Геологиялық ортаның антропогендік өзгерістері және оны kopғау



§1. Геологиялық ортаның антропогендік өзгерістері және оны қорғау. Экологиялық мәселелер 2
§2. Сыртқы геосфералардың тхногендік өзгерістері 4
§3. Жер қыртысының техногендік өзгерістері 9
§4. Геологиялық әрекеттердің техногендік өзгерістер 13
§5. Экзогендік геологиялық әрекеттердің техноегндік өзгерістері 13
§6. Экзогендік геологиялық әрекеттерге ұқсас жағдайлар 15
Миллиондаған жылдар бойы геологиялық орта эндогендік және экзогендік әрекеттерге байланысты және Жердіқ сыртқы қабаттарының өзара қарым-қатынастары нәтижесінде қалыптасып, тепе-тендік жағдайда бо¬лып келді. Кейінірек қоғам өмірінің даму барысында, әсіресе қазіргі замандағы ғылыми-техникалық революдия жағдайында, адамдардық геологиялық ортаға тигізетін әсері күшейе түсті. Сонық салдарынан қоршаған ортаның табиғи- жағдайдағы тепе-тендігі бұзылып, әр түрді өзгерістер байқалады. Кейде мұндай әрекеттер ғаламдық көлемдегі ірі өзгерістер туғызады. Антропогендік әрекеттер (инженерлік құрылыс, ауылшаруашылық, гидротехникалық, тау-кен өндірісі және т. б.) әдетте жер қыртысынық белгілі бір аймақтарын қамтып (техногендік әрекеттердің қарқындылығына қарай) өзіндік із қалдырады. Мұндай аймақтар техносфера немесе ноосфера (грекше «нооо — ақыл, ес, парасат) деп аталады (Вернадский, 1944). Қазіргі кезде В. И. Вернад¬ский негізін қалаған биосфералық ілім адамдардьщ са-налы іс-әрекеттерін бүкіл планеталық сферада түгел қамтитын ілім негізі (ноосфера) болып қалыптасып келеді.
Адамдардың геологиялық ортаға тигізетін техногендік әсері минарагениялық, геохимиялық, геофизикалық,геодинамикалық,геоморфологиялық, гидрогеологиялық және инженерлік-геологиялық болып ажыратылады.
Тұяқбаев.- «Жалпы геология курсы».-Алматы.-Білім.-1993 жыл

ГЕОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАНЫҢ АНТРОПОГЕНДІК ӨЗГЕРІСТЕРІ ЖӘНЕ ОНЫ KOPҒАУ

Мазмұны

§1. Геологиялық ортаның антропогендік өзгерістері және оны қорғау.
Экологиялық мәселелер 2

§2. Сыртқы геосфералардың тхногендік өзгерістері 4

§3. Жер қыртысының техногендік өзгерістері 9

§4. Геологиялық әрекеттердің техногендік өзгерістер 13

§5. Экзогендік геологиялық әрекеттердің техноегндік өзгерістері

13

§6. Экзогендік геологиялық әрекеттерге ұқсас жағдайлар 15

§1. ГЕОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАНЫҢ АНТРОПОГЕНДІК ӨЗГЕРІСТЕРІ ЖӘНЕ ОНЫ KOPҒАУ.
ЭКОЛОГИЯЛЫҢ МӘСЕЛЕЛЕР

Миллиондаған жылдар бойы геологиялық орта эндогендік және экзогендік
әрекеттерге байланысты және Жердіқ сыртқы қабаттарының өзара қарым-
қатынастары нәтижесінде қалыптасып, тепе-тендік жағдайда болып келді.
Кейінірек қоғам өмірінің даму барысында, әсіресе қазіргі замандағы ғылыми-
техникалық революдия жағдайында, адамдардық геологиялық ортаға тигізетін
әсері күшейе түсті. Сонық салдарынан қоршаған ортаның табиғи- жағдайдағы
тепе-тендігі бұзылып, әр түрді өзгерістер байқалады. Кейде мұндай
әрекеттер ғаламдық көлемдегі ірі өзгерістер туғызады. Антропогендік
әрекеттер (инженерлік құрылыс, ауылшаруашылық, гидротехникалық, тау-кен
өндірісі және т. б.) әдетте жер қыртысынық белгілі бір аймақтарын қамтып
(техногендік әрекеттердің қарқындылығына қарай) өзіндік із қалдырады.
Мұндай аймақтар техносфера немесе ноосфера (грекше нооо — ақыл, ес,
парасат) деп аталады (Вернадский, 1944). Қазіргі кезде В. И. Вернадский
негізін қалаған биосфералық ілім адамдардьщ са-налы іс-әрекеттерін бүкіл
планеталық сферада түгел қамтитын ілім негізі (ноосфера) болып қалыптасып
келеді.
Адамдардың геологиялық ортаға тигізетін техногендік әсері
минарагениялық, геохимиялық, геофизикалық,геодинамикалық,геоморф ологиялық,
гидрогеологиялық және инженерлік-геологиялық болып ажыратылады.
Минарагениялық және геохимиялық өзгерістер антро-погендік әрекеттерге
(тау-кен өндірісі, құрылыс ісі және гидротехникалық және т. б.) байланысты
жер қыртысын құрайтын заттардың орын ауыстырып, қайтадаң көшіп-қонуымен
сипатталады. Мұндай әрекеттердің нәтижесінде минералдық ресурстар коры
азайып, кен өндіру ісінің технологиялық жағдайы өзгереді (мвнарагениялық
өзгерістер), сонымен бірге геологиялық ортаның химиялық тепе-теңдігі
бұзылып, литосфера-атмосфера-гидросфера араларындағы экологиялык. қарым-
қатынас өзгереді (геохимиялық өзгерістер).
Геофизикалық өзгерістер жер қыртысыныц жоғары бөліктерінде геофизикалық
жасанды өрістер (сейсмикалық және дыбыс толқындары, электромагниттік токтар
және т. б.) түрінде байқалады. Олар литосфераны құрайтын заттарға әсерін
тигізіп, металдардың коррозиясын күшейтеді.
Геотермиялық өзгерістер жер бетінін және су қойма-ларының жылулық
режимдерінің езгерістерімен анықталады. Әсіресе, олар көп жылдық тоңды
аудандарда жақсы байқалады.
Геодинамикалық өзгерістер тау-кен өндірісімен байланысты кен орындарын
игеру барысында (орасан көп тау жыныстарын қопарып) пайдалы қазбаларды жер
қойнауынан жоғары көтеру кезінде байқалады. Сол секілді, мұнай мен газ кен
орындарын және жер асты суларын игеру кезінде де (геодинамикалық өзгерістер
Сайқалып) геостатикалық өрістід, бұзылысын байқауға болады.
Техногендік әрекеттердің геоморфологиялық көрінісі техногендік бедер
пішіндері түрінде байкалады. Мұндай эрекеттердің нәтижесінде аккумуляциялық
және денудацпялык процестердің арасындағы тепе-теңдік бұзылып, жер бетінің
алғашкы бедері өзгереді (жаңа бедер пішін-дері калыптасады).
Гидрогеологиялық өзгерістер сулы горизонтка (ка-баттарға) тікелей
немесе жанамалай эсер еткенде гана байкалады Соның нәтижесінде жер асты
суларының коры, деңгейі, режимі және сапасы түгелдей өзгереді.
Инженерлік-геологиялық өзгерістер (опырылып кұ-лау. сусып жылжу және
суффозия және т. б.) экзогендік процестердің күшеюімен байланысты жиі
байкалады. Техногендік әрекеттердін, нәтижесінде геологиялық объектілер
азды-көпті өзгерістерге ұшырап, кейде жана текті объектілер (техногендік)
пайда болады. Экзогендік техногенез сыртқы геодинамикалық процестердің
дамуына көп әсерін тигізеді. Әсіресе, үгілу процесін, жер асты, жер беті
суларының, теңіздің, көлдер мен батпақтын, желдің денудациялық және
аккумуляциялык әре-кеттерін күшейтіп, диагенездік процестердің дамуымеи
сипатталады.
Сонымен бірге, техногендік әрекеттер жер қырты-сында жпі байқалатын
эндогендік геодинамиканың кейбір түрлеріне (тербелісті және дислокациялық
козғалыстар, жер сілкіну, магматизм, метаморфизм, физика-лык өрістердің
өзгеруі) ұксас жағдай туғызып, олардың. дамуына косымша әсерін тигізеді.

§2. СЫРТҚЫ ГЕОСФЕРАЛАРДЫҢ ТЕХНОГЕНДІК өзгерістері

Атмосфералық өзгерістер. Алғашкы атмосферанын, негізгі кұрамы метан,
аммиак, су буы тәрізді компонент-терден кұралып, кейінірек (есімдіктердің
пайда болуымен банланысты) фотосинтездік реакция нәтижесінде (атмосфераның
алғашкы кұрамы) азот-оттегілік болып езгереді. Инженерлік-шаруашылык
әрекеттерге байланысты атмосфераның кұрамындағы газдардың тепе-теңдігі
бүзылады. Мысалы, соңғы 100 жыл ішінде көмір кышкыл газының концентрациялык
мөлшері 0,027%-тен 0,0325%-ке дейін көбейгендігін айтуға болады, ал XXI
ғасырда 0,038%-ке дейін өсуі мүмкін (оның өсу жыл-дамдығы казіргі деңгейде
сақталған жағдайда) деп жорамалданады. Сонымен катар, атмосфера кабатына
күкірт қосындылары да көп мөлшерде косылып жатады. Оның негізгі көзі
энергетика, түсті жоне кара металлургия деп саналады.
Атмосфера құрамының өзгерістері, әсіресе көмір қышқыл газының көбеюі
(көпшілік ғалымдардың пікірлері бойынша) климат жагдайын галамдық
(глобальдық) көлемде өзгертуі мүмкін. Мьісалы, температураныц артуы екі
мыцыншы жылы 0,5°С шамасында болуы мүмкін, ал оныц одап әрі жоғарылауы
апатты жағдайға әкеліп соғар еді.
Шаң басып, тозаң көтерілу жағдайыында атмосфера-ның кун сәулесін
шағылыстырып, кері қайтару қабілеті жоғарылайды, соның натижесінде бұлт
жамылгысы пай-да болып, мұздықтар мен қарлы шыңдар ери бастайды. Сонымен
бірге, шаң-тозаңдар жер бетінен көтерілетін жылу ағындарын ұстап қалады.
Сондықтан болар, мұн-дай жағдайда парник эффектісі байқалып, планеталық
келемде ауа температурасы жогарылайды. Сол тәрізді жер бетінде байқалатың
жылу энергиясының белгілі бір мөлшері бөлініп шыгып, атмосфера қабатына
қосылып жатады. Мысалы, 100 жылдан кейін атмосфера кабаты-на қосылган
техногендік жылу мелшері, Күннен беліне-тін энергия мөлшеріне теңеледі деп
жорамалданады.
Гидросфералық өзгерістер. Адамдардың су қабатына тигізетін техногендік
әсері планетамызда калыптасқан су режимін (сапа және сан жағынан алганда
да) және гидросфераның атқаратын геологиялық ролін көп езгер-теді. Су
кабаттары ластанады. Оның түрлері тұрмыстык, агрохимиялық жоне өндірістік
болып ажыратылады.
Тұрмыстық ластану дәрежесі кір жууға арналған синтетикалық ұнтақ
заттарды жиі колданумен байла-нысты және олардың химиялык, активтігі мен
тұрақты-лыгына карай анықталады. Ағын суды ластаушы органикалық заттардың
ыдырауы судын құрамында ерітінді түрінде кездесетін оттегінің таусылуына
әкеліп соғады.
Агрохимиялык, ластану ауыл шаруашылыгында тыңайтқыштар ретінде
қолданылатын улы химикаттардың орынсыз көп пайдалануымен тікелей
байланысты. Атмосфералық сулар (жауын-шашын) тыңайтқыштар мен улы
химикаттарды жуып-шайып, біртіндеп топырақ кабатына сіңу барысында жер
бетіндегі өзен сулары мен жер асты суларына араласады. Соның нәтижесінде
бұл сулардың құрамында нитраттар және т. б. зиянды зат-тар көбейіп,
ластанады. Сондықтан да мұндай суларды ауыз суы ретінде пайдалануға
болмайды
Өндірістік ластану. Өндірістік кәсіпорындарының
калдықтары әдетте су коймалары мен ағын суларға косылып отырады.
Оның құрамындағы зиянды және улы заттар өте нашар еритіндіктен көп жылдар
бойы өзгеріссіз сақталады. Соның салдарынан су коймалары мен ағын сулары
ластанып, тірі организмге зиянды әсерін тигізеді Олардың ішінде,
әсіресе, мұнай қалдықтары мен радиоактивтік заттар ерекше зиянды. Мысалы,
мұнайдың бір тамшысы су бетінде диаметрі 0,3 м-лік дақ калдырады; өте жұқа
мұнай пленкасы су бетін атмосфе-ралык ауа қабатынан бөліп тастайды, соның
нәтижесінде су бетінде кемірқышқыл-оттегі алмасу режимі өзгеріп, булану
қабілеті төмендейді, басқаша айтқанда эколо-гиялық тепе-теңдік бұзылады.
Жыл сайын мұхит суына 6 млн т-дан астам мұнай өнімдері қосылып отырады. Бұл
тәрізді ластану ғаламдық көлемде байқалады. Әсіресе, мұхит суларында
жиналған радиоактивтік калдыктардың концентрациялық мөлшері жылдан жылға
үлғая тусуде Бұл жағдай өте зор қауіп туғызады. Сонымен, букіләлемдік мұхит
суының ластануы ғаламдық көлемде байқалады. Мысалы, жыл сайын мұхит суына
шамамен 25 млн. т темір, 400 мың т мыс, мырыш және марганец, 180 мың т
қорғасын және фосфор, 3 мың т-ға жуық сынап ерітінділері косылып
жататындығы есептелінген. .Мүхит суының калың қабаты орасан зор сүзгіш-
фильтр ролін атқарады Өйткені, континенттен келіп қосылып жатқан заттар
(органикалык, және минералдық) алғашқыда бұзылысқа ұшырап, кейінірек
ерітіндіге айналып мұхит түбіне шөгінді түрінде кабатталып жинала береді.
Бірак, соңғы кездері техногендік ластану мөлшерінің өте тез қарқынмен
үлғаюы, мұхит суының ластануы мен табиғи жолмен тазалану әрекеттері
арасындағы экологиялық тепе-теңдікті бұза бастады. Сондықтан, мұндай
жағдайды болдырмаудың тиімді әдістерін ойластырып, қарастыру қажет.
Адам өмірінде тұрмыс қажетіне пайдаланылатын жалпы су корының (ішімдік
ас суы, техникалык, шаруашылық және т. б. мақсатта колданылатын) 25%-ін жер
асты сулары камтамасыз етеді. Олардың химиялық қүрамы әр түрлі себептерге
(жер бетінде орналасқан су коймаларыньщ, қарлы-мұз жамылғыларының және топы
рақ қабатының ластануы, суландыру режимін бұзу, ендіріс, тұрмыс қажетіне
жұмсалған судың ластануы, тыңантқыштар мен улы химикаттардың, жер астына
жерленген радиоактивтік заттардың қалдықтары және т. б ) байланысты тез
өзгеріп отырады. Әсіресе, өндірістік қалаларды қамтитын аудандарда жер
бетіне жақын орналасқан сулы қабаттар тез ластанып, химнялық өз-герістерге
ұшырап отырады. Мұндай жағдай жалпы су қорының азаюына әкеліп соғады.
Жер асты суларының химиялық құрамының өзгеріп терімен байланысты эр
түрлі геологиялық процестердін, (топырақ қабатының тұздануы және
цементтелуі, химиялық суффозия, карст түзілуі, саздақ жыныстардың,
тығыздығының темендеуі және т. б.) дамуы байкалады
Гидросферага әсерін тигізетін техногендік фактор-лардың Ішінде химиялық
және биологиялық ластанумен қатар, су қабаттарындагы температураның артуын
(10— 15°С) атап айтуға болады. Температуралық өзгерістердің басты себептері
металлургиялық және энергетикалык, әсіресе, атомдык энергия көздерімен
тікелей байланысты.
Техногендік әрекеттердің нәтижесінде жер беті және жер асты суларының
деңгейі езгеріп отырады. Соңғы он жыл ішінде өзен режимі кенеттен тез
өзгеріп, ағыс жылдамдығы төмендеп кетті. Ірілі-ұсақты мыңдаган өзен сулары
антропогендік әрекеттердің салдарынан сарқылып таусылуға жақын, ал кейбір
жагдайларда толығымен кеуіп кеткен.
Жер асты суларының өзгерістері әдетте 100 м-ге дейінгі тереңдікте, ал
кейде одан да терең қабаттарда байкалады.
Жер асты суларының деңгейініқ төмендеуі өндіріс орындарын сумен
камтамасыз ету барысында (мысалы, кен өндіру ісінде, кұрылыста және т. б.
мақсатта) олардың шектен тыс көп жұмсалуымен немесе жер бетінен темен
сарқылып оның корын толыктырып отыратын атмосфералык сулардың
инфильтрациялық көлемінің азаюымен тыгыз байланысты. Су деңгейінің
темендеуі жергілікті және регионалдық, уакытша және ғасырлы болып
ажыратылады.
Қалалар мен өндіріс орталыктарында жер асты суларын ұзақ уакыт бойы
пайдалану әрекеттерімен байланысты топырақ суларының деңгейінің төмендеуі
деп-рессиялық воронкалар түрінде байкалады Олардың, диаметрі ондаран кейде
жүздеген километрге, ал тереңдігі ондаған кейде жүздеген метрге дейін
жетеді. Мұндай воронкалар (шұңкырлар) көбінесе кен ендіру ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Таулы аймақтарда қар көшкініне қарсы жүргізілетін тиімді іс-шараларды жоспарлау
Геологиялық ортаны қорғау
Геоэкология және ландшафттық экология
Қызылорда қаласының табиғи – экологиялық жағдайлары
Қоршаған ортаның радиациялық және радиоактивті ластануы
Гeoлoгиялық зepттeу, игepу жәнe кeн opнының ұңғылap қopы
Атмосфералық өзгерістер
Қашар кeн opнының инжeнepлiк-гeoлoгиялық cипaттaмacы
Тіршілік қауіпсіздігі негіздері мақсаттары мен міндеттері
Ландшафтардың геологиялық, геоморфологиялық факторлары
Пәндер