Бағалы қағаз түрлері мен жіктелуі жайлы



КІРІСПЕ 3
1 БӨЛІМ. НЕСИЕЛІК РЕСУРСТАР. ОЛАРДЫҢ ЖИНАҚТАУ КӨЗДЕРІ 5
1.1. Несиелік ресурстардың түсінігі 5
1.2. Несиелік ресурстардың қалыптастыру көздері 7
2 БӨЛІМ. НЕСИЕЛІК РЕСУРСТАРДЫ ТАРАТУ ТӘРТІБІ 15
2.1. Несиелік ресурстардың таралуы 15
2.2. Несиенің формалары және олардың жіктелуі 18
3. ШЕТ ЕЛДЕРДЕГІ НЕСИЕ РЕСУРСТАРЫ 25
3.1. Халықаралық несие ресурстары және олардың түрлері. 25
3.2. Шет елдердегі несиелендіру тәртібі 28
ҚОРЫТЫНДЫ 35
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 36
Несие – нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді. Оны барлық шаруашылық субъектілерімен қатар, мемлекет те, үкімет те сондай-ақ жеке азаматтар да пайдаланады.
Несиенің пайда болуын өнімдерді өндіру сферасынан емес, олардың айырбас сферасынан іздеу қажет.
Тауар айырбастау - бұл тауардың бір қолдан екінші қолға өтуін білдіреді десе, шынымен де осындай айырбас кезінде несиеге байланысты қатынас туындайды.
Қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайда несие жүйесі өзекті проблемалардың бірі болып отыр.
Тарихтың қай кезеңінде болса да, несие алуан түрлі экономикалық және қоғамдық ойшылардың назарын аударатын. Экономика ғылымы, өзінің пайда болған күнінен бастап несиенің проблемасымен шұғылданып келеді. Ал, қазіргі нарық кезеңінде несиеге, экономикалық санат ретінде, аса көп көңіл бөлініп отыр. Өйткені, нарық кезінде несиелік қарым-қатынас ең жоғарғы ресімделуіне жетеді, сөйтіп несие, төңірегіндегі алуан-түрлі практикалық және теориялық сауалдардың шиеленіскен түйініне айналады.
Несиенің түпкі тамыры тауарлық өндірістің пайда болған кезінде жатыр. Содан кейінгі экономикалық даму сатыларының әрқайсысында да несиенің маңызы зор болды. Тарихтың өткен дәуірлерінің бәрінде де дамытпалы несие, барлық қоғамдық қарым-қатынасты жаңартудың және түрлендірудің революциялық қозғаушы күші болды. Ол жеке тауар өндірушілердің арасында мүлде ақиқат байланыс орнатты, олардың мүдделерін қосып бекітті және қоғамдық өндіргіш күштерін қайта бөлудің ұтымды әдісі болды.
Осыған байланысты болашақ банк қызметкерлеріне несие ресурстарының арғы негізін, қазіргі жағдайда оны пайдаланудың керегі неде екенін түсіну керек. Сондықтан біз бұл жұмыстың тақырыбын: „Несиелік ресурстар және оларды қалыптастыру көздері” деп алдық.
1. Байсейітов Б., Бәйішев б. Қаржыңды жина. Көш нарыққа //Финансы Казахстана. 1998. л 8. С. 25-29.
2. Банки Казахстана. Справочно – аналитическое издание. Алматы, 1999.
3. Мәжитов Д Банк жүйесіне тірек керек // Финансы Казахстана 1997. л 12. С. 29-32.
4. Расулов Н. Банк жүйесінің даму қарқыны // Финансы Казахстана 1999. л 6. С. 24-27.
5. Мақыш С.Б. Ақша айналысы және несие, Алматы, 2004.
6. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары, Алматы, 2004.
7. Ақша, несие, банктер. Ғ.С. Сейітқасымовтың редакциялығымен. — Алматы: Экономика, 2001.
8. Көшенова Б. Ақша, несие, банктер. Валюта қатынастары. Алматы, 2000.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Банк Ісі Академиясы
Банк ісі кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Бағалы қағаз түрлері мен жіктелуі.

Ақша, несие, банктер пәнінен

Алматы 200 жыл.

ЖОСПАР
Кіріспе 3
1 Бөлім. Несиелік ресурстар. Олардың жинақтау көздері 5
1.1. Несиелік ресурстардың түсінігі 5
1.2. Несиелік ресурстардың қалыптастыру көздері 7
2 Бөлім. Несиелік ресурстарды тарату тәртібі 15
2.1. Несиелік ресурстардың таралуы 15
2.2. Несиенің формалары және олардың жіктелуі 18
3. Шет елдердегі несие РЕСУРСТАРЫ 25
3.1. Халықаралық несие ресурстары және олардың түрлері. 25
3.2. Шет елдердегі несиелендіру тәртібі 28
Қорытынды 35
Пайдаланылған әдебиеттер 36

Кіріспе

Несие – нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың
ажырамас элементін білдіреді. Оны барлық шаруашылық субъектілерімен қатар,
мемлекет те, үкімет те сондай-ақ жеке азаматтар да пайдаланады.
Несиенің пайда болуын өнімдерді өндіру сферасынан емес, олардың
айырбас сферасынан іздеу қажет.
Тауар айырбастау - бұл тауардың бір қолдан екінші қолға өтуін
білдіреді десе, шынымен де осындай айырбас кезінде несиеге байланысты
қатынас туындайды.
Қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайда несие жүйесі өзекті
проблемалардың бірі болып отыр.
Тарихтың қай кезеңінде болса да, несие алуан түрлі экономикалық және
қоғамдық ойшылардың назарын аударатын. Экономика ғылымы, өзінің пайда
болған күнінен бастап несиенің проблемасымен шұғылданып келеді. Ал, қазіргі
нарық кезеңінде несиеге, экономикалық санат ретінде, аса көп көңіл бөлініп
отыр. Өйткені, нарық кезінде несиелік қарым-қатынас ең жоғарғы ресімделуіне
жетеді, сөйтіп несие, төңірегіндегі алуан-түрлі практикалық және теориялық
сауалдардың шиеленіскен түйініне айналады.
Несиенің түпкі тамыры тауарлық өндірістің пайда болған кезінде жатыр.
Содан кейінгі экономикалық даму сатыларының әрқайсысында да несиенің маңызы
зор болды. Тарихтың өткен дәуірлерінің бәрінде де дамытпалы несие, барлық
қоғамдық қарым-қатынасты жаңартудың және түрлендірудің революциялық
қозғаушы күші болды. Ол жеке тауар өндірушілердің арасында мүлде ақиқат
байланыс орнатты, олардың мүдделерін қосып бекітті және қоғамдық өндіргіш
күштерін қайта бөлудің ұтымды әдісі болды.
Осыған байланысты болашақ банк қызметкерлеріне несие ресурстарының
арғы негізін, қазіргі жағдайда оны пайдаланудың керегі неде екенін түсіну
керек. Сондықтан біз бұл жұмыстың тақырыбын: „Несиелік ресурстар және
оларды қалыптастыру көздері” деп алдық.
Екінші бөлімге келетін болсақ , мұнда несиенің экономикадағы мәні
және атқаратын қызметтері ғана қамтылып қоймай, сонымен қатар несие
берушілер мен қарыз алушыардың өзара қатынасында пайдаланылатын, он
формалары мен түрлері нақты отандық банк тер тәжірибесінде толық қамтылады.

1 Бөлім. Несиелік ресурстар. Олардың жинақтау көздері

1.1. Несиелік ресурстардың түсінігі

Қаржы-несие институттарының, банктердің, бір қалыпты өмір сүруін және
қызметін дамытып өсіру үшін жақсы жинақталған қаржы-несие, ақша көздері
қажет. Банк мекемелерінде ақша құралдарының жиынтығын бірнеше ретпен
бөлуге, операция түрлеріне жинақтауға болады. Осындай жинақталған
қаржылардың бірі несиелік ресурстар.
Несиелік ресурстар деп – банк мекемесінде клиенттерге қарыз, несие
ұсыну мақсатында жинақталған ақша құралдарының жиынтығын айтамыз.

Банк несиелік ресурстары банктің меншікті қаржылары мен өз кезегінде
банктің жинап алған құралдарына және банктің тарту құралдарына бөлінетін
банк міндеттемелерінен құралады. Аталған қаржылардың бәрі де бір ғана несие
үшін қызмет етпейді, толық өзіндік жеке қызметтері бар. Несиелік
ресуртсардың құрамына енетін қаржыларға төмендегі ретпен анықтама беруге
болады.
1.Банктің меншікті қаржылары.
2. Банктің қорлары (жарғылық, резерв, арнайы бағыттағы қорлар).
3. Таза кіріс.
4. Негізгі құралдар.
5. Банктің жинап алған қаржылары.
6. Банктің аманатшылар алдындағы міндеттемесін қамтамасыз етеді.
Банкке тартылған қаржылар құрамына орталық банктен, қаржы-несие
мекемелерінен алынған несиелер, банк аралық несиелер жатады. Банктік
тәжірибеде меншікті қаржылар төлемсіздік қаупін жабу көзі резерв ретінде
қарастырылады.
Банктің меншіктің қаржыларының көлемінің ұлғаюлары банктің қызмет
аясын кеңейтуге мүмкіндік жасайды. Осы қаржылар есебінен банк материалдық
жағдайын дамытып ғимарат, құрал-жабдық т.с.с. ала алады.
Нарық жағдайында банктердің ресурстық потенциалын өсіру мәселелері
және оның тұрақтылығын қамтамасыз ету бірінші дәрежелі маңызға ие. Несиелік
ресурстар халық шаруашылығының уақытша бос ресурстары мен жинақтары
(ақшалай және тауарлай формада) және банктік жүйенің арнайы несиелеу үшін
арналған қаражаттарының жиынтығы.
Несиелік ресурстар ақшалай ресурстардың бір формасы. Демек, біздің
көзқарасымыз бойынша, экономикалық белгісі бойынша анағұрлым дұрысы,
несиелік ресурстардың қайтарымдылық негізде уақытша пайдаланылатын ақшалай
қаражаттардың бөліктері ретінде айқындалуы болып табылады.

1.2. Несиелік ресурстардың қалыптастыру көздері

Коммерциялық банктер қарыз беру процесінде пайдалану үшін жинақтайтын
несиелік ресурстар келесі көздер есебінен құралады:
• депозиттер;
• банкаралық займдар;
• депозиттік емес көздер;
• коммерциялық банктердің меншікті қаражаттары. Несиелік ресурстардың
аталып кеткен көздерін ретімен қарастырайық.
Нарықтық экономикаға өту және банктік жүйені басқару құрылымындағы
және сызбасындағы өзгерістер несиелік ресурстардың құрамында және
көздерінде көрініс тапты. Несиелік ресурстардың құрамы біртекті емес.
Несиелік ресурстардың анағұрлым тұрақты бөлігі болып депозиттік қаражаттар
табылады, олар әр түрлі белгілері бойынша жіктеледі. Депозиттердің салым
ретінде орналастырылуы мүмкін ең төменгі шегі деген ұғым жоқ. Теория
жүзінде ең жоғарғы шегі бар, өйткені банк Орталық банк анықтайтын өз
қаражаттары мен міндеттемелері арасындағы нормативтік арақатынасты сақтауға
міндеттенеді.
Депозиттер деп әдетте клиенттердің банкке белгілі бір талаптарының бар
екенін куәландыратын банктік шоттардағы жазулар немесе клиенттердің
банктердегі келісімдер және шарттар бойынша салымдар формасындағы ақшалай
қаражаттары түсіндіріледі. Депозиттік операциялар негізінде банктердің
несиелік ресурстарының көп бөлігі құралады. Банктік депозиттер жүйесі
ағымдық салымдарды (қажет уақытында талап ететін салымдар), заңды және жеке
тұлғалардың мақсатты және мерзімдік салымдарын қамтиды.
Депозиттердің және депозиттік операциялардың дүниежүзілік стандарт
деңгейіне дейін дамуы Қазақстан Республикасында нарықтық экономикаға тән,
экономикалық жағдайлардың құрылуына қарай бірте-бірте жүретін болады.
Мұндай жағдайлар болып коммерциялық банктердің толық акционерленуі және
олардың қызметтерінің коммерциялануы, екі деңгейлік банктік жүйенің толық
мәнді қызмет етуі, салымшылардың мүдделерін қорғайтын құқықтық базаның
жасалуы, ақша айналымын және ақша массасын реттеудің және бақылаудың жаңа
әдістерін енгізу мен ең негізгісі - экономиканың нақты секторын жандандыру
болып табылады.
Банктік тәжірибеде депозиттер бірнеше критерийлер бойынша жіктеледі:
алыну формалары, салымшылардың категориялары, мақсатты бағыты, және
табыстылық дәрежесі бойынша. Депозиттерді және депозиттік операцияларды
ұйымдастырудың халықаралық тәжірибесі шоттар формаларының көптігімен
ерекшеленеді. Депозиттік шоттар жүйесін құру үшін база ретінде шетелдік
коммерциялық банктердің тәжірибесі пайдаланылуы мүмкін.
Нарық жағдайында коммерциялық банктер қолданатын әр түрлі критерий
бойынша депозиттерді жіктеудің тәртібін келесі 1,2,3,4 сызбалардан көруге
болады.
Бірінші сызбада көрсетілгендей, депозиттер алыну формалары бойынша екі
топқа бөлінеді: қажет уақытында талап етілетін және мерзімді депозиттер.
Қажет уақытында талап ететін депозиттер шоттарда сақталынатын
қаражаттардың сипатына және тиістілігіне байланысты былайша бөлінеді:
кәсіпорындар және ұйымдардың, фирмалардың, компаниялардың, концерндердің
және басқа да заңды тұлғалардың есеп айырысу және ағымдық шоттарындағы
қаражаттар; экономикалық міндеті әр түрлі қорларды сақтау бойынша арнайы
шоттардағы қаражаттар; заңды тұлғалардың жекелеген шоттарындағы меншікті
қаражаттары; есеп айырысудағы қаражаттар; басқа банктермен есеп
айырысуларға байланысты корреспонденттік шоттағы несиелік қалдықтар;
шетелдік банк-корреспонденттер шоттарындағы қаражаттардың несиелік қалдығы.
Қажет уақытында талап ететін депозиттердің ерекшеліктері мынада:
біріншіден, ақшаларды алу және салу кез келген уақытта ешқандай шектеусіз
бөліктеп те, толығымен де жүзеге асырылады; екіншіден, ақшалар шоттан қолма-
қол формада да, чек арқылы да алынуы мүмкін; үшіншіден, шот иесі банкке
шотты пайдаланғаны үшін тұрақты айлық мөлшерлеме түрінде немесе әрбір
жазылған чек үшін комиссиялық алым төлейді; төртіншіден, банк қажет
уақытында талап етілетін депозиттер бойынша Орталық банкке мерзімді
депозиттерге қарағанда ең төменгі резервті жоғары сәйкестікте сақтауға
міндетті.
Алыну формалары бойынша депозиттер

Салым иелерінің категориялары бойынша депозиттер

Қажет уақытында талап етілетін депозиттердің негізгі артықшылығы
жоғары тиімділігі, оларды төлем қаражаттары ретінде тікелей пайдалану
мүмкіндігі болып табылады.
Мерзімді депозит анық белгілі бір мерзімі бар, ол бойынша тұрақты
пайыз төленеді және әдетте салымды мерзімінен бұрын алуға шек қойылады.
Мерзімді депозиттер жеке тұлғалардың, компаниялардың, кәсіпорындардың және
ұйымдардың банктерде шоттарға алдын ала белгілі бір мерзімге, әдетте 1
айдан кем емес, орналастырған қаражаттарын білдіреді.
Мерзімді депозиттердің ерекшеліктері мыналар болып табылады:
біріншіден, шоттардағы қаражаттар есеп айырысуға арналмаған және оларға
чектер жазылмайды; екіншіден, шоттардағы қаражаттар жай айналады;
үшіншіден, мерзімді депозиттер бойынша пайыз төленеді (бұл кезде пайыздық
мөлшерлеменің ең жоғары деңгейі жекелеген кезеңдерде Орталық банк арқылы
реттелуі мүмкін); төртіншіден, мерзімді депозиттер үшін қажет уақытында
талап етілетін депозиттерге қарағанда міндетті резервтердің анағұрлым төлем
формасы белгіленеді.
Біздің банктік жүйеге қатысты мерзімді депозиттердің біршама көп
көрсететін формасы - бұл жеке тұлғалардың жинақ салымдары. Олардың
қаражаттары белгілі бір шектеулермен алынуы мүмкін (мысалы, алдын ала
хабарлап).
Соңғы уақьггта депозиттердің кейбір категорияларының арасындағы анық
шекара жойылуда, депозиттердің әр түрлі түрлерінің қасиеттерін біріктіретін
гибридтік шоттар пайда болуда (мысалы, қажет уақытында талап ететін және
мерзімді салымдарды біріктіретін шоттар).
Банкаралық займдар - банктің ресурстық потенциалының тұрақтылығын
қолдау үшін ресурстарды қалыптастырудың маңызды көзі. Банкаралық несиелеу
банктің тиімділік тенденциясын қолдау мақсатында жүзеге асырылады және
негізінен қысқа мерзімді сипатта болады. Банкаралық займдар
корреспонденттік қатынастар шеңберінде жүреді және банк ресурстарының басқа
көздеріне қарағанда қымбат болады.
Банкаралық займдардың ерекшелігі мынада: біріншіден, банкаралық
ресурстар банкаралық ақша нарығынан тартылады, екіншіден, әдетте,
банкаралық несиелерді тарту клирингтік орталықтағы корреспонденток
шоттардың ақшалай қаражаттардың қалдықтары шегінде жүзеге асырылады.
Банкаралық ақша нарығында депозиттерді берудің және қайтарудың іс
жүзінде кез келген комбинациялы мерзімдерімен бірге жасайтын несиелік
мәмілелердің әр түрлі шарттары кең тараған. Осылайша ең қысқа мерзімді займ
болып "бір күндік қысқа ақшалар" деп аталатын немесе "овернайт" депозиті
болып (несиелік ресурстардың ертең қайтарылуы мен бүгін берілуі) табылады.
"Бір күндік ақшалар" ақша нарығында жоғары сұранысқа ие, сондықтан, бұл
займдар бойынша пайыздық мөлшерлеме (сыйақы) кейде анағұрлым ұзақ мерзімдік
несиелік ресурстар бойынша мөлшерлеме деңгейінен бірнеше есеге асып кетеді.
Банктердің нақтылы тартылған ресурстар шегінде жұмыс істеуі банкаралық
несиелеуде автоматизмды болдырмайды. Коммерциялық банктердің несиелік
ресурстарды тіпті бір күнге тартуының өзі сәйкес мәмілені жасауды және
талапқа сай рәсімдеуді талап етеді. Бұл жағдай - коммерциялық банктердің
жұмысын қауырт көрсетеді, оларды сағат сайын несиелік жұмсалымдарды қайта
қаржыландыру мәселелерімен, яғни коршоттарға уақытында "дем беріп" және
баланстың тиімді құрылымын қолдап отыру үшін нарықтан бос несиелік
ресурстарды іздеумен айналысуға мәжбүр етеді. Соңғысы, банктің
міндеттемелері бойынша төлейтін талаптардан ағымдық түсімдер есебінен дер
кезінде төлеуді қамтамасыз ететіндей арақатынастың сақталуын ұйғарады. Егер
ертең коммерциялық банктің клирингтік орталығындағы коршотында тапшылық
орын алатын болса, онда, тіпті мерзімі бүрсүгінде белгіленген ірі ақшалай
түсімдердің өзі және банктің банк операциясының есеп айырысу тиімділігінің
мүмкіндігі, оны қаражаттарды ертең деп белгілеген мерзімге тарта отырып,
мысалы, бүрсүгінде қайтару міндетінен босатпайды.
Банкаралық ақша нарығында бос несиелік қаражаттар жетіспеген жағдайда
коммерциялық банк Орталық банктен қысқа мерзімді несие ала алады, ол
банктік жүйеде соңғы инстанциялы кредитор қызметін орындайды және
коммерциялық банкке өтімдіктің уақытша дағдарысын жеңуде көмек көрсете
алады. Банкаралық несиелік ресурстардың екінші деңгейдегі банктер
арасындағы қозғалысы, айналымдағы ақша массасы көлемінің өзгеруіне
әкелмейді. Ол тек қатаң бақыланатын ақша массасы агрегаттарының M0, Ml, M2,
М3 - арасындағы өзгерістерді тудырады. Өйткені, коммерциялық банктер
мәмілелерді тек таратылған несиелік ресурстар және Орталық банктің ақша
эмиссиясы негізінде ғана жасайды.
Коммерциялық банктер басқа кез келген заңды тұлға сияқты ресурстарды
бағалы қағаздар, акциялар, облигациялар, депозиттік және жинақ
сертификаттарын шығару жолымен жинақтау құқығы бар. Бұл қаражаттар несиелік
ресурстардың депозиттік емес көздеріне жатады.
Банк қызметіндегі банктердің меншікті қаражаттарын басқа ресурстарымен
салыстырғанда мәнді ерекшеліктері бар. Қазіргі уақытта банктік мекемелер
меншікті қаражаттары және резервтері есебінен ресурстарга деген жалпы
қажеттіліктің 10 пайызынан кем емесін қамтиды, ал банктік емес қаржы-несие
институттарда бұл арақатынас 40-55%-ды құрайды. Банктердің меншікті
қаражаттарының мұндай ерекшелігі бірқатар жағдайлармен байланысты.
Біріншіден, банктер өздерінің қаржы нарығындағы делдалдық роліне байланысты
тұрғындардан, заңды тұлғалардан (фирмалардан, компаниялардан және
мемлекеттік мекемелерден) депозит түрінде бөгде ақша капиталын тартады;
екіншіден, салымдарды мемлекеттік қорғау жүйесі салымдарды жаппай алу
қаупін едәуір төмендетеді және банктерге өтімділікті қамтамасыз етуге
қажетті меншікті қаражаттардың бөлігін қысқартуға мүмкіндік береді;
үшіншіден, банктік активтер нарықта анағұрлым өтімді және тез өткізілетін
болғандықтан, бұл банктерге ақшалай ресурстарды біршама тез жинақтау
мүмкіндігін қамтамасыз етеді және осыған орай меншікті қаражаттарға деген
қажеттілікті төмендетеді.
Меншікті капиталды қалыптастыру коммерциялық банктер қызметінің
басталуы алдындағы міндетті саты болып табылады. Меншікті капитал - бұл
бәрінен бұрын қаржылық ресурстардың көзі. Ол құрылтайшылар банк қызметінің
бастапқы сатысында бірқатар бірінші кезекті шығындарды жүзеге асырған кезде
де қажет. Меншікті қаражаттар ұзақ мерзімді активтерге (ғимараттар,
құрылғылар) жұмсалуы мүмкін. Сонымен қатар, меншікті капитал құрамында:
резервтік қорлар, негізгі құралдар қоры, амортизациялар және банк ісін
дамыту қоры есепке алынады.
Ерекше несиелік ресурс болып эмиссиондық ресурс табылады. Оның
несиелік ресурс ретінде құралуы және пайдалану мүмкіндігі келесімен
байланысты: тұрғындардың қолма-қол ақша түрінде алатын ақшалай табыстары
бірден жұмсалмайды, сондықтан банктің кассаларынан берілетін қолма-қол
ақшалардың осы кассаларға келіп түсетін түсімдерден бір жыл ішінде артық
болуы тұрғындардың өз табыстарының бөлігін жұмсамай-ақ банк тұлғасында
мемлекетті несиелеуін білдіреді.
Үлестірілмеген пайда - бұл банктің қарамағында қалатын пайданың
жинақталған бөлігі. Жылдың аяғында банктің барлық нәтижелік шоттарының
сомалары пайдалар және зияндар шотына аударылады: бұл сомалардың бір бөлігі
пайдалар және зияндар шотына; екінші - төленетін дивидендтер шотына; үшінші
- салық төлеуге; келесі бөлігі - резервтік қорларға аударылады. Қалғаны -
үлестірілмеген пайда - банк несиелік ресурстар ретінде жұмсайтын қаражаттар
қорын білдіреді.

2 Бөлім. Несиелік ресурстарды тарату тәртібі

2.1. Несиелік ресурстардың таралуы

Кәсіпорындарды және басқа да ұйымдарды өндірістік және әлеуметтік
қажеттіліктеріне байланысты банктік несиені беру, несиелеу қағидаларын
қатаң сақтау негізінде жүзеге асырылады. Өйткені, мұнда несиенің мәні және
мазмұны, сондай-ақ несиелік қатынастар төңірегіндегі объективті
экономикалық заңдардың талаптары көзделеді.
Несиенің берілу процесі – бұл қоғамдағы экономикалық өзара
байланыстарды алып жатқан күрделі құбылыстарды білдіреді. Сондықтан да,
несиенің экономикалық категория ретіндегі мәнін тереңдей ұғыну несиелеудің
негізгі қағидаларын анықтап білмейінше жеткіліксіз болып саналады.
Несиелеуді ұйымдастыру негізі мынадай қағидаларға сүйенеді:
• несиенің мақсаттылығы;
• несиенің мерзімділігі немесе қайтарымдылығы;
• несиенің ақылылығы;
• несиенің қамтамасыз етілуі;
• несиенің сый ақылылығы.
Несиелеудің соңғы қағидасы, шетелдік банктік тәжірибеде бірінші
классты қарыз алушылар үшін жиі қолданылады. Мұндай жағдайда несие, сыйақы
ретінде ешқандай да қамтамасыз етілмеген түрде беріледі.
Несиенің мақсаттылығы несиелеудің басты қағидасы ретінде, несиенің
қандай мақсатқа сұралып отырғандығын сипаттайды. Сонымен қатар, бұл
қағидасы, ссудамен байланысты болатын тәуекел дәрежесінің негізгі
көрсеткіші ретінде де қызмет етеді.
Мерзімділік — бұл белгілі экономикалық категория ретіндегі мәніне
негізделетін несиенің ерекше бір белгісі. Бұл қағида, несие берушінің қарыз
алушыға берген қаражатының белгілі бір уақыт өткен соң қайтарылуға
тиістігімен қорытындыланады. Осыдан барып несиенің қайтарымдылық қағидасы
туындайды.
Несиенің қайтарымдылық қағидасы оны экономикадық категория ретінде,
басқадай тауарлы-ақшалай қатынастардың экономикалық категорияларына
ажыратады. Себебі, қайтарылматын несие болмайды. Сондықтан да қайтарымдылық
– бұл несиенің ажырамас бөлігі.
Несиенің мерзімділігі - несиенің тек қана қайтарылып қоймай, яғни
оның қатаң белгіленген мерзімде қайтарылуына тиістігін көздейді.
Шаруашылықтың нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты несиелеудің бұл
қағидасының маңызы арта түсуде. Біріншіден осы қағиданың қатаң түрде
сақталуына, ұдай өндірістің ақшалай қаражаттармен қамтамасыз етілуі
тәуелді. Екіншіден, бұл қағиданың сақталуы коммерциялық банктердің
өтімділігін қамтамасыз етеді. Олардың жұмысын ұйымдастыру қағидалары
тартылатын несиелік ресурстардың қайтарымсыз жұмсалымдарға салынуына
мүмкіндік береді. Үшіншіден, әрбір жекелеген қарыз алушы үшін, бұл
қағиданың сақталуы, олардың банктен жаңа несие алуына жеңілдіктер береді.
Несиенің мерзімділігі ссуданың берілу жағдайын сипаттайтын басты
көрсеткіш. Ол негізінен банк пен клиент арасында жасалатын несиелік келісім
шарт құжатында көрсетіледі. Егер де келісілген уақыт өтіп кетіп ссуда
қайтарылмаған жағдайда, ол уақыты өткен ссудалардың қатарына жатқызылады.
Бұл сатысында банк клиенттің несиелік келісім шартты бұзғаны үшін жоғарғы
жағдайда пайыз төлеп қайтаруын талап ете алады. Уақыты өтіп кеткен несиелер
көрсеткіші қаншалықты төмен болса, соғұрлым банк қызметі тұрақты және оның
зиян шегу ықтималдығы біршама төмен болып келеді.
Несиенің ақылылығы — бұл қарыз берушінің қарыз алушыға берілетін
қаражатын қайтару барысында бастапқы сомадан өсіп қайтарылмайтындығын
білдіреді. Іс жүзінде ақылылық бұл несиені пайдаланғаны үшін төленетін
пайыз түрінде беріледі. Қарыз алушының ссуданы пайдаланғаны үшін төлейтін
пайызын несиенің бағасы деп атайды. Еркін реттелетін нарық жүйесі тұсында
несие үшін пайыз мөлшері несиеге деген сұраныс пен ұсыныс негізінде
қалыптасады. Бұдан да басқа жағдайда, несие үшін пайыз мөлшері экономикалық
заңдылықтарға сай, яғни банктің қызметінің экономикалық негізін жоғалтып
алмайтындай, ең төменгі мөлшерде емес және сол сияқты қарыз алушының
қаржылық жағдайына зиян келтірмейтіндей жоғары мөлшерде емес, бірқалыпты
жағдайда қалыптасуға тиісті. Бұл екі жағдай, несиені пайдаланғаны үшін
төленетін пайыздың экономикалық шекарасын құрайды.
Қазіргі банктердің несие үшін пайыз мөлшерін белгілеудегі ескеретін
басты факторларына мыналар жатқызуға болады:
• орталық банктің коммерциялық банктерге беретін ссудалары (мүдделендіру)
бойынша белгіленетін пайыздың базалық мөлшері;
• банкаралық несие бойынша орташа пайыз мөлшері;
• өз клиентеріне депозиттік шоттар бойынша төлейтін орташа пайыз мөлшері;
• банктің несиелік ресурстарының құрылымы (қаншалықты сырттан тартылған
қаражаттар үлесі жоғары болса, соғұрлым несие бағасы қымбат болуға
тиіс);
• несиеге деген сұраныс (сұраныс аз болса, несие бағасы арзан болады);
• несиенің сұралатын мерзімі мен түрі, нақтырақ айтсақ банк үшін оның
қамтамасыз етілуіне байланысты тәуекел дәрежесі;
• еліміздегі ақша айналысының тұрақтылығы (қаншалықты инфляция қарқыны
жоғары болса, несие үшін төленетін ақы да жоғары болуға тиіс, себебі,
мұндай жағдайда, банкте ақшаның құнсыздануынан өз ресурсын жоғалту тәуекелі
артады).
Сонымен қатар, пайыз мөлшеріне объективтік және экономикалық, сол
сияқты субъективтік факторлар да әсер етеді. Бұл қатардағы басты
факторлардың біріне депозиттік пайызды жатқызуға болады. Шын мәнісінде,
заңды және жеке тұлғалардан тартатын несиелік ресурстар қаншалықты қымбат
түссе, соғұрлым несиенің бағасы жоғары келеді.
Несиелеудің келесі бір қағидасы, берілетін несиелердің материалдық
жағынан қамтамасыз етілуі. Бұл қағиданың пайда болуы негізінен несиенің
экономикалық категория ретінде шығуымен бірге келеді. Бірақ та, уақыт өте
келе бұл қағиданың мазмұны толығымен өзгерген десе болады.
80-ші жылдардың аяғына дейін КСРО-да несиенің материалдық жағынан
қамтамасыз етілуі тек қана тауарлы материалдық бағалылықтармен жүзеге
асырылып келді. Бұл әрине кезіндегі экономикамыздағы өндірісті
ұйымдастырудағы социалистік қағидаларына сай негізделуімен банк ісіне және
өнеркәсіптік өндіріске монополияның араласуымен байланысты болды. Бұл
аталған несиенің қағидасы көзге көрінгісіз, себебі қамтамасыз етілген
бағалылықтардың иесі мемлекет болғандықтанда, несиенің қамтамасыз етілуін
тексеру процесі тек қағаз жүзінде ғана жүргізіледі. Ал, бүгінгі күнгі
несиенің қамтамасыз етілуі формасы ретінде; кепіл кепілдеме, тапсырма,
сақтандыру мінедеттемелері қолданылуда.

2.2. Несиенің формалары және олардың жіктелуі

Несиенің формалары олардың құрылымымен және белгілі бір дәрежеде
несиелік қатынастардың мәнімен тығыз байланысты келеді.
Несиенің формасы – бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың
негізгі қызметінің, яғни әр алуан сыртқы және ішкі өзгерістер барысында
сақталатын көрінісін білдіреді.
Несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы байланыстар қалай
өзгергенімен де, несиенің формасы сол күйінде сақталады.
Несиенің екі формасы бар: тауарлы және ақшалаай. Мұндағы тауар түрін
де берілетін несиені – коммерциялық, ал ақша түріндегі несиені банктік деп
атайды.
Қалған несиенің түрлері осы екі форманың тәжірибеде қолдануынан
тұрады.
Коммерциялық несие – бұл қарыз берушінің қарыз алушыға қарызға берген
тауарын білдіреді.
Коммерциялың несие — бұл вексель айналысының пайда болуына себеп
болған, экономикадағы несиелік қатынастардың алғашқы формасы. Несиенің бұл
формасының басты мақсаты — тауарлардың өту процесін жеделдету, сондай-ак,
одан пайда табу.
Мұнда қарыз алушы да және оны берушілер ретінде кәсіпкерлер мен
бизнеспен айналысатындар бола алады. Коммерциялық, несие көбіне тауарды
сатып алушыда наңты ақшаның болмай қалуы барысында туындайды. Мұндай
жағдайда айналыс құралы ретінде қарыз алушының көрсетілген соманы уақытында
төлейтіндігін куәландыратын арнайы қарыздық міндеттеме - вексвлъ
қолданылады.
Коммерциялың несиенің банктік несиеден айырмашылығы мынадай:
• қарыз беруші рөлінде банктік мекемелер емес, яғни тауар немесе
қызметті сатумен айналысатын кез келген заңды тұлға бола алады;
• коммерциялық несие тек қана тауар формасында беріледі;
• қарыз капиталы өнеркәсіптік немесе сауда капиталымен
байланысты;
• коммерциялың несиенің орташа құны сол кезеңдегі банктік пайыз
мөлшерімен салыстырғанда төмен болады;
• қарыз беруші мен қарыз алушы арасындағы несиелік мәміленің
заңды түрде рәсімделуі барысында, бұл несие үшін төленетін ақы тауар
бағасының құнына қосылады.
Банктік несие — бұл банктік мекемелерден қарыз алушыларға ақшалай
түрде берілетін несиені білдіреді.
Банктік несие — бұл экономикадағы кеңінен тараған несиелік
қатынастардың формасы болып табылады. Банктік несие бойынша несиелік
қатынастың құралына несиелік шарт немесе несиелік келісім жатады. Банктік
несиеде несие беруші: банк және арнайы ңаржы мекемелері болса, ал қарыз
алушылар ретінде: кәсіпкерлікпен немесе бизнеспен шұғылданатын қаржы
ресурстарына деген сұранысы бар кез келген заңды ұйым болып табылады.
Мұндағы қарыз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Листинг
Вексельдерді қолдану бойынша есеп айырысу есебі
Банктердің дамуы
Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы
Инвестициялық портфельдің экономикалық негіздері
Банктің инвестициялық операциялары жайлы
Банк жүйесінің құрылымы, кезеңдері
Акция түсінігі мен экономикалық мәні
Нарықтық экономикада бағалы қағаздардың алатын орны
Кәсіпорының инвестициялық портфелін таладау
Пәндер