Нематода паразиттері


МАЗМҰНЫ бет
КІРІСПЕ . . . 4
I ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ . . . 5
1. 1 Балықтардың гельминтттерінің зерттелуі . . . 5
1. 2 Нематодтардың систематикасы, жалпы сипаттамасы, құрылысы
және даму циклы . . . 8
1. 3 Суқоймалардың динамикалық - географиялық сипаттамасы . . . 14
1. 4 Балықтардың систематикасы және жалпы сипаттамасы . . . 16
II ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ МЕН МАТЕРИАЛДАР . . . 17
III ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ . . . 19
3. 1 Зерттеу барысында табылған гельминттердің сипаттамасы,
морфологиясы және күресу шаралары . . . 19
3. 2 Нематодтарды зерттеудің нәтижелері . . . 23
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 31
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 32
КІРІСПЕ
Қазіргі кезде нематодтардың 27000 - ден астам түрлері белгілі. Олар барлық жерде кең таралған, нематодтар тауарлық тұщы су балықтарының паразиттері болып табылады.
Нематодтардың балық организіміне тигізетін әсері әр түрлі. Паразиттер өздерінің фиксациялық мүшелері (сорғыштары, ілмешектері, бекінгіш аппараттары т. б. ) арқылы балықтардың ұлпаларын бұзып, механикалық әсер етуі мүмкін. Сондай - ақ паразиттер балықтардың қантамырларын бітеп, дұрыс қанайналу процесін бұзады. Ішекте кездесетін паразиттер асқорыту жүйесін бұзып, қоректің өтуіне кедергі жасайды.
Гельминттердің арасында нематодалар балықтардың ішкі мүшелерінде: бауыр, бүйрек, гонада, ішегі, торсылдағында кездеседі, яғни бұлар эндопаразиттер. Осының бәрі балық шаруашылығына үлкен әсерін тигізеді [1] .
Бұрын нематодтар қауіпсіз деп саналған, сол үшін аз зерттелген. Қазір олардың пайда болу себебін зерттеу, ауру жұқтыруының және таралуының алдын - алу суқоймалардың балық өнеркәсібінде үлкен орын алады.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері:
- балықтардың морфологиялық белгілерін анықтау;
- паразиттік құрттарды оқып, зерттеу, солардың ішінде паразитті тіршілік ететін нематодтармен әдеби, ғылыми кітаптар арқылы танысу, зертеу әдістемесін үйрену;
- балық шаруашылықтарында интенсивті лас танудың алдын - алу.
I ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
1. 1 Балықтардың гельминтттерінің зерттелуі
Балықтардың парзиттері туралы бірінші мәлімет Қазақстанға К. И. Скрябин арқылы келіп жетті. Ол шымкентте және Әулие атада 1905 - 1911 жылдары өзінің жұмыстарын жасай жүріп, әртүрлі жабайы жануарлардан, сонымен қатар балықтардың гельминттерін тауып үлкен колекция жасады. 1913 жылы оның әдебиеттерінде Талас өзені мен Байкал көлінен табылған балықтардың әртүрлі құрттары: сүлікғтер, цестодалар және неметодтар жөнінде айтылды [1] .
В. И. Ленин атындағы Волга - Дон каналындағы суқоймада табан балығының паразиттік фаунасы зерттелген. Осы зерттеу яғни кішкентай суқоймаларының паразиттік зақымдандыру дертінің аса қатты өсуімен байланысты болып отыр. Үлкен табан балығының паразиттік фаунасының зақымдануы 83 %, Варвар суқоймасында 83, 8%, Береславтік суқоймада 70%, Карповтікте 90, 5% [2] .
А. П. Маркеевич Шу өзеніне паразитологиялық зертеулер жүргізіп, балықтардың 18 түрінен 39 паразиттік құрттарды анықтады [3] .
Кесте 1
Кіші суқоймадағы табан балығының паразитафауналық асқыну дәрежесі мына кестеде көрсетілген [7] .
Қазақстанда эндо - паразитологиялық зерттеулер маңызды рөл алады. Соның ішінде шаруашылықтық жануарлардың паразитті лабораторияларын В. А. Догель ұйымдастырған. А. Н. Қаз ССР зоология институтын атап кеткен жөн. Қазіргі кезде ол жерде гельминттедің биологиясына ерекше көңіл бөлуде. Қазақстан мен Орта Азия Республикаларының су қоймаларында жүргізілген ихтиопаразитологиялық зерттеулер нәтижесінде ғылыми публикациялар саны өсті. Соңғы он жылдықта 300 - ден астам ғылыми жұмыстар жүргізілген. оның санына 2 үлкен «Паразит рыб водоемов Казахстана» (Агапова 1966), және 2 жинақ (Болезни рыб и меры борьбы с ними» (1966, 1977) мен «Экология паразитов водных животных» жұмыстарын жатқызуға болады [7] .
Орталық Қазақстан территориясында 2 үлкен суқойма бар. Олардың бірі Нұр 1939 жылы құрылған, ал екіншісі Жезқазғандық біріншісінен кішірек, 1950 жылы құрылған. Бұл суқоймаларының ихтиофаунасы ертедегі балық негізінде құрылған. Жезқазғандық суқоймаларында 1955 жылы 320 балық түрі зерттелді. Зерттеу нәтижесінде 35 паразит түрі анықталды. Систематикалық түрі бойынша бөлінеді, яғни: қарапайымдылар, дигенетикалық сорғыштар - 9 түрі, көп генді сорғыштар - 24 түрі, нематодтар - 2 түр, паразиттік шаянтәрізділер - 4 түрі бар. Сарысудың өзенінде тек 25 түрі ғана табылды. Сарысу суқоймасында 40 паразиттік түрі табылды.
Паразиттің қарапайым түрі тек шортан да ғана кездесті [3] .
Нематодтар « Camallanus truncates және Rhaphidascaris acus » Сары суда және суқоймасында да байқалады [4] .
Легулез - бұл өте қауіпті балық ауруының түрі. Жыл сайын айтарлықтай балық шауашылығына зиян келтіретін ауру түрі. Легулез эпизоотиясы көбінесе ағысы жоқ жерлерде кездеседі (көл - суқоймаларда, тоғанда) [5] .
Цимляндік суқоймасын ихтиопаразитологиялық зерттеу оның пайда болғанынан бастап, яғни 1952 жылдан бастап, осы күнге дейін зерттелуде.
Суқоймалардың пайда болуына байланысты балықтардың тіршілік ету негізі өзгеруі және де балықтардың, соның төмендеуіне әкеліп соқты. Ол сондай паразиттік фаунаға да зиянын тигізді. 1952 жылғы паразиттердің санының түрлілігі 53 - ші жылға қарағанда әлде қайда көбейді. Әсіресе, паразиттік шаянтәрізділер.
Сазанның паразиттік фаунасы 5 жыл көлемінің зерттеу барысында аса қатты жоғары дәрежеде болған жоқ. Мысалға, 1951 жылдан 1955 жылдар арасында сазанның паразитафаунасының III түрі ғана кездесті. Олардың көбісі аз мөлшерде болды және де оның % - дәрежесі аса жоғары болған жоқ. сазанның тұрақты көбінесе паразит түрі болып, «Dactylogys solibis» болды.
Кесте 2
Сазанның паразиттермен зақымдануы [7] .
Зақымданыуы %
Зақым-у қарқыны экз.
Зақымданыуы %
Зақым-у қарқыны экз.
Зақымданыуы %
Зақым-у қарқыны экз.
Зақымданыуы %
Зақым-у қарқыны экз.
Дондық көксеркені зертеу барысында паразиттердің 12 түрі табылды. Бірінші жылдары паразиттерінің келуімен бірақ асқындыру дертімен артылуы бірінші жылдары көксерке паразитінің көбеюі артты. Әсіресе «Ergasilus sieboldi» түрінің асқынуы аса артты.
Қорыта келсе, Цимляндік суқоймасын 5 жылдық зерттеу барысында мынадай ерекшеліктер байқалады:
- Паразит-түрінің аздығы, бірақ асқындыру дәрежесінің жоғарылығы;
- Олардың асқыну барысының қарапайым жолмен еместігі;
- Паразиттердің яғни, балықтардағы адамға зияны жоқтығы;
- Паразиттердің түрінің төмендеуі, бірақ «Ergasilus sieboldi» түрінің өсуі;
- Табан балығында лигулездің мүлдем жоқтығы;
- Паразиттердің көптеп кездесуі [6] .
1963 жылы Бұқтырма су қоймасында негізінен балықтардың 17 түрі тіршілік етсе, солардың денелерінде 48 парзиттердің түрі тіршілік етеді екен. Негізінен тоған шаруашылығында және балық шаруашылығында паразиттерге және паразиттік балықтарға көп көңіл бөлді. Алматы тоған шаруашылығында құнды материалдар мен паразиттік фаунаның тоғандық балықтарын зерттеушілер аулаға берді [7] .
1. 2 Нематодтардың систематикасы, жалпы сипаттамасы, құрылысы
және даму циклы.
Систематикалық жағдайы (К. Ә. Дәуітбаева бойынша)
Тип: Nemathelminthes немесе Ashelminthes
Класс: Nematoda
1 класс тармағы: Adenophorea
1 отряд: Chromadorida
2 отряд: Enoplida
2 класс тармағы: Secernentea
1 отряд: Ascaridida
2 отряд: Rhabditida
3 отряд : Spirurida
Нематодтар - жұмыр паразиттік құрттар. Нематодтар түр саны жағынан (2700 - ден астам), кеңістікке таралу сипаты жағынан да ең жоғары тұрған топ. Мұхиттар мен теңіздердің түбінде, тұщы суда, топырақ астында еркін қозғалып тіршілік етсе, паразиттік түрлері балықтар мен жануарлардың барлық мүшелерінде кездеседі. Нематодтардың дене мөлшері мен формасы (пішіні) эволюция барысында түрлі тіршілік бейімделу нәтижесінде қалыптасқан.
Грек тілінде «nematoz» - жіп деген мағына білдіреді. Бұлардың денесі жіп тәрізді созылыңқы, цилиндр немесе ұршық тәрізді болып, ұштарына қарай сүйірлене түседі.
Еркін тіршілік ететін нематодтар ұсақ, ұзындығы 1 мм - ге әзер жетеді, ал паразит түрлері ұзын болады. Мысалы, жылқы аскаридасының (Parascaris lgurum) ұзындығы 37 см, Placentonema gigantissma - ның ұзындығы 8 метр. Денесінің алдыңғы ұшында аузы, артқысында аналь тесігі орналасқан және денесін бойлай төрт жолақ (екеуі бүйірінен, екеуі арқа және құрсақ денесінбөлімдерінің ортасынан) таралымдар өтеді.
Нематодтардың денесі қалың кутикула қабығымен қапталған. Кутикула (латынша cuticula - қабыршақ) клеткалық құрылысы жоқ, эпителий клеткаларынан бөлінетін тығыз қабықша. Құрамындағы белок пен минералды заттар және сақиналы әрі ұзынша келген тарамдары оған механикалық беріктік береді де, оны созылғыш етеді. Кутикула (сомдық) дене бұлшықеттерге тірек бола тұрып, нематодтардың өзіндік сыртқыц қаңқасын құрайды да денені механикалық жарақаттаудан, улы заттардың әсерінен сақтап, қорғайды [8] .
Кутикуланың астында орналасқан гиподерма қабаты клеткалы немесе синцитиялы (клеткалардың қосылуынан туған плазмалық қатар) құрылысты болып келеді. Денесінен өтетін төрт таралымына (сызғыш гиподерма ішке қарай төрт ойық (білеу) құрайды.
Гиподерманың астында бір қабаттан тұратын ұзына бойы бұлшықеттері жатады. Олар тұтас қабат құрамай гиподерманың төрт ойығына сәйкес төрт таспа (лента) тәрізді жіктеліп, бөліп жатады: екеуі бүйір, екеуі арқа құрсақ бөлімінде.
Нематодтардың денесі арқа құрсақ бұлшықеттерінің қарама - қарсы кезектесе жиырылып серпілуінің нәтижесінде дорзо - вентральды бағытта ғана иіле алады және құрт оң немесе сол жақ бүйірімен қозғалады.
Әрбір бұлшықет клеткасы ұзын ұршық тәрізді болып, жиырылғыш және цитоплазмалық аймақтан, сонымен қатар нерв бағаналарына бағытталған плазмалық өсінділерден тұрады. Бұлшықет клеткасының жиырылғыш аймағында миофибриллдер, ал цитоплазмалық аймақта ядро, митохондриялар, гликоген гранулалары, тірек талшықтары, басқа да органеллалары орналасқан. Плазмалықнемесе иннервациялық өсінділері орталық нерв жүйесінің қозу толқыны (импульсін) қабылдап, бір бұлшықеттен екіншіге өткізеді. Сонымен нематодтардың бұлшықет клеткасы жиырылғыш қызыметінен басқа, қозуды өткізу қызметін де атқарады.
Бұлшықет клеткаларының саны бойынша нематодтарды меромиарлы және полимерарлы деп екі топқа бөледі. Меромиарлы топтағы нематодтардың бұлшықет клеткаларының саны - 8 ден аспайды, бұларға ұсақ түрлері жатады, ал полимерарлылардың клетка саны ондаған және жүздеген, бұларға ірі нематодтар жатады.
Тері - бұлшықет қапшығымен ішектің арасында протоцель немесе схизоцель деп аталатын денесінің алғашқы реттік қуысы орналасады.
Бұл қуыстың өзіндік қабырғасы жоқ және іші сұйық затқа толы. Сұйық зат денені кернеп, оның жұмырлылығын тұрақты түрде сақтайды. Алғашқы реттік қуыс дененің тірегі бола тұрып, зат алмасу процесіне де қатысады. Дене қуысы арқылы қорытылған заттар ішектен бұлшықеттерге, ішкі мүшелерге, ал зат алмасудың қалдық өнімдері зәр шығару мүшесіне ауысады. Осылайша дене қуысы организмнің ішкі ортасы болып келеді. Паразитті нематодтардың дене қуысында түссіз сұйыққа толы клеткалар топтасып жатады, жалпақ құрттардың паренхимасына ұқсас. Қуыстың сұйық затында валериан, капрон қышқылдары бар, сондықтан да олар улы [9] .
Асқорыту жүйесі ұзына бойы созылған тік түтік тәрізді, алдыңғы, ортаңғы және артқы ішектен тұрады. Ауыз тесігі дененің алдыңғы ұшында орналасып көпшілік жағдайда ерекше өсінділер - еріндерімен қоршалған: арқа және бүйірлік. Ауыз тесігімен (стома) жалғасады. Ауыз қуысының құрылысы әртүрлі. Нематодтардың жануарлар паразиті болып келетін (зоопаразит) өкілдерінің ауыз қуысында кутикулярлы тіс өсінділері болады, ал өсімдік паразиттерінің (фитопаразит) ауыз қуысы сорғыш мүшеге стилитке айналған. Стилит ауыз қуысында арнайы бұлшықет - протроракторлар арқылы қозғала алады. Топырақта және суда тіршілік ететін жыртқыш нематодтар да стомалық қуыс найзамен немесе қозғалмайтын өсінділер - онхамен қаруланған.
Ауыз қуысы өңешке ұласады. Өңеш үш алдыңғы бөлімі қалың, бұлшықетті, артқысы безді. Өңештің кеңейген бөлімі бульбус деп аталады. Көпшілігінде бульбусы екеу: ортаңғы (метакорпальды) және артқы (кардиальды) . Кардиальды бульбустың үккіш аппараты жақсы дамыған [8] .
Өңештің ортаңғы ішекке жалғасатын жерінде ерекше өсінді (Cardium) болады. Ол ортаңғы ішекке еніп жатады да, ішек ішіндегі қоректік заттардың өңешке қарай кері қайтуына тосқауыл жасайды.
Нематодтардың ортаңғы ішегі эндодермальды, қабырғасы бір қабат эпителиальды клеткалардан құрылған, оны жұқа базальды жарғақ қаптап тұрады. Ортаңғы ішектің алдыңғы бөлімі кеңейіп, «қарыншық» немесе жұтылған қоректің резервуары қызметін атқаратын - proventriculus түрінде дамыған.
Ректум деп аталатын ортаңғы ішек артқы ішекке жалғасып ал аналь тесігі арқылы сыртқа ашылады. Нематодтардың алдыңғы және артқы ішегі эктодермальды және оларды тығыз кутикула астарлайды.
Кейбір нематодтардың асқорыту жүйесі қоректенуіне байланысты әртүрлі деңгейде редукцияға (кері өзгеріске ұшыраған) . Мысалы, филяриялардың (Filaria) артқы ішегі тұйықталып, аналь тесігі болмайды, трихинеллаларда өңеш үлкен клеткалар жиынтығы түрінде дамыған, ал мермитидаларда өңеш жойылған.
Еркін тіршілік ететін нематодтар ұсақ организмдермен, паразитті нематодтар өз иесінің сөлімен, ұлпасымен, ал кейбіреулері иесінің қанымен қоректенеді.
Сондай - ақ кейбір фитонематодтарда ішектен тыс асқорыту процесі байқалады. Стилеттің көмегімен құрт өсімдік ұлпасына асқорыту безінің ферментін бүркеді, сондықтан асқорытудың алғашқы кезеңі организмнен тыс жерде өтеді. Жартылай қрытылған қоректік заттар нематода ішегіне стилит арқылы түседі.
Зәр шығару жүйесі.
Нематодтарда кірпікшелерінің жойылып кетуіне байланысты протонефридиялы зәр шығару жүйесі де жойылып, зәр шығару қызметін мойын безі ренета деп аталатын бір клеткалы тері (гиподермальды) бездері және фагацитарлы клеткалар атқарады. .
Мойын бездері екі типті болады: шомбал және тармақталған. Еркін тіршілік ететін нематодтардың ерекшелігі - мойын безі денеде бойлай орналасқан екі бүйір экскреторлы түтікшелерден құралған. Түтікшелердің артқы ұшы тұйықталып бітеді, ал аалдыңғы ұштары бірігіп ортақ түтікке айналады да, ал сыртқы зәр шығару сакңылауымен ашылады. Бірқатар түрлерінде экскреторлы жүйенің бір бұтағы жойылып (көбіне оң жақтағысы), сол жақ түтігі өте жақсы дамыған.
Түтіктер арқылы денедегі несеп заттар сыртқа шығарылады [9] .
Сонымен қатар, фагацитарлы клеткалар деп аталатын жұлдызша клеткалары бар. Ол зат алмасудың соңғы әртүрлі ерімейтін қалдықтарын және денеге енген бөгде заттарды, мысалы, бактерияларды өздерінің бойына тартып алады. Жиналған заттар сыртқа шығарылмайды, сондықтан бұл клеткаларды «жинақтау бүйректері» деп те атайды. Олар гиподерманың бүйір білеулерінің бойымен дененің алдыңғы үштен бір бөлігіндегі дене қуысында орналасқан [15] .
Жылқы аскаридасында (Parascaris equorum) фагацитарлы клеткалар төртеу. Егер тәжірибе жүзінде, аскарида денесінің қуысына шприцпен сепия, кармин т. б. бояулар жіберілсе, бірнеше сағаттан соң олар фагацитарлы клеткаларға жиналады.
Қан айналу және тынысалу жүйесі - нематодтарда болмайды. Еркін тіршілік ететін түрлері бүкіл денесі (терісі) арқылы тыныс алады, ал эндопаразитік нематодтарда тынысалу процесі анаэробты, яғни оттегі жоқ жерде гикогеннің ашуы арқылы іске асады. Гликоген қоры жұмыр құрттарда белгілі бір жолмен гиподермада жиналады. Гликогеннің анаэробты ыдырау нәтижесінде түзілген соңғы өнімдері - органикалық қышқылдар, соның ішінде май және валериан қышқылдары қуыс сұйықтығында жиналып, улы, күйдіргіш затқа айналады. Сондықтан құртты сойғанда өте мұқият және абай болу керек [8] .
Нерв жүйесі және сезім мүшелері - қарапайым құрылысты. Біріншіден, нерв жүйесі тұтасымен гиподерма қабатында теріге жақын орналасқан, екіншіден күрделі ганглиозды клеткалар жүйесі дамымай нерв клеткалары бағаналарымен байланыса жекелеген (ганглиаларды құрмай), тек құсақ нерв бағанасының ұзына бойында нерв клеткалары шоғырланып, «құрсақ тізбегін» құрып дамыған.
Нерв жүйесінің орталық бөлімін - жұтқыншақ маңындағы нерв сақинасы құрайды. Ол нерв талшықтарынан (нейрофибрилдермен) түзілген және нерв клеткаларымен тығыз байланысты. Нерв сақинасынан басының ұшына қарай алты қысқа және артқа қарай алты ұзына бойы созылған нерв бағаналары тарайды: құрсақ (вентральді), арқа (дорзальды), екі бүірлі (латеральды) . Осы алты нерв бағаналарының екеуі құрсакқ (вентральді) және арқа (дорзальды) - күшті дамыған (әсіресе құрсақ бағанасы) . Олар бір - бірімен денесінің бірде сол, бірде оң жағынан кезектесіп орналасқан жіңішке жарты сақина тәрізді комиссуаралар арқылы байланысып, арқа - құрсақ тізбегін құрайды [15] .
Арқа бағанасы арқа - бүйір бөліктерінің бұлшықеттерінің, ал құрсақ бағанасы құрсақ - бүйір бұлшықеттерін және өңеш пен ішекті иннервациялайды (нервтендіреді) . Алдыңғы алты қысқа нервбағаналары сезім мүшелерін және бас папиллаларын, амфидаларын, қылтаншаларын, жарық сезгіш клеткаларын нервтендіреді [9] .
Қалыптасқан нерв жүйесі жұмыр құрттардың личинкасыныңекінші сатысында да кездеседі. Түрлі экологиялық топтарды құрайтын жұмыр құрттардың нерв жүйесі (аздаған өзгерістермен) толық сақталған, осының нәтижесінде бүкіл нематодтардың филогенетикалық байланыстарының бар екендігін дәлелдеуге болады.
Топырақта және паразиттік тіршілк етуіне, тесу, қазу, қозғалысына байланысты нематодтардың сезім мүшелері өте нашар дамыған. Тітіркенуді қабылдайтын үш түрлі рецепторлары бар:тері сезу (тангорецепторлар), химиялық заттарды сезетін (хеморецепторлар) және жарық сезетін (фоторецепторлар) . Бірінші топ - қылтаншалар, папиллалар бурсальды қанаттар, екінші - амфидалар, фазмидалар, гиподермальды поралар (саңылау), үшінші жарық сезгіш клеткалар. Рецепторлы мүшелер дененің бас, құйрық (каудальды) және жыныс мүшелерінің (гениталий) бөлімдерінде шоғырланған.
Қылтаншалар мен паллилалар (кутикуланың кішкене бүршікті төмпешіктері), ауыз тесігінің, еріннің айналасында екі - үш қатар орналасқан. Бұларға нерв тамырлары тығыз жанасып жатады. Аталық түрлерінде денесінің артқы жағында, аналь тесігінің маңындағы папиллалар жақсы дамыған. Осылар арқылы шағылыс кезінде аналық жыныс тесігін тауып алады [8] .
Тіршілік етуіне байланысты, теңіз және тұщы суда еркін тіршілік ететін түрлерінде қылтаншалар, ал сапрабионт субстратында (органикалық заттардың ыдырап, шіріген жері) топырақта және паразиттік түрлерінде папиллалар арқылы нематод иесінің тканіне тереңірек ене алады.
Бас бөлімінің екі бүйір жағында химиялық сезгіш мүшелері - амфидалары, жатады. Олар терінің батыңқы жері, нервтермен жабдықталған және әртүрлі пішінді, қалта тәрізді, имек, спираль, саңылауы, жұмыр. Амфидалар аталық түрлерінде ерекше жақсы дамыған және олардың жәрдемімен аналықтарын табады[8] .
Фазамидалар немесе бір клеткалы құйрық бездеріқұйрық бөлімінің екі бүйір жағында орналасқан. Олар ерітінді күйіндегі химиялық заттарды сезеді.
Теңізде тіршілік ететін нематодтардың кейбір түрлерінде көзшелер немесе жарық сезгіш пигментті дақтары болады. Кейде оның пигментті бокалы және кутикулалы линзасы ажыратылған.
Жыныс жүйесі. Нағыз жұмыр құрттар негізінен дара жыныстылар және жыныс деморфизмі айқын байқалады. Аталықтары ұсақ, жіңішке, денесінің соңғы ұшы құрсақ жағына иіріліп (қайырылып) келген. Аналықтарының денесі ірі, жуан, созылыңқы [15] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz