Қазақстан тарихындағы Монғол мемлекеті



1.Қазақстан тарихындағы Монғол мемлекеті.
2 . Ұлыстардың құрылуы. Алтын Орда.
3. Саяси және мемлекеттік құрылысы.
4. Жаулап алудың зардаптары.
5. Жетісуда шаруашылықтың құлдырауы.
Қолданылған әдебиеттер.
Манғол мемлекетінің құрылуы. ХІІІ ғасырдың екінші он жылдығында Қазақстан территориясы Шыңғыс хан бастаған соғысқұмар татар-монғол тайпаларының шапқыншылығына ұшырады. Бұл тайпалар Азияның ішкі шалғай аудандарының ұлан-байтақ жерін иеленген еді.
Монғол тайпалары әлеуметтік-экономикалық дамудың түрлі сатысында болатын, «орман халқы» және көшпелі қыр халқы деп аталатындарға бөлінген еді. «Орман» тайпалары негізінен аң аулаумен, қыр тайпалары көшпелі мал шаруашлығымен айналысты және бұлар сан жағынан басым болып, монғол қоғамының саяси өмірінде жетекше роль атқарды.
ХІІ - ХІІІ ғасырлардың межесінде монғол қоғамында феодалдық қатынастардың қалыптасу процесі жүріп жатты. Бұл қоғам екі топқа - нояндар және езгідегі араттарға бөлінді. ХІІІ ғасырдың басында татар-монғол тайпаларын саяси жағынан біріктірген Монғол феодалдық мемлекеті құрылды. Бұл мемлекеттің негізін салушы Темучин болды. Ол бір дерек бойынша 1162 жылы, екінші дерек бойынша 1155 жылы бай ноян Есугай-бағадұрдың семьясында туған. Темучин тайпалар арасындағы күрес жағдайында өз айналасына нөкерлер жасағын біріктіріп, көрші тайпаларға жасаған сәтті шабуылдары нәтижесінде ержүрек жауынгер даңқына ие болды. Өзінің негізгі қарсыластарының тас-талқанын шығарып, Темучин Монғолияның бүкіл тайпаларын дерлік өз қол астына біріктіруді аяқтады. Егер бұрын Монғолияны мекендеген тайпалардың көпшілігі татар деген атпен (ең қуатты тайпалардың бірінің аты бойынша) белгілі болса, енді мемлекеттің нығаюына байланысты Монғолия тайпалары өздерін монғолдар деп атай бастады да, бұл термин жинақтаушы этникалық-саяси мәнге ие болды.
1206 жылдың көктемінде Онон өзенінің сағасында Темучинді жақтаушылардың - монғол ақсүиектерінің құрылтай жиналысы болып, онда ол Шыңғыс хан деген атпен монғолдардың әміршісі болып салтанатты түрде жарияланды.
Көшпелі ақсүйектердің мүддесін қанағаттандыру үшін Шыңғыс хан нояндар тобын «ішкі өзара қақтығыстардан гөрі әскери күшпен соғыс олжасына кенелудің анағұрлым кең мүмкіндіктері бар екенін және де жаулап алғаннан кейін егіншілікпен айналысатын көрші бай әрі мәдениетті елдерді феодалдық қанау мүмкіндігімен» дәмелендіріп жаулап алу жолына түсті. Монғол ақсүйектері үшін соғыстар сонымен бірге монғол қоғамындағы әлеуметтік қайшылықтарды бәсеңдету құралы болып қызмет етті.
Шыңғыс хан құрған мемлекеттің негізіне әскери тұрғыдан ұйымдастыру принципі алынды. Бүкіл территориясы мен халқы оң қанат (барунғар), сол қанат (жоңғар) және орталық (гол) атты үш әскери-әкімшілік округке бөлінді. Әрбір округ «түмге» (түмендер) бөлінді, олардың әрқайсысы он мың адамнан тұрады, «мыңдар» - он «жүзден», ал «жүздер» - он «ондықтан» құралды. «Қасиетті аңызға» сәйкес, бүкіл Монғолия Шыңғыс ханның туыстарымен оны қолдаушылардың билігіне таратылып берілген 95 «мыңға» жіктелді. Шыңғыс ханның әскер басыларының көпшілігі көшпелі ақсүйектерден жасақталған ханның 10 мыңдық күзет гвардиясынан (кәшик) шықты. Шыңғыс хан құрған әскери-әкімшілік система жаулап алу жорқтарында маңызды роль атқарды.
1207 - 1208 жылдардың қысында Шыңғыс ханның үлкен баласы Жошы Енисей қырғыздарын және Сібірдің онтүстігінің басқа да «орман халықтарын» бағындырды. 1207 -1209 жылдары Шыңғыс хан бастаған монғолдар танғұттық Си Ся мемлекетіне қырғын шабуыл жасады. Танғұттардың батыстағы көршілері - қазіргі Шығыс Түркістан территориясында тұрған ұйғырлар монғолдарға бағынды.
[1] Рашид ад Дин, Сборник Летописей, Т.І., Кн.1., Пер. Л.А. Хетагурова, М., Л., 1952., с.102.
[2] М.Г. Сафаргалиев, Распад Золотой Орды, Саранск 1960, с.90.
[3] Сонда, с.82.
[4] Сонда, с.83.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

1.Қазақстан тарихындағы Монғол мемлекеті.
2 . Ұлыстардың құрылуы. Алтын Орда.
3. Саяси және мемлекеттік құрылысы.
4. Жаулап алудың зардаптары.
5. Жетісуда шаруашылықтың құлдырауы.
Қолданылған әдебиеттер.

.

1.Қазақстан тарихындағы Монғол мемлекеті.

Манғол мемлекетінің құрылуы. ХІІІ ғасырдың екінші он жылдығында
Қазақстан территориясы Шыңғыс хан бастаған соғысқұмар татар-монғол
тайпаларының шапқыншылығына ұшырады. Бұл тайпалар Азияның ішкі шалғай
аудандарының ұлан-байтақ жерін иеленген еді.
Монғол тайпалары әлеуметтік-экономикалық дамудың түрлі сатысында
болатын, орман халқы және көшпелі қыр халқы деп аталатындарға бөлінген
еді. Орман тайпалары негізінен аң аулаумен, қыр тайпалары көшпелі мал
шаруашлығымен айналысты және бұлар сан жағынан басым болып, монғол
қоғамының саяси өмірінде жетекше роль атқарды.
ХІІ - ХІІІ ғасырлардың межесінде монғол қоғамында феодалдық
қатынастардың қалыптасу процесі жүріп жатты. Бұл қоғам екі топқа - нояндар
және езгідегі араттарға бөлінді. ХІІІ ғасырдың басында татар-монғол
тайпаларын саяси жағынан біріктірген Монғол феодалдық мемлекеті құрылды.
Бұл мемлекеттің негізін салушы Темучин болды. Ол бір дерек бойынша 1162
жылы, екінші дерек бойынша 1155 жылы бай ноян Есугай-бағадұрдың семьясында
туған. Темучин тайпалар арасындағы күрес жағдайында өз айналасына нөкерлер
жасағын біріктіріп, көрші тайпаларға жасаған сәтті шабуылдары нәтижесінде
ержүрек жауынгер даңқына ие болды. Өзінің негізгі қарсыластарының тас-
талқанын шығарып, Темучин Монғолияның бүкіл тайпаларын дерлік өз қол астына
біріктіруді аяқтады. Егер бұрын Монғолияны мекендеген тайпалардың көпшілігі
татар деген атпен (ең қуатты тайпалардың бірінің аты бойынша) белгілі
болса, енді мемлекеттің нығаюына байланысты Монғолия тайпалары өздерін
монғолдар деп атай бастады да, бұл термин жинақтаушы этникалық-саяси мәнге
ие болды.
1206 жылдың көктемінде Онон өзенінің сағасында Темучинді жақтаушылардың
- монғол ақсүиектерінің құрылтай жиналысы болып, онда ол Шыңғыс хан деген
атпен монғолдардың әміршісі болып салтанатты түрде жарияланды.
Көшпелі ақсүйектердің мүддесін қанағаттандыру үшін Шыңғыс хан нояндар
тобын ішкі өзара қақтығыстардан гөрі әскери күшпен соғыс олжасына
кенелудің анағұрлым кең мүмкіндіктері бар екенін және де жаулап алғаннан
кейін егіншілікпен айналысатын көрші бай әрі мәдениетті елдерді феодалдық
қанау мүмкіндігімен дәмелендіріп жаулап алу жолына түсті. Монғол
ақсүйектері үшін соғыстар сонымен бірге монғол қоғамындағы әлеуметтік
қайшылықтарды бәсеңдету құралы болып қызмет етті.
Шыңғыс хан құрған мемлекеттің негізіне әскери тұрғыдан ұйымдастыру
принципі алынды. Бүкіл территориясы мен халқы оң қанат (барунғар), сол
қанат (жоңғар) және орталық (гол) атты үш әскери-әкімшілік округке бөлінді.
Әрбір округ түмге (түмендер) бөлінді, олардың әрқайсысы он мың адамнан
тұрады, мыңдар - он жүзден, ал жүздер - он ондықтан құралды.
Қасиетті аңызға сәйкес, бүкіл Монғолия Шыңғыс ханның туыстарымен оны
қолдаушылардың билігіне таратылып берілген 95 мыңға жіктелді. Шыңғыс
ханның әскер басыларының көпшілігі көшпелі ақсүйектерден жасақталған ханның
10 мыңдық күзет гвардиясынан (кәшик) шықты. Шыңғыс хан құрған әскери-
әкімшілік система жаулап алу жорқтарында маңызды роль атқарды.
1207 - 1208 жылдардың қысында Шыңғыс ханның үлкен баласы Жошы Енисей
қырғыздарын және Сібірдің онтүстігінің басқа да орман халықтарын
бағындырды. 1207 -1209 жылдары Шыңғыс хан бастаған монғолдар танғұттық Си
Ся мемлекетіне қырғын шабуыл жасады. Танғұттардың батыстағы көршілері -
қазіргі Шығыс Түркістан территориясында тұрған ұйғырлар монғолдарға
бағынды. Ұйғырлардың басқарушысы идиқұт Баршық өзін Шыңғыс ханның вассалы
деп таныды. 1211 жылы Шыңғыс ханның қолы Солтүтстік Қытайға қарай бет алды,
1215 жылы олар сол кезде Цзинь мемлекетінің астанасы болған Чжундуды
(Пекинді) басып алды. 1227 жылдың қарсаңында Цзинь империясы Хуанхэ
өзенінің солтүстік жағындағы өзінің бүкіл иелігінен іс жүзінде айырылған
болатын.
Монғолдар Қазақстанда.Шыңғыс хан қолының негізгі жорықтарының бірі
Қазақстан мен Орта Азияның территориясына жасаған жорығы болды, бұл жорық
оларға Шығыс Еуропа мен Алдыңғы Азияға жолашты ашты. Шыңғыс хан Қазақстан
мен Орта Азияға жасаған жорығына зор мән беріп, оған ұзақ әрі мұқият
әзірленді. Мұсылман көпестермен, монғолдардың қол астында болған
босқындардан қарақытайлар мемлекетінің, содан кейін хорезмшахтың ішкі
жағдайы мен әскери күштері туралы деректер алынып тұрды да, осылардың
негізінде ұйымдастырылған қимыл жоспары жасалды.
1211 жылы Жетісуда Шыңғыс ханның қолбасшыларының бірі Құбылай бастаған
монғол отрядтары пайда болды. Қарлұқ әміршісі Арсылан-хан Қойлықтағы
қарақытай наместнигін өлтіруге бұйрық беріп, өзін Шыңғыс ханның қол
астындамын деп жариялады. Гурханның қарақытай әміршісіне қарсы мұсылман
қозғалысы кезінде орталығы Алмалықта болға тәуелсіз иелік құрған тағы бір
Бұзар (Озар) деген бұрынғы боданы да өзін Шыңғыс ханның вассалымын деп
таныды.
Монғолдардың батысқа қарай жылжуы 1218 жылы қайта басталды. Найман
басшысы Күшіліктің иелігіндегі жерлердің шегіне кіргеннен кейін манғол қол
басшысы Жебе жаршылар арқылы хабарлатып әскерлерге бейбіт тұрғындардың
мүлкіне тиісуіне тыйым салынсын, ал мұсылмандарға найман билеушілерінің
тоқтатқан жария түрде құдайға құлшылық ету правасы қайтарылсын деп бұйрық
берді. Күшіліктің діни қудалауларын монғолдар оның мемлекетін басып алу
үшін пайдаланды. Баласағұн ешбір ұрыссыз-ақ берілді, ал Күшлікті монғолдар
Бадахшанда (Рашид-ад-диннің айтуы бойынша - Шығыс Түркістандағы Сарыкөлде)
қуып жетіп, басы алынды.
Шығыс Түркістан мен Жетісуды басып алғаннан кейін монғолдарға Оңтүстік
Қазақстан мен Орта Азияға жол ашылды. Басып кіруге Отырар опаты деп
аталатын жағдай себеп болды.
Шыңғыс хынның жеткен жеңістері туралы хабар Орта Азияда алуан түрлі
пікірлер туғызды. Хорезмшах Монғолияға бірінен соң бірін - екі елшілік
аттандырды. Шыңғыс хан да өз тарапынан Мауараннахрға хорезмшахтың
қарауындағы, Орта Азиядан шыққан көпестер Махмұд Хорезми, Әли-Қожа Бұхари
және Жүсіп Отрари бастаған елшілікті жіберді. 1218 жылдың көктемінде
хорезмшах Мұхаммед бұл елшілікті қабылдады. Елшілер оған Шыңғыс ханның
жіберген сыйлықтыры мен хатын табыс етті; хатты ол хорезмшахты өзінің
ұлы, яғни вассалы деп атап, оған монғолдардың Солтүстік Қытай мен
түріктер елін жаулап алғандығы туралы хабарларды жәнеекі мемлекет
арасындағы сауда жолдарының қауіпсіздігіне кепілдік беретін бейбітшілік
шартын жасауды ұсынды. Шыңғыс ханның әскери күштері туралы ештеме білмеген
Мұхаммед онымен бейбітшілік шартыша қол қоюға келісімін берді.
Содан көп кешікпей Шыңғыс хан Орта Азияға Омар-Қожа Отрари, Жамал Марағи
және басқа көпестер басқарған сауда көпестерін жіберді. 500 түйесі бар
керуенде монғол жансыздарын есептегенде барлығы 450 адам болатын. Көп адамы
бар керуен 1218 жылғы жазда Отырарға келді. Ғайыр хан Иналшық көпестерді
жанзыз тыңшылар деп күдіктеніп, оларды қырып тастауға бұйырып, керуенді
тонап алды. Шыңғыс хан Ғайыр ханды қолыма бер деп талап етті, бірақ
хорезмшах бұл талапты орындамағаны былай тұрсын, сонымен бірге елшілерді
өлтіруге әмір етті. Осының өзі Шыңғыс ханның Хорезмге қарсы соғыс ашуға
себеп болды, алайда бұл соғыстың себептері оның бүкіл жаулап алу
соғыстарының негізіне алынған себептер болатын.
Шыңғыс хан Орта Азияны бағындыруға өз вассалдарының жасақтарымен қоса
жалпы саны 120 -150 мыңға дейін адамы бар қалың қол жіберді. Жорық 1219
жылғы қыркүйекте Ертіс жағалауынан басталды. Деректемелердегі мәліметтерге
қарағанда, Шыңғыс хан әскерлерін Ертістен Сырдарияға дейін Жетісу арқылы
бұрынғы жаулап алушыла жүрген жолмен алып жүрген.
Отырарға таяғанда монғолдардың басшысы өз күштерін былайша бөлді:
Шағатай мен Үгедей бастаған бірнеше түмендерді ол Отырарды қоршау үшін
қалдырды; Жошы бастаған басқа бір Сырдария бойымен төмен жіберді; үшінші
отряд Сырдарияның жоғарғы ағысы бойындағы қалаларды бағындыру үшін
қалдырды; Шыңғыс ханның өз және ұлы Төлей негізгі күштермен Бұхараға қарай
беттеді.
Нисавидің айтуы бойынша (Сират ас-султан Джалал ад-дин Манкуберти деген
шығармасында) хорезмшах Мұхаммедтің соғыс жүргізу жоспары болмаған. Ол
жасқаншақ болып шығып, өзінің вассалдары мен әскер басшыларына сенбей,
өзінің әскерлерін пәрменсіз қорғанысқа душар етті. Соғыс хорезмшах
мемлекетінің ішкі әлсіздігін айқындап берді.
Шыңғыс хан қолына қарсы өз жерін табындылықпен әрі ерлікпен қорғаған,
жаулап алушылардың баса-көктеуіне бас игісі келмеген халық бұқарасы белсен
күресті. Әсіресе Отырар тұрғындары қаһармандықтың жарқын үлгісін көрсетті.
Отырар билеушісі Ғайыр хан бар күшін салып ең соңғы мүмкіндігін
пайдалана отырып қорғанды. Оның басқаруында, Нисавидің деректері бойынша,
не бары 20 мың әскер болған, ал Жувейнидің деректері бойынша хорезмшах оған
сыртқы әскерден 50 мың әскер берген. Бұдан басқа, қоршауға алғанға дейін
ол Отырарға Қараджа-хаджиб басқарған 10 мыңдық отряд жіберген еді.Отырар
бес ай бойы дерлік қоршауда болды. Тек Қараджа-хаджиб еңсесі түсіп, Суфи
хан қақпасы арқылы қаланы тастай қашып, өз отрядымен монғолдарға
берілгенде ғана монғолдар осы қақпа арқылы қалаға лап қойды. Қараджа-хаджиб
өлтірілді. Алайда Отырар сонда да табындылықпен қорғана берді. Арыстан
тәрізді әскерлер отрядымен Ғайыр хан берік қамалға бекініп алды да
монғолдарға оны ал үшін тағы бір ай уақыт керек болды. Қамалды қорғаушылар
тегіс қырылғаннан кейінбарып ол 1220 жылғы ақпанда алынды. Ғайыр хан қолға
түсіп, Шыңғыс ханның алдына әкелінген жерде қатал жазаланып өлтірілді.
Отырар қамалының қабырғасын жермен жексен етіп Шағатай мен Үгедейдің
монғол отрядтары Шыңғыс ханға келіп қосылды, бұл кезде ол Бұхара мен
Самарқанд арасындағы жолда болатын. Сырдария жағалауындағы басқа қалалардың
тұрғындары да ерлікпен қорғанды, соның өзінде бірқатар қалалардың
қорғанысында қалалардың төменгі тұрғындарының арасынан шыққандар басшылық
роль атқарды.
Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошы Сығанаққа келіп, оның тұрғындарымен
келіссөз бастады. Өзінің өкілі ретінде ол соғысқа дейін-ақ монғолдарға
қызметке кірген мұсылман көпесі Хасан-қожаны қалаға жіберді. Ол тұрғындарды
ұрыссыз берілуге азғыруға тиіс болатын, бірақ жауыздар, тобырлыр мен
қаңғыбастар бұған ашынып, сатқынды өлтірді де, қарсылық көрсетуге
әзірленді. Монғолар қаланы жеті күн, жеті түн қоршауға алып, ақырында оны
шабуылмен алды да, кеңшілік пен аяушылық қақпасын жауып тастап, бүкіл
халықты қырып салды.
Сырдария бойымен төмен қарай жүрген одан арғы жолында монғолдар Үзкент
пен Баршынлығкентті алды. Одан соң монғол отряды Ашнасқа жетті, мұнда қала
қорғанысын қаланың төменгі тұрғындары – қаңғыбастар мен тобырлар өз
қолына алған болатын. Табан тіресе қарсылық көрсеткеніне қарамастан қала
басым күштен жеңіліске ұшырап, оның тұрғындарының көпшілігі қырылды. 1220
жылдың сәуірінде монғолдар Жент қаласына келіп кірді, бұл кезде оны
хорезмшах әскерлері қалдырып кеткен еді. Жошы келісім жүргізу үшін қалаға
оңғыттардан шыққан Шынтемірден шыққан біреуді жіберді. Алайда монғолдардың
жіберген адамын тұрғындар салқын қабылдап, ол монғолдарды қаладан аулақ
әкетемін деп уәде берген соң ғана тірідей қайта оралды. Шынтемірді қоя
беріп тұрғындар қақпаны жауып алды. Моңғолдар қоршау құралдарын пайдаланып,
қаланы алды. Қаланың билеушісі болып жоғарыда аты аталған, Бұқарадан шыққан
Әли-қожа тағайындалды. Жошы жіберген тағы бір отряд Шехркентті (Янгикентті)
алды. Осының барлығы 1219-20 жылдарда қыс пен көктемде болған еді.
Шыңғыс хан бастаған монғол армиясының негізгі корпусы 1220 жылғы мамырға
дейін Орта Азияның Амударияға дейінгі бүкіл территориясын дерлік басып
алды. 1220-21 жылдардағы қысқы жорықтар нәтижесінде Хорезм жауланып алынды
да, содан кейін монғолдардың Орта Азиядағы соғыс қимылдары аяқталды. 1221
жылдың көктемінен бастап соғыс Хорасан, Ауғаныстан және Сотүстік Индия
территориясына аусыты. Қолбасшылар Жебе ноян және Сүбедей ноян басқарған 30
мыңдық корпус Солтүстік Ираннан шығып, 1220 жылы Кавказға кірді, алаңдарды,
пловецтерді және Қалқа өзенінде орыстарды тас-талқан етіп, орыс жерлерінің
оңтүстік аймағын ойран салып, қазіргі Қазақстанның (Шығыс Дешті Қыпшақ)
далалары арқылы 1224 жылы Шыңғыс ханның Ертістегі ордасына қайта оралды.
1225 жылы Шыңғыс хан Монғолияға қайта оралды. Сөйтіп 1219 – 1224 жылдардағы
монғолдар шапқыншылығы нәтижесінде Қазақстан мен Орта Азия Шыңғыс хан
империясының құрамына кірді.
1227 жылы Шыңғыс хан өлгеннен кейін 1235 жылы Қарақорымда монғол
ақсүйектерінің құрылтай жиналысында Шығыс Еуропаға жаңа жорық жасау жасау
туралы шешім қабылданды. Монғол әскерін Шыңғыс ханның немересі Батый (Бату)
басқаратын болды. 1236 – 1242 Жолдары Волга Бұлғариясын, орыс князьдіктерін
талқандап, Польшаны, Венгрияны, Чехияны, Молдавияны, Валахияны,
Трансильванияға ойран салып, Батый Волганың сағасына оралды да, мұнда жаңа
монғол мемлекеті – Алтын Орданы құрды.

2.Ұлыстардың құрылуы. Алтын Орда.

Ұлыстардың құрылуы.Отпен өртеп, қылышпен қырып, орасан зор империя
құрған Шыңғыс хыан өзінің төрт ұлының әрқайсысына үлес бөліп берді: кіші
ұлы Төлей Шыңғыс ханның негізгі жұртын – Монғолияның өзін, сондай-ақ
монғолдардың тұрақты 129 мың адам армиясының 101 мыңын алды. Монғолиядан
батысқа қарай жауланып алған ұлан-ғайыр территория үлкен ұлдарына бөлінді,
соның өзінде олардың әрқайсысына тұрақты армиядан 4 мың адамнан бөлініп
берілді. Шыңғыс ханның үшінші ұлы Үгедейге Батыс Монғолия, оның ұлысының
орталығы орналасқан Жоғарғы Ертіс пен Тарбағатай аймағы қарайтын болды.
Өзін ұлы хан деп жариялағаннан кейін (1228-29 – 1241) Үгедей Орхонда,
Қарақорымда тұрды.
Шыңғыс ханның екінші ұлы Шағатайдың иелігіндегі жерлер Оңтүстік Алтайдан
Амударияға дейінгі, ұйғырлар өлкесінің шекараснан Самарқанд пен Бұхараға
дейінгі жерлерді, яғни Шығыс Түркістанды, Жетісу мен Мауараннахрдың жерін
қамтыды. Жамал Қаршидің деректері бойынша Шағатай иелігіндегі жерлердің
негізгі бөлігін құраған өлке Аларғу елі деп аталды; оның басты қаласы
Алмалық болды. Шағатайдың жазғы резиденциясы Іле өзенінің алқабындағы Құяш
деген жерде болды. Оның ізбасарларыныңордасы, Джувейнидің деректері
бойынша, түрікше Ұлығ-Иф (Ив) деген атпен, яғни Үлкен үй деген атпен
мәлім болды. Шағатай мен оның ізбасарларының иелігіндегі жерлердің құрамына
осындай-ақ Балх және Хорасан өкілдері кірді.
Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошының үлесі Ертістен батысқа қарай және
Қойлық пен Хорезм шекарасынан Саксин мен Булгардың татар аттарының тұяғы
тиген жерлерге дейінгі ұшықиырсыз аймақты алып жатты да, Жетісудың
солтүстік бөлігін және Төменгі Поволжьеге дейінгі жерге қоса бүкіл Шығыс
Дешті Қыпшақты қамтыды. Рашид ад-диннің деректеріне сәйкес, Жошының ордасы
Ертісте болған, Бірақ басқа деректемелер бойынша ол Сарысуға жақын маңда,
қыпшақ елінде жерленген. Ертісте, Алакөл көлінің жаныңда. Плано Карпиннің
дәлелдеуі бойынша, ХІІІ ғасырдың орта шетінде Жошы ханның баласы Орда Ежен
(Орда-Ичен) тұрған. Алтын Орданың құрылуына байланысты Жошы ұлының саяси
өмірінің орталығы Төменгі Волгаға ауысты.
Сонымен Қазақстанның территориясы монғолдардың үш ұлысының құрамына:
үлкен (далалық) бөлігі – Жошы ұлысының құрамына, Оңтүстік және Оңтүстік-
Шығыс Қазақстан – Шағатай ұлысына, Жетісудың солтүстік-шығыс бөлігі –
Үгедей ұлысына кірді.
Шыңғыс ханның тірі кезінде, ұлдарына бөліп берген жерлер, олар үшін тек
қана пайда көзі болды, бірақ империя басшысына бағынышты болып қала берді.
Ол өзгергеннен кейін жағдай өзгерді. Монғол державасының ұлан-ғайыр
кеңдігі, ұлыстардың иелері тұрған жерлердің Орхандағы жалпы империя
орталығынан шалғайлығына байланысты жергілікті жерлердегі бұрынғы өкімет іс
жүзіндегі өкімет болып қалды. Үлестік жүйенің әулеттік бастамасы,
ұлыстардағы іс жүзіндегі биліктің Шыңғыс хан ұлдарының ұрпағына ауысуы ұлыс
қарауында елеулі әскери күші бар Шыңғыс хан ұрпақтары өз әулеттерін
толығымен дербес етіп алуға, ал ұлыстарды тәуелсіз иеліктерге айналдыруға
итермеледі. Ұлыс басшыларының қолына біртіндеп бүкіл билік толшығымен
көшіп, империя бірнеші дербес мемлекетке ыдырады. Оның ыдырауының негізгі
себептері халық бұқарасының монғол езгісіне қарсы күрес, көптеген елдер мен
халықтардың қарудың күшімен өзіне қаратып алған империяның іргесі берік
еместігі, қырық құрау болып, үнемі жалғасқан өзара қырқыстар, экономикалық
байланыстардың, мәдени және тарихи дәстүрлердің болмауы еді.

3.Саяси және мемлекеттік құрылысы.

Монғолдың жаулап алуы бағындырылған елдер халықтарының әлеуметтік-
экономикалық құрылысын тұтас алғанда өзгертпегенімен, олардың қоғамдық-
саяси өмірі тұрмысына айтарлықтай өзгерістер енгізді. Отырықшы-егіншілікпен
айналысатын өңірлердегі дінбасарлары, көпестер, ірі феодалдар және
түріктердің көпшпелі ақсүйектері монғол хандары мен феодалдарының тірегіне
айналды, ал еңбекшілер екі жақты экономикалық және саяси езгіге ұшырады.
Монғол империясы хандаық құрушы Шыңғыс әулетінің бірлесіп билейтін
меншікті жері деп саналды. Тосыннан қарағанда басқару мен бүлік ел хандық
дәрежесі бар бір адамға ғана сеніп тапсырылған сияқты көрінгенімен, - деп
жазды Жувейни, - шындығында бүкіл ұрпағы мен немере ағалары жерді және
қоғамдық дәулетті ортақтаса пайдаланд.
Шыңғыс ұрпағының басы державаның ең жоғарғы әміршісі болып табылатын ұлы
хан болды. Ол өзінің жоғарғы өкімет билігінің бірде-бір атрибуты болып
қаған (қаған, хақан) деген атаққа ие болды. Ұлы ханның мемлекет
басшысы ретіндегі праволары әскери, заң шығару және әкімшілік билігін
қамтыды. Жоғары өкімет билігінің бірлігі идеясы империяның өмір сүруінің
алғашқы ондаған жылдарында теңге құюдан көрініс тапты. Түрлі ұлыстардың
қалаларында, оның ішінде Орта Азия қалаларында да шығарылатын теңгелер,
әдеттегіш, анонимді түрде болды, оларда ұлы ханның есімінің немесе өзінің
таңбасының ойылып жазылуы сирек кездестін. Алтын Ордаға келген шет жерлік
елшілердің Қарақорымға жіберіліп отырғанына қарағанда, шет ел
мемлекеттерімен келіссөз жүргізу правосы ұлы ханда болды.
Құрылтай. Монғол империясының саяси өмірінде Шыңғыс әулетінің және
көшпелі монғол ақсүйектерінің жалпы империялық жиналысы – құрылтай
(хурилтай, хурилта) зор роль атқарды.
Құрылтай ресми түрде жоғары өкімет билігінің жоғары органы болып
табылады, құрылтайда ірі әскери әрекеттерге байланысты мәселелер, ішкі
саясат, Шыңғыс әулеті арасында өлкелербі бөлу мәселелері шешіліп отырады.
Құрылтайда хан жариялау және салтанатты түрдетаққа отырғызу рәсімдері
жасалады.
Құрылтаиды империяның, ұлыстың басшысы немесе билік жүргізіп отырған
әулеттің жасыжағынанүлкен мүшесі шақыратын болды. Оның шақырылумерзімі күні
бұрын белгіленіп, ұлыстарға, шапқыншылар арқылы жария етілетін.
Тағайындалған мерзімде және белгілі бір жерде империяның түпкір-түпкірінен
ханзадалар, күйеу балалар, ханшалар, түмен және мыңбасы нояндар
жиналады..., бұл жерге сондай-ақ олардың қол астындағы патшалар мен
сұлтандар мол-мол сыйлық пен тартуларын алып келетін болды.
Құрылтай іс жүзінде Шыңғыс әулетінің, әскер басыларының және азаматтық
әкімшілік қайраткерінің ханның және оның айналасындағы жақындарының күні
бұрын қабылданған шешімдерін құлақтандыру әрі орындау үшін қабылдауға
арналған жиналысы болды және ол империя басшысының билігін шектемеді. 1259
Жылы Мөңке қаған өлгеннен кейін жалпы монғолдық құрылтайлар шақырылған жоқ.
Шыңғыс әулетінің және әскери-көшпелі ақсүйектердің съездері ұлыстарда да
жиналды. Ибн Баттутаның деректеріне сәйкес, мұндай жиналыс Шағатай ұлсында
той деген түрікші атауға ие болып, жыл сайын шақырылып тұрды. Ханның
той (құрылта) өткізуінен бас тартуы қалыптасқан дәстүрді бұзу болып
саналды және оған қарсы жасалған көтерілісті ақтау үшін негіз болып кетуі
мүмкін еді. Ибн Баттутанның айтуы бойынша тойға Шыңғыс ханның ұрпақтары,
әскер басылары, өлкелердің билеушілері мен атақты әйелдер жиналатын болды.
Ұлыстық құрылтайлардың бірі өзара қырқыстарға жол бермеу болды. Алайда
Шыңғыс әулеті арасындағы феодалдық қырқыстар тоқталмады; әрбір ханзаданың
қарекеті іс жүзінде құрылтайдың шешімімен емес, оның соғыс қуатымен
анықталып отырды.
Яса. ХІІІ ғасырдың басында Монғол мемлекетінің құрылуы мемлекетті басқару
үшін ортақ, жазбаша баянды етілген праволық нормалар мен заң ережелерін
әзірлеу қажеттігін туғызды. Жаңа жағдайларға сай келетін, кодификацияланған
әрі өзгерістерге ұшыраған әдеттегі право осы мақсатқа орайластырылды.
Заңдар мен ережелердің жиынтығы Шыңғыс ханның Ұлы ясасы деген атқа ие
болды.
Яса қаулы, заң дегенді білдіреді. Жувейнидің айтуы бойынша, Шыңғыс
ханның заңдары мен қаулылары ормаларға жазылып, Ясаны терең білетін
неғұрлым беделді ханзадаларда сақталған. Яса түпнұсқада сақталмаған және
үзінділер мен мазмұны қысқаша баяндаулар түрінде ғана белгілі. Яса
қаулылары туралы неғұрлым егжей-тегжейлі мағұлматтар Жувейниде және ХҮ
ғасырдағы араб жазушысы Мақризиде де келтірілген.
Монғолдың мемлекет басшылары үшін Яса ұзақ уақыт бойы биік бедел болып
қалды. Ясадан тайған хан тұқымының мүшелері білік деген түрік сөзімен
аталған Шыңғыс ханның нақыл сөздеріне сәйкес қатаң жазылатын болды.
Шыңғыс хан жасаған право жүиесі феодалданып келе жатқан монғол қоғамының
талаптары мен мұқтаждарына жауап берді. Онда әдеттегі правоның бұрынғы
нормаларының феодалдық-көшпелі ақсүйектердің мүдделеріне сай
келетіндеріғана және жаңадан белгіленген нормалар баянды етілген.
Шыңғыс ханның Ясасы көшпелі өмірдің нормаларын ғана реттестірді.
Монғолдар бағындырған елдердің көпшілігінде, оның ішінде ежелден өзінің
праволық дәстүрі болып келген Орта Азияда халықты правоға көндіру өте-мөте
қиын болды. Көшпенділердің әдеттегі правосы негізінде әрі көбіне
көшпенділер үшін қалыптасқан монғолдардың право жүйесі басқа жағдайларға
тіптен қолайсыз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түрік және монғол тайпаларының қалыптасуына байланысты зерттеушілердің ұстанымдары
Коре мемлекетінің қалыптасуы
Қазақ хандығының құрылуы және оның маңызы
Қазақ халқының қалыптасуы. Қазақ этнонимі. Қазақ жүздері
Монғолияның конституциялық құқығы
Дешті қыпшақтың мысыр мамлүк мемлекетімен XIII-XV ғғ. байланыстары
Қазақстан тарихы
Сұлтан Бейбарыс және оның Қыпшақ тарихындағы рөлі
X-XV ғ. феодалдық Корея
Қазақ этногенезінің сақ кезеңі
Пәндер