Екінші деңгейлі банктердің тарихы «Казкоммерцбанк» АҚ туралы


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1 1 ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ ТАРИХЫ « КАЗКОММЕРЦБАНК» АҚ ТУРАЛЫ

1. 1«Қазкоммерцбанк» Акционерлік Қоғамының құрылу тарихы

1. 2«Қазкоммерцбанк» Акционерлік Қоғамының стратегиясы

1. 3 «Қазкоммерцбанк» Акционерлік Қоғамының жетістігі

2«ҚАЗКОММЕРЦБАНК» АҚ НЕСИЕЛЕУ БАҒДАРЛАМАСЫ

2. 1 «Қазкоммерцбанк» АҚ ұсынатын несиелер түрлері

2. 2 «Қазкоммерцбанк» АҚ Несие желісінің шарттары

2. 3 Қазкоммерцбанк АҚ Ипотекалық несиелеуі

3 "ҚАЗКОММЕРЦБАНК" АҚ ҰСЫНАТЫН ӨЗГЕ ДЕ ҚЫЗМЕТТЕРІ 3. 1Банктік шот ашу қызметі

3. 2 Жеке тұлғалардың ұлттық валютадағы ақша аударымдары

3. 3 Сейфтік сақтау қызметі

3. 4 Алтынмен операциялар

ҚОРЫТЫНДЫ

1 ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ ТАРИХЫ

« КАЗКОММЕРЦБАНК» АҚ ТУРАЛЫ

1. 1«Қазкоммерцбанк» Акционерлік Қоғамының құрылу тарихы

«Қазкоммерцбанк» АҚ Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің ішіндегі алдыңғы қатарлы банктердің қатарына кіреді. 1990 жылы құрылған «Қазкоммерцбанк» АҚ, қазіргі уақытта активі, несие қоржыны, таза кірісі және жалпы депозиттері бойынша ірі жекеменшік қаржы институты болып табылады. 2007 жылдың 31 желтоқсанындағы қаржылық есеп-қисаптың халықаралық стандарттары бойынша есептелген банк активтері 2, 997 триллион теңгені (24, 9 млрд. $) құрады. Ал осы көлемнің 79%-ы, яғни 2, 366 трлн. теңге (19, 7 млрд. $) клиенттердің қарызына (нетто) тиесілі. 2007 жылы банк басты компаниялардың акционерлеріне тиесілі 55, 963 млрд. теңге мөлшерінде таза кіріс алды. 2007 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша капиталдың жеткілікті болуын қамтамасыз ету мақсатында банктің жеке капиталы 415, 3 млрд. теңгені құрады, ал оның рентабельді коэффициенті (ROE) 19, 5% құрады. Қаражатты тартудың негізгі көзі - банк депозиттері болып табылады, олар қордың жалпы көлемінің үштен бір бөлігін құрайды. 2007 жылдың ішінде клиент депозиттері 30, 1% өсіп, 895, 1 млрд. теңгені құрады. Осылай Қазкоммерцбанк тартылған депозиттердің көлемі бойынша Қазақстандағы №1 банк, оған нарықтың 20% астамы тиесілі. Депозит тартумен қатар банк теңге және шетел валютасында қарыз және несие беру, клиенттердің төлем қабылдау, дебетті және несиелік карталары, инкассация, сондай-ақ жеке банкингі сияқты ағымдағы шоттары бойынша қызмет көрсетудің кең спектрін ұсынады. 2008 ж. 1 қаңтардағы жағдай бойынша, Банк бас офистен басқа, Қазақстандағы 25 әмбебап филиалға және 165 операциялық бөлімшеге иелік етеді (ОБ ұғымы бұрынғы КЕБ пен БҚО-ны біріктірді) . Сондай-ақ, Банктің Қырғызстанда («Қазкоммерцбанк Қырғызстан» ЖАҚ), Ресейде ( «Москоммерцбанк» КБ) және Тәжікстанда («Қазкоммерцбанк Тәжікстан» ЖАҚ) еншілес банктері бар.

Қазкоммерцбанк ең ірі үш халықаралық төлем жүйесінің - VISA және MasterCard (Cirrus/Maestro) және American Express - дебеттік және несиелік карталарын шығаратын Қазақстандағы жалғыз банк. 2008 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша банктің айналыста 966 мың картасы бар. Сондай-ақ Банк American Express карталарын тарату жөніндегі уәкілетті агент болып табылады. 2001 жылы қазақстандық банктердің ішінде Қазкоммерцбанк бірінші болып магниттік лента мен чип құрамдастырылған смарт-карталар, ал 2005 жылы тағы да бірініші болып GoCard несиелік бонус картасын шығарды. Сонымен қатар банктің банкоматтар желісі бар. 2008 ж. 1 маусымдағы жағдай бойынша банкоматтар саны 871 құраса, оның ішінде ақшаны қабылдау функциясы бар (кэшин) банкоматтар саны - 160. Сондай-ақ банктің процессингтік орталығы 250 интернет-дүңгіршекке және сауда орындарында орналасқан 7522 POS-терминалға қызмет көрсетті. Қазкоммерцбанк қашықтықтан қызмет көрсету бойынша Қазақстандағы жетекші банк. 2008 ж. шілденің басында жеке тұлғаларға арналған Homebank. kz қаржы порталында тіркелген клиенттер саны 150 000-нан асты, олардың ішінде Қазкоммерцбанк клиенттері, сондай-ақ «Қазинвестбанк» АҚ, «Ситибанк Қазақстан» АҚ және «Ресейдің Жинақ банкі» АҚ төлем карта иелері бар. Ал заңды тұлғаларға арналған Onlinebank. kz порталдың және «Банк-Клиент» жүйесінің тұтынушылары 11 000 астам компанияны құрайды.

Банк орташа және ірі қазақстандық және Қазақстанда өз қызметін жүзеге асыратын халықаралық бірлестіктерге түрлі өнім мен қызметтер ұсынады; сауда, жобалық қаржыландыру, инвестжобаларды қаржыландыру, активтерді басқару, сондай-ақ қысқа мерзімді несиелеу мен басқа да жалпы банктік қызметтерді қосқанда. Банк өз саясатына сәйкес, жоғары өтімділік деңгейін қолдау мақсатында, әдетте, корпоративтік клиенттер үшін 18 айға дейін орташа мерзімге несие, сондай-ақ, қазіргі уақытта ресурстарына байланысты ұзақ мерзімді қаржыландыру ұсынады. Банк Қазақстандағы өзінің негізгі клиенттері үшін шетелдік банктермен бірлестірілген несиелер ұйымдастырады және Ресей мен Қырғызстанның ірі корпоративтік клиенттерін қаржыландырады. Банктік қызметтен басқа Банк өзге де қаржылық қызметтер ұсынады. Қазақстанның құнды қағаздар мен валюта нарығының негізгі ойыншысы бола отырып, ол компанияларға валюталық-конверсиялау операцияларын, ақша нарығындағы операцияларды (құнды қағаздар операцияларын қосқанда), компанияларға ақша ресурстарын басқару жөніндегі қызметін ұсынады. Банктің бас лицензиясына сәйкес, Банктің бағалы металдармен (алтын және күмісті қосқанда) мәміле жасауға (сату, сатып алу және сақтау) құқы бар. 2001 жылдан Банк өзінің корпоративтік және бөлшек сауда клиенттеріне ақша қаражаты мен активтерді басқаратын сенімгерлік қызметтерін ұсынады.

1. 2«Қазкоммерцбанк» Акционерлік Қоғамының стратегиясы

Банк стратегиясы - көшбасындағы банк пен қаржы қызметтерінің провайдері позициясын сақтап қалу, өсім мен операциялық тиімділік арқылы пайданы ұлғайту. Осы стратегияны жүзеге асырудағы Банк ұстанымы.

Банк стратегиясы өзіне көшбасшы банк позициясын және қаржылық қызметтер провайдері (жеткізушісі) позициясын ұстануды кіргізеді.

Осы стратегияны жүзеге асыру үшін банк мыналарға жұмылдырылмақ:

"Қазкоммерцбанк" АҚ стратегиясы Банк қызметін кеңейту. Банк өз қызметтерінің ауқымын кеңейтуге көңіл бөледі. Банк өзінің корпоративті клиенттік базасын кеңейте және несие қоржынының сапасын жақсарта бермек. Өз қоржынын әртараптандыру мақсатында Банк шағын және орта бизнес кәсіпорындарына несие беруді ұлғайтуға тырысады. Ақпараттық басқару жүйесі мен операциялық тиімділікті жақсарту. Банк операциялық тиімділікті адамзат ресурстары мен ақпараттық технологияларға ұйымдық қайта құрылымдау және инвестициялар жолымен жақсартуға жұмыс істеді. Банк жетекші ақпараттық жүйелерді енгізуді жалғастыра бермек. Қор базасын жақсарту. Банк бағынышты және негізгі борыш шығарылымын, активтерді секьюритизациялау бағдарламасын, көп жақты қаржылық ұйымдармен және шетелдік кредиттік-сараптау агенттіктерімен ынтымақтаса отырып және компания дара сауда клиенттері депозиттерінің көлемі бойынша өзінің нарықтық үлесін ұлғайту жолымен капитал нарығынан қор жасау базасын ұлғайтпақ. Басқа қаржылық қызметтер нарығына шығу. Қазақстандық құнды қағаздар нарығының инфроқұрылымы, заңнамалық базаны қосқанда, әлі даму үстінде. Банк осы нарықта күтілетін мүмкіндіктерді пайдалану үшін, одан әрі тәжірибе жинақтау үшін қадам жасады және сақтандыру қызметін көрсететін "Казкоммерц Секьюритиз" АҚ және "Казкоммерц Полис"АҚ еншілес кәсіпорындарының қызметі арқылы өзін көрсетуде.

Өткен жыл Қазкоммерцбанктің ҚАЗКОМ -жаңа бөлшек брендін дамыту нышаны - және оның ұраны - "ҚАЗКОМ. Ашық банк" аясында өтті . Аталған уақыт ішінде ҚАЗКОМның операциялық бөлімшелерінің саны екі есе артып, бұл жерде қызмет атқарып жүрген адамдар мен клиенттер үшін ыңғайлы бола түсті. Банк өнімдерінің желісінде көптеген жаңа қызметтер пайда болып, ҚАЗКОМның ондаған акцияларын сәтті жеңімпаздар иеленді. Біз өз қаражатын сауатты түрде басқаруды, төлем картасын ашуды, қаражатын депозитке салуды немесе несие алуды қалайтын адамдар санының артқанын көріп отырмыз. Олардың көбісі банкке келгісі келеді, бірақ бұл қадамды жасауға батпайтын немесе батылы жетпейтін көрінеді. Сондықтан біз есіктерімізді айқара ашамыз!

ҚАЗКОМ сіздер үшін кең пейілді қаржылық кеңесші және сенімді көмекші бола алады. ҚАЗКОМ деген жазуы бар жаңа жарнама негізінде он алты жылдық жемісті тарихы, мінсіз абыройы, кәсіпқой қызметкерлері мен үлкен банктің үлкен мүмкіндіктері бар Қазкоммерцбанк тұр. Біз елдің алдыңғы қатарлы банктің қызмет көрсету артықшылығын сезінуіңізді қалаймыз. ҚАЗКОМның жаңа әрі айтарлықтай жарқын фирмалық стилі - біздің жаңаруымыздың символы. Банктің ашық саясат жүргізуі мен тұрақты түрде дамуына желтоқсан айында Алматы қаржы орталығындағы Қазкоммерцбанк ғимаратына келген еліміздің президенті Нұрсұлтан Назарбаев ризашылық білдірді және жаңа кеңсенің жергілікті жүйесін символды түрде қолданысқа қойылуын іске қосты. Біз клиенттеріміздің біздің банкпен бірге болашаққа сенімді қарауы үшін бар күшімізді саламыз.

1. 3 «Қазкоммерцбанк» Акционерлік Қоғамының жетістігі

Қазіргі Қазкоммерцбанк (ары қарай - Банк) Қазақ Социалистік Кеңес Республикасының заңнамасына сәйкес, 1990 жылдың 12 шілдесінде «Медеу Банкі» АҚ («Медеу банкі») деген атаумен ашық акционерлік қоғам ретінде құрылды. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін, Медеу банкі басқаша атаумен - «Қазкоммерцбанк» ААҚ болып қайта тіркеуден өтті және банктік операциялар жүргізуге Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен 1991 жылы 21 қазанда №48 лицензия алды. Аталған күн ресми түрде Банктің туған күні болып саналады. Банктің Әділет министрлігі берген №4466-1910-АҚ тіркеу туралы куәлігі бар. Банк және оның бас кеңсесі мына мекен-жай бойынша тіркелген:

1994 жылдың сәуірінде Банк өзге қазақстандық коммерциялық банкпен - «Астана Холдингпен» бірікті. 1994 жылдан бері банк 22 бөлімшеден, 51 кассалық-есеп айырысу орталығынан және 12 дербес қызмет көрсету орталығынан тұратын филиалдық желісі арқылы негізгі іскерлік және халық көп қоныстанған орталықтарда орын тепті. 1994 жылдан бері Банк ҚР Ұлттық банкі мен ҚР Қаржы министрлігі, сондай-ақ, Әлемдік банк, Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚДБ), Ислам даму банкі, Kreditanstalt fur Wiederaufbau және Азия даму банкі секілді халықаралық қаржы институттары дайындаған және демеушілік көрсеткен бірқатар арнайы бағдарламаларға қатысты. 1995 жылы Қазкоммерцбанк ҚР Үкіметінің ресми кеңесшісі ретінде экономикалық және саяси мәні бар мұнайгаз саласы кәсіпорындарын қайта құрылымдау және жекешелендіру процесіне белсене қатысты. 1996 жылы Банк өзінің негізгі мақсатына - банктік қызметтің халықаралық стандарттарға сай болуына қол жеткізуге үлкен қадам жасады. Қазкоммерцбанк «Deloitte & Touche» фирмасынан толық халықаралық аудиторлық тұжырымдама алған бірінші қазақстандық банк болды. Тағы бір маңызды оқиға - Орталық Азиядағы банктердің ішінде бірінші рет Қазкоммерцбанкке «Thomson BankWatch-BREE» рейтинг агенттігінен халықаралық рейтингі берілді. 1997 сәуірінде Қазкоммерцбанк ЕҚДБ қаржыландыратын және сол кезеңде CCF Франция банктерінің (Credit Commerciale de France) ең динамикалық банктерінің бірінің қолдауымен жеделдетілген институционалдық дамуды көздеген «твиннинг» бағдарламасын жүзеге асыра бастаған бірінші банк болды.

1997 жылғы Банк және бүкіл қазақстандық банк секторы үшін бұл маңызды жетістік - осы уақытқа дейін қарызгер ретінде ҚР үкіметін ғана мойындаған немістің мемлекеттік «Hermes» экспорттық сақтандыру компаниясы Банкті қарызгер ретінде бекітті. 1997 жылы Банк өзінің бірінші синдикатталған несиесін алды. 1998 жылдың мамыр айында Банк қазақстандық корпоративті эмитенттердің ішінде бірінші болып, үш жылдық еурооблигациялар шығару арқылы 100 млн. АҚШ долларын тартты. Одан кейін Банк барлығы 1, 5 млрд. АҚШ долларынан артық сомаға ішкі және халықаралық еурооблигациялар шығарды. 2001 жылы Банк елімізде бірінші болып тікелей DEG неміс банкінен жеті жылға ұзақ мерзімді (үкімет кепілдігінсіз) несие алды.

2002 жылы Қазкоммерцбанк Қырғызавтобанкінің 74% акциясын сатып алды, одан кейін ол банк Қазкоммерцбанк Қырғызстан деп атауын өзгертті.

2005 жылдың мамыр айында Қазкоммерцбанк «Москоммерцбанк» КБ (ООО) жарғылық капиталындағы 60, 04% үлесін сенімді басқаруға алды. Бұл бұрынғы аймақтық кәсіпкерлікті дамыту банкі болатын. 2002 жылдан бері осы банк Қазкоммерцбанктің Ресей Федерациясындағы сенімді және стратегиялық әріптесі болды. 2003 жылы ЕҚДБ Банкпен акционерлік капиталға қатысу жөнінде келісімге қол қойды және одан кейін Банк шығарған 15% жай акцияны сатып алды. 2004 жылдың шілдесінде Қазкоммерцбанктің қолдауымен «Құс Жолы» қайырымдылық қоры құрылды. Қордың мақсаты - тиімді қайырымдылық жұмыстарын жүргізу және банктің әлеуметтік-жауапкершілікті қаржы институты ретінде стратегиясын жүзеге асыру. 2005 жылдың қаңтарында Қазкоммерцбанк Қазақстанда бірінші болып қолма-қол ақшаны қабылдайтын (Cash-in), клиент шоттарының ішінде қолма-қол ақшасыз қаражатты аударуға мүмкіндік беретін, түрлі қызметтер провайдерлерінің ақысын (коммуналды, қызмет байланысы және т. б. ) төлеуге мүмкіндік беретін банкоматтарды (мультибанктер) іске қосты.

2005 жылдың мамыр айында Қазкоммерцбанк Қазақстанда бірінші халықаралық бонус жинақтайтын несиелік картасын - GoCard шығарды.

2005 жылдың маусым айында ЕҚДБ Қазкоммерцбанкке ЕҚДБ арнайы бағдарламасының шеңберінде шағын және орта бизнесті несиелендіру процесін өз бетінше басқаруға мүмкіндік берді. 2005 жылдың маусым айында Қазкоммерцбанктің басқарма төрайымы Нина Жүсіпова ЕҚДБ және Emerging Markets жорналының 2005 жылдың қорытындысы бойынша Орталық және Шығыс Еуропадағы және ТМД мемлекеттеріндегі «Бизнестегі және үкіметтегі әйелдер» сыйымен марапатталды. 2005 жылдың шілде айында ABN AMRO Қазкоммерцбанкке зейнетақы активтері мен «ABN AMRO КаспийМұнайГаз» (қазіргі- «ГРАНТУМ ЖЗҚ» АҚ ) жинақтаушы зейнетақы қорының 80. 01% үлесін сату туралы екі компания уағдаластыққа келді. 2005 жылдың шілде айында The Banker жорналы жүргізген бірінші дәрежелі жеке капиталдың көлемі бойынша әлемдегі ең ірі 1 000 банктің ішінде Қазкоммерцбанк 718 орыннан (2004 жыл) 626 орынға көтерілді.

2005 жылдың қазан айында Қазкоммерцбанктің интернет сайты мемлекеттік тілде де (қазақ тілінде), ұлтаралық тілде де (орыс тілінде) тең дәрежеде ақпаратпен толтырылатын, функциялары сәйкес келетіін Қазақстандағы бірінші банк болды. 2005 жылдың қараша айында Қазкоммерцбанктің қаржылық интернет-порталы - Homebank. kz «Қазақстандық интернет-жүлде AWARD-2005» атты сайттар байқауында «Желі қызметі» номинациясында жеңімпаз атанды. Бүгінгі күні бұл жеке тұлғаларға арналған, қазақ, орыс, ағылшын және неміс тілдеріндегі нұсқасы бар әлемдегі жалғыз интернет-банкинг. 2005 жылдың желтоқсан айында Қазкоммерцбанк Алматыда банк қызметтері бойынша тәулік бойы қызмет көрсететін Қазақстандағы бірінші орталық ашты. Клиенттер банк қызметкерлерінің қызметіне жүгінбей, өз ақшаларын жаңа жабдықтар арқылы басқаруға мүмкіндік алды. 2005 жылдың желтоқсан айында Қазкоммерцбанк 1, 3 млрд. доллар сомасына синдикатталған займ туралы келісімге отырды. Бұл Қазақстанда ғана емес, бүкіл Орталық және Шығыс Еуропадағы және ТМД аймағындағы ең ірі мәміле болды. Ал халықаралық Trade Finance және Global Trade Review басылымдары аталған мәмілені «2005 жылдың мәмілесі» деп атады. 2006 жылдың ақпан айында Қазкоммерцбанк қазақстандық «Exclusive» жорналы жүргізген сауалнаманың қорытындысы бойынша үшінші жыл қатарынан «Беделі үздік компания» болып танылды. 2006 жылдың наурыз айында Қазкоммерцбанк халықаралық Global Finance жорналы жүргізген зерттеудің қорытындысы бойынша сегізінші жыл қатарынан «Дамушы нарықтағы үздік банк: Қазақстан» номинациясында жеңімпаз атанды. Сондай-ақ, банк «Сауданы қаржыландыратын үздік банк» және «Валюта нарығындағы үздік банк» номинацияларында жеңімпаз атанды. Қазкоммерцбанк өзге де халықаралық қаржы басылымдарынан - Euromoney және The Banker - «Қазақстанның үздік банкі» атағын алды.

2«ҚАЗКОММЕРЦБАНК» АҚ НЕСИЕЛЕУ БАҒДАРЛАМАСЫ

2. 1 «Қазкоммерцбанк» АҚ ұсынатын несиелер түрлері

«Қазкоммерцбанк» АҚ-ның тұтынушыларға арналған несиесі тауарлар мен қызметтердің кең ауқымын қамти отырып, осы қарама-қайшылықтарды жояды:

Экспресс-несиелер. «Уақыт келді» акциясы

Несие желіcі

Ипотека

Авто-несиелеу

Жаңа немесе жөндеуден өткен көлiк ал - арманыңды iске асыр!

Кезек күттірмейтін мұқтаждарға

Депозитті кепілдікке қою

Экспресс-несиелер. «Уақыт келді» акциясы.

Несие сомасы: 70 000-нан 1 000 000 теңгеге дейін;

Несие мерзімі: 6-36 ай;

Қамсыздандыру: кепілдіксіз;

Сыйақы мөлшерлемесі: жылына 22%*;

Мерзімінен бұрын өтеуде ең төменгі сома - 3 айға төленетін сомадан кем болмауы тиіс; мерзімінен бұрын мораторийсіз өтеу.

«ГРАНТУМ» жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-ның (бұрынғы «ABN AMRO КаспийМұнайГаз» АҚ) салымшыларына мөлшерлеме 1%-ға төмендетіледі.

*жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 41, 91% жоғары

Рәсімделген несие үшін алынатын комиссия:

Несиені қолма-қол ақшаға ауыстыру - 0 теңге;

Ұйымдастырылған несие үшін алынатын біржолғы комиссия - несие сомасынан 5%

Пайдаланылатын несие шоты үшін (ай сайын) - бастапқы несие сомасынан 0, 5%.

Ең аз құжаттар **

Жеке басын куәландыратын құжат;

ӘЖК;

СТН;

Үй кітапшасының көшірмесі/мекен-жай бюросынан анықтама қағаздың түпнұсқасы;

ЖЗҚ соңғы 6 айдың көшірмесін алу;

** Керек болған жағдайда Банк қосымша құжаттар әкелуді талап ете алады.

Несие желіcі

Сіздің өміріңіздің несие желіcі

Автокөлік, қымбат тауарлар мен қызмет түрлері - бұлардың бәрі көпшілікке Қазкоммерцбанктің тұтынушыларға негізделген несиесінің көмегімен қол жеткізу мүмкін болып отыр! Несие алу үдерісін жеңіл және ұнамды қылу біздің несие желісіміз көмектеседі!

Сіз Банкпен несие желісін ашу жөнінде Келісім-шартқа тұрасыз, жылжымайтын мүлігіңізді немесе банк шотындағы ақшаңызды (Келісім-шарттың әрекет ету мерзіміне бір рет) кепілдік ретінде қоясыз да, Сізге қажет уақытта, түрлі мақсаттарға және несие құжаттарын рәсімдеудің жеңілдетілген сұлбасымен несие алу мүмкіндігіне ие боласыз.

2. 1 «Қазкоммерцбанк» АҚ Несие желісінің шарттары

Валюта: АҚШ доллары, теңге.

Несие желісінің мөлшері: 100 000 АҚШ долларына дейін/12 000 000 теңгеге дейін. Несие желісінің әрекет ету мерзімі: қарыз алушы 65 жасқа толғанға дейінТранштың әрекет ету мерзімі: несие қандай мақсаттарға алынғанына байланысты Транш бойынша сыйақы мөлшерлемесі: транш қандай мақсаттарға берілгеніне байланысты

Қамсыздандыру: қолда бар жылжымайтын мүлік, оның ішіне коммерциялық та жатады. Несие желісін ашқан үшін алынатын комиссия: бір уақтылы желі сомасынан 1%Несие шотын пайдаланған үшін алынатын комиссия (КВСС) : әрбір транштың алғашқы сомасынан 0, 15%

Траншты өтеу: ай сайын аннуитеттік жолмен немесе тең үлеспен

Сақтандыру: Банк есебінен Қазкоммерцбанктің несие желісінің көмегімен Ескі автокөлігіңізді жаңасына ауыстыруға немесе бұрынан бар автокөлігіңізге қосымша тағы да автокөлік сатып ала аласыз; Ұзақ мерзімді қолданыстағы, мәселен, жиһаз, компьютерлер және техника, тоңазытқыштар, ыдыс жуатын машиналар, ас үй пештері, кондиционерлер, аудио-, видео-, теле-, және радиоаппаратуралар, басқ да күрделі тұрмыстық техника сияқты тауарларды сатып ала аласыз; Медицина, білім, спорт және демалыс, туризм, автокөлік пен тұрғын үйді жөндеу, салтанатты кештер өткізу және т. б. қымбат тұратын қызмет түрлерін өтей аласыз.

Несие желісін ашу үшін қаралатын өтініш-сауалнамаға қажетті құжаттар:

қарыз алушының жеке басын куәландыратын төлқұжат;

қарыз алушының СТН және ӘЖК куәлігі;

жалдамалы жұмысшы-клиенттерге - зейнетақы қорынан соңғы 6 ай бойынша көшірме;

қамсыздандыру бойынша құқық беретін құжаттар;

Некеге тұру туралы куәлік + жұбайының дүние-мүлікті кепілдікке қоюға және оны соттың көмегіне жүгінбей сатуға өз келісімін беретінін растайтын нотариалды куәландырылған құжат. Немесе клиенттің дүние-мүлікті сатып алғанда және кепілдікке қойғанда некеде тұрмағаны туралы нотариалды куәландырылған өтініш.

2. 3 Қазкоммерцбанк АҚ Ипотекалық несиелеуі

Қазкоммерцбанк тұтынушылық несие бағдарламасын дамыта отырып, қысқа мерзім ішінде ұнаған жылжымайтын мүлігіңізді сатып алуға болатындай бағдарламаны одан әрі жетілдіруде.

Ипотекалық несиелеу бағдарламасы шеңберінде Сіз нарықтағы тұрғын үйді немесе салынып жатқан үйді сатып ала аласыз. Сондай-ақ ипотекалық несиелеу бағдарламасы аясында Қазкоммерцбанк баспа жағдайын жақсартуға да несие береді:

Несие мерзімі: 6 айдан 30 жылға дейін - теңгемен/USD-мен

Несие мөлшері: негізгі несие бойынша қарыз қалдығын есептемегенде тұрғын үйдің нарықтағы бағасынан 70%-ға дейін;

Қамсыздандыру: негізгі ипотекалық несие бойынша бар қамсыздандыру;

Қосымша ақпарат

Арнайы калькулятордың көмегімен несие бойынша өзіңіздің қаржылық мүмкіндігіңізді өз бетінше сарапқа салып көріңіз

Сіз өзіңіз көрсеткен мәлімет негізінде, яғни тұрақты табысыңыз және отбасыңыздың шығыны негізінде жүйе отбасылық бюджетіңізді есептеп шығарып, қандай сомаға және қандай мерзімге несие ала алатыңызды есептеп береді.

ЕБРР желісі аясында ипотекалық заем алатын жеке тұлғалар үшін ақпарат

Ипотекалық несие бағдарламасы аясында Қазкоммерцбанкпен жұмыс істейтін риэлторлық фирмалардың тізіміСатып алынатын жылжымайтын мүліктің сақтандыру куәлігін Сіз тікелей банктен аласыз. Өйткені сақтандыру "Қазкоммерцполис" тектес компанияда жасалынады.

"Қазақстандық Ипотекалық Несиелерді Кепілдендіру Қоры" АҚ "Қазкоммерцбанк" АҚ және "ҚИНКҚ" АҚ-ның өзара ынтымақтастығы аясында Сіз жақын күндері тиімді шарттар негізінде кепілдендірілген ипотекалық несие ала алатыңызды хабарлайды (қызмет қолданысқа енгізілетін күн қосымша хабарланатын болады) . Ал "ҚИНКҚ" АҚ жұмысы туралы ақпаратты Сіз дәл қазір ала аласыз.

Жаңа автокөлiктi сатып алу үшiн несиелеу бағдарламасы

Несиелеу шарттары:

Несие валютасы: теңге, АҚШ доллары және еуро.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Екінші деңгейлі банктердің атқаратын қызметтеріне баға беру
Коммерциялық банктер – коммерциямен айналысатын ерекше кәсіпорын
Коммерциялық банктердің активтерінің сипаты және сапасын талдау
Қазақстандағы тұтыну несиесінің қазіргі жағдайы және оны талдау
«Қазкоммерцбанк» АҚ-да іс-тәжірибеден өту есебі
Банк активтерінің есебі мен аудитін ұйымдастыру
Қазкоммерцбанк» акционерлік қоғамына жалпы сипаттама
Лизингтің мәні және экономикадағы ролі
Банктік несие
Еліміздің банктерімен тартырлған қаржы ресурстарын талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz