Қазақстан Республикасы жұмыссыздық мәселесі


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

КІРІСПЕ

1 Қазақстан Республикасы жұмыссыздық мәселесін ЖҰӨ және басқа да экономикалық категориялар арқылы талдау

1. 1 ҚР-сы жұмыссыздық пен жұмысбастылық деңгейінің қазіргі таңдағы статистикалық көрсеткіштері

1. 2 ҚР жұмыспен қамту мәселесін ғылыми тәжірибеде талдау

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КIРIСПЕ

Бүгiнгi таңда әлемнiң дамыған елдерiнiң қай-қайсысын алып қарасақта олардың экономикасының негiзгi бағытының бiрi әлеуметтiк салаға бағытталған болып келедi. Өйткенi әлеуметтiк сала сол елдегi халықтың тұрмыс жағдайын, халықтың өмiр сүру деңгейiн және сол елдiң жалпы экономикасының жағдайын көрсетедi.

Сондықтан әрбiр елдiң экономикасы халықтың әлеуметтiк жағдайын көтеру үшiн тұрақты экономикалық өсудi қажет етедi. Елiмiздiң нарықтық экономикаға өтуiне байланысты еңбек рыногының қатынастары күрделене түсуде. Ал әлеуметтiк саланың жағдайын жақсарту ең бiрiншi сол елдiң еңбек рыногына, халықтың ақшалай табыстарына, елдегi экономикалық активтi халық пен жұмыссыздық деңгейiне байланысты болады.

Осы еңбек рыногында макроэкономикалық тепе-теңдiктiң бұзылуы экономикада қоғам дамуына тиiмсiз құбылыс болып табылатын жұмыссыздықты қалыптастырады. Экономикада жұмыссыздар болып еңбекке жарамды жастағы еңбекке қабiлеттi, бiрақ қазiргi уақытта жұмыс орны жоқ адамдар табылады. Сондықтан да жұмыссыздық ел экономикасының жағдайын көрсететiн бiрден-бiр көрсеткiш. Себебi, жұмыссыздық тiкелей елдiң экономикалық құрылымына, өнеркәсiп салаларына, жалақы деңгейiне, халықтың әлеуметтiк жағдайына әсер етеді.

Тақырыптың өзектілігі Қазақстан Республикасы проблемасының өзектілігі жұмысбастылық пен жұмыссыздықтың әлеуметтiк-экономикалық мәнi мен мазмұнын ашып, оның макроэкономикалық теңсіздікке және макроэкономикалық көрсеткіштеріне әсерін қарастыру, жұмыссыздықтың елiмiз экономикасындағы жағдайы мен ерекшелiктерiн қарастыру болып табылады.

Сондықтан курстық жұмыс тақырыбы “Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық пен жұмысбастылық ” деп алынды.

Бұл тақырыпты орындаудағы негiзгi мақсат болып жұмысбастылық пен жұмыссыздықтың экономикалық мәнін ашу, олардың түрлері мен әлеуметтік-экономикалық салдарын қарастыру, сонымен қатар еліміздегі жұмыссыздық пен жұмыспен қамту жағдайын және олардың құқықтық негіздерін талдау болып табылады.

Мақсатқа жету барысындағы атқарылатын мiндеттер келесiдей болып табылады:

  • Жұмыссыздықты еңбек рыногының элементi ретiнде қарастыру және жан-жақты талдау;
  • Жалақы және жұмысбастылық және олардың өзара байланысын қарастыру, сонымен қатар елiмiздегi жұмысбастылық пен жалақы деңгейiн талдау;
  • Жұмысбастылық пен жұмыссыздықтың жалақы, инфляция және жұмысшы күшi ұсынысы және сұранысымен байланысын анықтау;
  • Жұмыссыздықтың түрлерi мен олардың экономикаға тигiзер әсерiн қарастыру;
  • Жалақы, жұмысбастылық, кәсiподақтар және жұмыссыздық, олардың өзара байланыстары, мәселелерiн және шешу жолдарын ұсыну болып табылады.
  • Қазақстандағы жұмыссыздық мәселесiнiң жалпы жағдайын, олардың өзiндiк ерекшелiгiн қарастыру.

Бұл жұмысты Жұмамбаев С. К. Мамыров Н. Қ. жасаған. Жұмыстың құрылымы екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде жұмыссыздықтың экономикалық-әлеуметтік мәні, жұмыссыздық формалары және жұмыссыздықтың макроэкономикалық тиімсіздікке әсері мен оны әлеуметтік қорғау қарастырылса, ал екінші бөлімде Қазақстандағы жұмысбастылық пен жұмыссыздық мәселесі, оларды шешу жолдары, жұмыссыздық пен жұмысбастылықтың бүгінгі таңдағы статистикалық көрсеткіштері талданып, еліміздің жұмыссыздық және жұмыспен қамту мәселесі, оның макроэкономикалық тұрақсыздыққа әсері талданып, бүгінгі таңдағы әлеуметтік саланы реттеудегі мемлекеттер шаралар мен Елбасының Жолдаулары қарастырылады.

1 Қазақстан Республикасы жұмыссыздық мәселесін ЖҰӨ және басқа да экономикалық категориялар арқылы талдау

1. 1 ҚР-сы жұмыссыздық пен жұмысбастылық деңгейінің қазіргі таңдағы статистикалық көрсеткіштері

Қазақстандағы еңбек рыногы жағдайына келетiн болсақ, әрине бұл әлеуметтiк-экономикалық сала болғандықтан, елiмiздiң экономикалық дағдарысты басынан кешiрген жылдары бұл еңбек рыногы да күрт нашарлап кеттi. Оның келесiдей себептерiн атап өтуге болады:

  1. Елдегi экономиканың дағдарысқа ұшырауы, өндiрiс орындарыныңқысқарып, халықтың жұмыссыз қалуына әкелiп соқтырды;
  2. Елiмiз егемендiгiн алғаннан кейiн Қазақстаннның еңбек рыногына жұмыс күшi ұсынысының имиграциясы мен эмиграциясы ең күштi әсер бердi. Яғни, елге келушiлерге қарағанда, елден кетушiлер саны көп болды. Сондай-ақ елден кетiп жатқандардың көпшiлiгi бiлiктi, бiлiмдi және бәсекелестiк қабiлетi жоғары, еңбекке қабiлеттi жастағы азаматтар екенiн ескерсек, бiздiң қоғамымыздың еңбек потенциялына орны толмайтын шығын әкелгенiн айтуымыз керек.
  3. Ұлттық экономикамыздың құлдырауымен байланысты әлеуметтiк сала да нашарлап, халқымыздың өсiмi кемуде, оған бiр жағынан өтпелi кезеңде басты әсер етiп отыр;
  4. Фирма мен кәсiпорындар өнiмiнiң бәсеке қабiлеттiлiгiнiң нашар болуына байланысты, олардың сатуға шығарған өнiмдерiне сұраныстың аз болуы жалақының төмендеуiне әкелдi. Осының салдары экономикалық активтi халықтың санының азаюына әкелгенi белгiлi немесе көлеңкелi экономикада қызмет етушiлер саны артты; /7/

Алайда осындай келеңсiз жағдайлар орын алғанымен, елiмiз экономикасының соңғы жылдары жоғарғы қарқынмен дамуы, стратегиялар мен реформалардың оң нәтижесiн беруi, жекешелендiрудiң толық қанды жүруi, шағын бизнес саласының дамуы, бiлiм саласына реформаның жасауы, өнеркәсiп орындарының ашылуы, қаржы рыногында тұрақтылықтың болып, инфляция деңгейiнiң төмендеуi және мемлекеттiк саясаттардың тиiмтi түрде жүзеге асуынан еңбек рыногында келесiдей оң нәтижелер көрiне бастады:

  1. Елiмiздегi жұмыс күшiнiң жылдамдылығы жоғары, Ресеймен салыстырғанда еңбек рыногын қалыптастыру алда. Кадрлар дайындауда жеке меншiктi оқу орындары кәдiмгiдей үлкен роль атқарады.
  2. Соңғы бiрнеше жыл iшiнде экономиканың тұрақты дамуымен байланысты, фирма мен кәсiпорындардың санының өсуi, ауыл шаруашылығында реформалардың жүргiзiлуi, өндiрiс немесе қызмет көрсету салаларының дамуына байланысты жұмыссыздық азайып, экономикалық активтi халықтың саны өсуде;
  3. Бәсекеге қабiлеттi экономика құру және рыноктық қатынастарды дамыту адамдардың бiлiмiн жетiлдiруге, еңбек қабiлеттiлiгiн арттыруға ынталандырады. Бұл дегенiмiз жалпы жалақының өсуiне әкеледi. Елiмiздегi жалақының нақты өсiмi 2005 жылдың алғашқы алты айында 13, 2% құрап отыр, ал 2006 жылы жалақының өсуі 30%-дан асып кетті.

Елiмiздегi орташа айлық жалақының өсуiн келесi суреттен көре аламыз. Егер осы жалықының өсуiмен жұмыссыздық деңгейiн салыстыратын болсақ, онда елiмiзде жалақының өсуiмен байланысты жұмыссыздықтың төмендеп отырғанын көремiз. /6/

:

:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:

Сурет-2 - Еліміздегі жалақының өсу деңгейі

  1. Елде жалпы экономиканың тұрақты өсуi, несие және лизингтiк қатынастардың дамуына байланысты жеке меншiк кәсiпорындар мен фирмалардың еңбекке сұранысы өсiп, онда жалпы жұмыс iстейтiн адамдар үлесi 70-80% болып отыр.
  2. Жалпы елдегi жұмысыздық 1998 жылғы 13, 5% жоғары деңгейiне жеткеннен кейiн 1999 жылдан бастап төмендей бастады. Яғни, осы жылдары ұлттық экономиканың басқа көрсеткiштерi де қарқынды дамыды. Оның бiр мысалы, ЖIӨ-нiң көлемi 9, 8%-ға өсуiмен сипатталады және инфляция деңгейi де бiршама тұрақталды.

Ендi осы елiмiздегi еңбек рыногының қазiргi кездегi және оны өткен жылдармен салыстырып, статистикалық көрсеткiштерiне назар аударсақ.

Еңбек рыногындағы басты статистикалық көрсеткiштерге келесi көрсеткiштердi жатқызамыз: жұмысбастылық, экономикалық активтi немесе активтi емес халық, жұмыссыздық, жалдамалы және жеке меншiк секторында қызмет ететiн жұмысшылар.

Қазақстанда жұмыссыздықты есептеумен статистика бойынша агенттiк щұғылданады. Елiмiзде статистикалық мәлiметтерде жұмыссыздықтың екi көрсеткiшi есептелiнiп жүр: ол жұмыссыздықтың ресми және жалпы деңгейi. Соңғы жылдар бойынша жұмыссыздық деңгейiн келесi кестеден көре аламыз.

Жұмыс күшi - жұмыссыздар мен жұмыс iстейтiндердiң жиынтығы, ал жұмыссыздық деңгейi - бұл жұмыс күшiнiң жалпы санындағы жұмыссыздардың пайыз түрiнде анықталуы.

Сондай-ақ экономиканың еңбек рыногында экономикалық активтi халық деген негiзi ұғым қолданылады. Ол дегенiмiз еңбек рыногында еңбек жасына келген және еңбекке қабiлеттi, жұмыс iстегiсi келетiн адамдар саны.

Мысалы, елiмiзде 2000 жылдан бастап экоонмикалық активтi халықтың саны күннен-күнге өсуде, оған себепшi болып отырған экономиканың тұрақтануы, өндiрiс орындарының ашылуы, жалақының жоғарлап, оның тұрақты болуы, халықтың бiлiм және мамандану деңгейiнiң өсуi, демографиялық өсуге бет алғанымыз және т. б. жағдайлар себеп болып отыр.

Экономикалық активтi халықтың өсу динамикасын келесi 3-шi суреттен көруге болады. Биылғы 2007 жылы экономикалық активтi халық 8, 08 млн. адамға жеттi, өткен жылмен салыстырғанда шамалы ғана төмен, солардың iшiнде жұмыспен қамтылғандары 7, 3 млн. адам. /5/

:

:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:

Экономикалық активтi халық

Суреттен көрiп отырғанымыздай, елiмiзде соңғы жылдары жыл санап өндiрiстiң дамуымен және шаруашылық құрылымдарының саны өсуiмен экономикалық активтi халық өсуде, ал оның есесiне елiмiзде жұмыссыздықдың деңгейi жылдан - жылға кемуде. Алайда 2007 жылы жұмыссыздар саны шамалы өсіп отыр айта аламыз. Оған себеп экономика болып жатқан өзгерістер, және экономикалық активті адамдардың санының өсуі және көптеген қаржы орындары мен банктердің өзінің қызметкерлерінің санын несие берудің азаюына байланысты азайтумен байланысты болып отыр.

Жұмыссыздықтың азаюы елiмiзде қызмет көрсету және өндiрiс салаларының дамуы, жалақының өсуi басты себепшi болып, экономикалық жұмысқа ынталы адамдар саны көбейдi. Жұмыссыздықтың деңгейiн келесi 4-шi суреттен көре аламыз. Онда 2000 жылдан бастап жалпы жұмыссыздық деңгейiнiң 12, 8%-дан бастап, 2008 жылы 8, 7%-ға дейiн төмендегенiн көремiз.

Ендi жалпы жұмыссыздық деңгейiнiң елiмiздегi 2000-2008 жылдар аралығындағы деңгейiнiң өзгерiсiн көрсек. Оны 1-шi кестеден және 4-ші суреттен көре аламыз. /6/

Кесте 1- Қазақстандағы жұмыссыздар деңгейі, %

:
2001: 2001
2002: 2002
2003: 2003
2004: 2004
2005: 2005
2006: 2006
2007: 2007
2008: 2008
: Ресми жұмыссыздық
2001: 2, 9
2002: 2, 7
2003: 2, 6
2004: 2, 5
2005: 2, 4
2006: 2, 5
2007: 2, 7
2008: 2, 8
: Жалпы жұмыссыздық
2001: 10, 4
2002: 9, 3
2003: 8, 3
2004: 8, 1
2005: 7, 9
2006: 8, 0
2007: 8, 7
2008: 9, 8

Келесі кестеде елiмiздегi жұмыссыздық деңгейiнiң өсуiнiң және 2000 жылдан бастап 2008 жыл аралығындағы жұмыссыздық деңгейiн төмендегi графиктен көре аламыз. /13/

:

:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:

Сурет-4 - Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейi

Жұмыссыздық пен нақты ЖҰӨ көлемі арасында тәуелділік қарама қайшы болып табылады. Жұмыс істейтіндер өндіріс тауарлары мен көрсетілген қызмет түрлеріне байланысты жұмыстарды атқарады, ал жұмыссыздар - атқармайды, осыған байланысты жұмыссыздық деңгейінің жоғарлауы нақты ЖҰӨ көлемінің төмендеуіне әсерін тигізеді.

Бұл жұмыссыздық деңгейі мен ЖҰӨ көлемі арасындағы жағымсыз тәуелділікті бірінші болып осы тәуелділікті зерттеуші Артур Оукеннің есімімен Оукен заңы деп аталды.

Оукен заңы бойынша нақты жұмыссыздық деңгейінің 1%-ға жоғарлауынан, нақты ЖҰӨ көлемінің өсу қарқыны 2%-ға төмендейді. Сонымен Оукен заңы жұмыссыздық деңгейі мен ЖҰӨ арасындағы байланысты көрсетеді:

Y-Y * /Y * - β (U-U * )

Мұндағы, Y - нақты өнім көлемі;

Y * - потенциалды ЖҰӨ

U - нақты жұмыссыздық деңгейі

U * - табиғи жұмыссыздық деңгейі

β - эмпирикалық коэффицент

Жұмыссыздық жеке адам және қоғам үшiн көптеген әлеуметтiк-экономикалық мәселелердi өзiмен алып келедi. Жеке адам үшiн ол өндiрiстен кету деген сөз, қызметкер еңбек табысы көзiнен айырылып, көтерiңкi психикалық жүк көтередi. Ал қоғам үшiн ол жоғары салық шығынына ұшыратады, адам капиталы жойылады, қоғамның әлеуметтiк жiктелуi күшейедi, жастарға байланысты мәселелер асқынады және т. б. бос уақыт пайдасы жұмыссызбен келетiн кемшiлiктердi басып кетуi шүбәлi болып келедi. Сонымен қатар бұл құбылыстың кемшiлiктерiн бiржақты атай берген дұрыс емес. Нарықтық экономикаға жұмыссыздықтың табиғи деңгейi тән, жұмыс күшiнiң белгiлi резервi әрқашан да болып тұрады. Табиғи жұмыссыздықтың болуы нарықта экономиканың нормальдi қызметiне қажеттiлiгi бар деуге болады.

:

:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:
:

Сурет-5 - ЖҰӨ мен жұмыссыздық байланысы

Сондай-ақ елiмiз экономикасындағы өндiрiс және қызмет көрсету, мемлекетiк және жеке меншiк жұмыс орындарының арасындағы өзгерiстер бойынша да жұмысшылардың ара салмағын айқындауға болады.

Ал 2007 жылы жеке жұмыс орны бар жұмысшылар iшiнде ең көп үлес салмақта 92, 9% тұрақты жеке кәсiппен айналысушылар, ал қалғандары жұмыс берушi тұлғалар, жеке коперативтер және жанұялық кәсiпорында қызмет етушiлер.

Қорытындылай келе, экономикамыздың өсуiмен қатар, еңбек рыногының да дамитындығын көрiп отырмыз. Алайда елiмiздегi еңбек рыногының және жұмыссыздық мәселесiнiң туындап отырған келеңсiз жағдайларын шешу үшiн келесi шараларды iске асыруымыз керек:

  1. Өндiрiс және қызмет көрсету салаларының дамуы үшiн инвестиция тарту және ғылыми-техникалық, инновациялық бағдарламаларды iске асыру;
  2. Жекешелендiрудi одан әрi дамытып, жеке меншiк кәсiпорындарын және шағын бизнестi дамыту, оларға қолдау көрсету, Жұмыс күшiне сұранысты зерттеу кезiнде кәсiпорынның меншiктiк формасы үлкен роль атқарады. Қазiргi жағдайда Қазақстанда жеке меншiк секторы басты орын тепкен. Жеке меншiк кәсiпорындар мен фирмаларда жұмыс iстейтiндер үлесi 70%-тен асып кеттi.
  3. Ауылдың жағдайын жақсарту, өйткенi бүгiнде елiмiздегi жұмыссыздықтың негiзгi ауыр түрi ол ауылда болып отыр.
  4. Елдегi еңбек күшi эмиграциясы мен имиграциясын реттеу, оралман қандастарымыздың келуiне жағдай жасау, бәсекеқабiлетi жоғары мамандардың сыртқа кетуiн азайту, олардың отандық өндiрiсте қалуына ынтасын арттыру;
  5. Демографиялық ахуалды түзеу, әлеуметтiк саланы жақсарту шараларын iске асыру;
  6. Бiлiм беру саласын реформалау, мамандардың бәсекеқабiлеттiлiгiн арттыру, отандық өндiрiстi қолдау;
  7. Жұмысшыларды қайта дайындау. Елiмiздiң жоспарлы экономикадан рыноктық экономикаға өтуiне байланысты көптеген мамандықтар бүгiнгi шаруашылықта жарамсыз болып қалды немесе олардың өнiмiне сұраныс азайды.

Осыларды қорытындылай келе, елiмiздiң еңбек рыногы соңғы бiрнеше жыл iшiнде оң бетбұрыс алды. Рыноктық экономикалық қатынастардың дамуы экономикада еңбек ұсынысы мен еңбек сұранысын өз күшiмен реттеуге бет алды. Ендiгi жерде еңбек рыногындағы басты мәселе елiмiздiң тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшiн жоғары сапалы бәсекеқабiлеттi мамандар дайындап, бәсекеқабiлеттi өнiмдер өндiру.

Сонымен Елбасымыздың Жолдауы бойынша Қазақстан алдағы жылдары әлемдегі дамыған елу елдің қатарына қосылуы үшін ең бірінші адам капиталындамытуы керек. Ол білім беру саласын жетілдіру, әлеуметтік саланы дамыту, экономикада қызмететуші халықтың қызмет ету деңгейі мен іскерлік қабілетін жоғарлату болып табылады. /11/

1. 2 ҚР жұмыспен қамту мәселесін ғылыми тәжірибеде талдау

Жұмыссыздық пен жұмысбастылық сондай-ақ әлеуметтік тұрғыдан инфляцияның өзгерісіне де әсер етеді. Инфляцияның етек алуы тиімсіз экономикалық құбылыс ретінде экономиканың басқа да макроэкономикалық көрсеткіштерімен байланыста болады. Оның әлеуметтік саладағы ең маңыздысы жұмыссыздық көрсеткіші. Яғни, жұмыссыздық деңгейі табиғи деңгейінен төмен болса, жалпы жалақылар өсуі себебінен айналыстағы ақша массасы өсіп, инфляцияның өсуіне алып келеді. Бұл экономикалық теория біздің елімізде көрініс табуда, яғни 2000 жылдан бастап елімізде жұмыссыздық деңгейі 13, 5%-дан 2007 жылы 8, 0%-ға төмендеу бағытын алып отыр, ал оның орнына инфляция деңгейі 2000 жылғы 6, 4%-дан 2007 жылы 15%-ға дейін жетіп отыр.

Бүгінгі таңда Қазақстанда орын алып отырған қаржылық дағдарысқа байланысты көптеген шағын кәсіпорындар банкротқа ұшырап, ал ірі корпорациялар өздерінің қызметкерлерін жұмыстан қысқартуда. Сонымен қатар экономиканың құрылыс және т. б. жеке меншік кәсіпорындарда жалақы деңгейі төмендеу процесі байқалды, ал Елбасымыздың мықты әлеуметтік саясаты негізінде 2007-2009 жылдары мемлекеттік қызметкерлердің орташа айлық жалақысын жыл сайын 30% өсіріп отыру қолға алынуда. Бұл жағдай өз кезегінде мемлекеттік қызмет орындары, мұғалімдер мен дәрігерлік қызметке деген сұранысты арттыруға мүмкіндік береді. /13/

Елiмiз инфляцияны жою және ақша айналысын тұрақтандыруға арналған шаралар қолдану үстiнде. Инфляцияға қарсы саясаттар елiмiзде тiкелей және жанама реттеулер негiзiнде жүзеге асып отыр. Инфляция тiкелей реттеу табыстар саясаты шеңберiнде жүзеге асады. Ол елдегi жалақы мен бағалардың өсу нысаналарын белгiлеу негiзiнде көрiнiс тауып отыр. Ал бағаға ықпал етудiң жанама әдiстерiнiң үлесi елiмiзде басымырақ деп те айтсақ болады. Елiмiздегi iске асып отырған инфляцияны реттеудiң жанама әдiстерiне монетарлық және фискалдық саясаттың “дефляциялық” шаралары жатады. Ұлттық банк инфлияцияны тежеу үшiн ақша массасына, берiлген несиелердiң көлемiне, пайыз қойылымыныңкөлемiне, ұлттық валюталық бағам саясатына, ашық рыноктағы бағалы қағаздармен операцияларға реттеу шараларын жанама түрде жүргiзiп отырады. Өйткенi бұл өтпелi экономиканың талабынан туындайды.

Инфляция өз кезегiнде халықты жұмыспен қамтуға айтарлықтай әсер етедi. 1958 жылы ағылшын экономисi А. Филлипс оның ықпалын көрсететiн “сұраныс инфляция” деген үлгiнi ұсынды. Ол жұмыссыздықтың нормасы мен жалақының арасында тәуелдiлiк бар екенiне назар аударған. Оның қорытындысы бойынша, жұмыссыздықтың кейбiр дәрежесiне (6-7%) жалақының дәрежесi тұрақты және оның өсiмi нөлге тең болады. Жұмыссыздық осы табиғи дәрежеден төмен болса, онда жалақының өсiмi шапшаңдайды және керiсiнше. Соңынан жалақы мен бағаның өсуiнiң өзара қатал байланысы бар тезис пайдаланылып, осы заңдылық жұмыссыздық және бағаның өсу қарқынының өзара байланысы болып қайта өзгертiлдi. Филипстiң қисық сызығын келесi суреттен көре аламыз:

W, P

W 2

W 1

U 1 U 2 U

Сурет-6 - Филипс қисық сызығы

Мұндағы,

W - номиналдық жалақының өсу қарқыны;

Р - инфляция дәрежесi;

U - жұмыссыздық дәрежесi, %;

Суреттен көрiп отырғанымыздай филипс қисық сызығы жұмыссыздық пен инфляцияның арасында тұрақты және болжауға болатын керiсiнше байланыс бар екенiн көрсетедi. Осыны кейнсшiлердiң инфляция тек жұмыссыздықтың шамалы ғана дәрежесiнде жоғары болуы мүмкiн және керiсiнше деген де дәлелдейдi. Экономикада практика жүзiнде бағаларды өсiрмейтiн жұмыспен қамту дәрежесi болады.

Инфляция мен жұмыссыздықтың арасындағы керiсiнше байланыс неше түрлi сипатта дәлелденуде. Жартылай бұл жағдай еңбек рыногының бейiмдiлiгiмен дәлелденедi. Еңбек нарығы жұмыспен қамтудың құрылымы, квалификациялары, ораласқан орны т. б. бойынша сегменттелген сипаты бар, көптеген жекелеген рынок болып табылады. Осы жағдай мынаған әкеледi: еңбек рыногының кейбiр сегментiнде экономика бiрте-бiрте жұмыспен толық қамтуға жылжығанда, жұмыссыздық практика жүзiнде сақталады, ал сонымен қатар, еңбек рыногының басқа сегменттерiнде қанағаттандырылмаған сұраныс сақталады. Бұларда шығындардың көбеюiне және бағаның өсуiне әкелетiн жалақының өсуi жалғаса бередi. Осы процестiң макроэкономикалық нәтижесi - инфляцияның қарқынының өсуiмен сипатталады.

Филипс қисық сызығының басқа да дәлелi бойынша, өндiрушiлер мен еңбекшiлерге экономиканың өсу кезеңiнде баға мен жалақының өсуiн талап ету жеңiл түседi. Жоғары дәрежедегi жұмыссыздық жалданып жұмыс iстеушiлердi төмен жалақыға келiсуге мәжбүр етедi. Бұл инфляцияның “жалақы-баға” шеңберiн бұзады. Бұдан басқа экономикалық тиiмсiз конъюктура өндiрушiлердiң бағаны көтеруiне кедергi келтiредi. Керiсiнше жағдайда, жұмыспен толық қамтуға жақындаған сайын өндiрiстiң қосымша факторларына сұраныс өсе түседi. Осының нәтижесiнде жалақы өседi және оның өсуi еңбек өнiмдiлiгiнiң өсу қарқынынан артық болып отырады.

Филипс қисық сызығына көзқарастың екi бағыты қалыптасқан. Бiрiншi баығтта бұл сызық экономикалық заң деп қаралады. Бұл күштi инфляция мен жоғары жұмыссыздық бiр мерзiмде болмайды дегендi айтады. Мемлекеттiң реттеуiнiң құралдарының әр түрлi қолданудың көмегiмен, қисық сызықтың әр қилы нүктелерiне сай келетiн, инфляция мен жұмыссыздықтың ұштасуының қандайына болмасын жетуге болады. Сөйтiп, қисық сызықтың бойымен жоғары және төмен жылжуға болады.

Екiншi бағыт инфляция мен жұмыссыздықтың өзара байланыстарының тұрақтылығын және үзiлмейтiндiгiн жоққа шығарады. Экономикада орынды қарқыны берiлген инфляция жағдайында, жұмыспен қамтудың ең жоғары деңгейiне жетуге болады. Экономикада дағдарыстар кезiнде баға және жұмыссыздық бiрдей қосарласып өседi. Осындай экономикалық қолайсыз жағдай стагфляция (инфляциямен бiр мезгiлде келетiн экономикалық тоқырау) деп аталады. Осы кездегi инфляция мен жұмыссыздықтың өзара байланыстары туралы деректер екi қорытынды жасауға мүмкiндiк бередi: Филипстiң қисық сызығы оңға қарай жоғары жылжиды да, ол инфляция дәрежесiнiң әрқайсысына жұмыссыздықтың өскен дәрежесi сәйкес келедi немесе осы құбылыстардың арасында байланыс болмайды.

Стагфляцияның пайда болуын Кейнстiк мектептiң экономистерi бiрiнен-соң бiрi келiп отырған ұсыныстың болмай қалуымен, үзiлумен дәлелдейдi. Бағалар мен жұмысты болудың өара байланыстарының бұдан бұрынғы талдауы, өзгермейтiн тұрақты ұсыныс жағдайында жиынтық сұраныстың дәрежесi өзгерiп тұратындығына негiзделген болатын. Жиынтық ұсыныстың төмендеуi инфляция мен жұмыссыздық жәрежесiнiң бiрдей бiр мерзiмде өсуiне әкеледi, бұл өз кезегiнде стагфляция пайда болады, Филипс қисық сызығы жылжиды.

Кедейшілік ең өткір мәселелердің бірі болып табылады. Кедейліктің халық арасында көп таралуы елдің экономикалық дамуына зор нұқсан келтіреді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жұмыссыздық мәселесі туралы мәлімет
Қызметкердің орташа айлық жалақысы
Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық пен жұмысбастылық
Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығы жайлы
Жастарға арналған бағдарламалар
Қазақстан Республикасындағы жұмыссыздық мәселесі
Еңбек рыногы жайлы
Жұмыссыздықтың әлеуметтік – экономикалық мәні
Жұмыссыздық деңгейі және оның экономикалық өсуге тигізетін әсері
Жұмыссыздықтың экономикалық маңыздылығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz