ҚР-ның зейнетақы жүйесі
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1 ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ ЖӘНЕ ОНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1 Зейнетақы жүйесінің қалыптасуы және даму теориялары ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Зейнетақы жүйесін реформалаудың шетелдік тәжірибелері ... ... ... ... .11
2 ҚР.НЫҢ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІН РЕФОРМАЛАУДЫҢ ДАМУЫ, МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ЖЕТІЛДІРУ ШАРАЛАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
2.1 ҚР .да зейнетақы реформасының даму барысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
2.2 ҚР.да зейнетақы жүйесінің даму мәселелері және оны шешу
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
2.3 Зейнетақы жүйесін дамытудың халықты әлеуметтік қорғаудағы рөлі .28
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .33

Тәуелсіздік туы желбіреп, ата-бабамыз армандаған егемендігімізге ие болдық. Олар ғасырлар бойы тәуелсіздік үшін жанын пида етіп күресіп өткені тарихымыздан белгілі. Халқымыздың тарихының жаңа белестері, яғни бұқпасыз тарихы осы бостандығымен бірге десек қателеспейміз. Қазақстан жеке ел ретінде қалыптасқаннан кейін ендігі кезекте ел өмірін жандандыру мақсатында түрлі жұмыстар атқарып, экономикалық және стратегиялық бағыттарда жұмыстар атқарып отырғандығы белгілі. Оған дәлел, Қазақстанның болашағы мен дамуына арналынып жасалынған "Қазақстан 2030" деп аталынатын бағдарламасын атап айта аламыз.
Тақырыбымызға арқау болып отырған іс-шаралардың ішіндегі маңыздыларының бірі Қазақстан Республикасындағы зейнетақы қорларының дамуы барысы мен реформалау жүйелері болып отыр. Осыған орай, жоғарыда аталған Қазақстанның 2030 жылғы даму стратегиясында да жинақтау зейнетақы мәселесі де сөз болады.
Тақырыбтың өзектілігі. Республикамыздың "Қазақстан- 2030" бағдарламасында барлық. "Қазақстандықтардың" әл-ауқатын, қауiпсiздiгiн жақсарту гүлдену, даму стратегиясында президентiмiз Н.Назарбаев атап өткендей елiмiздiң дамуының басым бағыттарының бiрi тұрғындардың материалдық және әлеуметтiк әл-ауқаты болып табылады. Тұрғындарды зейнетақымен қамтамасыз етудiң деңгейi мен сапасы-елiмiздiң азаматтарының әлеуметтiк және экономикалық жағдайының маңызды құрамдас бөлiгi. Жинақтаушы зейнетақы жүйесiнiң тұрақты түрде дамуы Қазақстан Республикасының экономикалық дамуын жылдамдатуға ықпал етедi. /1/
Республиканың әлеуметтiк-экономикалық жүйесiнде неғұрлым қарқынды дамушылардың бiрi зейнетақы жүйесi болып табылады. Сонымен қатар, әрекет етушi жинақтаушы зейнетақы жүйесiне зерттеулер жүргiзу оның тереңдеуi нарықтық экономикалық жағдайындағы Қазақстан экономикасына бейiмделуi және оның әрекет етуiнiң қысқа мерзiм iшiнде пайда болған пiкiрталастағы және шешiлмеген көптеген мәселелер мен сұрақтардың бар екендiгi жөнiнде белгiлi бiр тұжырымдар жасауға мүмкiндiк бередi. Атап айтатын болсақ, еңбек етiп болғаннан кейiнгi кезеңде қалыпты өмiр сүрудi қамтамасыз етуге зейнеткерлердiң жинақ қорларының саны емес сапасының жеткiлiксiздiгi, тендерлiк мәселелердiң шешiмiн таппауы, өмiр сүру ұзақтығының әр-түрлiлiгi, еңбек ақы теңсiздiгi нәтижесiнде әйелдер мен ерлер арасындағы зейнетақы мөлшерiндегi теңсiздiктiң болуы, өндiрiстiк мүгедектiк мәселелерi және т.б. Қазақстан экономикасының даму ерекшелiктерi зейнеткерлiкке шыққан мерзiм iшiнде тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту мен қолдау мақсатында тұрғындарды зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесiн дамытуға бағытталған кешендi шаралардың жүзеге асырылуын қолдайды. Сондықтан, Қазақстан Республикасының тұрғындарын зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесiн жаңғырту және әрi қарай дамытудың экономикалық тетiктерiн зерттеу өзектi мәселелердiң бiрi болып табылады.

1 ҚР-сының «ҚР-да зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» Заңы
2 Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жолдауы «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында». Астана, 2005ж ,
3 Н.Ә. Назарбаевтің «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауы Астана, 2007 жылғы, 3 Наурыз.
4 Н.Ә. Назарбаевтің «Қазақстан-2030» даму стратегиясы
5 Экономическая теория. Под. ред. Грязновой. //М.-1989.-б.415-416
6 Қонысбаев А. Н Реформирование системы пенсионного обеспечение: опыт Казахстана и зарубежных стран //Материалы семинаров Всемирного банка.-1995-1998 гг. б 57-60
7 Нурмуханбетов.Е Пенсионное страхование и пенсионный аннуитет //Рынок ценных бумаг Казахстана.-2005.-№1.б21-26
8 Карагусова Г.Д Пенсионная система РК: опыт реформирование //Экономист.-2003.-№11.-б99-103
9 Адамбекова.А. Анализ пенсионного рынка Казахстана //Финансы Казахстана.-2005.-№5.б77-82
10 Бекбердиев Б.Д ҚР-да зейнетақымен қамтамасыз ету проблемалары //Қаржы қаражат.-2001.-№3 69-77б
11 Аманжолов С.А Накопительная пенсионная система в Казахстане: первый этап и новые проблемы //Вестник КазНУ.-1999.-№4 б86-90
12 Алибаев.А Накопительная пенсионная система необходимый поиск эффективных решений //Рынок ценных бумаг Казахстана.- 2003.-№6.б46-49
13 Брежнева Н.А Перспективы совершенствование и оптимизации накопительной пенсионной системы Казахстана // Мир финансов.-2006.-№1 б23-26
14 Джумабеков А. Накопительная пенсионная система Республики Казахстан //Рынок ценных бумаг Казахстана.-2005.№16 б13-17
15 Сүлейменов Ж Пенсионная система: настоящее и будущее //Финансы Казахстана.-2001.-№2.-б21-23
16 Нурмуханбетов Е Рынок пенсионных услуг в 2006 году //Рынок ценных бумаг Казахстана.-2007.-№3 б16-23
17 Исахова П Халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің әлеуметтік-экономикалық тиімділігі және оны реформалау бағыттары //АльПари.-2004.-№3 17-22б
18 Отаров А.К, Алиева З.А Мергенбаева А.Т Негосударственные пенсионные фонды как институциональные инвесторы социальной сферы //Вестник КазНУ.-2005.-№5 б12-17
19 Молдағалиев Н.Ы Жинақтаушы зейнетақы жүйесі: жағдайы мен болашағы //ҚазҰУ хабаршысы.-2003.-№5 б112-115
20 «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» Н.Назарбаев 2008 жылғы Қазақстан халқына Жолдауы. – Астана, Ақорда, 2008 ж. 5 ақпан.

Мазмұны
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1 ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ ЖӘНЕ ОНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ
ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1 Зейнетақы жүйесінің қалыптасуы және даму теориялары
... ... ... ... ... ... 5
1.2 Зейнетақы жүйесін реформалаудың шетелдік тәжірибелері
... ... ... ... .11
2 ҚР-НЫҢ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІН РЕФОРМАЛАУДЫҢ ДАМУЫ, МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН
ЖЕТІЛДІРУ ШАРАЛАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
2.1 ҚР –да зейнетақы реформасының даму барысы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
2.2 ҚР-да зейнетақы жүйесінің даму мәселелері және оны шешу
жолдары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
2.3 Зейнетақы жүйесін дамытудың халықты әлеуметтік қорғаудағы рөлі .28
Қорытынды

... ... ... ... ... ... ... ... 31
Қолданылған әдебиеттер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .33
КІРІСПЕ
Тәуелсіздік туы желбіреп, ата-бабамыз армандаған егемендігімізге ие
болдық. Олар ғасырлар бойы тәуелсіздік үшін жанын пида етіп күресіп өткені
тарихымыздан белгілі. Халқымыздың тарихының жаңа белестері, яғни бұқпасыз
тарихы осы бостандығымен бірге десек қателеспейміз. Қазақстан жеке ел
ретінде қалыптасқаннан кейін ендігі кезекте ел өмірін жандандыру мақсатында
түрлі жұмыстар атқарып, экономикалық және стратегиялық бағыттарда жұмыстар
атқарып отырғандығы белгілі. Оған дәлел, Қазақстанның болашағы мен дамуына
арналынып жасалынған "Қазақстан 2030" деп аталынатын бағдарламасын атап
айта аламыз.
Тақырыбымызға арқау болып отырған іс-шаралардың ішіндегі маңыздыларының
бірі Қазақстан Республикасындағы зейнетақы қорларының дамуы барысы мен
реформалау жүйелері болып отыр. Осыған орай, жоғарыда аталған Қазақстанның
2030 жылғы даму стратегиясында да жинақтау зейнетақы мәселесі де сөз
болады.
Тақырыбтың өзектілігі. Республикамыздың "Қазақстан- 2030"
бағдарламасында барлық. "Қазақстандықтардың" әл-ауқатын, қауiпсiздiгiн
жақсарту гүлдену, даму стратегиясында президентiмiз Н.Назарбаев атап
өткендей елiмiздiң дамуының басым бағыттарының бiрi тұрғындардың
материалдық және әлеуметтiк әл-ауқаты болып табылады. Тұрғындарды
зейнетақымен қамтамасыз етудiң деңгейi мен сапасы-елiмiздiң азаматтарының
әлеуметтiк және экономикалық жағдайының маңызды құрамдас бөлiгi. Жинақтаушы
зейнетақы жүйесiнiң тұрақты түрде дамуы Қазақстан Республикасының
экономикалық дамуын жылдамдатуға ықпал етедi. 1
Республиканың әлеуметтiк-экономикалық жүйесiнде неғұрлым қарқынды
дамушылардың бiрi зейнетақы жүйесi болып табылады. Сонымен қатар, әрекет
етушi жинақтаушы зейнетақы жүйесiне зерттеулер жүргiзу оның тереңдеуi
нарықтық экономикалық жағдайындағы Қазақстан экономикасына бейiмделуi және
оның әрекет етуiнiң қысқа мерзiм iшiнде пайда болған пiкiрталастағы және
шешiлмеген көптеген мәселелер мен сұрақтардың бар екендiгi жөнiнде белгiлi
бiр тұжырымдар жасауға мүмкiндiк бередi. Атап айтатын болсақ, еңбек етiп
болғаннан кейiнгi кезеңде қалыпты өмiр сүрудi қамтамасыз етуге
зейнеткерлердiң жинақ қорларының саны емес сапасының жеткiлiксiздiгi,
тендерлiк мәселелердiң шешiмiн таппауы, өмiр сүру ұзақтығының әр-
түрлiлiгi, еңбек ақы теңсiздiгi нәтижесiнде әйелдер мен ерлер арасындағы
зейнетақы мөлшерiндегi теңсiздiктiң болуы, өндiрiстiк мүгедектiк мәселелерi
және т.б. Қазақстан экономикасының даму ерекшелiктерi зейнеткерлiкке
шыққан мерзiм iшiнде тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту мен қолдау
мақсатында тұрғындарды зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесiн дамытуға
бағытталған кешендi шаралардың жүзеге асырылуын қолдайды. Сондықтан,
Қазақстан Республикасының тұрғындарын зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесiн
жаңғырту және әрi қарай дамытудың экономикалық тетiктерiн зерттеу өзектi
мәселелердiң бiрi болып табылады.
Республикада соңғы жылдары жүзеге асырылып келе жатқан мәселелердің
бірі әлеуметтік саясат, оның ішінде, зейнетақы реформасына қатысты
сұрақтарды келесі ғалым экономистердің еңбектерінен көруге болады:
Баймуратов У.Б., Кенжегузин М.Б., Кошанов А.К, Исахова П, Алибаев А,
Нурланова Н.К., Зейнельгабдина А.Б., Ильясова К.К., Мельников В.Д.,
Есентугелова А.Е., Нурмуханбетов. және т.б.
Қазақстан Республикасындағы жинақтаушы зейнетақы жүйесiнiң қалыптасуына
арналған ғылыми зерттеулерде тұрғындарды зейнетақымен қамтамасыз етудiң
мемлекеттiк емес қаржы тетiктерi, жинақтаушы зейнетақы қорларының
инвестициялық iс-әрекеттерi мен оны басқару тетiктерi, зейнетақы
активтерiнiң портфельдi инвестицияларының пайда болуы, оны оңтайландыруға
байланысты ұсыныстар әзiрлеу, сондай-ақ ел экономикасын қаржыландыруда
зейнетақы қорларының активтерiн пайдаланудың келешегi туралы сұрақтар
қарастырылған.
Жұмыстың мақсаты нарықтық экономиканың тереңдетiлген жағдайындағы
Қазақстан Республикасының тұрғындарын зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесiнiң
қазiргi жағдайын кешендi зерттеу негiзiнде жинақтаушы зейнетақы
қорларының инвестициялық iс-әрекеттерiн, портфельдi инвестициялардың
пайда болу процесстерiн және оны оңтайландыруға байланысты ұсыныстарды
жасап шығару және жинақтаушы зейнетақы жүйесiнiң әрекет етуiнiң
экономикалық-ұйымдық тетiгiн жаңғыртудың ғылыми негiзделген ұсыныстарын
әзiрлеумен түсiндiрiледi.
Жұмыстың мiндеттерi. Қойылған мақсатты жүзеге асыру үшін келесi
мiндеттердi шешудi қажет етедi:
1) тұрғындарды зейнетақымен қамтамасыз етудiң обьективтi негiздерiн
анықтау, әлеуметтiк-экономикалық категория ретiнде зейнетақымен
қамтамасыз етудiң мәнiн нақтылай түсу;
2) елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуының әр-түрлi сатысында тұрғындарды
зейнетақымен қамтамасыз етудi реттеудегi мемлекеттiк саясаттың ролiн
анықтау;
3) нарықтық экономикасы дамыған елдердегi азаматтарды зейнетақымен
қамтамасыз ету тәжiрибесiне, оны Қазақстанның ерекшеліктеріне байланысты
қолдануына талдау жүргізу;
4) жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметтерiне талдау жүргiзу негiзiнде
зейнетақы жүйесiнiң әрекет ету тетiктерiне талдау жүргiзу және Қазақстан
Республикасының тұрғындарын зейнетақымен қамтамасыз етудiң мемлекеттiк
емес секторларының даму тенденцияларын анықтау;
5) келешекте Қазақстан тұрғындарын зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесiн
дамытудың және тұрақты етудің негiзгi бағыттарын анықтау, зейнетақы
жүйесiнiң тиiмдi әрекет етуiн қамтамасыз етуге және жетiлдiруге байланысты
ұсыныстар әзiрлеу;
6) зейнетақымен қамтамасыз етудiң сақтандыру тетiктерiн әзiрлеу және
келешекте зейнетақымен қамтамасыз ету мөлшерiн анықтау болып анықталады.

ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕЛЕРІ
1. Зейнетақы жүйесінің қалыптасуы және даму теориялары
Күнделікті өмірде әрбір адам денсаулығының және тіршілік етуінің
негізгі көзі жалақының жойылуына байланысты әр түрлі жағдайларға душар
болуы мүмкін. Бұл жағдайларға мыналар жатады: кәрілік, мүгедектік,
науқасқа шалдығу, асыраушысынан айрылу және т.б. Оларды көп жағдайда
өздігінен жеңу мүмкін емес, сондықтан олар әлеуметтік-экономикалық
талаптармен анықталғандықтан және өндірістік іс әрекетпен тығыз байланысты
болғандықтан жеке адамның еркіне тәуелсіз болып келеді. Адамзат дамуында
қоғамның жарымжан және кәрі мүшелеріне көрсетілетін жәрдем түрлері
өзгеріп отырды, алғашқы кезде бұл шіркеулерден қайырымдылық түрінде
жүргізілсе, кейіннен мемлекетке адал қызметі үшін әскерилерге жалақы
түрінде болды.Ақырында бұл адамның бүкіл өмір бойы жинақтаған қаржысын
зейнетақы түрінде мемлекеттің кепілдендірілген жәрдемі түрінде жүзеге асты.
Алғашқы мемлекеттік зейнетақы жүйесі Германияда княз Отто фон
Бисмарктің реформасы негізінде пайда болды. Реформа алғашқы кезде
науқастарға және мүгедек адамдарға қаржылық көмек ретінде жүргізілсе (1883-
1888жж) кейіннен 1889 жылдан бастап жалпы зейнетақымен қамтамасыз ету
жүзеге аса бастады.
Өткен ғасырдың зерттеушілері қарт адамдарды әлеуметтік қорғау
мәселелерін әртүрлі қарастырды. Либералды рыноктық экономиканың
жақтаушылары әрбір индивид өзінң өміріне қор жинау арқылы лайықты қарттық
шағын өзі қамтамасыз етуі тиіс деген пікірде болды. Ал кейнсиандықтар
керісінше жеке жинақтардан бөлек қарт адамдарға мемлекеттің есебінен
зейнетақы және басқа да әлеуметтік төлемдер түрінде жәрдем көрсетілуі қажет
екенін айтты.
Әлеуметтік қорғау жүйесінің дамуына сүбелі үлес қосқан 20 ғ көрнекті
экономистері Джон Мейнард Кейнс, Милтон Фридман , Франко Модильяни, Моррис
Алле және тағы басқалар болды.
Зейнетақымен қамтамасыз етудің мәніне талдау жасау үшін, ең алдымен
зейнетақы ұғымына анықтама беру қажет. Жалпы зейнетақы ұғымы (лат. Pensio)
төлем деген мағынаны береді. Тарихи дамудың нәтижесінде бұл түсініктің
мағынасы өзгеріп, толығып отырды. Алғашқыда ол мемлекетке адал қызметі үшін
жалақы мағынасын берсе, қазіргі уақытта қоғамның қарт азаматтарының
тіршілік етуінің қажетті көзі болып табылады. Қазіргі уақытта зейнетақының
мәнін талдаудың бастапқы кезінде қызмет ететін жалпы қабылданған зейнетақы
анықтамасы жоқ. Дегенмен де экономикалық әдебиеттерде кездесетін зейнетақы
анықтамасына сәйкес келетін негізгі пікірлерді көрсетіп кетуге болады.
Зейнетақымен қамтамасыз ету мәселесіне ерекше қызығушылық және осыдан
шығатын зейнетақы түсінігі ғылыми зерттеу пәні ретінде біршама ертерек пйда
болды. Енді зейнетақы туралы кейбір шетел экономистерінің анықтамаларына
көз жүгіртсек: Дж. Кейнс зейнетақыны халықтың өзінің қарттық шағын
қамтамасыз ету үшін жинаған жеке жинақтары және сонымен қатар мемлекеттің
зейнеткерлік жасқа жеткен кезде азаматтарға төленетін белгілі бір ақша
суммасы деп түсінді. К. Маркс қоғамдық қорлар құрамында еңбекке
қабілетсіздер үшін тұтыну қорларын атап көрсетті. Тұтыну қорларының қызметі
азаматтарға қарттық шағында, мүгедек болған жағдайда және жұмыс істеу
қабілетінен айрылған жағдайда төленетін ақша төлемдері.
Шетелдік экономикалық әдебиеттерде зейнетақы деп мемлекеттердің және
басқа да субьектілердің азаматтарға белгілі бір жасқа келген кезде, мүгедек
болған кезде және тағы басқа жағдайларда тұрақты түрде төленетін ақша
төлемдері.[5,416б]
ҚР-сының ҚР-да зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңында зейнетақыға
келесідей анықтама берілген: Зейнетақы бұл Орталықтан, жинақтаушы
зейнетақы қорларынан төленетін зейнетақы төлемдерінің жиынтығы. [1.]
Менің ойымша келесі анықтама зейнетақының мәнін толығымен ашып
көрсететін сияқты: Зейнетақы-бұл адам өмірінде белгілі бір жағдайлар
болған кезде яғни зейнеткерлік жасқа жеткен кезде, қажетті еңбек өтілі
болғанда, мүгедек болған жағдайда, асыраушысынан айрылған кезде,
жұмысшылардың белгілі бір категорияларына байланысты көп жылғы сіңірген
еңбегі үшін азаматтарға заңды негізде төленетін белгілі бір ақша суммасы.
Жоғарыдағы анықтамалардан байқалып отырғанындай зейнетақының әлеуметтік-
экономикалық мәні бұрынғы өмірді қамтамасыз ету үшін болған жеткілікті
деңгейдегі жойылған жалақыны толықтыру.
Зейнетақымен қамтамасыз етуді әр түрлі аспектілерде қарастыруға болады.
Зейнетақымен қамтамасыз ету юридикалық мағынада қоғамның еңбекке қабілетсіз
мүшелерін күтумен байланысты қатынастарды реттеуші заң саласы.
Зейнетақымен қамтамасыз етудің әлеуметтік мағынасында – бұл адамның
жұмыс істеу қабілетінен айырылған кезде, зейнеткерлік жасқа жеткен жағдайда
қоғам есебінен асыраудың формалары мен түрлерінің жиынтығы.
Зейнетақымен қамтамасыз етудің экономикалық мағынасында – бұл қоғамның
еңбекке қабілетсіз мүшелерін асырау мақсатында тұтынуға пайдаланылатын
ұлттық табыстың бөлігі.
Зейнетақымен қамтамасыз етудің мәні оның қызметтерінен көрінеді:
1) Әлеуметтік қызметі – адамдардың әл-ауқатын және өмір сүру деңгейін
жоғарылатуға бағытталған;
2) Экономикалық қызметі – халықтың өмір сүру деңгейін жоғарылатуға,
экономиканы тұтастай дамытуға бағытталған;
3) Ақпараттық қызметі – азаматтарға зейнетақы жүйесінің дамуы және жай-
күйі туралы сенімді ақпаратты берумен көрінеді.
Зейнетақы жүйесінің басты мақсаттары:
1) қарттарды кедейліктен қорғау;
2) еңбек ету мерзімі аяқталған кезде кепілдендірілген табыспен
қамтамасыз ету;
3) инфляцияның нәтижесінде нақты өмір сүру деңгейінің төмендеуінен болатын
табысты қорғау.
Зейнетақымен қамтамсыз ету жүйесі әр түрлілігімен ерекшеленеді. Әрине
қағидалары және ұйымдастырушылық негіздері және тағы басқа белгілері
бойынша толығымен сәйкес келетін екі жүйе табылмауы мүмкін. Осыған
байланысты зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесінің келесідей
классификацияларын бөліп көрсетуге болады:
Енді зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесінің классификациясын толығырақ
қарастырсақ:
1) Зейнетақы жарналарын капиталдарға айналдыру және қайта бөлу
принциптерін пайдалануға байланысты.
Кесте 1 - Зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесінің классификациясы
[11.20б]
категория түрлері
Зейнетақы жарналарын капиталға айналдыруЖинақтаушы.
және қайта бөлу принциптерін пайдалануғаАралас.
байланысты Бөлу.
Ұлттық зейнетақы жүйесінің моделіне Беверидж моделі.
байланысты Бисмарк моделі.
Жеке зейнетақы сақтандыру
моделі
Қаржыландыру әдісі бойынша Зейнетақыға төленетін ағымдағы
шығындарды ағымдағы
түсімдермен өтеу.
Болашақтағы және қазіргі
уақыттағы барлық зейнетақы
төлемдерін қамтамасыз ететін
қорлар жасау.
Салық салу әдістеріне байланысты Инвестициялық табысқа салық
салу.
Зейнетақы жарналарына табыс
салығын салу.
Зейнетақы төлемдеріне табыс
салығын салу.
Қатысушылардың ауқымына байланысты Барлық халық үшін.
Халықтың кейбір категориялары
үшін.
Зейнетақы жүйесіне қатысу айырмашылығынаМіндетті.
байланысты Ерікті.
Кәсіби
а) Міндетті зейнетақымен қамтамасыз етудің бөлу жүйесін алғаш рет неміс
канцлері Отто фон Бисмарктың енгізгенін мен жоғарыда атап өттім.
Зейнетақымен қамтамасыз етудің ортақ жүйесі ұрпақтар ынтымақтастығы
қағидасына сүйенеді. Жұмысшылар мен жұмыс берушілер әлеуметтік
бағдарламаларды қаржыландыруға жалақының бір бөлігін төлеген кезде,
үкіметтің зейнеткерлердің табысын қамтамасыз ету үшін жұмысшылардың
зейнеткерлікке шығар кездегі кепілдендірілген табысы туралы уәдесімен
айырбасталады. Жас ұрпақ пен қарт ұрпақ арасындағы трансферттерге
сүйенетіндіктен жүйе ортақ деп аталады. Зейнетақымен қамтамасыз етудің
ортақ жүйесі жұмысшы ұрпақтың ағымдағы жалақысына байланысты либералды
рыноктық реформа идеологияларына жауап бермейді.
Біріншіден, экономикадағы бағалық пропорцияларды бұрмалайтын
табыстардың қайта бөліну масштабының елеулі түрде көбеюі.
Екіншіден, ұрпақтар ынтымақтастығы қағидасы жеке тұлғаның мемлекетке
және өзінің қарттық шағын қамтамасыз етудегі жеке жауапкершілігінің
болмауына байланысты жеке тұлғаның капитал жинақтауға және еңбек етуге
белсенділігін төмендетеді.
Үшіншіден, бөлуші зейнетақы жүйесі сақтандыру аспектісінде әділетсіз,
яғни жұмысшылардың зейнетақы қорларындағы салымдарының төлеуіне кепілдік
бере алмайды, тіпті кейбір жағдайларда зейнеткерлердің өмір сүруінің
қолайлы деңгейін де қамтамасыз ете алмайды.
Зейнетақы жүйесін қаржыландыру әдістері бойынша:
а)Бөлу(қорланбайтын) әдісі. Бұл бойынша зейнетақы шығындарын ағымдағы
түсімдердің есебінен төлейді. Шет елдерде бұл әдіс pay-as- you go system
яғни шамаң барда төле деп аталады.
Зейнетақы жүйесі –бұл еңбекке жарамсыз, жасы келген адамдарды
зейнетақымен қамсыздандырудың жүйесі, ол жүйе мемлекетпен реттеледі және
зейнетақы салымдары мен төлемдерінің эквиваленттілік, яғни сақтандыру
қағидасына негізделеді. Бұл жүйе еңбекке жарамсыз жаста тұтыну үшін
жиналған азаматтардың ақшалай қаражаттарының құрылуы мен жұмсалу механизмін
білдіреді.
Зейнетақы жүйесінің мәні мен оның әлеуметтік қамсыздандыруда алатын
орнын анықтау үшін ең алдымен зейнетақымен қамсыздандырудың негізгі
принциптерін анықтау қажет.
Кеңестік зейнетақымен қамсыздандыруда төмендегі принциптер
көрсетілген:
1) Зейнетақымен қамсыздандырудың жалпыламалығы;
2) Зейнетақымен қамсыздандыру шарттарының біркелкілігі;
3) Зейнетақы мен әлеуметтік көмектің мемлекет есебінен төленуі;
4) Зейнетақымен қамсыздандырудың жоғарғы деңгейлігі және зейнетақы
көлемінің еңбек өтіліне еңбекке жарамсыздық деңгейіне, отбасылық
жағдайына байланысты дифференциялануы.
Жоғарыда аталған зейнетақымен қамсыздандыру қағидалары тек жоспарлы
экономика жағдайында ғана жүзеге аса алады, ал өтпелі экономикадағы
зейнетақы жүйесінде шаруашылықты жүргізудің рыноктық жағдайына сәйкес
принциптер болуы тиіс.
Жалпы алғанда әлеуметтік қызметтерді қаржыландыру көздері бойынша
екі түрлі принципті көрсетуге болады: сақтандыру принципі жіне
қамсыздандыру принципі.
1) Сақтандыру принципі. Бұл принцип бойынша көрсетілген көмекті
қаржыландыру салымдар есебінен жүргізіледі және салымдармен әлеуметтік
қызмет көлемі арасында тығыз байланыс орнатылған. Көмектің көлемі жеке
салымдардың көлеміне байланысты, яғни кепілденушінің алдын –ала жасаған
салымдарына байланысты сақтандыру принципі жеке сақтандыру компанияларында
және әлеуметтік сақтандыру жүйесінде сақтандыру принипі мынадай түрде іске
асады: сақтандырушылар өздерінің жалақысының белгілі бір бөлігін салым
ретінде төлеуі керек және жалақысынан айырылған жағдайда енбекақысының
көлеміне байланысты компенсация алады.
Сақтандыру принципі ең алдымен төлемдер мен салымдардың өзара
байлагысын білдіреді, ал өзін қарттық кезеңінде қамсыздандыру үшін арнайы
қорларға өмір бойы белсенді салымдар төлеген адамдар үшін әділ прнцип болып
табылады.
2) Қамсыздандыру принципі. Бұл принцип бойынша зейнетақымен
қамсыздандыру салықтың есебінен қаржыландырылады. Көмек бұрын төленген
салымдарға байланыссыз көрсетіледі. Мұндай көмек жалақыдан айырылған немесе
жеке отбасылық бюджетке ауырлық түскенде беріледі. Бірақ бұл көмектің
көлемі алдын –ала анықталған, оған көмек алушының табысы мен материалдық
жағдайы еш әсер етпейді. Салықтардың есебінен қаржыландырудың принципіне
сәйкес зейнетақының төленуі бюджеттің жағдайына байланысты. Егер әлеуметтік
көмек жүйесінің айтарлықтай бөлігі қамысздандыру бөлігі бойынша құрылса,
онда ол бюджетке ауырлық тигізуі мүмкін. Бірақ кейбір қатаң шектелмеген
жерлерде әлеуметтік көмектің қамсыздандыру принципін қолдануы қажет болып
табылады. Мысалы, бұл принцип сақтандыру қолдану мүмкін емес жағдайларда
қолданылады. Сенімді және тиімді зейнетақы жүйесі тек аралас
қаржыландырылатын көп укладты моделдің негізінде ғана құрылуы мүмкін. Ол
бөлу (ынтымақ принципіне) жүйесінің элементтері мен жинақтаушы жүйесінің
элементтерінен үйлесіп құрылуы керек.
Рыноктық қатынастардың дамуы жасы келген, еңбекке жарамсыз адамдар үшін
зейнетақымен қамсыздандыруды сақтандыру принципі бойынша ұйымдастыруды
білдіреді. Жасы бойынша еңбекке жарамсыз адамдарды зейнетақымен
қамсыздандыруда өтпелі экономика кезінде сақтандыру принципі бойынша іске
асуы тиіс, оны тиімді жұмыс істейтін жинақтаушы зейнетақы жүйесі қамтамасыз
ете алады.
Зейнетақы басқа әлеуметтік төлемдерден айтарлықтай ерекшеленеді. Мұнда,
халықтың ерекше бір категориясымен байланысамыз, яғни жасы келгенде еңбек
қабілетін жоғалтқан адамдар. Қамсыздандырудың негізі мақсаты қоғамдағы
еңбекке қабілетсіз адамдарды материалдық қолдау болып табылады. Барлық
еңбекке қабілетсіз адамдарды үш топқа бөлуге болады:
1) Жасы бойынша еңбекке жарамсыз адамдар, яғни өмір бойы белсенді жұмыс
істеп зейнет жасына жеткен азаматтар;
2) Уақытша еңбекке жарамсыз адамдар, яғни өзінің еңбекке қабілеттілігін
еңбек және қоғамдық міндеттерді атқару кезінде жоғалтқан азаматтар;
3) Бала кезінен еңбекке қабілетсіздер, яғни бала кезінен мүгедектер
және еңбек жасындағы азаматтар.
Жоғарыда көрсетілген адамдардың еңбекке қабілетсіздік деңгейіне қарай
және оларды қамсыздандыру принциптері бойынша
зейнетақымен
қамсыздандырудың үш негізгі қызметін (мақсаттарын) көрсетуге болады:
1) Жасы бойынша еңбекке жарамсыздар үшін, яғни жасы бойынша
зейнеткерлікке шыққан зейнеткерлер бейімделген өмір сүру деңгейімен
қамтамасыз етілуі керек
2) Еңбекке қабілетсіздер үшін оның себептеріне байланысты өтемақы
төлеу.
3) Бала кезінен мүгедектермен қоғамның жұмыс істемейтін мүшелері үшін
минималды өмір деңгейін қамтамасыз ету.[7,21б]
Жинақтаушы және ұрпақтардың ынтымағы принципіне негізделген
зейнетақымен қамсыздандыру жүйесі арасындағы айырмашылық оларды
қаржыландыру әдістерінде болып отыр. Зейнетақы жүйесін қаржыландырудың екі
тәсілі бар:
1) Бөлу (қорланбайтын) әдісі, ол бойынша зейнетақы шығындары ағымдағы
түсімдердің есебінен өтеледі. Бұл әдіс PAYG (PAY –as –you –go) шамаң
барда төле .
Бөлу жүйесінің төлем қабілеттілігі зейнетақы төлемдерін қажетті көлемде
төлеу үшін қаржыларды жинақтай алу мүмкіндігімен анықталады. Зейнеткерлер
өздерінің зейнетақыларын жұмысшылардың есебінен алады, осылайша төлемдер
мен салымдардың салыстырмалы түрдегі теңдік балансы сақталып отырады.
Баланстың сақталуы зейнетақы жүйесінің негізгі өлшемдерінің
үйлесімділігі есебінен іске асады: зейнеткерлік жас, зейнетақы көлемі,
сақтандыру тарифтері. Олар келесі формулада көрсетілген:
НР жалпы х Е орта ЗС қойылымы = З орта
(1)
Мұнда:
Ж – жалпы жұмысшылардың жалпы саны, адам
Е орта – орташа еңбекақы, теңге
ЗС – зейнетақы салымдарының қойылымы, теңге
З – орташа зейнетақы, теңге.
Бөлу әдісінің ерекшелігі басқарудағы қарапайымдылық болып табылды.
Зейнетақының бөлу жүйесінде ұрпақтардың ынтымағы принципі іске асырылалы,
онда жұмысқа қабілетті жас ұрпақ жұмыс істеуге жарамсыз ересек ұрпақты
қолдау жүгін өз мойындарына алады. Болашақта демографиялық өзгерістерге
сәйкес әрбір зейнеткерге келетін жұмысшылардың саны азая бастайды (тиісінше
зейнетақы салымдарын төлеушілер саны да азаяды). Мемлекеттік зейнетақымен
қамсыздандырудың деңгейі төмендеуі мүмкін.[20,154б]
Орта жалақының төлеміне қатысты зейнетақы көлемінің қысқаруы болжануда.
Зейнеткерлердің әл –ауқатын қалайда баса қолдау үшін мемлекетке еңбекақының
айтарлықтай бөлігін зейнетақы жүйесіне алып тұруға тура келеді. Бұл
көптеген елдердің тәжірибесінде кездескен жағдай. Бай мемлекеттердің өздері
де жұмысшылардың табысының айтарлықтай бөлігін зейнеткерлерге төлей
алмайды.
Зейнетақы жасын көбейтудің теориялық мүмкіндігі де бар, бірақ бұл
жолмен проблема толық шешілмейді. Демек бөлу жүйесі бойынша зейнетақымен
қамсыздандыруға әлемнің барлық мемлекеттері реформа жасайды.
2) Жинақтаушы (қорланатын) әдіс, мұнда қаржылар осы кезде және
болашақта зейнетақы төлемдерін толығымен қамтамасыз ететін арнайы қорлардың
құрылуына жіберіледі.
Жинақтаушы зейнетақымен қамысздандырудың қызмет етуі ұзақ мерзімді
инвестициялық процесс болып табылады. Ол үш кезеңнен тұрады:
- Бірінші кезеңде жинақтаушы зейнетақы қорына құйылатын салымдар
түрінде болады.
- Екінші кезеңде жинақтаушы зейнетақы қаражаттары инвестицияланады. Бұл
инвестициялау процесі салымдар мен зейнетақылардың көлемін білдіретін
ережелерімен анықталады.
- Үшінші кезеңде зейнетақыны мерзімді төлеу іске асырылады.

АҚШ-тың зейнетақы жүйесі азаматтарды әлеуметтік қамтамасыз етудің
әлемдік инститтуттарының ішінде жетекші орын алады. Бұл елдегі зейнетақымен
қамтамасыз ету жүйесі 3 деңгейден тұрады:
1) Бөлуші және жинақтаушы схема бойынша мемлекеттік сақтандыру;
2) Түрлі зейнетақы жоспарларының шеңберінде жеке ұжымдық сақтандыру;
3) Жеке жинақтаушы есебінен ерікті аударымдар негізінде өзін-өзі
сақтандыру. Бір айта кететін нәрсе жеке ерікті сақтандырулардың барлығы да
жинақтаушы принципімен құрылған. АҚШ-тың мемлекеттік зейнетақы жүйесі
бірнеше зейнетақы бағдарламаларын жүзеге асырады, соның ішінде әлеуметтік
сақтандырудың жалпы федералды бағдарламасы ғана бөлу принципімен құрылған.
Оның негізгі мақсаты қарттарға, кедейлерге, жұмысқа қабілетсіз адамдарға,
асыраушысынан айырылғандарға және сонымен қатар жетім-жесірлерге жәрдемақы
төлеу болып табылады. Сонымен бірге міндетті медициналық сақтандыру
бағдарламасы негізінде Medicare жобасы қарттардың медициналық шығындарын
жабуын қамтамасыз етеді. Бағдарлама келесі негізде жұмыс жасайды: жылдық
табысы 65000 доллардан аспайтын әрбір жұмысшы жалақысынан 7,65% мөлшерінде
әлеуметтік салық түрінде аударады. Оның 6,2% әлеуметтік сақтандыру қорына
түссе, 1,45% қарттарды медициналық сақтандыруға кетеді. АҚШ-та әлеуметтік
салықтардың жалпы көлемі 15,3%-ды құрайды. Қалған 7,65%-ын жұмыс беруші
төлейді. Жылдық табысы 65000 доллардан асатын жұмысшылар әлеуметтік
қамтамасыз етуге жарналар төлеуден босатылған. Халықтың бұл категориясы тек
қарттарды медициналық сақтандыруға ғана төлем жасайды. Бұл категориядағы
жұмысшылардың табысының жоғары болуынан, олардың жарналық аударымдары кей
кезде өте үлкен мөлшерде болады. Америкалық жұмысшылардың тағы бір бөлігі
жеке кәсіпкерлер өздерінің табыстарынан 15,3% көлемінде салық төлеуге
міндетті.
АҚШ-та жұмысшылардың зейнетақысы оның еңбек еткен жылдарындағы алған
жалақысының ең жоғарғы мөлшерімен есептеледі. Бірақ мемлекеттік зейнетақыны
толық көлемде алу үшін елдегі зейнеткерлік жас 65-ке толуы қажет ( ерлер
де, әйелдер де ) және сонымен бірге 26 жыл еңбек өтілі болуы талап етіледі.
Рас, америкалықтарға заң шеңберінде зейнеткерлікке сәл ертерек 62 жастан
бастап шығуына болады. Бірақ бұл жағдайда зейнеткерлікке ерте шыққан тұлға
қалған 3 жыл көлемінде толық мемлекеттік зейнетақы көлемінен 20% мөлшерінде
аз зейнетақы алады. Алайда, АҚШ-та өзінің заңды зейнетақысын алумен бірге
қызметтік карьерасын жалғастыра беруге тиым салынбайды. Мемлекет ресми
зейнеткерлік жасқажетуге дейінгі уақытта ( 62- 65 жас аралығы ) зейнетақы
алушы тұлғадан оның зейнетақысын белгілі бір пайыз мөлшерінде ( заңмен
белгіленген ) шегерім жасайды. Зейнеткерлік жасқа жеткеннен кейін мұндай
шегерімдер алынып тасталады.Әлеуметтік қамтамасыз етудің мемлекеттік
бағдарламасы негізінде әлеуметтік салық төлеуші жұмысшының өзінен басқа
оның зейнетақысына қосымша 50%-ы оның асырауындағы кәмелеттік жасқа
толмаған балалары және зайыбына есептеледі. Егерде жұбайлардың екеуі де
әлеуметтік сақтандыру бағдарламасы негізінде зейнетақы алатын болса, онда
әйелге өзінің меншікті зейнетақысы мен күйеуінің қосымша 50% зейнетақасының
біреуін таңдауға тура келеді. Бір айта кететін жайт әлеуметтік
сақтандырудың жалпы федералдық бағдарламасы америкалықтарды түгелдей
қамтымаған. Бұл экономиканың жеке секторындағы жұмысшыларға қатысты.
АҚШ-та жеке зейнетақымен сақтандырудың барлығы жинақтаушы болып
табылады. Дегенмен де жеке зейнетақымен сақтандыру схемасы әрбір 3-ші
жұмысшыны ғана қамтиды. Мемлекттік емес сақтандыру ерікті түрде жүзеге
асырылады, сондықтан да жеке сектордың көптеген жұмысшылары Жалпы федералды
бағдарламадан басқа бір немесе бірнеше жеке схемаларға қатысады.
Мемлекеттік емес зейнетақымен сақтандыру ұжымдық негізде құрылады, яғни кез
келген кәсіпорын өзінің қызметкерлеріне бір немесе бірден бірнеше зейнетақы
бағдарламаларын ұсына алады. Әдетте зейнетақы бағдарламаларын іріктеу және
потенциалды инвесторларды іздеумен арнайы менеджерлер айналысады.
АҚШ-та зейнетақы жүйесіне белсенді қатысушылардың бірі – ол сақтандыру
компаниялары. Олар 401(к) және 403(в) бағдарламасы шеңберінде бірнеше
қызметтер ұсынады. Солардың ішінде кең таралғаны сақтанушының зейнеткерлік
жасынан өмірінің ақырына дейінгі аннуитет төлемдері. Сақтандыру
компанияларының негізгі инвестициялық көзі – акциялар мен облигациялар.
2000ж аяғында сақтандыру компаниялары 70 млн. астам америкалықтарға қызмет
көрсеткен.[30]
Қазіргі уақытта Голландияда да 3 деңгейлі зейнетақа жүйесі қалыптасқан,
және ол тиімді жұмыс істеуімен ерекшеленеді. Елдегі зейнетақы жүйесінің 1-
ші деңгейі базалық болып табылатын мемлекеттік зейнетақымен қамтамасыз ету.
2-ші деңгей мемлекеттік зейнетақымен қамтамасыз етуге қосымша кәсіби
зейнетақымен қамтамасыз ету. Ал соңғы 3-ші деңгейі дербес зейнетақымен
қамтамасыз ету. Голландиялық зейнеткерлердің табысының негізгі көзін
мемлекеттік зейнетақы құрайды. Оның зейнетақыдағы үлесі 50%-дан астам.
Кәсіби зейнетақының көлемі 30%. Қалған 10%-ы дербес зейнетақымен қамтамасыз
етудің үлесіне келеді. Нидерландыдағы зейнеткерлік жас ерлерге де әелдерге
де 65 жас. Осы жасқа келген кезде кез келген азамат базалық мемлекеттік
зейнетақыны алуға құқығы бар. Мемлекеттік зейнетақының мөлшері еңбек
өтіліне де, мемлекеттік зейнетақы қорларына аударған жарналарының көлеміне
де байланысты емес. Нәтижесінде мемлекеттік зейнетақыны осы елдің кез
келген азаматы ала алады. Мемлекттік зейнетақының көлемі бір қағида бойынша
ғана тағайындалады. Жалғызбасты зейнеткерлер ерлі-зайыптылармен
салыстырғанда зейнетақыны елеулі мөлшерде көп алады. Егер жалғызбасты
зейнеткерге оның еңбек еткен жылдарында алған жалақысының 70% көлемінде
зейнетақы белгіленсе, ал ерлі-зайыптылардың әрқайсысы жалақысының 50%
көлемінде ғана ала алады.
Голландияда қосымша зейнетақы жинақтарын шоғырландыру үшін арнайы
мақсатты қор құрылған. Бұл қорда жинақталған қаржы зейнеткерлердің саны
күрт өсіп кетуімен байланысты зейнетақы шығындарын жабуға пайдаланылады.
Бұл қордың құрылуы зейнетақымен қамтамасыз етуге жұмсалатын мемлекеттік
шығындарды қысқартуға мүмкіндік береді. Мақсатты қордың капиталы мемлекттік
бағалы қағаздарға инвестицияланады, соның нәтижесінде қордың активтері
біршама жоғарылады.
Голландияда кәсіби зейнетақы жүйесі кең тараған. 2001 ж мәлімет бойынша
кәсіби зейнетақы схемасына голландиялық жұмысшылардың 91% қатысқан. Әдетте
кәсіби зейнетақы жүйесі жұмыс берушілердің ықылас білдіруімен салалық
деңгейде және түрлі компаниялардың ұжымдық келісімі негізінде құрылады.
Мемлекет кәсіби зейнетақы жүйесінің дамуына өте-мөте ынталы, сондықтан
жұмыс берушілерге барлық жағынан қолдау көрсетеді. Мұндай қолдауға салықтық
жеңілдіктер жатады. Кәсіби зейнетақы жүйесінің негізі –салалық зейнетақы
қорлары. Мұндай қорлар Нидерландыда көптеп саналады. Зейнетақы жүйесіндегі
Германия моделі. Бұл модел Алманиямен қатар бірнеше батыс Еуропа
мемлекеттерінде жұмыс істейді. Бұл мемлекеттің де зейнетақы жүйесі 3
деңгейден тұрады. (Өздеріңіз көріп отырғандарыңыздай дамыған мемлекеттердің
барлығында зейнетақы жүйесі 3 деңгейлі болып табылады.
1) Зейнетақымен қамтамасыз етудің міндетті жүйесі;
2) Кәсіпорындардан берілетін зейнетақы;
3) Ерікті жеке зейнетақымен қамтамасыз ету;
Германияда мына типтегі 4 міндетті жүйелер жұмыс істейді.
1)Заңмен белгіленген зейнетақымен сақтандыру, жұмысшылар мен қызметкерлер
үшін, сонымен қатар жұмыспен қамтыған халықтың кейбір категориядары
үшін(өнер адамдары, жазушылар, үй шаруашылығында жүрген адамдар) міндетті
болып табылады.

ЖЕТІЛДІРУ ШАРАЛАРЫ

Қазақстанда жаңа экономикалық қатынастардың қалыптасуы әлеуметтік
қамсыздандырудың мемлекеттік жүйесінен халықты әлеуметтік қорғаудың
рыноктық жүйесіне өтуіне алып келді. Зейнетақы реформасын жүргізуге түрлі
себептер болды. Бұл реформаның жүргізілуіне ынтымақтастық зейнетақы
жүйесінің қаржымен қамтамасыз етілмеуі, салық төлеушілердің азаюы, түскен
салықтардың ағымдағы жылдағы зейнетақы мен жәрдемақыларды төлеуге жіберілуі
және басқа жағынан зейнетақы мен жәрдемақыларды алушылардың санының өсуі
себеп болды.
Бұл процесс 1991 - 1997 жылдардағы өндірістің құлдырауынан, жұмыспен
қамтылған халықтың азаюынан, жұмыссыздықтың өсуінен, гиперинфляция
жағдайында, экономикалық дағдарыс кезінде жүргізілді. Жинақтаушы зейнетақы
жүйесі кезінде әркім өз табысынан міндетті зейнетақы жарнасын аударады.
Реформаның негізгі мақсаты – мемлекеттің зейнетақы берудегі, -мемлекеттік
бюджетке түскен ауыртпалығын төмендетуге, демографиялық үрдістердің, соның
ішінде халықтың қартаюы, бала туу көрсеткішінің төмендеуі, зейнетке шыққан
соң өмірдің ұзақтылығына байланысты шығындарды қаржыландыруға арналған
қаржы міндеттемелерін қысқарту болып табылады. Одан басқа жинақтаушы жүйе
әр қатысушының салымдары мен төленетін жәрдемақылардың арасындағы
қатынасты, капитал нарығын дамытуға, салымдарды, экономикаға берілетін
инвестицияларды көбейтуге жағдай жасайды. Сондықтан Қазақстанда қазіргі
жағдайда екі жүйенің симбиозы –қосындысы жұмыс істейді, ынтымақтастық
зейнетақы жүйесі және жинақтаушы зейнетақы жүйесі, кейін біріншісі
мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандырудың басқа нысандарының компоненті болып
қала береді, ал жинақтаушы зейнетақы жүйесі мемлекеттің саясатын іске
асырудың негізгі табыс көзі болады. [17,17-22б]
Ынтымақтастық зейнетақы жүйесі 1,5 миллион азаматтарды зейнетақымен
қамсыздандырудың негізгі тұтқасы болып табылады және сөзсіз әлі 20 -30
жылдар ішінде өте маңызды рөл атқарады. Келешекте бұл төлемдердің
зейнетақымен қамтамасыз етудегі үлес салмағы жинақтаушы зейнетақы жүйесінің
дамуына байланысты төмендей бастайды. Қазіргі жағдайда ынтымақтастық
зейнетақы жүйесі әлеуметтік салық және басқа да төлемдер арқылы
қаржыландырылады Зейнетақымен қамсыздандырудың ұрпақтардың ынтымағы
принципіне негізделген жүйесі есепте тұрған зейнеткерлерге зейнетақыны
жұмыс істеушілердің міндетті зейнетақы жарналары есебінен төлеуге
негізделген. Бұрынғы зейнетақы жүйесінің сипаттамалары мыналар болып
табылады:
1) зейнетақымен қамсыздандыруға мемлекеттік монополия;
2) қартайғанда өзін-өзі материалдық қамсыздандыру үшін азаматтардың жеке
жауапкершілігінің болмауынан міндетті зейнетақы жарияларының
иесіздігі.
Мұндай жүйе жоспарлы директивалық экономика, еңбекке қабілетті халықтың
іш жүзінде жұмыспен толық қамтылуы, мемлекеттің аппараттың мүлтіксіз
бақылауы және зейнеткерлермен жұмыс беруші азаматтардың қалыптасқан ара
салмағы жағдайында ғана тиімді болды. Сондықтан зейнетақы жүйесі
зейнетақының біршама жоғарғы деңгейін қамтамасыз етті - оның мөлшері жұмыс
істеген соңғы жылдары алынған жалақыға еңбек стажы мен жасына байланысты
болды, ал жеңілдіктердің көпшілігі зейнеткерлікке шығуға қызықтырды.
Экономикалық жағдайдың өзгеруі қалыптасқан зейнетақы жүйесінің жұмыс
істеуін бұзды. Зейнетақы жүйесі, бір жағынан көптеген зейнеткерлердің ең
төмен деңгейдегі қажеттерін қамтамасыз ете алмайтын болды. Екінші жағынан
экономикалық ауыртпалық заңды зейнетақымен қамсыздандыру қолданылып жүрген
жүйесінің түбірлі кемшіліктері айқын анықталды.
1)Жарналардың мөлшерімен зейнетақы төлемдері мөлшері арасындағы тікелей
байланыстың жоқтығы байқалады. Зейнетақы қорларына жарналар негіздікпен
төленеді, бірақ жұмыс берушісінің зейнетақы қорына жарналарды тұрақты және
толық аударған -аудармағанына қарамастан әрбір қызметкердің зейнетақы алуға
құқығы бар. Мемлекет өз тарапынан жұмыс беруші мемлекеттік зейнетақы қорына
міндетті жарналарын аударуда жалтаратын азаматтың алдыңғы зейнетақы
тағайындау міндеттемесін орындауға тиіс.
2) Зейнетақы жарналарының жиналу деңгейінің төмендеуі жалпы
экономикалық себептерге де, сондай-ақ сақтық жарналарының
түсуін бақылаудың тиісті тетігінің жоқтығына және қызметкерлердің
мемлекеттік зейнетақымен қамсыздандыруды қолдауға мүдделі еместігіне де
байланысты болып отыр.
3) Зейнетақы жарналарының жоғарғы ставкасы өндіріс шығынын
көбейтеді.
4) Зейнетақы тағайындау кезеңіндегі жеңілдіктер санының көптігі
мемлекеттік зейнетақы қорына айтарлықтай салмақ түсіреді.
5) Қызметкерлердің зейнетақы жарналарының дербес есебінің
жоқтығы аударымды көбейтуге және азаматтардың жеке шоттарында
қаражаттарды шоғырландыруға, жұмыс берушілердің жарналарын бақылауға
ынталандырмайды.
6) Зейнетақымен қамсыздандыруды басқарудың тиімсіз жүйесі түрлі ұйымдық
құрылымдар бойынша зейнетақы қаражатын жинау мен жұмсау функцияларының
шашыраңқылығы олардың мақсатқа сай жұмсалмауына жол ашық елеулі қаржы
ысырабына әкеліп соғады 14.
Ұрпақтардың ынтымағы принциптерінен дербес зейнетақы жинақтары
принциптеріне кешу реформаны жүргізудің негізгі принципі болуы тиіс. Басқа
принциптер мыналар болып табылады:
1) зейнетақы жүйесін мемлекеттік реттеу;
2) азаматтардың зейнетақы жинауды мемлекеттік жинақтау немесе мемлекеттік
емес зейнетақы қорларында жүзеге асыруды таңдап алу құқығын қамтамасыз ету.
Зейнетақы қорларын қалыптастыруға жасына қарай зейнеткерлікке шығуға
құқық беретін еңбек стажынан кем болмайтын уақыт қатысқан азаматтар үшін
белгіленген ең төмен зейнетақы күнкөрісін минимум қамтамасыз ету жөніндегі
тікелей мемлекеттік кепілдіктер:
1) еңбекке қабілетті азаматтардың қартайғанда өзінің зейнетақымен
қамсыздандыруы үшін жеке жауыпкершілігі;
2) зейнетақы салымының қауіпсіздігімен ұштастыра отырып инвестициялауды
тиімді ету;
3) азаматтардың мемлекеттік және мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы
қорларындағы жинауды мұраға алу құқығын қамтамасыз ету;
4) әрбір азаматтың қосымша ерікті зейнетақымен
қамсыздандырылуға құқығы;
5) азаматтардың зейнетақы салымын инвестициялау арқылы экономикаға үлес
қосу;
ҚР-да зейнетақы тағайындаудың келесідей жағдайлары анықталған:
зейнеткерлік жасы (6358), жеңілдік алғандарды қоспағанда:
1) жұмыс істегендегі өтілі 2025 жыл;
2) зейнетақыға тағайындау үшін табыс көлемі, кез келген 3 жыл қатарынан
жұмысшы үшін алынған орта айлық табысы (15 айлық көрсеткіштен аспауы тиіс);
3) орта айлық табысының 60% есептеп алғанда зейнетақы көлемі зейнетақы
төлеу үшін есептелінеді. Жыл сайын зейнетақының минималды көлемі заңмен
бекітіліп отырады.
ҚР-сының заңына сәйкес міндетті зейнетақы салымдарын төлейтін агент –ҚР-
да тұрғылықты ұйым арқылы қызмет атқаратын шет елдік заңды тұлғалардың
бөлімшелерін қосқанда заңды тұлға немесе жеке тұлға жатады, олар ҚР-сының
заңнамасымен анықталған міндетті зейнетақы салымдарын төлейді. [1]
Реформалау басталғаннан бері оның нәтижелері мен жинақталған тәжірибені
қортындылау үшін жеткілікті уақыт өтті, оның үстіне ТМД мемлекеттерінің
ішінде ЖЗЖ-сі Қазақстанда 1-ші болып енгізілді.
Жинақтаушы зейнетақы қорлары үшін әсіресе қызмет етудің алғашқы
кезеңдерінде, яғни рынокты бөлу жаңадан болып жатқанда ірі кәсіпорындармен
шарт жасасу маңызды орын алды. Өйткені ол қызмет масштабын кеңейтуге
мүмкіндік береді. Зейнетақы қорларында жұмысшылар мен қатысушылардың
салымдарының ара қатынасы әр түрлі болып келеді. Кәсіпорындар өз салымдарын
жабық типтегі қорларға салады, ал ашық типтегі қорларда олардың көлемі аз
болып келеді.
Зейнетақы жүйесін реформалаудың бастапқы кезеңінде қажетті нормативтік-
құқықтық база құрылды және мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры қызметін
бастады. Ұлттық зейнетақы агенттігі бес мемлекеттік емес жинақтаушы
зейнетақы қорларына лицензия берді: ЖАҚ "Қазақтелеком", "Үміт" корпоративті
жинақтаушы зейнетақы қоры, ЖАҚ "Мемлекеттік емес ашық зейнетақы қоры",
"Валют-Транзит қоры", ЖАҚ "Мемлекеттік емес Д. Қонаев атындағы ашық
зейнетақы қоры", ЖТАҚ "Ұлттық зейнетақы қоры ашық жинақтаушы зейнетақы
қоры", ЖТАҚ "Ашық жинақтаушы зейнетақы қоры Жәрдем
Зейнетақы реформасының негізгі үш бөлімі бар: зейнетақы қоры-
банк-кастодиан зейнетақы активтерін басқару бойынша кампаниялар. Бұл үшеуі
реформаның бас кезінде бірден үш жақты келісім шартқа отырып үлгермеді.
Сондықтан барлық зейнетақы қорлары ең алғашқы айдағы салымдарын жоғалтып,
яғни алғашқы шығындарға кездесті. Сонымен қатар индивидуалды әлеуметтік
кодты беру жұмысы да баяу, әрі ауыр жүрді. Бастапқы кезеңнің қиындықтарына
мыналарды жатқызуға болады:
1) жұмыстың басталуына кеткен минималданған теңгемен есептелетін
шығындарының болуы;
2) қорларды қамтамасыз ететін біркелкі және унифицирленген бағдарламаның
болуы;
3) комиссиондық өте аз болу;
4) тәжірибенің жоқтығы, кадрлардың жетіспеушілігі;
5) зейнетақы реформасына қатысушыларының өзара байланысындағы
келіспеушілік пен түсініспеушіліктің болуы. [15.21б]
Бұл мәселелер мен қиыншылықтарды біздің ойымызша екіге бөлуге болар
еді. Біріншісіне зейнетақы реформасының кәсіби қатысушысының ішкі жұмысына
байланысты сұрақтар: жұмысты жүргізу, салымдар мен зейнетақы активтерін
өңдеу, бағдарламамен қамтамасыз ету, инвестициялық саясат, табыстарды
аудару, ақпаратты сақтау мен есепке алу, филиалдар мен агенттік жүйесімен
жұмыс істеу және тағы басқа байланысты қорларымен басқару бойынша
кампаниялардың өздері жасаған "ноу-хау"-ды қолдана алатын барлық жұмыстар
кірді, нәтижесінде дұрыс мақсаттағы бәсекелестікке қолданулары керек.
Екінші бөлігіне барлығы үшін жалпы сұрақтардың барлығы кіреді, яғни:
мемлекеттік органдар мен жұмыс жарнамалық саясат пен халықты
ақпараттандырумен байланысты жұмыстар, тәжрибе мен алмасу, мамандандыруды
жоғарылатуға арналған семинарлар мен курстарды ұйымдастыру, біркелкі
ақпарат кеңістігін құру және зейнетақы реформасына қатысуларының мәліметтер
банкін жасау, зейнетақы қызметінің рыногында кәсіби және этикалық
нормалардың сақталуы жақын және шетелдегі осыған ұқсас ұйымдармен байланыс
жасау және тағы басқа көптеген сұрақтар. Олай болса жинақтаушы зейнетақы
қорларының реформалануы мәселесін қарастырып, оған баға беру керектігін
естен шығармауымыз қажет.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің (Бұдан кейін ЖЗЖ) біздің мемлекетте
қызмет істей бастағанына тоғыз жыл толып отыр. Осы аталынып отырған қысқа
мерзім аралығында ЖЗЖ айтарлықтай салымдық және сапалық жағынан дамып отыр.
9 жылдың ішінде зейнетақы активтері ішкі ұзақ мерзімді инвестициялық
кездердің ең негізгілерінің бірі болды, яғни басқа институционалды
инвестицияларға қарағанда ЖЗҚ ең көп инвестициялық ресурстармен және ең
мықты инвестициялық потенцияларды иемденгендігін байқатып отыр.
Алғашқы бес жылдықта (1998-2002жж.) ЖЗЖ-ның құрылымы қалыптасты, бұл
кезде отандық ірі қаржы және өнеркәсіп топтары зейнетақы қорларының негізгі
қатысушылары болып анықталды, ЖЗҚ-ның бүкіл техникалық инфрақұрылымы,
мемлекеттік бақылау мен қадағалау құрылымы, нормативтік-құқықтық базасы
толығымен қалыптасты. Жалпы қаржы рыногының және зейнетақы рыногының жеке
экстенцивті өсуі және басқа да факторлардың есебінен алғашқы жылдары ЖЗЖ
үшін ең табысты және рентабельді кезең болып табылды.
Бірақ 2003 жылдың басында ЖЗЖ-де тоқырау кезеңін басынан өткерді және
бұл процесс қазіргі күнге дейін жалғасын тауып отыр. Ал ЖЗЖ- нің жиналған
зейнетақы салымдарының сомасы сияқты қарқынмен өсуде. ЖЗЖ-нің сапалық жағы
қатты төмендеген. Қаржы рыногындағы табыстарының төмендеуіне және 3 жыл
қатарынан жалғасын тапқан тенгенің долларға қатынасының бекітілуіне
байланысты зейнетақы активтерінің нақты табыстылығы теріс болып отыр. (яғни
ол өсумен көбейту туралы айтпағанда инфиляция деңгейінің өзін таба алмай
отыр). ЖЗЖ-нің инвестициялық портфельдері үлкен тоқырауға ұшырап, мұнда
теңгелік инструменттер мен мемлекеттік бағалы қағаздар алға шықты.
(портфельдердің валюталық және инструменталдық диверцификациясы төмендеді
және тәуекелділік жоғарылады)[8,99б]
Үкіметтің МЖЗ қорын жекешелендіру туралы уәдесі ұзаққа созылып, ал
уәкілетті органдар ЖЗҚ-ның инвестициялық проблемаларын көре тұра
инвестициялық ұсыныстарды іздеу немесе жасап шығару бойынша
инвестиционалдық және пруденциялдық нормативтерді либерализациялау бойынша
ешқандай шара қолданбады. ЖЗЖ-нің және зейнетақы рыногының жеке кәсіби
қатысушылары көмектер сұрай бастады. Олар жинақтаушы зейнетақы жүйесінің
өмір сүруіне мемлекет араласпаса бірнеше ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz