Ауылшаруашылық тұрғындарының құқықтық нормаларының түсінігі



Жоспар

Кіріспе.

Негізгі бөлім.
1.Ауылшаруашылық тұрғындарының құқықтық нормаларының түсінігі.
2.Азаматтардың өзіндік қосалқы шаруашылығы жерлерінің құқықтық жағдайы
3. Ауыл шаруашылық тұрғындарының шаруашылығындағы мүліктің құқықтық тәртібі

Қорытынды.
Кіріспе.
Азаматтардың өзіндік шаруашылығы аграрлық сектордың маңызды құрылымдық бөлігі. Ол қазіргі кездегі нарықтық қатынастар мен аграрлық реформалау ауыл шаруашылық өндірісте өзінің тұрақтылығы мен дамуының нәтижесінде ерекшеленіп отыр.
Өзіндік қосалқы шаруашылығының ауыл тұрғындары өміріндегі маңыздылығы мемлекетпен аса бағаланбаса да өзін саяси және әлеуметтік-экономикалық талаптардан тәуелсіз өмір сүре алатын ауыл шаруашылықтың тұрақты құрылымы ретінде танытты.
Өзіндік қосалқы шаруашылықтың дамуындағы аса маңызды фактордың бірі болып, оның ауыл шаруашылығын мемлекеттің қаржыландыру міндетінің барысында және халықты ауыл шаруашылық өнімдерімен қамтамасыз етудегі тигізетін ықпалы танылады. Сонымен қатар, өзіндік қосалқы шаруашылық көп балалы аналардық зейнеткерлердің еңбегін пайдалануға, болашақ өсіп келе жатқан ұрпақтың еңбекке құштарлығын оятуға, қоршаған ортаны, жерді аялауға әсерін тигізеді.
Қазақстан Республикасынында жүргізілген аграрлық реформалар кезінде мемлекеттік азық-түлік ресурстарын толтыруда өзіндік қосалқы шаруашылықтық рөлі өсті. Бір жағынан бұл: өзіндік қосалқы шаруашылықтарға жер учаскелерінің жеке меншікке берілуіне, өзіндік қосалқы шаруашылықты (ӨҚШ) жүргізу үшін жер учаскелері мөлшерінің ұлғаюына және бағылатын мал санының шектелуіне байланысты болды.
Ал екінші жағынан: ауыл шаруашылық құрылымда ӨҚШ қарқынды дамуын тек экономикалық белсенділікпен ғана емес, оның өсуін ұжымдық шаруашылықта өндірістік төмендеуімен байланыстыратын кейбір авторлардың да пікіріне келіспеуге болмайды.
Әдебиеттер.
1.'Теория государства и права. / Под ред. Бабаева В.К. М.: Юристь, 2002.
2.Аграрное право. Учебник для вузов. / Под ред. Быстрова Г.Е., Козыря М.И. М. 1998.
3.Воронин Б.А. Аграрное право как отрасль права, отрасль науки, отрасль законодательства и учебная дисциплина. Актуальные проблемы аграрного права России: теория и практика. Сборник научных статей. М. Право и государство. 2004.
4.Аграрное право. / Ответ.ред. БыстровГ.Е., Козырь М.И. М: Юриспруденция, 2000. 18-бет
5.Жетписбаев Б.А. Аграрное право РК. Алматы: Дәнекср, 2000. 39-бет.

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе.
Негізгі бөлім.
1.Ауылшаруашылық тұрғындарының құқықтық нормаларының түсінігі.

2.Азаматтардың өзіндік қосалқы шаруашылығы жерлерінің құқықтық жағдайы

3. Ауыл шаруашылық тұрғындарының шаруашылығындағы мүліктің құқықтық тәртібі

Қорытынды.

Кіріспе.

Азаматтардың өзіндік шаруашылығы аграрлық сектордың маңызды құрылымдық
бөлігі. Ол қазіргі кездегі нарықтық қатынастар мен аграрлық реформалау ауыл
шаруашылық өндірісте өзінің тұрақтылығы мен дамуының нәтижесінде
ерекшеленіп отыр.
Өзіндік қосалқы шаруашылығының ауыл тұрғындары өміріндегі маңыздылығы
мемлекетпен аса бағаланбаса да өзін саяси және әлеуметтік-экономикалық
талаптардан тәуелсіз өмір сүре алатын ауыл шаруашылықтың тұрақты құрылымы
ретінде танытты.
Өзіндік қосалқы шаруашылықтың дамуындағы аса маңызды фактордың бірі
болып, оның ауыл шаруашылығын мемлекеттің қаржыландыру міндетінің барысында
және халықты ауыл шаруашылық өнімдерімен қамтамасыз етудегі тигізетін
ықпалы танылады. Сонымен қатар, өзіндік қосалқы шаруашылық көп балалы
аналардық зейнеткерлердің еңбегін пайдалануға, болашақ өсіп келе жатқан
ұрпақтың еңбекке құштарлығын оятуға, қоршаған ортаны, жерді аялауға әсерін
тигізеді.
Қазақстан Республикасынында жүргізілген аграрлық реформалар кезінде
мемлекеттік азық-түлік ресурстарын толтыруда өзіндік қосалқы шаруашылықтық
рөлі өсті. Бір жағынан бұл: өзіндік қосалқы шаруашылықтарға жер
учаскелерінің жеке меншікке берілуіне, өзіндік қосалқы шаруашылықты (ӨҚШ)
жүргізу үшін жер учаскелері мөлшерінің ұлғаюына және бағылатын мал санының
шектелуіне байланысты болды.
Ал екінші жағынан: ауыл шаруашылық құрылымда ӨҚШ қарқынды дамуын тек
экономикалық белсенділікпен ғана емес, оның өсуін ұжымдық шаруашылықта
өндірістік төмендеуімен байланыстыратын кейбір авторлардың да пікіріне
келіспеуге болмайды.

1.Ауылшаруашылық тұрғындарының құқықтық нормаларының түсінігі.

Азаматтардың өзіндік қосалқы шаруашылығы (ӨҚШ) - бұл азаматтардың жеке
меншік құқығы мен уақытша жер пайдалану құқығына берілген жер учаскелерін
пайдалануға байланысты мемлекеттік ауыл шаруашылық коммерциялық ұйымдардың
өндірістік қызметін ақылы түрде пайдалану және жеке еңбек нәтижесінде
алынған және жеке меншігіндегі өндіріс құралдарына, өнімдеріне табыстарына
негізделген ауыл шаруашылық өнімдерін ендіруге байланысты шаруашылық-
еңбектік қызметтің ерекше нысаны.
ӨҚШ ауыл шаруашылық өндіріс қызметінің құрылымдық бөлігі ретінде танылып,
ол халықтың ауыл шаруашылық өнімдеріне мұқтаждықтарын толық
қанағаттандыруға бағытталған табыстың қосымша қайнар кезі болып табылады.
Сонымен бірге, ӨҚШ - азаматтардың мәдени-тұрмыстық, тұрғын жай және
материалдық қажеттерін толық қанағаттандыруды қамтамасыз етудегі табыс
табудың қосымша қайнар көзі.
ӨҚШ-тың иелері негізгі табысты қоғамдық өндірістегі жұмыстан алады.
Қосалқы шаруашылықтағы ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру мен өткізуге
байланысты қызмет ауыл отбасының жеке еңбегінен жүзеге асырылады. Ол
еңбекке жарамды азаматтардың негізгі жұмыстары үшін қосымша болып табылады
және кейінгі қамтылу тәртібі арқылы жүзеге асырылады.
Бұл негіздерге байланысты ӨҚШ шаруа (фермер) қожалықтарымен жүзеге
асырылатын жеке ауыл шаруашылық өндірістік және кәсіпкерлік қызметінен
ерекшеленеді.
Көптеген ауыл шаруашылық жұмысшылары мен басқа да еңбекке жарамды
жастағы азаматтар үшін ӨҚШ негізгі жүмыстан бос уакьпта жеке (отбасылық)
қажеттіліктері үшін ауыл шаруашылық өнімдерін өндірудің ерекше нысаны
болып табылады. Ол қызмет аясының кейінгі және қосымша түрі болғандықтан,
кәсіпкерліктің бір нысаны ретінде тіркелуге жатпайды және табысқа
салынатын салық алынбайды. Бұл жағдайлар ӨҚШ ауыл шаруашылық өндірісінің
дамуына дұрыс ықпал жасайды.
ӨҚШ-тың коммерциялық емес бағытта қызмет жүргізуін көрсететін негіздің
бірі, оны жүргізетін тұлғаға арнайы ауыл шаруашылық білімді болуының қажет
еместігі және т.с.с. Қазақстан Республикасының жер заңдары кез келген
Қазақстан Республикасының азаматтары мен еңбекке жарамды жастағы адамдарға
(бір өзін немесе отбасы құрамы) өздерінің қажеттіліктері үшін
ауылшаруашылық өнімдерінің қажетті түрін өсіру үшін ӨҚШ жүргізу үшін жер
учаскесін беруді кездейді.
Қазіргі даму кезеңінде ӨҚШ-қа ауыл шаруашылық қызметті реттейтін құқықтық
механизмді жүзеге асыратын экономикалық міндеттер жүктеледі. Бірақ, бүгінгі
күні ӨҚШ жүрғізуге байланысты кең келемде қатынастар дамыса да, не
экономикалық, не заң әдебиеттерінде ӨҚШ-тың біртұтас түсінігі берілмеген.
Әрбір зерттеуші бұл терминге өз тұжырымдамасын береді. Мысалы, ӨҚШ құқықтық
жағдайын зерттеуші В.В. Устюкова былай деп көрсетеді: "Кейбір авторлар ӨҚШ-
ты өзіндік және кішкентай жеке шаруашылықтарды "қосындысы", "гибриді",
дейді, ал басқа авторлар ӨҚШ-ты бір қызметтің нақты түрі, сонымен бірге
жеке еңбек қызметі" деп танылады.
Қоғамдық пайдалы қызметтің бір түрі ретіндегі ӨҚШ-қа деген көзқарас
басқа да әдебиеттерде кездеседі. Қосалқы шаруашылық, сонымен қатар, "үйдегі
еңбек нысаны" деп анықталады5. Әсіресе әдебиетте кеңінен тараған пікірдің
бірі, ӨҚШ-ты жеке меншіктің ерекше бір түрі немесе жеке меншіктің объектісі
ретінде тану болып табылады. Әрбір автордың ӨҚШ қандай аспектілерде қарауы
байланысты басқа да түсініктемелер беруге болады. Біз, бұл жерде
"қарастырылып отырған қатынастарды маңызы бойынша түсінуді қиындыққа
соқтыратын және олардың құқықтық реттелуіне нұқсан келтіретін "шиеленістен"
сипаттама беруге жол берілмейді", - деген В.В. Устюкованың пікірін
бөлісеміз.
Жаңа өркендеу талаптарының дамуы кезінде ӨҚШ-қа көп көңіл бөлініп отыр,
сондықтан да, оларды сипаттайтын негізгі белгілерді нақты бекіту талабы
қойылған.
XX ғасырдың 80 жылдары профессор А.С. Стамкуловпен ӨҚШ-тың құқықтық
реттелуіне байланысты кетерілген тероетикалық мәселелері бүгінгі күнге
дейін өзекті болып отыр. Бұл қарастырылып отырған шаруашылық нысанының
маңызын тануға, оның дамуын көріп білуге, сол арқылы осы құқық нормаларын
жүзеге асыруға байланысты тәжірибелік нұсқаулықтарды өңдеуге көмектеседі.
ӨҚШ жүргізуші азаматтың негізгі жұмыс орны болуы, яғни ӨҚШ иесі" термині
азаматтың әлеуметтік мәртебесін анықтайды, ол мамандық емес екендігін
көрсететін ӨҚШ-ты кейінгі жұмыспен қамтылу нысаны ретінде сипаттауды ерекше
көрсеткен маңызды орны алады деп, көрсетеді В.В. Устюкова.
ӨҚШ ауыл шаруашылық жұмысшылар, мүғалімдер, зейнеткерлер, оқушылар,
студенттер және т.б. тұлғалар да жүргізе алады. Сонымен бірге, осы пікірге
қарсы шығатындар, ӨҚШ мұндай сипаттамасы ӨҚШ жүргізу үшін берілетін жер
учаскелерінің болуы міндетті-талабы болып табылады дейді. Жер учаскесін
беретін кезде бұл белгі әсер етпейді. Бірақ, ӨҚШ-ын жүргізу үшін жер
учаскесінің нормаларын белгілеу кезінде ӨҚШ-ты жанама түрде рәсімдеуі
керек. осы уақытқа дейін ӨҚШ-ты жүргізуші азаматтар үшін шөп шабу мен мал
айдауды ұйымдастыру шарттары туралы сұрақтар заңдарда дұрыс толық
реттелмеген, мұндай қажеттілікті осығанға дейін 1999 жылы А.С. Стамқұлов
көрсеткен еді.
Кейбір жағдайларда "алғашқы" және "кейінгі" жұмыспен қамту түсінігі
негізгі жұмыстың болуы немесе болмауымен байланысты емес, ол "ӨҚШ жүргізуші
азамат табыстық тұрақты түрлеріне иеленді ме" дегенді білдіреді. Бұны қалай
түсінуге болады? Егер адамда басқа да табыс көздері болса, онда бұл
жұмыспен қамтудың кейінгісі, ал жоқ болса алғашқысы ма? Байқауымызша, бұл
дұрыс тұжырым емес сияқты. Адамдар еш жерде жұмыс істемей-ақ табыс көздерін
иеленуі мүмкін, мысалы: акциядан түсетін дивиденттер, мүлікті жалға беруден
түскен табыс, банкілік салымдардан түсетін пайыздар, т.б. мүндай жағдайда
ол тең дәрежеде 30-50 соттық жерде тұтынушы ӨҚШ-ты жүргізуге және жер үлесі
есебінен берілген жер учаскелерінде кеңейтілген ӨҚШ-ты және шаруа қожалығын
жүргізе алады.
Бұны тұрақты табыс көзіне ие емес адамдарға байланысты да айтуға болады.
Сонымен, бұл критерий ӨҚШ-ның шаруа қожалығынан ерекшелеуге негіз болмайды.
Қазіргі кезде ӨҚШ-ның құқықтық мәртебесі анықталмаған. Сәйкесінше, ӨҚШ
құқықтық анықтамасы да жоқ. Қазақстан Республикасының Жер кодексінде ӨҚШ
жер қатынастарына тікелей реттеуге байланысты тек төрт норма көрсетілген,
бірақ олардың өзі нақтылау мен толықтыруды енгізуді талап етеді. Біздің
ойымызша, заңда ҚР қандай азаматтарына және қай жаста ӨҚШ-ның жүргізу үшін
жер учаскелері берілуі керек дегенді көрсету тиіс.
ӨҚШ қызметін реттейтін арнайы акт жоқ, осыған байланысты ӨҚШ туралы
юридикалық күші бар заң қабылдануы қажет деп санаймыз.
Заң шығарушының міндеті ӨҚШ туралы заңда оның түсінігін, белгілерін
көрсету, ӨҚШ-ты шаруа (фермер) қожалықтарынан негізгі ерекшеліктерін
анықтау. Мұндай белгілердің қатарына: ӨҚШ коммерциялық емес, өндірістік
қосалқы сипаты, қосымша болуы және кейінгі сипаты жатады. ӨҚШ-тағы өнімдер
адамдардың өздері үшін өндіріледі негізінен артықтары ғана сатылуға
жіберіледі.
Кейбір әдебиеттерде ӨҚШ - қызметіне кәсіпкерлік сипат беру керек деген
ұсыныстар айтылады2.
Біздің ойымызша, бұл пікірге жол бермеу керек, себебі, қазіргі кезде ӨҚШ-
табыс көзіне салық төлемейді, салық органдарына есепте тұрмайды,
бухгалтерлік және статистикалық есеп жүргізбейді, т.б. Бірақ, бұл бір
мезетте өзгеруі мүмкін, егер де ӨҚШ заңды түрде кәсіпкер ретінде танылса,
сондықтан бүл мәселеге абайлап қарауымыз керек.
ӨҚШ тауар өндірісімен айналысатындығы кәсіпкерлік қызметтің белгілерін
жақын екендігін көрсетсе де, ондай болып табылмайды, себебі, ӨҚШ өнімдер
коммерциялық мақсатқа емес, өзіндік (отбасылық) тұтыну үшін өндіріледі. ӨҚШ-
тың қосалқы, тұтынушылық сипаты да осында.
В.В.Устюкованың ӨҚШ мәселелерінде заңды түрде реттеу қажеттілігі туралы
пікірімен келісуге болады. "ӨҚШ мүшесі" деген түсінік нормативтік-құқықтық
актілерде жиі кездессе де, бірде-бір заң оның нақты анықтамасын бермеген.
Бірақ, бұл терминге анықтама беру тек мынадай жағдайда ғана мәнді болады
дейді:
Егер шаруашылық мүшелерінің қатарына тек жүбайлары ғана емес, сонымен бірге
басқа да отбасында бірлесіп тұратындар және
ортақ ӨҚШ жүргізуші отбасы мүшелері, балалары (туғаннан, немесе заңда
көрсетілген жас мөлшерінен бастап); Барлық мүшелеріне (тек жұбайларына ғана
емес) белгілі-бір құқықтар беріледі (мүлікке ортақ меншік құқығы,
шаруашылықты мүлігіне мұрагерлік құқық және т.б.)1.
Сонымен бірге, біздің ойымызша ӨҚШ туралы Заңда осы шаруашылықты жүргізу
үшін жер учаскелерін беру кезінде кейбір ерекшеліктерді көрсету қажет.
Бірақ, бұл кезде жер учаскесіне кұқық мен ӨҚШ мүшелігін тікелей
байланыстыруға болмайды. ӨҚШ мүшелігі байланысты қатынастарды құқықтық
реттеуде олардың туыстық қатынастары мен шаруашылықты ортақ жүргізу фактісі
рөл атқаруы керек. Мүндай заңда, аграрлық қатынастардың осы түрін құқықтық
реттеуді жүзеге асыру үшін теориялық негіз болып табылатын ӨҚШ жалпы заңды
түсінігін беру қажеттігі туындайды.
Ұсынылатын нормативтік қүқықтық акті үшін ӨҚШ тиімді түсіні-гін беру үшін
қолданыстағы экономикалық және заң әдебиеттерінде берілген сипаттайтын
белгілерін басшылыққа алу керек2.
Біріншіден ӨҚШ жеке меншіктің ерекше нысаны ретіндегі түжырымға қарсылық
білдіруі керек. Сонымен, В.А. Белянов былай жазады: әлеуметтік өндіріс
қатынастарын негізінде қүрылған кіші жеке шаруашылықтар жеке меншіктің
арнайы нысаны - өндіріс қүралдарына меншік, қоғамдық меншікке бағынатын
еңбекшінің жеке тұтынуын қамтамасыз етуге қызмет көрсететін меншік түрін
қүрды3.
Ал, Д.А.Хорунжий ӨҚШ-ты өндірістік сипатына байланысты жеке меншіктің
объектісі ретінде таниды4.
Бірақ, біз ӨҚШ меншіктің түріне жатпайды, ал нақты бір меншік
қатынастарының біріне негізделеді деп танимыз.
Нақты, дәлірек көзқарасты В.В. Гречко берді, ол: "азаматтардың жеке
меншігінің ерекше түрі ретінде қосалқы үй шаруашылығы
танылады, бұл материалдық және тұрмыстық қажеттілікті қанағат-тандыру
негізгі табысқа қосымша қайнар көзі болып табылатын және өзіне берілген
жер учаскесінде азаматтардың және оның отбасы мүшелерінің жеке еңбегімен
пайда болған тұтыну мақсатындағьі мүліктің жиынтығы"1.
ӨҚШ - бұл қоғамдық ауыл шаруашылық өндірісті толықтыратын шаруашылық
жүргізудің тәсілі, ӨҚШ жүргізу үшін жер учаскелері бірі мен ауыл тұрғындары
жеке тұтынуы, сонымен бірге нарықта өткізу үшін пайдаланылатын азаматтардың
жеке меншігі болып табылатын ауыл шаруашылық өнімді өндіреді (нарық кең
мағынада түсіндіріледі - өнімді өткізудің кез келген жолы).
Бұл жерде ӨҚШ-қа ұқсастығы болса да ұжымдық бау-бақша өсіру қызметінің
кірмейтіндігін айту керек, себебі, ол арнайы актімен реттеледі.
Мемлекеттің өндірістік нарығындағы ауырпалықты азайту мақ-сатында
азаматтарды ӨҚШ өндірілген ауыл шаруашылық өнімдері үлкен маңызды рөл
атқарады. Бірақ, бүгінгі күні ӨҚЖ әлі де болса мемлекеттің қолдауына
мүқтаж. Бұл реттерде Б.А. Жетпісбаевтың пікіріне қосылуға болады, ол
Қазақстан Республикасында ӨҚШ тиімді дамуы үшін мынадай шарттар қажет деп
көрсетеді:
* Ауыл және қала тұрғындарының ӨҚШ жүргізуге қызығушылығы үшін материалдық
және моральдық алғышарттарын құру;
* Азаматтарға ӨҚШ жүргізу үшін қаржы-материалдық көмек көрсету;
АҚШ жүргізу барысында туындаған қатынастарды ретейтін заң нормаларын
дамытып отыру;
АҚШ жүргізуге ниет білдірген адамдарды жер учаскелерімен, сумен,
энергетикамен, егін алқаптарымен, шабындыкпен және ауыл
шаруашылық кіші габаритті техникалармен қамтамасыз ету;
Үй маңындағы учаскелерді және басқа да уақытша пайдаланылмайтын жерлерді
толық пайдалануды қамтамасыз ету;
Тұрғын, шаруашылық ғимараттар мен құрылыстарды салуға көмектесу;
Жануарлар мен өсімдіктердің эпидемиясы мен басқа да ауруларымен күресу үшін
ветеринарлық, санитарлық қызметтермен
қамтамасыз ету;
Ауыл шаруашылық ұйымдардың құралдарын ақылы түрде пайдалануды қамтамасыз
ету;
* Ауыл шаруашылық өнімдерінің артығын нарықтық баға бойынша өткізуге
көмекті қамтамасыз ету;
* Құқықтық және экономикалық қорғауды қамтамасыз ету және т.б.
ӨҚШ дамуының әлеуметтік-экономикалық бағдарламасы, Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 22.12.1997 жылғы "Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығын 2010
жылға дейін дамыту стратегиясы туралы және ауыл шаруашылығын 2010 жылға
дейін дамытудың стратегиясын жүзеге асыруға байланысты шаралардың ашық
жоспары туралы" Қаулысы бар. Бұл актіде ӨҚШ рөлі мен маңызы, олардың
дамуының жолдары көзделген.

2. Азаматтардың өзіндік қосалқы шаруашылығы жерлерінің құқықтық жағдайы

ӨҚШ негізгі дамуының шарты болып- жер учаскесінің болуы танылады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 6-бабына сәйкес, Қазақстан
Республикасында мемлекеттік және жеке меншік тең және бірдей қорғалады.
Қазақстан Республикасында жер мемлекеттік меншікте болады, бірақ заңда
бекітілген негіздерде, тәртіпте және мөлшерде жеке меншікте де болуы
мүмкін.
Сонымен Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес мемлекет
меншігінде жер учаскелері Қазақстан Республикасы азаматтарына өзіндік
қосалқы шаруашылық жүргізу үшін жеке меншікке берілуі мүмкін. (ҚР ЖК-нің 26-
бабы.)
ӨҚШ жүргізу үшін жеке меншікте жер учаскесі бар Қазақстан Республикасы
азаматы, егер азаматтықтан шығатын болса, онда меншік құқығы иеліктен
шығарылады немесе Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес 1 жыл ішінде
қайта рәсімделуге жатады. Жерге құқықты иеліктен шығару және қайта рәсімдеу
Жер кодексінің 24-бабына сәйкес жүргізілуі керек.
Қазақстан Республикасының азаматтарына өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізу
үшін жеке меншікке жер учаскелері ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерден,
ауылдық елді мекен жерінен және босалқы жерлерден беріледі. (ҚР ЖК-нің 102-
бабы).
Оралмандарға өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізу үшін жер учаскелерін
беру ауылдық елді мекендердің жерінен, ауыл шаруашылығы мақсатындағы
жерден, иммиграциялық жер қорының, арнайы жер қорының жерінен және босалқы
жерден уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығымен жүзеге асырылады.
Берілген жер учаскелері Қазақстан Республикасының азаматтығын алғаннан
кейін Жер кодексінде көрсетілген тәртіп негізінде олардың жеке меншігіне
өтеді. (ҚР ЖК-нің 46-бабы).
Әдебиеттерде көрсетілгендей, 90 жылдары Ресейдің заңдарында "үй
маңындағы учаскелер" "ӨҚШ жүргізуге арналған жер учаскелері" деген
түсінікке айналды, бүл ескірген терминнің дүрысырақ атауға ауыстырылуы деп
қарастырылды. Мұндай ереже 90 жылдардағы Қазақстан Республикасының
заңдарында да орын алды.
2003 жылғы Қазақстан Республикасының Жер кодексінде "үй маңындағы жер
учаскесі" 101-бапта кездеседі. Шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін жер
учаскелерін алған және ауылда түрғын үйі бар азаматтардың үй жанындағы жер
учаскесі меншік құқығында сақталады, ол шаруа (фермер) қожалығының жер
учаскесінің құрамына кірмейді. Бұл баптан көретініміз, үй жанындағы жерлер
жеке санаттағы жерлер болып табылады. Мұндай жерлер ӨҚШ жүргізу үшін
берілген жерлердің құрамдас бөлігі ретінде танылады, ол туралы Қазақстан
Республикасының Жер кодексінің 50-бабында айтылған.
Қазақстан Республикасының азаматтарына жер учаскелері жеке меншікке
ақысыз мынадай мөлшерде беріледі:
- Ауылдық жерде ӨҚШ (үй маңындағы және егістік телімдерді қоса алғанда)
жүргізу үшін - суарылмайтын жерден 0,25 гектар және суармалы жерден 0,15
гектар беріледі.
ӨҚШ жүргізу үшін қайтадан ақысыз жер беруге жол берілмеңді.
Ауылдық елді мекендердің аумағында бос жер болған жағдайда жеке түрғын
үй қүрылысы үшін және ӨҚШ жүргізу үшін жер учаскелері осы аталған мақсаттар
үшін көзделген жер учаскелерінің нормалары шегінде біртұтас алаң болып
беріледі.
Жеке меншікте болуы мүмкін жер учаскелерінің шекті (ең жоғарғы) мөлшері
жергілікті жағдайлар мен ерекшеліктеріне қарай облыстық (республикалық
маңызы бар қалалардың және астананың) өкілді және атқарушы органдардың
бірлескен шешімдерінен белгіленеді.
Ауыл шаруашылығына арналған жер учаскелерін ұтымды пайдалану мақсатында
жергілікті өкілді және атқарупы органдардың бірлескен шешімдерімен суармалы
жерлерді пайдалану ерекшеліктері ескеріле отырып, суармалы жерлердегі ауыл
шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін ең аз мөлшері белгіленуі мүмкін.
ӨҚШ жүргізу үй жанындағы жерлерді пайдаланумен ғана шектелмейді.
Қазақстан Республикасы азаматтарын ӨҚШ жүргізу үшін жер учаскелері мал
айдау мен жайылым үшін уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығына берілуі
мүмкін.
ӨҚШ үшін мал айдау мен жайылым үшін берілген уақытша өтеусіз жер
пайдалану құқығының мерзімі -5 жылдан аспау керек. Сонымен қатар мұндай
құқықтағы жер учаскелерін иеліктен иығаруға және кейінгі жер пайдалануға
беруге жол берілмейді. (ҚР ЖК-нің 36-бабы).
Б.Жетпісбаевтың пікірінше, ӨҚШ жүргізуге берілетін жер учаскелерінің
санатына жеке мал өсіру үшін берілген жерлер және қызметтік жер учаскелері
де жатады, - дейді. Бірақ, біз, бүл пікірге Қазақстан Республикасының Жер
кодексі нормаларына байланысты қосыла алмаймыз, себебі, жер заңы мал
өсіруге арналған жер санаттарын қарастырылмайды және бұндай жер санаты ӨҚШ-
қа жатпайды. "Жеке мал өсіру" түсінігі қазіргі кезде аграрлық құқықта да
жоқ.
Қызметтік жер телімі - жер учаскесінің жеке санаты, азаматтар ауыл
шаруашылығына жатпайтын жерлерден беріледі, ал ӨҚШ жүргізу үшін жер ауыл
шаруашылық жерлерінен беріледі. Қызметтік жер телімінен жер учаскесін беру
тәртібі қызметтік жер телімін беру туралы шарттың негізінде жүзеге
асырылады (ҚР ЖК-нің 41-бабы).
ӨҚШ жүргізу үшін мемлекеттік меншіктегі жерлерден жер учаскелерін беру
мынадай тәртіп арқылы жүргізіледі:
* Жер учаскесіне тиісті қүқықты беру туралы өтінімді қорғау;
* Берілген өтінімді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шаруа (фермер) қожалығының кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру ерекшеліктері
Жер құқық қатынастары туралы
Ауылшаруашылықтық (аграрлық) құқық негіздері (Дәрістер жинағы)
Ауыл шаруашылығы өндірісінде жерді пайдалануды құқықтық реттеу
Нарт шаруа қожалығының жерін бағалау
Ауылды елді мекендер
Жер құқығының түсінігі, пәні, жүйесі және қағидалары
Ауыл шаруашылығындағы жер пайдалану жұмыс жобасы
МЕМЛЕКЕТ ПЕН ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫ ПӘНІ ЖӘНЕ ФУНКЦИЯСЫ МЕН ӘДІСІ. ҚҰҚЫҚ
Сатып алу-сату шартының түсінігі және маңыздылығы
Пәндер