«қазақ әдет-ғұрып құқығы бойынша мүліктік қатынастарды құқықтық реттеудің ерекшеліктері»


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Заң факультеті

Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Қазақ әдет-ғұрып құқығы бойынша мүліктік қатынастарды құқықтық реттеудің ерекшеліктері»

Орындағын: 4 курс студенті Мырзахметов Н.

Ғылыми жетекші: з. ғ. к., аға оқытушы Есетова С. К.

Норма бақылаушы з. ғ. к., доцент Ахатов У. А.

Кафедра меңгерушісінің рұқсатымен

қорғауға жіберілді, т. ғ. к., В. В.

Алматы, 2011

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 ДӘСТҮРЛІ Қазақ құқық жүйесіндегі Мал-мүлік қатынасын ЗЕРТТЕУДІҢ КЕЙБІР ТАРИХИ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ . . . 6

1. 1 Қазақ құқық жүйесіндегі мал-мүлік қатынасының жалпы сипаттамасы . . . 6

1. 2 Қазақ құқық жүйесіндегі мал-мүлік қатынасының даму кезеңдері . . . 11

1. 3 Мал-мүлік қатынастарының бастаулары мен қайнар көздері . . . 16

2 мал-мүліктің қазақ құқық Жүйесіндегі кӨрінісі жӘне оның реттелінуі . . . 21

2. 1 Мал-мүлік қатынастары құқығының бөлініп реттелінуі . . . 21

2. 2 Ислам және оның шариат заңдарының қазақтың мал-мүлік қатынастары құқығына тигізер әсері . . . 26

2. 3 Мал-мүлік қатынастары құқығының қазақ хандығы тұсындағы ерекшеліктері . . . 31

2. 4 Мал-мүлік қатынасының империя заңдары мен ережелердегі көріністері . . . 48

2. 5 Кеңес кезіндегі меншік және оның түрлері . . . 65

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 71

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 73

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Жұмыста дәстүрлі қазақ қоғамындағы мал-мүлік қатынастарының қоғамдағы орыны мен ерекшеліктері. Қазақ халқының мал-мүлікті иеленуі мен пайдалану ұғымдары. Қазақ қоғамындағы мал-мүлік қатынастарының туысқандық және отбасылық арақатынасындағы реттелінуі, мүрагерлік қатынастарынан туындайтын мал-мүліктің бөлінуі, мал-мүлікті ұрлаған кездегі жаза түрлері, билердің мал-мүліктен туындаған дауларын шешуі және барымта қатынасынан туындайтын мал-мүлік шығындарын толтыру.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақ халқының өте көне дәуірлерге барып тірелетін тарихы, құқықтық жүйесі мен адамгершілікке, демократиялық идеяларға толы рухани-мәдени қазыналары бар. Бұл құндылықтар дәуіріміздің XX ғасырының басына дейін қоғамдық қарым-қатынаста қолданыста болып келген. Бұл ойымызды ХІХ ғасырдың ортасында өмір сүрген қазақтың тұңғыш ағартушы-демократы, ғалым-зерттеушісі, орыс, қазақ және басқа халықтар достығының жаршысы Шоқан Уәлиханов: «Билер соты, 50 жыл бойғы орыс саясатының әсеріне қарамастан, бізге дейінгі жүздеген, бәлкім, мыңдаған жылдар бұрын қандай болса, сол қалпында қалды» [1, 164 б. ] деп айтқан болатын. Жазушы Сәбит Мұқанов та «Киіз туырлықты қазақ аталатын бұл елдің өмір тарихы, тұрмыс-салты, әдет-ғұрпы, мінез-құлқы айна қатесіз бірдей . . . осыншама тұрақтылық, тұтастық Қазан революциясына дейін тұтас мемлекет болмаған елде сақталуы таңғаларлық құбылыс» [2, 37 б. ] деп жазса, атақты заңгер, академик С. З. Зиманов: «Әдеттік-құқықтық жүйенің мәдени және демократиялық дәстүрлеріне негізделген қазақ құқығы өзінің реттеушілік мәнін XIX ғасырға дейін, кейбір жағдайларда XX ғасырдың басына дейін жоғалтпай сақтап келді. Қазақ құқығының бұлай ұзақ өмір сүруін екі негізгі жағдаймен түсіндіруге болады: біріншіден, көшпелі өркениеттің шаруашылық-тұрмыстық, дүниетанымдық негіздері қазақтың кең даласында жаңа дәуірге дейін сақталды. Екіншіден, қазақ құқығы халықтың тыныс-тіршілігінің өзегімен қисындас болатын, халықтың өзіне жақын, тәндес, жалпы адам баласының мәңгілік рухани бітім-болмысына, талабына сай болатын» [3, 29 б. ] деп, қазақ құқығы жүйесінің өміршеңдігін жан-жақты көрсетіп береді. Ал, белгілі шығыстанушы, заңгер Нұралы Өсерұлы болса ислам діні мен оның шариат заңдары қазақ әдет-ғұрыптық құқық жүйесін құлпыртып, кемелдендіргенін айтады [4, 8 б. ] . Өкінішке орай, өркениеттің озық та саф алтын қазыналары есептелетін бұл дүниелер әр түрлі себеп-салдарлар, озбырлықтар нәтижесінде тарих сахнасынан ысырылып, елеусіз қалып келді. Еліміз егемендігіне ие болып, тәуелсіздігіміз қолымызға тигелі бері елеусіз қалып келген құндылықтарымыз бен жәдігерліктерімізді қайта түлетіп, өз ұрпақтары кәдесіне жаратуға мүмкіндіктер туды.

Қазір әлемде күрделі өзгерістер болып, жаһандану процесі жүріп жатыр. Технологиялар мен ақпараттар желісінің қарқыны, мемлекетаралық экономикалық-мәдени байланыстар үрдісі ірі мемілекеттердің халқы аз, дамымаған не болмаса рухани-мәдени тұрғыдан нашар елдерді жұтып, өз болмыстарынан ажыратып тастау қаупі туып отыр. Сондықтан да, ата-бабаларымыз қасиеттеп ұрпақтарына қалдырып кеткен рухани-мәдени, құқықтық мұраларын зерттеп, талдаулар жасап қана қоймай, оны ұрпақтар бойына сіңіру әрі әлемге таныстыру, өзіміздің мемлекеттік-құқықтық жүйемізде қолдану бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып табылады. Сол үшін де, ғалым С. Зиманов: «Бір кездері ежелгі қазақ даласындағы ұрпақтар мұрасы болып табылатын заңдылық пен әділ соттың «Алтын ғасыр» қайтадан біздің тарихымыздың алтын бетіне айналуда және болашақта жалпы өркениеттің мұрасына да айналар деген үміт бар» [5, 10 б. ] деген сөзін жүзеге асыру әрбір қазақтың міндеті мен парызы болса керек.

Қазіргі таңда жеке мүлік ұғымының қайта түлеуі, жылжымалы және жылжымайтын мүлік көздерінің көбісі бұл институтқа ерекше қарауды талап етеді. Зерттеліп отырған тақырып Қазақстанда азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет құрудың теориялық мәселелерін одан әрі жетілдірудің негізгі бағыттарын анықтауға және қажетті көп деңгейлі құқықтық басқару жүйесін жан-жақты қамтамасыз етуге шығарылған заңдардың өткенімізбен сабақтастығын жалғастыра отырып, жұмыс істеу қабілетін күшейтуге, құқық қорғау саласындағы заңдылықтың рөлін жоғарылатуға, қазір орын алып отырған заң жүйесіндегі кемшіліктерді жоюға мүмкіндіктер ашады. Сол себепті де тақырып өте маңызды, өзектілігі күшті.

Зерттеу объектісі . Қазақтардың құқық жүйесінде мал-мүлік қатынастарына байланысты туындайтын қоғамдық қатынастары мен дамуы.

Зерттеудің пәні. Зерттеудің пәні дәстүрлі қазақ қоғамындағы мал-мүлік қатынасындағы теориялық мәселелері, тарихи қалыптасу ерекшеліктері мен реттелінуі болып табылады.

Жұмыстың мақсаты мен міндеті . Зерттеу мақсаты - дәстүрлі қазақ қоғамындағы мал-мүлік қатынастарының пайда болып қалыптасуы, имандылық, адамгершілік қағидаларына толы екендігін, мал-мүліктің қазақ қоғамындағы атқарған орнын зерделеу, мал-мүлік қатынасын бұзғаны үшін жауапкершілік және оның орнын толтыру болып табылады.

Осы мақсатты жүзеге асыру үшін мынадай міндеттерді алға қойдық:

- қазақ қоғамындағы мал-мүлік қатынастарының сипаттамасы мен даму эволюциясын кезең-кезеңге бөліп саралау және ерекшеліктерін айқындау;

- қазақ қоғамындағы мал-мүлік қатынастарының қоғамда атқарған рөлі, реттелінуі, қорғалуы және имандылық, адамгершілік жолдарын ашып талдау;

- қазақ қоғамындағы мал-мүлік қатынастарына исламдық шариат заңдарының қаншалықты әсер етуін талдау;

- қазақ қоғамындағы мал-мүлік қатынастарының қазақ хандығы түсындағы ерекшеліктерін көрсету;

- қазақ қоғамындағы мал-мүліктің отбасылық, ру аралық қатынастарын және мұрагерлік, өсиет арқылы пайда болатын жақтарын ашып көрсету;

- ата-бабаларымыздың мал-мүлік қатынасының жақсы да озық дәстүрлерін, билер соттының әдістерін көрсету.

Зерттеудің әдістері және әдістемесі. Зерттеуде жалпы қоғамдық ғылымдарға ортақ және арнайы танымдық әдістер: диалектикалық, синтездеу, тарихи салыстырмалы, функционалды т. б. әдістер қолданылды. Сонымен қатар жұмыста, нақты ғылыми әдістер тақырыпқа қатысты әдебиеттерді заңи саралау, салыстырып талдау пайдаланылды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Жұмыста дәстүрлі қазақ қоғамындағы мал-мүлік қатынастарының және оның реттелінуі жан-жақты саралап, талдаған еңбек болып табылады. Алғаш рет қазақтардың мал-мүлік қатынасына байланысты мәселелер бойынша оның әр дәуірде қалайша реттелініп отырғаны жайлы қорыту жұмысы жүргізілді. Мал-мүлік қатынасының ерекшеліктері мен жүзеге асыру жолдары, тетіктері көрсетіліп, озық дәстүрлі үлгілері ұсынылды. Мал-мүліктің отбасылық, ру аралық, жиендік, олжа қатынастарын және мұрагерлік, өсиет арқылы пайда болатын жақтары ашылып көрсетілді. Дәстүрлі қазақ қоғамында мал-мүлік қатынастары қазақ хандығы түсындағы ерекшеліктері талданды, мал-мүліктің империя заңдары мен ережелердегі көріністері ашылып көрсетілді.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ДӘСТҮРЛІ Қазақ құқық жүйесіндегі Мал-мүлік қатынасын ЗЕРТТЕУДІҢ КЕЙБІР ТАРИХИ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

1. 1 Қазақ құқық жүйесіндегі мал-мүлік қатынасының жалпы сипаттамасы

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев: «Егер біз мемлекет болғымыз келсе, өзіміздің мемлекеттігімізді ұзақ уақытқа меңзеп құрғымыз келсе, онда халық руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн» [6, 273 б. ] деп, терең мағыналы ойды қозғап отыр. Әрине, руханият - ата-бабаларымыздың ұрпақтарына қасиеттеп қалдырған әдет-ғұрып, үлгі-өнегесі, қағида-ережелері.

Алғашқы қоғамдық құрылыс ыдырап, адамзат рулық-тайпалық тұрмысты бастарынан өткізді. Базбіреулер мұндай рулық-тайпалық құрылысты мәз етіп құра алмағандықтан, одан өзге қоғамдық бөлініске түссе, енді базбіреулері оны ұзақ дәуірлер бойы сақтап қалды. Солардың бірегейі біздің қазақ халқы әлі күнге ол құрылымды лақтырып тастаған жоқ. Өйткені, ата-бабаларымыз көне дәуірлердің өзінде-ақ рулық қарым-қатынас жүйесін өте тамаша үйлестірген еді. Бұл туралы Ф. Энгельс: «И что за чудесная организация этот родовой строй всей его наивности и простоте без солдат, жандармов и полицейских, без дворян, королей, наместников, префектов или судей, без тюрем, без судебных процессов все идет своим установленным порядком» [7, с. 97] деп текке жазбаса керек.

Рулық тәртіп жүйелері қазақ қоғамы мүшелерінің барлығына да ыңғайлы, қажетсінулерін қанағаттандыратын, тек әділдік, адамгершілік, теңдік, бостандық идеялары аясында құрылған болатын. Бұл қағида-ережелер заңдық күшке ие болып, оны орындау әрбір қоғам мүшелеріне парыз саналған. Адамның бәрі тең. «Байлық мұрат емес, кедейлік ұят емес» деп адамдарды нәсіліне, байлығына қарап бөлмеген. Қайта ақыл-өнегесіне, біліктілігіне қарай бөлген. Ал, өзге рулар мен тайпалар қоғам дамуының әсерінен қоғамды басқаруды өзгертіп, жоғарғы басқару түрлерін қалыптастырды. Таптық қоғам орнығып, адам құқықтары мен бостандықтары аяққа таптала түсті.

Ал, рулық қауымда қауым мүшелері тең құқықта бола отырып, ру ақсақалының беделін, билігін өз еріктерімен мойындаған, ру ақсақалы ешкімді зорлап, қорқытып, күшпен бағындырмаған. Тек сол ру мүшелерінің ойлап тапқан, өздері қолдап-қуаттаған әрі қоғамды реттеуге арналған қағида-заңдарды сақтауды талап еткен.

Бұл қағида-заңдар қоғамның өнегелік дәстүрлерін нығайтты, адамдық қатынастарды сауықтырудың тарихи үлгісі бола алды. Сондықтан да мұндай үлгі-өнегені ұрпақтар сабақтастыра, жалғастырып, ғасырдан ғасырға жеткізіп отырды. Мұндай тәртіп кодекстері солон, ликургтер жасаған заңдардан мүлдем кем емес еді. Сол себепті де қазақ құқық жүйесінде бұл заңдар өміршең болып, заңдылықты, теңдікті, әділдікті, бостандықты өз бойына сіңірді. Ал, заңдарды шығарушы, оны жүзеге асырушылар көшпелі қоғамның әдеттік-құқықтық жүйесінің негізгі нормалары мен логикасын жетік білуі; билер соты мен билердің адалдығы; соттың жариялылығы мен анықтығы; шешендік бидің шешімін негіздеу мен дәлелдеудің құралы; билер сотының тараптарды өзара татуластыруға бағытталуы [8, 72 б. ] әділ соттық жүйені шырқай биікке көтерді.

Адамзаттың күні бүгінге дейінгі қордаланған рухани-мәдени байлығы қоршаған ортаны әр түрлі деңгейде игеруден, түсінуден, бейнелеуден, бағалаудан тұрады. Бұл рухани-мәдени құндылық жалпы құндылықтар жүйесінің шыңы, биігі, қаймағы мен маңызы. Ол - баршаға ортақ, адамдарды біріктіретін күш-қуат. Адамның әлеуметтік кеңістік пен уақыттағы орын алуы, сол кезеңнің құндылығын мойындауға мәжбүр болды. Осы құндылықтарға сүйене отырып адамдар өзінің іс-әрекетін адамдық сипаттармен атқаруға тырысады. Ал, жетілген, дамыған қоғам тарихта қордаланған және болашақта болуға тиіс рухани құндылықтарды қалыптастырып, игеруге тырысады. Былайша айтқанда қоғамдық ортаның үйлесімділігі сол қоғамда өмір сүретін барлық адамдардың дүниетанымымен, өмір сүру тәсілімен байланысты. Тарихи тәжірибе көп нәрсеге үйретеді. Адамның тағдыры басқалардың да тағдырымен астасып жататындығымен түсіндіреді.

Білімділік, біліктілік көп аңдаудан, шешендік ғибратты сөздерге мән беріп, көңілге тоқудан басталары хақ. Оларды насихаттап жүзеге асырушы би, абыз, көнекөз ақсақалдар. Олар әрдайым адамды жан иесі, адам баласы өзара тең, құқығы бірдей, тек оларға үлгі беру сезімін ояту деп санап, олардың бәрі де жер бетінде уақытша тіршілік иесі екендігін мойындатады. Рухани болмысын жетілдіруге тырысады. Шындығында да қазақ қоғамы ежелден-ақ сөз құдіретін тани білген, жөн сөзге тоқтаған, дәстүрлі тамырлары тереңге кетіп, сана-сезімдері биік болған. Нәтижеде, ар мен ұят, адамгершілік қасиеттер бәрінен де қымбат саналған. Бұл қазақ халқының өзгелерден ерекшелігі.

Қазіргі дүние жүзі халықтарына зер сала қарағанымызда өздерінің дамуы жағынан кенжелеп қалғандары да, аса жоғары дамығандары да бар. Оны біз этностардың өмір сүру қабілеттілігі, олардың өмір сүру салты мен экономикалық жағдайларына, дәстүр-салттары, әдет-ғұрып заңдарының ұрпақтарына берілуі мен оның сіңімділігіне, сана-сезімдеріне байланысты екенін ескерткіміз келеді. Егер осы айтқандар әлсіреп не қызметін тоқтатса, онда ол этнос тарихи аренадан шығып қалуы даусыз.

Қазақ құқығының мал-мүлік жайлы толғаныстары көшпелі өркениет шеңберінде толысып, пісіп-жетілді. Көшпелі тұрмыс терең философиялық ой-толғамдарға жетелеп, еркіндік, теңдік, әділдік, адамдық тұғырларының негізін қалады. Рас, өмір сүргеннен соң жеке меншік иесі болған жақсы. Бірақ, еркіндіктен, бостандықтан айырылу қор өмір, құлдық өмір деп есептеген [9,
43 б. ] .

Сол себепті қазақ қоғамында байлық, мүліктік, ауқаттылық басты құндылық деп есептелмеген. Бірақ, мұнан көшпелілер мал-мүлікті (меншікті) қорғауға көңіл бөлмеген деген ұғым тумаса керек. Қазақ құқығы меншік қатынастарын реттеуге, әлеуметтік топтардың, жеке адамдардың мүліктік мүддесін қорғауға арнайы көңіл бөлген. Өйткені, бай болу, жарлы болу тағдырдан, алайда, байлық адамға қызмет етуі тиіс, адам керегіне, рахатына жаратылуы тиіс деген ой жоғары тұрған.

Кең далада бейбіт өмір сүру үшін адам құқығын тану, рулық қатынасты реттеу, тәртіптілік қажет болды. Тіршілік олардың мазмұнын молайтты, рөлін күшейтті, толықтыра түсіп, жетілдірді.

Жеке мал-мүліктің пайда болуына байланысты жіктеліп, шаруашылық құрал, мүліктері дамыған сайын адамдардың қатынастары күрделене түсті. Жеке меншік түрлері қалыптасып, күрделене түсті. Нәтижеде адамдар арасындағы қатынастарды реттеп отыру үшін мемлекет пайда болды. Біз мұны әлемдік көне тарихи деректерден көре аламыз. Мысалы, ежелгі Вавилонда «Хаммурапи заңы», Үндістанда «Ману заңы», Рим құл иеленуші қоғамындағы «XII-кесте», VI ғасырдағы Франк мемлекетінде «Солистік айна», т. б. заңдар мемлекеттік билік тарапынан күш қолданып, мәжбүрлеумен жүзеге асырған.

Ал біздің ата-бабаларымыз қазіргі тарихшыларымыз айтып жүрген «Әскери демократия» сипатындағы мемлекет құрғанымен, әскери, әкімшілік, тайпалық, рулық, аумақтық, мүліктік және рухани дәстүрлі жалғастығын мүлдем өзгертпеген. Бұл арадағы әскер қазіргі түсінікте емес, халық жасағын білдіреді.

Ежелгі қазақ қоғамы көшпелі тұрмыспен күнелтіп, мал шаруашылығымен үздіксіз айналысқандықтан, жеке мал-мүлік, үй, оның жиһаздары, құрал-саймандары ғана саналып, мал жайылатын жайылымдар, жер жеке меншікке жатқызылмады. Сөйтіп, жылжымалы мал-мүлік қана дәулет саналған.

Алайда, қазақтар дәулетті, байлықты бірінші орынға қоймаған. Мал мен байлық қолдың кірі, ал адамдық қасиеттер бәрінен де жоғары деп санаған. Сол үшін де «Малым - жаным садағасы, жаным - арым садағасы» деген конон ең қасиетті конон саналған. Рас, малмен бірге ежелгі дәуірлерде соғыста қолға түскендер құл етілген. Бірақ, Еуропа, Азия, АҚШ-тағыдай құлдарға деспоттік қағидалар орнатпаған. Аяқ-қолын кісендеп, аяусыз жазалап, құқықтарын аяққа таптамағаны әмбеге аян. Әрине, қазақ қоғамында қазақ әйелдері тек қана жеке меншіктілікті құрамай, бағалы зат ретінде төлемге (айыпқа) төленген. Яғни, түйе, ат, қой, сауыт-сайман, кілем мен тон ретінде төленген деген мұрағат деректері шындыққа мүлдем жанаспайды. Тек күие жағу үшін жазылғаны белгілі. Тіпті, осындай пікірді қолдаған С. Л. Фукс: «В бытовом своем положении казахская женщина была избавлена от многих унизительных тягот, которые падали на плечи женщин у оседлых народов Средней Азии, например, от паранджи, затворничества, прозябания в гарме. Однако это не значительное смягчение рабского, бесправного положения женшины, вызванное у казахов условиями скотоводческого хозяиства, не меняет в основном ее положения как обьекта собственности» [10, с. 14] деп жазады.

Қазақ әйелі ешуақытта меншік обьектісі болған емес. Оған ауызекі әдебиеттерді былай қойғанда, құқықтық деректерде әйел заты меншік обьектісі болды деген қағида кездеспейді. Қайта әйелді ұрпақ жалғастырушы, Ана ретінде қадірлеп-қастерлейді. Әйелдерге қарсы жасалған қылмыстар ерлерге қарағанда ауыр саналатыны, әйелдердің құқықтары ежелден-ақ ерлермен бара-бар болғаны ешкімге жасырын емес.

Ресей боданы болғанға дейін қазақ қоғамындағы жеке меншіктің ең бастысы мал саналып, жерден өзге өндіріс құралдары, қозғалмайтын мүліктер жеке меншікті құраған. Жеке мүліктің субъектісі болып отбасы саналған. Қазақ отбасының жеке меншікке қатыстылығы жайлы әлі күнге толық зерттелініп, сыры ашылмаған.

Я. Гавердовский қазақ отбасын сөз ете отырып: «Под названием семьи или кибитки разуметь должно здесь целое общество, соединенные узами крови, под отеческим правлением старшего из них. В таком семействе бывает иногда до
20-ти душ и более одних мужчин» [11] дейді.

Қазақ қоғамының ең кішкентай бөлшегі отбасы ауылдан тұрған. Ауыл негізін негізінен ата балалары (яғни, бір атадан өрбігендер, немереге дейін) құраған. Ауыл көбіне 5-10 отбасынан құралған. Үлкен отбасын әулет деп те атайды. Кейде бір әулетте тұрғандар 20-25 үй болып, қатар қоныстанып отырған. Әулет ішіндегі үйлерді үлкен үй, қара шаңырақ, отау үй деп атаған. Үлкен үй, болмаса қара шаңырақ - атаның үйі, отау үй - балалардікі. Әулеттік үйлер барлық шаруаны, айталық, көші-қон, құдық қазу, отын-су, үй-қора жөндеу, қыз ұзатып, келін түсіру, қайтыс болғанда ақырғы сапарға жөнелту, ас пен той беру т. б. бірлесіп атқарған. Үлкен үйдің барлық мәселелерін араларындағы жасы үлкені басқарған.

Үлкен үйден кейінгі іріленудің кезегі - ауыл. Бірнеше әулет бірігіп ауылды құраған. Ауылды туыстарына сыйлы, ұйымдастыру қабілеті бар ақсақал басқарған. Ол әулеттің ішкі істеріне көбіне араласа бермеген. Қазақ ауылы ауыл ақсақалының есімімен (пәленше ауылы, түгенше ауылы) аталған.

Ауылдан ірірегі, руластардың қауымы ел, жұрт деп аталған. Елдің атауы сол рудың атымен аталған. Елдің ел басқару ісі күрделене түсуіне байланысты оның басқару құрамында ел басқарушысы, биі, батыры болған. Ел басқарушысы жалпы басқару ісімен, би ел арасындағы даулы істерді реттеумен, батыр елді жаудан қорғаумен айналысқан.

Ел басшысы туыстық қарым-қатынас, көші-қон сияқты мәселелермен айналыспаған. Ол елдің ішкі ынтымағы мен сыртқы абырой-атағын, намысын қорғау ісімен айналысқан. Көрші елдермен қарым-қатынасты реттеген. Қажет кезінде ел жігіттерінен қол жинап, жасақ құра алған.

Қазақ халқының дәстүрі бойынша хандық лауазымға Шыңғыс ханның ұрпақтары төрелерден қойылған. Сайланған хан мемлекеттің ішкі-сыртқы жағдайын басқарған. Бұл істерді билерге, уәзірлеріне сүйеніп жүзеге асырған. Маңызды бір мәселелер бойынша жарлықтар шығарған, өзге мемлекеттерге елшілер жіберген. Әскер басы шабармандары мен алармандары болған. Хан ордасында сондай-ақ төлеңгіттері қызмет еткен. Хан мемлекетті басқару ісіне қоса, рулардың көшіп-қонатын жерлерін, жеке мал-мүлкін айғақтайтын таңбаларын, жауға шапқанда шақыратын ұрандарын бекітіп беріп отырған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқықтық әдет – құқықтық нысаны ретінде
Құқықтық әдет ерекшеліктері
АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ДЕРЕКНАМАЛАРЫ
Азаматтық құқықтың принциптер жүйесі
Қазақстан Республикасыдағы Азаматтық құқықтық қатынас
Халықаралық жеке құқықтың жалпы жағдайы
Дәстүрлі құқықтық жүйе
Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілер туралы
Азаматтық құқықтың қайнар көздерінің түрлері
ҚР азаматтық заңнаманы құрайтын заңдар мен нормативтік актілер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz