Валюталық саясат туралы


МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 3
І. Валюталық саясаттың ұғымы, формалары, түрлері мен құрылымдары . . . 4
1. 1 Валюталық саясаттың ұғымы, формалары, түрлері . . . 4
1. 2 Валюталық бағамдарының режимін реттеу . . . 9
ІІ. Қазақстан Республикасындағы валюталық саясаттың ерекшелігі . . . 14
2. 1 Қазақстан Республикасында валюталық нарықты реттеудің мағынасы мен қажеттілігі және саясаты . . . 14
2. 2 Қазақстан Республикасындағы ұлттық банктің валюта нарығын реттеу саясаты . . . 15
2. 3 Валютаның тұрақтылығын сақтау және нығайтуға бағытталған саясаттың құралдары . . . 18
2. 4 Дамыған елдердің қазіргі кездегі валюталық саясаттың мазмұны мен формалары . . . 24
Қорытынды . . . 28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 30
Кіріспе
Қазақстанда ақша бірлігі теңге деп аталады. 1991 жылы тамыз айында Ресей, Украин, Белорус мемлекеттері өзара келісімдеріне байланысты (Беловежск келісімі) Кеңес Одағы ыдырай бастады. Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде егемендігін жариялады. Дегенмен ақша ресүрстары ортақ жүйеде қолдана берілді. Өтпелі экономиканың ауыр кезеңінде 1992 жылы Ресей қаржы саясатына байланысты жаңа ақша бірлігін Іпығаруы Қазақстанда экономикалық жағдайын қиындата түсті. Себебі, ақша айналымында Кеңес ақшасының көлемі шегінен тыс көбейіп құнсызданды. Міне, осы бірқатар себептерге байланысты Қазақстан өз ұлттық ақша бірлігін 1993 жылы қараша айында шығара бастады. Оны енгізу жылдам әрі бар болғаны бес күн ішінде жүрді. Сөйтіп Қазақстанда, егемендік алғаннан кейін 1993 жылдың 15-қазанында шығарылған ақша "Теңге"
Ұлттық ақша бірлігі болып, сод жылдың 13-желтоқсанда қабылданған
"Қазақстан Республикасының, ақша жүйесі" деген заңмен бекітілді. Енді од, еліміздегі жалғыз ғана төлем құралы. Ал ұлттық валютамыз енгізілген күн қаржыгерлер мерекесі ретінде аталып жүр.
Қазақстан жерінің тарихына көз салатын болсақ, белгілі Жібек жолының бойында біздің ғасырымыздан бұрын ірі орталық сауда орындары бар болғаны белгілі. Әрине ақша қызметін атқаратын құнды заттар мен мал-мүліктердің болғанына даусыз дәлелдемелер жеткілікті. Сол ғасырлардың өзінде монета-теңғелер жасалды: алтын теңге (алтыннан жасалған), күміс теңғе (күмістен жасалған) қүндарына сөикес балама ролін атқарған. Сауда-саттық қарым-қатынасында жеңіл, тиімді жақтарын қолдана білген.
Қандай болмасын экономикалық жүйенің, экономикалық саясатың түпкі мақсаты - бағалар тұрақтылығын, экономикалық өсу мен толық жұмыстылықты қамтамасыз ету. Бұл жағдайда айырбас валюта бағамы мен оның мүмкін өзгерістері айналымдағы ақша мөлшерінің және баға деңгейінің тұрақтылығын қамтамасыз етумен қатар, экономикалық саясаттың маңызды аралық мақсаты болып табылады. Бірақ валюта бағамы өзгерісі экономиканың барлық салалары мен секторына біркелкі әсер етпейді. Ұлттық валютаның күшеюі экспортқа жұмыс істеп жатқан салалардың импорт өнімдерімен бәсекелесу мүмкіндіктерін азайтады. Сонымен қатар, ұлттық валюта кұнының өсуінің кері әсерлерімен шектелмейді, өйткені одан импорттық шикізатпен жұмыс істейтін өндіріс салалары ұтады. Ал ұлттық валюта құнының азаюы кезінде ұтушы мен ұтылушылар орны ауысады. Соған қарамастан, импортерлер мен экспортерлер өз экономикалық іс-әрекетін жоспарлаудың тұрақты негіздерін қамтамасыз ету үшін болжамды өзгермелі валюта бағамдарымен жұмыс істеуге ұмтылады.
І. Валюталық саясаттың ұғымы, формалары, түрлері мен құрылымдары
1. 1. Валюталық саясаттың ұғымы, формалары, түрлері
Валюта дегеніміз - мемлекеттердің заңды төлем құралы ретінде қабылданған ақша бірлігі немесе банкноттар, қазыналық билеттер мен тиындар, соның ішінде қымбат металдардан жасалған тиындар (айналымнан алынған немесе алынатын, бірақ айналымда жүрген ақша белгісі мен айырбастауға жататын тиындар) түріндегі қолма-қол және аударым нысанындағы құнның ресми стандарттары, сондай-ақ, шоттардағы, соның ішінде халықаралық ақша немесе есеп айырысу бірлігіндегі қаражат.
Валюта арқылы сыртқы тауарлар мен қызметтерді пайдалануға, туризм және мемлекетгің жеке ақша қозғалысын және т. б. көптеген қызметтерді жасауға болады.
Валюталық нарық дегеніміз - ұлттық валютаны шетелдік валютаға алып сатқан кезде, ұсыныс пен сұраныс нәтижесінде қалыптасқан белгілі-бір ресми орын.
Халықаралық есеп айрысу спецификасының маңызы мынада: валюталық баға төлем құралы ретінде көбінесе шетелдік валютаны қолданады, өйткені әлі халықаралық бүкіл мемлекетгерде алуға тиісті белгілі-бір валюта жоқ, сондықтан да сыртқы саудада, несиеде, инвестицияда мемлекет аралық есеп айрысу үшін бір валютаны екінші валютаға сату керек. Валюталық курстың бағамы оны сатып алу қабілеті арқылы белгіленеді.
Валюталық бағам дегеніміз - бір ақша бірлігінің екінші ақша бірлігі- мен алғандағы бағасы. Ол нарықты экономика жағдайында сұраныс пен ұсыныстың нәтижесінде анықталады және экономиканың жағдайын көрсетеді. Валюталық бағам халықаралық сауда және капитал қозғалысында өте үлкен роль атқарады. Валюталық бағамның өзгерісін байқасақ, ол сол валютаның құнсызданғанын немесе құнының жоғарлағанын көрсетеді.
Валюталық нарықты айтқанда онда көбінесе нақты және номиналды валюталық бағам деген сөздер кездеседі. Екі елдің тауарларының қатынасы негізінде (сол елдің валютасы негізінен алынған) нақты валюталық бағамды анықтауға болады. Мемлекеттің валюталық нарығында көрсетілген валюталық бағамды - номиналды бағам деп атайды.
Валюталық бағамның үш түрі бар:
- белгіленген;
- өзгермелі;
- аралас;
Белгіленген валюталық бағам деп - берілген мерзім ішінде өзгермей қалынған бағам; сол бағамның өзгермеуіне мемлекет өзі кепілдік береді. Белгіленген жүйенің мысалы ретінде Бреттон-Вудск жүйесі қалыптасқан.
Өзгермелі валюталық бағам кезінде ол сол валютаға байланысты бағамның сұраныс пен ұсыныс нәтижесінде қалыптасуы.
Аралас валюталық бағамның мысалы ретінде көптеген дамыған елдерді айтуға болады; оларда өзгермелі бағам да және кейбір жерлерінде белгіленген валюталық бағам да бар.
Валюталық операциялар дегеніміз - ол меншік құқығының және өзге де құқықтардың валюталық құндылықтарға ауысуына байланысты операциялар, яғни, валюталық құндылықтарды кез келген тәсілмен Қазақстан Республикасына әкелу және жөнелту, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан әкету және жөнелту болып табылады. Валюталық операциялар ағымдагы операциялар жане капитал қозгалысына байланысты операциялар болып бөлінеді.
Ағымдагы операцияларға жататындар:
- тауарлар, жұмыстар мен қызметтер үшін төлемнің не аванс төлемінің мерзімін 180 күннен аспайтын мерзімге ұзартуды көздейтін экспорт-импорт мәмілелері бойынша есеп айрысуларды жүзеге асыруға арналған аударымдар;
- 180 күннен аспайтын мерзімге кредиттер беру және алу;
- салымдар (депозиттер), инвестициялар, заем және өзге операциялар бойынша девиденттерді, сыйақыларды жөне өзге кірістерді аудару және алу;
- гранттарды қоса алғанда, сауда сипатына жатпайтын аударымдар, мұрагерлік сомманы, жалақыны, зейнетақыны, алименттерді және басқа соммаларды аудару;
- капитал қозғалысына байланысты операцияларға жатқызылмайтын барлық өзге де валюталық операциялар.
Капитал қозғалысына байланысты операцияларға жататындар мыналар:
- инвестицияларды жүзеге асыру;
- интелектуалдық меншік объектілеріне ерекше құқықты толық беруді көздейтін мәмілелер бойынша есеп айрысуды жүргізуге арналған аударымдар;
- жылжымайтын мүлікке мүліктік құқықтарды төлеуге аударымдар;
- тауарлар, жұмыстар және қызметгер үшін төлемнің не аванс төлемінің мерзімін 180 күннен асатын мерзімге ұзартуды көздейтін экспор-импорт мәмілелері бойынша есеп айрысуларды жүзеге асыруға арналған аударымдар;
- 180 күннен асатын мерзімге кредиттер беру және алу3;
Валюталық нарығын реттеудің мағынасы мен қажеттілігі
Мемлекеттің әлем экономикасына кіруі валюталық қатынастар жүйесінің дамуына әкеледі және олар мемлекет нарығының қалыптасуына әсер етеді. Мемлекеттік реттеу елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сыртқы экономикалық байланыстарын кеңейтуге, экономиканың тез көтерілуіне жәрдемдеседі. Мемлекетіміздің әлемнің сауда-саттық бірлестігіне кіруіне жағдайна бейімделген.
Валюталық бақылау мынандай бағыттарда жүзеге асырылады:
- экспорттық-импорттық валюта бақылауы;
- қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүргізуді бақылау;
- капитал қозғалысына байланысты операцияларды бақылау;
- валюта нарығындағы субектілерге инспекция жүргізу.
Валюталық реттеу дегеніміз - уәкілетті мемлекеітік органдардың (валюталық реттеу органдарының) елдің төлем балансын нығайту, ұлттық валютаның тұрақтылығың, ішкі валюта рыногын дамытуды қамтамасыз ету мақсатында валюталық операциялар жүргізу тәртібін белгілеу және оның сақталуын бақылау жөніндегі қызметі.
Валюталық нарықты құруға, мемлекеттік монаполиядан валюталық құндылыққа өту кезенінде Қазақстанда қайшылық пен үдеріс ілесе жүрді. Кейбір мекемелерге дәлелсіз жеңілдіктер берілді, әсіресе реформалаудың бастапқы кезеңіңде. Валюталық саясаттың дұрыс болмауынан сыртқы сауда операцияларына қатысушылар санының көбеюіне әкелді, ол экспорттық-импорттық операциялар бойынша ереже мен нормаларды сақтауына теріс әсер етті. Осының нәтижесі ретінде шетелге капиталдың кетуінің тұрақты тенденциясы байқалды және экспорттық түсімді жасыру, импортгық контракт есебінен аванс төлемдерін келесіде товарлармен қамтамасыз етпей ақшаны аудару сияқты жағдайлар орын алды. Осындай жағдайларда мемлекет кейбір жерінде аталмыш жеңілдіктерді толық жойып, валюталық реттеуте белсене кірісе бастады. Көкейтесті мөселелердің бірі ретінде валюталық бақылау болды.
Валюталық бақылау капиталдың ағуын сақтап қалуға багытталған, сонымен қатар ол республиканың сыртқы экономикалық қызметінің дамуына кедергі жасайды. Сондықтан қойылатын сауал экономикалық дамудың қай кезеңінде оны қолдану керек екендігінде. Өнеркәсібі дамыған елдер ДВҚ (дүниежүзілік валюталық қор) қағидаларына қарама-қайшы келетін әкімшілік әдістерін тіптен қолданбайтынына қарамастан, осы әдістерді қолдану тәжірибесі Қазақстан үшін, экономиканың дамуының әр кезеңінде, еңгізуден толық жоюға дейін, үлгі ретінде бола алады.
Валюталық реттеу органдарының биылғы жылғы алдына қойған стратегиялық міндеттерінің бірі - мемлекетте экспорттық-импорттық валюталық бақылауының нығайту.
Валюта бақылауының мақсаты валюта операцияларын жүзеге асырған кезде Қазақстан Республикасының резиденттері мен резидент еместердің заңдарды сақтауын қамтамасыз ету болып табылады.
Егер бұл сома қажеттілігіне жеткіліксіз болса, ауыр жағдайға түскен ел ХВҚ-нан көп ақша сұрауына болады да, бәрін қосқанда өзі төлеген жарнасынан шамамен 4 есе көп қарызқ алуына құқтығы болады.
ХВҚ -на кірген ел белгілі бір ақша сомасын төлейді. Ол үлес «квота» деп аталады да, мүшелік жарнаға ұқсас келеді. Біріншіден, жарналардан ХВҚ-ың ақшаи қоры қалыптасады. Оны ХВҚ қаржылық қиыншылыққа ұшыраған мүше елдерге қарыз беруге жұмсайды. Екіншіден жарна үлестерінің негізінде әрбір елдің қарызға ала алатын сомасы мен мезгіл арн, аулы қарыз алу құқығы бөлігенде алатын активтері анықталады. Жарна неғұрлым көп болса, ала жарналар алатын қарыздың көлемі де соған сәйкес көбейеді. Үшіншіден жарналар әр елдің дауыс санын анықтайды. Үлестерді, елдердің экономикалық жағдайын талдау арқылы, ХВҚ-ы бекітеді. Олар әрбір бес жылда қайта қаралып отырады да., ХВҚ қажеттілігі мен елдердің экономикалық жағдайларына байланысты ұлғаюы немесе кемуі мүмкін. Егер 1945 жылы 35 мүше ел 7, 6 млрд. доллар төлесе, 1992 жылы 156 мүше ел 130 млрд. доллар төледі. Мысалы дүниедегі экономикасы ең үлкен ел-АҚШ барлық жарнаның 20% төлесе, Индия мұхитында орналасқан Мальдив елі 3 млн. доллар ғана төлейді.
Қазақстан ХВҚ-на 1992 жылдың 15 шілдеде мүше болады. ХВҚ-ын Қазақстандағы өкілеттілігі 1992 жылдың 15 тамызында ашылды. Қазақстанның ХВҚ-ғы үлесі 247, 5 млн, СДР болып тағайындалды.
Валюталық саясаттың түрлері. Влюталық саясат (ВС) сыртқы экономикалық саясат жүйесінде ерекшк орын алады. Валюталық саясат дегеніміз - дамудың белгілі бір тарихи кезеңдеріндегі мақсаттарға сәйкес белгілі бір елдің ХЭҚ саласында жүзеге асыратын шаралар кешені.
Кез келген елдің ВС ағымдағы немесе ұзақ мерзімдегі мақсаттарға сәйкес екі түрге бөлінеді:
- құрылымдық;
- ағымдық;
Құрылымдық ВС - барлық елдердің өзара әсерлесу принциптерін жетілдіруге бағытталған валюталық реформалар формасында жүргізіледі. Ол жекелеген валюталардың жағдайын күшейту және артықшылыққа қол жеткізу үшін жүргізілетін күреспен байланысты болады. Сонымен бірге құрылымдық валюталық саясат тенденциясының қалыптасуына ықпал етеді.
Ағымдық ВС дегеніміз - валюталық бағамдарды, валюталық жағдайларды жәнебағалы металдар нарықтарының қызметін реттейтін қысқа мерзімдік шаралар кешені.
Белгілі бір елдің жүргізетін ВС елдің ішкі және сыртқы нарықтарында өткізілетін тауарлардың ұлттық валютамен өрнектелген бағаларының арақатынасына ықпал етеді. ВС-тың элементтері мен формалары өз ретінде мынандай факторлардың пайда болуына әсер етеді:
- әлемдік шаруашылықтың дамуы;
- елдің экономикалық жағдайы;
- әлемдік аренада күштерді орналастыру.
Елдің валюталық саясатының экономикалық табиғаты тарихи тұрғыда қарастырылады. Өйткені белгілі бір бәсекелестік міндеттер келесі приоритетік сипатта болады:
- ывалюталық шектеулер;
- валюталық операциялардың ырықтандырылуы;
- валюталық дағдарысты жою және тұрақтылықты қамтамасыз ету;
ВС қолданатын элементтерінің жиынтығы әр түрлі форманы қабылдауы мүмкін, олар:
- дисконттық;
- девиздік болып бөлінеді.
Орталық банк дисконттық саясатты төмендегі мақсаттар бойынша жүргізеді:
- валюталық бағамды және төлем балансын реттеу;
- халықаралық капиталдың қозғалуына әсер ету;
- ақша массасына, бағаға, несиелердің ішкі динамикасына әсер ету;
Дисконттық саясаттың мәні мынада: ол банктың есепке алу мөлшерлемесінің өзгерісімен байланысты болады. Мысалы, пассивтік төлем балансы кезінде банктің есепке алу мөлшерлемесінің көтерілуі - проценттік мөлшерлемесі едәуір төмен елдерден капиталдың ағылып келуін күшейтуге ықпал етеді. Осылайша, дисконттық саясат капиталдың елден ағылып кетуіне тойтарыс береді, төлем балансын тұрақтандырады және төлем бағамын көтереді. Бірақ елдің экономикасы тоқырау жағдайында болса, онда төлем балансын жақсарту мақсатында есепке алу мөлшерлемесін көтеру - экономикаға зиянды, кері әсерін тигізеді. Бұл кезде экономиканың тұрақсыздығы белгілі бір проценттік мөлшерлемелермен операция жүргізу кезінде елден капиталдың қозғалуын үнемі анықтай бермейді.
Сонымен бірге, әлемдік шаруашылықта капитал мен несиенің халықаралық қозғалысын реттейтін факторлар күшейіп бара жатқандықтан, бұл жағдай есепке алу саясатының төлем балансына ықпал етуін әлсіретеді.
Басқаша айтқанда, дисконттық саясаттың (ДС) , ішкі және сыртқы саясаттың қарама-қайшылығы оны тартымды етпейді, өйткені қысқа мерзімдік және салыстырмалы түрде алғанда, оның тиімділігі төмен болып келеді.
Тарихи тәжірибеге көз жүгіртсек, ДС 30-40 жылдары ғана және 50 жылдардың басынан бастап белсенді жүре бастаған.
ВС жүргізудің ең тиімді әдісі - девиздер саясаты. Бұл саясат кезінде мемлекет шетел валюталарын сатып алу және сату жолымен ұлттық валюта бағамына ықпал етеді.
Девиздік саясат әр түрлі формаларда көрініс тапқан құбылыс, оларға валюталық интервенция, валюталық резервтердің түрін көбейту, валюталардың айырбасталу дәрежесін реттеу, сонымен бірге валюталық бағам режимін реттеу, девальвация, реваьвация жатады.
Валюталық интервенция-ұлттық валюта бағамына ықпал ету мақсатымен орталық банктің валюталық нарықтағы операцияларға араласу процесі. Негізінен, орталық банк ұлттық валютаның бағамын көтеру мақсатында шетел валютасын сатады, ал төмендету мақсатында-сатып алады.
Девиздік саясаттың формасы ретіндегі валюталық интервенцияның ерекшелігі: оның салыстырмалы түрдегі ірі ауқымдылығы, қолданылыуының қысқа мерзімділігі, ресми алтын-валюталық резервтер мен қысқа мерзімдік валюталық несиелер есебінен жүргізілуі. Қазіргі таңдағы белгілі бір жекелеген мемлекеттегі валюталар интервенциясымен бір мезгілде бірқатар елдердің орталық банктерінің ұжымдық валюталық интервециясы да қолданылады.
Девиздік саясаттың бір түрі ретінде валюталық резервтердің түрінкөбейту-валюталық резервтер құрылымын реттеуге бағытталған. Бұл ретттеу валюталық резервтерді басқа әртүрлі валюталар құрамына енгізу жолымен жүргізіледі. Мұндай форма шығындарды жоюға және халықаралық есеп айырылысулардың ырғақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Осы мақсатта тұрақсыз валюталарды сатудың орнына өте тұрақты валюталарды сатып алу белсенді түрде жүруде.
Қазіргі уақытта неміс маркасының, швейцар франкінің, жапое иенінің мәні артып отыр. Көп жағдайда ұлттық мемлекет пен халықаралық қаржылық ұйымдар валюталық бағамдардың, валюталық тепе-тең режимін белгілеу шараларын жүргізеді. Валюталық жүйелер дамуында төмендегідей режимдер қолданылған:
- валюталық бағамдарды нақты белгілеу режимі (елдердің Бреттон-Вудс келісімі) ;
- қалқымалы валюталық бағамдар режимі (Париж конференциясы - «ондық тобы») ;
- «еуропалық валюталық жылан» режимі.
Қазіргі әлемде валюталық бағамдардың оңға жуық режимдері бар. Жүргізіліп жатқан экономикалық реформалар барысында көптеген мемлекеттер «жұп валюталық нарық» деген валюталық саясатты қолданған. ВС-тың бұл формасы валюталық нарықтың екі бөлікке бөлінуін қажет етті.
Ресми валюталық бағам - коммерциялық операциялық, ал нарықтық бағам - қаржылық операциялар кезінде қолданылады. Қалқымалы валюталық бағамдарға өтуге байланысты бұл саясаттың қолданылу дәрежесі тарала бастады. ВС-тың дәстүрлі әдістеріне девальвация мен ревальвация жатады. Шетел валютасына қатысты ұлттық валюта бағымын төмендету проценті-девальвация деп, ал ұлттық валюта бағамын көтеру процесі - ревальвация деп аталады.
1. 2 Валюталық бағамдарының режимін реттеу
Айырбас бағамы режимінің нұсқасын таңдау 2 факторға тәуелді болады:
- Елдің экономикалық мүмкіндігіне, оның әлемдік аренадағыжағдайындағы және дамыған елдер тобына жататындығына байланысты.
- Аталған ел шеңберіндегі ақытша ара қашықтыққа сәйкес.
Айырбас бағамы режимінің нұсқасы аталғн ел үкіметтің қатысу дәрежесіне байланысты іріктеледі. Осыны ескеру отырып, айырбас бағамы режимнің 3 нұсқасын бөліп көрсетуге болады:
- бағамды ел үкіметі анықтайды;
- режимді белгілеуде үкіметтің араласу (ерекше) белгілі орынды алады.
- Үкіметтің араласуы толық түрде болмайды, яғни бағам режимін нарықтың өзі анықтайды.
1-нұсқа: бір шетел валютасына немесе бір мезетте бірнеше валютаға қатысты шараларды қамтиды. Сонымен бірге үкімет - елдің приоритеттік сауда серіктестерімен бірге инфляция қарқынындағы айырмашылықты салыстырады.
2-нұсқа: кей жағдайда үкімет елдің приоритеттерін ескере отырып, қалқымалы бағамды еркін түрде реттейді.
3-нұсқа: ел валютасының еркіндігін көрсеттеді. Бұл кезде бағамды валюталардың сұраныс пен ұсынысын ескере отырып, нарықтың өзі белгілейді.
Аталған айырбас бағамы режимнің әрқайсысының артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Сондықтан оларды міндетті түрде қарастыру керек.
Тұрақты бағам режимінің төмендегідей артықшылықтары мбар:
- сандық тұрғыда анықталғандығы (саудаға және капитал ағымы ынталандыруға ықпал етеді) ;
- валюталық-қаржылық саясатқа деген жоғары сенімділікті күшейтеді.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz