Экономикалық өсімнің мәні


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 43 бет
Таңдаулыға:   

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

“Экономикалық теория” пәні бойынша

Тақырыбы: Экономикалық өсім және оның түрлері.

МАЗМҰНЫ

Кіріспе 3

Бөлім 1 Экономикалық өсімнің мәні 4

1. 1. Экономикалық өсудің анықтамасы, өлшемі және түрлері . 4

1. 2. Экономикалық өсудің мақсаты, жылдамдығы, сапасы. 7

1. 3. Экономикалық өсімнің даму эволюциясы. 9

Бөлім 2. Экономикалық өсімнің теориялары мен
қазіргі типтері. 11

2. 1. Экономикалық өсімнің типтері мен факторлары өндірістік қызмет және экономикалық өсім. 11

2. 2. Экономикалық өсімнің неоклассикалық және неокеинисиандық моделдері. 16

2. 3. Экономикалық өсудің қазіргі типтері және оның ерекшеліктері 24

Бөлім 3 Экономикалық өсуді жылдамдату бағытындағы мемлекеттік саясат. 26

3. 1. ҚР-дағы экономикалық өсімді дамыту. 26

3. 2. Дамыған мемлекеттердің ҚР-ның өсуіндегі рөлі. 28

3. 3. Қазақстанның экономикалық даму стратегиясы
“Қазақстан - 2030” . . . 33

3. 4. Қазақстандағы экономикалық өсудiң бүгiнгi жағдайы және экономикалық өрлеуге жету жолындағы сапалық көрсеткiштер. 36

Қортынды 40

Әдебиет тізімі 42

Кіріспе

Барлық елдің алдында тұрған ортақ мәселе- экономикалық өсу, онда ұлттық эканомика дамуы, халықтың өмір сүру деңгейі, ресурстардың шектеулі мәселелері шешіледі. Экономикалық өсуді қолдау оның қарқынын тиянақты және оптималдық деңгейде ұстау үшін айқын көрініс болу керек. Бұндай экономикалық өсімге қандай фактор себепші болады, керісінше қандай фактор кері әсер ететінін білу керек.

Неге экономикалық өсу қажетті экономикалық мақсат ретінде қарастырылады? Жан басына шаққандағы жалпы өнімнің өсуі халық жағдайының көтерілуіне әкеледі. Қойылған сұраққа жауап басқа түрде және басқа әдіспен құралуы мүмкін. Өсіп келе жатқан экономика жаңа тұтынуларды қанағаттандыра алады және ахуалдарды шеше алады. Экономикалық өсу ресурс шектелуінің ахуалын шешуді жеңілдетеді.

Экономикалық теория экономикалық өсімнің оптималдық өсу қарқынын, динамикалық моделдерін жасауға көмектеседі. Ол әрбір елдің саясатында ерекше орын алады.

Танымал экономист, тарихшы Б. Семоген: “ Экономикалық өсім кездейсоқ, күрделі көрініс болып табылады. Табиғи ресурстар, заңдылықтар, сонымен қатар көптеген психологиялық және қоғамдық факторлар экономиклық өсудің қанағаттанарлық теориясы болып табылады. Экономикалық өсімнің теориялары, проблемалары әлі зерттеуді қажет етеді. ” - дейді. [6]

Сондықтан әрбір экономикалық өсімнің теориясын немесе моделдерін зерттеп әрі қарай дамытуда.

Курстық жұмыстың бірінші (теоретикалық) бөлімінде экономикалық өсім және оның типтеріне тоқталып оның мәнін ашуға тырысамыз. және экономикалық өсімнің мақсатын, сапасын анықтап, оның даму тарихын баяндалды.

Курстық жұмыстың екінші бөлімінде- зерттелетін сұрақты жан-жақты талдауға тырыстық. Әсіресе экономикалық өсімнің моделдерін, факторларын толық қарастырылып, олардың түрлері анықталады.

Ал үшінші бөлімінде экономикалық өсімнің қазіргі жағдайында, Қазақстан Республикасы бойынша жағдайына баға беріп, тақырып бойынша орталық мәселені жетілдіру жөнінде ұсыныстар берілді. Сонымен қатар орталық мәселені дамытуда шетелдік тәжірибені де қарастыруды жөн көрдік.

Бөлім 1 Экономикалық өсімнің мәні

1. 1. Экономикалық өсудің анықтамасы, өлшемі және түрлері .

Экономиканың өсуі тұтынудың жаңа түрлерін қанағаттандыру қабілеті болып табылады. Сонымен қатар ірі әлеуметтік экономикалық мәселелерді шешуге бағытталады. Сондықтан экономикалық теорияда “Экономикалық өсу ” категориясына теориялық және практикалық тұрғыдан ерекше мән береді. Экономикалық өсу деп нені түсінуге болады?

Экономикалық өсу ұлғаймалы ұдайы өндірістің болуымен түсіндіріледі. Бұл жыл сайынғы қоғамдық өнімнің сандық әрі сапалық артуы және олар екі топтан өндіріс құралдары мен тұтыну құралдарынан тұрады.

Экономикада әрбір елде тек қана ұлттық өнім шығарып қана қоймайды, сонымен қатар олардың белгілі-бір бөлігін, яғни өндірістік немесе өндірістік емес шығындалуын есепке алып отырады. Қазіргі нарықтық экономикада ұлттық өнімді өндіру ұзақ мерзімде және кеңейтілген мерзімде жоспарланады. Бұл өткен периоттан пайдаланылған өнімнен әлдеқайда көп тұтынылатынын көрсетеді. Кеңейтілген динамикалық өндіріс мына жағдайды көрсетеді, яғни экономикалық өсу құбылыстарын. Ең қарапайым анықтамамен есептеу экономикалық өсіммен байланысты, ірі халықтық көрсеткішпен көрсетеді., яғни инфлияциядан тазартуды білдіреді.

Экономикалық өсім дегеніміз -бұл бақылау мерзімішіндегі салыстырмалы өзгеріс пен ЖҰӨмен ЖІӨ-ның көлемі. Экономикалық өсімнің қарқыны ЖҰӨ мен ЖІӨпайыздық өсіміне байланысты және әрқашан 1жылға есептеледі. Кейде бұл көрсеткішті есептеу 1айға 1квартлға, 10жылға т. с. с керек мерзімдерде де бола береді.

Есептеу формула

У1-тексерілген периодтағы ЖҰӨ-іның көлемі.

У -алдағы периодтағы ЖіӨнің көлемі.

Экономикалық өсім дегеніміз- динамикалық тұтас көрсеткіш және ел экономикасының белгілі- бір уқыттағы жағдайын көрсететін көрсеткішті экономиканың жеке секторларын өндіріс салалары өндірістер немесе жеке мекеменің экономикалық жағдайын анықтау үшін пайдалануға болады. Осыдан кейін өндіріс саласының көлемінің өсу қарқыны немесе мекеме есептеледі, ал көрсеткіш “ cектордағы өсім, саласы немесе өндірістік тағы сол сияқты өнім” деп аталады. Мысалы:

Ресейде экономикалық өсім 1997 ж 0, 6% құрады. Кейбір өндіріс саласында экономикалық өсім- нөлге жуықтады, ал екіншілері- керісінше 15-16% көтерілді.

Экономикалық өсім көрсеткіші әрқашан да бірқалыпты тұрмайды. Статистикаға жүгінсек, экономикалық өсім қарқыны о-ге жуықтауы мүмкін немесе жағымсыз болуы да мүмкін.

Егер біз қарастырып отырған кезең ішіндегі өндірілген тауарлардың жалпы көлемі, алдағы өткен өнімдердің көлемі тең болса, онда экономикалық өсім қарқыны нөлге тең болады. Оны нөлдік қарқын деп атаймыз. Экономика крезистік жағдайында тұрғанда ұлттық өнім жартылай өндіріледі осыны жағымсыз өсім деп атайды. 90ж 1 жартысында Ресейде жағымсыз экономикалық өсім орын алды. ЖІӨ-нің қарқынының төмендеуі қысқарды. Ал 1996ж бұл құлау нөлдік экономикалық өсіммен алмасты.

Әрине, ол ЖҰӨ-нің нақты көрсеткіші экономикалық өсімнің тазалылығына кепілдік бере алмады. Ойлап қарасақ қоғамдағы ВВП-ның нақты өсіміне қарағанда халықтың санының өсу қарқыны әлдеқайда жоғары және екі көрсеткіш те қатар өскен жағдайда тұтас өнімнің халықтың жан басына шаққандағы көрсеткіші қысқарды. Осы жағдайда экономикалық өсімнің тиімді жағы деп қарауға бола ма Елдегі экономикалық жағдайды дәлірек анықтау керек. Ол үшін экономикалық өсімнің қарқынын пайдалана отырып, ЖІӨнің нақты көрсеткішін халықтың жан басына шағу керек.

Бірақ бұл көрсеткіш те айқын емес себебі керісінше халық арасындағы өлім саны көбейіп өмірге келетін адам саны азайса, бұл жағдайда ВВП-ның нақты өсім нөлдік қарқында болғанда, онда тұтас өнім долясы халықтың жан басына шаққандағыдан өседі.

Сонымен теориялық деңгейде оңайлатылған түрде ЖІӨ-нің нақты көрсеткішін пайдалануға болады. Ол үшін жоғарыда көрсетілген (1) -ші формуланы пайдаланылып экономикалық өсімнің деңгейін анықтауға болады. Практикада бұны анықтаудың басқа жолдары да көп және күрделендірілген тәсілдер арқылы экономикалық өсімді есептеуге бола Жыл сайынғы қоғамдық өнім көлемінің өсуі ұлғалмалы ұдайы өндірістің экстенсивті типіне немесе интенсивті типіне негізделе дамиды.

Ұлғаймалы ұдайы өндірістің экстенсивті типінде өнім шығаруды екі есеге арттыру үшін, жұмыскер саны мен өндірістік қорлары екі есе ұлғаюы қажет.

Ұлғаймалы ұдайы өндірістің интенсивті типінде осындай нәтижеге жұмыс күшін және өндірістік қорларды дұрыс қолдану арқылы жеткізуге болады.

Практикада бұл ұлғаймалы өндірістің типтерін белгілі ара қатынаста немесе бірін-бірі толықтыратын жағдайда кездестіреміз. Қазіргі жағдайда, ҒТР жағдайында, өндірістің негізінде жүзеге асады.

Ұлғаймалы ұдайы өндірістің қайнар көзі қосымша құн болып табылады. Осы мақсатқа ол күрделі қаржы ретінде жұмсалады. Алайда нарықтық механизмінің сұранымы мен ұсынымы жағдайында мұның өзі жеткіліксіз.

Сұранымның қалыпты жағдайындағы экономикалық өсудің экстенсивті типін алатын болсақ, мұнда ерекше қиындық туа қоймайды. Экономиканың жеткілікті қарқынды дамуы сол кезге дейін жүзеге асуы мүмкін: оған қай уақытта экстенсивті өсудің шектеулі кедергілерімен жолыққанша, ондай кедергілерге табиғи ресурстардың қосымша жетіспеушілігін жатқызамыз.

Әдетте, бұл жағдайда туындаған кедергілер шаруашылық айналымына жекелеген, қолайлы емес пайдалы қазбаларды қосу есебінен жабылады және бұл ресурстарды қымбаттатады. Өңделген кезінде ресурстар құнының бірлігі нәтижесінде түпкі өнімнің өсуін өте аз береді. Оның тиімділігінің төмендегенінде экономикадағы пропорциональдық өзгереді және экономикалық өсу қарқыны төмендей бастайды. [20]

Сұранымның өсу жағдайында табиғи ресурстар мүмкіндігі мәселесі одан әрі қиындай түседі. Сондықтан экономикалық өсу бірқатар факторларға байланысты:

  • Табиғи ресурстарының саны мен сапасына
  • Еңбек ресурстарының саны мен сапасына
  • Капитал ресурсына
  • Қолда бар технологияға

Бір сөзбен айтатын болсақ, экстенсивті дамудың өзіндік экономикалық жіктеулері бар. Мұндай жағдайға тап болған қоғам өзінің бағыт-бағдарын өзгертуге тырысады. Экстенсивті дамудың қайнар көзінің жойылуы қоғамды интенсивті өсу мүмкіндіктерін қарастыруға итермелейді. Демек техникалық процестің ресурсты сақтау түрлеріне бағыт-бағдар жасау: оларға материалды сақтау, инергияны сақтау және қорды сақтау жатады. Барлық қоғам масштабындағы экономикалық өсу тауар мен қызмет көрсетудің жылдық көлемінің ұлғаюымен байқалады. Сондықтан экономикалық өсуді өлшеудің көрсеткіші: Жалпы ішкі өнім(ЖІӨ) немесе жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) немесе ұлттық табыс(ҰТ) болып табылады. Экономикалық өсу обсолюттік және салыстырмалы мөлшерде(алдағы кезеңдегі мөлшерге пайыз ретінде) өлшенеді. Мысалы осы жылы реалды ЖҰӨ 210млн теңге құраса, ал алдыңғы да-200млн теңге болған, онда обсолюттік тұрғыдағы өсімі 10 млн теңге, ал салыстырмалы тұрғыда-5% құрайды.

Жекелеген уақыт мерзімінде экономикалық өсу жылдық өсу қарқынымен анықталады. (ЖҰӨ-нің қарқынын анықтау үшін, осы жылғы нақты ЖҰӨ мөлшерін алдағы жылғы нақты ЖҰӨ-ге жатқызып нәтижесінпайыз түрінде көрінеді)

Жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) біраз жылғы қарқынды өсу сипаттамасы көрсеткіштерін тізе отырып, оның тенденциясын ашуға яғни экономикалық дамудың бағытын анықтауға болады. [2]

1. 2. Экономикалық өсудің мақсаты, жылдамдығы, сапасы.

Экономикалық өсудің негізгі мақсаты тұрғындардың материялдық игіліктерін және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Экономикалық өсудің мақсатын анықтау мыналарға байланысты:

1. Халықтың жан басына шаққандағы орташа кірістің өсімі. Бұл мақсаттың нәтижесінде ұлттық кірістің өсу қарқынына баға береді.

2. Бос уақытты ұлғайту. Бос уақыт халық игілігі болып табылады, бірақ елдің ЖҰӨ мен НД-ның нақты көрсеткіші болып табылмайды. Сондықтан берілген мақсаттың жетістіктерінің дәрежесін бағалау үшін мынаған көңіл бөлу керек. Біз қарастырып отырған периот ішінде жұмыс жылы ішінде қысқартылу жұмысшылар мен қызметкерлерде болды ма, жоқ па?

3. Әртүрлі ұлттық қабаттарда ұлттық кірістің таралуының жақсаруы. Егер негізгі ұлттық кірістің таралуы айтарлықтай төмендеген жағдайда, онда ұлттың үлкен бөлігі экономикалық өсімнің жақсаруына кірмеген болар еді. Ол кезде ұлттың осы бөлігінің тұрмыстық жағдайы бұрынғы күйінде қалады немесе әлсірейді. Сондықтан экономикалық өсу процесін жұмысқа жарамсыз және жұмыссыз қалған ұлттар қабатын әлеуметтік қорғау принциптеріне сүйеніп оларды қорғауға тиіс.

4. Сапа мен өсім, өнім таварларырының әртүрлілігі және қызмет ету саласының жақсаруы. Бұл көрністер негізгі ұлттық кірістің нақты көрсеткіштерін таба алмайды. Осы уақыт ішінде сапа мен деференциялдық бұйымдар тұтынушыларды қанағаттандыруда жоғары жетістікке жетеді және ізінше, осы бұйымдардысатып алушығыны ұлғаяды, өндірістік ұлттық кіріс көлемін тұтас өлшем арқылы анықтауға болады.

Экономикалық өсудің мақсаты не? деген сұраққа топшылау анализінің себебін және тұтынушылар мен өндірушілердің мінез- құлқы арқылы жауап беруге болады. Негізгі қорғам себебі фирманың инвестициялық шығысымен анықталады. Ол дегеніміз экономикалық жетістік, ұзақ мерзімді болашақ.

Жеке шаруашылықтың мақсаты дегеніміз- жеке басының игілігін жақсарту деген сөз. Бұл жетістікке жету үшін :

Біріншіден. Өзінің кірісінің белгілі-бір мөлшерін сақтап отырады.

Екіншіден. Кірістің бір бөлігін өндірістік факторлардың өзінде бар түрлерінің сапасын жақсартуға және инвестициялауға жұмсайды.

Экономикалық өсім эфектісі мына төмендегілер бойынша түсіндіріледі.

  • Өнімнің сапасы және қызмет етуінің жақсаруы. Отандық және дүниежүзілік нарықта бәсекенің ұлғаюы.
  • Жаңа өнімдерді өндіру негізі, халықтың бұрынғы қажетін өтей алмай

отырған тауарлар, жаңа тауарлармен алмасты, бұл халықтың тұтынушыларын қанағаттандырады.

  • Мамандандырылған және ұжымдық өнеркәсіптің өсуі.
  • Х-эффективті емес шебер басқару жүйесі арқылы және эффективті себептерді қолдана отырып, өнім өндірушінің және ішкі фирманың өсуіне себепші болуына байланысты.
  • Әртүрлі салалар бойынша өндірістік ресурстар және еліміздің әртүрлі региондарының жақсаруы.
  • Жаңа техниканың негізі шығынды азайту, өндірістің көлемін, өндірістік ресурстарды шектеу, өндірістің берілген көлемін шығару.

“ Экономикалық өсімнің сапасын” түсіну үшін эканомикалық теориямен байланысты күшейтілген әлеуметтік бағыты - эканомикалық өсудің сапасының негізі болып табылады. Оның белгілерін мыналардан көруге болады:

  • Ұлттық материалдық-тұрмыс жағдайының жақсаруы.
  • Бос уақыттың көбеюі бұл жеке адамның негізінің гармоникалық жетілуі.
  • Әлеуметтік инфраструктураны салалық өсуінің дәрежесі.
  • Жеке адамның капиталы және инвистициялық өсуі.
  • Еңбек жағдайы және адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуі.
  • Жұмыссыздар және жұмысқа жарамсыздарды әлеуметтік қорғау.

Бір жағынан экономикалық өсу қарқынын және сапаның өсуі, ал екінші жағынан -бұған қарама-қарсы болуы мүмкін екенін атап өту керек. Жоғары қарқын кейде сапалық өсуге кері әсер етеді. Мысалы күнінің ұзақтығы өскенде немесе интенсивті еңбектің өсуі, еңбек шығынының өсуіне әкеліп соқтырғанда, сол сияқты экономикалық өсудің қарқыны өскенде, экономикалық өсімнің, сапасы туралы неготивті жағдай туындайды, бос уақыт азаяды. Керісінше, төменгі және қарама-қарсы өсу қарқыны тұтынушыларды қанағаттануын жоғарлатып, нәтижесінде сапалы тауар шығады. Сондықтан көптеген эеономистер экономикалық өсімнің қарқыны жылына 2-3% артық балмауға тиіс деп санайды.

1. 3. Экономикалық өсімнің даму эволюциясы.

Экономикалық өсім теориясының дамуы бірнеше этаптардан өтті. Кейнстің микроэкономикалық теориясынан ХХ ғасырдың 50-ші жылдарына дейін өсті. Бұл теорияның негізгі базисі Р. Хоррода -Домара моделі шамамен 50жылдардың ортасында дамудың жаңа сатысына өтті. Сол сияқты экономиканың неоклассикалық бағытты ұстанушылар экономист - Д. Миндон, Р. Солоу .

Экономикалық өсім теориясы қандай тұрғыдан болмасын -кеинистік, неоклассикалық база синтезінде -екі бағыттағы проблема ұстанадыҒ Ұзақ мерзімге созылған ұлттық кіріс өсімнің потенциялын анықтайтын факторлар және шартты белгілер “Экономикалық қалыпты жағдай”, басқа сөзбен айтқанда динамикалық теңдіктің шарты, сол сияқты экономиканың осыған бейімделуі қалыпты жағдайдағы теңдік.

Кейнстік теорияның өсуі 2 топтағы проблемаға Хоррода -Домара теңдеуінің негізінде шешіледі. Бұл 2 теңдікте ұлттық кірістің өсу қарқыны 2 фактормен анықталады.

  1. Инвестиция және қатынас бірліктері, өнім және капитал. Бұл қатынас технологиялық шарттармен қатаң түрде бекітіледі.
  2. Бұл топтың проблемасына тұрақты жағдайы және оны қолдайтын механизм Кинс қозғалысына жүгінеміз. Жетілмеген нарықтық экономика Хоррода-Домабара моделі бойынша нәтиже шығарылған қысқа және ұзақ мерзімге қолдау системасының тепе-теңдік ауытқуын мемлекет тарапынан реттеліп отыруға тиіс.

Неокеинстық тұжырым бойынша теке-тірес байланысты, ал инвестицияға тікелей байланысты.

Капиталдық салымның өсуі жұмыспен қамтуға, ұлттық кіріске, тұтынушыға өз әсерін тигізеді және өсіреді. Егер инвестиция жинақ ақшамен теңессе, онда ел экономикада ешқандай қиындық болмайды. Жинақ ақшаның өсімі инвестициядан жоғары болған жағдайда жұмыс күшінің жетіспеушілігіне әкеліп соқтырады, ал керісінше инвестиция жинақ ақшаданөсіп кеткен жағдайда халық тұтынатын таварлардың құны өседі. Сондықтан неокеинсиандық негізгі міндеті капиталдық салымның өсу қарқынын және көлемін анықтау. Ол үшін кеңейтілген математикалық аппаратты пайдаланады.

Неоклассикалық принцип бойынша бұл проблеманы шешу үшін экономикалық факторлардың өсуі неоклассика негізі капитал және жұмыс күшін пайдалану, әртүрлі пропорциялық үйлесімділік пен қабілеттілік технологияның әсері және экономикалық принцип арқылы жүзеге асады.

Сонымен қатар ҒТП факторлары мен анализ жасалады. Анализ аппаратын пайдаланылған кезде, өндірістік қызмет және экономикалық әдебиеттен алынған өндірістік қызмет, яғни Кобба- Дуглас қызметі экономикалық өсімнің жеке факторларының рөлдерін анықтап береді. Жекелеген жағдайларда ҒТП-ның және олардың жеке компоненттерін де анықтайды.

Неоклассикалық модел дегеніміз - нарықтың ішкі жағдайын және автоматтық қалпына келуі қажетті механизмін, бұзылған ара салмағын дәлелдеу деген сөз.

Неоклассикалық бағытты ұстайтындар, еркін бәсеке механизмі өндірістік факторлардың толық пайдалану жолдары олардың құнына әсер етеді. Мысалы: егер инвестициялық қарқынның шамадан тыс өсуі; ресурстардың құны да өседі. Бұл кәсіпкерлердің өндірісін қысқартуға әсер етеді және сұранысты азайтады. Сонымен қатар өндірістік факторлардың құнын азайтады. Шартты балансты өсім кезінде сұраныс ұсынысқа тең болады. Бұл кезде қалыпты жағдайдағы ақша жүйесі пайда болады. Бұны реттеп отыру рөлін мемлекет қолына алады және кредиттік ақшалай ретке келтіруді қолға алады.

Сонымен, келесі бөлімде экономикалық өсімнің факторлары мен моделдері сонымен қатар типтері кеңінен қарастырылады.

Бөлім 2. Экономикалық өсімнің теориялары мен қазіргі типтері.

2. 1. Экономикалық өсімнің типтері мен факторлары өндірістік қызмет және экономикалық өсім.

Экономикалық өсімнің негізінде не жатыр, оның қарқыны неге үнемі өзгереді? Бұл сұраққа жауап беру үшін экономикалық өсімнің сапасына анализ жасап, құрылысына анықтау қажет. Экономикалық өсімнің факторын мынандай үш жағдайда қарауға болады: обсолюттік (саны), салыстырмалы (сапасы), қызметке тәуелділік.

Осы факторлардың ара қатынасында және көлемінің динамикасы бар. Барлық экономикалық өнімдер өндірістік факторлардың ара-қатынасынан пайда болады. Ол факторлар еңбек (L) , капитал (К), жер ресурстары (N) . Экономикалық өнім шамасы өндірістік қызметпен өрнектеледі.

Y=f(L K N) (2)

Өндірістік қызмет тек жеке факторлардың не біз қарастырып отырған факторлардың сапасын емес тек қана сандық қатынасын білдіреді. Егер жер және еңбек ресурстарын пайдалануды кебейтетін болсақ, онда еңбек өнімділігінің жалпы көлемі артады. Экономикалық өсуді бақылаудға алудың KLN өндірістік факторлар экстенсивті экономикалық өсу деп аталатыды, яғни сандық экономикалық өсу .

Ал енді экономикалық өсудің сапалық тұрғысынан қарастырсақ бұл кезде экономикалық өсу факторларын салыстырмалы түрде пайдаланады. Оған өндірістік еңбек, V/L өндірістік капитал V/K және өндірістің жер және табиғат ресурстары V/N N-экономикалық өндірістік факторлар сапасын көрсетеді.

Жалпы өнім көлемінің ұлғаюы кеңейтілмеген түрде көрінуі мүмкін екенін атап айтқан. Дұрыс және өндірістің өсімінің есебінен болса бұл өндірістік еңбек капитал табиғат ресурстарының есебінен болса бұл өндірістік факторларды интенсивті экономикалық өсім деп атайды. Сонымен интенсивті экономикалық өсім сапаны көрсететін болса бұл өндірістік ал экстенсивті экономикалық өсу санын көрсетеді. Сондықтан интенсивті экономикалық өсу, экстенсивті экономикалық өсімнен әлдеқайда тиімді. Экономикалық процестермен айналысып жүрген экономистер үшін экономикалық өсім факторларымен ВНП өсу қарқынының арақатынастарын зерттеу негізгі міндет.

Шектеулі өндірістік еңбек ^V/^L=MPL

Шектеулі өндірістік капитал ^V/^K= MPK

Шектеулі өндірістік табиғи ресурс ^V/^N=MPN

Бұл салалық көрсеткіштердің бір бөлігі ғана жалпы өнімді шығарудағы ресурс әрбір бірлігіне қосымша жұмсалатын үлес көмегімен анықталады. Шектеулі өндіріс ресурстар көп болған сайын соншалықты сапа жақсарады жалпы өндірістік көлем үлесі ұлғайғанда ресурс тұрақты пайдалану масштабына ыңғайланады.

(1) формула экстенсивті экономикалық өсуді өрнектесе, интенсивті экономикалық өсуді мына формула арқылы өрнектеуге болады.

V=^V/^L*L+^V/^K+^V/^N*N (3)

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ӨСІҢКІЛІК ҚАТАРЛАРДЫ НЕГІЗГІ КӨРСЕТКІШТЕРІ БОЙЫНША ЕСЕПТЕУ ТӘСІЛДЕРІ
Статистикалық динамикалық қатарлар
Өсіңкілік қатарлардың орташа көрсеткіштері
Өсіңкілік қатарлар туралы түсінік және оның түрлері
Жұмыссыздық туралы
Зерттеу процессі кезіндегі экспериментті жоспарлау әдістері туралы
Өсу қарқыны
Статистика
Өсіңкілік қатарлар туралы
Динамикалық қатарлардың теориялық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz