Жаңа туған сәби өлігіне сот-медициналық сараптама


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Заң факультеті
Криминалистика және сот сараптамасы кафедрасы
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
жаңа туған сәби өлігіне
сот-медициналық сараптама
Орындаған: 4 курс студенті Байдәулетова А. Н.
Ғылыми жетекшісі,
м. ғ. к.
доцент Қарагөбенов Қ. Д.
Норма бақылаушы
аға оқытушы Бекишева А. К.
Кафедра меңгерушісінің
з. ғ. д., профессор Исаев А. А.
рұқсатымен қорғауға жіберілді.
« » 2010 ж.
Алматы, 2010
РЕФЕРАТ
Дипломдық жұмыс еліміздегі және шет елдердегі орын алып жатқан, қылмыстық заңдарда тыйым салынған қылмыстар, соның ішіндегі сәбиді өлтіру фактілері болғандығын немесе жалғандығын анықтау, қылмыстың туындау себептері, қоғамға және қоршаған ортаға тиетін зардабы, олардың еліміздегі және шет елдердегі статистикалық көлемі және олармен күресу амалдары баяндалған.
Жоғарыда аталып кеткен қылмыстар орын алып, оларға сот-медицина сараптамасы тағайындалған жағдайдағы сот-медицина сараптамасы қызметкерлерінің белгілі бір іске қатысты күдікті тұлғаны немесе жәбірленушіні қарау кезіндегі ережелер мен талаптарға үлкен көңіл бөлінген.
Аз болса да кездесесетін жайттарда сәби өліміне байланысты сараптаманы дұрыс орындау мен зерделеу мәселесі қаралған.
Бітіру жұмысында анкеталар мен кестелер қосымша ретінде берілген.
Жұмыстың құрылымы зерттеудің негізгі мақсаты мен пәніне сай келеді. Дипломдық (бітіру) жұмысы кіріспеден, үш тараудан, төрт тармақтан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен нормативтік-құқықтық актілерден тұрады.
ГЛОССАРИЙ
Сараптама деген термин латын тіліндегі «ехрегtuz», яғни білгір, арнаулы білім, тәжірибе деген сөздерден туындайды. Сараптама - қылмыстық немесе азаматтық істерді дұрыс шешуде маңызды, нақты деректер мен жағдайларды анықтау мақсатында тергеушінің (соттың) тапсырмасымен заттай дәлелдемелерді және материалдарды зерттеуге сарапшы (арнаулы білім иесі) қатыстырылатын іс жүргізу әрекеті.
Сот-медицина сараптамасы - дәрігердің заңда белгіленген құқықтық нормаларды сақтай отырып, сот-медицина ғылымының деректерін қылмыстық немесе азаматтық істер фактілерін зерттеу барысында нақты қолдануы мен тергеуі және сот органдарының өкілдеріне қорытынды беруі. Бұл істі атқаратын дәрігерлер сот медицина сарапшылары немесе сарапшы дәрігерлер деп аталады.
Виктимология - криминологияның бір тарауы, қылмыстық әрекеттің құрбаны туралы ілім. Виктимология құрбан адамның жеке басын, қылмыскер мен құрбандықтың арасындағы қарым-қатынасты, құрбандыққа ұшырауының мінез-құлқын және қылмыстылық пен қылмыстың туындауына оның тікелей әсерін зерттейді.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . 5
1 СОТ САРАПТАМАСЫН ТАҒАЙЫНДАУ ЖӘНЕ ЖҮРГІЗУ ТАКТИКАСЫ . . . 10
1. 1 Тергеу үстінде арнаулы білім қолданудың түсінігі. . 10
2 Жаңа туған сәби өлігіне сот-медициналық сараптамаларын ұйымдастыру және жүргізу ережелері. . …. . 13
2. 1 Жаңа туған сәби өлігіне сот-медициналық сараптамаларын ұйымдастыру және жүргізу ережелері. . . 13
2. 2 Жаңа туылғандық, кезеңдері, белгілері. . …. 27
2. 3 Жаңа туған сәби өлігіне байланысты сараптама . . . 42
3 Қылмыстылықтың туындау факторлары. 48
Қорытынды . . ………. 54
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . ……… 56
Кіріспе
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық кейбір жағдайлардағы жаңа туған сәби өлігіне сот-медициналық сараптама жүргізудің өзіндік ерекшеліктері мен сипаты және осы істің қылмыстық іс жүргізуде алатын орнын, маңызын, сонымен қатар, жаңа туған сәби өлігіне жүргізілетін тексеру ісінің мақсаттары мен міндеттерін анықтауға арналады.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Жаңа туған сәбиді өлтіру қылмыстарының саны жөніндегі мәліметтер, басылымдар алуан түрлі. Мәселен, Батыс елдерінде мұндай қылмыстар жалпы орын алып жатқан қылмыстардың 5%-ын, ал Еуропа елдерінде 1%-ын алып жатыр делінген. Ал, Қазақстанның 1990-1998 жылдардағы сәби өлімі таралымы жалпы тіркелген қылмыстардың 0, 8%-ын ғана құрайды және сәби өлімі қылмыстары Қазақстанда жалпы қылмыстардың ең аз пайызын құрайды, сонымен қатар оның өсуі екіталай деп сендірген зерттеушілер. Жаңа туған сәби мәйітіне сот-медициналық сараптама бала өлтіру мүмкін екендігіне байланысты жүргізіледі.
Бала өлтіруге анасының босану кезінде немесе босанғаннан кейін өз баласын өлтіруі жатады. Жаңа туылғанның өмірін басқа адамның, тіптен оның әкесінің қиюы бала өлтіру емес, адам өлтіру болып сарапталады. Мәні жағынан бірдей бұл қылмыстық іс-әрекетке түрліше заңдық баға беру босану кезінде немесе іле-шала содан кейін анада болатын психозбен - «Ашаффенбургтың сасқалақтау жан күйзелісімен» байланысты. Мұндай күйде әйел-ана өз әрекетіне дұрыс баға бере алмай өз баласын өлтіріп қоюуы да мүмкін.
Мұндай жағдайларда сот-медициналық сараптама жүргізу керек. Сондықтан да «бала өлтіру» термині анаға және жаңа туылған нәрестеге ғана қолданылады. Сонымен қатар, мұндай «жазаланбайтын» әрекеттің тасасында қасақана, алдын ала ойластырылған бала өлтіру болуы мүмкін. Егер ана баласын ол жаңа туылғандарға жатпайтын кезде өлтірсе, онда ол бала өлтіру емес адам өлтіру деп сараланады.
Бала өлтіргендік үшін жаза қарастырылған арнайы бап көптеген бұрынғы одақтас республикалардың-Украина, Өзбекстан, Латвия, және т. б Қылмыстық Кодекстерінде бар. Ресей Федерациясында ондай қылмыскерге адам өлтіргендік үшін жаза қарастырылған. 103-бап ҚК бойынша айып тағылады.
Кейде баласын өлтірген анада ашық психоз дәрежесіне жетпеген психика бұзылуы болуы мүмкін. Оның сот-психиатриялық сараптама растаған мұндай күйі, егер ол бала өлтіру кезінде орын алса, жазаны жеңілдететін мән-жайға жатады.
Іс-әрекетті заң тұрғысынан дұрыс бағалау үшін сот-медициналық сараптама жүргізу кезінде, алдымен баланың жаңа туылған екендігін анықтап алу алу керек. Егер оның жаңа туылған екендігін сараптама жоққа шығарса, онда іс-әрекет бала өлтірушілік деп сарапталмайды. Іс-әрекетті заң тұрғысынан бағалаудың сот-медициналық сарапшының қорытындысына тікелей байланыстылығы оның өз тұжырымының мазмұны үшін заң алдындағы жауапкершілігін көтереді.
Анасы белгілі нәрестенің мәйітіне мұндай сараптама-зерттеу сирек жүргізіледі. Әдетте ол қоқыс арасынан, арық-шұқырлардан, шөп арасынан тауып алынған мәйіттерде жүргізіледі. Олардың аналары белгісіз, бұл жерде бала өлтірушіліктің болу мүмкін. Сондықтан да сот-медициналық сараптама қажет. Ал, ондай сараптама зерттеудің арнайы амалдары мен әдістерін қолдануды керек ететін бірқатар айрықша мәселелердің шешілуімен
Қазақстан Республикасы өзін тәуелсіз мемлекет деп жариялағалы 19 жылдай уақыт өтті. Осы уақыт ішінде атқарылған оң істер аз емес. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі осы уақыт ішінде Қазақстан үлкен жолдан өтті. Елде дәйекті түрде саяси, экономикалық және әлеуметтік реформалар іске асырылып келеді. Біз мемлекеттік құрылыс пен демократияны дамыту саласында да көп алға ілгеріледік, Қазақстан нарықтық экономикалық ел деп танылды. Біздің мемлекетіміз дүниежүзілік қауымдастықтың толық құқықты мүшесі мен халықаралық бірігу үрдістерінің жұрт таныған жетекшісіне айналды. Қазақстан қоғамын реформалауда, өмірдің негізгі салаларын қамтитын-саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құндылықтарды сақтау мен іске асыруда адамның құқығы мен бостандығы негізгі фактор болып табылады. Адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, бостандықты қадірлеп сақтайтын құқықтық мемлекетке жету мүмкін емес. Демократиялық мемлекетте жеке адамның құқығы мен бостандығын қамтамасыз ету қашанда өзекті мәселе болып келеді.
Қазіргі таңда, дамыған қоғамымызда жеке адамға қатысты бірнеше қылмыстық іс-әрекеттер орын алып, ұйымдастырылып жатқандығы белгілі. Жалпы, адамзат тарихында мейлі ол, орта ғасыр болсын, тіпті, ежелгі дәуір болсын адамға қатысты қастандық ісі болып келген. Осы жерде туындайтын басты мәселе сол қылмыстық іс-әрекеттің әшкереленіп, қылмыскердің тиісті жазасын алуы болып табылады. Ал, қылмыстық істің өз кезегінде ашылуы мен сәтті жүргізілуі үшін, тергеуші қызметінің жан-жақтылығы мен кәсібилігінде екендігінде дау жоқ. Сонымен қатар, орын алған қылмыстық іс-әрекеттің уақытында ашылуы, тергеушінің алғаш ақпарат алғаннан кейінгі әрекеті, яғни өлікті табылған жерінде тиянақты да, толық, әрі нақты тексеріп қарау.
Өз бойында ерекше тәртіпті қалыптастырған өлікті табылған жерінде тексеріп қарау ісі-ерекше білімділік пен сақтықты, сонымен қатар жан-жақтылықты талап етеді. Сонымен бірге, тергеушінің іс-әрекетіне көмекке келетін көмекші-мамандардың қызметін жұмылдыратын аса бір ұйымдастырушылық та қажет. Ең бастысы, өз ісінің терең білімді және бәсекеге қабілетті болатындай әр маманның теориялық білімімен қатар жүретін, іс-тәжірибелік дағдысы да болғаны жөн. Міне, осы жоғары да атап өткен тергеуші мен оның көмекшілеріне тән қасиеттерді болашақ осы мамандарды даярлап, оны бойларына сіңіруде арнайы пәндерді оқыту ісінде қалыптасқан деңгейді арттыра түсуді қажет етіп отыр.
Осыдан келе мынадай ой түйіндейміз, біріншіден, қарастырып отырған кейбір жағдайлардағы жаңа туған сәби өлігіне сот-медициналық сараптама жүргізу мәселесі заң ғылымында теориялық және практикалық және орын алған қылмыстық іс-әрекетті ашып көрсетуде зор маңызы бар, өз зерттеуін күтіп тұрған мәселе деген қорытынды жасауға болады. Бұл зерттеліп отырылған тақырыптың өзектілігінің дәлелі.
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Осы дипломдық жұмысты жазу барысында алдыға қойған мақсатым қылмыс болған жағдайларда жаңа туған сәби өлігіне сот-медициналық сараптама жүргізудің маңыздылығы мен оның кейбір жағдайлардағы ерекшелігін жан-жақты зерттеу болып табылады. Сонымен қатар, осы тақырыптың қазіргі таңдағы маңыздылығын анықтауды да диплом жұмысының негізгі мақсатымыз етіп алдық.
Дипломдық жұмыстың мақсатына сай міндеттері айқындалды.
1. Жаңа туған сәби өлігін зерттеп қараудың жалпы жағдайы туралы мәліметті ашып көрсету;
2. Қазақстандағы қылмыстық құқық жүйесінің жалпы тарихына тоқталып, өлікті сот медициналық сараптаудың өзектілігін ашып көрсету;
3. Өлікті тексеріп қараудың ерекшеліктері мен негізгі түсініктерін ашып көрсету;
4. Механикалық зақымданудың жалпы сипаттамасы мен сараптама үрдісін ашып көрсету;
Әлемдегі орын алып жатқан жаңа туған сәбиді өлтіру қылмыстардың динамикасы жайлы пікірлер сан түрлі. Бірқатар зерттеушілер осы қылмыс түрінің динамикасына жүкті болуды жоспарламағандарда, зорлау әрекеті болған әйелдерде мұндай қылмыс жасауға жақын тұрады деп ескереді. Осы сауалды зерттеуге құрылған арнайы комиссия, порнографиялық басылымдардың өсуі жыныстық қылмыстардың деңгейін төмендетуге өз әсерін тигізеді деп ескереді. Әрине, мұндай ғылыми шешімдер Үкіметтің порнографиялық басылымдарға наразылық ұстанымына өзінің кері әсерін тигізбей қоймайды. Басқа зерттеу жүмыстарына көз жүгіртсек, мұндай порнографиялық өнімдердің көлемінің өсуі, жыныстық қылмыстардың деңгейінің төмендеуіне емес, олардың тек сипаттық өзгеруіне әкеп соғады, өз кезегінде белгілі бір жыныстық қылмыстардың сандық көрсеткіштерінің өзгеруі ықтимал. Мысалы, порнографияның кәмелетке толмағандарды азғындыру әрекеттері санына әсерін тигізгенін ескере кеткеніміз жөн.
Зерттеулеріміздің көрсеткіштеріне қарасақ, соңғы 15 жыл ішінде педофилия әрекеттеріне қатысты жүргізілген сот-медицина сараптамаларының саны күрт өсті, сол мезетте қан араласу істеріне қатысты тағайындалған сараптамалар саны төмендеді. Әрине, мұндай сараптамаларды жыныстық қылмыстардың абсолютті объективті динамикасының критериі ретінде қолдана алмаймыз, себебі жыныстық қылмыстардың көрсеткіштері мұндай сараптамалармен анықталмайды.
Кеңес дәуірінен бастап бүгінге дейін жарық көрген қылмыстық заңдардың баршасында сәбиді өлтіру, азғындық әрекеттер, еркек аралық қатынастар сияқты жыныстық қылмыстар үшін жаза қолдану бәріне мәлім. Ал осы сәбиді өлтіру деген сөзге тоқталып, түсінік беріп, ашып өтсек.
Еліміздің Қылмыстық Кодексінде «Жаңа туған сәбиді өлтіру» деп көрсетілген термин жеке адамға қарсы жасалатын ауыр қылмыстардың бірі деп саналады. Бұл қылмыстық әрекеттің қоғамға қауіптілігі сол-адамға туғаннан берілетін, оның өмірге деген, шексіз құқығы бұзылады. . Адам өлтірудің бұл түрінің ерекшелігі сонда-заң оны жеңілдететін мән-жайлар бола алатын кейбір объективтік және субъективтік факторлармен байланыстырады.
Жүктілік (көбіне, қажетсіз) және физиологиялық туу әйел психикасын теріс әсер етуі мүмкін. Босанған әйелдің бұл қылмыстық әрекетті жасаған кездегі патологиялық жағдайы оны жеілдететін мән-жайлар ретінде қарауға негіз болады.
Жәбірленуші, бұл жерде-жаңа туған сәби, сот медицинасында ол физиологиялық туудан бастап адам санатына кіреді.
Қылмыстың объективті жағы жаңа туған сәбиді өлтіру сияқты заңға қайшы әрекетпен сипатталады. Бұл қылмыс белсенді әрекетпен де, әрекетсіздікпен де жүзеге асырылуы мүмкін. Мысалы, баланы тамақтандырмау. Егер анасы сәбиін туып жатқан кезде немесе босануға байланысты немесе басқадай себептермен (әке баладан бас тартуы, баланың некесіз тууы, тұрмыс нашарлығы, баспананың жоқтығы және т. б. ) психикасының бұзылуы ықтимал алғашқы бір тәулік ішінде, паталогиялық жағдайда өлтірсе, бұл жеңілдететін мән-жайлар болуы мүмкін. Баланы анадан бөлініп шығып өзінше өмір сүре бастағанда өлтіру де және оны ана құрсағынан шықпай жатып (бала сыртқа шыққанша оның басынан ұру арқылы) өлтіру де бала өлтіргендік болып саналады. Егер өлі балаға өмірге қауіпті соққы берсе, онда бұл жарамсыз объектіге оқталғандық болып саналады. Бұл әрекет ҚР ҚК 24 бабына сілтеме жасалынып 97 бап бойынша сараланады.
Іс-әрекетті заң тұрғысынан дұрыс бағалау үшін сот-медициналық сараптама жүргізу кезінде, алдымен баланың жаңа туылған екендігін анықтап алу алу керек. Егер оның жаңа туылған екендігін сараптама жоққа шығарса, онда іс-әрекет бала өлтірушілік деп сарапталмайды. Іс-әрекетті заң тұрғысынан бағалаудың сот-медициналық сарапшының қорытындысына тікелей байланыстылығы оның өз тұжырымының мазмұны үшін заң алдындағы жауапкершілігін көтереді.
Анасы белгілі нәрестенің мәйітіне мұндай сараптама-зерттеу сирек жүргізіледі. Әдетте ол қоқыс арасынан, арық-шұқырлардан, шөп арасынан тауып алынған мәйіттерде жүргізіледі. Олардың аналары белгісіз, бұл жерде бала өлтірушіліктің болу мүмкін. Сондықтан да сот-медициналық сараптама қажет. Ал, ондай сараптама зерттеудің арнайы амалдары мен әдістерін қолдануды керек ететін бірқатар айрықша мәселелердің шешілуімен байланысты.
Дипломдық жұмыстың пәні - Қазақстан Республикасындағы және шет елдердегі жаңа туған сәби өлігіне тағайындалған сот-медицина сараптамасы қызметіне байланысты қүқықтық қатынастар болып табылады.
Дипломдық жұмыстың объектісі - аталған жүмыстың объектісі болып жаңа туған сәбиді өлтіру қылмысына тағайындалған сот-медицина сараптамасының белгілі бір қылмыстық істі шешудегі маңызы, сот-медицина қызметкері мен жәбірленушінің немесе күдікті (сезікті) тұлғаның арасындағы қызметтік және қүқықтық қатынастар танылады.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері - елімізде орын алып жатқан жаңа туған сәбиді өлтіру қылмыстарының алдын алу, болдыртпау шаралары және оларды ашу жолында дұрыс және оңтайлы сараптама жүргізу, статистикаға сүйене отырып, сот-медицина сараптамасының құқықтық жағдайының заңмен реттелу тәжірибесін талдап қорыту, ғылыми зерттеу жүргізу, теориялық және практикалық тұжырымдарды негіздей келе жыныстық қылмыстарды ашу жолдарына үсыныстар жасау.
Дипломдық жұмыстың нормативтік негізін - Қазақстан Республикасының Конституциясы, ҚР Қылмыстық заңдары, отбасы қатынастары аясындағы заң актілері, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары, Қазақстан Республикасы Денсаулық Сақтау Министрлігінің қаулылары құрайды.
Бітіру жұмысының әдістемелік негізін - жалпы диалектикалық танымдық әдістермен қатар, медициналық, заңи логикалық, жүйелік, тарихи, салыстырмалы, әлеуметтік ғылыми әдістер қолданылды. Теориялық негізін Қазақстандық, Ресейлік, Польшалық тағы басқа ғалым-заңгерлердің, медицина саласын жетік меңгерген ғалымдардың сот-медицина сараптамасы аясындағы ғылыми еңбектер мен тұжырымдар, статистикалық деректер мен нормативтік құқықтық актілер құрайды.
Жұмыстың құрылымы зерттеудің негізгі мақсаты мен пәніне сай келеді. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, он алты бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер мен нормативтік құқықтық актілер тізімінен тұрады.
1 СОТ САРАПТАМАСЫН ТАҒАЙЫНДАУ ЖӘНЕ ЖҮРГІЗУ ТАКТИКАСЫ
1. 1 Тергеу үстінде арнаулы білім қолданудың түсінігі
Құқық қорғау, оның ішінде тергеу органдарының қылмысқа қарсы жүргізілетін жұмыстарының пәрменділігі және нәтижелігі қылмысты ашуға, оны дәлелдеуге химияның, медицинаның, физиканың ғылыми-техникалық басқа да ғылымдар саласының жетістіктерін кең түрде пайдаланумен тікелей байланысты. Ерте заманнан бері заңгер криминалисттер жасалған қылмысты дәлелдеуге объективті деректер табу жолында біраз ізденістер жүргізген. Тергеу әрекеттерінің көбін жүргізу арқылы алынған деректі дәлелдемелерде белгілі бір субъективті элементтердің болуы мүмкін. Мысалы жауап алу, тану үшін көрсету, тағы басқа да тергеу әрекеттерін жүргізуде алынған дәлелдемелерде кейбір субъективті пікірлердің, тұжырымдардың болуы мүмкін. Осы түрғыдан объективті қылмыстың мән-жайы жөніндегі мәліметтерді арнайы зерттеу, сараптауда ғылыми-техникалық тәсілдер мен әдістер қолдану арқылы алуға болады. [20. 56]
Осы тұрғыдан алғанда объективті дәлелдемелерді алудың бірден-бір жолы - істің мән-жайын анықтауға ғылыми-техникалық тәсілдер мен әдістер қолдану арқылы алуға болады.
Тергеу кезінде арнаулы білім қолданудың екі түрі бар: бірі -тергеу әрекеттерін жүргізгенде істің кейбір мән-жайын анықтау үшін арнайы білімі бар маманды қатыстыру да, екіншісі - сот сараптамасын тағайындау. Тергеу әрекетіне, атап айтқанда: оқиға болған жерді қарауға, тергеу экспериментін жүргізуге, т. б қатынасқан маман арнайы жеке құжат жазбайды, өзінің арнаулы білімін қолдану арқылы анықталған істің мән-жайларын, осы жөніндегі пікірін тергеушіге хабарлайды, оның тұжырымды қорытындысы тергеу әрекеті бойынша тергеушінің жазған хаттамасында көрсетіледі. Іс бойынша сараптама тағайындалғанда арнаулы білімі бар маман-сарапшы өз мамандығына байланысты сұрақтарын зерттеулер жүргізу арқылы жеке акт (қорытынды) жазып береді. Тергеу және сот үстінде арнаулы білім қолданудың екінші түрі - сараптама тағайындау. [7. 86]
Сараптама деген термин латын тіліндегі «ехреrtuz», яғни білгір, арнаулы білім, тәжірибе деген сөздерден туындайды. Сондықтан істің кейбір мән-жайларын анықтау үшін арнаулы білім қолданып, зерттеу тәжірибелерін жүргізу керек болса сот сараптамасы тағайындалды.
Кейбір заң әдебиетінде сараптама деген терминнің орнына сарапшылық деген сөз қолданылып жүр. Сарапшылық деген бұл тергеу әрекетінің мағынасына, түсінігіне толық сай келмейді. Жоғарыда айтқандай экспертизаның мақсаты сараптау емес, арнаулы білім, арнайы әдіс, кұрал-саймандар қолдану арқылы зерттеу. Міне, осыған байланысты сараптама жүргізу процессін эксперттік зерттеу деп атайды. Осындай зерттеу үстінде кейбір объектілерді, заттарды, т. б. жіктеп іріктеп сараптауға да тура келеді, бірақ бұл тергеу әрекетінің негізгі міндеті, жоғарыда айтқандай, сараптау емес арнаулы білім қолдану. Көп мемлекеттерде тергеу үстінде осындай тергеу әрекеті жүргізіледі және оны сот экспертизасы деп атайды. Сондықтан сот экспертизасы деген термин халықаралық деңгейде толық қалыптасқан термин. Сараптама тағайындау, сараптамалық зерттеулер жүргізудің теориялық және тәжірибелік мәселелерін оқытатын арнайы сот экспертологиясы дейтін ілім бар. [10. 22]
Жоғарыда көрсеткендей арнаулы білім қолдану керек жағдайда сот-сараптамасы тағайындалады. Қай саладағы арнаулы білімді қолдану керектігін, қандай сот-сараптамасын тағайындау керек екендігін тергеуші, сот, прокурор шешеді. Осыған байланысты сараптаманы керек жағдайда тағайындау - ол арнаулы білім деген ұғымға не жататындығын дұрыс анықтауға байланысты. Өкінішке орай, заңгер ғалымдар бұл мәселеде әзірге бір тұжырымға келе қойған жоқ. Кейбір ғалымдар жалпыға ортақ білім мен арнаулы білімнің өзара ерекшелігі субъективті сипатта болады, ол ерекшелікті нақты жағдайға байланысты тергеуші ғана шешеді деп есептейді. Сондай-ақ, осыған пікірлес басқа да ғалымдардың арнаулы білімді жалпы тұрмыстық білім мен жалпыға ортақ білімді өзара салыстыру арқылы анықтауға болады деген пікірі сендіре қоймайды. Біздің ойымызша «арнаулы білім» деген ұғым ғылым мен техника саласында мамандығы бар деген үғыммен тікелей байланысты. Сондықтан «арнаулы білім», дара сипаттағы мамандық үғымын, сондай-ақ арнайы кәсіби білім алу арқылы арнаулы еңбектің қайсыбір түрімен шүғылдану үстінде оны толық игерген маман ұғымының аясында қарауды дұрыс деп санаймыз.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz