Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ)


ЖОСПАР
КІРІСПЕ . . . 3
1 ЖҰӨ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК ЖӘНЕ ОНЫ ЕСЕПТЕУ . . . 5
1. 1 Жалпы ұлттық өнім түсінігі және оның ұлттық шоттар жүйесіндегі орны . . . 5
1. 2. Жалпы ұлттық өнімді есептеудің әдістері . . . 6
2 ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖҰӨ ДИНАМИКАСЫН ТАЛДАУ . . . 10
2. 1. Қазақстан Республикасының ЖҰӨ табиғи ресурстардың әлемдік бағалармен модельдеудің мәні мен мақсаты . . . 10
2. 2 Қазақстан Республикасының ЖҰӨ динамикасын талдау және ұлттық экономиканың тұрақты дамуының бүгінгі таңдағы мәселелері . . . 13
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 25
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 27
КІРІСПЕ
Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) - елдің жалпы экономикалық жағдайының көрсеткіші. Ол ұлттың жалпы материалдық әл-ауқатын бейнелейді, себебі, өндіріс дейгейі неғұрлым жоғары болған сайын, соғұрлым елдің әл-ауқаты жоғары болады.
ЖҰӨ-нің зерттеу заты экономикалық бірлік - белгілі бір уақыт аралығындағы тауарлар мен қызметтерді соңғы тұтынуға жіберетін өндіруші резидент болып табылады.
Әлемде ХХ ғ-дың 2-жартысынан кейін экономиканы болжаудың ролінің өскеніне тарих дәлел болып отыр. Ол әр түрлі қоғамда әр түрлі мақсатта пайдаланғанымен, оның яғни болжаудың әдістері мен тәсілдері ұқсас болды. Капиталистік елдерде болжау мемлекеттік органдарымен қоса жекелеген кәсіпорындар пайдаланатын болса, ал коммунистік елдерде ол тек арнайы мемлекеттік органдармен есептеліп алдағы қысқа немесе ұзақ мерзімдік жоспарлар құруға пайдаланылатын болған.
Экономикалық және саяси-әлеуметтік жағдайлардың күрделенуіне байланысты оларды алдын-ала болжап қарау да қиындап кетті. Бұл өз кезегінде болжау ғылымының дамуына сұранысты өсірді. Мұнда негізгі ауыртпалық математика ғылымына түсті, және математика оны көтере алды деп дөп айта аламыз. Мұнда математиканың қолданбалы салалары пайда бола басталды. Олар: математикалық статистика, ықтималдылықтар теориясы, эконометрика және т. б. ілімдер. /1, 89 б/
ЖҰӨ көрсеткіші жалпы экономикада өте маңызды мәнге ие. Оны өндіріс нәтижелерінің, экономикалық даму деңгейінің, экономикалық өсу темпінің, экономикада еңбектің өнімділігін талдауының және т. б. мінездемелеуге қолданылады.
Сондықтан курстық жұмыс тақырыбын «Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан Республикасы ЖҰӨ динамикасын талдау» деп алдық.
Бұл курстық жұмыстың мақсаты қазіргі кезеңдегі Қазақстанның ұлттық экономикасының даму деңгейінің негізгі көрсеткіші ЖҰӨ динамикасын талдау және өндірістік саясатының тиімділігін мінездейтін көрсеткіштер мен ЖҰӨ арасындағы себеп-салдарлы байланыстардың сандық бағалауы мен экономикалық түсіндіру болып табылады.
Бұл жұмыста болжау объектісі ретінде Қазақстан Республикасының жалпы ұлттық өнімі болып табылады. Еліміз шикізат экспорттаушы мемлекет болып саналғандығынан мен бұл жұмыста сол шикізаттардың дүниежүзілік нарықтағы бағасымен елдің ЖҰӨ арасындағы байланысты анықтап, алынған модельді әлемдегі шикізат нарқы өзгергенде оның Қазақстанға деген әсері қаншалықты болатынын болжап байқау болып саналады. Шыққан модельді талдауға тырысамын. Және мұнан шыққан есептік мәліметтерді нақты және басқа да әдістермен есептеліп алынған модельдермен салыстыру арқылы талдаулар жасауға тырысамын. Мұнда көптік регрессия, ARIMA, трендтік тәуелділіктер мен мерзімдік компоненттер модельдері пайдаланылады.
Курстық жұмысты жазудағы негізгі міндеттерді келесідей топтастыруға болады:
- ЖҰӨ түсінігі мен оның шоттар жүйесіндегі маңыздылығын, ЖҰӨ-нің экономикалық өсудің басты көрсеткіші ретінде талдау;
- ЖҰӨ-ді есептеудің әдістері мен тәсілдеріне тоқталу;
- ҚР ЖҰӨ-ді есептеу модельдеріне тоқталу және олардың әлемдік экономикадағы бағаларға тәуелділігін талдау;
- Қазақстан Республикасының ЖҰӨ динамикасын талдау;
- Ұлттық экономиканың тұрақты әрі тиімді дамуының бүгінгі таңдағы мәселелері мен оны анықтау мен ЖҰӨ-нің экономиканың басқа да көрсеткіштерімен байланысын макроэкономикалық талдау болып табылады.
Жұмыстың құрылымы екі тараудан: бірінші тарауда ЖҰӨ-нің мазмұны мен экономикалық мәні, оны есептеу тәсілдері мен формулалары қарастырылса, ал екінші тарауда ҚР-ның ЖҰӨ динамикасының құрылымы мен оның өсу қарқыны, оның ұлттық экономиканың тұрақты дамуына қосар әсерлері қарастырылды.
1 ЖҰӨ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК ЖӘНЕ ОНЫ ЕСЕПТЕУ
1. 1 Жалпы ұлттық өнім түсінігі және оның ұлттық шоттар жүйесіндегі орны
ЖҰӨ - елдің резидентімен белгілі бір уақыт ішінде өндірілген шеткі тауарлар мен қызметтердің құнын мінездейтін ұлттық шоттар жүйесінің (ҰШЖ) орталық көрсеткіші. ЖҰӨ шеткі тұтынымның нарықтық бағасымен есептелінеді, яғни, өнімге деген барлық сауда-транспорттық бағамдар мен салықтарды қоса алғандағы тұтынушы төлейтін бағамен есептеледі. /2, 209 б/
ЖҰӨ-ді есептеудің әдістеріне көшпестен бұрын, көрсеткіш туралы түсінікті кеңейтіп алуымыз қажет.
Бәрінен бұрын, ЖҰӨ - ол өндірілген шеткі тауарлар мен қызметтердің құнын бейнелейтін өндірілген өнім көрсеткіші. Бұл дегеніміз, өндіру процесінде қолданылған аралық тауарлар мен қызметтер құны (шикізат, материалдар, отын, энергия, дақыл, көлік транспортының қызметі, көтерме сауда, коммерциялық және финанстық қызметтер және т. б. сияқты) ЖҰӨ-ге кірмейді деген сөз. Олай болмаған жағдайда ЖҰӨ қайталанатын шоттарды иемденетін еді. /3, 259 б/
Шеткі өнім - ол қайта сатуға арналмаған, соңғы пайдалануға тұтынушының сатып алған тауарлар мен қызметтері. Аралық өнімдер - ол соңғы тұтынушыға сатылмас бұрын, ары қарай қайта өңдеуге түсетін немесе бірнеше рет сатылатын тауарлар мен қызметтер.
Өндірістің жиынтық көлемін есептеу үшін, берілген жылдағы барлық тауарлар мен қызметтер бір рет қана ескерілуі қажет. Көптеген өнімдер нарыққа түспес бұрын бірнеше өндірістік кезеңдерді өткереді. Нәтижесінде көптеген өнімдердің жекелеген бөліктері мен компоненттері бірнеше рет сатылып және қайта сатып алынады.
Мысалға, ауыл шаруашылығында өсірілген бидай, соңғы өнім - нанға айналу үшін өңдеудің төрт кезеңіне түседі: 1) ауыл шаруашылығында бидайды жинау, сорттау; 2) тазалау, элеваторларда кептіру мен сақтау; 3) диірмендерде бидайды ұнтақтау; 4) нан зауыттарында нанды пісіру.
Қосымша құн түсінігін тереңірек қарастырсақ. Қосымша құн (ҚҚ) - ол, белгілі бір өнімді жасап шығару кезінде белгілі бір кәсіпорында орын алған, сол кәсіпорынның нақты еңбегін қосатын құн, яғни, жалақы, пайда, нақты бір кәсіпорынның амортизациясы. Сондықтан да олардың жасалуында кәсіпорын қатыспаған мердігерлерден алынған тұтынылған шикізаттар мен материалдар сол кәсіпорынның өндірген өнімінің қосымша құнына қосылмайды.
Басқаша айтқанда, қосымша құн - ол ағымдағы материалдық шығындарды алып тастағандағы және амортизацияға төлемді қосып тастағандағы кәсіпорынның жалпы өнімі (немесе шығарылған өнімнің нарықтық бағасы) .
ЖҰӨ - ол ұлттық өнім, себебі ол резиденттермен шығарылған. Резиденттерге олардың ұлты мен азаматтығынан тәуелсіз, экономикалық қызуғышылық ортасы берілген ел территориясында орналасқан барлық экономикалық бірліктер (кәсіпорындар, үй шаруашылығы) жатады. Бұл дегеніміз, олар елдің экономикалық территориясында ұзақ уақыт бойы (бір жылдан кем емес) өндірістік қызметпен айналысып жатыр немесе өмір сүріп жатыр дегенді білдіреді. Елдің экономикалық территориясы - ол сол елдің үкіметімен әкімшілік басқарылатын, оның қойнауында тұлғалар, тауарлар, ақшалар еркін қозғала алатын территорияны айтады.
ЖҰӨ - ол жалпы өнім, себебі оны негізгі капиталдың тұтынуын алып тастағанға дейін есептеді. Теориялық жөннен ұлттық өнім таза негізде яғни негізгі капиталды алып тастап есептелінуі керек.
1. 2 Жалпы ұлттық өнімді есептеудің әдістері
ЖҰӨ келесі үш әдіс бойынша есептеле алады:
Жалпы қосымша құн жиынтығы ретінде (өндірістік әдіс) ;
Шеткі пайдалану компонеттерінің жиынтығы ретінде (шеткі пайдалану әдісі) ;
Алғашқы табыстар жиынтығы ретінде (таратылым әдісі) .
Өндірістік әдіспен есептеу кезінде ЖҰӨ барлық өндірістік бірліктердің - салалар немесе секторлар бойынша топталған резиденттердің жалпы қосымша құндарының жинақтау жолымен есептелінеді.
ҰШЖ-де қосымша құн көрсеткіші өнімге деген субсидиді қосатын, өнімге деген салықты алып тастайтын (мысалға: сату салығы, ҚҚС және с. с. ) негізгі бағалармен бағаланады. Мұндай әдіс ЖҰӨ-ді құрастырудағы әр саланың үлесін дәл өлшеуге мүмкіндік береді. Жалпы қосымша құн мен ЖҰӨ арасындағы өзара байланыс келесі түрде анықталатын айтып кеткен жөн:
GDP = D + N - U, (2)
мұнда D - экономиканың барлық салаларындағы негізгі бағаларда берілген қосымша құны;
N - өнімдерге салық;
U - өнімдерге субсидии.
Өндірістік қызметке қабылданған ҰШЖ шекараларының түсінігі келесілерден тұрады:
Қолдануынан тәуелсіз барлық тауарлар, басқа институционалды тұлғаларға көрсетілетін қызметтер, оның ішінде мемлекеттік басқару органдары мен коммерциалық емес ұйымдардың нарықтық емес қызметтері, жеке тұрғын үйде өмір сүру үшін үй шаруашылығы қызметі және ақылы үй қызметшісі көрсететін үй қызметі. Үй шаруашылығы мүшелерінің бір-біріне көрсететін тегін үй қызметі ҰШЖ өндіріс шекарасына қосылмайды.
Өндіріс аумағының шекарасына көлеңкелі экономикада өндірілген тауарлар мен қызметтер қосылуы тиіс (заңсыз өндіріс), яғни заңмен тыйым салынған тауарлар мен қызмет көрсетулер және заңмен рұқсат етілген бірақ мемлекеттік органдардан өз табысын жасыру үшін жасырын тауарлар мен қызмет көрсетулер (жасырын өндіріс) .
Шекті пайдалану әдісі бойынша ЖҰӨ пайдалануы келесі компонеттердің жиыны түрінде анықталады:
тауарлар мен қызметтерді шекті тұтынудың шығындары;
жиынтық қор;
тауарлар мен қызметтердің экспорты мен импортының сальдосы.
Бұл әдіс бойынша ЖҰӨ-ді есептеу формуласы былайша болады: /4, 29 б/
GDP = C + I + E, (3)
Мұнда GDP - жалпы ұлттық өнім;
C - шекті тұтыным;
I - инвестиция (негізгі қорлардың жиынтық қоры, материалды айналым қорларының өсімі, құндылықтардың таза иемденуі) ;
E - таза экспорт.
Тауарлар мен қызметтерге шекті тұтыну шығындары дегеніміз - ол, тұтыну тауарлары мен қызметтерге үй шаруашылығының шығындары, және де мемлекеттік басқару мекемелерінің және коммерциалық емес ұйымдардың индивидуалды және ұжымды тұтынуға арналған тауарлар мен қызметтерге шығындары. Үй шаруашылығының шекті тұтынуға шығындары мыналарды қосады:
тұтыну тауарлары мен қызметтеріне шығындар;
натуралды түрдегі еңбек ақысы формасында немесе т. б. формада алынған тауарлар мен қызметтерді тұтыну;
өзінің шекті тұтынуы үшін өндірілген тауарлар мен қызметтерді тұтыну.
Мемлекеттік басқару мекемелері мен коммерциалық емес ұйымдардың шекті тұтынуға шығындары келесі түрде анықталады: бұл мекемелерді ұстап тұруға ағымдағы шығындар минус бұл мекемелердің тауарлар мен қызметтер сатудан түскен түсімдер плюс осы мекемелермен нарықтық өндірушілерден сатып алынған экономикалық мағынасы жоқ үй шаруашылығын тегін немесе бағамен өткізуге арналған тауарлар мен қызметтердің құны, плюс үй шаруашылықтарына тауарлар мен қызметтер шығындарының мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорлары есебінен өтелулері.
Денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру және т. б. бюджеттік ұйымдар үй шаруашылығында жеке тұтынуларды қанағаттандыруларына арналған индивидуалды тұтынуға тауарлар мен қызметтерді көрсетеді. Ұжымдық тұтыну қызметтері, олар бюджеттік басқару ұйымдары мен қорғаныс ұйымдарына көрсететін қызметтері болып табылады.
Жиынтық қор жинау дегеніміз, ол, ағымдағы периодта өндірілген және алынған, бірақ ол кезде тұтынылмаған резиденттердің тауарлар мен қызметтерді таза иемденуі (тұтынылғандарды алып тастағандағы) . Жиынтық қор жинауға негізгі капиталдың жиынтық қоры, материалды айналым құралдарының қорларының өзгеруі мен құндылықтардың таза иемденуінен тұрады.
Тауарлар мен қызметтердің экспорты мен импорты - берілген елдің барлық елдермен экспортты-импорттық операциялары (туризм, транспорттық қызмет көрсету, құрылыс, сақтандыру, компьютерлік, жарнама және т. б. қзмет көрсетулер) .
Таратылу әдісімен ЖҰӨ-ді анықтау кезінде келесі алғашқы табыстарды қосады: жалдамалы жұмысшылардың еңбек ақысы, өндіріс пен импортқа таза салықтар (өндіріс пен импортқа салық минус өндіріс пен салыққа субсидии), жалпы пайда және жалпы аралас табыстар. /4, 61 б/
GDP = W + Q + R + P + T, (4)
мұнда GDP - жалпы ұлттық өнім
W - еңбек ақы (берілген елдің кәсіпорындары мен ұйымдарының олардың азаматтығынан тәуелсіз өздерінің қызметшілеріне төленген еңбек ақы) ;
Q - әлеуметтік сақтандыруға төлемдер;
R - жалпы пайда;
P - жалпы аралас табыс;
T - өндіріс пен импортқа салықтар (субсидийді шегіргендегі) .
Жалдамалы жұмысшылардың еңбегіне ақы төлеу - есептегі периодта орындалған, жұмыс берушінің жұмысшыға жұмысқа айырбас ретінде төлейтін барлық ақшалай немесе натуралды сыйлықтардың жиынтығы. Ол екі компоненттен құралады:
а) еңбек ақы.
б) жұмыс берушінің жұмысшыны болашақта әлеуметтік төлем ақы алуын қамтасыз етуге арналған әлеуметтік сақтандыруға төлемдері.
Өндіріс пен импортқа салық - мемлекеттік басқару органдарымен тауарлар мен қызметтерді өндіру мен импорттан немесе өндіріс факторларын пайдаланудан алынатын міндетті төлемдер. Мұнда мынадай салықтар кіреді: ҚҚС, акциздер, сатуға салық, айналымнан салық, жекелеген қызмет түрлеріне салықтар, фискалды монополиялардың пайдасына салық, импортқа салық, экспорт, кедендік баждар, жерге салық, өндіріс құралдары мен жұмыс күшіне салық.
Өндіріс пен импортқа субсидии - мемлекеттің кәсіпорындардың тауарлар мен қызметтердің өндірісі, сатулары немесе импорты байланысты орындайтын ағымдағы қайтарымсыз төлемдері.
Жалпы пайда мен жалпы аралас табыс - өндірушінің жалдамалы жұмысшылардың төлемдері, импорт пен өндіріс салықтарынан туындаған шығындарды алып тастағаннан кейінді қосымша құнның сол бөлігінен қалған пайда мен табыс. Бұл кезде меншіктен табысты есептегенге дейінгі пайда (немесе зиян) өлшенеді. Үй шаруашылығына жататын корпоративті емес кәсіпорындар үшін, табыстың бұл түрі қожайынның немесе кәсіпкердің табысынан бөліне алмайтын кәдімгі жұмыс үшін сыйақылардан тұрады. Бұл жағдайда оны аралас табыс деп атаймыз.
Алғашында ағымдағы бағалармен бағаланған ЖҰӨ-нің физикалық көлемінің индексін және оның ЖҰӨ көрсеткіштерінің компонентерін есептеу үшін, әдетте қайсы-бір жылдың ағымдағы бағалары қолданылатын, базалық период ретінде қабылданған тұрақты бағалармен қайта бағалануы қажет. Тұрақты бағалармен ЖҰӨ мен оның компоненитерін есептеудің бірнеше әдістері бар. Олардың ішінде ең маңыздылары болып табылатындар:
- бағалар индексінің көмегімен дефлятирлеу әдісі;
- екілік дефлятирлеу әдісі;
- физикалық көлемнің көлемі көмегімен базистік периодтың көрсеткіштерін экстрополяциялау әдісі;
- шығындар элементтерін қайта бағалау әдісі1.
2 ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЖҰӨ ДИНАМИКАСЫН ТАЛДАУ
2. 1 Қазақстан Республикасының ЖҰӨ табиғи ресурстардың әлемдік бағалармен модельдеудің мәні мен мақсаты.
Қазақстанның экономикасы шикізат өндіру саласына бағытталғаны анық. Осыдан елдің дүниежүзілік шикізат нарқына тәуелді екенін айтпасақ та түсінікті. Ал дүниежүзілік нарық сол шикізаттардың бағаларының өзгеруіне тәуелді өзгеріп отыруы мүмкін. Ол экономикалық заңдылық. Бұдан туындайтын бірінші ой, егерде дүниежүзілік нарық оның бағасына, ал Қазақстан экономикасы сол дүниежүзілік нарыққа тәуелді болса, неге Қазақстан экономикасы дүниежүзілік шикізат бағаларына тәуелді болмауы керек. Әрине бұны былайша айта салу оңай, бірақ оны заңдылықтар мен дәлелдеу әрқашан мүмкін бола бермейді. Бұл кезде ең оптималды жол ол экономика-математикалық модельдерге жүгіну. Әрине Қазақстан экономикасы жекелеген минералды ресурстарға тәуелді болуы мүмкін емес. Ол тек бірнеше көрсеткіштерден тәуелділіктер мен байланысты анықтауға болады. Сондықтан да біз бірнеше отын, тау, түсті және қара металдар шикізаттарына дүниежүзілік бағалары көрсеткіштерін таңдадық.
Бұл модельді қолдану үшін мен Statistica программасын пайдаландым. Бәріңіз білетіндей көптік регрессия модельінде бір тәуелді және бір немесе бірнеше тәуелсіз айнымалы болады. Мен сол тәуелді айнымалы ретінде Ү Қазақстан Республикасының ЖҰӨ, ал тәуелсіз айнымалылар ретінде табиғи ресурстарының дүниежүзілік бағалар көрсеткішін таңдадым. Олардың жалпы саны 11. Атап кетсек:Австралия көмірі; Брент мұнайы; Дубай мұнайы; Техас мұнайы; Табиғи газ; Темір; Пр болат; Ыстық болат; Реб болат; Уир болат; Тин.
Біздің жағдайда бұл детерминация коэффициенті R 2 =0, 87092346, яғни 1-ге жақын сан. Бұл дегеніміз алынған модель зерттеліп жатқан көрсеткіштер арасында сенімді регрессия көрсеткіші екенін көрсетеді. Басқаша айтқанда Қазақстанның ЖҰӨ дүниежүзілік табиғи ресурстар бағаларының өзгеруінің 87%-не сәйкес келіп отыр. Бұл дегеніміз қалған 13% ЖҰӨ ге бағалар әсер етпейді деген сөз.
Бұл регрессиялық талдаудың стандартты кестесі. Бірінші бағанада beta коэффициенттерінің мәні берілген - регрессиялық теңдеудің стандартталған коэффициенттері. Ал екінші бағанада beta -ның стандартты қатесі, үшінші бағанада модель парамтрлерінің дәлдік бағалануы.
Келесі бағалау коэффициенттерінің бірі ол Фишер критериі (Ғ) . Ғ-критерий регрессияның мәнділік гипотезасын тексеруге қолданылады. Біздің жағдайда F = 21, 46881. Бұл кестелік Ғ-критерий деңгейінен едәуір жоғары.
Келесі бағалау коэффициенттерінің бірі ол р-маңыздылық деңгейі p = 0, 0318 яғни 0-ге жақын, ол дегеніміз құрылған регрессия жоғары маңыздылыққа ие. Жоғарыда айтылып кеткен бағалау коэффициенттері барлығы да құрылған регрессия өте маңыздылық деңгейіне ие екенін көрсетіп тұр.
Кесте 1 - Регрессиялық талдау стандарты кестесі
Келесі бағалау коэффициенті, ең маңызды коэффициенттердің бірі Дарбин-Уотсон крэффициенті. Біздің жағдайда Дарбин-Уотсон коэффициенті d=2, 118654 ге тең яғни d
2 ол дегеніміз берілген модель өте үлкен сенімділікті береді.
Екі өлшемді талдау. Ол деректердің жазықтықтағы визиуалды талдауы. Екі өлшемді визиуалды талдауда әртүрлі гистограммалар, таралу диаграммалары, ықтималдық графиктері, сызықтық графигтер, диапазон графиктері, шеңберлі диаграммалар, бағаналы диаграммалар және т. б. графиктер қолданылады. Олар деректердің спецификасын көрсетеді.
Таралу диаграммалары. Екі өлшемді таралу диаграммалары Х және Ү айнымалылары арасындағы байланысты визиуалды байқауға көмектеседі. Егер бұл диаграммалардағы нүктелер бір бұлт секілді орналасса онда екі элементтің бір біріне байланысының болмағаны. Ал егер айнымалылар бір-біріне байланысты болса, онда диаграммадағы нүктелер бір форманы түзеді, мысалы бір сызықтың бойында орналасады2.
Келесі таралу диаграммасы ол есептелген жалпы ұлттық өнім мен нақты жалпы өнім көрсеткіштерінің таралу диаграммасы болып табылады. Бұл диаграммаға көз жүгіртсек, диаграммадағы нүктелер бір сызықтың бойына шоғырланып жинақталған, яғни есепті жалпы өнім мен нақты жалпы өнімнің байланысы өте жоғары. Ал бұл өз кезегінде осы құрылған модельдің сенімді модель екендігінің тағы да бір кепілі.
Сурет 1 - Есептелген жалпы ұлттық өнім мен нақты жалпы өнім көрсеткіштерінің таралу диаграммасы
Сурет 2 - Есепті ЖҰӨ мен ауытқулар квадратының арасындағы байланыс
Бұл таралу диаграммасы да есептелген ЖҰӨ мен ауытқулар арасындағы байланыстың бар екендігін көрсетеді. Бұл диаграммада нүктелердің көбісі сызықтың маңайында орналасқан.
Бұл жерде келесіні айта кеткен жөн, ЖҰӨ мен минералды ресурстар арасындағы байланыс үлкен болғанымен, оның жекелеген түрлерімен ЖҰӨ арасындағы байланыс оншалықты үлкен емес. Бірақ ол түсінікті, өйткені Қазақстан экономикасы тек бір ғана шикізат түрінің өзгерісіне тәуелді болып қалуы мүмкін емес. Келесі корреляция таралу графиктерінде ең қатты байланысқан деген жекелеген ресурстар түрлерін көре аласыздар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz