Мұрагерлік құқық туралы ақпарат


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 75 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 5
1 Мұрагерлік туралы жалпы ережелер . . . . . 11
1. 1 Мұрагерлік түсінігі . . . 11
1. 2 Мұрагерлік институтының негізгі ұғымдары13
2 Заң және өсиет бойынша мұрагерлік. 19
2. 1 Заң бойынша мұрагерлер және оларды мұрагерлікке
шақыру тәртібі . . . 19
2. 2 Өсиет бойынша мұра қалдыру . . . 30
2. 3 Мұрагерлік құқықтарды жүзеге асыру мәселелері . . . 42
3 Азаматтар меншігін мұрагерлікке калдырудың
кейбір мәселелері . . . 47
3. 1 Мұрагерлік құқықтың ресімделу мәселелері . . . 47
3. 2 Кәсіпкерлік саладағы мұрагерлікті құқықтық реттеу мәселелері . . . 52
Қорытынды 62
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ……. . . . . 65
КІРІСПЕ
Өзектілігі. Тақырыптың өзектілігі қазіргі кезеңде меншіктің нысандарының дамуыменнен және социалдық маңыздылығымен, соған байланысты қазақ тілінде мұрагерліктің мәселелері кешенді зерттеулердің жоқтығымен анықталады.
Қазақстан Республикасы халқының әл-ауқатының өсуімен нарықтық экономикалық жағдайларда азаматтардың меншік құқығы және бұл меншікті мұрагерлік құқығы үлкен маңызға ие болып отыр.
Ел Басының «Қазақстан - 2030» атты Қазақстан халқына үндеуінде келесі мәселе ерекше аталған: Біздің заңдардың тұрақсыздығы мен толық еместігіне баса назар аудару керек. Тек фундаментті жасау аздық етеді, қабаттар мен шатыр да қажет [1] .
Осыған байланысты, соңғы он жылда мүліктік қатынастарды реттеуде ең негізгі меншік қатынастарында мұрагерлік құқықта тікелей көрініс таппаған өзгерістер болғанын ескере отырып, Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің ерекше бөлімін (кейін ҚР АК) қабылдау қажетті және дер кезіндегі оқиға болды [2; 3] .
Ол 1-ші шілде 1999ж қолданысқа енгізілгеннен кейін, мұра қабылдау тәртібі түбегейлі өзгеріске ұшырады, аталған тәртіп қырық жылға жуық жаңартылмаған болатын.
Мұрагерлік бүгінгі күнге дейін меншік құқығын иеленудің туынды әдісі болып табылады. Нақты уақыт аралығындағы қоғамдық қатынастарды (меншік қатынастарын) барлық жиынтыққа талдай отырып ғана, мұрагерлік құқықтағы өзгерістердің себептерін көрсетуге болады бұл әділ ескертпе.
Мұрагерлік құқықтың меншік институтымен тығыз байланысы меншік құқығының мирасқорлығын қамтамасыз етуде, меншік иесінің мүлкіне билік ету шекарасының шегін анықтауда көрініс табады.
Біз білетіндей, социализм кезінде жеке меншік жойылған болатын. Меншік және мұрагерлік құқығының өзара байланысы сұрақтарын кеңестік кезең заңгерлері аз қарастырған немесе бұлар шетелдік мемлекеттер құқығы бойынша жұмыстарда жекелеген мемлекеттердің әр алуан кезеңдерінде құқықтың қайнар көздерінде талданылған.
Кеңестік заңгерлер буржуазиялық мұрагерлік құқықтың қанаушылық сипаты жөнінде айтқан, олар мұндай жағдайларда мұрагерліктің дамуы меншік дамуымен тығыз байланысын атап көрсеткен. Жеке меншік буржуазиялық мұрагерліктің негізгі белгісі ретінде анықталды.
Құқықтық жүйенің дамуы экономикалық қатынастардың дамуына тәуелді болып, қоғамның экономикалық өсуімен азаматтардың меншік құқығы объектілерінің шеңбері өзгереді.
Қазіргі Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы нарықтық экономиканы дамыту жолында тұрып, кеңестік азаматтық құқықтан ерекшеленеді. Ең алдымен, жеке меншік иелерінің мүдделерін қамтамасыз ету мен қорғау бұрыштың басына қойылды, нақтырақ айтқанда, Қазақстанның азаматтық құқығының негізгі бастамасының бірі жеке меншікке қол сұғылмаушылық болып табылады. Осыған байланысты мұрагерлік институты маңызды өзгеріске ұшырады.
Біз жоғарыда аталғандарға байланысты жұмыстың тақырыбын анықтадық.
Осы жұмыстың ең бастысы қазіргі мұрагерлік құқықтың, мұрагерліктің ерекшеліктерін сипаттауға арналған. Сонымен қатар біз мұрагерлік қатынастарды реттейтін қолданыстағы заңнаманы талдау нәтижесінде оның кемшіліктерін көрсетуге тырыстық.
Мұрагерлік институты келесі міндеттерді шешеді: біріншіден, жеке меншіктің дамуын ынталандырады; екіншіден, мұра қалдырушының жақын адамдарына мұрагерлік мүліктің жеке меншікке өтуіне көмектеседі; үшіншіден, еңбекке қабілетсіз және асырауында болған адамдардың құқықтарына кепілдік береді, яғни азамат қайтыс болған жағдайда өзінің отбасы мүшелерін, туысқандарына, кез-келген басқа тұлғаларға материалдық көмекті қамтамасыз етуге мүмкіндікті иеленеді; төртіншіден, мұрагерлік мүлікті мемлекеттке немесе заңды тұлғаларға өту мүмкіндігін көздейді.
Сонымен қатар мұрагерлік институты медицина мен биотехнология саласына жаңа зерттеулермен енгізілген жаңалықтарды, азаматтарда кәсіпкерлік қызметте қолданатын меншік құқығындағы мүліктің пайда болуын есепке алмайды. Бұл жұмыста біз мұрагерлік құқықпен реттелінбеген, бүгінгі күні өзекті болып отырған сұрақтарды, мәселелерді атап көрсеттік. Бұл мұрагерлік құқық сұрақтарын нормативтік реттеу заманымен бірге ілесіп және тұрақты түрде жетілдіруге тиіс екендігін көрсетеді.
Жазу барысында кейбір мәселелермен кездесуге тура келді. Мысалы, қарастырылып отырған мұрагерлік құқық институтының маңыздылығына қарамастан не заңнама, не ғалым цивилистер әдеттегі тұрмысты заттардың нақты тізімін ең болмағанда белгілі бір затты байлық заттарына (Жалпы тәртіпте мұрагерлікке өтеді) әлде әдеттегі заттарға жатқызудың критерийлерін анықтаған жоқ.
Мұндай критерий заттың тұтынушылық мақсаты болуы тиіс. Басқа сөзбен айтқанда, егер белгілі бір зат мұра қалдырушы мен бірге тұратын мүрагерлерінің күнделікті қажеттіліктерін қанағаттандыруға қызмет еткен болса, онда ол мүліктің ерекше санатына жатқызылуы тиіс. Осы критерий жалғыз мүмкін болатын критерий деген ойдамыз.
Сонымен қатар ең маңызды критерий ретінде заттың құнын белгілемейтін авторлар мен келіспеу де қиын. Мұрагерлік құқық бойынша әдеттегі тұрмыстық жағдай заттарына бағалы ағаштан жасалған жиһаз және өзге де өнер туындылары [7, 19 б. ], қымбат кілемдер, уникальді заттар [8, 44 б. ], жатқызылмайды деген пікірлер бар.
Тұрмыстық жағдай заттарының тұтынушылық мақсаты критерийін басшылыққа ала отырып, басқа көптеген адамдарда бар зат, байлық болып табылмайтындығын мойындауымыз қажет. Біздің ойымызша, картиналар мен басқа өнер туындылары әрқашан ерекше бағалы заттар санатына жатқызылып, тұрмыстық жағдайлар заттары үшін көзделген тәртіппен мұрагерлікке өтпейді.
Әрине, әйгілі мастерлердің қолдауынан туындаған картиналар, басқа да авторлық өнер туындылары, «әдеттегі» мүлікке қатысы жоқ мүлік деп санауға болады. Алайда пәтерлердің үлкен саны әр түрлі өнер туындыларымен әсемдендірілген: гравюралар, метографиялар, қолдан жасаған кілемдер, қолдан жасаған көркем бұйымдар, және басқалары. Бұл заттарды байлық заттарына жатқызуға болмайды. Үй кітапханаларын мұрагерлену тәртібі де маңызды сұрақ болып табылады .
Салымдардың құқықтық реттелімін барлық заңгерлер қолдап отырған жоқ. Шынында да, мысалы, тұрмыстық жағдай заттарынан міндетті үлес бөлінеді, ол «өсиеттік» салымдардан жоқ-бұны немен түсіндіруге болады? Тағы да мына жағдайды көзімізге елестетейік: бір азамат басқа азаматтан автокөлік алу үшін қарызға ақша алып, оларды өзінің салымына енгізеді, бұл салым басқа адамға “өсиет етілген”, кейін ол кенеттен қайтыс болады. Оның өлімінен кейін осы салымнан басқа ешқандай мұрагерлік мүлік қалмайды. Ақыл тұрғысынан алғанда, ақшаны қарызға берген тұлға осы салым есебінен ақшасын алуға құқылы. Бірақ бұл олай емес. Қолданыстағы салымдардың ерекше құқықтық режиміне сәйкес салымдарға қатысты салымшының өсиеттік өкімі (билік етуі) болған жағдайда ол мұндай мүмкіндіктен айырылады.
Заң бойынша мұрагерлікте орын алатын жағдай бойынша, яғни, мысалы, мұрагерлік масса негізінен тұрмыстық жағдай заттарынан тұратын болса немесе тек тұрмыстық жағдай заттарынан тұратын болса, ол да даулы болып саналады. Неліктен кәмелетке толмаған бала немесе қажетті санатқа жататын басқа тұлға, яғни міндетті мұрагер, егер мұрагерлік масса тұрмыстық жағда заттарынан тұратын болса және осы тұлғаға қарағанда мұра қалдырушымен бірге тұратын басқа мұрагер бар болса, мұрагерлік бойынша ештеңе алмайды? Бұл сұраққа дұрыс жауап беру өте қиын.
Сонымен қатар заңнамада мұрагерлік қатынастрды ведомстволық нұсқаулар нормаларымен реттеу мүмкіндігін алып тастау көзделуі тиіс. Егер кодекстің нормалары белгілі бір нақтылауды қажет ететін болса, бұл Қазақстан Республикасының Үкіметі актілерімен жасалуы тиіс. Жақын уақытта біздің өмірімізде мұрагерлік құқықтың орны елеулі түрде өсетін болады.
Соңғы жылдары біздің азаматтар өмірі жақсарылмаса да, көптеген адамдарда қымбат тұратын меншігі пайда болды, бұлар, ең алдымен, жер учаскелері мен пәтерлер, көптеген адамдарға бағалы қағаздар - акциялар, облигациялар, мүліктік кешендер - кәсіпорындар мен кәсіпкерлік іс тиесілі. Сонымен қатар меншіктері Қазақстанда ғана емес, шетелде болатын аса ауқатты адамдар тобы туралы ұмытпауымыз қажет. Соңғы айтылған жекелеген және тиянақты зерттеуді талап етеді. Жалпы айтқанда, адам қайтыс болғаннан кейінгі мүліктің тағдыры біз үшін бәрібір емес. Болашақта нотариустарда өсиетті құрастыру.
Мемлекеттің дамуының концептуалдық моделі стратегиялық міндеттердің кешенін шешуді қажет етеді: демократиялық типтегі ашық қоғам құру, нарықтық экономикаға көшуді жалғастыру, барлық меншік түрлерінің либерализациялануы мен бәсекелесттік бастамаларына негізделу.
Бүгінгі күнде азаматтық құқық теориясының заң ғылымы ретінде тәжірибиенің нақты қажеттіліктерін қанағаттандыру туралы мәселе көтерілуде. Бұл Қазақстандағы мұрагерлік құқығының кейбір сұрақтарына толық қатысы бар. Мұрагерлік құқық жеке құқықтың маңызды құрамдас бөлігі ретінде бүгінде өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Осы мәселені зерттеудің өзектілігі қазіргі қоғамдағы әр түрлі меншік нысандары мен азаматтардың экономикалық құқықтары және тақырыптың әлеуметтік маңыздылығына байланысты.
Елдегі экономика саласындағы реформаларға байланысты Қазақстанның азаматтық құқығының меншік институтындағы түбегейлі өзгерістер мүрагерік құқығына да әсер етпей қойған жоқ.
Мұрагерлік - бұл экономикалық мазмұны бар қатынас, жеке меншіктің туынды жағы десек болады. Меншік құқығы категориясы мүліктің осы шақтағы тиесілігін көрсетсе, мұрагерлік категориясы - оның болашақтағы тиесілігін, яғни меншік иесінің қайтыс болғаннан кейінгі.
Біздің елдегі меншік нысандарының қалыптасуы - нарықтық реформалардың фундаментальді заңшығарушылық баспалдағы болған Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексін өңдеп оны қабылдауға себеп болған меншік туралы заңдардың қабылдана бастауы, СССР-дың жер туралы заңдарының негіздері, СССР-дың және одақтас республикалардың азаматтық заңдарының негіздерінің қабылдануы күрделі процесс.
Қазақстан Республикасының Конститтуциясының 26 б сәйкес меншік және оны мұраға алу құқығы мемлекетпен қорғалады [6] . Мұрагерлік құқығы жеке меншік құқығымен өте тығыз байланысты. Меншік бір уақытта меншіктің жеке нысанына негізделген өндірістік процесстің маңызды бөлігі болып табылады.
Өкінішке орай, азаматтық заңдар, оның ішінде мұрагерлік туралы заңдар соңғы кездері өте жылдам ауысты, тіпті заңгер - ғалымдар мен тәжірибиедегі қызметкерлер бұл саладағы заңдардың өзгеру қарқынына ілесе алмай қалды.
Меншік нысандарының қалыптасуы, әрине, көптеген идеологиялық, әлеуметтік және психологиялық стериотиптердің жойылуымен байланысты. Азаматтардың меншік құқығының обьектісі болып, тұтынушылық сипаттағы мүліктер мен қоса, заң бойынша бұрын азаматтардың меншігінде бола алмайтын мүліктер енді. Бұл кәсіпорындар, тауар өндіру саласындағы мүліктік кешендер, тұрмыстық қызмет көрсету, сауда, жер, шаруа (фермер) қожалықтарының мүліктері, ғимараттар, құрылғылар, көлік құралдары және тағы басқа [9] . Азаматттардың меншігіндегі аталған обьектілер олар қайтыс болғаннан кейін мұрагерлік мирасқорлық жолымен олардың мұрагерлеріне ауысады.
Қазақстандық мұрагерлік құқық - рим құқығының дәстүрлеріне негізделген айтарлықтай өңделген институт. Бірақ кеңестік және қазақстандық мұрагерлік құқық көптеген обьектілердің спецификасын ескермейді. Қазақстан Республикасының мұрагерлік құқығына жаңа кәсіпорын, кәсіпкерлік іс, жер сияқты басқа да обьектілерді мұраға алуды, нақты және толыққанды заңи реттеу қажет. Бұл міндетті жүзеге асыру, бірталай теориялық мәселелерді анықтайды, нақтырақ айтсақ мұрагерлік обьектілері мәселесі, мұрагерлік мирасқорлық теориясы, ортақ мұраны бөлу кезіндегі мұра қабылдаушылардың қарым-қатынасы, мүліктің ортақ түрлерін мұраға алудың ерекшеліктері және тағы басқа.
Зерттеудің объектісі: мұрагерліктің мәселелері. Жұмыстың негізгі мақсаты. Мұрагерлік құқығының негізгі ұғымдарын қарастыру, заң және өсиет бойынша мұрагерліктің мәселелерін анықтау және қарастыру.
Жоғарыда аталған жағдайлар осы тақырыптың өзекті мәселелерін зерттеу қажеттілігін көрсетті, нәтижесінде жұмыстың тақырыбы анықталып ол келесідей міндеттерді қойды:
1. мұрагерлік құқық кешенін зерттеу, оның ішінде мұрагерлік мирасқорлық обьектілерін, мұрагерлік құқыққатынастарының субьективтік құрамын.
2. заң бойынша және өсиет бойынша мұрагерліктің ерекшеліктерін айқындау (субьектілер және обьектілер)
3. заң бойынша мұрагерліктің мәселелерін айқындау, оларды шешу.
4. Қазақстан Респуьликасының мұрагерлік заңнамасын анализдеу, мұрагерлік құқықты зерттеудегі ақтаңдақтарды анықтау.
Теориялық маңыздылығы. Қазақ тілінде мұрагерлікті құқықтық реттеу мәселелерді кешенді зерттеу қазақ тілінде өткізіледі.
Тәжірибиелік маңызы . Соңғы кездердегі ғалым-цивилистердің мұрагерлік құқық институтын, меншк қатынастарын реттейтін заңи нормаларды реттеудде қызығушылық танытуымен байланысты (соның ішінде мұрагерлік) . Осыған орай зерттеуде заңдарға еңгізуге болатын ұсыныстар жасалған.
Қазақстан Республикасының жаңа Азаматтық Кодексіндегі [5, 6] кәсіпкерлік саласындағы мұрагерлік мәселесінің ережелері мен жалпы қағидаларының болмауы заңшығарушының ұқсас сұрақтарды шешуде әр түрлі арайы актілерді қолдануы бір мәселені әр тұрғыдан қарайды. Атап айтқанда ҚРЗ Шаруашылық серіктестіктер туралы [7], ҚРЗ Акционерлік қоғамдар туралы [8], ҚРЗ Шаруа (фермер) Қожалықтары туралы [9], ҚРЗ Өндірістік кооператив туралы және [10], ҚРЗ Неке және отбасы туралы [11] т. б. .
Зерттеу әдістері. Диалектикалық, жалпы және арнайы құқықтық, нормативтік-логикалық, және басқа әдістер.
Диплом жұмысын жазудың теориялық негізі ғалым-цивилистердің еңбектеріндегі ой-тұжырымдар болды. Жұмыс үшін ерекше маңызы болғаны ол меншік саласындағы, мұрагерлік құқыққатынасы саласындағы мамандардың зерттеулері. Атап айтқанда Толстой Ю. К., Братусь С. И., Егоров Н. Д., Иоффе О. С., Новицкий И. Б., Немков А. М., Серебровский В. И., Суханов Е. А., Черепахин Б. Б., Барщевский Е. М., Басин Ю. Г., Сүлейменов М. К., Амирханова И. В., және т. б. мамандардың жұмыстары.
Нәтижелер. Жұмыста Қазақстан Республикасынның заңдарын өзгертуге және толықтыру мәселесі бойынша ұсыныстар берілген. Нақты айтқанда:
1. Кәсіпорын мен кәсіпкерлік істі мұраға қалдыру ерекшеліктері бар мұрагерлік объектілері ретінде заңнамаларда әрқасысын жеке-жеке қарастыру қажет. Кәсіпорынға деген құқықты тіркеу барысында, азаматтық құқықтардың бірыңғай объектісі ретінде кәсіпорынға деген құқықты тіркеу механизмін заң деңгейінде анықтап өту қажет.
2. Бірнеше мұрагерге мұраға қалған немесе мұрагердің жоқ болу себебінен мемлекет меншігіне өтетін кәсіпорынның жағдайын заңи тұрғыдан қарастыру қажет. Бірнеше мұрагер болған жағдайда заңға сүйене отырып оны ортақ бөлшектік меншік деп анықтауға болады. Алайда, ортақ бірлескен мүлікті шаруа қожалығының түрі бойынша бөлінбес, біртұтас объект ретінде жалпы ереже деңгейінде заңда бекіткен жөн болар еді.
3. Мүлік келесі кезектегі мұрагерлер түріндегі нақты үміткерлер бола тұрып, ұзақ мерзім аралығында қараусыз қалуы мүмкін емес. Сондықтан да, осы мәселенің шешімі ретінде келесіні ұсынамыз: «Егер жүрген жері анықталған, мұрагерлікке шақырылған жоқ мұрагер, АК 1077 бабының ережелері бойынша мұраны бөлгеннен кейін де мұрадан бас тартуы туралы мәліметтер жібермесе, онда қалған мұрагерлер жоқ мұрагерге тиесілі мұраның бөлігін бір жыл уақыт аралығы өткен соң өзара бөлуге құқылы. Егер жүрген жері анықталмаған, мұрагерлікке шақырылған жоқ мұрагер, АК 1077 бабының ережелері бойынша мұраны бөлгеннен кейін де мұрадан бас тарту туралы мәліметтер болмаса, онда қалған мұрагерлер жоқ мұрагерге тиесілі мұраның бөлігін үш жыл уақыт аралығы өткен соң өзара бөлуге құқылы».
Диплом жұмысының құрылымдық элементтері: кіріспе , жеті бөлімшені құрайтын, үш бөлім, сонымен бірге қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
- МҰРАГЕРЛІК ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1. 1 Мұрагерлік түсінігі
Құқықтың субъектісі қайтыс болысымен оған тиесілі барлық субъективтік құқықтар мен міндеттер тоқтатылмайды. Оның жеке мүліктік емес құқықтары мен міндеттері тоқтатылуы әрине сөзсіз. Қайтыс болған адамдардың мүліктік құқықтық қатынастарының көп бөлігі ол қайтыс болған соң да өмір сүре береді, өйткені оның құқықтары мен міндеттері басқа тұлғаға өтеді. Қайтыс болған тұлғаның құқықтары мен міндеттерінің жаңа субъектіге өтуін мұрагерлік деп аталады [12, 421; 13, 10] (немесе мұрагерлік құқық мирасқорлық) .
Кейбір авторлар мұрагерлік құқық мирасқорлықты құқықтар мен міндеттердің мұра берушіден мұрагерге өту тәртібі деп анықтайды [13, 7] . Ол мұрагердің (құқық мирасқорының) құқықтары мен міндеттерінің мұра берушінің құқықтары мен міндеттеріне юридикалық тәуелділігімен сипатталады. Мұра бойынша мұра берушінің өмірінде болған құқықтары мен міндеттері ғана өтеді.
Мұрагерлік құқық мирасқорлық әмбебаптық, тікелейлік секілді белгілермен сипатталады, бір уақытта болады, кері күшке ие.
Әмбебаптық барлық құқықтар мен міндеттер біртұтастық ретінде қамтамасыз ету тәсілдері мен ауыртпалықтары қоса отырып өтеді дегенді білдіреді. Шершеневич атап көрсеткендей, “жиынтықта мүлік жөнінде түсінікті құрайтын бұрынғы субъектінің барлық қатынастары жаңа тұлғаға тікелей емес, біртұтас бүтін ретінде өтеді”. Мұрагкерлік жалпы мирасқорлықты білдіреді. Ол тек заңи қатынастардың жиынтығы ғана емес, сонымен қатар олардың барлық кешенінің біруақытта өтуі болып табылады [14, 467 б. ] .
Тікелейлік бір тұлғаның құқықтары мен міндеттерінің екінші тұлғаға өтуі үшінші тұлғалардың қатысуынсыз болады дегенді білдіреді.
Мұрагерлік құқық мирасқорлық бір уақытта болады, яғни құқықтар мен міндеттердің барлық кешеніне таралады. (Мұрагерге белгісіз құқықтар мен міндеттер) және мұраны қабылдау шартсыз, ескертпелерсіз жүзеге асырылады.
Мұрагерлік құқық мирасқорлық кері күшке ие, яғни мұрагер басқа тұлғалардың пайдасына құқықтар мен міндеттердің барлық кешенінен бас тартуы мүмкін.
Мұрагерлік институты негізінде қоғамдық тиімділіктің әр түр-лі сипаттағы ойлары жатыр. Мұрагерлік біздің заңнамамызда болғандықтан, тұлға мүлікті тек өмірі уақытында алмайтындығын аңғартады. Қайтыс болған жағдайда өкім жасау құқығы мұра берушінің өмірі барысында оған қымбат болған мақсаттарға ары қарай қызмет етуге мүмкіндік береді. Мұрагерлік институты тұлғаның өзінің өмірінің шегінен тыс өзіндік еркінің маңызын жалғастыру құралын береді [15] .
Сонымен қатар несие берушлердің де мүдделері құқықтар мен міндеттерді иеленушінің өлімімен оның мүліктік құқықтары мен міндеттері тоқтатылды деп танылмауын талап етеді. Мысалы, егер қарыздарды өтеу міндеті борышқордың қайтыс болуымен тоқтатылатын болса, онда азаматтарға несие беру тәуекелді еді.
Ары қарай мұрагерлік институты басқа да мақсаттарға қызмет етеді. Мұрагерлік жекелеген тұлғаны өзінің мүлкін көбейтуге, өндірістік еңбегін күшейтуге маңызды ынталандыру ретінде қызмет етеді. Адамдар жұмысқа өздерінің жанұялары, жақын адамдары және оларға қымбат мүдделері үшін тартылады. Мұндай өзіндік өндірістіліктің күшеюінен қоғам экономикалық тұрғыдан пайда көреді.
Мұрагерлік жүйесі үлкен саяси маңызға ие. Мемлекет мұра-герліктің белгілі тәртібін бекіте отырып, қолайлы мағынада жекеле-ген азаматтар арасында байлықтарды бөлуге ықпал ете алады. Мысалы, мықты ағылшындық ақсүйектер өзінің өмір сүруінің ең бастысы, мүліктегі мұрагерліктің тәртібі арқылы жүзеге асырылады.
Аталған ойлар неліктен мұрагерлік құқық әрбір халықтың жеке ерекшеліктеріне, оның ұлттық құрамына және тарихи тағды-рына тәуелді екендігі түсіндіріледі.
Сөйтіп, мұрагерлік меншік құқығын иеленуінің маңызды туынды әдістерінің бірі болып табылады және ол өндірістік қаты-настарды қатайту мен қорғау мақсаттарына қызмет етуі қажет болды [16] . Азаматтың оның өлімінен кейін субъективтік азаматтық құқықтарының басқа тұлғаға кез келген өтуі мұрагерлік болып табылмайды. Мұрагерлік тәртібімен азаматтық құқықтар мен мін-деттердің өтуі жоғарыда айтылған міндеттермен сипатталады. Мұрагерлікте құқықтар мен міндеттердің мұра қалдырушының құқық мирасқорлары бола алатын мұрагерлерге өту тәртібі, шектері жиынтықта азаматтық құқықтың институтын құрайтын, жиі мұрагерлік құқық, кейде мұрагерлік құқық деп аталатын құқықтық нормалармен анықталады. Мұнда мұрагерлік құқығы объективті мағынада көрсетіліп тұр, яғни аталған аяда қатынастарды реттейтін заңи номаларының жиынтығы ретінде және құқықтық институтты құрайды.
Субъективтік мағынада мұрагерлік құқығы нақты тұлғаның мұраны иелену құқығы немесе қайтыс болған тұлғаның құқықтық қатынастар жиынтығына кіруі деп түсіндіріледі.
Субъективтік мағынада мұрагерлік құқық деп мұрагерлікке шақырылатын тұлғаның танылған құқығы және мұра қабылдаған тұлғада танылған құқық, сөйтіп қайтыс болған азаматтың құқық мирасқоры болып қойған мұрагерлік құқықтың нормалары аталады.
Осы екі құқықтың да иесін мұрагер деп атаймыз. Ал мұрагерге қалдырылған және өтетін мүлікті мүра деп атаймыз [15, 57 б. ] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz