Агробизнес және агроөнеркәсіптік кешен жайлы


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары:

1. 1.1. 2.1. 3.2. 1.2. 2.2. 3.3. 1.3. 2.3. 3.:

1. 1.

1. 2.

1. 3.

2. 1.

2. 2.

2. 3.

3. 1.

3. 2.

3. 3.

Кіріспе . . .Агробизнес және агроөнеркәсіптік кешен құрылымы . . .Агробизнес кешеніндегі рыноктардың сипаттамасы . . .Агробизнес пен агроөнеркәсіптік интеграцияның өзара байланысы және әсері . . .Ауыл шаруашылығын жоспарлаудың ғылыми-методологиялық негіздері . . .Агроөнеркәсіптік бірлестіктердің құрылу ерекшеліктері мен негізгі тәсілдері . . .Кооператив түрлері және дамыған елдердің агроөнеркәсіп өндірісінде олардың даму ерекшеліктері . . .Агроөнеркәсіптік бірлестіктердегі басқару әдістері . . .Ауыл шаруашылығының әлемдік аграрлық нарыққа интеграциялануының ғылыми негіздеріҚазақстанның Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіруінің мәселелері мен шарттары . . .Қорытынды . . .Қолданылған әдебиеттер . . .:

Кіріспе . . .

Агробизнес және агроөнеркәсіптік кешен құрылымы . . .

Агробизнес кешеніндегі рыноктардың сипаттамасы . . .

Агробизнес пен агроөнеркәсіптік интеграцияның өзара байланысы және әсері . . .

Ауыл шаруашылығын жоспарлаудың ғылыми-методологиялық негіздері . . .

Агроөнеркәсіптік бірлестіктердің құрылу ерекшеліктері мен негізгі тәсілдері . . .

Кооператив түрлері және дамыған елдердің агроөнеркәсіп өндірісінде олардың даму ерекшеліктері . . .

Агроөнеркәсіптік бірлестіктердегі басқару әдістері . . .

Ауыл шаруашылығының әлемдік аграрлық нарыққа интеграциялануының ғылыми негіздері

Қазақстанның Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіруінің мәселелері мен шарттары . . .

Қорытынды . . .

Қолданылған әдебиеттер . . .

3578131922242528:

3

5

7

8

13

19

22

24

25

28

1. 1.1. 2.1. 3.2. 1.2. 2.2. 3.3. 1.3. 2.3. 3.:

31

32

Кіріспе . . .Агробизнес және агроөнеркәсіптік кешен құрылымы . . .Агробизнес кешеніндегі рыноктардың сипаттамасы . . .Агробизнес пен агроөнеркәсіптік интеграцияның өзара байланысы және әсері . . .Ауыл шаруашылығын жоспарлаудың ғылыми-методологиялық негіздері . . .Агроөнеркәсіптік бірлестіктердің құрылу ерекшеліктері мен негізгі тәсілдері . . .Кооператив түрлері және дамыған елдердің агроөнеркәсіп өндірісінде олардың даму ерекшеліктері . . .Агроөнеркәсіптік бірлестіктердегі басқару әдістері . . .Ауыл шаруашылығының әлемдік аграрлық нарыққа интеграциялануының ғылыми негіздеріҚазақстанның Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіруінің мәселелері мен шарттары . . .Қорытынды . . .Қолданылған әдебиеттер . . .:

Кіріспе

Тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарында ауыл шаруашылығы әсіресе қиын кезеңді бастан кешірді. Ол күйзелістің себебі нарықтық экономика дегеннің негізгі мән-мағынасын анық біліп алмай тұрып, экономиканың жаңа моделіне өту жолында ғылыми негізделмеген, үстірт шешімдер қабылдаудан болғаны белгілі. Ол шешімдердің ішіндегі ауыл шаруашылығына ең қолайсыз болғаны - осы саладағы жекешелендіру процесінің төмендігі, жергілікті жағдайдың пісіп-жетілуін ескеретін эволюциялық жолмен емес, жоғарыдан келетін нұсқау-тексеруді қолдайтын әкімшілік жолмен басталғандығы еді. АӨК саласындағы жекешелендіру кері әсер туғызды: ол мемлекеттік реттеуді ығыстырып, ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің мүддесін төмендетуге әкелді.

Ауыл шаруашылығы күйзелісінен шығудың дұрыс жолы - ауыл шаруашылығын дамытудың бағыт-бағдарын жоспарлау екені ешқандай дау тудырмайтын өмір талабы болса керек. Осы жағынан келетін болсақ ендігі жауап сұрайтын сұрақ сол бағыт-бағдарды жоспарлаудың ғылыми-методологиялық негізі болып табылады.

Бизнес бір жақты анықтауға бағынбайтын барынша ауқымды және сан қырлы ұғым. Американдық әдебиеттерде ол істі жүргізу, қажетті және адамдардың арасында сұранысқа ие өнім жасау, іс, жұмыс, нарықтық экономиканың негізгі бағыты, адам қажеттілігін қанағаттандырудың көзі және сонымен бірге өмір салтының жүйесі ретінде қарастырылады.

Бизнес немесе іскерлік - бұл өзіндік инициативалық, өз мүлкінің жауапкершілігі аясында жүзеге асыратын жекелеген азаматтардың немесе олардың топтарының пайда немесе экономикалық олжа табуға бағытталған кез-келген қызметі.

Агробизнесті ұйымдастырудың ең қарапайым формасы - жеке іскерлік. Жеке бизнес жаппай көрінгенімен тар ауқымдағы қызмет болып саналады. Оның пайдасы мардымсыз және ол нарықтың аласапыранынан жеткілікті дәрежеде қорғалмайды. Сондықтан бизнесмендер өздерінің күштері мен қаржыларын біріктіріп, жалғыз бастылықтан ұжымдық іскерлікке өтуге бейімділіктерін жасырмайды. Бұл жағдайда ортақ фирма немесе басқа да біртұтас кәсіпорын құру кезінде жекелеген бизнесменнің мүлікке жеке меншігі сақталады. Дей тұрғанмен серіктестіктерде, кооперативтерде оның құрылтайшылары мен қатысушылары өндіріс құрал-жабдықтарын толық немесе ішінара біріктіреді. Жеке іскерліктің бұл мүмкіндігі, оның ұжымдық әдісімен іс жүзінде қабысуы бизнесті дамытудың барынша маңызды факторы болып табылады.

Аталған мәселенің өзектілігіне орай және бүгінгі таңдағы актуалдығына байланысты баяндама тақырыбын “Агробизнес пен агроөнеркәсіптік интеграцияның методологиялық (әдістемелік) аспектілері” деп алдық. Баяндама барысында ауыл шаруашылығы дамуын жоспарлаудың, оны ұйымдастырудың нормативті-құқықтық және агроөнеркәсіптік интеграция, агробизнес пен агроөнеркәсіптік интеграцияның өзара байланысы мен әсерін, ауыл шаруашылығының әлемдік аграрлық нарыққа интеграциялануының ғылыми негіздерін, Қазақстанның Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіруінің мәселелері мен шарттарын қарастыруды басты міндетіміз деп айқындап алдық.

1. 1. Агробизнес және агроөнеркәсіптік кешен құрылымы

Қазіргі заманғы үлкен бизнестің әсері экономикалық процестерге және ауыл шаруашылығы өнімдерінің рыногіне күшейген шақтағы ауыл шаруашылығының аралас салалармен тығыз топтасып кетуі ауыл шаруашылығындағы экономикалық бағыттарды аралас салалардың әсерінен бөлек қарастыру терең зерттеуге мүмкіндік бермейтіндігі анықталды. Сондықтан агробизнесті жүзеге асырудың теориялық - әдістемелік негіздерін дамыту және практикалық әдістердің қажеттігі артты.

1970 жылдары отандық ғылымда ауыл шаруашылығын аралас салалармен бір кешенде зерттеу дамыды. Тиісінше “агроөнеркәсіптік кешен” атауы пайда болып, ғылыми және практикалық сөз қолданысына енді. Оның үш саласы: қор шығыратын салалар, ауыл шаруашылығының өзі, оның өнімдерін өңдеу, тасымалдау, сақтау және өткізумен айналысатын салалар кешені. Осы салалармен байланысты іскерлік қызмет өзінің айрықша ерекшеліктеріне қарамастан өзара тәуелділік және өзара әсер етушіліксіз табысты жұмыс істей алмайды және дамымайды. Сондықтан да агробизнестің салалары да тқрт негізгі сфераға бөлінеді:

  1. Агробизнес кешенінің 1-сферасы. Ресурстар ( техника, жем, тұқым, тыңайтқыш, улы химикаттар, несиелік ресурстар) .
  2. 2-сфера. Ауыл шаруашылығы ( егіншілік, мал шаруашылығы, жем өндірісі)
  3. Маркетинг( жинау, сақтау, өңдеу, тасымалдау, сату)
  4. Агросервис( мемлекеттік, кооперативтік, жеке)

Агробизнес комплексінің басқа сфераларын байланыстырып тұратын ұйытқысы ауыл шаруашылығы болып табылады.

Агроөнеркәсіптік кешен құрылымы агробизнес кешені құрамымен өте ұқсас және үш негізгі сфераның басын құрайды:

  1. Қор шығыратын сала мен материалдық қызметтер
  2. Ауыл шаруашылығының өндірісі
  3. Дайындау, сақтау, өңдеу, сату.

Бірінші сфераға ауыл шаруашылығы машиналарын, минералдық тыңайтқыштар және өсімдік, мал қорғаудың химиялық құралдары, ауылдық құрылыс, өндірістік мал азығын өндіру және микробиология, суландыру құрылысы сияқты қорды қажет ететін салалар кіреді.

Екінші сфераға таза ауыл шаруашылық өндірісінің салалары (егін, мал, ауыл шаруашылықтары) кіреді.

Үшінші сфера әдетте ауыл шаруашылығы шикізаттарын дайындау, тасымалдау, сақтау және өңдеуді қамтамасыз ететін салалар мен өндірістің жиынтығы болып табылады.

Құрылымдарға талдау жасау көрсетіп отырғандай агробизнес және агроөнеркәсіптік кешендер сандық, сапалық жағынан, құрамы бойынша ерекшеленеді. Өзінің қарауындағы салалар немесе қызмет түрлерінің даму деңгейіне байланысты бұл айырмашылықтар айқынырақ байқалады.

Агроөнеркәсіптік өндіріс пен агробизнесті жекелеген салаларға бөлу процесінің экономикалық мазмұны, біріншіден, агроөнеркәсіптік кешенінің түпкі өнімін жасаудағы олардың әрқайсысының орнын анықтауда, екіншіден, тұтастай алғанда, агроөнеркәсіптік кешеннің тиімді және қарқынды дамуы жекелеген салалар мен сфералардың рационалды арақатынасынан айқындалатын болғандықтан, бұл кешендердің ішкі тепе - теңдік құрылымының қажеттілігінде жатыр. Біздің елімізде маркетингтік сфераның дамымай артта қалуының басты себебі ауыл шаруашылығы шикізаты мен азық түлігінің көп ысырапқа ұшырауы болып табылады. АҚШ-та агроөнеркәсіптік кешеннің түпкі өнімінің 70 проценттен астамы маркетингтік сфераның, тек 10 проценті ауыл шаруашылығының үлесіне тиеді. Ал біздің республикамызда ауыл шаруашылығының үлесі 50 проценттен асып кетіп отыр. Және АҚШ-та үшінші сфераның өзінде сауда жүйесі басым, ал бізде бұл жұмыстарды тамақ өнеркәсібі атқарады.

Агроөнеркәсіп кешенінің құрылымын ретке келтіру мақсатында Азық - түлік бағдарламасы қабылданып, агроөнеркәсіптік өндірісті басқару қайта құрылды. Бірақ шамадан тыс орталықтандыру мен әміршіл әкімшіл экономика шеңберінде бұл міндетті орындау мүмкін емес еді. Агроөнеркәсіптік кешен сияқты кең көлемді жүйеде тиімді құрылымдық өзгерістерді тікелей нарықтық қатынастар негізінде жүйенің өзін-өзі реттеу жолымен ғана жасауға болады.

Экономика сферасында, оның ішінде аграрлық секторда бірдей бастау алғанына қарамастан бұрынғы одақтас республикаларда көзге ілмей кетуге болмайтын өзіндік ерекшеліктер бар.

1. 2. Агробизнес кешеніндегі рыноктардың сипаттамасы

Агробизнес кешенінің негізгі сфералары тек салалық құрамымен, технологиялық ерекшеліктерімен, өндірілген өнімнің түрі және мәнімен ғана емес, сонымен бірге нарықтық параметрлерінің әр түрлі үлгілерінің үйлесімі мен өзара іс - қимылын білдіреді, соның нәтижесінде фирмалардың бәсекелестік бейімдігінің әр түрлі үлгілерін танытады.

Ауыл шаруашылығы өндірісі рыногінің бірқатар өзіндік ерекшеліктері бар. Оның ең бастысы мынадан көрінеді; ауыл шаруашылығы - рыноктік құрылым мен қарым - қатынас жүйесі әлі де сақталған, ерікті бәсекелестік рыногіне барлығынан жақын тұрған ұлттық масштабтағы жалғыз және соңғы сала. Оның негізгі белгілері төмендегідей:

1) ауыл шаруашылығы рыногінде тәуелсіз өндірушілердің саны өте көп. Айталық АҚШ-тың ауыл шаруашылығында 1987 жылғы соңғы халық санағына сәйкес фермрелік шаруашылықтардың саны 2 млн. 176 мың құрады. Бұл - олардың барлығын сөздің толық мағынасында фермерлік шаруашылықтарға жатқызуға болмаса да, аз сан емес.

2) ерікті бәсекелестіктік рыногі болып саналатын ауыл шаруашылығы рыногінің белгісі ретінде әрбір жекелеген өндірушінің бағаға әсер ете алмауын айтуға болады. Өйткені ешбір фермер жекелей алғанда нарықтық бағаға әсер ете алатындай өнімнің көлемін ешқашан да өндіре алмайды.

Ерікті бәсекелестік рыногінің үшінші маңызды белгісі - өнімнің біртектілігі және қалыптандырылуы. Өндіруші тек қана өз тауарын жарнамалап, тек өз өнімінің сапасын бөліп көрсете алмайды. Іс жүзінде бір фермердің астығы сорты мен сапасы жағынан басқа фермердің астығынан ерекшеленуі мүмкін, бірақ бұл астық бір сорттағы және сападағы қалыпқа түсірілген астық болса, онда одан ешқандай айырмашылықты табу мүмкін емес.

Ерікті бәсекелес рыноктың төртінші ерекшелігі - бәсекелестікке бейімсіздеу жаңа фирмалардың рынокке келуі үшін кәдімгідей қолбайлау болатын барьердің жоқтығы.

Рынокке кіру кедергісі әр түрлі болуы мүмкін. Олигополиялық және монополиялық құрылымдағы салаларда оларға ең алдымен масштабтың жағымды тиімділігі жатады, басқаша айтқанда жоғары қуаттылықтағы өндірісте шығындарды азайту және өнімнің бәсекелестікке бейімділігін арттыру.

1. 3. Агробизнес пен агроөнеркәсіптік интеграцияның өзара байланысы және әсері

Нарықтық экономика - бұл ең алдымен еркін іскерлік экономикасы және бизнестің оның барлық салаларында жұмыс істеуі. Нарықтық қатынастарға көшу тұрғындарды бизнеске кеңінен тарту арқылы ғана мүмкін болады.

Бизнес бір жақты анықтауға бағынбайтын барынша ауқымды және сан қырлы ұғым. Американдық әдебиеттерде ол істі жүргізу, қажетті және адамдардың арасында сұранысқа ие өнім жасау, іс, жұмыс, нарықтық экономиканың негізгі бағыты, адам қажеттілігін қанағаттандырудың көзі және сонымен бірге өмір салтының жүйесі ретінде қарастырылады.

Ең алдымен бизнес пайда табу немесе басқадай әдіспен олжалы болумен байланысты қызмет ретінде анықталады. Мұның өзі бизнестің ең басты белгісі және оның негізгі мақсаты болып табылады. Мұнсыз іскерліктің өзінің өмір сүруін көз алдымызға елестету қиын.

Бизнестің өзіне тән белгісі - жеке меншікке, өндіріс факторына негізделеді. Себебі жеке меншік өзіндік, отбасылық, топтық, акционерлік, яғни ұжымдық нысанда болады. Бұл мемлекет іскерлік қызметпен айналыса алмайды деген сөз емес. Бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды іске асыруды бұл жағдайда мемлекеттік тапсырыс ретінде мемлекет қаржысына бизнесмендер орындай алады. Мемлекет әлдебір іскерлікті немесе жекелеген бизнесмен топтарын қолдау жолымен бизнеске қатыса алады. Экономикасы дамыған көптеген мемлекеттерде мемлекеттік қолдауды, бизнесті жүзеге асыру үшін жеңілдік жасауды ұсақ іскерлер, шаруа (фермерлік) қожалықтары немесе тұтастай агробизнес пайдаланады.

Бизнес экономикалық қызметтің басқа тұрақты түрлерімен салыстырғанда өзінің ұдайы өзгеру және жандылығымен, инициативтілігімен ерекшеленеді. Бизнес жоғары деңгейде өзінше іс-қимыл танытуды және экономикалық таңдау бостандығын, сондай-ақ жауапкершілікті қажет етеді. Ерекше сипаты - нар тәуекелділік пен үнемі шығынға ұшырау қаупінің болатындығы. Осы белгілер шығармашылыққа, жетілдіруге, жұмыстың тиімді әдістерін іздестіруге итермелейді, ал мұның өзі өз кезегінде қоғамды экономикалық және әлеуметтік өркениетке алып келеді. Адам Смит іскерліктен түскен пайданы жеке меншік иесі - бизнесменге оның қым-қиғаш қызметі мен коммерциялық идеяларын іс-жүзіне асыру жолындағы тәуекелі үшін қоғамныңберген ақысы деп атады. Басқару саласындағы ірі маман Макс Вебер бизнесті ақыл-ойдың дәнін себуші деп бағалаған. Америкндық экономист Йозеф Шумпетер іскерлікті экономиканың басты факторы, оның дамуының негізгі қозғаушысы деп атаған.

Айтылған ойды түйінділей келе, экономикалық категория және адамзат қызметінің ерекше түрі ретінде бизнеске анықтама беруге болады.

Бизнес немесе іскерлік - бұл өзіндік инициативалық, өз мүлкінің жауапкершілігі аясында жүзеге асыратын жекелеген азаматтардың немесе лолардың топтарының пайда немесе экономикалық олжа табуға бағытталған кез-келген қызметі.

Агробизнес - нарықтық қатынас жағдайында экономиканың барлық жақтарын: өндіріс, өнім тарату, қаржылық қамтамасыз ету, қамсыздандыру, қызмет көрсету, жұмыс орындау және тұтынумен байланысты қызметтің басқа да түрлерін қамтитын көп қырлы қызмет. Қызметтің мәніне байланысты агробизнес өндірістік, саудалық, қаржылық, делдалдық, сақтандырушылықболып бөлінеді.

Агробизнесті ұйымдастырудың ең қарапайым формасы - жеке іскерлік. Жеке бизнес жаппай көрінгенімен тар ауқымдағы қызмет болып саналады. Оның пайдасы мардымсыз және ол нарықтың аласапыранынан жеткілікті дәрежеде қорғалмайды. Сондықтан бизнесмендер өздерінің күштері мен қаржыларын біріктіріп, жалғыз бастылықтан ұжымдық іскерлікке өтуге бейімділіктерін жасырмайды. Бұл жағдайда ортақ фирма немесе басқа да біртұтас кәсіпорын құру кезінде жекелеген бизнесменнің мүлікке жеке меншігі сақталады. Дей тұрғанмен серіктестіктерде, кооперативтерде оның құрылтайшылары мен қатысушылары өндіріс құрал-жабдықтарын толық немесе ішінара біріктіреді. Жеке іскерліктің бұл мүмкіндігі, оның ұжымдық әдісімен іс жүзінде қабысуы бизнесті дамытудың барынша маңызды факторы болып табылады.

Сонымен қатар ұжымдық бизнестің көптеген формалары капиталдың қосылуымен, ортақ меншіктің құрылуымен, аталмыш бірігудің барлық мүлкіне міндеттеме бойынша жауап беретін заңды тұлға жасаумен байланысты. Мұндай кәсіпорындарда өндіріс құрал-жабдықтарына меншік топтық немесе ұжымдық мәнге ие болады. Бұл жағдайда ұжымдық меншік шеңберінде басқалармен бірге ортақ кәсіпорынға біріккен әрбір іскердің меншігіндегі негізгі құрал-жабдықтар ақшалай меншік бөлігін белгілеу түрінде мүлікті үлесіне қарай бөлу жолыменен жеке меншік құқын сақтауына болады. Жеке меншікті осылай сақтаудың түпкі нұсқасы - акционерлік қоғам немесе кәсіпорын құру болып табылады. Мұнда әр қатысушы өзінің үлестік акциясының қожайыны бола алады.

Құрал-жабдықтарды, капиталды, басқаруды одан рі біріктіру корпорациялар, біріккен кәсіпорындар және тағы басқа түрдегі ұжымдық іскерліктің интеграциялық формаларына әкеледі.

Халық шаруашылығында жұмыс істейтін кәсіпорын ұйымдық-құқықтық құрылысы, масштабы, қызмет ауқымы тұрғысынан әр түрлі болып келеді. Құқықтық және өндірістік тұрғыдан олар жекелеген топтар мен түрлерге бөлінеді. Ол үшін нарықтық экономика олардың қызметін айқындайтын шаруашылық жүргізу заңдылығының белгілі бір нормаларын жасады. Олар - шаруашылық серіктестіктері, акционерлік қоғамдар, өндірістік кооперативтер, сондай-ақ бизнестің мемлекеттік секторында - мемлекеттік және муниципалды кәсіпорындар. Алайда бұл формадағы кәсіпорындар өсіп, концерн, консорциум, трест, синдикат, картель ассоциацияларына бірігуі немесе халықаралық және мемлекетаралық корпорацияларға айналуы мүмкін. Бизнестің осы формаларының әрқайсысының мәні мен маңызын қарастырайық.

Толық серіктестік - келісімдік негіздегі жалпы бизнеске қатысушылардың ерікті бірлестігі. Іскерлік қызметті жүргізу үшін оларжалпы үлестік меншікті құратын өздерінің мүліктерін біріктіреді, яғни серіктестіктің әрбір мүшесінің аталмыш кәсіпорынға мүліктің немесе ақшалай түрде енгізген салымына сәйкес өзінің үлесі болады. Алайда, қаржылық қиындық туған жағдайда, басқаша айтқанда, серіктестіктің біріккен мүлкінің жалпы құнынан қарыз асып кеткенде, олардың мүшелері өздерінің немесе заңдық қатынас арқылы бөлінбеген болса өздерінің отбасы мүшелерінің мүлкіменен жауап береді. Толық серіктестіктің заңды тұлға мәртебесі бар және шаруашылық қызметі субъектісінің барлық құқұғына ие. Басқаша айтқанда, олар келісімдік қатынасқа барады, өзіне міндеттеме алып, оны орындауға және мемлекеттік билік ұйымдарымен өзара бірлесіп, іс- қимыл танытады.

Коммандиттік серіктестік немесе сенімге негізделген серіктестік дегеніміз - біріккен шаруршылық қызметі жөніндегікелісім - шарт негізінде жасалатын бірнеше істердің бірлестігі. Бірақ, толық серіктестікке қарағанда, мұнда мүшелердің бір бөлігі ғана толық серіктестік болып табылады. Олар өздерінің барлық мүлкімен аталмыш кәсіпорынның міндеттемелері бойынша толық ынтымақтастық жауапкершілікті мойнына алады. Олардан басқа салым салушы мүшелер аталмыш серіктестікке тек өздерінің салымдары көлемінде ғана шектелген мүліктің жауапкершілікке ие болады. Сондықтан да мұндай серіктестік мүшелерінің құқұқтары да бірдей емсе:комплементарйя басқарудағы билікке ие, ал коммандиттер өздеріне кіріс келтіретін салым енгізу түрінде ғана көріне алады. Коммандиттік серіктестіктің мүлкі жалпы үлес меншігі құқұқығы ретінде оның барлық мүшелеріне ортақ.

Корпорация - ортақ мақсатқа жету және сонымен бір мезгілде жеңілдіктерді қорғау үшін бірнеше фирманың басын біріктіретін акционерлік қоғам. Заңды тұлға ретінде корпорация өзінің барлық мүлкімен өзіне кіретін барлық кәсіпорындар үшін жауап береді және іскер қызметтегі субъектілермен бірге жұмыс жүргізеді. Корпорациялар - басым жағдайда ірі бизнестің ұйымдық тәсілі. Мысалы, АҚШ- тағы Кайзер индастри корпорейшн - нің құрамына цемент, болат, алюминий жөніндегі компониялар кіреді. Корпорациялар құрамында жүзге жуық компониялар мен олардың филиалдары - химиялық зауыттардан теле- және радиостанцияларға дейін, 36 штатта және 30 шетелдік мемлекеттерде орналасқан 232 өнеркәсіптік кәсіпорын бар. Корпорацияның активі 3, 5 милиардтан астам доллар құрайды.

Концерндер - өндірістік технологиялық байланыстарының көптігі арқасында кең көлемді өндірістің, кооперацияланудың, интеграция мен жинақтаудың барлық мүмкіндіктерін пайдаланатын көпшілік жағдайда монополиялық үлгідегі ірі бірлестіктер. Бұл біздің республикамыздағыірі мемлекеттік кәсіпорындарды реформалаудың барыншы келешегі мол тәсілі.

Холдингдік компаниялар ерекшеліктері олар басқа компанияларға бақылау жүргізу құқұқына ие. Өйткені, олар басқалардың акциялары мен қаржылай капиталын билейді, өздерінің бақылауындағы компаниялардың директорларын тағайындайды. Сондықтан да холдингтер өздеріне кіретін кәсіпорындардың, заң тұрғысынан алғанда өз бетінше жұмыс істейтіндігіне қарамастан, шаруашылық және коммерциялық шешімдеріне белсенді түрде әсер ете алады. Мұның өзі холдингтерге олардың іс-қимылын тұтас шаруашылық құрылымы ретінде бүкіл холдингтік бірлестіктің мүддесіне бағыттауға, егер мұның қажеттілігі және ортақ пайдасы болса, бақылау аясындағы кәсіпорындардың қаржылық көздерін орталықтандыруды және қайта бөлуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Консорциум - нақты міндеттерді шешу үшін құрылатын фирма, кәсіпорын, ұйымдардың уақытша ерікті бірлестігін білдіреді. Ірі күрделі қаржыны және жоғары дәрежедегі тәуекелді қажет ететін жекелеген кәсіпорындар әдетте өздігінен жүзеге асыруға мүмкіндіктерібола бермейтін ірі инвестициялық, ғылыми-техникалық, әлеуметтік, экологиялық және басқа жобалар мен іскерлік ойларды орындау үшін олардың консорциумға бірігуіне тура келді.

Бұдан өзге ірі ауқымдағы синдикаттық, тресттер, оффшорлық, халықаралық, трансұлттық ұйымдық бизнес формалары шапшаң дамып жатыр. Олардың көпшілігі Қазақстан экономикасында пайда болды, ал енді дамып келе жатқан салаларға нарықтық қатынастарға көшу аяқталғанда табысты жұмыс істеуіне нақты мүмкіндіктер бар.

2. 1. Ауыл шаруашылығын жоспарлаудың ғылыми-методологиялық негіздері

Ауыл шаруашылығы күйзелісінен шығудың дұрыс жолы - ауыл шаруашылығын дамытудың бағыт-бағдарын жоспарлау екені ешқандай дау тудырмайтын өмір талабы болса керек. Сондықтан стратегиялық жоспарлау агенттігі дүниеге келді. Осы жағынан келетін болсақ ендігі жауап сұрайтын сұрақ сол бағыт-бағдарды жоспарлаудың ғылыми-методологиялық негізі болып табылады. Бірінші кезекте ауыл шаруашылығы дамуын жоспарлаудың ғылыми негіздерін қарастырайық.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Агроөнеркәсіптік кешендер және агробизнес
Қазақстандағы агробизнес
Агробизнес және агроөнеркәсіптік кешен
Агробизнес және агроөнеркәсіп кешені
Агробизнес
Агробизнес туралы
Агроөнеркәсіптік кешенін несиелендіру мәселелерінің теориялық негізі
Агробизнес экономикасы
Агробизнес қызметінің теориялық негіздері
Агробизнес қалыптасу және қызмет ету жағдайлары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz