Еңбек биржасының теориялық негіздері


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

: Кіріспе3
:
:
:
: 1. Еңбек биржасының теориялық негіздері . . . ……… . . . 6
:
:
:
: 1. 1 Еңбек биржасының түсінігі, міндеттері және қалыптасуы6
:
: 1. 2 Жұмыссыздық қоғамның бір кеселі. . ………. 9
:
: 1. 3 Жұмыссыздық проблемаларын шешуде еңбек биржаларының рөлі…20
:
:
:
: 2. Еңбек биржасы және еңбек биржасындағы қатынастарды реттеудегі оның рөлі . . . . . 26
:
:
:
: 2. 1 Тұрғындарды жұмыспен қамтудың мемлекеттік саясаты және еңбек биржасының рөлі . . . . . . 26
:
: 2. 2 Еңбек биржасындағы экономикада дамыған елдердің еңбек биржасын анықтау. 33
:
: 2. 3 Қазақстандағы еңбек биржасына негізгі проблемалары мен даму жолдары. 35
:
:
:
:
:
: Қорытынды. . 40
:
: Пайдаланған әдебиеттер тізімі. 41
:

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: Жұмыссыздық мәселесі адамдарды қор ететіні сөзсіз. Әр қоғамды алаңдатып отыратын - осы. Сонда экономиканың дамуына кедергі болып отырған және оны тежейтін не?- деген сұраққа жауаптардың ішінен бірінші орында болмаса да, бірақ екінші орында жұмыссыздық мәселесі тұратынына ешкім таңқалмас. Жұмыссыз адамнан бақытсыз жан жоқ. Өйткені табыс көзі жоқ адамда не үйі, не киетін киімі, күнделікті тамағы да жоқ екенін көрсетпей ме?

Қоғамымыздың бір бөлігі күн санап дәулеті артып, байи түссе, екіншісі барған сайын сіңірі шығып, кедейленуде. Бар мен жоқты теңестіру үшін не істеу қажет? Қиындықтан шығар жол - барлық облыстар мен қалаларда отандық өнім өндірушілердің қатарын көбейтіп, олардың ішкі нарықта үстемдік құруына жол ашу болатын тәрізді. Сонда ғана олар сырттан тасымалданатын шетелдік бұйымдарды ішкі нарықтан ысырып тастап, өнім өндірумен айналыса алады. Ал отандық кәсіпорындар, ірілі-ұсақты тауар өндірушілер, қызмет көрсету саласы өз деңгейінде, жұмыс істеп тұрса кедейшілік пен жұмыссыздық іргесін аулаққа салар еді.

Бұл осы мәселені шешудің тек бір жолы ғана. Ал мен өз курстық жұмысымда оның басқа да шешілу әдістерін және бұл мәселені мейлінше жан-жақты қарастыруға, оның кешегі мен бүгінін салыстыра отырып ертеңгі күнде мүмкін болатын жағдайын барынша нақты көрсетуге тырысып көруді басты мақсат етіп алдыма қоямын.

Жұмыспен қамтудың еңбекке қабілетті адамдарды тиімді пайдалану, жұмыс күшіне деген сұраныстың артуы, осы ұсынысты оңтайландыру. Оның құнын арттырып, сапасын жақсарту сияқты маңызды өлшемдері мемлекеттік реттеу шеңберінен тыс қалып келді. Ал еңбек биржасындағы саясатта жұмыс күшін салалар, кәсіптер мен аумақтар бойынша тиімді етіп қайта бөлу ісі де тыс қалып отыр. Осының нәтижесінде, экономикадағы құрылымдық алға басушылық тежелуде, еңбек өнімділігі төмендеп, адамның тиімді еңбекпен өзін және отбасын қамтамасыз ету мүмкіндігі азаяды. Бұл қазіргі кезеңде өте актуалды мәселе болғандықтан оны курстық жұмысымның тақырыбы ретінде алғаным сондықтан.

Бүгінгі күні Қазақстан кәсіподақтары Федерациясы Үкіметпен жыл сайын кәсіподақтар атынан келісімге отырады. Бұл келісімге отырудың негізгі мақсаты кәсіподақтардың жұмысын одан әрі жандандыру, олардың құқықтық базаларын жетілдіру, еңбек сақталуының дұрыстығын тексеруді мемлекет тарапынан үнемі қадағалап отыру, т. б.

Ел экономикасының алға ілгерілеп дамуымен қатар еңбек биржасы да жылдан-жылға дамып, жаңа жұмыс орындары ашылып, жұмыссыздық азайып, халықтың басым бөлігі тұрақты жұмыспен қамтылуда. Бірақ көптеген кәсіпорындарда еңбек шартын бұзу, еңбек зңдылықтарын сақтамау, өздерінің лауазымдық міндеттерін асыра орындау, жұмысшылар мен қызметкерлердің құқықтарын шектеу, олардың әлеуметтік жағдайларына көңіл бөлмеу секілді келеңсіз жайттар орын алуда. Әсіресе, бұл жағдайлар мұнай-газ, құрылыс, тау-кен өндірісі, өнеркәсіп салаларында қызмет ететін шетелдік фирмалар тарапынан көптеп кездеседі. Олар тек еңбекақы дұрыс есептелмеуін былай қойғанда, адам денсаулығына зиян келетін ауыр жұмыстарды қолмен атқаруға, сондай-ақ мөлшерленбеген жұмыс уақытын пайдалануға жол беріп отыр. Себебі, елдегі арзан жұмыс күші және жұмыс орнына деген жұмыссыздар арасындағы қатаң бәсекелестік жағдай жұмысшылардың жұмысынан айырылып қалмау үшін барлық шараларға көнуіне тура келеді.

Ендігі жерде кәсіподақтардың қызметін жандандыра отырып, оларға мемлекет тарапынан қолдау көрсетіп, жоғарыда аталған кемшіліктерге жол бермеу, оларды жою жұмыстарына белсене араласуына жағдай жасау қажет. Себебі, біздер өркениетті дамыған ел қатарына демократиялық жолмен дамудың арқасында қол жеткіземіз десек, сол жолдардың бір тармағы - еңбек биржасын тек мемлекет тарапынан ғана реттеп қоймай, осы кәсіподақтар қызметін жандандыра отырып, олардың еңбек биржасының одан әрі қалыпты дамуына үлестерін қосу.

Еңбек биржасы - бұл нарықтың ерекше түрі, онда жұмыс күші тауарын сату және сатып алу жүзеге асады. Осы жерде оның құны мен жалдану жағдайы бағаланады. Еңбек биржасы - экономика жағдайын көрсетудуң айнасы, тұрғындарды жұмыспен қамту көлемі мен динамикасын, жұмыссыздықтың сала бойынша, кәсіби-біліктілік, демократиялық және басқа да көрсеткіштердің құрылымын байқатады.

ҚР осы уақытқа дейін еңбек биржасы болған жоқ. Еңбек биржасындағы экономикаға көшу осындай нарықтың болуын қарастырады. Еңбек биржасы бұл жұмыс күшін тауар ретінде сату - сатып алу туралы экономикалық қатынастардың жүйесі. Еңбектің тікелей әсер етуінің арқасында өте қабілетті және іскер жұмыскерлерге қатаң әрі қатал таңдау жүргізіледі. Нарық еңбекке қабілетсіздерді, жалқау, әлсіздерді ешқашан аямайды. Ол еңбектің жоғары шапшаңдығын қамтамыасыз етіп, іскерлік пен бастамашылықты ынталандырады.

Тақырыптың ғылыми зерттелу дәрежесі. Еңбек биржасынын мәселелері, тиімді қызмет етуі Дж. М. Кейнс, А. Смит, Ф. Энгельс, Э. Хансен, Р. Харрод және т. б. экономист ғалымдардың еңбектерінде жан-жақты қарастырылған.

Сонымен қатар шетелдік ғалым экономистер еңбектерінде тұрғын үй нарығы зерттелген: Т. Г. Зайнуллин, Н. Г. Лукянова, В. Л. Ясько, О. Э. Бессонова, С. Глазунов, В. Самошин, В. В. Бузырев, В. С. Чекалин, М. А. Федотова, И. В. Довдиенко, И. А. Рахман, Г. М. Стерник, В. И. Ресин, А. В. Стулов, Ю. В. Пашкус және т. б.

Н. Ә. Назарбаев, Н. К. Мамыров, У. К. Шеденов, К. А. Сагадиев, C. Б. Абдыгаппарова, Р. А. Алшанов, Е. А. Туркебаев, Ұ. М. Искаков, Т. М. Утин, Ч. Н. Чан, Ө. Қ. Есқараев, Е. Б. Жатканбаев, У. К. Шалболова, Г. Б. Халелова, . В. Онлабаев, Л. Б. Кулумбетова, С. А. Илашова, А. К. Кошанова, Г. В. Косолапов, Н. С. Шыныбеков, Т. Б. Баяхметов, И. Ю. Бенке, А. К. Мусанова және т. б. ғалымдар мен басқа да авторлардың ғылыми еңбектерінде нарық зерттеліп, қарастырылған.

Курстық жұмысының мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің мақсаты еңбек биржасындағы субъектілер мен объектілердің қызмет етуіндегі қиыншылықтар, кемшіліктердің анықталуы негізінде еңбек биржасын әрі қарай жетілдіре отырып, дамытудың экономикалық механизмін әзірлеу. Қойылған мақсаттарға байланысты мына міндеттерді зерттеу қарастырылған:

  1. Еңбек биржасының теориялық негіздерін қарастыру.
  2. Жұмыссыздық проблемаларын шешуде еңбек биржаларының рөлі анықтау
  3. Еңбек биржасындағы экономикада дамыған елдердің еңбек биржасын анықтау
  4. Тұрғындарды жұмыспен қамтудың мемлекеттік саясаты және еңбек биржасының рөлін қарастыру
  5. Қазақстандағы еңбек биржасына негізгі проблемалары мен даму жолдарын анықтау және еңбек биржасының жұмысының жетілдіруде ұсыныстар жасап шығару.

Курстық жұмыстың объектісі- Қазақстан Республикасы еңбек биржалары, еңбек нарығы мен институттары.

Курстық жұмыстың пәні (заты) - Еңбек нарығының қызмет ету процессіндегі пайда болған еңбек биржасындағы экономикалық қатынастардың дамуы.

Курстық жұмыстың теориялық және әдістемелік негізі. Еңбек биржасын дамыту мәселелері бойынша жарияланған шетелдік және отандық экономист ғалымдардың ғылыми еңбектері; заңнамалар; нормативтік актілер; құжаттар; мемлекеттік және жергілікті органдардың мерзімдік бағдарламалары; статистикалық мекемелердің көрсеткіштері; тұрғын үй мекемелерінің есебі; бұқаралық ақпараттар, www-серверлер материалдары.

Зерттеу барысында мынадай әдістер қарастырылды: мәліметтерді талдау, салыстыру, динамикалық, сызбалық көрсеткіштер.

Курстық жұмыстың ғылыми жаңалығы. Қазіргі кезеңде еңбек нарығын зерттей отырып, тиімді дамытудың қажетті жақтары мен бағыттарын анықтау басты шарт болып табылады.

Курстық жұмысының ғылыми-тәжірибелік маңыздылығы. Курстық жұмыста жасалынған қорытындылар мен ұсыныстар жергілікті басқару органдары мен басқа еңбек биржасындағы қызметінде, арнаулы курстарды өткізуде дәріс материалдары ретінде қолданылуы мүмкін.

1. Еңбек биржасының теориялық негіздері

1. 1 Еңбек биржасының түсінігі, міндеттері және қалыптасуы

Қазіргі кезде біздің Қазақстанда басқа көптеген елдермен салыстырғанда адамның еңбегі төмен бағалануда. Мысалы, бір сағаттық адам еңбегі Швецарияда - 30, Германияда - 28, Австралияда - 22, Францияда - 15$ құрайды. Біздің есептеуімізше, ҚР-да жұмысшы мен мемлекеттік сектордағы қызметкерлердің 1 сағат еңбегі 0, 10$ тұрады. Еңбек биржасындағы қатынастарға көшкенде жұмыс күшінің сапасына деген сұраныс өседі. Сондықтан оның ақысын көбейту қажеттілігі еріксіз туындайды.

Қазіргі таңда Қазақстанда жұмыспен қамту жағдайына шолу жасасақ, еңбек ресурстары - 1992 жылы 9, 4 млн. адам, 55% құрады. Халық шаруашылығы қызметінің барлық салаларында 7, 4 млн. адам жұмыспен қамтылған. Олардың 6 миллионға таяуы немесе 81% экономиканың мемлекеттік секторында жұмыс істейді. Бұл мемелекеттік кәсіпорындардың әлі де басым екендігін, яғни нарық механизміне тән еңбекпен қамту қатынастарының қалыптасуының өте баяу жүріп жатқандығын көрсетеді. Сонымен қатар, қазіргі еңбекпен қамту қатынастары, әкімшілік экономика жағдайында қалыптасқан жұмыспен қамтамасыз ету қатынастардың терең дағдарысын көрсетіп отыр. Біздің қоғам, әкімшілдік басқару жүйесі жағдайында халықты толық, әсіресе тиімді еңбекпен қамту мәселесін шеше алмады.

Болжаммен, үстіміздегі жылдың аяғына қарай, Қазақстанда тіркелген еңбек биржасындаң саны 250-500 мың адам болуы мүмкін деп күтілуде. Сондықтан, мемлекет дүние жүзінде жинақталған тәжірибеге сүйене отырып, бұл процесті реттеуді үйренуі қажет. Жұмыссыздықтың әлеуметтік және саяси өткірлігін азайту үшін соңғы 30 жыл бойына жұмыссыздарға жәрдем берудің әр түрлерін қолдануда.

Осыған дейін біз жұмысшылар активті түрде өз еңбегін ұсыну үшін бәсекелеске түседі деген ұйғарыммен шектелгенбіз. Көптеген нарықтарда жұмысшылар өз еңбек қызметтерін провсоюздар арқылы сатады. Провсоюздардың ең негізгі көздейтін экономикалық мақсаты - еңбекақыны жлғарылату. Провсоюздың оған жетудің әртүрлі әдістері бар. Еңбекке деген сұраныстың өсуі. Провсоюздардың ойынша еңбекақыны көтерудің қолайлы әдісі - еңбекке сұранысты өсіру арқылы. Төмендегі суретте көрсетілгендей еңбекке сұранысты өсірудің нәтижесінде еңбекақы мөлшерлемесімен қатар жұмыс орындарының саны да өседі:

Сурет 1. Еңбек сұранысы

Дерек көзі: Кривко Н. Инфляционная ситуация в Республике Казакстан // Аль -Лари N 4 2005 -3 -11 б

Бірақ қалай провсоюз еңбекке сұранысты өсірте алады? Жалпы провсоюз:

  1. өндірілген тауарлар мен қызметтерге сұранысты өндіруге;
  2. еңбектің өнімділігін жоғарлатуға;
  3. басқа да өндірілетін өндіріс факторларының бағасын өзгертуге тырысу арқылы. Осыларды жеке-жеке қарастырайық:
  1. өнімге сұраныстың өсуі. Профсоюздар өндіріске қатысып, өнімге сұраныстың өсуіне әсер етеді де жарнаманы саяси лоббистерді қолдана отытып өзінің еңбек қызметтеріне сұранысты жоғарылатады. Профсоюздар тұтынушыларды провсоюзды эстетикамен тауарларды сатып алуға бағыттау үшін теледидарлық жарнаманы саяси лоббистерді қолдана отытып еңбек қызметтеріне сұранысты жоғарылатады. Немесе құрылысшылардың провсоюздары лоббистерді жаңадан құру контрактілерін алу үшін қолданады, немесе мұғалімдер ассоциациясы, провсоюздар білімге мемлекеттік шығыстарды ұлғайту үшін шығады.
  2. Еңбек өнімділігінің өсуі. Еңбек өнімділігіне әсер ететін көптеген шешімдер мысалы, нақты капиталдың көлемі мен сапасы жайында - әкімшіікпен біржақты қабылданғанмен, еңбек өнімділігін өсіру үшін бірлескен жұмысшы - әкімшілік коммитеттердің құрылуына қызығушылық артып жатқанын айту керек.
  3. Алмастырушы ресурстарға бағаның өсуі. Профсоюздар провсоюз мүшелерінің еңбегіне сұранысты алмастырушы ресурстар бағасының өсуіне әсер ету арқылы ұлғайта алады.

Еңбекақының минимумынан жоғарысын алатын жұмысшылардың провсоюздары еңбекақы минимумын жоғарлатуға бағытталған әрекеттері орынды мысал бола алады. Профсоюздардың осындай әрекетін түсіндіретін себеп - провсоюз қамтылған, потенциялды алмастырылатын, төмен төлемді еңбектің бағасын жоғарылатқысы келгендіктен одаққа біріктірілмеген жұмысшыларға еңбекақы минимумын еңбекақы минимумын жоғарлату кәсіпкерлерге осындай жұмысшылардың провсоюз мүшелері - жұмысшыларымен алмастырылуында шек болады, нәтижесінде провсоюз мүшелер - жұмысшыларына сұраныс ұлғаяды.

Профсоюздар өздерінің еңкекке деген сұранысына мүмкіндіктерінің шамалы және сенімсіз екендігін мойындайды. Келтірілген мысалдар профсоюздардың еңбекке сұранысты ұлғайтуға емес, көбінесе оның төмендеуіне қарсы тұруға тырысушылығын көрсетеді. Осының есебінен профсоюздардың еңбекақыны жоғарылату сұранысты емес еңбекті ұсынуда шоғырланады. Тұйық немесе цехтік тред-юнионизм. Профсоюздар еңбекақының ставкасын еңбекті ұсынуды қысқарту арқылы жоғарылата алады.

Сонда цехті профсоюздар - белгілі бір профессиядағы жұмысшыларды ғана біріктіретін профсоюздарды айтады. Бұндай профсоюздар кәсіпкерлерді тек осы профсоюздың мүшелер - жұмысшыларын жалдауға мәжбүрледі де еңбекті ұсынуда толық бакылауды қамтамасыз етті. Одан кейін қысқарту жолы арқылы - оқудың ұзақ мерзімі, алғашқы жарнамалардың көп болуы, жаңа мүшелерді алуды шектеу немесе болдыртпау - профсоюздар еңбекті ұсынудың жасанды қысқартуларды қолданды.

Сурет 2. Өнімге сұраныс

Дерек көзі: Кривко Н. Инфляционная ситуация в Республике Казакстан // Аль -Лари N 4 2005 -3 -11 б

Ашық немесе салалық тред-юнионизм. Алайда, профсоюздардың көбісі өз мүшелерінің санын шектемесі, керісінше барлық потенциалды жұмысшыларды біріктіруге ұмтылады. Бұл ашық, салалық профсоюздарға тән.

Егер профсоюз нақты саланың барлық жұмысшыларын біріктіре алса, онда фирмалар еңбекақының ставкасы жайлы профсоюздармен келісім жасағанда олардан үлкен қысымда болады. Неге? өйткені забастовкалардың көмегімен профсоюз фирманы толығымен еңбекті ұсына алмайтындай етіп қалдыра алады.

Сурет 3. Еңбек өнімділігінің өсуі

Дерек көзі: Кривко Н. Инфляционная ситуация в Республике Казакстан // Аль -Лари N 4 2005 -3 -11 б

Профсоюздың міндеті. Осы бөлімде мен ҚР-да адамдарды қор ететін жұмыссыздық мәселесін шешуге, оны біршама қысқартуға қандай іс-әрекеттер, шаралар бағдарламалар жақын арада жүзеге асырылатындығына тоқталғым келеді. Қазірде бұл өткір тұрған бірден бір мәселелердің бірі. Жалпы қоғамдағы барлық қиындықтар осы мәселенің негізінде, оның әсерінен туындап отыр десем артық айтылған сөз болмас. Бұл адамдардың баршасын толғандырып отыратын мәселе болып бүгін немесе кеше пайда болған жоқ, қаншама уақыт бойы біз онымен күресудеміз, бірақ бүгін бұл мәселе өз шешімін табатын уақыт та келді.

1. 2 Жұмыссыздық қоғамның бір кеселі

Бұл бөлімде біз статистикалық мәліметтерге назар аударамыз. Себебі сандық көрсеткіштер көп артық сөзді қажет етпей қарастырылып жатқан мәселе жайында нақты да дәл мәлімет бере алады. Сондықтан оған орын берейік. 2009 жылдың III тоқсанында 15 жас және одан жоғары жастағы экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың саны 7, 6 млн. адамды құрады және өткен тоқсанмен салыстырғанда 61, 4 мың адамға (0, 8%-ға) көбейді. Экономикалық белсенділік деңгейі 71, 8% болып, өткен тоқсанға қарағанда 0, 6 пайыздық тармақта көп, еркектер -77, 1%, әйелдер - 67, 1%. Республика экономикасында осы жылдың III тоқсанында 7 млн. адам жұмыспен қамтылған, бұл өткен тоқсандағыдан 115, 9 мың адамға (1, 7%-ға) көп. Қалалық жерде жұмыспен қамтылғандар үлесі, жұмыспен жалпы қамтылғандардың 55, 8%, ауылда - 44, 2% болды.

Экономикалық белсенді халықтың жалпы санында қала халқы - 4, 3млн. адам болып, биылғы өткен тоқсандағыдан 39, 6мың адамға (0, 9%-ға), ауылдағылар - тиісінше 3, 3млн. адам және 21, 8мың адамға (0, 7%) көбейді.

Халықтың жұмыспен қамтылу құрылымында 28, 5% 35-44 жастағылар, 23, 5% 25-34 жастағылар, 22, 5% 45-54 және 13, 8% 15-24 жастағылар. Жұмыспен қамтылғандардың әр бесіншісі жоғары білімді, әр төртіншісі - орта кәсіптік, әр үшіншісі - жалпы орта білімділер.

Ағымдағы жылдың үшіншісі тоқсанында жұмыссыздар саны (табысты жұмысы болмаған, оны белсенді түрде іздеген және оған кірісуге дайын болғандар) 625, 1мың адамды құрады, бұл өткен кездегіден 54, 5мың адамға кем. Жұмыссыздық деңгейі 8, 3%-ды құрады.

Жалпы жұмыссыздар санында әйелдер 368мың (59%), еркектер - 256мың. Үшінші тоқсанда, оның алдындағы тоқсанмен салыстырғанда, жұмыссыз еркектер саны 20, 4мыңға, қысқарды. Жұмыссыздық құрамында әрбір үшінші 25-39 жастағылар және 46-64 жастағылар.

Экономикалық белсенді емес халық санында осы жылдың үшінші тоқсанында 15 және одан ересек жастағылар 3млн. болып өткен тоқсанға қарағанда 62, 9мыңға немесе 2, 1%-ға қысқарды. Халықтың осы санаттағы құрылымында әйелдер 62% (1, 5млн. ) қала халқы 65, 4% (1, 9млн. ) болды. Экономикалық белсенді емес халық арасында әрбір екінші зейнеткерлер, әрбір үшіншісі оқушылар.

Кесте 1

2009 жылдың үшінші тоқсанында еңбек биржасының негізгі индикаторлары.

Облыстары
Экономикалық белсенді халық
Халықтың экономикалық белсенділігінің деңгейі %
Жұмыспен қамтылған халық, адам
Соның ішінде
Жұмыссыздар - барлығы, адам
Жұмыссыздық деңгейі
Экономикалық белсенді халық

Халықтың экономикалық белсенділігінің

деңгейі %

Жалдамалы қызметкерлер
Өздігінше жұмыспен қамтылғандар
Облыстары: ҚР
Экономикалық белсенді халық: 7577332
Халықтың экономикалық белсенділігінің деңгейі %: 71, 8
Жұмыспен қамтылған халық, адам: 6952185
Соның ішінде: 4089346
Жұмыссыздар - барлығы, адам: 2862839
Жұмыссыздық деңгейі: 625147
Экономикалық белсенді халық: 8, 3
Халықтың экономикалық белсенділігініңдеңгейі %: 2976276
28, 2
Облыстары: Ақтөбе
Экономикалық белсенді халық: 342800
Халықтың экономикалық белсенділігінің деңгейі %: 73, 8
Жұмыспен қамтылған халық, адам: 312515
Соның ішінде: 181558
Жұмыссыздар - барлығы, адам: 130957
Жұмыссыздық деңгейі: 30285
Экономикалық белсенді халық: 8, 8
Халықтың экономикалық белсенділігініңдеңгейі %: 121590
26, 2
Облыстары: Алматы
Экономикалық белсенді халық: 793355
Халықтың экономикалық белсенділігінің деңгейі %: 73, 3
Жұмыспен қамтылған халық, адам: 726270
Соның ішінде: 375737
Жұмыссыздар - барлығы, адам: 350533
Жұмыссыздық деңгейі: 67085
Экономикалық белсенді халық: 8, 5
Халықтың экономикалық белсенділігініңдеңгейі %: 288313
26, 7
Облыстары: Атырау
Экономикалық белсенді халық: 209487
Халықтың экономикалық белсенділігінің деңгейі %: 70, 1
Жұмыспен қамтылған халық, адам: 190146
Соның ішінде: 147956
Жұмыссыздар - барлығы, адам: 42190
Жұмыссыздық деңгейі: 19341
Экономикалық белсенді халық: 9, 2
Халықтың экономикалық белсенділігініңдеңгейі %: 89440
29, 9
Облыстары: Шығыс Қазақстан
Экономикалық белсенді халық: 740114
Халықтың экономикалық белсенділігінің деңгейі %: 66, 3
Жұмыспен қамтылған халық, адам: 690795
Соның ішінде: 415929
Жұмыссыздар - барлығы, адам: 274866
Жұмыссыздық деңгейі: 49319
Экономикалық белсенді халық: 6, 7
Халықтың экономикалық белсенділігініңдеңгейі %: 375992
33, 7
Облыстары: Батыс Қазақстан
Экономикалық белсенді халық: 306819
Халықтың экономикалық белсенділігінің деңгейі %: 71, 1
Жұмыспен қамтылған халық, адам: 279113
Соның ішінде: 164379
Жұмыссыздар - барлығы, адам: 114734
Жұмыссыздық деңгейі: 27706
Экономикалық белсенді халық: 9, 0
Халықтың экономикалық белсенділігініңдеңгейі %: 124916
28, 9
Облыстары: Қарағанды
Экономикалық белсенді халық: 751068
Халықтың экономикалық белсенділігінің деңгейі %: 74, 3
Жұмыспен қамтылған халық, адам: 693660
Соның ішінде: 460425
Жұмыссыздар - барлығы, адам: 233235
Жұмыссыздық деңгейі: 57468
Экономикалық белсенді халық: 7, 6
Халықтың экономикалық белсенділігініңдеңгейі %: 260432
25, 7
Облыстары: Қызылорда
Экономикалық белсенді халық: 280964
Халықтың экономикалық белсенділігінің деңгейі %: 71, 7
Жұмыспен қамтылған халық, адам: 250639
Соның ішінде: 131281
Жұмыссыздар - барлығы, адам: 119358
Жұмыссыздық деңгейі: 30325
Экономикалық белсенді халық: 10, 8
Халықтың экономикалық белсенділігініңдеңгейі %: 110642
28, 3
Облыстары: Маңғыстау
Экономикалық белсенді халық: 149249
Халықтың экономикалық белсенділігінің деңгейі %: 68, 2
Жұмыспен қамтылған халық, адам: 135742
Соның ішінде: 115259
Жұмыссыздар - барлығы, адам: 20483
Жұмыссыздық деңгейі: 13507
Экономикалық белсенді халық: 9, 0
Халықтың экономикалық белсенділігініңдеңгейі %: 69655
31, 8
Облыстары: Павлодар
Экономикалық белсенді халық: 431367
Халықтың экономикалық белсенділігінің деңгейі %: 76, 0
Жұмыспен қамтылған халық, адам: 401933
Соның ішінде: 232153
Жұмыссыздар - барлығы, адам: 169780
Жұмыссыздық деңгейі: 29434
Экономикалық белсенді халық: 6, 8
Халықтың экономикалық белсенділігініңдеңгейі %: 136184
24, 0
Облыстары: Солт. Қазақстан
Экономикалық белсенді халық: 416877
Халықтың экономикалық белсенділігінің деңгейі %: 80, 3
Жұмыспен қамтылған халық, адам: 388080
Соның ішінде: 195965
Жұмыссыздар - барлығы, адам: 192115
Жұмыссыздық деңгейі: 28797
Экономикалық белсенді халық: 6, 9
Халықтың экономикалық белсенділігініңдеңгейі %: 102444
19, 7
Облыстары: Оңт. Қазақстан
Экономикалық белсенді халық: 931116
Халықтың экономикалық белсенділігінің деңгейі %: 71, 1
Жұмыспен қамтылған халық, адам: 842812
Соның ішінде: 413195
Жұмыссыздар - барлығы, адам: 429617
Жұмыссыздық деңгейі: 70374
Экономикалық белсенді халық: 7, 7
Халықтың экономикалық белсенділігініңдеңгейі %: 370414
28, 9
Облыстары: Астана қаласы
Экономикалық белсенді халық: 246588
Халықтың экономикалық белсенділігінің деңгейі %: 65, 6
Жұмыспен қамтылған халық, адам: 225819
Соның ішінде: 199595
Жұмыссыздар - барлығы, адам: 26224
Жұмыссыздық деңгейі: 20769
Экономикалық белсенді халық: 8, 4
Халықтың экономикалық белсенділігініңдеңгейі %: 129450
34, 3
Облыстары: Алматы қаласы
Экономикалық белсенді халық: 567207
Халықтың экономикалық белсенділігінің деңгейі %: 63, 3
Жұмыспен қамтылған халық, адам: 516868
Соның ішінде: 402710
Жұмыссыздар - барлығы, адам: 114158
Жұмыссыздық деңгейі: 50339
Экономикалық белсенді халық: 8, 9
Халықтың экономикалық белсенділігініңдеңгейі %: 329517
36, 7

Дерек көзі : Шокаманов Ю. Статистикалық баспасөз - Бюллетень N 1 // Алматы -2004-206-207 бб.

Сурет 7 2009-2010 жылдары жұмыссыздар саны және жұмыссыздық деңгейі

Дерек көзі: (Кривко Н. Инфляционная ситуация в Республике Казакстан // Аль -Лари N 4 2005 -3 -11 б

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауыл шаруашылық биржасының мобильді қосымшасын әзірлеу
Қазақстанда қор биржасының дамуы
Қазақстан Республикасының қор биржасының қызметін ұйымдастыру мен қызмет ету ерекшеліктері
Еңбек биржасы
ҚР құнды қағаздар нарығының дамуы
Валюталық биржа
Тауар биржасының қызметі
Қор биржасы мәні, міндеттері және операциялары туралы ақпарат
Қаржы нарығы туралы ұғым
Тауар биржасының мүшелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz