Әкімшілік жауаптылықтан босату институтындағы құқықтық қатынасты ізгілендіру мәселесі


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:
Қазақстан Республикасының Ішкі Істер Министрлігінің Алматы
Академиясы
Әкімшілік - құқықтық пәндер кафедрасы
ӘҚП кафедрасының бастығы
полиция полковнигі Әмитов Ш. Е.
қорғауға 2011 ж.
(жіберіледі, жіберілмейді)
«Әкімшілік жауаптылықтан босату институтындағы құқықтық қатынасты ізгілендіру мәселесі»
тақырыбына
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
050303 «Құқыққорғау қызметі» бакалавриат мамандығы бойынша
Орындаған: 4 курс тыңдаушысы
Абилқасимов А.
Ғылыми жетекші: Әкімшілік-құқықтық
пәндер кафедрасының доценті,
О. Қ. Ақымбеков
Алматы 2011 ж.
Мазмұны:
Кіріспе . . . 3
1. Әкімшілік құқықтық жауаптылықтың ұғымы, белгілері . . . 6
1. 1 Әкімшілік жауаптылықтың негізі . . . 10
1. 2 Әкімшілік құқық бұзушылық ұғымы, белгілері . . . 20
2. Әкімшілік құқық бұзушылық құрамы, элементтері . . . 23
2. 1 Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғаларға қолданылатын әкімшілік жазалар . . . 31
2. 2 Әкімшілік жауаптылықтан босатудың ұғымы және түрлері . . . 39
Қорытынды . . . 56
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 58
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі әкімшілік жауаптылықтан босатудың тәртібін және негізін талдау. Әкімшілік жауаптылықтан босату жолдарын жетілдіру мәселесін көтеру.
Заңға сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғаны әкімшілік жазаға тарппай-ақ жауаптылықтан босату мүмкіндігі қарастырылған, ол әрине бірінші рет осындай құқық бұзушылық жасаған тұлғаға және ол құқық бұзушылық жасалғаннан кейін шын мәнінде өкініп, келтірілген зардаптың орнын толтырса тиісті істі қарастырушы органдар, лауазымды адамдар бұл құқық бұзушылық жасаған тұлғаны әкімшілік жауаптылықтан босатуы мүмкін. Ал бұл жауаптылықтан босату институтының заңда қарастырылуының өзі біздің заңымыздағы ізгілік қағидасының жүзеге асырылып жатқанының айғағы десек болады.
Бүгінгі таңдағы еліміздегі заңдылықты қаматамасыз ету мәселесінде ізгілік, «декриминализация» мәселесі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы заңгерлермен жиі талқылануының арқасында ҚР қылмыстық кодексіне өзгертулер енгізіліп, көптеген қылмыстар әкімшілік құқық бұзушылыққа ауыстырылды. Соның салдары ретінде әкімшілік жауаптылықтан босату институындағы құқықтық қатынастың маңызын осы диплом жұмысымда талдадық.
Әкімшілік жауаптылықты әкімшілік кұқық бұзушылық құқықтық жауаптылық ретінде қарауға болады. Бұл орайда ескеру керек, қол сүғудың объектісі мемлекеттік басқару аясында сондай-ақ кейбір басқа да қатынастар болып табылады. Мәселен, әкімшілік жауаптылық, бір жағынан, кеден, салық қатынастарына, менщікті сақтауға, азаматтардың қүқықтарын, табиғатты, халықтың денсаулығын, сауданы, т. б. қорғауға байланысты қатынастарға қол сұққаны үшін белгіленеді.
Әкімшілік жауаптылыққа жалпыға бірдейлік сипаты тән (өрт қауіпсіздігі ережелері, құрылыс ережелері, т. б. ), ол мыналардан көрініс табады: біріншіден, ережелердің барлық азаматтар мен занды тұлғалар үшін жалпы міндетті болатындығынан, оларды сақтамау әкімшілік жауаптылыққа әкеп соқтырады; екіншіден, барлык жағдайларда әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін жауаптылық мемлекет алдында болады, мемлекет осындай бұзушылықтар туралы істерді қарау және жазалар қолдану жөніндегі органдардың (лауазымды адамдардың) өкілеттіктерін белгілейді. Өзінің жалпыға бірдейлігі жағынан әкімшілік жауаптылық қылмыстық жауаптылыққа ұқсас, бірақ тәртіптік, сондай-ақ азаматтық-құқықтық жауаатылықтан өзгешеленеді, онда жауаптылық, негізінен, шарттық және шарттық емес азаматтық-құқықтық немесе еңбектік қатынастар субъектілерінің алдында болады.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамдарды, мысалы, теріс қылық онша елеулі болмаған жағдайда, әкімшілік жауаптылықтан босатудың негіздерін, шартгары мен салдарларын белгілейді. Әкімшілік жауаптылықтан босату сондай-ақ қоғамдық ықпал жасау шараларымен немесе жауаптылықтың басқа түрімен (мысалы, тәртіптік) ауыстырудан да не болмаса жауаптылықтың ұзақ мерзімді шараларын қысқартудан (мысалы, аң аулау құқығын жоюдан) көрініс табуы мүмкін. Шындығында, барлық аталған жағдайларда уәкілетті органдар мен лауазымды адамдар құқықтық нұсқамаларды бұзған адамдарды қандай да болмасын бір түрінде әкімшілік жауаптылықтан босатуды жүзеге асырады.
Әкімшілік жауаптылықтан босатудың өзгеше бір жолы юрисдикциялық орган мен оның лауазымды адамдарының қандай да болмасын бір себептермен әкімшілік жаза қолданудың ескіру мерзімін, яғни кінәліні әкімшілік жауапқа тарту мерзімін өткізіп алуы болып табылады.
Әкiмшiлiк құқық бұзушылықпен келтiрiлген зиян елеусiз болған жағдайда судья, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстi қарауға уәкiлеттi орган (лауазымды адам) әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адамды, ауызша ескерту жасаумен шектелiп, әкiмшiлiк жауаптылықтан босата алады.
Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың елеусiздiгi - бұл басқа мән-жайлармен қатар осы бөлiмнiң ерекше бөлімнің баптарында көзделген санкцияның әкiмшiлiк құқық бұзушылықпен келтiрiлген зиянның мөлшерiнен асып кететiндiгi ескерiлетiн жағдайлар.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер жәбірленушінің өтініші бойынша ғана қозғалады және ол әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адаммен бітімгершілікке келгеннен кейін тоқтатылуға жатады.
Бітімгершілікке келу жәбірленуші мен әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адам қол қойған жазбаша келісім негізінде жүзеге асырылады.
Диплом жұмысында әкімшілік жауаптылықтың негізі, әкімшілік құқық бұзушылық құрамы және әкімшілік жаптылықтан босату мәселелері кеңінен талқыланған.
Диплом жұмысының мақсаты - әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғаны әкімшілік жауаптылықтан босату негіздері мен түрлерін ашып көрсетуден тұрады.
Диплом жұмысының негізгі міндеттері:
- Әкімшілік құқық бұзушылықты талдау мәселесін қарастыру;
- Әкімшілік жауаптылықтан босату мәселесіне әкімшілік-құқықтық сипаттама беру;
- Әкімшілік жауаптылықтан босату инстиутын жетілдіруге бағытталған әдістермен, ұйымдастырушылық және құқықтық шараларды талқылау.
Диплом жұмысының заты және объектісі. Қарастырылатын жұмыстың мәселесін кешенді түрде зерттеуге сәйкес зерттеудің объектісі әкімшілік жауаптылықты талдаудағы құқықтық қатынастың мәселелері болып табылады.
Диплом жұмысының методологиялық және теориялық негізі жоғарыда көрсетілген міндеттерді орындау жолында біз материалистік диалектика заңдарына және категорияларына, дүниетанымдық теорияның. әсіресе әлеуметтік құбылыстарды зерттеудің негізгі тұжырымдарына, сондай-ақ құқықтық құбылыстарды зерттеудің әдістемелік іліміне сүйендік. Зерттеу процесінде формальдық логиканың ережелері, талдау мен жинақтау, салыстырмалы құқықтық және сатистикалық, нақтылы- социологиялық әдістемелер пайдаланылды.
Диплом жұмысының ақпараттық негізін Қазақстан Республикасының конституциясы, нормативтік - құқықтық ақпараттар, Үкіметтің қаулылары, ҚР ІІМ бұйрықтары, нұсқаулықтары, халықаралық конференциялардың материалдары, шетел және отандық ғылыми әдебиеттер, периодикалық баспалар мен интернет жүйесіндегі ақпараттар құрайды.
Диплом жұмысының нәтижесі және тәжірибелік мәні әкімшілік жауаптылықтан босатудың өзіндік ерекшеліктері мен қасиеттері жөніндегі ғылыми тұжырымдарды одан әрі жетілдіруге бағытталған тұжырымдар мен ұсыныстар. Сонымен қатар зерттеудің тәжірибелік мәні оның теориялық қорытындыларын, тәжірибелік ұсыныстарын ғылыми зерттеу жұмысында, білім беру процесінде пайдалануға болатындығында.
Жұмыстың құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, негізгі төрт бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
1. Әкімшілік құқықтық жауаптылықтың ұғымы, белгілері
Әкімшілік жауаптылық дегеніміз бұл кінәлі адамға әкімшілік құқығының зерттеу тақырыбы болып табылатын қоғамдық қатынастарды реттейтін әкімшілік құқықтық нормаларды бұзғаны үшін қолданылатын әкімшілік мәжбүрлеу шаралары. [1] .
Әкімшілік жауаптылық қылмыстық, азаматтық және тәртіптік жауаптылықтармен қатар заңдық жауаптылықтардың бір түрі болып табылады. Оны мемлекет жауаптылықтың негіздерін, бұзушыларға қолданылуы мүмкін болатын шараларды, құқық бүзушылық туралы істерді қараудың және осы шаралардың орындалу тәртібін айқындайтын құқықтық нормалар шығару жолымен белгілейді.
Құқық теориясында заңдық жауаптылық құқық бұзушылық болған жағдайда құқықтық санкцияны жүзеге асыру, құқық бұзушыға жаза қолдану ретінде үғынылады, өйткені ол еңбек тәртібін бүзған үшін сөгісте де, әкімшілік айыппұлда да, бас бостандығы еркінен айыруда да, азаматтық-құқықтық айыпта да болады.
Заңдық айғақ - әкімшілік құқық бұзушылық болған кезде - құқықтық норма санкциясының механизмі іске қосылады, сөйтіп санкция жазаны қолдануға болатын мүмкіндігінен шынайы жазаға, яғни әкімшілік жазаға айналады.
Әкімшілік құқықта әкімшілік мәжбүрлеудің толып жатқан шараларының ішінен (тексеру, реквизициялау, ұстау, алып қою, т. б. ) Тек әкімшілік жазалар ғана жазалау функциясын атқарады жене тек соларды қолдану ғана әкімшілік жауаптылықтың туындауына әкеп соқтырады Сонымен, әкімшілік жауаптылық- бұл әкімшілік-кұқықтық санкцияларды жүзеге асыру, уәкілетті органның немесе лауазымды адамның құқық бүзушылық жасаған азаматтарға, заңды тұлғаларға әкімшілік жазалар қолдануы.
Әкімшілік жауаптылықты заңдық жауаптылықтың барлық түрлері үшін жалпы ортақ болатын кейбір белгілері сипаттайды. Біріншіден, ол мемлекеттік мәжбүрлеу болып табылады, өйткені биліктік өкілеттіктер мемлекеттік билік органдары арқылы жүзеге асырылады.
Екіншіден, бұл заңдылық пен құқықтық әділеттіліктің жалпы қағидаларына бағынатын құқықгық мәжбүрлеу. Әкімшілік жауаптылық оның көлемі мен шегін құқықтық регламентациялау, нақты әкімшілік жазалардың негіздемелерін, мазмұнын және жүзеге асырудың процессуалдық нысандарын нормативтік белгілеу негізіңде қолданылады. Әкімшілік жауаптылықтың құрамдық элементтерің реттейтін нормалар жиынтығы әкімшілік кұқықтың дербес институты болып табылады.
Үшіншіден, ол құқық бұзушылар үшін құкықтық норманың санкциясында қаралған жағымсыз салдарлардың туындауына әкеп соқтырады. Әкімшілік жауаптылық шаралары өзінің мазмұны бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте қаралған бұзушылардың құқықтары мен бостандықтарын жоюдан немесе шектеуден көрініс табады, өйткені басқаша жолмен бұл түлғаларға мәжбүрлеп ықпал жасау мүмкін емес. Құқық бұзушы үшін жағымсыз салдарлар моральдық (ескерту), материалдық (айыппұл, тәркілеу, өтемін төлеп алып қою) немесе дене күшін жүмсау сипаты бар (әкімшілік қамауға алу) кемтарлық көру немесе шектеулер түрінде туындауы мүмкін.
Төртіншіден, әкімшілік жауаптылықтың шараларывда әрекет пен бүзушыға мемлекет атынан берілетін қорытынды құқықтық баға болады. Нақ осы әкімшілік жаза құқық бұзушылықпен күресуде «ақырғы, соңғы инстанция», яғни мәселені түпкілікті шешу болып табылады, сөйтіп кінәгер жасалынған бұзушылықтың сипаты мен қоғамдық қауіптілігіне сәйкес әкімшілік жазаға тартылады.
Жалпы алғанда заңдық жауаптылықтың және соның ішінде әкімшілік жауаптылықтың бұл белгісі оның ерекшелігін өте айкын білдіреді, атап айтқанда: мемлекеттің атынан кінәлі мінез-құлықты айыптау, құқық бүзушыны мемлекеттік тұрғыдан ұялту.
Бесіншіден, заңдық жауаптылық әрқашанда құқық бұзушылықтың нәтижесі ретінде қаралып келеді, яғни бұл, тапсырылған іс үшін, алға қойылған міндетті орындау үшін жауаптылық ретінде түсінілетін, ол құқықтық міндет немесе борыш ұғымымен сәйкес болған кезде, дұрыс (жағымды) деп аталатын жауаптылықтан айырмасы, өткенге мән беретін (ретроспективный), немесе жағымсыз, жауаптылық.
Енді әкімшілік құқықтың тек осы институтына ғана тән жауаптылықтың негізгі ерекшеліктеріне тоқталайық.
Әкімшілік жауаптылықты әкімшілік кұқық бұзушылық құқықтық жауаптылық ретінде қарауға болады. Бұл орайда ескеру керек, қол сүғудың объектісі мемлекеттік басқару аясында сондай-ақ кейбір басқа да қатынастар болып табылады. Мәселен, әкімшілік жауаптылық, бір жағынан, кеден, салық қатынастарына, менщікті сақтауға, азаматтардың қүқықтарын, табиғатты, халықтың денсаулығын, сауданы, т. б. қорғауға байланысты қатынастарға қол сұққаны үшін белгіленеді.
Екінші жағынан, әкімшілік жауаптылық әкімшілік құқықтың әрбір нормасын бұзған үшін емес, олардың ішінде тек әкімшілік жауаптылық көрсетілгендеріне ғана қолданылады.
Әкімшілік жауаптылық құқық қорғаудың, бұзушылықтың ерекще түрімен - әкімшілік құқық бұзушылықтармен, олар аса қауіпті болмаса да, бірақ қылмыспен салыстырғанда едәуір жиі кездеседі, күресудің маңызды құралы ретінде пайдаланылады. Олардың қауіптілігі құқыққа қарсы іс-әрекеттің немесе әрекетсіздіктің өздерінің сипатында ғана емес, сонымен бірге едәуір көп таралғандығында, олардың көптеген мыңдаған әкімшілік құқық бұзушылықты қамтитын «көп түрлілігінде».
Әкімшілік жауаптылык өзінің субъектілік құрамымен өзгешеленеді. Жауаптылықтың бұл түрінің субъектілері жеке де, сондай-ақ заңды да түлғалар - кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар болып табылады.
Әкімшілік жауаптылық өзінің мән-мағынасы бойынша мемлекеттің өкілетті органының әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғаға жасайтын ықпалы. Бүл ықпалдың мақсаты кінәліні тәрбиелеу, сондай-ақ әкімшілік жауапқа тартылған адамдардың да, басқа азаматтардың да келешекте әкімшілік құқық бұзушылық жасауды болдырмаудың алдын алу.
Әкімшілік - құқықтық нормаларды бұзу әкімшілік мәжбүрлеу шараларын қолдануға әкеп соқтырады, олардың бір түрі әкімшілік жазалар болып табылады. Нақ осы соңғылар, алдын алу, жолын кесу шараларынан және процессуалдық шаралардан айырмашылығы, әкімшілік жауапқа тартылғанның нәтижесінде қолданылады.
Әкімшілік жауаптылыкты оны белгілеу тәртібі айырады. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы колекс бойынша әкімшілік жауаптылық осы Кодекспен белгіленеді. Әкімшілік жауаптылыкты көздейтін өзге заңдар осы Кодекске олар енгізілгеннен кейін ғана қолданылады.
Жергілікті аумақтық сипаты бар құкық бұзушылықтар үшін қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қалалар мен елді мекендердің аумақтарын көріктендіру, т. с. с. ) облыстардың, Алматы мен Астананың, қалалар мен аудандардың жергілікті өкілді оргавдары Әкімшілік құқық бұзушылық туралы колекстің тиісті баптарында әкімшілік жауаптылық көзделетін ережелерді белгілеуге құқылы Әкімшілік жауаптылықтың шараларын кептеген уәкілетті органдар мен лауазымды адамдар қолданады. Олардың барлығы, өздеріңц өкілеттіктерін атқара отырып, құқық бұзушыларға әкімшілік жазалар қолданады. Оларға аудандық және соларға теңестірілген соттардың, мамандырылған ауданаралык, әкімшілік соттардың судъялары ішкі істер органдары, және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы колекстің 543-576 баптарымен осындай істерді қарауға уәкілеттік берілген басқа да мемлекеттік қадағалау және бақылау органдары (олардың лауазымды адамдары) жатады. [2] .
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы колексте судъялардың қарап шешетін істерінің көлемі кеңейтілген. Олардың қарауына әкімшілік қамауға алудан басқа бірнеше өзге де әкімшілік жазаларды қолдануды жатқызу есебінен олардың ерекше құзыреттері де кеңейтілген: арнаулы құқықтан айыру, тәркілеу, өтемін төлеп алып қою, жеке кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның қызметін тоқтата тұру не оған тыйым салу, шетелдіктерді немесе азаматтығы жоқ адамдарды ҚР-сы шегінен әкімшілік жолмен кетіру.
Органдар мен лауазымды адамдар әкімшілік жауаптылық шараларын өздеріне қызмет жөнінен бағынышты емес бұзушыларға қолданады. Сонымен бірге олар бір ұжымның кызметкерлері болып табылмайды және қызметтік-еңбек катынастары жөнінен байланысты болмайды. Бұл жағдай әкімшілік жауаптылықты, әдетте, жоғарғы органның немесе лауазымды адамның бағыныштылық тәртіппен басшыларға, жұмысшыларға, қызметшілерге және көмекші қызметкерлерге қолданатын тәртіптік жауаптылықтан айыруға мүмкіндік береді.
Әкімшілік жауаптылыққа тарту мен әкімшілік жаза колдану құқық бұзушыны сотталғанға әкеп соқтырмайды және оны жұмыстан шығаруға негіз болып табылмайды.
Әкімшілік жауаптылықты оны іске асырудың ерекше процессуалдық (іс жүргізу) тәртібі сипаттайды. Ол өзінің біршама оңайлығымен, жеделдігімен және тиімділігімен тйісті қылмыстық және азаматтық істерді қараудың және олар жөнінде қандай да бір шешім қабылдаудың тәртібінен өзгешеленеді.
Әкімшілік жауаптылыққа жалпыға бірдейлік сипаты тән (өрт қауіпсіздігі ережелері, құрылыс ережелері, т. б. ), ол мыналардан көрініс табады: біріншіден, ережелердің барлық азаматтар мен занды тұлғалар үшін жалпы міндетті болатындығынан, оларды сақтамау әкімшілік жауаптылыққа әкеп соқтырады; екіншіден, барлык жағдайларда әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін жауаптылық мемлекет алдында болады, мемлекет осындай бұзушылықтар туралы істерді қарау және жазалар қолдану жөніндегі органдардың (лауазымды адамдардың) өкілеттіктерін белгілейді. Өзінің жалпыға бірдейлігі жағынан әкімшілік жауаптылық қылмыстық жауаптылыққа ұқсас, бірақ тәртіптік, сондай-ақ азаматтық-құқықтық жауаатылықтан өзгешеленеді, онда жауаптылық, негізінен, шарттық және шарттық емес азаматтық-құқықтық немесе еңбектік қатынастар субъектілерінің алдында болады.
Әкімшілік жауаптылықтың маңызды ерекшелігі мынада, оны материаддық және процессуалдық құқықтық қатынастардың жиынтығы, яғни нақты құқық бұзушылық жасаудан туындаған материалды-деликтылық және құқық бұзушылық және оны жасаған тұлға туралы материалдар жинаудың, істі қараудың, заңды, дәлелденген ісіне әділетті шешім шығарудың, оны орындауды қамтамасыз етудің қажеттілігімен байланысты әкімшілік-процессуалдық қатынастар ретінде қарауға болады.
Әкімшілік жауаптылықтың тағы бір ерекшелігі, оны іске асырған кезде материалдық жөне процессуалдық құқықтык қатынастар бір тұтастық құрып, қосылып кететіндей болатыны жиі кездеседі. Мысалы, айыппұл әкімшілік құқық бұзушылық жасалған жерде салынып, алынады. Бұл жерде дербес және жекеленген әкімшілік процесс болмайды, мұнда әкімшілік құқық бұзушылықтың күмәнсіздігі мен оның мәнінің жеңілдігінің айқындылығына байланысты қысқартылған процесс деп аталатын процесс көрініс табады.
Сонымен қорыта келе әкімшілік жауаптылық дегеніміз бұл кінәлі адамға әкімшілік құқығының зерттеу тақырыбы болып табылатын қоғамдық қатынастарды реттейтін әкімшілік құқықтық нормаларды бұзғаны үшін қолданылатын әкімшілік мәжбүрлеу шараларын айтамыз.
1. 1 Әкімшіліктің жауаптылықтың негізі
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің ерекше бөлімінде көзделген құқық бұзушылық құрамының барлық белгілері бар іс әрекет жасау әкімшілік жауаптылықтың негізі болып табылады. Құқық бұзушының әрекетінде әкімшілік құқық бұзушылық құрамының төрт элементі түгелдей болса, яғни тұлғаның әрекетінде құқық бұзушылықтың объектісі, объективтік жағы, субъектісі, субъективтік жағы түгелдей болса онда құқық бұзушыны әкімшілік жауаптылыққа тартуға толық негіз бар деп айта аламыз.
Әкімшілік жауаптылық заң саласындағы жауаптылықтың бір түрі. Бұл құқықтық түсініктің мәні әкімшілік жазаны лауазымды тұлғалар немесе уәкілетті органдар әкімшілік құқық бұзушылық істеген үшін құқық бұзушыға қолдануда тұрады. Мемлекет кез келген әкімшілік құқық бұзушылыққа тиісінше баға бере отырып, оны істеген тұлғаға мемлекет тарапынан заңда көрсетілген күшпен орындалуға тиісті шараларды қолдануды жүзеге асырады. [3] .
Әкімшілік жауаптылық бұл әкімшілік норманы бұзудың нәтижесі.
Әкімшілік жауаптылықтың басқа жауаптылықтардан айырмашылықтары:
- Әкімшілік жауаптылықтың негізі болып әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамының барлық белгілері бар әрекет жасау табылады /ҚР ӘҚБ туралы Кодекстің 2 бабы/. Қылмыстық жауаптылықтың негізі - қылмыс жасау. Тәртіптік жауаптылықтың негізі тәртіптік теріс қылық жасау. Мүліктік жауаптылықтың негізі мүліктік зиян келтіру немесе азаматтық құқық бұзушылық. [4] .
- Әкімшілік жауаптылық келесі құжаттармен белгіленеді: ҚР -ның негізгі заңы - Конституция, жалпы жұрт таныған Халықаралық заңдар, 9. 02. 2001 ж. қабылданған ҚР-ның ӘҚБ туралы Кодексі, халықаралық келісімдер, әкімшілік-бұзушылық жүйесіндегі құқықтық қатынастарды реттейтін Конституциялық Кеңес және Жоғары Сот шығарған нормативті Қаулылар, Жергілікті өкілді органдар белгілейтін ережелер, басқа да заңдарға сәйкес шыққан актілері мен нормаларымен белгіленеді. Ал бұған қарағанда, қылмыстық жауаптылық тек қана заңдармен белгіленеді. Тәртіптік жауаптылық жұмыс туралы заңмен және осы заңға сәйкес нормативтік актілермен белгіленеді. Мүліктік жауаптылық - жұмыс туралы заңмен, азаматтық кодексімен. [5] .
- Әкімшілік құқық бұзушылық істеген үшін әкімшілік жазалар қолданады. Қылмыс үшін - қылмыстық жазалар. Тәртіп бұзған үшін - тәртіптік жазалар. Мүліктік зиян келтіргені үшін - мүліктік санкциялар қолданады.
- Әкімшілік жаза қолдану құзыреті сотта, лауазымды тұлғаларда, уәкілетті органдарда бар. Қылмыстық - тек қана сотта. Тәртәптік - өкілетті органдар мен лауазымды тұлғалар, мұнда міндетті түрде олар бұзушымен қызмет байланыста болу керек. Мүліктік жауаптылық шараларын жалпы юрисдикция бар соттар, экономикалық және арбитражды соттар қолдана алады. Әкімшілік жазаны лауазымды тұлға мен мемлекеттік басқару органдары, оларға бағынышты емес құқық бұзушыларға қолданады.
- Әкімшілік жауаптылыққа тартылуы, сонымен әкімшілік жазалану сотталған деген атаққа жатқызбайды, осыған орай негативті нәтижеге бұзушыны ұрғызбайды /мысалы, әкімшілік жауаптылыққа тартылуы азаматты жұмыстан шығаруға негіз болмайды/
- Әкімшілік жауаптылықтың шаралары әкімшілік құқық бұзушылықтың өндірісін реттейтін заңға сәйкес қолданылады /ӘҚБ тКодекстің 4 бөлімі 34-42 тарауларда көрсетілген/.
Қылмыстық істер ҚР-ның Қылмыстық Іс Жүргізу Кодексімен реттеледі. Мүліктік жауаптылыққа - экономикалық және азаматтық сот өндірісінде тартылады. Сонымен, анықтағанымыз:
- Әкімшілік жауаптылық деген құқықтық категория.
- Әкімшілік жауаптылық ерекше белгілерімен басқа құқықтық жауаптылықтардан айырылады.
- Әкімшілік жауаптылықтың негізі әкімшілік құқық бұзушылық.
- Әкімшілік жауаптылықтың шарасы - әкімшілік жаза.
Әкімшілік жауаптылыққа - Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 4 тарауы 31 бабына сәйкес, тартылады:
а) Жеке тұлға /есі дұрыс, 16 жасқа толған/.
б) Заңды тұлға.
Жеке тұлғалар.
Жеке тұлғаның: Жасы 16 жас болу керек және ақыл есі кем болмауы қажет.
Ақыл-есі кем деп өзінің іс-әрекеттерінің /әрекетсіздігінің/ нақты сипаты мен қауіптігін түсіне алмаған немесе созылмалы психикалық сырқатының, уақытша психикасы бұзулуының, ақыл-ес кемдігінің немесе психиканың өзге де сырқатты жай-күйінің салдарынан ақыл-есі кем адамды айтамыз. Ол жауапкершілікке тартылмайды /33 бап/.
Әкімшілік жапуаптылықта жеке тұлғалар үшке бөлінеді: жалпы, арнайы және ерекше болыпі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz