Республиканың агроөнеркәсіп кешені


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

1. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК САУДА ҰЙЫМЫНА ӨТУ КЕЗЕҢІНДЕГІ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚОЛДАУ БАҒЫТТАРЫ

2. Агроөнеркәсіптің кешенінің қалыптауы және халық шаруашылығындағы алатын орны.

3. Агроөнеркәсіп кешені дамуының ақиқаттық қажеттілігі мен экономикалық жағдайлары.

4. Республиканың агроөнеркәсіп кешенінің аймақтық-өндірістік құрылымы

Қолданылған әдебиеттер тізімі

1. ҚАЗАҚСТАННЫҢ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК САУДА ҰЙЫМЫНА ӨТУ КЕЗЕҢІНДЕГІ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚОЛДАУ БАҒЫТТАРЫ

Ауыл шаруашылығы - Қазақстанның негізгі салаларының бірі. Оның маңыздылығы - ең алдымен халықты азық- түлік өнімдерін қамтамсыз етуінде. Ауыл шаруашылығы дамуының деңгейі көбінесе елдің экономикалық қауіпсіздігін анықтайды. Қазақстанның ауыл шаруашылығына қолайлы жерлері көп болғандықтан, әлем рыногында бәсекелестікке қабілетті агроөнеркәсіп секторын дамытуға барлық мүмкіндіктері бар. Оған қоса, ел халқының жартысына жуығының әлеуметтік жағдайы ауылдық аймақтармен тығыз байланысты.

Қазіргі таңда агроөнеркәсіп кешенің, оның негізгі өрісі ауыл шаруашылығының келешектегі дамуына мемлекеттің тұрақты әлеуметтік-экономикалық жәрдемінің керектігін тәжірбие көрсетіп отыр. Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін алғаннан кейін аграрлық реформаны іске асыру барысында ауыл шаруашылығының тұрақты келешекте бірқалыпты дамуы үшін біраз заңдар қабылданды. Осы заңдар негізінде мемлекеттің әртүрлі аймақтарында ауыл шаруашылығы дамыту жөнінде бағдарламалар қабылданды.

Атап айтқанда, Қазақстан Республикасында 2003- 2009 жылдарға арналған мемлеттік азық-түлік бағдарламасы, 2004-2010 жылдарында Ауылдық аумақтардың даму бағдарламасы, «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамутуды мемлеттік реттеу» туралы заң қабылданды. Бұл қабылданған бағдарламаларда ауыл шаруашылығы құрылымдарын материалдық-техникалық, қаржы және де басқа ресустармен қамтамсыз ету, ауылдағы инфрақұрылымды қайта құру, оларды жетілдіру, тағы да басқа көптеген мәселелерді жүзеге асыру қаралған болатын. Міне сол арқылы ауыл шаруашылығының экономикасын көтеру, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту, ең бастысы ауыл шаруашылығын әлемдік рынокта бәсекелістікке дайындау. [1, 54 б]

Осындай атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесінде бұл саланың іргетасы қаланып, инвестициялар келе бастады. Банктердің салаға деген көзқарасы түзелді. Ауыл шаруашылығын жүргүзудің ең тиімді түрі ретінде нарық қатнастары орнықтырылды. 2009 жылы ауылшаруашылық өнімдерін өндіру 2002 жылымен салыстырғанда 38% жоғарлады, оның ішінде егін шаруашылығы 19%-ға, мал шаруашылығы 32%-ға . 2008-2006 жылдары тұрақты түрде дәнді-дақылдар өндіру дамуда, орташа жылдық өндіру 14 млн. тонна, шитті - мақта өндіру 2004 жылы 2002 жылмен салыстырғанда 29%, барлық түрлер иен категоияларда ет өндіру 9%, сүт 10% жоғарлады. Ауыл шаруашылық азық-түлік пен өнімдерінің экспортының көлемі 2009 жылы 2002 жылмен салыстырғанда 38% артып 976, 3 млн. тг құрады; Импорт көлемі осы кезең бойынша 54, 3% артып 649, 1 млн. тг құрады. [1, 55б]

Ауыл шаруашылығы өндірісінің негізгі көрсеткіштері.

2006
2007
2008
2009
: Ауыл шаруашылығы жалпы ішкі өнімдегі үлесі, %
2006: 34, 0
2007: 12, 3
2008: 33,, 2
2009: 763172, 5
: Ауыл шарушылығының жалпы өнімі (нақты қолданыстағы бағада), млн. теңге- барлығы
2006: 50, 8
2007: 209267, 8
2008: 444695, 4
2009: 3999834, 9
: Өсімдік шаруашылығы
2006: 30, 4
2007: 114043, 7
2008: 224759, 8
2009: 363337, 6
: Мал шаруашылығы
2006: 9, 6
2007: 95224, 1
2008: 219936
2009: 107, 3
: Ауыл шаруашылығы жалпы өнімін өндіру қарқыны (алдыңғы жылғы пайызбен) -барлығы
2006: 106, 8
2007: 75, 6
2008: 95, 8
2009: 109, 5
: Өсімдік шаруашылығы
2006: 124, 0
2007: 75, 1
2008: 92, 0
2009: 104, 5
: Мал шаруашылығы
2006: 98, 1
2007: 75, 7
2008: 100
2009: 100
: Ауыл шаруашылығы ішкі өнімінің қызмет түрлері бойынша құрылымы-барлығы
2006: 100
2007: 100
2008: 100
2009: 100
: Өсімдік шаруашылығы
2006: 39
2007: 66
2008: 51
2009: 52
: Мал шаруашылығы
2006: 61
2007: 34
2008: 49
2009: 48
: Ауыл шаруашылығында, аң және орман шаруашылығында жұмыс істейтін халықтың саны, мың адам
2006: 1215, 4
2007: 1062, 3
2008: 256, 9
2009: 154, 3
: Ауыл шарушылығы қызметкерлерінің орташа айлық жалақысы, теңге
2006: 292, 4
2007: 2397
2008: 5657
2009: 1493, 3

* Қазақстан тәуелсіздік жолында. Ақпараттық талдау жинағы // ҚР статистика агенттігі, 2006ж.

Бүгінгі таңда Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру Қазақстан үшін маңызды қажеттілік болып саналады.

Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына сыртқы сауданы жүзеге асыру және осы ұйымда қабылданған ережелерге, нормаларға, тетіктерге сәйкес тауарлармен қызмет көрсетулер өндірістің ішкі жағдайларын түбегейлі қайта құру есебінен тұрақты экономикалық өсім үшін қолайлы жағдайлар жасауды мақсат етеді.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше 146 елдің 135 елімен сауда саттық жасайды. Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру Қазақстан Республикасына бір ізге салынған ережелер мен тетіктер бойынша осы елдермен сауда жасау мүмкіндігін береді.

Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелік өнеркәсіпте қазіргі заманғы технологияларды және өндірісті ұйымдастыру әдістерінің таралуына, ішкі нарықтағы бәсекелестіктің дамуымен сыртқы рыноктарда қазақстандық тауарлардың бәсекелестік қабілетін арттыруына, өңдеуші өнеркәсіптікі әсіресе инновациялық бағыттағы кәсіпорындар аса қажет ететін шетел инвестициялары ағымының ұлғаюына ықпал етеді.

Біздің еліміздің ауыл шаруашылық кәсіпорындарының бәсеке қабілеттігі өте төмен. Біз үшін бұл өте маңызды. Себебі Қазақстан Республикасы халқының 44 % ауылды жерде тұрады. Ал халықтың 25 % - ға жуығы ауыл шаруашылығында еңбек етеді. [2, 174б] Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруде оның ережелерінің ауыл шаруашылығына тигізер әсерін өте мұқият байқау керек. Осыларға байланысты үш мәселе зерттеушілердің ойынша өз шешімін табуы қажет.

1-ші осы саладағы кедендік салық мөлшері, баж салығы қалай болуы керек?

2-ден ауыл шаруашылығына мемлекет тарапынан көрсетілетін қаржылай көмек қандай болуы керек?

3-ші біздің ауыл шаруашылық өнімдеріміз шетелдерде молырақ сатылуы үшін мемлекет тарапынан қандай саясат? әсіресе қандай қолдау керек?

Қазіргі таңда Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына жіберілген сұранысыны ішкі

қолдаудың жалпы деңгейі 1996-1998 жылдарымен базалық кезеңімен сәйкес құрылған

және ол 1, 1 млрд. долл. құрайды.

2004 жылы Қазақстанда ауыл шаруашылығын мемлекеттік қаржылық қолдау базалық кезеңмен салыстырғанда 228 млн. АҚШ долл. қысқарып, 20, 8% болып 871, 2 млн. АҚШ долл. құрады. Егер салыстыратын болсақ 1 га егістікке мемлекеттік қаржылық қолдау 20, 4 АҚШ. долл. болды, ол болса Канададан 4 есе, АҚШ-тан 20 есе, ЕО- 55 есе, Швециядан 525 есе кіші. 1 га егістікке мемлекеттік субсидия АҚШ та 122 АҚШ. долл., ЕО- 557 АҚШ. долл., Қазақстанда 2, 9 АҚШ. долл. [3, 78 б ]

Болашақта ауыл шаруашылығының дұрыс жұмыс атқаруы үшін инвестиция көлемі 850 млрд. тг болуы тиіс, соның ішінде машиналық-тракторлық база 650 млрд. тг, өндірістік құрылыстар, жабдықтар үшін - 200 млрд. тг. 2006- 2010 аграрлық кешеннің дамуына -504 млрд. тг бөлінуі тиіс, соның ішнде ауыл шаруашылығына 212 млрд. тг болып, ресурстардың орташа жылдық бөлінуі 68 млрд. тг (2003-2009ж. ж) - 100 млрд. тг (2006-2010ж. ж) жетеді [3, 77 б ]

Келтірілген зерттеулер негізінде Дүниежүзілік сауда ұйымының ережерелеріне сай келетін, агроөнеркәсіп кешенінің бәсекеге қабілетті болуы үшін жүргізілуі тиіс іс шаралар тізімі :

1. Ауыл шаруашылығында пайдаланылатын ауылшаруашылық және өндірістік өнімдерге баға паритеті қабылданып, заң бекітілуі керек.

2. Міндетті түрде дәнді- дақылдар мен мақтаны 50 % мөлшеріндегі сатып алуды орнына келтірілуі тиіс, ол кезегіндегі шығындарды жауып, қандада бір табысты қамтамасыз етеді. Мұның барлығы көктемгі-егістік жұмыстарын және егін жинақ жұмыстарын қаржыландыруға мүмкіндік береді.

3. Қысқа мерзімді (ағымды шығындар бойынша ) және ұзақ мерзімді (негізгі қорды толтыру үшін ) несиелеуді қалыптастыру қажет. Қысқа мерзімді несие үшін пайыздық мөлшерлеме 10-12 %, ұзақ мерзімді несие үшін 3-5 % болуы қажет.

4. Азаматтардың жеке пайдалануы үшін микрокредиттерді беру үшін шаралар жүргізу. Ал бұл өз кезегінде қайта өндіру саласын отандық шикізатпен қамтамсыз етеді.

5. Техниканы лизингке беру мерзімін ұзату, алашқы төлем мөлшерін 8- 10 % кеміту, техникалық қызмет көрсету кешенінде лизинг берушіге материалмен қамтамсыз ету міндеттемесін енгізу.

6. Лизинг операциялары бойынша кедендік баждар мен салықтарды төмендету.

7. Қайта өңдеу мен ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілерге салықтық ауыртпалықты теңдестіру үшін ҚҚС мөлщерін төмендету.

8. Жер негізгі өндіріс көзі болып табылатын заңды тұлғалар мен ауыл шаруашылық тауарларын өндірушілерге салық салу патенттік жүйесін дамыту, шаруа қожалықтары үшін жерге салықтың біріккен схемасын бекіту. Есептеулер нәтижесінде патенттік жүйе кезіндегі мемлекеттік дотация мөлшері 20, 9 млрд. тг құрайды, біріккен жерге салық схемасы кезінде 0, 5 млрд. тг жарлығы жалпы - 21, 4 млрд. тг болатыны анықталды. [ 3, 81б ]

9. «Республикалық ауыл шаруашылығын сақтандыру қоры» туралы жағдайды дайындап, бекіту қажет.

10. Ауыл шаруашылық өнімдерін сақтандыруды республикалық бюджет қаражатының қатысуымен қайта сақтандыру тәртібін орнату.

11. Кедендік - тарифтік реттеудің тетіктерін кеңірек пайдаланылуы керек. Дифференциалды тарифтік реттеу әдісін қолдану қажет, яғни импорт көлемі қомақты емес сезімталдығы төменірек топтарды қысқарту. Ол топтарға тірі ірі- қара мал, су шырыны және т. б. жатады.

12. Мемлекеттік экспорттық субсидия ретінде сыртқы нарықта негізгі ауыл шаруашылық өнімдерін өткізу бойынша транспорттық шығындарды өз мойнына алуы.

13. Мемлекеттік механизм инфраструктураны (ауылды дамытуға серпін беретін суару, байланыс жүйесі, жол жүйелері және т. б. ) дамытуға, сонымен қатар ауыл тұрғындарын ауыл шаруашылық емес саладағы жұмыспен қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс.

Міне осындай жұмыстар атқарылуы үшін ең алдымен қазіргі кезеңдегі мемлекеттік қолдау туралы ақпараттандыру процесін ең төменгі деңгейден басталуы тиіс. Ақпаратты меңгеріп, жағдайды біліп халыққа атқарылған жұмыстарды және атқарылатын жұмыстарды тұжырымдап жеткізіп отыру бүгінгі күннің талабы. Қазір ауыл шаруашылығында ұсақ құрылымдар басым. Сол себептен олар қазіргі заманғы аграрлық технологияларды пайдалана алмайды, жаңа техника жабдықтар сатып алу, егіншілік мәдениетін сақтау олар үшін үлкен шығындарды қажет етеді.

Сондықтан да алдағы уақытта орта және ірі шаруашылық құрылымдарын құру міндеті тұр. Өйткені орта және ірі ауыл шаруашылық құрылымдары өндірісті тиімді ұйымдастырып интенсивті, агротехнологияларды енгізуге жол ашады. Оларға несиелік ресурстар алу да жеңілірек.

Айтылғандарды тұжырымдай келе Қазақстанның әрбір ауданында бизнес мүмкіндіктерін зерттеп, ақпараттық-маркетингтік кеңес беру қызметтерін жүргізіп, кәсіпкерлермен тығыз байланыс жасайтын, бәсекеге қабілетті өнімдердің жаңа озық түрлерін өндіру, аймақтық, халықаралық рыноктарға шығу, жаңа технология мен озық инновациялық жетістіктерді өндіріске ендіріп оны таратуға және ауыл шаруашылығы кәсіпкерлерінің ортасының бастамаларын іске асыру, менеджмент мәселесін жетілдіру мақсатында тиімді инфрақұрылымдар ашу міндеті тұр.

«Ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа кезеңі басталды» деді Елбасы Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі жолдауында. Ендігі жерде отандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекеге қабілеттігін арттыру басты назарда болып, айрықша талаптар қойылатынын атап өткенін бәрімізге мәлім.

Президент атап көрсеткендей таяудағы 7-8 жылдың ішінде біз әлемдік экономикаға бүкіл болмысымызбен ықпалдасуға тиіспіз . Мұнда аграрлық салаға да шеуші рөлдердің бірі жүктелетін болады. Сондықтан Қазақстанның ауыл шаруашылығы халықаралық стандарттарға қаншалықты сәйкес келетін болса, еліміздің жалпы әлемдік экономикадағы жағдайы соншалықты жақсара түспек.

2. Агроөнеркәсіптің кешенінің қалыптауы және халық шаруашылығындағы алатын орны.

Агроөнеркәсіп кешені (АӨК) Қазақстанда басқа халық шаруашылығы салаларымен салыстырғанда өте күрделі шаруашылық құрамы болып саналады. Оның өсіп өркейуіне мемлекет тарапынан ұдайы көңіл аударылып, жыл сайын қаржының 1/3 бөлігі бөлініп материалдық ресурстар бөлініп отырады. Агроөнеркәсіп кешенінде қазірдің өзінде республика халық шаруашылығының 40 % астам негізі қоры, өндіріс өндірісінде қызмет атқаратын адамның 38% шоғырланған. Оның үлесіне біздің 1/3 ҰТ-дың мемлекеттік бюджеттің 30% астам кірісі жатады. Барлық азық-түлік өнеркәсібі, сол сияқты жеңіл өнеркәсіптің көптеген салалары осы өнеркәсіп кешенінің шикізаттарымен жұмыс істейді.

Агроөнеркәсіп кешенінің құрамына ауыл шаруашылығынан басқа техника, құрал-сайман, тыңайтқыштармен қамтамасыз ететін өнеркәсіптер араласады. Ауыл шаруашылығының өнімдерін өндіру, дайындау, сақтау, өңдеу, тасымалдау және оларды уақытында іске асыруды ұйымдастыратын шаруашылық аралас салаларының құрамын агроөнеркәсіп кешені деп аталады.

Қазіргі уақытта ауыл-шаруашылығының өнімін өндіруге және оны халық қажетіне жаратуға ҚР-ның және басқа ТМД елдермен ондаған салааралық кешеңдердің құрамына кіретін 100-ден астам халық шаруашылығының салалары қатысады. Агроөнеркәсіпті кешенін ұйымдастыру және оның нарықтық құрылымының дамуы салааралық экономикалық пән болып табылады. Оның негізі-агроөнеркәсіп кешенінің құрамына кіретін халық шаруашылығы салаларын жүйелі түрде жүргізу, еліміздегі ауыл шаруашылығы шикізаттарынан азық-түлікпен толық қамтамасыз ету мақсатымен ғылыми техникалық прогрестің жетістіктерінің көмегімен интенсивті өндірісті ұйымдастыру, шаруашылық механизмін одан әрі жетілдіру және тиімді пайдалану.

3. Агроөнеркәсіп кешені дамуының ақиқаттық қажеттілігі мен экономикалық жағдайлары.

Қазіргі кезде барлық ТМД- елдеріндегі сияқты ҚР халық шаруашылық саларының нарық экономикасы жағдайында агроөнеркәсіп кешенің өсіп-өркендеуі, оның дамуы заңды процесс.

Агроөнеркәсіп кешені объективті экономикалық котегория ретінде әрбір мемлекетте өндіргіш күш пен өндірістік қамтамастандырудың даму нәтижесінде іске асады. Олардың қалыптасуы объективтік жағдай әсерінен, яғни өнеркәсіп салаларының және ауыл шаруашылығы материалдық- техникалық базасының нығаюымен олардың инфоқұрылым салаларыны дамуына байланысты болады.

Агроөнеркәсіптің кешенінің қалыптасуының негізгі ақиқаттық қажеттілігінің бірі- Егеменді Қазақстанда өнеркәсіптік потенцияларын құру. Яғңи ауыл шаруашылығының материалдық- техникалық базасын нығайтып нарықтың экономикаға көшіру, дамыту.

Агро-өнеркәсіптің кешенінің өсуіне, өркендеуіне себеп болатын жағдайлар бар, олардың қатарына алдын- ала болатын жағдайлар:

  • Агроөнеркәсіп интеграциясының алдын-ала кездесетін табиғи- материалдық жағдай агроөнеркәсіп кешенінің өркендеуінде алдын- ала кездесетін әлеуметтік- экономикалық жағдайлар:
  • Агроөнеркәсіп интеграциясының алдын-ала кез болатын табиғи материалдық жағдай жыл бойында кездесетін маусымдық жағдайға байланысты/ қыс, жаз, күз/ мысалы күздік бидайдың күзде егіліп келесі жазда орылуы, биенің құлындауы. Т. б.
  • Агроөнеркәсіп кешенінің оның негізгі салаларының бірі ауыл- шаруашылығындағы өндіріс мезгілі мен жұмыс мезгілігің бірімен-біріне тең болмауы. Бұған өндірістік мезгілдің жұмыс мерзімі мен салыстырғанда ұзақ екні дәлел.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Агробизнес және агроөнеркәсіп кешені
Агроөнеркәсіп пен агробизнес интеграциясы
Қазақстан ауыл шаруашылығы өндірісінің дамуы
Ауылшаруашылық өнімнің дамуы
Агробизнес және агроөнеркәсіптік кешен
Қазақстанның агроөнеркәсіп өндірісін дамытудың негізі бағыттары
Агробизнесті мемлекеттік реттеудің қажеттілігі
Агроөнеркәсіп кешенінің дамуының теориялық және әдістемелік негіздері
Нарық жағдайында агроөнеркәсiп саласында майлы дақылдар iшкi кешенiн қалыптастыру және дамыту (Оңтүстік Қазақстан облысы агроөнеркісібі мысалында)
Агроөнеркәсіптің кешенінің қалыптауы және халық шаруашылығындағы алатын орны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz