 735с.
16. Смыслов Д.В. Кризис современной валютной системы капитализма и буржуазная политическая экономия.- М.: Наука, 1979. - 423 с.
17. Вернер Ф. Эбке. Международное валютное право. - М.: Международные отношения, 1997. - 335 с.
18. С. Фишер, Р. Дорнбуш, Р. Шмалензи. Экономика.- М: Дело, 1997.-335с.
19. Кассель Г. Основные идеи теоретической экономии. Пер. с немецкого Б.М. Жолковой. - Прибой, 1929, Гос. изд-во, типография Печатный двор, Ленинград. - С.41-89.
20. Наговицин А.Г. Валютная политика. - М.: “Экзамен”, 2000. - 512 с.
21. Ачаркан В.В. Валютные курсы в экономике современного капитализма.- М: Международные отношения, 1986.- 176 с.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК ВАЛЮТАЛЫҚ РЕТТЕУДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ МЕН
ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 4

1.1 Мемлекеттік валюталық реттеудің мәні мен механизмі 4
1.2 Мемлекеттік валюталық реттеу – экономикада сыртқы тепе-теңдікті
қолдаудың құралы ретінде 10

2 ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕТІН МЕМЛЕКЕТТІК
ВАЛЮТАЛЫҚ РЕТТЕУДІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫН ТАЛДАУ 16

2.1 Ұлттық валюта қызметін қамтамасыз етудегі негізгі қаржы-экономикалық
шараларды талдау 16
2.2 Валюта бағамын тұрақтандыруға валюталық реттеудің әсерін талдау 24

3 МЕМЛЕКЕТТІК ВАЛЮТАЛЫҚ РЕТТЕУДІ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ 27

ҚОРЫТЫНДЫ 31

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 33

КІРІСПЕ

Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасы
халықаралық сауда саласында және ел ішіндегі макроэкономикалық жағдайға
бейімделумен халықаралық экономикалық айырбас барысында өзгерістер
мәселелеріне жиі кезігеді. Қазақстан экономикасын әлемдік экономикамен
байланыстыратын негізгі буын – валюта саясаты мен ұлттық ақша бірлігінің
валюталық бағамындағы өзгерісі. Сыртқы экономикалық саясат жүйесінде
валюталық саясат ең маңызды орынды алатыны белгілі. Қазақстан Республикасы
Президентінің 2009 жылдың 6 наурызындағы Қазақстан халқына Жолдауында
сыртқы және ішкі саясаттың негізгі бағыттарының бірі деп, ақша-несие
саясаты, сондай-ақ қаржы нарығы және ұлттық валютаның айырбас бағамының
тұрақтылығына, инфляция деңгейіне аса назар аударуы осының айғағы [1,2].
Қазақстан әлемдегі анағұрлым бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру
үшін өзіне жаңа межелер белгіледі, бұл ең алдымен экономикадағы және
халықаралық мемлекеттік басқару стандарттарындағы жетістіктерді болжайды.
Бәсекеге қабілеттілікті арттыру міндетімен қаржы жүйесінің тиімділігін одан
әрі жетілдіру және осы салада қаржылық секторды дамыту тұжырымдамасында
айқындалғандай Еуроодақ стандарттарына барынша қол жеткізу міндеті сәйкес
келеді [3].
Курстық жұмыстың мақсаты және міндеттері. Курстық жұмыстың зерттеудің
негізгі мақсаты: Қазақстанның валюта саясатын, валюталық реттеуді, ұлттық
валютаның айырбас бағамын тұрақтандырудағы, қолданылатын әдістердің және
осы процеске пайдаланылатын валюта-қаржы құралдарының тиімділігін анықтау
арқылы тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету үшін жүргізілетін
мемлекеттік валюталық реттеуді жетілдіруге бағытталған ғылыми негізделген
ұсыныстарды әзірлеу болып табылады. Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін,
курстық жұмыстың мазмұнын және қисынды дәйектілігін анықтаған келесі
міндеттерді шешу қажет:
- ұлттық валютаның айырбас бағамының қалыптасуына және оның тұрақтануына
ықпал ететін факторлар әсерін анықтау;
- сыртқы тепе-теңдікті сақтауда валюталық саясаттың, басқа да
экономикалық салалармен тығыз байланыстылығына теориялық негізді
сипаттама беру;
- ұлттық валютаның жұмыс істеу тиімділігін арттыруды қамтамасыз ететін
экономикалық шараларды айқындау;
- валюта бағамын реттеуде және тұрақтандыруда макроэкономикалық
көрсеткіштерге ықпал ететін мемлекеттік валюталық реттеу механизмін
бағалауға сараптама жасау;
- экономикалық көрсеткіштерді теңдестіру мақсатында мемлекеттік
валюталық реттеу механизмін жетілдіруге қатысты нақты ұсыныстар жасау.

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК ВАЛЮТАЛЫҚ РЕТТЕУДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ МЕН
ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Мемлекеттік валюталық реттеудің мәні мен механизмі

Сыртқы тепе-теңдіктің жетістігі сыртқы экономикалық қызметті
валюталық реттеуге байланысты. Валюталық реттеу, жалпы аумақтылық валюталық
реттеумен, экономикалық анықтылықпен валюта операцияларын жүргізуде банктер
монополиясымен және валюта операцияларының негізділігімен, сондай-ақ
банктердің ұстанымдарын (позициясын) бақылау есебімен сәйкес әрекет етуге
тиіс.
Валюталық реттеудің соңғы объектілері болып, валюта бағамы және төлем
балансы табылады. Соңғы объектілерді реттеуді оңтайландыру үшін орталық
банктер валюталық реттеудің аралық объектісі ретінде резиденттер мен
резидент еместердің валюта операцияларын жүргізудегі тәртібін белгілейді.
Валюта бағамы тәртіптемесінің жұмыс істеуінің негізгі, келесі
нұсқалары мәлім [4, 11]: валютаға сұраныс пен ұсыныстың әсерінен еркін
өзгеретін өзгермелі бағамдар; орталық банктердің басқыншылық нүктелерімен
бағамның ауытқу шегін шектейтін валюта дәліздері; алдын ала анықталған
шамада валюта бағамы бір бағытта өзгеретін шектеулі құбылу; алдын ала
белгіленген деңгейде валюта бағамын Орталық банк ұстап тұратын реттелетін
құбылу; таңдап алынған шет ел валютасына негізделген, тіркелген бағамдар.
Оның кезінде валюталық басқару тіркелген бағамды қолдауға айрықша
бағытталады; бір неше ел бірыңғай валюта енгізетін валюталық одақ;
долларландыру. Ел өзге елдің ұлттық валютасын пайдаланады.
Валюталық реттеудің мақсаты тұрақты экономикалық өсуге қол жеткізу
жəне экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттің
саясатына жəрдемдесу болып табылады.
Валюталық реттеудің міндеттері:
1) Қазақстан Республикасында валюталық құндылықтардың айналысының
тəртiбiн белгілеу;
2) Қазақстан Республикасының дүниежүзілік экономикаға одан əрi кiрiгуi
үшін жағдайлар жасау;
3) валюталық операциялар мен капитал легi жөніндегі ақпараттық базаны
қамтамасыз ету болып табылады.
Қазақстан Республикасында валюталық реттеудiң негізгі органы Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкi болып табылады.
Қазақстан Республикасының Үкiметi жəне өзге де мемлекеттiк органдар
валюталық реттеуді өз құзыретi шегінде жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жəне Қазақстан Республикасының
Үкiметi “Валюталық реттеу жəне валюталық бақылау” туралы Заңға сəйкес өз
құзыреті шегінде резиденттер мен резидент еместер үшін мiндеттi нормативтік
құқықтық актiлер шығарады.
Валюталық реттеу органдары əзiрлеген валюталық реттеу мəселелері
жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлер Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкімен міндетті түрде келісiлуге тиіс.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi валюталық реттеудің негізгі
органы ретiнде:
1) “Валюталық реттеу жəне валюталық бақылау” туралы Заңның 6-бабына
сəйкес резиденттердің валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты
қызметін жүзеге асыруына қойылатын талаптарды;
2) резиденттер мен резидент еместердiң валюталық операцияларды жүзеге
асыру тəртiбiн, соның iшiнде валюталық реттеу режимдерiн: V011561
лицензиялауды; тiркеудi; хабардар етудi;
3) Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын
резидент еместердің валюталық операцияларына мониторингтi (валюталық
мониторингтi) жүзеге асыру тəртiбiн;
4) уəкілеттi мемлекеттік органдармен келiсiм бойынша олардың
құзыретiне сəйкес барлық резиденттер мен резидент еместердiң орындауы үшін
мiндеттi валюталық операциялар бойынша есепке алу жəне есептілік
нысандарын белгілейдi.
Валюталық реттеудің негізгі құралдары дисконттық, девиздік саясат
болып саналады. Оның әр алуан түрі мыналар: валюта басқыншылығы
(интервенция), валюта резервін әртараптандыру (диверсификация), валюталық
шектеу, валютаның айырбасталымдылық дәрежесін, валюта бағамының
тәртіптемесін (режимін) реттеу, ақшаның құнсыздануы, бағамды көтеру [5, 12]
(1-сурет).
Мемлекеттік валюталық реттеу өзінің мақсаттары мен нысандарына
(формаларына) қарай құрылымдық және ағымдағы болып бөлінеді. Құрылымдық
валюта саясаты — әлемдік валюта жүйесінде құрылымдық өзгерістерді жүзеге
асыруға бағытталған ұзақ мерзімді шаралардың жиынтығы. Ол валюта
реформалары нысанында жүргізіліп, барлық елдердің мүдделері үшін, сондай-ақ
оның принциптерін жетілдіру мақсатын көздеп, одан әрі жекелеген
валюталардың артықшылығымен күреске жалғасады. Құрылымдық мемлекеттік
валюталық реттеу ағымдағы саясатқа ықпал етеді. Ағымдағы валюта саясаты —
валюта бағамын, валюта операцияларын, валюта нарығының және алтын нарығының
қызметтерін күнделікті, жедел түрде реттеп отыруға бағытталған қысқа
мерзімді шаралардың жиынтығы [6, 216].

Дисконттық саясат (есептік) – Орталық банктің есептік мөлшерлемесінің
өзгерісі. Ол бір жағынан – капиталдың халықаралық қозғалысына, екінші
жағынан – ішкі несиелер серпініне, ақша массасына, бағаға, жиынтық
сұранысқа ықпал ету жолымен валюта бағамын және төлем балансын реттеуге
бағытталады. Капиталдың салыстырмалы еркін қозғалысы жағдайында пассивті
төлем балансы кезіндегі есеп мөлшерлемесінің жоғарылауы пайыз ставкасы
төмен елдерден капитал ағынының құйылуын ықпалдандырып, төлем балансы
жағдайының жақсаруына және валюта бағамының жоғарылауына ықпал ететін
ұлттық капиталдардың кемуін ұстап тұруға себеп болады.

Сурет 1 – Мемлекеттік валюталық реттеу және валюталық саясат құралдары [5]
негізінде автор жасаған

Қазіргі жағдайда дисконттық саясаттың тиімділігі төмендеді. Бұл
ішкі және сыртқы мақсаттардың қарама-қайшылығымен түсіндіріледі. Егер пайыз
ставкасы жағдайын жандандыру мақсатымен төмендетілсе, капиталдың кемуін
туындатқан жағдайда ол төлем балансына кері әсерін тигізеді. Төлем балансын
жақсарту мақсатымен жоғарылатылған есеп мөлшерлемесі тоқырау жағдайындағы
экономикаға кері ықпал етеді. Дисконттық саясаттың нәтижелілігі елге шетел
капиталының ағылуына байланысты. Бірақ, тұрақсыздық жағдайда капиталдың
қозғалысын пайыз ставкасы әрдайым айқындай бермейді. Капиталдың және
несиелердің халықаралық қозғалысын реттеу есеп саясатының төлем балансына
ықпалын нашарлатады. Осыдан дисконттық қысқа мерзімділігі және салыстырмалы
төмен тиімділігі аңғарылады. Жетекші елдердің, ең алдымен АҚШ-тың
дисконттық саясаты бәсекелестеріне теріс ықпал етіп, олар ұлттық мүддесіне
қарамастан пайыз ставкасын жоғарылатуға немесе төмендетуге мәжбүр болады.
Нәтижесінде пайыз ставкасының кезең сайынғы қақтығысы болып тұрады. Ұлттық
валюта бағамын жоғарылату мақсатымен Орталық банк сататын болса, ал
төмендету үшін ұлттық валютаның орнына шетелдің валютасын сатып алады.
Девиздік саясат көбінесе валюта басқыншылығы нысанында жүзеге асырылады,
яғни ұлттық валюта бағамына ықпал етуді көздеген Орталық банк валюта
нарығында шетел валютасын сатып алу-сатумен айналысады. Оның сипатты
белгісі – сәйкесінше ірі ауқымда (масштабта) және қысқа кезеңде қолданылуы.
Валюта басқыншылығы ресми алтын-валюта қорларының немесе банкаралық своп
келісімі бойынша Орталық банктердің ұлттық валютасымен есептелетін қысқа
мерзімді өзара несиелердің есебінен жүзеге асырылады.
Ұлттық валютаның валюта басқыншылығы, ақша құнсыздануы, бағамды
көтерудегі валюталық реттеудің экономикалық әдістерінің, ал валюталық
шектеу, ұлттық валютаның айырбасталымдылық тәртіптемесін белгілеу валюта
қатынастарын әкімшілік реттеудің құралдары болып саналады. Алайда валюта,
ақша-несие және бюджет саясаттарының мақсаттары келісілмеген жағдайда
валюталық реттеудің шаралары тиімсіз болып шығуы мүмкін.
Жоғарыда қарастырылған әдістерді қолдану құқығы заң шығарушы
бастамашылықты (инициативаны) және елдің алтын-валюта резервтерін иеленуге
қақы бар мемлекеттік органдарға беріледі. Сондықтан валюталық реттеудің
негізгі органы Орталық банк болып саналады. Әкімшілік реттеу әдісін қолдану
валюталық заңдылықтың валюта бақылауы сақталуына бақылаудың болуын қажет
етеді. Әйтпесе валюталық реттеудің әрекеттілігі төмен және ақталмаған болып
шығады.
Қарастырылған объектілер, субъектілер, принциптер, әдістер және
валюта бақылауы валюталық реттеу тетігінің элементтері болып есептеледі.
Валюталық реттеу тетігі – өзара байланысты элементтердің жиынтығы, валюта
операцияларын реттеу әдістерін мақсатты қолдану процесі; олар экономикалық
өсу жетістігіне қол жеткізу мақсатымен әр сатыдан дамыған ұлттық
экономикаға ықпал етуді көздеуден құрылады.
Валюталық саясат, біздің пікірімізше, валюталық қатынастарды реттеу
арқылы орнықты экономикалық өсуді, жұмыстылықтың жоғары деңгейін, бағаның
тұрақтылығын, сыртқы экономикалық тепе-теңдікті қолдауды қамтамасыз ететін
мемлекеттік шаралардың жиынтығы. Сондай-ақ, валюталық саясаттың аясына ішкі
валюта нарығын бақылау да кіреді.
Нарықтық экономиканы реттеу жүйесінде валюталық саясат маңызды орын
алады. Тиімсіз валюталық саясат төлем балансының теңдестірілмегенділігінен,
сыртқы қарызды өтейтін есеп шоттарға төлеудің ауырлауымен, алтын-валюта
резервтерінің сарқылуымен, ұлттық валютаның айырбас бағамының төмендеуімен
сипатталады. Валюталық саясаттың сан алуан әдістерінің тиімділігіне баға
беру үшін валюталық саясатты қалыптастыруға негіз болатын шетелдердегі,
яғни соларға ұқсас шараларды қолданудың тәжірибелерін, алуан түрлі
экономикалық мектептердің теориялық ой-пікірлерін зерттеу қажет.
И.Я. Носкованың көрсетуінше, халықаралық тәжірибеде валюталық
шектеу әкімшілік немесе заңнамалық тәртіппен белгіленген, шетел валютасымен
және өзге де валюталық құндылықтармен жасалатын операцияларға шектеу қоюға
қолданылатын ережелер жүйесі болып есептеледі. Экономикалық әдістерден
айырмасы – валюталық шектеуді қолдану валюталық заңмен тікелей байланысты
[10, 80]. Валюталық шектеу әдетте мына мақсаттарға жету үшін қолданылады:
төлем балансын теңестіру үшін халықаралық төлемдерді және капиталдың
аударылуын реттеу; ұлттық валюта бағамын қолдану; мемлекеттің алтын-валюта
резервтерін қолдану.
Валюталық шектеу елдегі резиденттер мен резидент еместердің
валюта операцияларын реттеу бойынша белгіленген шараларды қарастырады.
Валюталық шектеудің түрлері елдегі экономикалық жағдайға және валюта
нарығының жұмыс істеу ерекшелігіне орай қолданылады.
Валюталық реттеу ақша-несие саясатының бөлігі болып саналады. Ол
субъектілердің валюта операцияларын жүргізу тәртібін белгілеу жолымен елде
экономикалық тұрақтылықты сақтауға бағытталады.
Валюталық бақылауды жүзеге асыру экономикалық маңызға ие.
Валюталық бақылаудың орталық міндеті – әкімшілік әдістермен ұлттық валютаны
қорғау.
Халықаралық Валюта Қоры Жарғысының VІІІ бөліміне сай қолданылған
шаралар ағымдағы операцияларды жүргізуге, резидент еместер үшін ұлттық
валютаның айырбасталымдылығын қамтамасыз етуге кедергі болмайды.
Валюталық бақылау – валюта операцияларының заңдылығы және
мақсатқа сай қамтамасыз етудегі мемлекеттің қызметі. Валюталық бақылау –
валюта нарығына қатысушыларға қойылатын талаптардың жиынтығы. Оның
міндеттері мынадай: жүргізілген валюта операцияларының қолданыстағы заңға
сәйкестігін анықтау; шетел валютасымен төленген төлемдердің негізділігін
тексеру; есептің толық объективтілігін және валюта операциялары бойынша
есеп-қисапты тексеру.
Валюталық бақылау тетігіне объект, институттар, нысандар және
бақылау әдістері кіреді. Валюта бақылауының объектісі – валюта
операциялары. Бақылаудың институтын екі топқа бөлуге болады: валюта
бақылауының органдары және агенттері. Олар валюта бақылауы объектілерінің
қызметтеріне бақылау жасайтын валюта бақылауының субъектілері. Бақылаудың
жүргізетін уақытына қарай ол үш негізгі нысанға бөлінеді: алдын-ала,
ағымдағы, кейінгі. Жиынтық түрінде бұлар валюта бақылауының үздіксіз
сипатын қамтамасыз етеді. Валюта бақылауын жүзеге асырудың әдістері:
бақылау, тексеру, ревизия, талдау. Жиынтық түрінде бұлар валюта бақылауының
кешенділігін қамтиды. Бақылау баршаға ортақ мөлшер мен ережеге сай
өткізіледі. Бақылау екі бағытта жүзеге асырылады: нақты және қаржы
ресурстарының қозғалысына орай жүреді. Айырбас бағамының қатынасына қарай
таңдалатын стратегияға ықпал ететін аргументтерге шолу жасаған кезде мына
негізгі бағыттарға назар аударған жөн: баға тұрақтылығының шығынына және
инфляцияның төмендеу мүмкіндігіне.
Біріншіден, инфляцияның төмендеу процесі әдетте өндірістің
көлеміне ықпал етеді.
Екіншіден, жоғары деңгейдегі инфляциялы экономиканы тұрақтандыру
белгілі бір уақытты талап етеді. Өндірістің қысқаруы жағдайындағы жалпы
шығындар экономикалық күйзеліс күшіне байланысты болады. Тұрақтылықтың
бүкіл кезеңінде экономикаға әсер етеді.
Төлем балансының сальдосын реттеу үшін мемлекет өз қарамағына
белгілі қаржы жиынтығын ұстайды. Ақырғы есепте теңестірудің барша әдістерін
уақытша және түпкілікті деп бөледі. Теңестірудің уақытша әдісі сонымен
байланысты. Түпкілікті әдіс елдер арасындағы өтімді ресурстардың нақты
қозғалысын топшылайды.
Төлем балансының теріс сальдосын жабу үшін мемлекет әр түрлі
нысанда (формада) несие алады. Ол – үкімет деңгейінде берілетін
мемлекетаралық екіжақты және көпжақты несиелер, сондай-ақ елдердің Орталық
банкілері беретін банкаралық несиелер.
Халықаралық валюта-несие ұйымдары төлем баланстарын реттеу үшін
мүше елдерге несиелер береді. Мысалы, Халықаралық Валюта Қоры құрылған
кезде оның алдында мүше елдердің валюта бағамының төлем балансына бақылау
жасауды жүзеге асыру, негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.
Валюта бағамы ХВҚ-да тіркелмейтін қазіргі кезде мүше елдерге
төлем баланстарының жағдайына бақылау жасау, сонымен бірге қажетті қысқа
мерзімді несиелер беру аталған халықаралық ұйым қызметінің негізгі бағыты
болып саналады.
ХВҚ-ның несиелері ақылы және шартты. Төлем баланстарының қысқа
мерзімді тапшылығын жою мақсаты үшін берілетін резервтік несиелер (стенд-
бай) түрі ең көп таралған. ХВҚ бұлардан басқа да несие түрлерін ұсынады:
мерзімі ұзартылған несие, кең мүмкіндікті несие, құрылымдық бейімделу
мақсатына арналған несие, құрылымдық бейімделу мақсатына арналған
ұзартылған несие, өтемдік несие, кездейсоқ жағдайдан болған шығынды
жабуға арналған несие [13, 153].
Мүше елдер кредит үлесі шеңберіндегі несиені (транши) шартсыз
ала алады. ХВҚ-ның өзге несиелері сияқты осы несиелерге бөлінетін қаржы тым
мардымсыз.
Сыртқы сауда саласында валюталық шектеу экспорт пен импортқа, сондай-
ақ сыртқы сауда келісім шарттары бойынша төлем операцияларына бақылау жасау
нысанына айналады. Өз тауарларын шетке сатудан түскен валюталарын (немесе
оның тіркеген бөлігін) Орталық банкіге не арнаулы уәкілге тапсыруды
экспорттаушыларға міндеттейді. Импорттаушылар өздеріне қажетті валютаны
Орталық банктен (банк уәкілінен) белгілі бағаммен, нақты сыртқы сауда шарты
бойынша сатып алуға міндетті.

Елдің валюта жағдайы елеулі түрде бұзылған уақытта валюта
шектеуінің өз бетінше түрі енгізіледі. Бұл жағдайда шекара арқылы капитал
қозғалысын шектеудің алуан нысандары қолданылады. Бұл – бәрінен бұрын
капиталды экспорттау мақсатымен шетел валютасын елден алып шығуға тиым
салу; белгілі бір ел азаматының иелігіндегі шетел бағалы қағаздарын,
облигацияларды, сертификаттарды шекарадан әрі әкетуге тиым салу; белгілі
бір елдің ішкі қор нарығына шетелдің бағалы қағаздарын орналастыруға жол
берілмейді.
2008 жылы валюталық нарықтағы ахуал теңгенің АҚШ долларына қатысы
бойынша номиналдық әлсіреу үрдісімен сипатталды. Жалпы алғанда ол
американдық валютаның елеулі нығаюын сипаттайтын әлемдік валюта нарығының
конъюктурасына сәйкес келеді.
2008 жылғы энергия тасымалдағыштар бағасының өсуі жалғаса түсті. Ішкі
макроэкономикалық тұрақтылық аясында бұл Қазақстан резиденттерінің сыртқы
экономикалық қызметінің нәтижесіне айқындаушы ықпал етті.
2008 жылы экспорттың нақты көлемі іс жүзінде 2007 жылғы деңгейде қалып
қойғанына қарамастан, негізгі экспорттық тауарларға әлемдік бағаның өсуі
тауар экспортының өсуіне (37%) ықпал етті. Бағаның өсуі бірқалыпты болған
кездегі сандық жеткізілімнің ұлғаюы тауар импортына барынша тән сипат
болады. Нәтижесінде тауарлар импорты 30,1% және сауда балансының оң
сальдосы 10,3 млрд. долл. асып кетті.
Ұлттық Банк өзінің негізгі мақсатына сәйкес назарын инфляцияның төмен
деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған ақша-кредит саясатын жүргізуге
аударады. Инфляция деңгейі Ұлттық Банк үшін негізгі көрсеткіш болып
табылады, сондықтан Ұлттық Банк инфлияция және инфляциялық процестермен
күрес жөніндегі шаралар бойынша өз болжамдарына мұқият көңіл бөледі.

1.2 Мемлекеттік валюталық реттеу – экономикада сыртқы тепе-теңдікті
қолдаудың құралы ретінде

Халықаралық экономикалық операциялар бір валютаны екінші валютаға
айырбастаумен байланысты. Валютаның айырбас бағамы ел экономикасын қалған
әлеммен жалғастыратын шешуші баға болып саналады [15, 714]. Осыған
байланысты валюта арасындағы айырбастың белгіленген арақатынасын, яғни
валюта бағамын белгілеудің қажеттілігі туады. Бір елдің ақша бірлігінің
екінші бір елдің ақша бірлігінде айқындалу бағасын анықтауға мүмкіндік
болады.
Валюта бағамы айрықша сипаттағы ақша санатын иеленіп, ұлттық
және әлемдік экономиканың саласындағы өзара әрекетті бейнелейді.
Экономикалық санат (категория) ретінде валюта бағамы тауар-ақша қатынасын
білдіреді. Ұлттық нарықта ұлттық валюталар тауар құнының өлшемі ретінде
қызмет етеді. Халықаралық айырбас барысында әр алуан елдердегі бағаның
арақатынасы ұлттық ақша бірлігінің қатынасы ретінде көрінеді.
Алтынның еркін айналысы жағдайында валюта бағамының негізі тиімді
тепе-теңдігі болып, ондағы алтынның салмағына қарай ұлттық валютаның
қатынасымен сипатталады. Алтынды сатып алуға, тасымалдауға және
сақтандыруға жұмсалған шығындардың сомасына орай тепе-теңдікте ауытқу орын
алды. Алтын стандартының басты белгісі – алтынмен салыстыру жолымен тепе-
теңдігі белгіленетін тіркелген айырбас бағамының жүйесі. Осы функцияны
орындау үшін мына шарттар орындалуы тиіс: Орталық банктер тіркелген баға
бойынша шектеусіз көлемде алтынды сатуға және сатып алуға кепілдік береді;
мемлекеттік монета жасаушы жерде әзірленген, алтын монеталар кез келген
көлемде сақтауға алтын иесіне рұқсат етіледі; алтынның импорты мен
экспортына шектеу қойылмайды.
Алтын стандартының ақша жүйесі экономиканың алдағы уақыттағы
дамуын тежеуге айналды. Алтын стандартының күйреуінің басты салдары
тетіктен шегіну болды. Олар ақшаның сатып алу қабілетін және валютаның
айырбас бағамының тұрақтылығын автоматты түрде қамтамасыз еткен еді. Кейбір
елдерде ақша бірлігінің ресми тіркелген алтын тепе-теңдігі сақталды.
Алтын стандартынан шегінгеннен кейін ұлттық ақша белгісінің
валюта бағамын реттеу мемлекеттің валюта саясатының дербес бөлігіне
айналады. Сонымен қатар, экономикалық әдебиеттерде өзге де көзқарастар бар.
Соған қарағанда ақша бірлігінің, валюта бағамының дербес маңызы жоқ, яғни
ол елдің төлем балансының жағдайына қарай өзгеріп отырады. Сөйтіп, мұндай
тәсілдемені жақтаушылар валюта бағамын түзету үшін қандай да бір шаралардың
қажеттілігін теріске шығарып, олар барлық күшті, төлем балансын реттеуге
жұмылдыруды ұсынып, сонда валюта бағамы да автоматты түрде өзгереді деп
санайды.
Валюта бағамы қозғалысының аталған тұжырымы төлем балансының
теориясы деген атауды иеленеді. Бұл теорияның негізін Дж. Фуллартон және
Т. Туко қалаған. Олардың жолын қуғандар арасында ақшаның сандық теориясы
мектебінің алуан өкілдері болды.
Г.Кнапп сияқтылар артық эмиссия тудыратын ұлттық валютаның
инфляциялық құнсыздануын тіпті елемеді. Б.Ногеро тәрізділер оның барлығын
мойындаса да, ақша бірлігінің сыртқы құнсыздануына тигізетін әсерін теріске
шығарады.
Реттелетін валюта теориясының негізін салған көрнекті ағылшын
экономисі Дж.М.Кейнс валюта бағамы теориясына елеулі үлес қосты.
Мемлекеттің экономикаға, соның ішінде валюта қатынасы саласына белсене
араласқанын жақтаушы Кейнстің пікірінше, тепе-теңдік бағамын белгілеуге
мемлекет қана қабілетті, халықаралық есеп айырысудың барлық жүйесін тепе-
теңдікте ұстап тұруды қамтамасыз ете алады. Кейнстің ойынша, ондай “тепе-
теңдікке” қол жеткізу үшін тепе-теңдіктің шартын орындау қажет. Ол –
капиталдың әкеліну мен әкетілуінің қалыпты мөлшері, сондай-ақ елдер
арасында тауар қозғалысы.
Реттелетін валюта теориясының мәні мынадай: валюта бағамымен
айла-шарғы жасау жолымен әлемдік экономиканы үлестіруге қол жеткізуге
және дағдарыссыз дамуды қамтамасыз етуге болады.
Кейнстің реттелетін валюта теориясы әлемдік экономикалық
дағдарыстың әсерінен туындаған. Төлем балансын теңестіру процесі жайындағы
Кейнстің тұжырымынан туындайды [13,66]. Түсініктің мәні мынаған саяды:
ақырғы нәтижедегі төлем балансының тепе-теңдігін қалпына келтіретін басты
күш баға қозғалысы емес, сыртқы сауданың жағдайына тікелей әсер ететін
іскерлік белсенділіктің, жұмыспен қамтылудың, кірістердің деңгейінің
өзгерісі. Оны былайша бейнелеуге болады: А елінде Б елімен төлем балансының
тапшылығы туындайды немесе ұлғаяды. Алтынның кемуі орын алып, соның
салдарынан экспорттан келетін түсім азайып, нарықты жоғалтуға соқтырып,
экспорттық баға түсіп, шекараның арғы жағына кететін күрделі қаржы өседі.
Өзге елдерге берілетін несиенің көлемі үлкейіп, елдің ішкі күрделі қаржы
жұмсалымын қаржыландыруға жұмсалатын шетел инвестициясынан түсетін түсім
азаяды. Саналған құбылыстар кірістердің төмендеуіне және сол елде импорттық
сатып алудың қысқаруына, соған сәйкес төлем балансының тепе-теңдігі жағына
қарай қозғалысқа апарып соғады. Сол көрсеткіштер Б елінде керісінше бағытта
өрбиді: төлем балансының профициті; әуелі экспорттық салаларда кірістің,
өндірістің, жұмыспен қамтылудың өсуі; одан кейін қалғаныда солай болып,
нәтижесінде жиынтық сұраныс өседі. Нәтижесінде импорттық сатып алу кеңейіп,
содан баланстың активті сальдосы азаяды немесе жойылады.
Реттелетін валюта теориясы өзінің даму жолында екі
сатыдан өтті. Бірінші сатысының негізін Кейнс салып, халықаралық есеп
айырысуды американ долларымен және ағылшын фунт стерлингімен білдірді.
Екінші сатысы – соғыстан кейін валюта тетігін қайта құру жоспары. Жоспардың
негізгі мазмұны келесі ережелерден құралады: халықаралық валюта – төлем
байланыстарын реттеуді жөнге келтіру үшін мемлекет ұжымдық жауапкершілікті
өз мойнына алады; мемлекетаралық валюталық реттеудің практикалық құралы
ретінде Халықаралық клирингтік одақ құрылды. Ол Орталық банктердің
үлгілері бойынша ұйымдастырылып, оның жекеменшік халықаралық есеп айырысу
бірлігі болды. Кейнс оны банкор (халықаралық ақша өлшемі) деп атады. Ол
ақшалар мемлекетаралық деңгейдегі есеп айырысуларға пайдаланылады (төлем
баланстарының тапшылықтарын жабу үшін) сондықтан да, олар үкіметтің және
Орталық банктердің құзырында және бұл жаңа валютаның мөлшері әлемдік
экономикалық айырбастың нақты қажеттіліктерімен анықталып, оның массасын
кеңейту немесе тарылту жолымен реттеуге болады.
Клирингтік одақтың міндеті – экономикалық көзқарас тұрғысынан
қарағанда реттеудің негізділігі мен мақсаттылығы болып табылады.
Халықаралық клирингтік одақ елдер арасындағы есеп айырысуды тәжірибе
жүзінде іске асыратын орталық болып саналады. Сол елдердің Орталық
банктерінің есеп шоттары осы мекемеде ашылады. Есеп айырысу процесі
барысында белгілі шекте автоматты түрде өзара валюта несиелері қамтамасыз
етіледі. Ол үшін елдерден алдын-ала алтын немесе шетел валютасын салу талап
етілмейтін қарапайым овердрафт (қысқа мерзімді несие нысаны) әдісі
қолданылады. Мүше елдер өздерінің төлем баланстарын теңестіру мақсатымен
ұлттық реттеуге мүмкіндік алады [17, 77-91].
Кейнс өздері ұсынған жаңа халықаралық ақша бірлігін, өтімділік
дәрежесі бойынша алтынға бара-бар және онымен салыстырғанда неғұрлым
артықшылыққа ие деп санайды. Мұндай қаржылардың жинақталуы елдерде сатып
алу мүмкіндігінің қысқаруына және экономикалық қызметтердің қысылуына
апармайды. Ондай жағдайлар алтынмен есеп айырысуды жүзеге асырғанда орын
алады.
Алтынның орнына қағаз-несие төлем қаржыларын ұсынған
реттелетін халықаралық өтімділіктің Кейнстің тұжырымы Бреттон-Вуд валюта
жүйесінің негізіне айналды. Бірақ ол халықаралық валюта бірлігіне емес,
доллар стандартына негізделеді.
Доллар стандарты тұжырымы жалпы алғанда былайша сипатталады:
АҚШ доллары қалған валюталардың құндылық тепе-теңдігін белгілеу үшін
үлгілік өлшем болып табылады. Ол негізгі валютаға айналып, өзге валюталар
соған байлануға тиіс. Үстемдік тиген доллар халықаралық төлем айналымына
қызмет көрсететін резервтегі валютаның ролін атқарады. Айналымы нақты түрде
алтынға сүйенетін бірден-бір валюта доллар болды.
Доллар стандарты – тіркелген валюта бағамдары жүйесінің алуан
түрлілігі. Алтын стандарты кезіндегі секілді доллар есептесу нүктесі
ретінде қызмет етеді. Тіркелген валюта тепе-теңдігі жүйесі доллар
арақатынастарына қарай белгіленген деңгейде, 1% ауытқу мүмкіндігімен
бекітілуі заңдастырылады. Елеулі ауытқулар ішкі экономикалық саясат
шараларының қолдауына сүйенген мемлекеттік валюта басқыншылығының
жәрдемімен жойылады. Осы тетік халықаралық экономикалық қатынастардың
тұрақтылығын сақтаудың, әлемдік экономикалық дағдарыс кезіндегідей ретсіз
бәсеке девальвациядан аулақ болудың қажетті шарты ретінде қаралады. Алайда
Батыс Европа және Жапония елдері экономикасының қалыпқа келтірілуі, елдер
арасындағы айырбастың қарқынды түрде жүруі, олардың экономикаларының өзара
тәуелділікте өсуі негізгі валюталардың қайтарымдылығына әкелді. Оқиғаның
осылайша дамуы сыртқы сауда айырбасының ролінің өрістеуіне, капиталдардың
халықаралық ірі нарықтың пайда болуына түрткі болды. Америка
фирмаларымен салыстырғанда Батыс Европа мен Жапонияның бәсекелестік
қалыптары күшейе түсуіне қарай АҚШ-тың төлем балансы тұрақты түрде теріс
сальдоға ие бола бастады. Американың төлем балансының созылмалы тапшылығы
доллардың халықаралық қалыптағы беделінің түсуіне, алтын резервтері мен
жабудың қапыл төмендеуіне, АҚШ-тың қысқа мерзімді халықаралық
міндеттемелерін алтынмен қамтамасыз етуінің нашарлауына апарып соқтырды.
Себебі американың төлем балансы тапшылығын жабу тәсілімен іздеген жөн. АҚШ
төлем балансы тапшылығының одан әрі ұлғаюына байланысты өзге елдер доллар
резервтерін алтынға көп мөлшерде айырбастай бастады. 1950-1970 жылдары АҚШ-
тың алтын қоры 2,2 есе азайды. Ақырғы нәтижеде сол кезеңдегі төлем
балансының жиынтық тапшылығы әкелінген алтынмен 20,5%-ға жабылып қалған
79,5% АҚШ-тың қысқа мерзімді сыртқы берешегінің өсуі есебінен өтелді.
Нәтижесінде 20 жыл ішінде қысқа мерзімді берешегі 6 есе өседі.
Монетарлық тұжырымда өзекті ролді екі бекіту атқарады.
Бірінші бекіту – бір жағынан, айналымдағы ақша массасы мөлшерінің
серпінін, екінші жағынан ұлттық табыс қозғалысының өндіріс ресурстарын
пайдалану дәрежесінің өзгеруін, баға деңгейі арасындағы айқын тәуелділік.
Екінші бекіту – мемлекет экономикалық жағдайлардың ағымдағы
ауытқуына назар аудармауға тиіс. Ол жағдайлар – дисконттық, қазыналық және
басқа да әдістердің көмегімен ауытқуларды түзету үшін жүзеге асырылатын
ақша массасының мөлшерін, жиынтық тиімді сұраныстың көлемін үкіметтік
органдардың беталды өзгертуі.
Жоғарыда айтылғандардан мынадай түйін жасалады: ішкі баға және
табыс деңгейімен оңтайландыру төлем балансын теңестіру үшін пайдаланылмауға
тиіс. Кейнсшілер мен монетарлық бағытты жақтаушылар тәсілдемесінің басты
айырмасы осында.
М.Фридмен өзгермелі бағам (плавающий курс) тұжырымына төлем балансын
реттеу проблемасын зерттеу арқылы келген. Ол валюта бағамын өзгерту
жәрдемімен төлем балансын реттеу жалғыз оңтайлы әдіс деп санайды. Әсер
етудің сызбасы мынадай: Бір елінен төлем балансының тапшылығы байқалған
жағдайда әлгі ел өз валютасын девальвациялайды. Сол себепті оның тауарының
бағасын жаңа бағам бойынша шетел валютасымен қайта есптегенде шетел сатып
алушылары үшін салыстырмалы түрде арзан болады. Тіпті тауардың ішкі бағасы
өзгермеген жағдайда да солай болады. Мұндай жағдай бір елдіңң экспортының
көбеюіне қозғау салады. Сол кезде шекараның арғы жағының тауарлары бір ел
үшін салыстырмалы түрде қымбат болады. Соның салдарынан импорт қысқарады.
Бір жағынан, экспорттың ұлғаюы, екінші жағынан импорттың азаюы төлем
балансының тапшылық сальдосын қысқартады немесе азайтады. Керісінше процесс
төлем балансының активті сальдосын құрған кезде жүреді.
М. Фридмен төлем балансын валюта бағамы әсерінің көмегімен
реттеуге басымды назар бере отырып, сол бағамдармен оңтайландыру
мемлекеттік органдардың міндетіне кіруіне қарсы болды. Ол еркін өзгермелі
валюта бағамдарының қажеттігін және әрекет етуін мойындап, олардың
артықшылығын мынадан көрді: өзгермелі бағам жағдайында алыпсатарлық
мәмілелер тіркелген тепе-теңдікпен салыстырғанда оң және тұрақтылық сипатқа
ие болады. Бір кезде ондай мәмілелер тұрақсыздандыру сипатында болған.
Сатып алу қабілетінің тепе-теңдігінің теориясын алғаш рет
ХХ-ғасырдың басында Густав Кассель тұжырымдады. Осы теорияның
тарауына оның монетарлық теорияның әдіснамалық негізінің маңызды бөлігі
болып табылатыны себеп болды. Сатып алу қабілеті тепе-теңдігі теориясының
негізін салушы Г.Кассель құн ұғымын теріске шығарып, айналымдағы ақша
мөлшері немесе баға туралы өзінің зерттеулерін ортаға қояды. Егер игерілуі
қиын және оқып-үйренуіне қыруар уақыт кететін құн теориясынсыз іс тынатын
болса, бағаның айқын теориясының көмегімен нақты мәнінің экономикалық
проблемаларымен тікелей танысуға мүмкіндік туса, онда мұндай зерттеу әдісін
қолдану саяси экономияның ең бірінші міндеттерінің бірі болар еді [19,
46].
Сондықтан да, Мемлекеттік валюталық реттеу мақсаты негізінен
орнықты экономиканың өсуін, жұмыстылықтың жоғары деңгейін, бағаның
тұрақтылығын (құнсызданудың төменгі деңгейі), сыртқы экономикалық тепе-
теңдікті (төлем балансы тепе–теңдігін) қолдауды қамтамасыз етеді. Валюталық
саясаттың шеңберіне ішкі валюта нарығын бақылау да кіреді.
Мемлекеттің экономикаға араласуын жақтайтын Дж.М.Кейнс төлем балансын
реттеудің мейлінше қатаң әдістерін ұсынды. Кейнс теңгеру тетігі ретінде
мынаны ұғынды: ұлттық валютаның құнсыздануы импорттық тауарларды
қымбаттатып, экспортты арзандатып, оның бәсекелестік қабілетін күшейтеді.
Өнеркәсіптің экспорттық салаларының дамуына ықпал етеді. Нәтижесінде төлем
балансының негізгі бөлігі болып саналатын сауда балансының оң айырмасы
өседі. Одан басқа ел ішіндегі шаруашылық белсенділік ынталандырылып,
өндірістің көлемі мен жұмыспен қамтылу ұлғаяды.

2 ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІКТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕТІН МЕМЛЕКЕТТІК
ВАЛЮТАЛЫҚ РЕТТЕУДІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫН ТАЛДАУ

2.1 Ұлттық валюта қызметін қамтамасыз етудегі негізгі қаржы-
экономикалық шараларды талдау

Теңгенің айырбас бағамына ықпал ету немесе бұрынғы деңгейінде
қалдыру мақсатымен сұраныс пен ұсыныстың арасындағы айырмашылықты жабу үшін
Ұлттық банк валютаны сатады немесе сатып алады. Бұл – Ұлттық банктің валюта
бағамына тікелей ықпал ету әдістері. Алайда, капиталдың кезеңі көбірек
болса, ұлттық валютаның тұрақты бағамын қолдауға талпынған жағдайда Ұлттық
банктің валюталық резервтері тез сарқылады. Ондайда Ұлттық банк валюта
бағамына әсер етудің жанама шараларын қолдана алады. Олардың негізгілері
резервтік мөлшер мен есептік ставканы өзгерту болып саналады.
Резервтік мөлшер – өз операцияларын жүзеге асыру үшін коммерциялық
банктердің пайдалануына қақысы жоқ банк депозиттерінің бөлігі. Оны реттей
отырып монетарлық биліктер елдегі жиынтық ақша массасын көбейтіп немесе
азайтады. Ол өз кезегінде валюта бағамын азайтады немесе көбейтеді.
Ұлттық банк резервтегі мөлшерді көбейткен кезде коммерциялық банктер
несие эмиссиясын төмендетуге мәжбүр болады. Резервтік мөлшердің өсуі
коммерциялық банктердің ағымдағы шоттарын қысқартуға және қаржы
бөлігіндегі резервтерді жоғарлатуға және бағыттауға мәжбүр етеді. Бұл
несие бойынша пайыздардың өсуіне, соның салдарынан елде ақша массасының
азаюына және ұлттық валюта бағамының көбеюіне қозғау салады. Ұлттық банк
резервтік мөлшерді төмендеткен кезде ақша массасы көбейіп, ұлттық валюта
бағамы төмендейді.
Шетел валютасы нарығының қызметі валютадағы ұсыныс пен
сұранысқа тәуелді болады. Айырбас бағамын белгілі деңгейде сақтауда Ұлттық
банк сүйенетін тіркеулі (фиксированных курсов) бағамдар жүйесіне немесе
өзгермелі бағамға сәйкес валютаның оң толық ағыны (түсімі) шетел
валютасының деңгейін көтереді. Өйткені шетел валютасының ұсынысы елде
сұранысты жоғарылатады. Керісінше, валютаның теріс толық ағыны шетел
валютасы резервтерінің деңгейін төмендетеді. Яғни, елдегі шетел валютасына
сұраныс ұсынысты жоғарылатады. Еркін өзгермелі айырбас бағамдары жүйесіне
сәйкес (еркін флоатинг тәртіптемесі) валютаның оң толық түсімі елдің
айырбас бағамы құнының көбеюіне (яғни шетел валютасы бірлігінің ішкі
бағасының құлдырауына) соқтырса, валютаның теріс толық ағыны елдегі айырбас
бағамының құнсыздануына (яғни, шетел валютасы бірлігінің ішкі бағасының
көбеюіне) апарады. Айырбастың тіркелген және икемді бағамдары кезінде төлем
балансының теориясын және ішінара төлем балансын реттеу саясаты теориясын
қолдану, төлем балансының тапшылығы жағдайында шетел валютасы
резервтерінің деңгейіне әсер ететін әртүрлі тәсілдемелердің ықпалында
болып, төлем балансы профицитінің немесе тұрақсыздану саясаты жағдайында
резервтер шығыны толықтырады.
2004-2008 жылдар ішінде Ұлттық банк ішкі валюта нарығына
көбінесе шетел валютасын сатып алушы ретінде қатысты. Соның бәрі
мемлекеттің алтын валюта қорының толығуына мүмкіндік берді. Экспорт
жеткізілімінен алынатын валюталық ақша түсімімен қолдау көрсетілетін шетел
валютасының ұсынымы валюта нарығына елеулі ықпал етеді. Жалпы алтын-
валюта қорының өзгерісі еркін айырбасталатын валюта активтерінің көбеюімен
де, қымбат металдар активтерінің өсуімен де байланысты (1-кесте).

Кесте 1 – Қазақстанның халықаралық резервтері*

жыл аяғына, млн.АҚШ долл.
№ Құралдар 2004ж 2005ж 2006ж 2007ж 2008ж
1 Алтын-валюта активтері, 2508,23140,84962 4962,1069280,494
барлығы
1.1Монетарлық алтын 510,7 585,6 726 725,916 803,562
1.2Еркін айырбасталатын валюта 1997,52555,34236 4236,1928476,931
активтері және СДР - арнаулы
өз ара қарыз құқықтары
а) Қолма-қол шетел валютасы 1,256 1,453 3,461 3,299
(СКВ-еркін айырбасталымды 3,554
валюта)
б) Еркін айырбасталатын валюта 306,5 64,2 768 767,964 1085,720
депозиттері
в) Бағалы қағаздың 150,2 257,2 325,1 325,090 539,924
кепілділігімен еркін
айырбасталатын валютамен
берілетін несиелер
г) Еркін айырбасталатын 1533 2222,33133,73133,6596840,441
валютамен берілетін бағалы
қағаздар (акциядан басқа)
д) Қаржы деривативтері және 7,2 10,2 6,0 6,018 7,547
басқадай шоттар
2 Сыртқы міндеттемелер 2,3 2,5 3,2 3,178 3,516
(СКВ-еркін айырбасталымды
валюта)
2.1Халықаралық қаржы ұйымдарының0,17 0,13 0,17 0,167 0,314
алдындағы міндеттемелер
2.2Орташа-ұзақ мерзімді несиелер1,9 1,9 1,9 1887 1,0903
2.3Қаржы деривативтері 0,011 0,008 0,75 0,746 0,050
2.4Басқадай шоттар 0,18 0,46 0,38 0379 1,249
3 Таза халықаралық резервтер 2506,03138,34958,94958,9289276 ,977
(1-2), барлығы
* Ескерту - Ұлттық банктің 2004-2008 жылдардағы деректер бойынша
жасалды.

Ақша реттеу бойынша белсенді әрекеттің есебінен қол жеткен ішкі
валюта нарығындағы тұрақты жағдай валюта резервтерінің молаюының
себептерінің бірі.
2005 және 2008 жылдар бойында ішкі валюта нарығында қолданыстағы
тенденция негізінен Қазақстанның экономикалық дамуындағы оң тенденциялардың
одан әрі күшеюіне байланысты болды. Валюта нарығының орнықты болуына елдің
негізгі экспорт позициясы жағдайының салыстырмалы тұрақтылығы мүмкіндік
берді. Экспорттаушылардан келген валюта түсімдері, ішкі валюта нарығына
құйылатын шетел валютасын құрайтын маңызды түсім болады.
2008 жылдың ішінде энергия тасымалдағыштарға бағаның өсуінің жаңа
орамы ішкі макроэкономикалық тұрақтылық пен әлемдік экономиканың жоғары өсу
қарқынының сақталуы аясында Қазақстан резиденттерінің сыртқы экономикалық
қызметінің қорытындысына айқындаушы ықпал етті.
2008 жылы тауарлар экспорты 2007 жылғы осындай көрсеткіштен 37% артық
болды. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының банктік заңнамасы және банктік құқықтық қатынастар
Қазаөстан Республикасының ұлттық валюта жүйесінің дамуының пайда болуы мен проблемалары
Банктік құқық – банк жүйесіндегі кешенді құқық ролі
Қазақстан Республикасының ұлттық валюта қатынастарының даму жүйесі
Банктік құқық кешенді құқық саласы ретінде
БАНКТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАС НАҚТЫЛЫ БАНКТІК
Қазақстан Республикасының банктерін соның ішінде екінші деңгейдегі банктердің құрылуы, екінші деңгейдегі банктердің депозиттік операция жасау ерекшеліктері
«Қазақстан Республикасындағы валюталық реттеу»
Мәміле төлқұжатын ресімдеу
Ұлттық банктің Қазақстан Республикасының Орталық банк қызметінің заңдылық негіздерін атап өту
Пәндер