Валюталық саясаттың түрлері мен жүйелері



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.Төлем балансы және валюта.
1.1.Валюта бағамының өзгерісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2.Халықаралық валюталық қор, оның атқаратын қызметтері ... ... ... ... ... ... ..
2.Валюталық саясаттың түрлері мен құрылымдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.1.Валюталық саясаттың түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2.Валюталық бағамдарының режимін реттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.3.Дамыған және дамушы елдердің валюталық саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қандай болмасын экономикалық жүйенің, экономикалық саясатың түпкі мақсаты – бағалар тұрақтылығын, экономикалық өсу мен толық жұмыстылықты қамтамасыз ету. Бұл жағдайда айырбас валюта бағамы мен оның мүмкін өзгерістері айналымдағы ақша мөлшерінің және баға деңгейінің тұрақтылығын қамтамасыз етумен қатар, экономикалық саясаттың маңызды аралық мақсаты болып табылады. Бірақ валюта бағамы өзгерісі экономиканың барлық салалары мен секторына біркелкі әсер етпейді. Ұлттық валютаның күшеюі экспортқа жұмыс істеп жатқан салалардың импорт өнімдерімен бәсекелесу мүмкіндіктерін азайтады. Сонымен қатар, ұлттық валюта кұнының өсуінің кері әсерлерімен шектелмейді, өйткені одан импорттық шикізатпен жұмыс істейтін өндіріс салалары ұтады. Ал ұлттық валюта құнының азаюы кезінде ұтушы мен ұтылушылар орны ауысады. Соған қарамастан, импортерлер мен экспортерлер өз экономикалық іс-әрекетін жоспарлаудың тұрақты негіздерін қамтамасыз ету үшін болжамды өзгермелі валюта бағамдарымен жұмыс істеуге ұмтылады.
1) «Кәсіпорын экономикасы» оқу құралы, А.Қ.Мейірбеков, Қ.А.Әлімбетов, Алматы «Экономика» 2003 жыл.
2) Назарбаев.Н.Ә. «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы»,Алматы 1992 жыл.
3) Назарбаев.Н.Ә. «Қазақстан – 2030»,Алматы «Юрист» 2001 жыл.
4) Бабақұлы.Б. «Тәуелсіздік, нарық, экономика.»,Алмты «Ақиқат» 1996 жыл.
5) Бовыкин.В. Новый менеджмент. «Управления предприятиями.»,Москва «Экономика» 1997 жыл.
6) Жатқанбаев.Е.Б. «Аралас экономика негіздері.» Алматы 1996 жыл.
7) Куликов.А. «Экономикалық теория негіздері.» Шымкент 1994 жыл.
8) Елемесов «Халықаралық экономика» 2000 жыл. Алматы баспасы
9) Байгесиев «Халықаралық экономика» 1998 жыл. Алматы баспасы
10) Шеденов «Экономика теориясы»
11) Оспанов «Экономика негіздері» 1998 жыл.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Валюталық саясаттың түрлері мен жүйелері.

Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.Төлем балансы және валюта.
1.1.Валюта бағамының
өзгерісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ...
1.2.Халықаралық валюталық қор, оның атқаратын
қызметтері ... ... ... ... ... ... . .
2.Валюталық саясаттың түрлері мен
құрылымдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.1.Валюталық саясаттың
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..
2.2.Валюталық бағамдарының режимін
реттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.3.Дамыған және дамушы елдердің валюталық
саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
.

Кіріспе

Қандай болмасын экономикалық жүйенің, экономикалық саясатың түпкі
мақсаты – бағалар тұрақтылығын, экономикалық өсу мен толық жұмыстылықты
қамтамасыз ету. Бұл жағдайда айырбас валюта бағамы мен оның мүмкін
өзгерістері айналымдағы ақша мөлшерінің және баға деңгейінің тұрақтылығын
қамтамасыз етумен қатар, экономикалық саясаттың маңызды аралық мақсаты
болып табылады. Бірақ валюта бағамы өзгерісі экономиканың барлық салалары
мен секторына біркелкі әсер етпейді. Ұлттық валютаның күшеюі экспортқа
жұмыс істеп жатқан салалардың импорт өнімдерімен бәсекелесу мүмкіндіктерін
азайтады. Сонымен қатар, ұлттық валюта кұнының өсуінің кері әсерлерімен
шектелмейді, өйткені одан импорттық шикізатпен жұмыс істейтін өндіріс
салалары ұтады. Ал ұлттық валюта құнының азаюы кезінде ұтушы мен ұтылушылар
орны ауысады. Соған қарамастан, импортерлер мен экспортерлер өз
экономикалық іс-әрекетін жоспарлаудың тұрақты негіздерін қамтамасыз ету
үшін болжамды өзгермелі валюта бағамдарымен жұмыс істеуге ұмтылады.

1.Төлем балансы және валюта.

1.1.Валюта бағамдарының өзгерісі. Валюта бағамдарының өзгерісінің
экономика секторына әсерінен басқа, валютаның төмендеуі немесе жоғарылауы
макроэкономикалық дейгейде маңызды әсерлерді тудырады. Экспорттық
операциялар мемлекеттің жалпы шығындар деңгейін жоғарылатады. Таза экспорт
шығындардың бір бөлігі болғандықтан, оның өзгерісі мультипликативті әсер
арқылы ұлттық табыстың өзгерісіне әкеледі. Бұл өз кезегінде, экономикада
жалпылама сұранысты өзгертіп, өндіріс, жұмыстылық пен бағаның нақты
көлемінің деңгейіне әсер етеді. Таза экспорт ұлғаюы салдарынан валюта
құнының құнсыздануы ел экономикасына экспонсионисттік әсерін береді. Ал
валюта құнының қымбаттауы экономикада іскерлік іс-әрекеттің төмендеуіне
әкеледі. Одан басқа валюта бағамының өзгерісі экономика ұсынысы дағдарысы
жағдайына келтіреді. Валюта бағамдары импортталатын өндіріс факторларының
деңгейіне әсер етіп, тұтыну тауарларының бағасына әсерін тигізеді.Сонымен
бірге валюта бағамының өзгерісі ішкі нарықта бәсекелестіктің шиеленісуі
салдарынан импортталатын өндіріс факторлар бағасына жанама әсер береді.
Осыған байланысты валюта бағамына түзету қажеттілігін көрсететін
көрсеткіштерді анықтау маңызды болып табылады.
Түзету қажеттілігін көрсететін көрсеткіштер.Сауданың аз бағалық
икемділігі кезінде тепе-теңдікті бұзатын сыртқы факторлар әсерінің орнын
толтыру, валюта бағамдарының өте үлкен өзгерістерін қажет етеді. Валюта
бағамының ауытқуларының ұлғаюы капитал ағымына кері кері әсерін беруі
мүмкін. Өйткені шетел инвесторлары, иілмелі валюта бағамының, осы
мемлекеттің қатал ақша-несие саясатын ұстану мүмкіндігіне кері әсерін
беруіне байланысты мазасыздану жағдайында болады.
Сөйтіп төлем балансының, әсіресе ағымдағы операциялар балансын
теңестірілуінің негізгі міндеті – валюта бағамына жүктеледі. Ол тауарлар
мен қызмет көрсетулерге сұранысты көрсетіп, ішкі және сыртқы нарықтағы
тауарлар бағасымен анықталады. Бұл жерде сыртқы нарықтағы бағалар спот-
курсты (ағымдағы) пайдаланып ішкі нарықтың бағаларына келтірілуі тиіс.
Ағымдағы есеп пен шетел және ішкі рыноктардағы салыстырмалы бағалар
арасындағы функционалды тәуелділік (SP*)(P) ретінде көрсетіліп, тура
пропорционалды болады.Егер (SP*)(P) жоғарыласа, ағымдағы есеп балансы да
өседі.
Ағымдағы операциялар есебіне әсер ететін тағы бір фактор, ел ішінде
(Y) және шетелде (Y*) жасалатын ұлттық табыс болып табылады. Ел ішінде
жасалатын ұлттық табыс тауарлар мен қызмет көрсету импорты арқылы ағымдағы
есепке әсер етеді. Ал импорттың өсуі тұтынудың жоғарылауына әкеледі. Сол
себептен Y* мен ішкі ағымдағы есептің арасындағы есептің арасындағы қатынас
оң болады. Басқаша айтқанда Y* өсуі шетелдіктердің импортының өсуіне
әкеледі. Сөйтіп ағымдағы есеппен көрсетілген өзгермелер арасындағы
функционалды байланыстылықты былайша көрсетуге болады:
CAB=CAB(SP*(P,Y,Y*)
Капиталды есепте кейбір өзгермелерге тәуелді. Оның қатарына: мемлекет
ішіндегі және оның шекараларынан тыс салыстырмалы пайыздық қойылымдар
жатады. Ішкі пайыздық қойылым мен капиталды есеп арасындағы функционалды
тәуелділік тура пропорционалды болады. Басқаша айттқанда ел ішіндегі пайыз
қойылымының өсуі шетел капиталын тартып, халықаралық қорлар ағымының келуін
қамтамасыз етеді. Соған сәйкес капиталды есеп пен шетелдегі пайыздың
қойылымы (R*) арасындағы байланыстылық кері пропорционалды. R* өсуі
мемлекеттен инвестициялық қорлардың кетуіне әкеледі. Ең соңында капитал
есебі айырбас бағамына (е) тәуелді. Пайыздық қойылым, айырбас бағамы мен
капиталды есеп арасындағы тәуелділік былай көрсетіледі:
КА=КА (r,r*,е)
Жоғарыда көрсетілген ақпаратқа сәйкес, капиталды және ағымдағы есепке
әр түрлі валюта бағамының тәртіптері қалай әсер ететінін көрейік.
Бекітілген валюта бағамы жағдайындағы реттеу.Бұл жағдайда жеке меншік
сектор тауарлар мен активтердің кез келген көлемін тұрақты айырбас
бағамымен сатып, не сатып алуы мүмкін. Егер шетел валютасына сұраныстың
өсуі болса, орталық банк оның дефицитімен кезігеді. Ол шетел валютасының
қымбаттануына әкеледі, ал бұл бекітілген айырбас бағамы жағдайына тиімсіз.
Егер шетел валютасының ұсынысы көп болса, орталық банк оны сатып алып, өз
қорларын толықтырып, осы әрекет арқылы шетел валютасының қажетсіз
құнсыздануын болдырмайды. Сөйтіп валюталық нарықтағы орталық банктің баға
реттеу мен интервенциялар сәйкестіліктің мөлшерлік әдістері болып, шетел
валютасына бекітілген бағаларды ұстауға мүмкіндік береді.
Орталық банк ішкі пайыз қойылымын сыртқы қойылымға сәйкес өзгерте
алады. Елде ағымдағы есеп дефициті бар және орталық банк өз алтын валюталық
қорларын шығындағысы келмейді деп болжам жасайық. Сондықтан тепе-теңдікке
капиталды есепті ұлғайту арқылы жету үшін, қысқа мерзімде ішкі пайыз
қойылымын r шетелдегі r* сәйкес ұлғайтуды қажет етеді. Сөйтіп ішкі
салымдардың жоғары табыстылығы ағымдағы операциялар есесбінің дефицитін
қаржыландырып, орталық банкке өз алтын валюталық қорларын пайдалану
қажеттілігі болмай қалады.
Иілмелі валюта бағамы жағдайындағы реттеу.Иілмелі валюа бағамы кезінде
орталық банк валюта нарығында интервенцияларын жүзеге асырмайды. Көбінесе
шетел валютасына сұраныстың өзгеруі валюта бағамының ауытқуына байланысты
болып, ол өз кезегінде ағымдағы және капиталды есептерге әсер ееді.
Валюталардың еркін жүзуі төмендегідей нәтижелерге әкеледі деп
есептеледі:
0=^RFX=CAB(SP*(P,Y,Y*)+KA(r,r*,e)
Төменде көрсетілетін мысалдар ағымдағы және капиталды есепер
теңсіздігінің валюта бағамына қалай әсер ететін түсінуге көмектеседі.
АҚШ ағымдағы есеп бойынша 100 млн. АҚШ доллары көлемінде дефициті
болып, бірақ орталық банк оны валюта нарығындағы интервенция арқылы жабуды
қаламайды деп болжам жасайық. Бұл жерде капиталды есепте артық мөлшер болуы
мүмкін және оны осы дефицитті жабуға пайдаланылады. Енді 100 млн. доллар
АҚШ резиденттерінен шет ел азаматтарына бағытталады. Мысалға, АҚШ
төлемдерді долларда жасап , 100 млн. доллар шетелдіктердің банк есеп-
шоттарына аударылады. Егер валюта бағамы бекітілген болмаса, дәстүрлі төлем
балансының тұрғысынан АҚШ долларының бағасы төмендеуі керек.
1997 жылы Ұлыбритания Гонконгты бақылауды Қытайға берді. Осы уақыттағы
саяси белгісіздігі нәижесінде Гонконг инвесторларын көбісі өз қаражаттарын
Канадаға салуға ынталы болды. Сөйтіп Канадада оң капитал ағымы байқалып, ол
Канаданың төлем балансының капиталды есебінің артық мөлшеріне әкеледі.
Канадада бекітілген валюта болған жағдайда, бұл ресми алтын валюталық
қорлардың ұлғаюына әкелер еді.Ал иілмелі валюта бағамы жағдайында, бұл
артық мөлшер Канада долларының қымбаттауына әкелер еді.
Төлем балансының теориясына сәйкес бағалар табыс және пайыз қойылымдағы
өзгерістер валюта бағамына әсер етеді.
Одан мынандай қорытынды жасауға болады:
- ішкі нарықтағы бағалардың өсуі экспорттың азаюына әкелетіндіктен,
олөз кезегінде ұлттық валютаға сұраныстың азаюы, оның құнсыздануына
әкеледі.
- ұлттық табыстың өсуі ұлттық валютаның құнсыздануына, импортқа деген
сұраныс ұлғаюына байланысты, шетел валютасына сұраныстың өсуіне
әсер етеді.
Ішкі пайыз қойылымының өсуі ішкі активтерге сұраныстың ұлғаюына әкеліп,
шетел активтеріне деген сұранысты төмендеткендіктен, ол ұлттық валютаның
қымбаттауына әсер етеді.
Егер ағымдағы операциялар балансының нашарлануының басты себебі
ырықтандыру кезеңінде барлық өтпелі экономика елдері кезіккен, ішкі нарық
бағаларының күрт өсуінен мемлекеттің бәсекелестік қабілетінің төмендеуімен
байланысты болса, ұлттық валютаның девальвациясы бәсекелестік қабілетті
қалпына келуіне ықпал ете алады.
Түзетулердің қажеттігін сыртқы баланстың жалпы бағалау негізінде, орта
мерзімдегі келешегіне сай қарастыру қажет. Көп жағдайда бұл бағалау
төмендегідей көрсеткіштермен толықтырылады:
Валюта бағамының нақты тиімді индексі.Бұл көрсеткіш көбінесе валюта
бағамын түзету қажеттігін бағалау үшін қолданылады. Егер валюта бағамының
нақты тиімді индексінің мәні, елдің әлемдік нарықтағы орны тепе-теңдік
жағдайында деп саналған кезеңнен жоғары болса (ұлттық валюта
ревальвациясы)., бұл мемлекеттің сыртқы нарықтағы бәсекелестік
қабілеттілігінің төмендеу нышаны болады. Валюта бағамының нақты тиімді
индексі екі жақты сауда ағымдарының негізінде анықталады, бірақ экспорттың
бәсекелестік қабілетін бағалау үшін үшінші елдер нарығында бәсекелес-
экспортерлер үлесінесепке алудың артықшылығы болар еді. Шығындар
көрсеткішін ең толық анықтайтын көрсеткіш болып өнім бірлігіндегі еңбек
күші шығындары болып табылса да, көптеген дамушы елдер бойынша бұл
ақпараттың жоқтығы валюта бағамының нақты индексін есептеу үшін тұтыну
бағалар индексі қолданылады. Бірақ, егер тұтыну бағалар индексінің құрамына
сыртқы сауда потенциялы бар тауарлардың басым бөлігі енгізілсе, валюта
бағамының нақты өсуі тек қайта бағаланған валютаның, табысты түзетуінің
жүргізілгенін ғана көрсетіп, елдің бәсекелестік қабілетінің жоғалтуын
анықтамай, валюта бағамына тагы түзетулер енгізілу қажеттігін көрсетпейді.
Сондықтан валюта бағамы индексінің мәнінің өзгерту себептерін білу маңызды.
Параллельді нарықтағы бағам. Ондай нарық болса, валюта бағамының
дұрыстығын бағалауды жүзеге асыруда қажет болатын тағы да бір көрсеткіш
болып табылады. Мысалға параллельді нарықтағы айырбас бағамының ресми
бағамына қарағанда төлем деңгейі, ұлттық валютаның ресми бағамы жоғарылатып
қойылғанын көрсетуі мүмкін. Сонымен қатар параллельді нарықтағы бағамды
қарастыру кезінде, оның көлемін және ресми іс-әрекет ету рұқсаты барын
есепке алу қажет, өйткені ресми емес нарықтағы бағамға тәуекелділіктің көп
үлесі енгізіледі.
Әр мемлекетте айырбас бағамының нақты тиімді индексін есептеудің
белгілі бір әдістемелері бар. Төменде Қазақстан Республикасы үшін әдістеме
келтірілген. Жалпы алғанда, әр түрлі елдердің әдістемелері арасындағы
маңызды өзгешеліктері жоқ, мәселе тек жағдайлары мен қорытынды мәліметтерді
пайдалануда.

1.2.Халықаралық валюталық қор.

Халықаралық валюталық қор (ХВҚ) Бреттон-Вудс конференциясының (1944ж. АҚШ)
шешімімен дүниеге келді. Бұл қорды құрунегізгі мақсаты мүше елдердің
қаржылық тәртібін күшейту мен валюталық курсттерінің тұрақтылығын
қамтамасыз ету болады.Валюталық курстардың тұрақтылығын мүше елдер
бағаларды тұрақтандырып, төлем балансының теңдестігін қамтамасыз ететін
ақша-несие саясаты арқылы қамтамасыз ету керек. Егер елде инфляция күшейсе,
онда бұл елдің экспорты азайып, импорты өседі. Нәтижесінде мұндай ел
халықаралық резервтерінен айрылып, өз валютасының бағамен төмендетуге
мәжбүр болады.
Сонымен ХВҚ екінші дүние жүзілік сағыстың аяғына қарай іс-әрекет ете
бастады. Қазір бұл халықаралық қаржы ұйымына айналды, 182 мүше –елдері
бар.Оның негізгі мүддесі – қаржылық тұрақтылық пен валюта айырбастау
бағамын қолдау және мүше елдердің валюталық ынтымақтастығын күшейту. ХВҚ-ы
құрудың басты мақсаттары 30-ы мен 40-ы жылдары орын алған валютаның
айырбасталмауы, сауда және төлемдерді шектеу, шетел валюталар рыногының
тұрақсыздығын жою керектігі болатын.
ХВҚ-ың басты кеңсесі ( штаб квартира ) Вашингтонгта (АҚШ) орналасқан.
ХВҚ-ың әкімшілік және қаржы операциялар туралы шешімдерінің басым бөлігі
осы жерде қабылданады.
ХВҚ-ың қызметтерін қысқаша төмендегіше суреттеуге болады:
1) Халықаралық өтімді қоры жеткіліксіз, болмаса төлем қабілеті төмен
мүше елдерге өтімді қаржылық құралдар беру;
2) Сауданың еркіндігін күшейтіп, келісімдер еркін түрде жүргізілуі үшін
мүше елдердің сауда мен төлем жүйесін қадағалап отыру;
3) Мүше елдерді қазіргі қалыптасқан халықаралық валюта жүйесі мен
төлемдер туралы халықаралық келісімдерге сенімді арттыратын қаржы
саясатын жүргізуге итермелеу;
4) Мүше елдердің төлем балансын реттейтін жобалар қабылдауына көмек
көрсету;
Сыртқы теңдікті негізінен ХВҚ-ың жарғысының екі бабы қамтамасыз етеді.
ХВҚ-ың несиелік қызметтері. Егер белгілі бір мүше елдің ағымды
төлемдері дефицитті болып, ал бюджеттік немесе ақша-несиелік саясатты
қатаңдату жұмыссыздық деңгейін көтеретін жағдайда болса, ХВҚ мұндай елге
белгілі мерзімге несие беруге әр уақытта дайын. Бұл несиелерді
қамтамасыз ететін ХВҚ-ың алтын-валюта резервтері. Олар мше елдердің
жарналарынан қалыптасады.
Реттелетін паритеттер(валюталық теңдестіктерді қамтамасыз ету). Елдің
валютасы тіркеулі бағам жағдайында болғанның өзінде, егер ХВҚойынша, бұл
елдің төлем балансы фундаменталды теңіздікте болса, валюталық бағамды
өзгерту девальвация (бағамды төлемдету), немесе ревальвация (бағамды
жоғарылату) жасау керек. ХВҚ жарғысында фундаменталды теңсіздік деген
түсінік жоқ. Бірақ бұл сөз тауарына халықаралық сұраныстың өзгеуіне
байланысты қиыншылық көріп отырған елдерге қолданылады. Егер девальция
жүргізілмесе, мұндай елдерге қолданылады. Егер бағаның теңілігі
қалыптасқанша жұмыссыздықтың деңгейі жоғары болып, ағымды төлем балансы
дефициті болады. Девальвация болмаса, бұл жағдай ұзақ уақыт сақталуы
мүмкін. Сондықтан девльвация жұмыссыздықты төмендетіп, ағым балансын
теңдестіруге күшті ықпал етеді де, халықаралық қорлардың елден кетуіне
кедергі болады.
ХВҚ-ы тек қана сыртқы экономикалық есептеуде қиындық көріп отырған
елдерге ғана несиелік қаржы береді. Басқаша айтқанда, шетелдерден таар
сатып алуға керекті жеткілікті шетелдік валюта жинай алмаған елдерге
беріледі. Елге шетелдік ақшалар экспорттан, қызмет көрсетуден және
туризмнен түседі. Ақша басқа кездегі шетелге салған капиталдан, ал кедей
елдерге шетелден көмек есебінде де түседі. Бірақ мемлекеттер, жеке
адамдар сияқты, тапқан табысынан көп жұмсауы мүмкін. Бұл айырманы қарыз
арқылы толтыруға болады. Бірақ қарыздың да шегі бар. Қарыз алу мүмкін
болмаса, ел шетелден тауар сатып алу қабілетінен айрылады да, импортты
қысқаруға мәжбүр болады. Мұндай жағдайда бұл ел ХВҚ-дан көмек сұрауына
болады. ХВҚ болса елді экономикалық қайшылықтарды түзетіп, валютасын
тұрақтандыруды мен сыртқы саудасын түзетуге жеткілікті шетел валютасымен
қамтамасыз етеді.
Сыртқы экономикалық есептесуде қиыншылыққа ұрынған ел өзінің ХВҚ
алтынмен немесе еркін айырбасталатын валютамен салған жарнасының 25%-ын
автоматты түрде алуына болады. Егер бұл сома қажеттілігіне жеткіліксіз
болса, ауыр жағдайға түскен ел ХВҚ-нан көп ақша сұрауына болады да, бәрін
қосқанда өзі төлеген жарнасынан шамамен 4 есе көп қарызқ алуына құқтығы
болады.
ХВҚ –на кірген ел белгілі бір ақша сомасын төлейді. Ол үлес квота
деп аталады да, мүшелік жарнаға ұқсас келеді. Біріншіден, жарналардан ХВҚ-
ың ақшаи қоры қалыптасады. Оны ХВҚ қаржылық қиыншылыққа ұшыраған мүше
елдерге қарыз беруге жұмсайды. Екіншіден жарна үлестерінің негізінде
әрбір елдің қарызға ала алатын сомасы мен мезгіл арн,аулы қарыз алу
құқығы бөлігенде алатын активтері анықталады. Жарна неғұрлым көп болса,
ала жарналар алатын қарыздың көлемі де соған сәйкес көбейеді. Үшіншіден
жарналар әр елдің дауыс санын анықтайды. Үлестерді, елдердің экономикалық
жағдайын талдау арқылы, ХВҚ-ы бекітеді. Олар әрбір бес жылда қайта
қаралып отырады да., ХВҚ қажеттілігі мен елдердің экономикалық
жағдайларына байланысты ұлғаюы немесе кемуі мүмкін. Егер 1945 жылы 35
мүше ел 7,6 млрд.доллар төлесе, 1992 жылы 156 мүше ел 130 млрд.доллар
төледі. Мысалы дүниедегі экономикасы ең үлкен ел-АҚШ барлық жарнаның 20%
төлесе, Индия мұхитында орналасқан Мальдив елі 3 млн.доллар ғана төлейді.
Қазақстан ХВҚ-на 1992 жылдың 15 шілдеде мүше болады. ХВҚ-ын
Қазақстандағы өкілеттілігі 1992 жылдың 15 тамызында ашылды. Қазақстанның
ХВҚ-ғы үлесі 247,5 млн, СДР болып тағайындалды.

2.Валюталық саясаттың түрлері мен құрылымдары.

2.1.Валюталық саясаттың түрлері.

Влюталық саясат (ВС) сыртқы экономикалық саясат жүйесінде ерекшк орын
алады. Валюталық саясат дегеніміз – дамудың белгілі бір тарихи
кезеңдеріндегі мақсаттарға сәйкес белгілі бір елдің ХЭҚ саласында жүзеге
асыратын шаралар кешені.
Кез келген елдің ВС ағымдағы немесе ұзақ мерзімдегі мақсаттарға сәйкес
екі түрге бөлінеді:
- құрылымдық;
- ағымдық;
Құрылымдық ВС –барлық елдердің өзара әсерлесу принциптерін жетілдіруге
бағытталған валюталық реформалар формасында жүргізіледі. Ол жекелеген
валюталардың жағдайын күшейту және артықшылыққа қол жеткізу үшін
жүргізілетін күреспен байланысты болады. Сонымен бірге құрылымдық
валюталық саясат тенденциясының қалыптасуына ықпал етеді.
Ағымдық ВС дегеніміз – валюталық бағамдарды, валюталық жағдайларды
жәнебағалы металдар нарықтарының қызметін реттейтін қысқа мерзімдік
шаралар кешені.
Белгілі бір елдің жүргізетін ВС елдің ішкі және сыртқы нарықтарында
өткізілетін тауарлардың ұлттық валютамен өрнектелген бағаларының
арақатынасына ықпал етеді.ВС-тың элементтері мен формалары өз ретінде
мынандай факторлардың пайда болуына әсер етеді:
- әлемдік шаруашылықтың дамуы;
- елдің экономикалық жағдайы;
- әлемдік аренада күштерді орналастыру.
Елдің валюталық саясатының экономикалық табиғаты тарихи тұрғыда
қарастырылады. Өйткені белгілі бір бәсекелестік міндеттер келесі
приоритетік сипатта болады:
- ывалюталық шектеулер;
- валюталық операциялардың ырықтандырылуы;
- валюталық дағдарысты жою және тұрақтылықты қамтамасыз ету;
ВС қолданатын элементтерінің жиынтығы әр түрлі форманы қабылдауы мүмкін,
олар:
- дисконттық;
- девиздік болып бөлінеді.
Орталық банк дисконттық саясатты төмендегі мақсаттар бойынша жүргізеді:
- валюталық бағамды және төлем балансын реттеу;
- халықаралық капиталдың қозғалуына әсер ету;
- ақша массасына , бағаға, несиелердің ішкі динамикасына әсер ету;
Дисконттық саясаттың мәні мынада: ол банктың есепке алу мөлшерлемесінің
өзгерісімен байланысты болады. Мысалы, пассивтік төлем балансы кезінде
банктің есепке алу мөлшерлемесінің көтерілуі – проценттік мөлшерлемесі
едәуір төмен елдерден капиталдың ағылып келуін күшейтуге ықпал етеді.
Осылайша, дисконттық саясат капиталдың елден ағылып кетуіне тойтарыс
береді, төлем балансын тұрақтандырады және төлем бағамын көтереді. Бірақ
елдің экономикасы тоқырау жағдайында болса, онда төлем балансын жақсарту
мақсатында есепке алу мөлшерлемесін көтеру – экономикаға зиянды, кері
әсерін тигізеді. Бұл кезде экономиканың тұрақсыздығы белгілі бір проценттік
мөлшерлемелермен операция жүргізу кезінде елден капиталдың қозғалуын үнемі
анықтай бермейді.
Сонымен бірге, әлемдік шаруашылықта капитал мен несиенің халықаралық
қозғалысын реттейтін факторлар күшейіп бара жатқандықтан, бұл жағдай есепке
алу саясатының төлем балансына ықпал етуін әлсіретеді.
Басқаша айтқанда, дисконттық саясаттың (ДС) , ішкі және сыртқы саясаттың
қарама-қайшылығы оны тартымды етпейді, өйткені қысқа мерзімдік және
салыстырмалы түрде алғанда, оның тиімділігі төмен болып келеді.
Тарихи тәжірибеге көз жүгіртсек, ДС 30-40 жылдары ғана және 50
жылдардың басынан бастап белсенді жүре бастаған.
ВС жүргізудің ең тиімді әдісі – девиздер саясаты. Бұл саясат кезінде
мемлекет шетел валюталарын сатып алу және сату жолымен ұлттық валюта
бағамына ықпал етеді.
Девиздік саясат әр түрлі формаларда көрініс тапқан құбылыс, оларға
валюталық интервенция, валюталық резервтердің түрін көбейту, валюталардың
айырбасталу дәрежесін реттеу, сонымен бірге валюталық бағам режимін реттеу,
девальвация, реваьвация жатады.
Валюталық интервенция-ұлттық валюта бағамына ықпал ету мақсатымен
орталық банктің валюталық нарықтағы операцияларға араласу процесі.
Негізінен, орталық банк ұлттық валютаның бағамын көтеру мақсатында шетел
валютасын сатады, ал төмендету мақсатында-сатып алады.
Девиздік саясаттың формасы ретіндегі валюталық интервенцияның
ерекшелігі: оның салыстырмалы түрдегі ірі ауқымдылығы, қолданылыуының қысқа
мерзімділігі, ресми алтын-валюталық резервтер мен қысқа мерзімдік валюталық
несиелер есебінен жүргізілуі. Қазіргі таңдағы белгілі бір жекелеген
мемлекеттегі валюталар интервенциясымен бір мезгілде бірқатар елдердің
орталық банктерінің ұжымдық валюталық интервециясы да қолданылады.
Девиздік саясаттың бір түрі ретінде валюталық резервтердің
түрінкөбейту-валюталық резервтер құрылымын реттеуге бағытталған. Бұл
ретттеу валюталық резервтерді басқа әртүрлі валюталар құрамына енгізу
жолымен жүргізіледі. Мұндай форма шығындарды жоюға және халықаралық есеп
айырылысулардың ырғақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Осы
мақсатта тұрақсыз валюталарды сатудың орнына өте тұрақты валюталарды сатып
алу белсенді түрде жүруде.
Қазіргі уақытта неміс маркасының, швейцар франкінің, жапое иенінің
мәні артып отыр. Көп жағдайда ұлттық мемлекет пен халықаралық қаржылық
ұйымдар валюталық бағамдардың, валюталық тепе-тең режимін белгілеу
шараларын жүргізеді. Валюталық жүйелер дамуында төмендегідей режимдер
қолданылған:
- валюталық бағамдарды нақты белгілеу режимі (елдердің Бреттон-Вудс
келісімі);
- қалқымалы валюталық бағамдар режимі (Париж конференциясы – ондық
тобы);
- еуропалық валюталық жылан режимі.

Қазіргі әлемде валюталық бағамдардың оңға жуық режимдері бар. Жүргізіліп
жатқан экономикалық реформалар барысында көптеген мемлекеттер жұп
валюталық нарық деген валюталық саясатты қолданған. ВС-тың бұл формасы
валюталық нарықтың екі бөлікке бөлінуін қажет етті.
Ресми валюталық бағам – коммерциялық операциялық, ал нарықтық бағам –
қаржылық операциялар кезінде қолданылады. Қалқымалы валюталық бағамдарға
өтуге байланысты бұл саясаттың қолданылу дәрежесі тарала бастады. ВС-тың
дәстүрлі әдістеріне девальвация мен ревальвация жатады. Шетел валютасына
қатысты ұлттық валюта бағымын төмендету проценті-девальвация деп, ал ұлттық
валюта бағамын көтеру процесі – ревальвация деп аталады.

2.2. Валюталық бағамдар режимін реттеу.

Айырбас бағамы режимінің нұсқасын таңдау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Валюталық реттеу және оның тәртібі
Халықаралық валюта жүйесі және валюта курсы
Нарықтық экономикадығы әрекеттер мен табыстар және әлеуметтік негізгі саясат
Халықаралық еңбек бөлінісі туралы ақпарат
Қазақстан Республикасындағы ақша-несие саясаты
Валюталық нарықтар
ҚР-да валюта-қаржы механизмі
Халықаралық ықпалдастық процестерді реттеу
Валюта жүйесі туралы
Халықаралық валюта қатынастары және валюта курсы
Пәндер