Дәстүрлі өнердегі діни нанымдар мен сенімдердің көріністері


Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   

Қолжазба құқығында

БОЛЫСБАЕВ ДАУЛЕТХАН СЕЙТМАХАНҰЛЫ

ДӘСТҮРЛІ ӨНЕРДЕГІ ДІНИ НАНЫМДАР МЕН СЕНІМДЕРДІҢ КӨРІНІСТЕРІ

24. 00. 01- мәдениет теороиясы мен тарихы

Философия ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның

А В Т О Р Е Ф Е Р А Т Ы

Алматы, 2007

Жұмыс әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия тарихы мен мәдениеттану кафедрасында орындалды.

Ғылыми жетекші философия ғылымдарының докторы,

профессор Ғарифолла Есім

Ресми оппоненттер:

Жетекші ұйым -

Диссертация 2007 ж. “……. ” сағат . әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ( ) философия ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін беру жөніндегі Д14А. 01. 35. диссертациялық кеңестің мәжілісінде қорғалады.

Диссертациямен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің кітапханасында танысуға болады.

Автореферат 2007ж. . таратылды.

Диссертациялық кеңестің

ғылыми хатшысы ҚҰРМАНАЛИЕВА А. Д.

философия ғылымдарының

кандидаты

ЖҰМЫСТЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

Дәстүрлі өнердегі діни нанымдар мен сенімдердің көріністеріне мәдениет теориясы мен тарихы тұрғысынан ғылыми талдау жасау арқылы ұлттық өнердің бірегейлігі дәйектеліп, дәстүрлі өнер үлгілерінің мәдени мұра ретіндегі құндылығы негізделеді, ондағы діни наным-сенім мәселесі сарапталады.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі . Бүгінгі таңда Қазақстан білімі мен мәдениеті жан-жақты даму үстінде, ал қазақ халқының ғажайып ұлттық дәстүрлі өнері өзіндік ерекшелігімен, ежелгі дәуірге меңзеп, өнердің тұңғиық тереңіне жетелеудің арқасында жұртшылықтың назарын өзіне аударып отыр. Оған Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың “Қазақстанның болашығы қоғамның идеалық бірлігінде” деген еңбегінде: “Мәдени дәстүрлер қашанда әлеуметтік қайта түлеудің қайнар көзі болып келеді. Өзінің тарихи, мәдени тамырларына қайта оралу-бұл, әрине оң процес . . . Қазақстанда ұлттық тілді, өнерді, мәдениетті . . . дамытуға барынша қолдау жасалып отыр”, - деген сөзі мұның айғағы.

Соңғы кездері мәдениетпен өнердің өсіп өркендеуіне атсалысып, үлесін қосып жүрген қылқалам және қолөнер шеберлерінің өнер шығармалары куә.

Бұл ұлттық нақышта салынған өнер туындылары тек өз жерлестеріміздің ғана емес, сонымен қатар шетел азаматтарының да қызығыушылығын арттыруда. Негізінен ұлттық өнер, әдеп-ғұрып, салт-дәстүрдегі сұраныс талап тілектердің барлығы дерлік белгілі бір діни наным - сенімдерге байланысты туындап отырады. Сол себепті бүгінгі таңда халықтың дәстүрлі өнер түрлерін жинақтап, зерделеу жас өспірімдерді тәрбиелеудің қажеттілігі арта түсуде.

Қазақтың ұлттық дәстүрлі өнері соның ішінде діни наным -сенімге қатысты пайда болған дүниелер осы күнге дейін ғылыми тұрғыдан қарастырмай келеді. Бәрімізге белгілі дәстүрлі өнеріміздің тарихи тамыры тереңде жатыр. Бүгінгі таңда Қазақстанның суретшілерінің, мүсіншілерінің, сәулет, қолөнер шеберлерінің, дизайн саласы мамандарының алдында тұрған міндет ұлттық мемлекеттің өзіндік келбеті бар көркем өнер мектептерін жетілдіру. Ол үшін халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан рухани қазынасы мен мәдениетін жастарымыздың бойына сіңіру қазіргі таңдағы басты міндеттердің бірі. Дәстүрлі ұлттық өнердің рухани бастауларын бұл тұрғыдан зерттеу болашақ өнеріміздің өзіндік келбетін анықтауда жетекші қызмет атқаруы сөзсіз.

Әлемдік өркениет дамуына елеулі ықпал жасаған мәдениеттердің қатарынан қазақ мәдениетінің де ерекше орын алғандығы хақындағы тұжырымдар мен пайымдаулар, қазіргі белгілі отандық философтардың, мәдениеттанушылардың және т. б. ойларымен үндестік табады. Зерттеу жұмысымда отандық ғалымдардың еңбектері мен ғылыми ізденістерін дәйекті түрде қарастырған. Атап айтар болсақ, М. Орынбеков, Х. Арғынбаев, Ғарифолла Есім, Т. Х. Ғабитов, А. Алтаев, С. Қасиманов, Ш. Уәлиханов, Т. Бәсенов, Ә. Нысанбаев, Б. Байжігітов, Ә. Тәжімұратов, А. К. Акишев, С. Ақатаев, Ғ. Ақпанбек, А. Нәлібаев, Асан Бахти, Ұ. М. Әбдіғапбарова, М. Кенбеев, Ә. Қастеев, С. Е. Малов, А. Сейдімбеков, Ә. Марғұлан, Ө. Жәнібеков, М. Мұханов, Қ. Нұрланова, Қ. Әмірғазин, М. Ш. Өмірбекова, Н. Нұрмұхамедов, Б. Талқамбаев.

Зерттелу деңгейі:

Абай Құнанбаев өнерді “жан азығы” және “тән азығы”деп екіге бөлген. Тән деп отырғаны яғни, дене азығы ол тіршілікке қажет бұйымдар, демек материалдық өнер.

Ал жан азығы дегені- көркем өнер. Табиғаттың бойындағы әсемдікті, күш қуатты, сезімді адамның қажеттігіне сәйкестендіріп қол немесе тіл арқылы көріктендіріп жіберу. Мұндай көркем өнерді “жан азығы”деу себебі, ол адамның жанына, яғни көңіл күйіне, сезіміне қатты әсер етеді.

Ш. Уәлихановтың «Оңтүстік Сібір халықтарының тарихы» туралы жазбаларын оқыған кезде халық тілі, олардың діни көзқарасы, сенімі, айналадағы орта туралы таным түсінігі жөнінде көптеген мағлұмат алуға болады. Шоқан шамандардың күнәқарлықтан аулақ болып, ар-ұятты жоғары ұстағанын, малдың амандығы-жанның амандығы деп санағанын өз жазбаларында келтірген. Бір сөзбен айтқанда шамандар кесір апаттан, малдың өлім-жетімінен, ауыру-сырқаулардан әр кез аман болуды ойлаған. Дәстүрді бұзбауға тырысқан. Шамандар жарық дүниемен қоштасқанға дейін барлық күнәқарлықтан арылуға тиіс. Бұдан көріп отырғанымыздай қазақ халқының мінез-құлқы, салт-дәстүрі, мәдениеті сахара табиғатымен тікелей үндесіп, соған бейімделген.

Қазақ дүниетанымының рухани өзегінен негізгі орын алатын діни наным жөнінде Ш. Уәлиханов, Ә. Марғұлан, А. Сейдімбековтің пікірлері өте құнды. Сонымен бірге қазіргі таңда осы салада еңбек етіп жүрген көптеген ғалымдардың пікірлерін ескере отырып, діни наным- сенімдердің ұлттық дәстүрлі өнердегі көріністері жөнінде диссертацияда нақтырақ қарастырылды.

Т. К. Басеновтің “Орнамент Казахстана в архитектуре” деген еңбегінде былай дейді:“Халықтың қолөнеріне әдет-ғұрып жабдықтарымен қатар, аң аулауға, мал өсіруге және егіншілікке қажетті құрал-жабдықтар да кіреді. Киіз үйдің сүйегі, ағаш кереует, кебеже, сандық жасап, кілем, сырмақ, алаша, ши,, түрлі бау- басқұрлар тоқып, арқан, жіп есіп, көннен және илеулі теріден қайыс, таспа тіліп, өрім өріп қолдан әр алуан ыдыс-аяқ, адалбақан, асадал, бесік, және т. б. көптеген заттарды халық шеберлері, өнерпаздар өз қолдарымен жасап, түрлі нақыштармен әшекейлейтін болды. Қолөнерінде көңілге қонымды мәнерлер мен ондаған қолданылған әдістер архитектурада кеңінен қолданылып келеді”.

Зерттеу жұмысының нысанасы: ұлттық мәдениеттегі дәстүрлі өнердің табиғаты мен ерекшеліктерін қарастыру.

Зерттеу пәні: қазақ халқының дәстүрлі өнердегі діни нанымдар мен сенімдердің көріністерін зеттеу.

Зерттеудің мақсаты: дәстүрлі өнердегі діни нанымдар мен сенімдердің көріністерін мәдениеттанулық тұрғыдан талдау жасай келе:

- ұлттық дәстүрлі наным-сенім, дүниетанымдық проблемаларға қатысты басылым беттерінде жарияланған материалдарды қорытып, тың мәселеледі көтеру.

- қазіргі таңдағы өнер туындыларының ерекшелігі мен табиғатының өзегін құрайтын тұрақты белгілерін айқындай отырып, діни наным-сенімде тәрбиелік, танымдық, эстетикалық тұрғыдан алатын орның анықтау.

- халқымыздың дүниетанымы, дәстүрлі өнердегі діни наным-сенімдердің табиғи сипаты жөніндегі осыған дейін қалыптасқан тарихи-этнографиялық сипаттармен шектелмей, оның мазмұндық мәнін айқындайтын белгілерін тереңірек шешу.

Зерттеудің міндеттері:

1. Дәстүрлі өнердің табиғаты мен ерекшеліктерін қазіргі замандағы отандық гуманитарлық білім саласының контексіне қарастыру.

2. Халық болмысында салт-дәстүрдегі наным-сенім көріністерін сұрыптап, оларға ғылыми талдау жасау.

3. Дәстүрлі өнердің ұлттық мәдениеттегі тәрбиелік орның анықтау.

4. Ұлттық мәдениеттегі дәстүрлі өнердің эстетикалық сипатына талдау жасау.

5. Наным - сенімдердің дәстүрлі өнердегі танымдық болмысын зерттеу.

Зеттеудің әдіснамалық және теориялық негізі қоғамдық ғылымдарға ортақ жалпы танымдық және арнайы әдістерге, тарихи-салыстырмалық, тарихи- хронографиялық тұрғыда зерттеу әдістеріне сүйеніліп жазылды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы.

Ұлттық дәстүрлі өнерді тереңірек зерттеп, ондағы діни наным-сенімдердің

көріністерін анықтау диссертацияның ғылыми жаңалығының негізгі ұйтқысы болды.

-біріншіден, дәстүрлі атадан балаға мирас болып келе жатқан ұлттық

өнердің табиғаты мен ерекшелігінің рухани бастауына тереңірек тоқталып талдау жасадық.

- екіншіден, біз жоғарғыда айтып өткендей- бүкіл әлемде алғашқы мәдениеттің пайда болуы дінге байланысты. Міне соның айғағы қазақтың дәстүрлі өнері, салт-дәстүр, әдеп-ғұрыптары діни наным -сенімдері қарастырдық.

- үшіншіден, қазіргі таңдағы туындап жатқан өнер шығармаларындағы діни нанымдар-сенімдерге талдау жасалынып, баға берілді.

-төртіншіден, жаңа буын өнер туындыларының діни наным-сеніміндегі тәрбиелік, танымдық, эстетикалық мұмкіндіктерін анықтадық.

-бесіншіден салт-дәстүрдегі, ұлттық өнердегі сұраныс, талап -тілектердің барлығы дерлік белгілі бір наным -сенімдерге байланысты туындайтындығы дәлелденді.

Қорғауға ұсынылатын негізгі ғылыми тұжырымдар. Мәдениетімізді әлімдік денгейге көтеру үшін дәстүрлі өнеріміздегі ұлттық бейнемізді анықтап, жалпы адамзат игілігіне пайдалануымыз қажет. Қзақтың ұлттық дәстүрлі өнерінде, әдет-ғұрпында, салт - дәстүрінде діни наным -сенімдердің қаншалықты көрініс табуын біз өз жұмысымызда осы мақсатпен көтеріп отырмыз.

Дәстүрлі өнердің табиғаты мен ерекшелігін, қазіргі замандағы діни нанымдар мен сенімдердің өнердегі көрінісіне мәдениеттанулық сараптама жасау мақсатымыз табысты аяғына жету үшін қорғауға мынадай ғылыми тұжырымдар ұсынылып отыр:

- қазақ халқының төл мәдениетінде дәстүрлі өнер туындылары ұлт болмысын нақыштайтын, ұлттық дүниетанымды бейнелейтін, астарлы мағанаға толы дерек көздері болып табылады, олардың өзіндік рәміздік тілі өнерде қолданылған стилге байланысты;

- дәстүрлі өнер туындылары арқылы жаңа заман кеңістігіне жеткен ұлттық мәдениет ескерткіштері ондағы наным-сенімдердің табиғатын, олардың салт-дәстүрдегі көріністерін зерделеуге, сол арқылы қазақ халқының діни дүниетанымы туралы ой түзуге ықпалдасады;

- өнердің рәміздік тілін меңгеру, әрбір ою-өренктін мағыналық мәтінің қабылдай алу шеберлік өнерді шыңдап, дәстүрлі өнердің ұлттық мәдениеттегі тәрбиелік маңызын анықтайды- өскелен ұрпақты төл мәдениетке деген сүйіспеншілік рухта бағдарлауға негіз болады;

- қазақ халқының дәстүрлі өнері қоршаған ортаның табиғатын, оның әсемдігін бағалай білуден, сол әсемдікті күнделікті қолданыс заттарына сіндіре отырып, әдімілік әлімінде өмір сүру талпынысынан туындаған, осы орайда қазақтың дәстүрлі өнерінің эстетикалық сипаты қазақ ұлтының сұлулыққа құштар табиғи болмысын білдіретін тұғыр болып табылады;

- қазақтың дәстүрлі өнері табиғат сырларына үнілуден, табиғатпен, Жаратушымен етене жақын наным-сенімдерінен бастау алады, дәстүрлі өнер туындыларынан көрініс тапқан діни наным-сенім әлемі, олардың бейнелену табиғаты танымдық қызмет атқарып, ұлттық мәдениеттің болмысын түсінуге, өнер тілі арқылы діни дүниетанымды саралаауға жол салады.

Зерттеу жұмысының теориялық және тәжірибелік маңызы. Дәстүрлі өнер арқылы өскелең ұрпақтың өмір, табиғат жөніндегі дүниетанымдарын қалыптасырып ақыл-ой, рухани эстетикалық талғам түсініктерін, танымдық тәлім тәрбиенің даңғыл жолын ашуға өз ұлтымыздың бүкіл болмысын қалыптастыруда өнердің берері мол.

Зерттеудің нәтижелері дінтану мамандығын оқып үйренуде, бейнелеу өнері мен дәстүрлі халықтық шығармашылықты меңгеруде, қазақ халқының дүниетанымын, мәдениетін тереңірек оқып таңуымызға көмек болмақ. Оны өнер тарихы, жоғары оқу орындарының студенттері мен ұстаздары, Қазақстан көркем мәдениттінің мұғалімері, жоғары сынып оқушылары мен мұғалімдері пайдалана алады. Сол секілді шығармашылық жұмыспен шұғылданушыларымызға, өнертану, мәдениеттану, этнография, тарих, бейнелеу өнер саласындағы ізденушілерге көмек бола алады.

Зерттеу жұмысының сыннан өтуі және мақұлдануы. Зерттеудің нәтижесі “Сырдария”университетінде өткізілген мұғалімдердің ғылыми конференцияларда айтылып, автор өзі оқитын “Өнер тарихы”, “Қазақстан өнер тарихы” пәндері бойынша жұмыстың нәтижесін студенттерге қосымша әдебиет ретінде ұсынып отырады. Сонымен бірге әртүрлі басылымдарға мақала ретінде жарық көрді.

Диссертация құрлымы. Дисстациялық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Кіріспеде з ерттеу тақырыбының өзектілігі, деңгейі, мақсаты мен міндеттері, зерттеу пәні және нысанасы, әдіснамалық және теориялық негізі, зерттеудің ғылыми жаңалығы айқындалып, қорғауға ұсынылатын негізгі ғылыми тұжырымдар, зерттеу жұмысының теориялық және тәжірибелік маңызы, сондай ақ зерттеу жұмысының сыннан өтуі және мақұлдануы сипатталады.

Дәстүрлі өнердің табиғаты мен ерекшелігі ” атты бөлімінде дәстүрлі өнерге түсінік беріліп, қазақтың ұлттық қол өнері және салт-дәстүріндегі діни наным- сенімдердің көріністері қарастырылған.

“Қазіргі замандағы діни нанымдар мен сенімдердің өнердегі көрінісі” атты екінші бөлімінде дәстүрлі өнердің ұлттық мәдениеттегі тәрбиелік орны, эстетикалық сипаты, дәстүрлі өнердегі наным-сенімдердің танымдық болмысы сипатталған.

Қорытындыда негізгі нәтижелер мен тұжырымдама және зеттеудің бағдар-болашағы анықталды.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі зерттеу барысында шолу жасалынған мәдениеттану, әлеуметтік, психологиялық және педагогикалық, философилық әдебиеттерді сипаттайды.

Негізгі бөлім

Әр ұлттың өзіне тән ерекшелігі бар. Оны қол өнерінен, музыка мәдениетінен, би өнерінен, тұрмысынан байқаймыз. Ою-өрнектерін, зергерлік әшекей заттарын көре отырып, ән-күйлерді тыңдай отырып оның қай ұлттқа тән екенін ажырата білуге болады. Қандай халықтың болмасын салт-дәстүрі, өнері сол халықтың мінез-құлық қасиеттерін таныта алады

Өнер-адамның жан дүниесін суреттеп, табиғатты бейнелеп, шын мәнінде өмірмен тығыз байланысып жатады. Өнердің қайсыбір түрін алып қарасақта оның негізгі мән мағанасы ұлттық дәстүрлі өнермен, салт-дәстүрмен, әдет-ғұрыппен сабақтаса астасып жатады. Ұлттық дәстүрлі өнер талғам тілекті ескере отырып, қоғамның ертеден дамып келе жатқан өнері мен оның жеке түрлері жөніндегі әлеументтік- философиялық көзқарастарды қорытып әрі қарай дамытып отырады. Қазақ халықындағы этнографиялық әдет ғұрыптардың бір бөлігі қолөнердің кейбір элементтерін тұрмыс салт дәстүрін діни нанымдар мен сенімдер тұрғысынан алып қарайық.

Қазақ халқының қолөнері деп- халық тұрмысында жиі қолданылатын өру, тігу, тоқу, мүсіндеу, құрастыру, бейнелеу сияқты шығармашылық дәстүрлі өнер жиынтығын айтады. Шын мәнінде қолөнер түрлерінің әрқайысысының талай ғасырлық тарихы бар.

Қазақтың өрнекті әшекейімен істелетін қолөнерінің түрлері де, атаулары да өте көп. Солардың ішінде халық арасында көбірек тарағаны-ою-өрнек. Ою-өрнек ісі тым ерте заманнан бастап -ақ қолөнерінің барлық түріне бірдей ортақ әсемдеп әшекейлеудің негізі.

Ертеден біздің заманымызға дейін сақталған мазарлар мен ескерткіштердегі, діни тұрғыда салынған әр түрлі құрылыстардың қабырғалары мен мұнараларындағы сәнді ою-өрнектер, ағаштан қиюлап, тастан қашалып жасалған діңгектер- халық қолөнерінің тамаша туындылары.

Қазақ халқының этнографияиялық әдет-ғұрыптарының кейбір элементтерінің де ою, сызу, бедерлеу, бейнелеу, өрнектерінен белгілі бір орын алғандығы байқалады. Мысалы: бұрынғы ру таңбалары, малдардың ен-таңбалары, діни сенімдер негізіндегі ай, жұлдыз, аспан әлемін тұспалдау және тағы басқаларын айтуға болады.

“Ай”, “жартыай” өрнектері шынында да аспандағы айды мезгеп жасалынған. Бұлар көбінесе діни орындардың сәулеттік безендіруінде, мешіт-медреселердің мұнараларында, мазараттарда, жайнамаз сияқты заттарда көбірек кездеседі. “Ай” өрнегінің ислам діні келуден көптеген жылдар бұрын шыққаны анық. Мұның себебі де жоқ емес. Бір замандарда көптеген қауымдар ай мен күнге, от пен жұлдызға табынған. Жаратылыс құбылыстарынан мағұлматсыз заманда ай да, күн де, жұлдыз да тәңірі болып көрінген. Осыған байланысты аспан әлеміндегі денелердің ең көріктісі және құбылысы көп айды олар тәңірі тұтып жалбарынған, оған құрбандықтар шалған. Қазақтардың тілек тілер, бата қылар жиындарда көк қасқа малды айтып союы да осы ескілік нанымнан қалған әдет. Көк дегенде, түсіне қарай аспанды тұспалдаса, қасқа дегенде сол көктегі айды тұспалдаған.

Осыдан біз өмірдегі болған оқиғалар мен аңыздардың, діни ұғымдардың өрнек, әшекей істердің кейбір элементтеріне әсер еткендігін байқаймыз. Осындай өткен замандағы әдебиеттер де, халық ауызындағы аңыз деректерде, қазіргі шеберлердің айтуына қарағанда, ою-өрнектердің, жалпы дәстүрлі өнердің қайсысы болса да белгілі бір діни наным - сенімнен немесе бір ұғымды бейнелеуден туғандығы анықтала түседі.

Міне сол ата-бабаларымыздың діни наным -сенімі бүгінгі таңдағы өнер туындыларынан жалғасын тауып отыр. Мысалы: Тамғалы тас, Ешкі өлмес аңғарларынан күн басты құдайлар мен күннің нұры сияқты ұшқын шашқан дөңгелек басты антропоморфтық кескіндер тасқа қашалып салынған. Дәл осы бейнелер қазіргі таңда басқаша қырынан жалғасын тауып отыр. Атап айтар болсақ Халықаралық “Азия дауысы” ән байқауының таңбасы және де Б. Заурбекованың ұлттық қол өнеріндегі “Күн басты тәңірі” атты гобелен жұмысынан байқауымызға болады. Қазақстанның елдік таңбасы туымызда тектен тек күн бейнесі бейнеленбеген, өйткені Күн мәңгіліктің символы.

Қазақстан мемлекеті бүгінгі таңда әлемдік мәдениет, өркениет аясында зайырлы, мәдениет аралық сұхбат бағытын ұстаған мемлекет ретінде танылып отыр. Жер бетіндегі барша халықты өзінің толқынында тартып отырған жаһандану үрдісі қазақ мәдениетін де тыс қалдырмасы анық. Осы орайда ұлттық мәдениеттің ұлттылығын, ерекшелігін, өзіндік бірегейлігін танытып, жаһандық емес, ұлттық мәдениет қалпында сақталуына көмектесетін басты арқау - дәстүр. Дєст‰р - бұл әрбір ұлттың баѓа жетпес м±расы, ілкі бастауы. Дєст‰р (лат tradito - тапсыру, жалѓастыру) сан ғасырлар бойы қалыптасқан, атадан балаға мұрагерлік ретінде беріліп отыратын әдет-ғұрыптар, салт-сана, адамзат баласының рухани кеңістігін танытатын қазына болып табылады. Тарих қойнауында жатқан асыл мұралар бүгінгі таңда Президент тарапынан қолдау көрген “Мәдени мұра” бағдарламасының негізінде мәдени ортамызды толтырып, қазақтың қоржынының үлес салмағын арттыруда. Қазақ халқының ұлттық дәстүрінің айғақты көрсеткіші, көрнекі дәлелі - дәстүрлі өнер туындылары. Дәстүрлі өнер туындыларын сақтай білген халықты ұлттық дәстүрін сақтай білген халық деп толық сеніммен айтуға болады. Ұлттық дәстүр нақыштарын өенр тақырыбы, қол өнер туындысы, жанрлық форма, бейнелеу тәсілдерінің жиынтығы толық танытады. Жалпы өнер дегеніміз күнделікті тыныс-тіршіліктің адам санасында қорытылып, белгілі бір образдардың адамның іс-әрекеті арқылы бейнеленуі, өнер түріне қарай көрініс алуы, ал ұлттық өнер әрбір ұлттың қайсібір өнер түріне өзіндік “мәтін” беруі. Дәстүр, әдет, салт, ғұрып, дағды деген ұғымдар кең мағынада адам мінезі мен тіршілігіне байланысты қанға сінген қылықтарды білдіретінің ескерсек, ұлттық дәстүр тез өзгеріп не болмаса мүлдем жойылып кететін құбылыс емес. Тарихтың, қоғамдық өмірдің өзгеруне, адамның қоршаған ортасын танудағы жаңа көзқарастарына қарай әдебиет саласында мазмұн мен формасы жағынан жаңашыл туындылар өмірге келеді. Дәстүрлік әдіс-тәсілдермен қатар суреттеу, бейнелеу, сөз қолдану оралымдарында жаңа, заманалық амалдар айналымға еніп, дәстүрлі өнердің өрісі кеңейді.

Дәстүрлі өнер туындылары өзінің ерекшелігіне кµркем сурет, м‰сін, графика, кµркем єдебиет, театр, кино, музыка, би, сєулет µнері деп бөлінеді. Бұл өнер туындыларында құбылыстар адамныњ ішкі жан д‰ниесініњ толѓанысы арқылы бейнеленеді. Соныњ ішінде ќазаќтыњ дєст‰рлі µнері халыќтыњ тұрмыс - тіршілігіне, кєсібіне, наным - сеніміне, µмірге деген кµзќарасына байланысты туып, тарих барысында заман сұраныстарына лайықты дамып, атадан балаға жетіп отырды. Ертеде кездерде қазаќ халқы т±рмыстық өмірге керек заттарды ќолµнері арќылы жасады. Тарихи жазба деректерге ќараѓанда XVI-XVIII ѓғ. ќазаќ даласында ‰йшілік, ±сталыќ, зергерлік, ќырнаушылыќ, µміршілік, кµншілік (тері илеу), тігіншілік, етікшілік, таѓы басќа ќолµнер кєсіптері болѓан.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дәстүрлі өнердегі діни нанымдар мен сенімдер
Қазақ халқының мәденитеті ( ХV ғасырдың соңы – XVII ғасырдың бірінші ширегі)
XV-XVII ғғ. Қазақ хандығы Тәуке хан және Жеті жарғы
Қазақ халқының мәденитеті жайлы ( ХV ғасырдың соңы – XVII ғасырдың бірінші ширегі)
Тас дәуіріндегі наным-сенімдер
Мәдениет семиотикасы
Ежелгі Қазақстандағы діни – философиялық аспектідегі негізгі ілімдер
Қазақтың ежелгі наным - сенімдері
Қазақ суретшілері шығармашылығындағы архетиптік образ бен ұжымдық бейсана мәдени-философиялық талдау
Теориялық дінтану
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz