Ауыл шаруашылық өндірісін орналастыруды модельдеу



ЖОСПАР

Кіріспе

Негізгі бөлім
1.Ауыл шаруашылығы . басым бағыт.
2. Ауыл шаруашылық өндірісін орналастыруды модельдеу.
3. Мал азықтары рациондарын құруды модельдеу

Қорытынды.

Қолданылған әдебиеттер тізімі.
Кіріспе
Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық кешені ең ірі және күрделі халықшаруашылық құрылымы болып табылады. Мұнда материалды өндіріс жұмыстарының 50-53%-ы жұмыс істейді, негізгі қордың 49%-ы жұмсалады, 48% жиынтық өнімі және ұлттық табыстың жартысы алынады. Оның қызметінің тиімділігін тұтыну нарығының жағдайы, қоғамның әлеуметтік және экономикалық тұрақтылығы анықтайды.
Ауыл шаруашылығындағы бағалық қатынас ерекше бұзылған. Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру, дайындау, сақтау және қайта өңдеу саласын дамытуда өте күрделі жағдай қалыптасқан. Агроөнеркәсіп кешенінің қайта өңдеу саласына ұзақ уақыт инвестицияның салынбауы тұтыну саласының сұранысы мен қажеттілігін қанағаттандырудан тыс қалдырды. Сала кәсіпорындарында машиналар мен құрал-жабдықтардың ерекше бөлігі тозды. Ал бұл шикізатты қайта өңдеу мүмкіндігін және тағамдық құндылықтың 40%-ын жоғалтты. Ауылшаруашылығы мен қайта өңдеу саласының арасындағы байланыстың нашарлауына алып келді.
Республиканың агробизнес саласында қалыптасқан жағдай қайта өңдеу саласында мынадай негізгі міндеттерді шешуді талап етеді: қаржы-экономикалық жағдайын тұрақтандыру, көп сатылы экономика құру, ауыл шаруашылығы мен қайта өңдеу саласы арасындағы тепе-теңдікке жету, нарықтық инфрақұрылымын құру, салалық және аймақтық ерекшеліктердің көп түрлілігін есепке ала отырып, интеграцияның ерекше түрлерін анықтау, ірі, орта және шағын кәсіпорынның мақсаттарын ұштастыру, өндіріс және шаруашылықтың ұйымдастыру қызметін жетілдіруді қажет етеді.
Реферат жұмысының мақсаты – ауыл шаруашылығы өндірісін модельдеуді зерттеу.
Міндеттері:
- жалпы ауыл шаруашылығының дамуын қарастыру;
- ауыл шаруашылығында модельдер құрудағы есептерге талдау жасау.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Ә.Ж.Сапарбаев, Қ.А. Ахметов, А.Т. Мақұлова. Экономикалық-математикалық әдістер мен модельдер.-Алматы: «Ғылым», 2005.
2. 2007 жылғы қаңтар- маусымдағы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы. //Дидар.-2007.-14 тамыз.-Б.3
3. Әбішев Е. Мүмкіндіктерді тиімді пайдаланған абзал. //Дидар.-2007.-24 мамыр.- Б.1.
4. Бақытқызы А. Жаңа бағдарламалар аясында. //Дидар.-2002.-22 қаңтар.- Б.2.
5. Әлханұлы Д. Басты міндет-ауылшаруашылығы кластерін құру. //Рауан.-2007.-28 сәуір.- Б.1.

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе
Негізгі бөлім
1.Ауыл шаруашылығы – басым бағыт.
2. Ауыл шаруашылық өндірісін орналастыруды модельдеу.
3. Мал азықтары рациондарын құруды модельдеу

Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе
Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылық кешені ең ірі және күрделі
халықшаруашылық құрылымы болып табылады. Мұнда материалды өндіріс
жұмыстарының 50-53%-ы жұмыс істейді, негізгі қордың 49%-ы жұмсалады, 48%
жиынтық өнімі және ұлттық табыстың жартысы алынады. Оның қызметінің
тиімділігін тұтыну нарығының жағдайы, қоғамның әлеуметтік және экономикалық
тұрақтылығы анықтайды.
Ауыл шаруашылығындағы бағалық қатынас ерекше бұзылған. Ауыл шаруашылық
өнімдерін өндіру, дайындау, сақтау және қайта өңдеу саласын дамытуда өте
күрделі жағдай қалыптасқан. Агроөнеркәсіп кешенінің қайта өңдеу саласына
ұзақ уақыт инвестицияның салынбауы тұтыну саласының сұранысы мен
қажеттілігін қанағаттандырудан тыс қалдырды. Сала кәсіпорындарында
машиналар мен құрал-жабдықтардың ерекше бөлігі тозды. Ал бұл шикізатты
қайта өңдеу мүмкіндігін және тағамдық құндылықтың 40%-ын жоғалтты.
Ауылшаруашылығы мен қайта өңдеу саласының арасындағы байланыстың
нашарлауына алып келді.
Республиканың агробизнес саласында қалыптасқан жағдай қайта өңдеу
саласында мынадай негізгі міндеттерді шешуді талап етеді: қаржы-
экономикалық жағдайын тұрақтандыру, көп сатылы экономика құру, ауыл
шаруашылығы мен қайта өңдеу саласы арасындағы тепе-теңдікке жету, нарықтық
инфрақұрылымын құру, салалық және аймақтық ерекшеліктердің көп түрлілігін
есепке ала отырып, интеграцияның ерекше түрлерін анықтау, ірі, орта және
шағын кәсіпорынның мақсаттарын ұштастыру, өндіріс және шаруашылықтың
ұйымдастыру қызметін жетілдіруді қажет етеді.
Реферат жұмысының мақсаты – ауыл шаруашылығы өндірісін модельдеуді
зерттеу.
Міндеттері:
- жалпы ауыл шаруашылығының дамуын қарастыру;
- ауыл шаруашылығында модельдер құрудағы есептерге талдау жасау.

1.Ауыл шаруашылығы – басым бағыт.
Аймақтық бағдаламаның негізгі мақсаты Президентің халыққа арнаған
Жолдауына сәйкес ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуының жүйелі шешімдерін
тауып әзірлеу болып табылады. Мұның ішінде халықтың еңбекпен қамтылуы,
ауылшаруашылығы өнімдерінің көлемі мен сапасының артуы, ауылдағы шаруашылық
қатынастарды жетілдіру, тұрғын үй, мәдени-тұрмыстық құрылыстар жүргізу,
электр, сумен қамту, байланыс құрылымдарын жетілдіру, экологияны жақсарту
және басқа да маңызды мәселелер бар.
Ауылшаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін ең күрделі мәселе –
ауылшаруашылығы өнімдерін өткізу мәселесі болып отыр. Оның жүйесі
төмендегідей жолдармен ұйымдастырылмақ:
- облыс орталығы мен қалаларда көтерме саудамен шұғылданатын
ауылшаруашылығы базарларын құру;
- ірі ауылшаруашылығы товарларын өндірушілер мен өңдеу кәсіпорындарының
сауда жүйесін кеңейту;
- әр ауданда өңдеу кәсіпорындарының сатып алу- қабылдау пункттерін құру;
- ауылды жерлерден саудалау-қабылдау кооперативтерін құру.
Барлық салалар бойынша тамақ және өңдеу кәсіпорындарының өндірістік
қуаттары 50-60 жылдары іске қосылған. Олардың негізгі және көмекші
цехтарындағы технологиялық құрал-жабдықтар тозған және заман талабынан
артта қалған. Сондықтан төмендегідей мәселелерге баса назар аударылмақ:
- ет және сүт өнеркәсібі кәсіпорындарын техникалық тұрғыдан қайтадан
жарақтандыру.
- балық және дәмді тағам өнеркәсібіне қалдықсыз жұмыс істейтін жаңа
технологиялар енгізу;
- орамалы және қорапты өнімдер өндірісін нығайту;
- шикізаттан тереңдетіп өңделген дайын өнімдер ассортиментін кеңейту.
Облыстық ауылшаруашылығы басқармасында маркетингтік қызмет жұмыс істейді,
бірқатар аудандарда маркетолог мамандар бар. Қазіргі уақытта Ауыл
шаруашылығы министрлігі еліміздің ақпараттық-маркетингілік жүйесін құру
жөнінде әзірлік жұмыстарын жүргізуде.
Ақпараттар алмасудың қалыптасқан жүйесінің жұмыс істеуі ауыл шаруашылығы
товарларын өндірушілерге нарықты неғұрлым тереңірек зерттеп, рыноктың
мүмкіндігін неғұрлым тиімді пайдалануға, өнімдер өткізудің неғұрлым қолайлы
схемасын, арзан айналым материалдарын таңдап алуына және өздеріне тиімді
кеңестер алуына мүмкіндік береді.
Өз беттерімен ауылшаруашылығы техникаларын сатып алуды көптеген
ауылшаруашылығы товарларын өндірушілердің қаржы жағдайы көтере бермейді.
Сондықтан алдағы уақытта машина-трактор (МТС) станцияларын ұйымдастыру мен
олардың жүйесін кеңейту ісіне көбірек көңіл бөлінбек.
Алдағы уақытта ірі шаруашылықта өздеріндегі машина-трактор парктері
қызмет көрсетсе, шағын шаруа қожалықтары МТС-тар қызметін пайдаланатын
болады.
2006 жылы облыстық бюджеттен сортты тұқым сатып алуға 17,3 млн.теңге,
ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер мен тамақ және өңдеу өнеркәсібі
кәсіпорындарына 80,7 млн.теңге, ШҚ ауыл шаруашылығы колледжінің материалдық-
техникалық базасын нығайтуға және техникалық жарақтандыруға 12 млн. теңге
бөлінді, барлығы толығымен игерілді.
Республикалық бюджеттен ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге өсімдік
шаруашылығы дақылдарының шығымын және өндірілетін өнім сапасын көтеруді
қолдауға, көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін қажетті
жанар-жағармай материалдары құнының және басқа тауар-материалдық
құндылықтардың арзандауын субсидиялауға, тұқым шаруашылығын дамытуды
қолдауға, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, мал шаруашылығы
өнімділігін және өндірілетін өнімнің сапасын көтеруді қолдауға, ауыл
шаруашылығы тауарларын өндірушілерге су жеткізу жөніндегі қызметтердің
құнын субсидиялауға және басқа да шараларға 4833 млн.теңге бөлінді және
игерілді.
2004-2006 жылдарға арналған ауылдық аумақтарды дамытудың өңірлік
бағдарламасының бірінші кезеңін іске асыру аяқталды. Нәтижесінде үш жыл
ішінде 19,6 млрд.теңге бөлініп, игерілді, соның ішінде республикалық
бюджеттен 2,9 млрд.теңге, жергілікті бюджеттен 5,8 млрд.теңге және 10,9
млрд.теңге өзге көздерден алынды. Барлық қаржыландыру көлемінің 4,3
млрд.теңгесі инженерлік инфрақұрылымды дамытуға, 15,2 млрд.теңгесі ауылдық
елді мекендердегі әлеуметтік саланы дамытуға бағытталды.
15 ауылдық аудандардың 14-де кредиттік серіктестіктер құрылды.
Агроөнеркәсіп кешенінің негізгі проблемалары мыналар болып табылады:
- селекция – мал тұқымын асылдандыру жұмыстарының төмен деңгейі;
- суландыру жерлерінің төмен үлес салмағы;
- ауыл шаруашылығы өнімін өсіруге және қайта өңдеуге пайдаланылатын
техника мен технологиялардың төмен деңгейі;
- ауыл шаруашылығы өнімінің қайта өңделуінің сапасы мен бәсекеге
қабілеттілігінің стандарттарға сай келмейтіні;
- еңбек өнімділігінің төмен болуы.
Бұл проблемаларды шешу үшін облыс:
- қазіргі заманғы агротехнологияның талаптарын сақтайды;
- сорт жаңартуды, мал шаруашылығында асыл тұқымды тетік қорды, жемшөп
өндіруді дамытады және кеңейтеді;
- бұрын қызмет еткен мелиорация жүйелерін кезең кезеңімен қалпына
келтіру;
- әрбір ауданда сауда-сатып алу кәсіпорындарын құру;
- шығарылатын өнімнің сапасын арттыру, соның ішінде қайта өңдеу кезеңінде
де;
- кадрларды, әсіресе жұмысшы мамандықтарын даярлау бойынша нақты шаралар
қабылдау, еңбек өнімділігін арттыру;
- шағын және орта бизнес субъектілері ұсынатын жұмыстар мен қызмет
көрсетулердің көлемін 14%-ға ұлғайту.

2. Ауыл шаруашылық өндірісін орналастыруды модельдеу.
Қарастырылып отырған есеп құрылымы бойынша күрделі есептердің біріне
жатады. Ауыл шаруашылық өндірістік орындарын ұтымды орналастыру, көптеген
факторларды байланыстық және әсерлік заңдылықтарын қарастыратын, өте
күрделі мәселелердің бірі. Мысалға, жердің әр бөлігінің әртүрлі өнім үшін
құнарлылығы, минералдық және органикалық тыңайтқыштардың әсері, ауыспалы
егістіктердің келесі дақылға тигізетін әсері, ылғалдықтың әсері т.б. с.с.
толып жатқан факторларды ескеруге тура келеді. Төменде осындай есептің
қарапайым элементтерін келтіреміз.
Айталық, бір жер ауданы әр түрлі құнарлылықта, яғни бір-бірінен
құнарлылығы бойынша әртүрлі, m – түрлі жер бөліктерінен тұрсын. Бұл жерге n
– түрлі өсімдік дақылдарын өндіру жоспарлансын және олардан алынатын өнім
мынадай қатынаста болсын е1: е2 : е3 : ..еn делік. Сонымен қатар і-ші жер
бөлігінен алынатын j-ші дақылдың өнімі аij белгілі болсын.
Берілген өнім жиынынан ең көп әр алуан тауар жинағын алу үшін әр жер
бөлігінің қандай бөлігіне қай дақылды өндіру керек екендігін табу қажет.
Енді есептің моделін тұрғызайық. Ол үшін тиісті белгілерді қабылдайық та
мынадай шарттарды математикалық түрде өрнектейік:
Хij – і-ші жер бөлігінің j-ші дақыл өндіруге қажет бөлігі теріс болмауға
тиіс
Хij 0.
Хij – і-ші жер бөлігінің j-ші дақыл өндіруге қажет бөліктерінің қосындысы
1-ден аспауы керек
n
∑ Xij ≤ 1
j=1
- барлық жер бөліктерінен алынатын j-ші дақылдың өнім көлемі

m _
Yj = ∑ aijxij j=1,n,
i=1
- өнімдердің әр алуан тауар түрлерінің ең тиімділерінің саны

yj _
Zj = min { - }, j=1,n,
ej

- тауарлар ассортименттерінің әр түрлер саны максималды болу керек
yj
L max = max (min { - }),
ei

мұндағы і - әртүрлі жер бөліктерінің индексі, ( і= 1,2, ... m);
j – дақылдар түрлерінің индексі, ( j=1,2, ... n);
ej – j-ші дақылдың өнімділігі;
аij – i-ші жер бөлігінен алынатын j-ші дақылдың өнім мөлшері.
Жоғарыда құрылған модельді тек ауыл шаруашылық есептері үшін емес, басқа
да есептер үшін қолдануға болады.
Ауыл шаруашылық үрдістерін оптималды ұйымдастыруды жоспарлауда және
басқаруда осындай есептердің толып жатқан модельдерін құруға болады.
Олардың ішінде мына түрлерін ерекше атап өткен жөн: мал азықтарын тиімді
пайдалану, мал құрамы мен айналымын, шаруашылықтың құрылымын, сонымен қатар
машина-трактор паркі құрылымын оптималдау және т.б.с.с. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мал азықтандыру рациондарын құруды модельдеу
Өндіріс құрал жабдықтарын тиімді пайдалану, өндірісті жоспарлау, модельдеу, рациондар құруды модельдеу, мәліметтер жинау, аптималды рациондар құру, рациндарды салыстырып талдау
Шаруашылық аралық жерге орналастыру жобалары
Қазақстан Республикасының экономикасын аймақтық басқарудың теориялық және әдістемелік аспектілері
Шаруашылық жерге орналастыру жайында жалпы түсінік
Қазақстан Үкіметі, аймақтық биліктермен аймақтық экономикалық саясат координациясы
Жерді есепке алудың мақсаты мен сипаттамасы
Алматы қаласындағы экономиканы мемлекеттік реттеу ерекшеліктері
Қазақстан Республикасының аймақты дамытудың теориялық және әдістемелік аспектілері
Шаруашылық аралық жерге орналастыру принциптері
Пәндер