Дидактикалық ойындар-кiшi мектеп жасындағы оқушылардың бiлiмдерiн арттыру құралы



Кiрiспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3. 7
I бөлiм. Бастауыш мектеп оқушыларын дидактикалық ойын
арқылы дамытудың теориялық негiздерi
1.1. Дидактикалық ойынның мәнi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10.18
1.2. Кiшi мектеп жасындағы оқушыларының дидактикалық
ойын арқылы дамуының педагогикалық, психология.
лық ерекшелiктерi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18.21
II бөлiм. Дидактикалық ойындар арқылы оқушылардың
бiлiмдерiн артыру жолдары мен әдiс тәсiлдерi
2.1. Дидактикалық ойындардың үлгiлерi және оны өткiзу ... ... ... 22.33
2.2. Тәжiрибелiк . эксперименттiк жұмыстар ... ... ... ... ... ... ... ... . 34.37
III. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 38.39
ІV. Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 40.52
V. Ұсыныстар
Ойын- жалпы адамдық мәдениеттiң ерекше құбылысы, негiзгi бастауы және шыңы. Басқа ешқандай iс-әрекет барысында адам баласы ойындағы сияқты өзiнiң психо-физиологиялық және интелектуалдық мүмкiндiктерiн көрсеткен емес. Сондықтан да ойын оқытады, тәрбиелейдi және дамытады, әлеуметтендiредi. Белгiлi орыс жасушысы Ногибин ойынның маңызы туралы былай дейдi:”Ойын кезінде баланың мiнезi,өмiрге деген көзқарасы айқындалады. Көптеген өмiрлiк күрделi мәселелердi бала ойын процесiнде жеп-жеңiл шешiп отырады. Балалық шақты ойынсыз және ойыннан тыс алып қарауға мүмкiн емес.”
Халқымыз бала психологиясының қалыптасуында ойын әрекетiде елеулi рөл атқаратындығын аңғарған, ойынның маңызын жөнiнде мақал-мәтелдердiң түйетiнi мыналарды:
Ойында баланың ортамен қарым- қатынасы кеңейiп, таным қабiлетi өседi, мiнез-құлқы қалыптаса түседi. Бала ойынының түрi де мазмұны да сан алуан. Ойын үстiнде бала достыққа, жолдастыққа, тапқырлыққа,ептiлiкке,iскерлiкке,адамгершiлiкке балуында.
Бала табиғатынан қимыл-қозғалысына құмар, ойын балалық шақтың басты ерекшелiгi. Мәселен «Баланың iстегенi бiлiнбес,» «Баламен ойнама, шаршарсың», «Қыз қуыршақ дейдi, ұл құлыншақ дейдi»,«Ойнай бiлмеген, ойлай бiлмейдi», - деген мақал-мәтелдерде баланың ойынға аса құмар екендiгi, ұл мен қыздың ойыны да түрлiше болатындығы ойын арқылы баланың сана-сезiмi ақыл-ойы өсiп жетiлетiндiгi дұрыс көрсетiлген.
Баланың дүниетанымында оның психологиясын қалыптасуында оқу бiлiмiнiң ерекше маңыз алатынығыңда мақал-мәтелдерден дұрыс көрсете алған.
1) Аникеева Н.П. Воспитание игрой. М.Просвещение: 1987
2) Архипенко Ф. Игра в учебной деятельности младшего школьника. «Начальная школа» 1989 № 4.
3) Ахметов С. «Қуыр-қуыр, қуырмаш» Алматы, Жалын 1993
4) Бабанский Ю.К. «Педагогика»
5) Бедарев Г.К. «Организаторам велого досуга» М.Советская Россия 1979
6) Большая Советская Энциклопедия. Под ред. Прохорова А.М. М. Советская Энциклопедия.
7) «Бастауыш мектеп» журналы 2003 №5,12,1998 №8,9,1997 №4
8) Бержанов Қ. «Педагогика тарихы» Алматы 1984
9) «Балабақшада оқыту және тәрбиелеу бағдарламасы» Алматы 1989
10) «Возрастная и педагогическая психология» Под ред.А.В. Петровского
11) Газман О.С. «Каникаулы, игра, воспитание» 1988
12) Дүкенбаева Г. «Жасырынбақ» Алматы, Рауан 1994
13) Дамыта оқыту технологиясы
14) Жарықбаев Қ. «Қазақ тәлім-тәрбиесі» Алматы 1995
15) Жайлауова М.К. «Дидактикалық ойындар және оны пайдалану тиімділігі»
16) Жедек П.С. «Подготовка учителя начальной школы к применению игровых методов обучения» Начальная школа 1987 №9
17) Жуковская Р.И. «Игра и ее педагогическое значение» Педагогика 1995
18) Иенбаева Б.Қ. «Мен - адаммын» Алматы 2000

19) Крупская Н.К. «Мектепке дейінгі тәрбие туралы» Алматы 1988
20) Короткова Н.А. «Как играть с ребенком» Педагогика 1990
21) Кіші мектеп жасындағы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту , Алматы 1997
22) Қоянбаев С. «Педагогика»
23) «Қазақтың ұлттық ойындары» Алматы 1978
24) Қосанов Б.М. «Математикада дидактикалық ойындар және қызықты жаттығулар» Атамұра 1998
25) «Қазақстан мектебі» журналы 2002 №5
26) Меңжанова Ә. «Мектепке дейінгі педагогика» Алматы 1982
27) Менджерицкая Д.В. «Воспитателю о детской игре» М. Просвещение 1982
28) Нүсіпбекова М.И. «Педагогический сундучок» Алматы 2003
29) «Ойнайық та, ойлайық» Қазақстан
30) «Психология» Под ред. Петровского 1990
31) Сейталиев А. «Тәрбие теориясы» Алматы 1986
32) «Современная западная философия» Под ред. Малахова В.С. 1991
33) Сансызбайқызы М. «Баланы отбасында ойнауға үйрету» Рауан 1995
34) Толыбаев А. «Кел, ойнаыйқ»
35) Эльконин Д. «Детская психология» М. 1960

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 49 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Ғылым және бiлiм министрлiгi

М.Өтемiсұлы атындағы

Батыс Қазақстан мемлекеттiк университетi

Педагогика факультетiнiң

сырттай бөлiмiнiң III курс
студенті Сихова Шабал.

Дидактикалық ойындар-кiшi мектеп жасындағы оқушылардың бiлiмдерiн арттыру
құралы.

Орал 200

Мазмұны:

Кiрiспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... . 3- 7

I бөлiм. Бастауыш мектеп оқушыларын дидактикалық ойын
арқылы дамытудың теориялық негiздерi
1. Дидактикалық ойынның
мәнi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 10-18
2. Кiшi мектеп жасындағы оқушыларының дидактикалық
ойын арқылы дамуының педагогикалық, психология-
лық
ерекшелiктерi ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 18-21
II бөлiм. Дидактикалық ойындар арқылы оқушылардың
бiлiмдерiн артыру жолдары мен әдiс тәсiлдерi
2.1. Дидактикалық ойындардың үлгiлерi және оны өткiзу ... ... ... 22-33
2.2. Тәжiрибелiк - эксперименттiк жұмыстар ... ... ... ... ... ... ... ... ..
34-37
III.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 38-39
ІV.
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .. 40-52
V. Ұсыныстар

Кіріспе

Ойын- жалпы адамдық мәдениеттiң ерекше құбылысы, негiзгi бастауы және
шыңы. Басқа ешқандай iс-әрекет барысында адам баласы ойындағы сияқты өзiнiң
психо-физиологиялық және интелектуалдық мүмкiндiктерiн көрсеткен емес.
Сондықтан да ойын оқытады, тәрбиелейдi және дамытады, әлеуметтендiредi.
Белгiлi орыс жасушысы Ногибин ойынның маңызы туралы былай дейдi:”Ойын
кезінде баланың мiнезi,өмiрге деген көзқарасы айқындалады. Көптеген өмiрлiк
күрделi мәселелердi бала ойын процесiнде жеп-жеңiл шешiп отырады. Балалық
шақты ойынсыз және ойыннан тыс алып қарауға мүмкiн емес.”
Халқымыз бала психологиясының қалыптасуында ойын әрекетiде елеулi рөл
атқаратындығын аңғарған, ойынның маңызын жөнiнде мақал-мәтелдердiң түйетiнi
мыналарды:
Ойында баланың ортамен қарым- қатынасы кеңейiп, таным қабiлетi өседi,
мiнез-құлқы қалыптаса түседi. Бала ойынының түрi де мазмұны да сан алуан.
Ойын үстiнде бала достыққа, жолдастыққа,
тапқырлыққа,ептiлiкке,iскерлiкке,ад амгершiлiкке балуында.
Бала табиғатынан қимыл-қозғалысына құмар, ойын балалық шақтың басты
ерекшелiгi. Мәселен Баланың iстегенi бiлiнбес, Баламен ойнама,
шаршарсың, Қыз қуыршақ дейдi, ұл құлыншақ дейдi,Ойнай бiлмеген, ойлай
бiлмейдi, - деген мақал-мәтелдерде баланың ойынға аса құмар екендiгi, ұл
мен қыздың ойыны да түрлiше болатындығы ойын арқылы баланың сана-сезiмi
ақыл-ойы өсiп жетiлетiндiгi дұрыс көрсетiлген.
Баланың дүниетанымында оның психологиясын қалыптасуында оқу бiлiмiнiң
ерекше маңыз алатынығыңда мақал-мәтелдерден дұрыс көрсете алған.
Бiлiмнен асар байлық жоқ, Бiлек сүрiндiре алмағанды, бiлiм
сүрiндiредi, Бiлiмдiден өнер құтылмас деген мақалдардан осы идеяны жақсы
анғаруға болады.
Кіші мектеп жасындағы балалар үшiн- сабақ, олар үшiн ойын тәрбиенің
маңызды түрi. Ойынды дайын үлгiге айналдырмай, балалардың да бастамасына
жол беруде өте маңызды. Ойын процесiнде бала қиындықтарды жеңуге үйренiп,
айналадағы дүниенi танып біледі, қиындықтан шығудың жолдарын іздейді.
Педагог балалардың инициативасын тежеп, ынта-ықыласын түсінуге,
танытуға тиісті емес. Ол бұл жағдайда қауіпті, зиянды сезімдер және тағы да
басқа тудыратын ойындарды алмастырып жіберуге ғана тиіс. Ойын жай ермек
ғана емес, балалардың рухани жетілуі мен табиғи түсуіне қажетті алғы шарты.
Бала денесінің дамуы мен ой дүниесінің өркен жолы ойынға тікелей тәуелдi,
әрі өте байланысты. Адам өмірге бейім болуы үшін балалық шақты бастан
кешуі міндетті, егер ойын мен қызыққа толы балалық шақ болмаса, ол мәңгілік
жабайы болып қалар еді,- деп К.Чуковскийдің бала мен ойынды теңестіре
жоғары бағалауын да терең шындық үлкен мән жатыр. Адамзатты балаларсыз
елестету қаншалықты мүмкін болмаса, балаларды ойынсыз елестету де
соншалықты мүмкін емес. Ойын балалар үшін өмірмен тең. Сондықтан да
ойынның тәрбиелік қуатымен теңесер күш жоқ. Ол халықтың сандаған жылдар
тәрбиесінің нәр сіңген педагогикалық данасы, жемісі. Ойын еш уақытта да
дамудың бір сатысына жеткенде тоқтап қалмайды, қайта жетіле түседі.
Сондықтан да педагог балалар ойынға қызығушылығымен ынтасымен қатысуын
қамтамасыз етуге міндетті. Сондай жағдайда ғана өз мақсатына жетіп,
тәрбиелік мәні, білімі арта түседі.
Педагогикалық процесте ойын басқа түрлерiмен байланысты.Ойын мен еңбек
арасындақы байланыс ұқсастығы мен айырмашылығында.

Ұқсастық:Ойында да жұмыс күшiмен,ой күшiмен жұмсалады.
Ал айырмашылық жұмыс әлеуметтiк материалдық жасау
көзi, яғни қоғамдық мақсаттар көзделмейді, тек баланың өзі үшін
пайдалы.
Сонымен бірге ойын мен еңбек арасындағы басқа бір тұрғыда
байланыс болады. Бұл байланыс ойынға мұғалім басшылығы арқылы
жүргізіледі. Мұндай құралдар жасау балаларды еңбектенуге әкеледі.
Сондықтан басқа мысал келтіретін болсақ, бала ойнау арқылы еңбек
дағдыларын игереді.Бала игерген білімдерін, яғни оқу үстінде алған
білімдерімен ойын арқылы көрсетсе,бұл керісінше сипаттама болуы
мүмкін.Ойын арқылы білімдерін тереңдетіп отырады.
Мектеп бағдарламасында тәрбиеге,оқуға үлкен орын берілуі, ойын
мазмұнын одан әрі терең түсінік беруге мүмкіндік береді.
Балалар ойынның әлеуметтік сипатын, өмір құбылыстарын бейнелеп
отырады.
Н.К.Крупская “Кіші мектеп жасындағы балалар үшін ойын, оқу,
еңбек – тәрбие құралы” деді. Бұл жерде ойынның әлеуметтік сипаты деп
отырғанымыз бала қай қоғамда өмір сүрсе, сол қоғамды бейнелейді.Бала
алғашқы айлардан бастап ойынның айналасындағылармен қарым-қатынас жасайды
және ұмтылады.Осындай қарым-қатынас жасау барысында балалар үлкендер
өміріне белсене араласқысы келеді.
Бірақ бұл уақытта балаларда әлі де болса мүмкіндіктер
жетіспейді.Міне сондықтан да балаларға үлкендер өмірін қоршаған ортаны
тек қана ойын арқылы бейнелеуге тура келеді.Кіші мектеп жасындағы балалар
іс-әрекетінің негізгі түрі – ойын бала тура, ойнның негізі деп аталуы
мынада.
Бала ойын арқылы дамиды, тәрбиеленеді, білім алады.Бала ойынға көп
уақытын бөледі.Ойынның негізгі құрылымдық эелементтері мыналар: түпкі
ниеті – сюжеті немесе мазмұны, ойын ережесі, рөлдік нәтижесі.
Ойынның түпкі ниеті – бұл балалардың нені және қалай ойнайтындарының
анықтамасы. Кіші жастағы балалардың тәрбиесінің теориясын дамытуға
Швейцарияның аса көрнекті педагог-демократы Генрих Песталоцци (1746-1827)
үлкен үлес қосты.
Г.Песталоццидің негізгі принципі – табиғи болды.Яғни әрбір балаға
әуел басты оның бойында дамытуға бейім келетін кейбір қасиеттерінің нышаны
тән деп есептейді.Сонымен оқу процесінде бөлшектерден бүтінге, жақыннан
алысқа, қарапайымнан күрделіге бірте-бірте көшуге, соның өзінде
үздіксіздік пен дәйектілікті сақтауды ұсынады.
Г.Песталоцци тәрбие жүйесінің алдыңғы барлық балалардың дене, еңбек,
адамгершілік, ақыл-ой жағынан үйлесімді даму міндетін қойды.
Соның ішінде ақыл-ой тәрбиесі саласында Г.Песталоцци педагогика
тарихындағы негізгі екі қағиданы:
1) оқыту процесінде ойынды кеңірек қолдану қажеттілігін насихаттау болды;
2) дамыта отырып оқыту идеясы болды.
Г.Песталоцци танымның бастылары сәтті сезімдік қабылдау деп есептеді
және балалардың бойындағы бақылау мәдениетін қалыптастыру
қажеттілігін талап етеді.
Сондықтан да баланы ең әуелі сөйлеуге үйрету керек деді.Бала
қабілеттілігінің дамуына өздігінен қызмет етуге даярлануы тиіс делінген
еді. Бала айналасындағы құбылыстар мен заттар туралы мағлұматтарды,
білімдерді игереді.
Кіші мектеп жасындағы балаларға арналған дидактикалық ойын түрі
балалардың алған білімдерін бекітіп, көңілдерін көтеріп, ұжымдағы
шығармашылық қарым-қатынасты дамытуға мүмкіндік береді.
Дидактикалық ойындардың әрбір әрекеттері мазмұнға айналып, бала
белгілі бір мақсатқа бағытталған тапсырмаларды орындауға ұмтылады.
Мұндай талап баланың жеке басының белгілі бір мөлшердегі білімі мен
тәжірибесін падалануды қажет етеді және баланың танымын дамытады, ойын
үстіндегі қарапайым еңбек дағдыларын жетілдіреді.Табиғаттың әдемі
көріністері бейнеленген дидактикалық ойын түрлері үлестірмелі құралдар ата-
ана, ұстаз,тәрбиешілердің көмегімен жүргізіледі.
Мәселен, “Жыл мезгіліне саяхат”, “Табиғат құбылыстарын ажырат”,
“Дәрілік өсімдіктерді тап” тағы басқа дидактикалық ойындар кезінде балалар
жыл мезгілімен, табиғи құбылыстармен жақын танысып, бөлме өсімдіктері мен
дәрілік өсімдіктерді ажырата алады.Ойын барысында баланың ептілігі,
қабылдауы көрініс тауып, бірінің қиялын екіншісі дамытып, өздігінен
ойлауға бейімделіп, сөйлеу қабілетін дамытады.
Ойыннан кейінгі көрнекіліктерді орын-орнына реттеп қою сияқты дербес
еңбек түрін орындау кезінде баланың бастаған істі ақырына дейін
жеткізу, берілген тапсырманы тиянақты аяқтау әдістері қалыптасып, өз
бетінше еңбек әрекеттерін меңгеруге үйретеді.
Мұғалім шығармашылық ізденісін ең бастысы – оқушының ойлау қабілетін
дамыту және оқуға деген ынтасын қалыптастыру.
Грамматика және орфография бойынша кестелерді, әр түрлі
перфокарталар, кітапшалар, орфографиялық лото тағы басқа қажетті
құралдарды, дидактикалық ойындарды сабақ уақытын үнемді пайдалануға
оқушылардың дара ойлау қабілетін есепке алуға септігін тигізеді.
Оқу материалын терең меңгеруге тек оқушылармен жүргізілетін жаттығу
жұмыстарының нәтижесінде дидактикалық ойындар арқылы қол жеткізуге
болады.Сондықтан да дидактикалық ойындар арқылы оқыту мектеп
бағдарламасында ерекше рөл атқарады.

Зерттеудің көкейтестілігі. Жеткіншек ұрпаққа саналы тәлім-тәрбие
беру, оларды заман талабына сай, жан-жақты дамып жетілген, жаңашыл
көзқарастағы азамат етіп тәрбиелеу, қалыптастыру кең көлемді және сан
тармақты іс дейтін болсаң, оның ішінде келесі мәселеге айналып отырған
дидактикалық ойынның орны ерекше. Сондықтан да осы бағыттағы жүргізілген
зертеулер мен ізденістер адам адам арасындағы дұрыс қарым – қатынасты,
білім-білік дағдыны, дамуын, қалыптасуын бала жастан бастауды көздейді. Сол
себепті үкімет тарапынан қабылдаған жалпыға бірдей білім беруге үлкен мән
беріліп, айрықша назар аударуда.
Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңының 21-бабында “Жалпы
білім берудің әрбір сатысындағы білім беру бағдарламасымен белгіленеді”
делінген.
Бағдарлама- мемлекеттік құжат ол әр пәннен оқудың әрбір жылы үшін
игеруге тиісті білім көлемін оны меңгеру барысында қол жететін билік пен
дағдылар жүйесін белгілейді және белгілі бір тәртіпке сай жайғастыра
оқытуды көздейді. Заман талабына сай білім беру жүйесін дамытпалы оқу
техналогиясы- оқытуының іс-қимыл үрдісінің қиындық-тәжірибелік қажеттілігін
нәтижеге бағдарлау, оны үнемі ширату. Бұл жөнінде Қ.Д.Ушинский дидактикалық
ойын, көрнекеліек оқытудың ең негізгі мақсаты-байқағыштыққа, логикалық
түсімділікке және, өзінің көргендерін сөзбен жеткізуге бұлардан логикалық
қорытынды жаттықтыру-деп түйіндейді.
Бастауыш класс оқушыларының ойын әрекетін ұйыдастыруда зертеудің
актуалдығын әсіресе қазіргі кезеңде өсіп отыр.
Зертеудің мақсаты:
Кіші мектеп жасындағы балалардың оқу процесі арқылы білім, білік,
дағдылар жайындағы түсінігін артыруда дидактикалық ойындарды қолдану
жолдарын қарастыру;

Зерттеудің міндеттері:
1) Кіші мектеп жастағы балаларға дидактикалық ойынды таныстыру арқылы білім
, тәрбие берудің мәні мен мазмұнын айқындайтын ұғымдарды ғылыми,
теориялық негізде қарастыру;
2) Дидактикалық ойынның балаға білім, тәрбие берудегі мүмкіндерін анықтау;
3) Кіші жастағы балаларға дидактикалық ойындарды таныстыру арқылы жан-жақты
білімділігін, ой-өрісінің дамуын,есте сақтау қабілетінің көрсеткіштері
мен деңгейлерін анықтау;
4) Кіші мектеп жасындағы балаларға дидактикалық ойын арқылы тәрбие беру,
білім беру жұмысының жүйесін құрып, мұғалімге арналған ұсыныстар,
бағдарламалар дайындау және оны практикаға енгізу.
Зерттеудің әдістері: зерттеу проблемасы бойынша философиялық,
психологиялық – педагогикалық еңбектерге талдау жасау;бақылау,
әңгімелесі,сауалнамалар жүргізу, кіші мектеп жасындағы балаларды
дидактикалық ойындар арқылы оқытуға арналған әдістемелік нұсқауларды,
құралдарын зерттеп қорыту; жүргізілген іс-тәжірибелерді
сараптау;эксперимент нәтижесіне баға беру;оларды өңдеу.
Зерттеу көздері: философтардың, психологтардың, педагогтардың білім
беруге арналған еңбектері, Қазақстан Республикасынынң Конституциясы, “Білім
туралы Заң”, кіші мектеп жасындағы тәрбие бағдарламалары, оқулықтары,
диссертанттың білім жетілдіру институтындағы әдіскерлік тәжірибесі.
Зертеу базасы: № 38 қалалық орта мектеп.

І бөлім

Бастауыш мектеп оқушыларының дидактикалық ойындар арқылы дамытудың
теориялық негіздері.

1. Дидактикалық ойынның мәні
Ойынның пайда болуына байланысты көптеген құпияларды шешу мақсатында
зерттеуші ғалымдар бірнеше жүздеген еңбектенуде.
Ойынның пайда болуы ең алдымен бос уақытты өткізу адамдардың демалыс
сауығын ұйымдастыру проблемасы ретінде қарастырылды. Жалпы ойын теориясының
зерттеле бастауы Шиллердің және Спенсердің ғылыми еңбектерімен тығыз
байланысты. Сол сияқты ойын теорияның дамуына Фрейд, Пияже, Дьнои, Штерн,
Фрамм тағы басқа да ғалымдар еңбектерін сіңірді. Ресейлік психология және
педагогика теориясында ойын тақырыбына қарастырғандар К.Д.Ушинский,
П.П.Плонский, С.Л.Рубинштейн, Л.С.Выготский, Н.К.Крупская, А.Н.Леонтьев
тағы басқалары.
А.Н.Леонтьев өзінің Мектепке дейінгі кезеңдегі ойынның психологиялық
негіздері деген еңбегінде рөлдік ойынның пайда болуын қарастырады.
ХІХ ғасырда ойынды нерв системасының компенсаторлық қызметі ретіндегі
қарастыру теориясы пайда болды. Яғни ойын, белсенділікті композиция
жасайтын құбылыс ретінде қарастырылады. Бұл теорияның негізін салушы
белгілі ағылшын философы Спенсер болды (1820-1903).
Спенсердің тұжырымдауы бойынша оәын артық энергияны шығарудың құралы.
Ойын теориясындағы тағы бір бағыт ұлдар ойынының, қыздар ойынының өзіндік
ерекшелігіне байланысты олардың ойыны балашақтағы оларды күтіп тұрған
өмірлеріне байланыстырылады. Бұл көзқарасты ұсынған О.С.Газман.
Ол былай деді:ойын үнемі бір мезгілде екі түрлі уақыт өлшемін
көрсетеді.Болашақта және қазіргіні.
Бұл теорияны ұстанушылар ойын болашаққа қызмет етеді және қазіргі
кезеңге қызмет етеді.
Ойын теориясына байлансты келесі бір ағым – психоанализ ағымы.
Бұл теорияның авторлары А.Адлер, З.Фрейд ойынның эстетикалық рөлін
жоғары қойды және ойын жасырын қажеттіліктердің санасыз көрінісі деп
есептеледі.
А.Адлер (1870-1937) ойынның пайда болуын баланың шын өмірінде
орындауға мүмкіндігі жоқ нәрсе көрсетуі арқылы өз тілегінің бейнеленіу деп
қарастырылады.
Ойын кезінде баланың рухани дамуы теориясын К.Д.Ушинский
қарастырады.Бала ойын кезіндегі стихиялы әрекеті деген ұғымға қарсы шыға
отырып ол ойынды тәрбие құралы ретінде пайдалануды ұсынды.Сол сияқты
көптеген ғалымдар Пиаже, Левен, Выготский, Эльконин тағы басқалары ойынның
пайда болуын баланың рухани түсінігіне тығыз байланысты қарастырды.
Ойынның пайда болуы баланың үлкен адамдарға тікелей еліктеуімен
байланыстырып қарастырады.
Ойынның пайда болуын көптеген ғалымдар қоғамдық санамен байланысты
қарастырады.Олар ойынның негізгі көзі ретінде мәдениетті алады.
Ойынның қоғамдық мәні туралы теорияны зерттеп дамытқандар: Выготский,
Эльконин, Леонтьев тағы басқалары.
Дидактикалық ойындар барлық кластарда қолданылады.Әсіресе кіші жастағы
балаларды оқытудың әдістеріне көп көңіл бөліну керек.
Демек, дидактикалық ойын деген аты ғана, ал шынында ол сабақтың,
еңбектің жиынтығы.

Дидактикалық ойын түрлерін тәрбиенің түп мақсатын байқауға болады.
Ойын барысында балалар бір-бірін сыйлауды, үлкендерді құрметтеуді, мектеп
мүліктерін қадірлеуді үйренеді. Аңыз-ертегілер, мысалдар тыңдау арқылы
адамгершілік қасиеттерге, ерлікке, батылдылыққа ден қояды.
Оларды адамгершілік қасиеттерге, ерлікке, шындыққа, кішіпейілділікке
тәрбиелейді.
Бастауыш класс оқушыларының ойын әрекетін ұйымдастыруды зерттеудің
кезеңі өсіп келеді. Дидактикалық ойын мектеп жасындағы балалар үшін қызықты
бола тұра тәрбиелеу құралы. Бірақ ол дұрыс ұйымдастырылып басқарылған
жағдайда ғана тәрбие құралы бола алады. Бұл дидактикалық материалдармен
және әр түрлі бағытта жүруі мүмкін.Дидактикалық ойынның балаларға беретін
негізгі мақсаты; ойынның қандай бағытта өткізілетіндігі, неге бағытталғаны
жөнінде болуы шарт.Ойынның мәні мынадай екі бөлімнен тұрады:
1)түсіндіруші, яғни ойын кезінде нені балаларға үйретуіміз керек,қандай
тәсілмен балаларға жеткізуіміз керек;
2) тәрбиелеуші, балалардың басқа адамдармен қарым-қатынасын нығайту.
Ойын ережесі екі бағытта болады:
1) қатынас-ережесі;
2) дұрыс пайдалану ережесі.
Ойын балаларға тартымды да, қызықты болу үшін ойынды мұғалім ойын
мазмұнындағы тәрбиелік, білімділік құндылығы ойын ережесінің сақталуы,
ұйымдастырылуы, ұйымшылдық, белсенділік, ойын құралдарының дұрыс алынуы,
балалар арасындағы қарым-қатынас сапаларын қадағалайды.Ал, педагогикалық
басшылық болмаған жағдайда кейбір ойындар жарамсыз болуы да мүмкін.
Н.К.Крупская былай деп жазды: Қатыгездікке, дөрекілікке
машықтандыратын балалардың нерв жүйесіне жаман әсер ететін құмарпаздық
менмендікке тәрбиелейтін ойындар бар.
Ойын балаларды жан-жақты дамыту құралы есебінде ақыл-ой тәрбиесінің
міндеттерін шешіп отырады.Мысалы: дидактикалық ойындар балаларда белгілі
бір білімдер қалыртастырады, дене тәрбиесі міндеті – ойын кезінде дене
күшін жұмсауына, адамгершілікке, кішіпейілділікке, достық қарым-қатынасқа
тәрбиеленетін болуы керек.
Эстетикалық тәрбие – көрнекі құралдар, таныс әндер, рөлдер болуы.
Оқу мен ойын арасындағы байланыс бала игерген білімдерін, яғни оқу
үстінде алған білімдерін ойын арқылы көрсетпесе, бұл керісінше сипатта
болуы мүмкін, яғни ойын арқылы білімдерін тереңдетіп отырады.
Ойындарды екі топқа бөліп қарауға болады:
1) ережесіз творчестволық ойындар;
2) ережелі ойындар.
Ережесіз ойындар – бұл көбіне өздері ойлап шығарады, ал ережелі
ойндарда үлкен адамдар шығарып, балаларға ұсынады. Дидактикалық ойындар
ережелі ойындарға жатады. Ережелерді оқыту міндеті мазмұнына қарай белгілі
ойын ережесімен үйретуші, ұйымдастырушы балаларға не істеу, қалай істеу
керек екендігін ашса, ұйымдастырушы ережелер ойын тәртібін, жүйелілігін
балалар арасындағы қарым-қатынасты реттейді. Ойын нәтижесі қандай жолмен
болсын ұтып шығу емес, балалардың білімді қаншалықты игергенділігі ақыл-
ойын, тілін дамытудағы өзара қарым-қатынас жасаудағы жеткен жетістіктерінің
көрсеткіші. Дидактикалық ойын баланың ақыл-ойын дамытып, танымдық түсінігін
кеңейтеді. Дидактикалық ойынның тәрбиелік, білімділік құндылығы, қоршаған
орта туралы түсініктерді молайтады, бекітеді. Мысалы: әр нәрсеге баланың
түсінігі молаяды, жаңа білімдер алады. Ойлау қабілетін дамытып, сөздік
қорын молайтады. Ақыл-ой қызметтерін қалыптастырады.
Ойын өткізген кезде мұғалім ойын мақсатын сақтай отырып, балаларды
оқытады. Ойынға балалар қызығатындай жағдай жасау, сол негізде балаларда
ақыл-ой белсенділігін арттыру. Мұғалім белгіленген ережені қатал түрде
орындауға талап ету. Барлық балалардың ойынға тегіс қатысуы, яғни ұжымдық
міндет толықтай шешілуі. Дидактикалық ойын ұйымдастырылуы бала жасына сай
бейімделуі қажет. Мысалы: табу, көрсету, белгілеу, салыстыру, жарыстыру.
Бала өміріндегі ойын олардың өзі-өзін тәрбиелеу, өзін-өзі жетілдіре түсу
құралы. Сондықтан да әрбір ұстаз балаларға арналған дидактикалық ойындарды
ұйымдастыруға аса мән беру керек.
Дидактикалық ойындардың өздерін сипатына қарай үш топқа бөлуге болады:
1) ойыншықтармен ойналатын дидактикалық ойындар;
2) үстел үсті ойндар;
3) сөздік ойындар.
Ойыншықтармен ойналатын ойындар өзіне тән сипат сол ойында заттардың
өзі алынады, ал үстел үсті баспа ойындарында заттардың деректі бейнесі
мысалы: суретті тағы басқа.Ал сөздік ойындарда затты бала көз алдына
елестету арқылы,сөздер арқылы ойналады.
Ойыншықтармен ойналатын ойындар.
Мұндай әр түрлі ойындар балаларға қызықты да тартымды болады.
Заттардың сапасымен, пішінімен, қасиеттерімен танысады. Ойын барысында
салыстыру, топтастыру міндеттері шешіледі. Балалардың заттар жайындағы
білімдерді меңгеруге қарай ойын міндеті де күрделене түседі. Мұндай
ойындардың тақырыптары: Ғажайып бақ, Танып ал да атын айт, Не өзгерді
тағы басқа.
Үстел үсті баспа ойыны – мұндай ойындар көрнекілік принципке
негізделген. Мұндай ойындарда балаларға сол зат өзі емес, бейнесі суреті
беріледі.
Бұл ойынның мазмұны да әр алуан. Бұған балалар үшін қызықты лотолар,
доминолар, кубиктер, суреттер жатады. Бұл ойындар балалардың оқыту
міндеттерін шешеді, балалардың тілін ғана емес, шығармашылық қабілетін
танытады. Сөздік ойындар басқа ойындарға қарағанда күрделі. Күрделілігі
ешқандай зат, ойыншық арқылы емес, тек қана сөз арқылы, зат бейнесін
елестету негізінде жүргізіледі.
Бұл заттар туралы білімдерін тереңдете отырып, заттарды сипаттау,
олардың белгілерін ажырату, топтастыру,қасиетін, сапасын біліп, сөзбен
айтуға жаттықтыру.
Сөздік ойындардың ерекшелігі тілді дамытудың негізгі міндеттерінің
бірі – дұрыс дыбыстауға үйреті, сөздік қорын анықтау әрі бекіту және
айналадағы заттарды дұрыс танып, білуге үйрету. Қойылған сұрақтарына дұрыс
әрі тез жауап табуға, өз ойын дәл,әрі анық жеткізуге, ойлау әрекетін
қалыптастыруға бағытталады. Мұндай дидактикалық ойындарды сабақтан тыс
уақыттарда,сабақпен байланыстыра өткізуге болады.
М.Горький айтқанадй: Ойын баланы қоршаған әлемді, өзі өмір сүріп
отырған ортаны дұрыс түсінуіне және оны өркендетудің жолын ұғындыруға
мүмкіндік береді.
Жалпы ойындарға қарағанда дидактикалық ойындардың айырмашылығы үлкен.
Дидактикалық ойындардың тағы бір құндылығы – бұл баланың бойында бір-біріне
көмектесу, қиын жағдайда бір-бірін құтқаруға және бір-біріне жақсы жағдай
жасауды қалыптастырады. Дидактикалық ойын ретінде қолдануға келетін келесі
ойын – тапсырма. Бұл ойында балаларға жұмбақты жасырып, шешкізу,
санамақтар оқып, жауабын тапқызу тағы басқа. Ойын-тапсырма балалардың
ойлау, сөйлеу қабілеттілігін арттырып, балалар дұрыс шешім қабылдауларына
үйретеді. Келесі дидактикалық ойын түрі – жарыс-ойын.
Бұл ойын кезінде әр түрлі қиыншылықтар болады. Мысалы, өз-өзіне
сенімсіз балалар немесе жалқау, қызықпайтын балаларды ойынға қатыстыруға
қиындық тууы мүмкін. Сондықтан да балаларды толық қатыстыру үшін әр қатарды
топтастыру арқылы өткізуге болады. Мұндай ойындардың тақырыбы: Айға ұшу,
Бәйге, Өрт сөндіру тағы басқа болады.
Дидактикалық ойындарды тек таңдау емее, оны жақсы өткізу қажет.
Мұғалім ойын материалдарын алдын-ала әзірлеп алу қажет. Ойынды таңдаған
кезде оны дұрыс талқыға салып, оның психологиялық ерекшелігін және
тәрбиелік мәнін қарастыру керек. Ойын кезінде балалар бір-бірін тыңдап
отыру керек. Ойын осылай өткенде ғана дамытушылық, тәрбиелілік мәніне жете
алады. Ойынға көркемсөз енгізгенде ғана балаларда жаңаша көзқарас
қалыптасып, ойынға деген қызығушылығы арта түседі. Дидактикалық ойынның
маңызын ескере отырып, оларға мынадай талаптар қойылады:
1) кез-келген дидактикалық ойын баланың ақыл-ой дамуына пайдалы
жаттығуларды және тәрбиесіне пайдалы жаттығуларды беруі қажет.;
2) дидактикалық ойындар міндетті түрде қызықты тапсырмаларға құрылуы
керек.Осы тапсырмаларды орындай отырып, ақыл-ой күші шынығады және
қиындықтарды жеңуге талпыныс болады;
3) ойындағы дидактизм қалжыңмен, қызықты жағдайлармен толық топтастыру
керек;
4) ойынның мақсаты және керекті көрнекіліктер мен материалдар күн
ілгері дайындалып, оңтайлы жерге қойылуы керек;
5) ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібі оқушыларға әбден
түсіндірілгенділігі жөн;
6) ойынға кластағы балалардың түгел қатысуын қамтамасыз ету керек;
7) ойынның жүру барысында мұғалім балалардың түгел қатысуын қадағалаумен
қатар,олардың ойын үстінде шешім қабылдай білуіне, ойлана білуіне
жетелеуі керек.
Оқу жылы басталғанға дейінгі уақыт ішінде бастауыш кластар мұғалімдері
жыл бойы программалық материалға сәйкес ұйымдастырылатын дидактикалық
ойындарға қажетті құрал жабдықтарды жинақтауы, олардың негізгі түрлерін жан-
жақты зерттеп, өзгешеліктері мен ерекшеліктерін анықтауы, демонстрациялық
және дидактикалық материалдарды ерте бастан қолға алғаны жөн.
Дидактикалық ойынның мәні мынада:
1) дидактикалық ойын баланы қоршаған дүние туралы түсінігін кеңейтіп
және оны бекітіп нақтылай түседі. Бала бақылау, оқыған кітап,
естіген ертегі арқылы айналасын таниды. Олардың түсінігі алғашқы
кезде айқын болмайды. Мұғалім баланың түсінігін дидактикалық
ойындар арқылы нақтылап дамытады, саналы түрде түсінуін өрістетеді.
Мысалы, бір заттың түсін атаңдар. Боядың қандай түрін білесіңдер?
Үй жануарларының үшеін атаңдар. Балалар дидактикалық ойындар арқылы
әр затқа байланысты жаңа білімдер меңгеріп, түсінігін тиянақтайды.
Әрбір дидактикалық ойын ойнай білуге баулып, сөздің қорын
өсіреді, ақыл-ой қызметін қалыптастырады.Ойынның шартын орындау баланың
сақ отыруын, өзінің еркін меңгеруін, қабылдаудың, өзінше талдауын ,
салыстыруын , тиісті қортынды тұжырым жасай білу керек етеді.
Дидактикалық ойын баланың пікірін сөзбен жеткізуін талап
етеді. Осының бәрі баланы мектепке, ондағы оқуға әзірлейді.
3) дидактикалық ойын адамгершілікке тәрбиелеудің құралы
болып табылады.
Ақыл-ойды шынықтыратын жаттығуларының ерікті жаттықтыратындығын
да ұмытуға болмайды. Дидактикалық ойын ережелері балалардан
ұстамдылықты, өзін-өзі меңгере білуді, тәртіптілікті тілейді. Мұндай
ойынның көпшілігі ойынға қатысушылардың көлденең іс -әрекетіне тиым
салып басқадай оймен іс-әрекетті тежеуді талап етеді. Ойын ережесін
дұрыс орындай білу баланың ерік – мінезін ,адалдылығын, шыншылдығын
тәрбиелеуге көмектеседі.
Дидактикалық ойын ана тілін оқытуға, есептеуге, түрлі
өсімдіктермен жануарларда әр алуан заттардың қасиетін білуде
пайдаланылады. Мұндай ойынның мазмұны кіші мектеп жасындағы
балаларға арналған бағдарламаларда белгіленеді. Ол күнделікті
сабақтармен бақылаулар арқылы жүзеге асырылады.Ойынды мұғалім
педагогикалық процеске енгізе отыра А.С.Макаренко сөзімен айтқанда
“жақсы ойын жаңаға үйретеді” .
Мұндай ойындарға мынадай сапалар тән. Мазмұнындағы тәрбиелік,
білімділік құндылығы ойын ережесінің сақталуын , ұйымшылдық
белсенділік, ойын құралдарының дұрыс алынуы және балалар арасындығы
қарым- қатынас. Ойынды дайын үлгіге айналдырмай балалардың бастамасына
жол беруде өте маңызды.Балалардың ойында өздері ұйымдастырып, өздерінің
мақсаттарына қол жеткізуі маңызды.Балалар жоспар құрып, оны іске асырудың
жолдарын қарастырады. Ойын процесінде балалар қиындықты жеңіп шығудың
жолдарын іздейді.
1.2. кіші мектеп жасындағы оқушылардың дидактикалық ойындар арқылы дамуының
педагогикалық – психологиялық ерекшеліктері.
Көптеген психологтардың және педагогтардың тұжырымдауы бойынша ойын
кезінде қиял, қабілет және бейнелі ойлау дамиды.Бұның себебі, бала ойын
кезінде қоршаған ортаның құбылыстарын өзінің жеке практикалық іс-
әрекетініен тыс қарастырғандықтан, ол бұның барлығын шартты түрде
бейнелейді.
Ең алдымен бұндай іс-әрекеттерге ойыншылардың орындарынан әрекеттерді
алуға болады. Ойын сонымен қатар баланың басқа да адамдармен қарым-қатынас
жасауына әсерін тигізеді. Бала сол қарым-қатынасты бейнелей отырып, оның
сол ережелерін және әрекет тәсілдерін меңгереді. Ойын арқылы бала өзінің іс-
әрекетін түсінуге тырысады және оны басқа адамдардың әрекеттеріне
үйлестіруді үйренеді.
Дидактикалық ойындар оқыту формасы ретінде қарастырылады. Оның негізгі
бастауы халық педагогикасынан алынады. Бұл ойындар түрлі қимылдармен,
әндермен толықтырыла отырып, бейнелі бір мақсаттарын көздейді. Түрлі
тақпақтар, ойын-өлеңдер және саусақпен санау ойындарын пайдалана отырып,
үлкендер баланың көңілін қоршаған ортаға аударады. Қоршаған орта
құбылыстарын, заттарын ойната отырып таныстырады. Дидактикалық ойындарда
ойынға қажетті негізгі бөлімдерінің барлығы сақталады: ойынның мақсаты,
мазмұны, әрекеттері, ережесі және ойынның нәтижесі. Дидактикалық ойынның
маңызды эелементтернің бірі – ереже. Бұл ережелер оқыту мақсаттарына сәйкес
және ойынның мазмұнына сәйкес белгіленеді. Сол арқылы балалардың іс-
әрекеттері бағытталып, тәртіптері сақталынып отырады. Ережелердің
көпшілігімен балалар өз әрекеттерін басқарады және оны басқа да
ойнаушылардың әрекеттерімен үйлестіреді. Ойын ережелері үйретушілік,
ұйымдастырушылық және тәртіптенушілік қызметін атқарады.
Дидактикалық ойын барысында балалардың алдына түрлі міндеттер
қойылады. Сол міндеттерді шешу барысында олардың зейінділігі, ойлау
қабілеті, іс-әрекетінің бір ізділігі дамиды. Ойындар сонымен қатар,
балалардың ойын міндеттерін шешудің түрлі жолдарын қарастыруға көмектеседі.
Бұның өзі ойынның дамытушылық рөлін көрсетеді. Бала үшін ойын қызықты
әрекет. Ол ойынға өз еркімен қызыға араласады. Ойын кезінде балалардың
барлығы тең болады. Тіпті әлсіз балалардың өздері ойын міндеттерін шешуге
мүмкіндіктері болады. Ойын арқылы балалар өздерінің ұялшықтарын жеңе
біледі. Дидактикалық ойынға басшылық жасау үшін бұл ойындарды дұрыс
таңдаудың да маңызы зор. Ең алдымен ойындардың программалық мазмұны және
міндеттері айқындалады. Сонымен қатар ойынды өткізу орны мен уақыты да
ескеріледі. Балалардың ойнауына басшылықжасай отырып, мұғалім оларға әсер
етудің әр түрлі құралдарын қарастырады.
Мысалы: ойынға тікелей араласа отырып, мұғалім балалардың ойындарын
бағыттап отырады және оларға ойын кезінде қолдау жасап отырады. Кей
жағдайда мұғалім ойынға тікелей өзі араласпаса да сол ойынның
ұйымдастырушысы ретінде балалардың ойын әрекетінің дұрыс дамуына әсер
етеді. Ойынның ұзақтығы ойын әрекетінің ықшам және нақты болуы мұғалімнің
дұрыс басшылығына байланысты. Бүгінгі күнде дидактика саласындағы
фундаменталды мәселелердің бірі – білім берудегі ойындар технологиясы болып
отыр.
Адамдар ойынның құрылымдық жүйесі жөнінде кеңестік дидактикада аса
маңызды зерттеулер болған жоқ.
Ойын өмірде өте ерте жастан өзінен - өзі бастала отырып, адамның
кәсіпті толық меңгергеніше жалғасады және ойын оқытуда алдңғы
технологиялардың маңызды бөлігі болып табылады.
Адамзат ойынының сан жылғы тәжірибесі ойынның білімдік құндылығын
дәлелдеді.Оған балалық кезеңдері ақыл-ойды дамыту ойындарынан бастап,
мәдениетке, бизнеске және басқарудың барлық салаларына мамандар даярлауға
байланысты бағдарламаларды игеру барысындағы ойындар жатады. Адамдардың
ойын әрекеттерінің формалары мен әдістері және мазмұны қарапайым
сылдырмақтармен қозғалыстар жасаудан бірте-бірте фантастикалық шындық
деңгейдегі видеокомпьютерлік ойындарға дейін ауысады.
Адам ойының оқу үрдісіне қалай ендіруге болады? Адам ойын әрекеті
негізгі үш түрі даму деңгейлерінен тұрады: кәсіптік ойындар; әуестену
ойындар және дидактикалық оқу-жаттығу ойындары.
Ойын - оқыту үрдісінде оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде
дербес дидкатикалық категория бола алады.Сонымен бірге ойын оқытушылар мен
студенттердің, мұғалімдер мен оқушылардың, мектеп жасына дейінгі балалар
мен тәрбиешілердің бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технодогиясы
ретінде де қолдануға болады. Балалар ойынында да, үлкендер ойынында да
мәнді тұлғаның мәнді әрекеті ретінде қарастырылады. Адам өзінің және
бақалардың ойынының нәтижесін бақылай,талдай, қорытындылай отырып, оны
өзінің жақсы да жаман да істерінде ұтымды қолдануға машықтанады. Адам
ойынының жалпы құрылымдары түрінде ұйымдастырылған оқытушының белсенді
бірлескен оқу және оқыту әрекеті – оқытудың ойын формасы деп аталады. Ойын
теориясы мен практикасын Отандық және шетелдік педагогтар, психологтар,
социологтар зерттеуде. Мысалы, Иохан Хейзингтің “Ойыншы адам”
Д.БЭлькониннің “Ойын психологиясы” атты еңбектері жазылды. Ресей
ғалымдары А.В.Вербицкиий, Т.В.Кудрявцев, И.П.Пидкасистый. Қазақстандық
ғалымдар: Н.К.Ахметов, Ж.С.Хайдаров тағы басқалары.
Дидактикалық материалдардағы ойындар бастауыш сынып оқушыларының
меңгеруіне қиындық келтіретін жағдайда мұғалім өз шығармашылығын
пайдаланып, әр алуан ойындар құрастырады. Бұл бағытта бастауыш мектеп
оқытушыларының жүргізіп жатқан іс-тәжірибелері айтарлықтай. Алайда, әр
түрлі мектептердің бастауыш сыныбындағы оқу-тәрбие жұмысының ұйымдастыруын
ұзақ зерттеу ойындардың әдетте білім және тәрбие мақсаттары үшін
жеткіліксіз пайдаланып келе жатқаны. Сонымен қатар ойын элементтерін оқу
үрдісінде қолдану технологиясын әлі де жетілдіре түсудің қажеттілігін
түсінеді.
Ақыл-ой тәрбиесінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасындағы балалардың ойлауын дамытуда дидактикалық ойындарды қолдану әдістемесі
Ойын арқылы мектепке дейінгі балалардың танымдық белсенділігін арттыру жайлы
Бастауыш сынып оқушыларын дидактикалық ойындар негізінде шығармашылық қабілетін қалыптастыру жолдары
Қазақ тілі сабағында дидактикалық ойындарды пайдалану
Ойын арқылы мектепке дейінгі балалардың танымдық белсенділігін арттыру
Сабақтан тыс уақытта кіші мектеп оқушыларының математикалық сауаттылығын жетілдіру жолдары
Бастауыш сыныпта математика сабағында дидакикалық ойындарды пайдаланудың әдістемелік жүйесі
Қазақ тілі сабағында оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыруда дидактикалық ойындардың ролі
Бастауыш мектепте математика пәнін оқытуда жаңа технологияларды қолдану әдістері мен тәсілдері
Кіші мектеп жасындағы балалардың зейінін дамыту жолдары
Пәндер