Жаңажол мұнай-кен орнының радиациалық жағдайын бағалау



КІРІСПЕ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . ... ... . . 3
I. ӘДЕБИ ШОЛУ
1.1. Радиоэкология . шығу, жинақталу жолдары. . . . . . . . . . . . . . . . ... . . . 5
1.2. Радиоэкология. қазақ жерінде және техникада. . . . . . . . . . . . . . . ... . . . 9
1.3. Радиоактивті элементтермен ауыз судың ластануы және тірі
организмдеге әсері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . ... . . . . . . . . . ... . 13
1.4. Радиацияның адам денсаулығына әсері. . . . . . . ... . . . . . . . . . . . . . ... . . 15
II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Қазақстандағы мұнай кен орындарының шығу тарихы. . . . ... . . ... ... . . 17
2.2 Мұнай өнімдері және олардан пайда болған экологиялық проблемалар.19
2.3 Жаңа жол мұнай кен орнының шығу тарихы. . . . . . . . . . ... . . ... ... . . . . . 22
III. ЗЕРТТЕУ МӘЛІМЕТТЕРІ МЕН ӘДІСТЕРІ.
3.1 «Мұнайгаз кешендерінің нысандарына радиациалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын санитарлық.эпидемиологиялық талаптар» туралы ережелер. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . . . . . ... ... ... ... ... ... . . . . . . . .24
3.2 Жаңа жол мұнай кен орнының радиациалық жағдайын экологиялық бағалау. . ... ... ... . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . ... ... ... ... ... ... ... . . . . . . . . . . . . 37
3.2.1 Жаңа жол мұнай кен орнынан сынама алу . . ... ... . . . . . . . . . . . . . . . . . 38
3.2.2 Өлшеулерге аспаптарды дайындау. . . . . ... .. .. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 40
3.3.3 Мұнай құрамындағы радиациялық қалдықтарды анықтау. ... ... ... .. . . 42
3.3.4 Топырақ құрамындағы радиациялық қалдықтарды анықтау. ... ... ... . . 43
ҚОРЫТЫНДЫ . .. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 49
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . . . . .. . . . . . . . . . . . . . . . . 51
ҚОСЫМША МӘЛІМЕТТЕР
Қазақстан өнеркәсібі дамуының басты бағыты – кен байлықтарымызды игеру, оның ішінде айрықша басымдылық мұнай мен газға берілген. Пайдасы мен бірге мұнай және газ өндірудің қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсерлері де аз емес. Мұнай өндіру, тасымалдау және өңдеу көлемдерінің үздіксіз дамуынан Жаңажол кен орыны және тағы басқа мұнай газ кен орындарын игеретін Ақтөбе облысының экологиялық жағдайының нашарлауы белең алуда. Жерге төгілген мұнай қалдықтары мен алаулы оттықтар төңірегіндегі топырақты барынша ластауда, ол өз кезегінде өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне ғана емес, адамдардың денсаулығына да үлкен қауіп төндіруде.
Сонымен қатар, қазір күн тәртібінде Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру мәселесі тұр. «Ол үшін Қазақстанның энергия ресурстарын әлемдік рынокқа жеткізу, мұнай-газ кешендерін осы заманғы инженерлік және бағдарламалық қамтамасыз етумен қатар, халықаралық стандарттарға сай қоршаған ортаны қорғау қажет» - делінген Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2006 жылғы халыққа жолдауында. Кез-келген кен орындардың радиациялық жағдайы, олардан шығарылатын қалдық заттардың зияны, мұнай құрамындағы ластайтын заттар мен олардың көздерімен, оларды азайтуға арналған шаралармен танысып, экологиялық бағалауды үйрену қазіргі күннің өзекті мәселесі болып табылады.
Зерттеу нысаны. Жаңажол мұнай кен орнының өндірістік қызметі.
жұмыстың негізгі мақсаты. Жаңа жол мұнай кен орынының радиациялық жағдайы, олардан шығарылатын қалдық заттардың зияны, мұнай мен топырақ құрамындағы ластайтын заттар мен олардың көздерімен, оларды азайтуға арналған шаралармен танысып, қаншалықты тұрғылықты халыққа, жұмысшыларға зиян екенін анықтап, экологиялық жағынан бағалау.
1. Алматова Б.Г., Алдамжаров Н.Н. Первая горизонтальная скважина, пробуренная на месторождении Кенкияк-подсолевой // Научно-техническийсборник, «Проблемы комплексного освоения природных ресурсов Западного Казахстана и Южного Урала., 2003. С.114-117.
2.Алматова Б.Г., Алдамжаров Н.Н. Разработка месторождений с использованием скважин с большой протяженностью горизонтального ствола. // Научно-технический сборник Проблемы комплексного освоения природных ресурсов Западного Казахстана и Южного Урала., 2003г.-с.
3.Алматова Б.Г., Оразбекова Р.Ж. Экологические проблемы нефтедобывающих отраслей Мангистауской области // Материалы региональной научно-практической конференции «Реализация стратегии индустриально-инновационного развития Республики Казахстан: проблемы подготовки инженерно-технических кадров», Актобе, -2006.- С. 117-119.
4.Алаев Б.С, Маньковская Н.К., Шиман А.И. Производство синтетических жирных кислот. М.:Пищепромиздат, 1960.
5.Березин ИВ., Денисов Е.Т., Эмануэль Н.М. Окисление цикло-гексана. М.:Изд-во Моск. ун-та, 1962. 302 с.
6. Вещества из нефтяного сырья. М.: Химия, 1971. 488с. Зб.Эстль М.
7. Г'олодец Г.И. Гетерогенно-каталитические реакции с участием молекулярного кислорода. Киев: Наукова думка, 1977. 359 с.
8.Денисов Е.Т., Мицкевич Н.И., Агабеков В.Е. Механизм жидкофазного окисления кислородсодержащих соединений. Минск: Наука и техника, 1975. 336 с.
9.Зейналов Б.К. Кинетика и химизм окисления парафинистого дистиллята и использование продуктов окисления на практике. Баку.: Изд-во АН АзССР, 1959. 342 с.
10. Катализ в нефтепереработке. Части 1 и 2. Алматы, Казак университеті, 2001. 78с.
11.« Қазақстан мұнайына 100 жыл» Нұрпейісов К.Н
12.«Қандыағашмұнай» МГӨБ мәләметтері.
13. Магарил Р.З. Теоретические основы химических процессов переработки нефти. М.: Химия, 1976
14.Нұрпейісова М.Б., Алматова Б.Г. «Қоршаған ортаны қорғау мәселесі» // Материалы между. Научно-практической конференции, посвящают 25-летию КазГАСА, Алматы, 31 октября 2005г. С. 1192-195
15. Нұрпейісова М.Б., Сахатова Г.С., Алматова Б.Ғ. Табиғи ресурстарды тиімді пайдалану // Горный журнал Казахстана, № 4, 2006.- С. 120-124.
16.Нурпеисова М.Б., Алматова Б.Г. Методика проведения мониторинга недр в нефтеносных регионах // Труды международной научно-практической конференции, посвященной 100-летию со дня рождения А.Ж.Машанова, Алматы, 2006.- С.363-365.
17.Нурпеисова М.Б., Алматова Б.Г., Сахатова Г.С. Оценка экологического состояния Актюбинской области // Международная научная конференция ученых - и специалистов «Проблемы освоения недр в XXI-веке глазами молодых ученых», М: ИПКОН, 2005.- С.133-136.
18. Нұрпейісова М.Б., Алматова Б.Г. Қоршаған ортаны қорғау шараларын жетілдіру //А.Ж.Машановтың туғанының 100-жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми-тәжрибелік конфер. еңбектері, Алматы, 2006.- С.369-373.
19. Нұрпейісова М.Б., Алматова Б.Г. Табиғатты қорғау – тіршіліктің кепілі // Горный журнал Казахстана, №7, 2006. С.21-22.
20.Магарил Р.З. Теоретические основы химических процессов переработки нефти. М.: Химия, 1976
21.Новейшие достижения нефтехимии и нефтепереработки. Пер. с англ. Т. 1-10. М., 1961-1970.
22.Новые нефтехимические процессы и перспективы развития нефтехимии. М., 1970. 328с.
23.Основы технологии нефтехимического синтеза. Под ред. А.И.Динцес и Л. А. Потоловского. М.: Гостоптехиздат, 1960.
24.Петров Ал.А. Химия нафтенов. М.: Наука, 1971.15.Радченко Е.Д.,Поезд Д.Ф., Колеснико ИМ Промышленные катализаторы для нефтепереработки и нефтехимии. М.:
25. Рихе А. Основы технологии органических веществ. Пер. с нем. М.: Госхимиздат, 1959.
26. Синев М.Ю., Корчак В.Н., Крылов О.В. Механизм парциального окисления метана// Успехи химии.1989. Вып. 1. С.38.
27.Суербаев Х.А., Жубанов К.А., Шалмагамбетов К.М.
28.Уотерс У. Механизм окисления органических соединений. М.:Мир, 1967. 175 с.
29.Фонкен Г., Джонсон Р. Микробиологическое окисление. М.: Мир, 1976.239 с.
30.Цысковский В.К. Синтез жирных кислот и спиртов окислением жидких парафинов. М.:Госхимиздат, 1960. 144 с.
31.Штерн В.Я. Механизм окисления углеводородов в газовой фазе. М.:Изд-во АН СССР, 1960. 496 с.
32.Эмануэль Н.М., Заиков Г.Е., Майзус З.К. Роль среды в радикально-цепных реакциях окисления органических соединений. М.: Наука, 1973. 280 .
33.Эмануэль Н.М., Денисов Е.Т., Майзус З.К, Цепные реакции окисления углеводородов в жидкой фазе. М.: Наука, 1965. 329 с.
34.Эмануэль Н.М., Блюмберг Э.А. Окисление бутана. М.: Наука, 1970.
35.«Экология негіздері»Жексенова , Жунісова
36.«Экология» БейсеноваӘ,Шілдебаев Ж.
37.« Қазақстан мұнайына 100 жыл» Нұрпейісов К.Н
38.«Мұнай және газ өндіру» Ы. Ноғаев
39.«Қандыағашмұнай» МГӨБ мәліметтері.

Пән: Мұнай, Газ
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   
Жаңажол мұнай-кен орнының радиациалық жағдайын бағалау
ЖОСПАР
КІРІСПЕ . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . ... ... . . 3
I. ӘДЕБИ ШОЛУ
1.1. Радиоэкология – шығу, жинақталу жолдары. . . . . . . . . . . . .
. . . ... . . . 5
1.2. Радиоэкология- қазақ жерінде және техникада. . . . . . . . . . .
. . . . ... . . . 9
1.3. Радиоактивті элементтермен ауыз судың ластануы және тірі
организмдеге әсері . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . ... . . . . . . . . . ... . 13
1.4. Радиацияның адам денсаулығына әсері. . . . . . . ... . . . . . . . .
. . . . . ... . . 15
II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1 Қазақстандағы мұнай кен орындарының шығу тарихы. . . . ... . .
... ... . . 17
2.2 Мұнай өнімдері және олардан пайда болған экологиялық проблемалар.19
2.3 Жаңа жол мұнай кен орнының шығу тарихы. . . . . . . . . . ... . .
... ... . . . . . 22
III. ЗЕРТТЕУ МӘЛІМЕТТЕРІ МЕН ӘДІСТЕРІ.
3.1 Мұнайгаз кешендерінің нысандарына радиациалық қауіпсіздікті
қамтамасыз етуге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар туралы
ережелер. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . . . . . .
... ... ... ... ... ... . . . . . . . .24
3.2 Жаңа жол мұнай кен орнының радиациалық жағдайын экологиялық бағалау. .
... ... ... . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
... ... ... ... ... ... ... . . . . . . . . . . . . 37
3.2.1 Жаңа жол мұнай кен орнынан сынама алу . . ... ... . . . . . . . . .
. . . . . . . . 38
3.2.2 Өлшеулерге аспаптарды дайындау. . . . . ... .. .. . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . 40
3.3.3 Мұнай құрамындағы радиациялық қалдықтарды анықтау. ... ... ... .. . .
42
3.3.4 Топырақ құрамындағы радиациялық қалдықтарды анықтау. ... ... ... . .
43
ҚОРЫТЫНДЫ . .. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
. . . . . . . . . . . . . . . . . 49
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . . . . .. . . . . . . . . . . . . . .
. . 51
ҚОСЫМША МӘЛІМЕТТЕР

Кіріспе
Қазақстан өнеркәсібі дамуының басты бағыты – кен байлықтарымызды
игеру, оның ішінде айрықша басымдылық мұнай мен газға берілген. Пайдасы
мен бірге мұнай және газ өндірудің қоршаған ортаға тигізетін зиянды
әсерлері де аз емес. Мұнай өндіру, тасымалдау және өңдеу көлемдерінің
үздіксіз дамуынан Жаңажол кен орыны және тағы басқа мұнай газ кен орындарын
игеретін Ақтөбе облысының экологиялық жағдайының нашарлауы белең алуда.
Жерге төгілген мұнай қалдықтары мен алаулы оттықтар төңірегіндегі топырақты
барынша ластауда, ол өз кезегінде өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне ғана
емес, адамдардың денсаулығына да үлкен қауіп төндіруде.
Сонымен қатар, қазір күн тәртібінде Қазақстанның әлемдегі бәсекеге
қабілетті 50 елдің қатарына кіру мәселесі тұр. Ол үшін Қазақстанның
энергия ресурстарын әлемдік рынокқа жеткізу, мұнай-газ кешендерін осы
заманғы инженерлік және бағдарламалық қамтамасыз етумен қатар, халықаралық
стандарттарға сай қоршаған ортаны қорғау қажет - делінген Қазақстан
Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2006 жылғы халыққа жолдауында.
Кез-келген кен орындардың радиациялық жағдайы, олардан шығарылатын қалдық
заттардың зияны, мұнай құрамындағы ластайтын заттар мен олардың көздерімен,
оларды азайтуға арналған шаралармен танысып, экологиялық бағалауды үйрену
қазіргі күннің өзекті мәселесі болып табылады.
Зерттеу нысаны. Жаңажол мұнай кен орнының өндірістік қызметі.
жұмыстың негізгі мақсаты. Жаңа жол мұнай кен орынының радиациялық
жағдайы, олардан шығарылатын қалдық заттардың зияны, мұнай мен топырақ
құрамындағы ластайтын заттар мен олардың көздерімен, оларды азайтуға
арналған шаралармен танысып, қаншалықты тұрғылықты халыққа, жұмысшыларға
зиян екенін анықтап, экологиялық жағынан бағалау.
жұмыстың міндеті. Жаңа жол мұнай кен орнындағы радиоциялық
жағдайды экологиялық тұрғыдан бақылап, алдағы уақытта зерттеу жұмыстарын
жүргізу.
жұмыстың өзектілігі. Мұнай-газ өндірудің зиянды әсерлерін төмендетуді
Жаңажол кәсіпшілігіндегі әртүрлі технологиялық үрдістерден қоршаған ортаның
ластану заңдылықтарын анықтау және алынған мәліметтерді тәжірибеде қолдану
арқылы жүзеге асыру.
жұмыстың құрылымы мен көлемі. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен,
қорытындыдан және нәтижелер мен пайдаланылған 39 әдебиеттер тізімінен,
қосымшалардан тұратын, компьютерде терілген 53 бетте баяндалған.

I. ӘДЕБИ ШОЛУ

1.1. Радиоэкология – шығу, жинақталу жолдары.
Радиоэкология- Radius- сәуле деген латынның бір сөзі, oikos- үй,
айналаны қоршаған сыртқы орта және logos- ілім деген гректің екі сөзінен
алынған биология ғылымдарының ғылыми терминдерінің бірі. Ол табиғаттағы
радиоактивті элементтердің олардың радионуклейттерінің таралуын,
концетрациясын, иондалатын сәулеленудің организмге, экологиялық жүйеге
(биоценозға), популяцияға және бүтін табиғатқа тигізетін әсерін зерттейтін
биология ғылымдарының көрнекті салаларының ең бастысы[34].
Оның негізін 1930 жылы "радиоактивті заттардың биохимиясы" деген
әлемге әлемге әйгілі еңбегінде академик В.И Вернадский құрды.
Басқа ғылымдар сияқты радиоэкологияның пайда болу жолдары, даму
кезеңдері, басқаша айтқанда өзінің тарихы бар. Олар үш кезеңнен тұрады.
Бірінші кезең- иондалатын сәулеленудің бмологиялық обьектілеріне тигізетін
әсерін зерттеу 1895 жылдан бастап, 1930 жылдарға дейін созылады.Бұл кезде
рентген сәулесі ашылған болатын, (В.К.Рентген.1895).1896 жылы орыс
физиологы И.Р.Тарханов рентген сәулесінің "Тіршілік әрекетіне әсері" деген
ғылыми еңбегін жариялады. А.Беккель 1896 жылы уран тұздарының өткір сәуле
таратылатындығын байқады. Ерлі- зайыпты М.Складовская- Кюри мен П.Кюри
полоний радидің радиоактивті сәуле тарататындығын анықтады. Олар
радиоактивтілік деген терминді ғылымға енгізді. 1913 жылы К.Фаяно(Германия)
мен Ф.Содди(Англия) бір-біріне тәуелсіз ығысу ережесін тұжырымдады. 1911
жылы Е.С.Лондон “Радий в биологий и медецимна” деген ірі ғылыми еңбегін
жариялады. Ол бұл еңбегінде иондалатын сәуленудің организмдерге тигізетін
әсерін анықтаған болатын [35].
Ұлы ғалым –физик Альберт Энштейн –“Радиоактивтілік құбылыс тарихи
дәуірге дейінгі адамзат баласының отты ойлап тапқаннан кейінгі ең үлкен
революциялық күші”-деп жазды. Ия, радиоактивтіліктің ашылуы көптеген
көкейкесті мәселелерді шешуге мүмкіндік туғызды.
1930 жылы радиоэкологиялық зерттеулер кең жүргізіліп, неше түрлі
маңызды жаңалықтар ашылды. Иондалатын сәулеленудің организмге мутациялық
өзгерістер жасайтынын радиогенетиктер жан-жақты зерттеп, радиоэкология
табиғи генетикалық фактор ретінде анықталды.
Екінші кезең – 1930 жылдардан бастап 1950 жылдарға дейінгі мерзімді
қамтиды.Бұл уақытта радиоэкологиялық зерттеулер жүзгізілді. Иондалатын
сәулеленудің нәтижесінже радиобиология қалыптаса түсті. Табиғаттың
радиоактивті заттармен ластануына байланысты иондалатын сәулеленудің
биологиялық әсерін зерттеуге көп көңіл бөлінді. Радиобиология және
радиоэкология ғылымдарының жеке дербес ғылым саласы деп аталуына байланысты
көптеген иондалатын сәулеленудің биологиялық әсерін зерттеуге көп көңіл
бөлінді. Радиобиология және радиоэкология ғылымдарының жеке дербес ғылым
саласы деп аталуына байланысты көптеген ғылыми зерттеулер жүргізілді. Осы
кезде атом өндірісі дамуының, атом және сутек бомболарын жасаудың алғашқы
кезеңдері басталды. Олар лабараториялық сынаулардан өткізілді.
Эксперименттік сынау барысында стронций, цезий, плутоний және олардың
радионуклейттерінің ауаға, суға тарап, табиғатты ластайтындығы анықталды.
Сонымен бірге көптеген өсімдік, жануарлардың органдары мен тканьдеріне
радионуклейттер жиналып, организмнің ішкі органдары сәуле дертіне
шалдығатындығы анықталды.Бұл құбылыстың негізгі заңдылығын ашу халық
шаруашылығына үлкен пайда келтіретіндігі анықталды.Радиоэкологиялық
зерттеулерінің нәтижесінде атом қаруын сынауды шектеу,соғыс жағдайында оны
пайдаланбау, өндірісте ядролық реакторларды суытуда жабық цикл қолдану,
реактивті қалдықтарды айналадағы қоршаған ортаға таратуды залалсыздандыру
шараларына мүмкіншілік туды. Осы кезеңде радиоэкологияның негізгі
әрекеттеріне жан-жақты сипаттама берілді. Сәуле шығару дозасына зерттеулер
жүзгізілді. Радиоэкологияның тиімділігін түсіндіретік тәжірибелер жасалып,
нағыз ғылыми деректер алынды.
Үшінші кезең – 1950 жылдан бастап, күні бүгінге дейін созылып келеді.
Бұл уақытта радиоактивтілік сәулеленудің биологиялық обьектілеріне
тигізетін әсері жайында толық ғылыми информациялар жинақталады. Иондалатын
сәулелену шығару әсерінің заңдылықтарын механизмдерін зерттеу дами
тусті.Олардың физикалық-химиялық қасиеттерінің ерекшеліктері
биообьектілерге қалай әрекет ететінінің теориялық және эксперименталдық
зерттеулері кең өріс алды. Сонымен бірге радиоэкология саласын қалыптастыру
жөнінде міндеттер қойылды. Радиоэкологияны зерттеулердің жаңа тәсілдері
жасалып, атом ядросының энергиясын (иондалатын сәулелену) тірі
организмдерге немесе биогендік шикізатқа байланысты адамзат баласы өмірінің
түрлі сфераларында қолданудың жаңа жолдары ашылды.
Радиоэкологияның пайда болуының өзі радиоактивтік сәулеленудің
табиғатқа мөлшерден тыс көбейуіне байланысты екенін ұмытпауымыз керек.
Табиғатта радиоактивті елементтердің екі түрі кездеседі:табиғи
радиоактивті элементтер және жасанды изотоптар. Табиғи радиоактивті
элементтерге ең бастысы – уран, торий, плутоний, т.б. жасанды радиоактивті
изотоптарға – күрделі физикалық қондырғыда (ядролық реакторлар
тездеткіштер) ядролық реакциялар нәтижесінде алынады. Қазіргі кезде ғылым -
биологтар жасанды радиоактивті изотоптардың 2000-ға жуық түрін біледі.
Табиғи радиоактивті элемент- көміртек, оның ыдырау мерзімі 14мың жыл
бойына созылады. Осы уақыт ішінде ол альфа сәулесін таратып отырады. Егер
тірі организмге бір жағдайлар мен радиоактивті көміртектің сәл ғана мөлшері
сіңетін болса, ол организмді 14 мың жылға талқандайды. Тіпті адам баласы
немесе тірі организм тітшілік қабілетін жойғаннан кейін де өзінің ыдырау
процесін тоқтатпайды [36].
Радиоактивті ыдыраудың ең басты түрлері: альфа-ыдырау, бета ыдырау,
электрондық қармау және ядроның өздігінен бөлінуі.
Альфа ыдырау өздігінен болатын радиоактивті ыдырау. Ол кейде атом
ядросының альфа бөлшектері бөлініп шығарады. Альфа ыдырау процесінің
нәтижесінде бастапқы ядродан электр заряды (Z) 2-ге, ал массалық саны (А) 4-
ке кеміген жаңа ядро, яғни жаңа химиялық элемент пайда болады.
Бета ыдырау - радиоактивтік ыдырау кезінде атом ядросынан электронның
не позитронның бөлініп щығуы. Бұл процестің нәтижесінде бастапқы ядродан
заряды 1-ге тең санға өзгерген жаңа ядро п.б. Альфа және бета ыдыраудың
нәтижесінде иондалатын сәуле п.б.
Альфа, бета және гамма сәулелеріне табиғатта қарсы тұратын күш жоқ.
Олар тереңдігі 27см судан, қалыңдығы 17,4 см темірбетоннан, қалыңдығы 76см
қорғасыннан өтіп кетеді.Олардың не иісі не дәмі болмайды,адамның көзіне де
көрінбейді.
1970-1980 жылдары жануарлар организмін радиация әсерінен қорғайтын
заттар ашылды. Сәуле ауруынан емдеудің тиімді әдістері туралы теориалық
зерттеулер жүргізіліп, ғылымға және практикаға қажетті ғылыми аса бағалы
қорытындылар алынды. Адамның космос кеңістігіне шығуына және оны игеруіне
сәйкес радиацияның космос жағадайында адамның жоғары нерв жүйесі әрекетіне
т.б. тигізетін әсерін зерттеуге көп көңіл бөлінуіене радиоэкологияның жедел
дамып, келе жатқан жаңа саласы космос экологиясы пайда болды.
Радиоэкологияны зерттеуде микроорганизмдерді пайдалану қолайлы
болғандықтан, радиоэколгияның тағы бір саласы микробиологиялық
радиоэкологияның дамуына жол ашылды [36].

1.2. Радиоэкология - қазақ жерінде және техникада.
Қазақ елінің табиғатқа деген көркемдік сезімін, ілтифатын, қадірмен-
қасиетін көрсететін деректердерді тарихтан ғана емес, бүгінгі өмірден,
тұрмыстың сан - сала, сан тарауларынан кездестіруге болады. Қай қазақтың
босағасына бас сұқсаңызда оюлы сырмақ, текемет, тұскиіз немесе айшықты-ер
тоқым, ыдыс-аяқ, үй жиһаздары, немесе өрнекті киім-кишектің бір жұрнағын
кездестіреміз. Ол көзі қимай сақтаған ескінің жұрнағы емес, халық санасына
терең ұялаған, туған табиғатқа тән көркемдік сезімнің бүгінгі қажетсінуінен
туған, болашақ ұрпаққа да сол мән - мағынасында апаратын даңғыл жол,
дәстүрлі дүние.
Халқының сирек, жерінің байтақ табиғатының байда көрікті болуы
Қазақстан жерінде малдың да, аңдар мен құстардың да мейлінше көбейе беруіне
өте қолайлы табиғи жағдай туғызған. Қазіргі кезде қазақ елінің табиғат
байлықтары да орасан зор шегініске түскен. Дүние жүзіне әйгілі болып
отырған Арал теңізінің экологиялық апаты. Ол өз жағалауынан
70-80км қашықтап кетті. Бүгінгі күні жалаңаштанған теңіз түбі 23 км²
жерді алып жатыр. Тұзды құм 2 млн га құнарлы топырақты жұтып
қойды.Жергілікті халық қатты күйзеліске ұшырап кетті [34].
Ғалым-жазушы, Қазақстан Республикасының Ұлттық академиясының мүше
корреспонденті Р.Нұрғалиұлы оқушы жастар мен өткізген бір әңгімесінде:
Семей облысы Абралы ауданының халқын өз мекенінен уақытша көшіріп жіберген
болатын, себебі ол жерде атом бомбасын сынау қажеттілігі туған болатын.
Қоныс аударған жерлері атом бомбасын жару орнынан небары 50-60 км жер
болатын.
Термоядролық сынаулар өткізілген территорияларда неше түрлі қауіпті
аурулар халық арасына көптеп таралуда. Соңғы жылдар ішінде Семей облысында
әр 100 мың адамға шаққанда жүйке ауруына шалдыққандар саны 960 -1624-ке,
ақыл-ой кем адамдар саны 3105 - 4612-ге, невроз, жүйке ауруына
шалдыққандар саны 3692 - ге көбейген. Қазақстан жерінің қай облысын
алсаңызда апатқа ұшыраған аймақты таба алмайсын. Маңғыстау түбегіндегі
полигон соңғы жылдары ғана белгілі болды. Жалпы 1946жылдан 1989 жылға дейін
Қазақстанның территориясында 642 ядролық атом, сутек бомбаларын сынаудан
өткізілген ( қосымша-1 ) [34].
Семей әскери - полигонында терморядролық сынаудың ашық аспанда
жүргізілгені туралы ғылыми деректер келтіріледі. Академик А.Д .Сахаров
-179, Б. И. Гусев-115, А. Н.Петрушенко- 2 термоядролық сынақ өткізілген
деседі. Алшын мәнінде бұл көрсетілген мөлшерден әлде қайда көп екені
байқалады.
Радиоактивтің ашылуы ғылым мен техниканың дамуында зор роль
атқарды. Сонымен бірге радиоактивтіліктің ашылуы ядролық энергияны
өнеркәсіпте пайдалану перспективасына жол ашылды.
Радиоактивті элементтер - изотоптарының бәрі радиоактивті
химиялық элементтер. Радиоактивті элементтерге - технеций (43), прометий
(61), полоний (84 ) және Менделеевтің периодты системасындағы бұлардан
кейін орналасқан барлық химиялық элементтер жатады. Радиоактивті
элементтердің ядросы а, б және g- сәулелер болып, өздігінен ыдырап, басқа
бір элементке өзгеріп отырады. Радиоактивті ядроның ыдырауы тұрақтылық
дәрежесімен сипатталады. Тұтақтылық дәрежесінің сан көрсеткіші- жартылай
ыдырау мерзімі. (Т ) Кейбір радиоактивті ядро өте тұрақсыз, секундтың 3*10
бөлігінде жартысы ыдырайды. Мысалы; уран 238 (жартылай ыдырау мерзімі 7
мын жыл) [34].
Радиоактивті элементтердің жартылай ыдырау мерзімі, шығаратын
сәулелерінің түрлері және энергиясы жөнінен айырмашылығы болады. Гамма
сәулелерін тарататын изотоптар металдармен қорытпалардың қауын табуға,
кейбір барлау ісінде, адамның қатерлі ісік ауруларын емдеуге пайдаланылады
. g-сәулелер шығаратын изотоптар атом бактерияларында электр энергиясын алу
үшін пайдаланылады. Адамзат баласы, жан-жануар, өсімдік әлемі өздерінің;
миллиард жыл ішіндегі эволюциялық өсу мен даму кезеңдерінде неше түрлі
радиациялық фондардан өткен.
Атом және термоядролық жарылудың жойқын күшінен болатын апаттарды
сутек бомбасын жасаған ғалымдардың бірі А.Д. Сахаров өзінің естелігінде
былай деп суреттейді. Қазақстан Республикасының радиоэкологиялық жағдайын
қиындатып тұрғандарының бірі - уран өндіретін орындар. Кеңес одағында
өндірілген уранның 40% астамы қазақ жерінен қазылып алынған. Күні бүгінге
дейін қалдықтары тау болып үйіліп жатыр. Оған ешқандай кедергі болатын күш
жоқ. Бұл қалдық тардың радиоактивті мөлшері- 200 мың кюриге тең.
Радиоактивті элементтердің қоқыс - қалдықтарын Қазақстанның
барлық жерлерінен кездестіруге болады. Талдықорған облысы, Панфилов
ауданының территориясында 28 мың тоннадай, Қаратау -Жезқазған жерінде 325-
мың т, Алтай өндірістік кеншінің (Шығыс Қазақстан обл) 280 мың тоннадай
радиоактивті қалдықтар бар қоқыстар тау болып бүгінгі күнге дейін үйіліп
жатыр.
Бұл ғылыми деректерге Семейдегі, Ертіс және Жоңғар Алатауының
өңіріндегі Өскемендегі Үмбі комбинатының т.б өндіріс орындары қосылмай
отыр. Жезқазған облысының Ақшатау аулында радиоактивті қалдықтары бар
материалдардан 276 үй салған. Ал, 600- ден аса үйге радиациялық мөлшерді
түйендетін арнайы құбылыс жұмысын қайтадан жүргізуді қажет еткен.
Қазақстан Республикасында жасанды радиоактивті элементтерді пайдаланып
жұмыс істейтін 1523 ғылыми - зерттеу инстетутымен басқада мекемелер бар.
Оларда арнаулы түрде есепке алынған 100 мың радиоактивті заттар бар, ал 18
мыңға жуығы амплитудадағы қалдық. Олардың радиоактивтілігі 26мың кюриге
тең. Осы айтылғандардың 11709-ы (3964 кюри) Алматыда, 1755-і (613 кюри)
Шымкентте , 809-ы (18303 кюри) Павладарда жатыр [35]
Арнаулы түрде жүргізілген зерттеулерге қарағанда Алматы қаласының
маңайындағы алаңдардың 21 жерінен, Өскеменнің – 12, Семейдің - 8,
Көкшетаудың -15, жерінен шашылып төгілген радиоактивті элементтердің суық
және қатты түріндегі қалдықтары табылған. Жалпы Қазақстан Республикасының
18 қалаларының маңайындағы 67 жерінен радиоактивті қалдықтары табылған
[36].
Айта кететін бір жайт Қазақстанда осы күнге дейін радиоактивті
қалдықтардан сақтайтын бірде –бір арнаулы орын жоқ. Оны салу туралы қазақ
ССР Министрлер Кеңесінің 1979 жылы 7- наурызда, 1989 жылы 22- шілдеде
қаулылары тек қағаз жүзінде қалып қойды. 1954 жылы Москвадағы Обнинск
қаласында дүние жүзінде тұңғыш рет АЭС салынып, іске қосылды. Қазіргі кезде
осындай станциялардың саны 200 - ден асады, олардың жалпы қуаты дүние
жүзіндегі энергетика қуатының 6% асады. Ал 2000 жылдары олардың саны мен
қуаты 55% дейін өседі.
Біздің Қазақстан Республикасы нағыз радиоактивті элементтердің
қалдықтарының коймасы деп айтуға болады. Оған дәлел ретінде тәуелсіз
газеттердің бірінде қазақ жеріне басқа мемлекеттерде пайдаланылған
радиоактивті элементтердің қалдықтарын көміп тастайды деп жариалайды.
Мемлекет арасында құпия түрде шарт жасасады екен. Сол шартта қай мемлекет
қанша радиоактивті элементтердің қалдықтарын көмуге мүмкіншіліктері бар,
сол үшін миллиондаған доллар алады, пайда табады. Осындай жағдай біздің
Қазақстан Республикасында да болуы мүмкін. Россия Федерациясы Венгриядан,
Германиядан жылына 18 069 089,41 фунты радиоактивті қалдықтарды және
материалдады алып келіп өңдеуден өткізіп, оған жылына 100 миллион доллар
алатыны байқалды.Егер осындай мөлшерде радиоактивті материалдарды өңдеп
отырмаса, миллиондаған адамдар жұмыссыз қалар еді. Бейбітшілік атомы шөлейт
өлкелерге жаңа өмір тіршілік әкелетінін өмірдің өзі көрсетіп келеді. Мысалы
тұзды суларды тұссыздандыру тек атом электр станциясының қуатымен іске
астыны белгілі болып отыр.
Маңғышлақ түбегіндегі Ақтау қаласында 1973 жылы салынған АЭС
бар. Бәрімізге белгілі бұл облыстың табиғи байлығы ұзақ жылдар бойы
игерілмей жатты. Оған себеп тұщы судың тапшылығы болатын. Бұл аймақтарда
тұзды су жердің үстінде де, жердің астында да жеткілікті болатын. Бірақ
тұщы суды қайдан алу керек деген сұрауға халық жауап таба алмай отыр.
Ғалымдар мен мамандар бірнеше жоспарлар жасап, онда еңбекті көп тілейтін
және өте қымбат түсетін проектілердті ұсынды.Оладдың ішінде Жайық өзенінен
құбыр тартып тұщы су әкелу көзделген болатын [35].

1.3. Радиоактивті элементтермен ауыз судың ластануы және тірі
организмдерге әсері.
Радиацияның тірі организмдерге тигізетін әсері иондалатын
сәулеленудің – молекулалық, организмдік, популяциялық деңгейде әсер
ететінін биология ғылымдары толығымен дәлелдеп шықты.
Иондалатын сәулеленудің әсері екі түрде болады.
Біріншісі- төте түрде әсер етді.
Екіншісі- жанама түрде әсер етеді.
Иондалатын сәулелену төте турде әсер еткенде тірі организмдердің
молекулалары радиациялық және химиялық өзгерістерге қатты ұшырайды.
Организмдегі молекулалар күшті қозғалыс жасап, олардың химиялық және
физикалық қасиеттері өзгеріп кетеді. Ал жанама түрде әрекет еткен кезде –
клеткадағы органойттардың ұсақ субмикраскопиялық құрамдарының сандары
мөлшерден тыс көбейіп кетеді де физикалық және биохимиялық процестердің
қалыпты өтуіне кедергі жасайды. Клеткалар мен мембраналардың бұзылуына әкеп
соқтырады. Өйткені клеткалардағы су реакциялардың әсерінен радиолизге
ұшырайды.
y----------( H2 O( H2O + e-
e--------( H2O( H2O
Судың иондары бірнеше секунттың ішінде 10-15 , 10-10 химиялық активті
бос радиакалдарды және өте улы пероксиндерді түзеді.
H2 O ( H+ + OH-
H2 O ( H + OH
OH ( H2 O2
Әсіресе ДНҚ, РНҚ қышқылдарының химиялық құрылысы өзгеріп, атқаратын
қызметінен мүлдем айырылып қалады [34].
Ауыз судың радиоактивті элементтермен ластануы – адамзат
баласының алдында тұрған үлкен мәселенің бірі болып табылады. Кейінгі
жылдары ауыз сулардың радиоактивті элеметтерінің қалдықтарымен (стронций,
цезий, полоний, уран, т.б қосылыстармен) ластануы жыл өткен сайын көбейе
түсуде. Сондай-ақ суда неше түрлі нитраттар, фосфариттер, гербициттер,
дефолианттар, десиканттар және басқа да қоспалардың көбейгені соншалық,
кейбір өзен мен көл суларын ауыз су ретінде пайдалануға болмайтыны
анықталып отыр. Олардың зияны жаңадан келген сәбилердің 20-30% кемтар
болып туатыны анықталды [36].
Радиоактивті элементтер өзен сулары мен көл, теңіз, мұхит
суларын мөлшерден тыс ластайтыны кейінгі кезде толығымен анықталды. Тұщы
сулардың ластануы - қоғам алында тұрған өзекті мәселе. Кейінігі жылдары
ауыз судың ластануы адамзат баласының басына айтарлықтай қатер төндіруде.
Соның шінде дүние жүзілік мұхиттардың ластануы бұдан да қатерлі болып
табылады.
Ран 17- майда Мароккан порты Сафиден шығып, 40 күндей мұхит үстінен
4350 км жүзіп өткенде көргендері үнемі ластанған мұхит болды. Жыл сайын
көптеген мұнай таситын кемелер аварияға ұшырап жатады. Мәселен, Тори-
Каньон танкері аварияға ұшырағанда 119 тонна мұнай ағып кеткен. Жыл сайын
әр елдердің мұнай таситын танкерлері суға кетуде. Мұнайдың әр тоннасы
мұхиттың тірі организмдерін жоюда.
Планета халқының үштен бірі қазірдің өзіндеде ауыз су тапшылығына
ұшырап отыр. Су таза товарға айналып отыр. Германия суды Швецариядан сатып
алып отыр. Гонконг ауыз суды Қытайдан түтік құбыры алқылы алады. Мысалы АҚШ
та жер бетіндегі судың ластануы 1900 жылмен салыстырғанда 1960 жылы 6 есеге
өскен, Америка қалаларының канализация жүйелеріне жыл сайын түсетін
қалдықтардың көлемі 245 млд л жеткен. Осының бәрі АҚШ та 25 өзен, соның
ішінде Мисисипи мен Минисота сияқты ірі өзендер күшті ластанған.
Суды тазалаудың негізгі жолдары үш категорияға бөлінеді. Олар;
физикалық, химиялық және биологиялық [36].
Физикалық тазарту - алуан түрлі қалдықтардың мөлшерін түрлі торларды,
електерді май ұстағыштар және т.б пайдаланады. Физикалық тазартулар арқылы
тұрмыртық қалдық суларды тазартуға болады. Мұнда ауыр бөлшектер төмен
шегеді. Ал жеңіл заттар су бетіне қалқып шығады.
Химиялық тазарту - су ластағыштармен реакцияға түсіп, ерімеген
коллойдтық және ішінара еріген заттардың ыдырауына көмектесетікн
реагенттерді қалдық суларға қосуға негізделген.
Биологиялық тазарту - бұл су тазалау әдісе көптеген пайда әкеледі. Ол
үшін неше түрлі микроорганизмдерді пайдаланады. Олар судағы зиянды жұқпалы
аурулар тарататын бактерияларды жойып жіберіп отырады. Биологиялық тазалау
тәсілдері аэробты биохимиялық процестердің көмегкмен қалдық сулардың
органикалық ластағыштарын минералдаудан тұрады. Олар табиғи немесе жасанды
түрде жүзеге асырылады. Бұл әдіс микроорганизмдердің қалдық сулардағы
органикалық заттарды қорек үшін пайдалану қабілетіне негізделген.Оттектің
қатысуымен болатын тотығу нәтижесінде органикалық заттар минералынады [34].

1.4. Радиацияның адам денсаулығына әсері.
Жыл сайын адамдардың радиоактивті сәулеленуден зақымдануы көбейе
түсуде. Өйткені жыл сайын АЭС –лары салынып, олар іске қосылып жатыр.
Сондай - ақ неше түрлі тездеткіштер сыналып, атом бомбалары жарылып жатады.
Қалған бөлігі космос сәулесінен келкді. Жылына адам 200 мР радиация
қабылдайды. Жер шарының әрбір аймақтарында тұратын халықтар әр мөлшерде
радиация алады. Жылына жалпы алғанда 50 - ден 1000 мР радиация қабылдайды (
қосымша-2) [36].
Халықарлық деңгей бойынша радиациялық доза 0,5 бэрден аспауы керек.
70 жыл өмір сүрген адам радиациалық қайнар көздерінен 14-15 бэр алуы
мүмкін.
Жер шарында тіршілік ететін әрбір адам өзінің өмір сүру кезеңдерінде
жылына 250-400 м бэр радиация алатыны сөзсіз.
АЭС- да қызмет жасайтындар жылына орта есеппен 0,75 – 1 бэр
шамасында, қалған тұрғындвр 0,1 бэр – ден ионды сәулелер алмауы керек.
Сонда ғана АЭС- те істейтіндер өмір бойы 19-25 бэр, басқа тұрғындар 10 бэр
ионды сәуле жинайды.
Жергілікті ионды сәулелер, құрылыста қолданылатын бетондар, басқа да
радионуклидтер есебінен Қазақстан тұрғындары денесіне өмір бойына 25-28 бэр
сәуле жинайды. Семей, Капустин – Яр, Ақтөбе полигондары маңайындағы
тұрғындар, әрине көп жинайды ( қосымша-3) [32].

II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Қазақстандағы мұнай кен орындарының шығу тарихы.
Атырау өңіріндегі Жайық пен Жем аралығында көлкіген мұнай кені бар
екені бұрыннан белгілі болған. Тіпті сол кездің өзінде –ақ жергілікті
көшпенді қазақтар жер бетіне шығып жатқан мұнайды сүзіп алып, түйенің
немесе адамның теңге қотырын емдеуге пайдаланған. XVIII ғ мен XIX ғасырдың
алғашқы жартысында Жайық пен Жем өңірінде жер қойнауын зерттеушілердің
пайда болғаны белгілі.
1899 жылдың қараша айында Атырау обл. Жылыой ауданына қарасты
Қарашүңгіл алаңындағы № 7 скважинадан мұнай фонтаны атқылап, тәулігіне 20
тоннадай өнім берді. Бұл бүгіндері дүние жүзіне мәлім болған Қазақстан
мұнайының алғашқы тамшылары еді.
Қарашүңгіл және Доссор мұнай фонтанынан кейін Қазақстан мұнай өндірісі
тарихы басталды. Ол 1915 жылы ашылды. Бірақ екі кеніш тағылық жағдайында
пайдаланылды. Кен орындарының геологиялық құрылымы , оны нендей тәсілмен
өндірудің тиімділігі жайлы мәлімет жоқ. Тек фонтан ағызуға сеніп
бұрғыланды.
1911 жылы Доссорда 16,7 мың тонна мұнай өндірілсе, бар болғаны 3
жылдың ішінде ол 272,746 мың тоннаға жетті, яғни 17 есе. Төңкеріс алдындағы
мұнайшылар өмірі қиын болды. Міне, осындай жағдайда қазан көтерілісінен
кейін Республикалық мұнай өнеркәсібі қарыштап дами бастады.
Мұнай өндіру үшін тек жұмысшылар ғана емес, білімді мамандар ғана
қажет болды. Сондықтан 1930 жылы Гурьевте мұнай техникумы ашылды.
Осыған орай гравиметрия, электрокартаж, сияқты географиялық әдістер
Атырау обл тұңғыш рет игеріліп, тым жақсы нәтижелерге қол жетті. Енді
мұнайлы Ембінің Доссор, Мақат сияқты көне кен орындарының қатарын жаңа
кеніштер толықтыра бастайды. 1959-1969 жылдар арасында Тетістік Каспий
ойпаттарында оншақты мұнай-газ кен орындары ашылды.
Жаңа кеніштерінің қатарға қосылуы мунаң өнімін еселей арттырды. 1936
жылы Каспий –Орск мұнай құбыры іске қосылды. Соғыс басталарда Ембі
еліміздің қоймасына жылына 700-750 мың тонна сапалы мұнай беретін.
Қарап отырсақ, бұл күнде қара алтынның қайнар бұлағы атанған
мұнайлы Ембі өзінің бастауын Доссор мен Мақаттан алғанмен , өмір алға
аттаған сайын арнасы кеңейіп өсе берген ( қосымша-4) [11].
1992 жылы КСРО-ның ыдырауына байланысты ҒӨБ - гі Қазмұнайбитум
одақтан Республиканың энергетика және отын ресурстары министрлігінің
құрамына, ал 1994 жылы жаңадан ұйымдастырылған мұнай және газ өндірісінің
министрлігіне кірді.
1994 жылы ҚР - ның Инженерлік академиясының жанында ғылыми- инженерлік
Мұнай орталығы құрылды. Оны құрушылар академиямен қатар ҒӨО Мұнай АҚ,
ғылым және технология министрлігінің ғылыми зерттеудін технологиялық
орталығы болды.
Кең – байтақ Қазақстан мұнай – газ кен орындарын барлау Басыс
Қазақстан (Атырау, Ақтөбе, Ақтау,Орал) өлкелерінде ғана емес. Шығыс
Қазақстан Торғай ойпатында жүргізілді. Соның арқасында Оңтүстік Торғайдағы
Құмкөл кен орны 1990 жылы пайдаланылуға берілді. Қазақстанда мұнай – газ
өнеркәсібінің бастауы бар, бірақ тоқтауы жоқ, өйткені туған жеріміздің тұла
бойы тұнған байлық [11].

2.2. Мұнай өнімдері және олардан пайда болған экологиялық
проблемалар.
Мұнай – каустобтолитттер қатарына жататын табиғи шикі зат. Мұнай –
ашық сары, жасыл және қоңыр – қошқыл, кейде қара түсті болып келетін, өзіне
тән иісі бар, ультракүлгін сәуле жарығын шығаратын сұйықтық.
Кей жағдайларда түсі ақшыл мұнай да кездеседі, мысалы, Әзербайджан
мемлекетіндегі Сурахана кен орнынан ақ түсті мұнай өндріліп келеді.
Генетикалық тұрғыдан алғанда мұнай шөгінді тау жыныстары орталағында пайда
болған, басқаша айтқанда мұнай тектерінің өзгерістерге ұшырауынан пайда
болған органикалық заттардың қалдығынан өз алдына көшу арқылы шоғырланып
жиылған табиғи концентрат болып табылады.
Химиялық жағынан мұнай суық көмірсутектерінң метандық, нафтендік,
ароматтық қатарларының күкіртті, азотты және оттекеті қосылыстарының
қоспаларынан тұрады. Мұнай құрамындағы шекті көмірсутектері метаннан,
этаннан, пропаннан, бутаннан бастар гексанға дейінгі көмірсутектерден
тұрады. Ароматтық көмірсутектері: бензол мен дефилиннің туындылары. Бұларға
нафталин сияқты қоюланған жүйелерде ұшырайды. Нафтендер шекті және
ароматтық көмірсутектер аралығынан орын алады. Мұнайда 82,5 – 87 %- ке
дейін көміртек, 11,5 – 14,5 %- ке дейін сутек кездеседі [6].
Мұнайдың физикалық қасиеттеріне оның тығыздығы жатады. Салмағына қарай
ауыр және жеңіл мұнай деп екіге бөлінеді. Жеңіл мұнай қатарына тығыздығы
0,9 гсм³ - жоғары мұнайлар жатады. Мұнайдың тығыздығы жоғарылаған сайын
қайнау температурасы арта бастайды. Мұнай құрамында 0,001 – 1,8 % азот,
0,7% оттегі, 10%- тен көбірек парафин, 35 %- ке дейін асфальт – шайырлы
зттар болады.
Мұнайды өңдеу нәтижесінде 600 астам әртүрлі мұнай өнімдерін
алады.Мұнай өңдеу өнімдерін, бір - бірінен құрамы, қасиеттері және
пайдалану шеңберінен өзгешелік көрсететін, мынадай негізгі топтарға бөлуге
болады. I сұйық отындар, II мұнай майлары, III пластикалық майлағыштар , IY
парофиндер және перизиндер,Y битумдар, YI техникалық көміртегі, YII мұнай
коксы, YIII отындарға және майларға присадкалар, IX ароматикалық
көмірсутектері, X әртурлі мақсатта пайдаланылатын басқа мұнай өнімдері (
қосымша-5) [11].
Каспий, Қазақстан және Орта Азияның мұнай және газ кен орындарын
меңгерудің экологиялық проблемаларының өзіндік аймақтық ерекшеліктері бар
- географиялық, геологиялық, геодинамикалық, сондай-ақ әлеуметтік. Оның
үстіне қазіргі кезге дейін қоршаған ортаны қорғау мәселесі мұнай мен газды
өңдеу бойынща жобалық тапсырмалардан кейін тұрғаны және жобаларда дұрыс
шешім таппауы экологиялық жағдайға ерекше із қалдырады.
Мұнаймен газды өндіру және өңдеу кезінде табиғатты қорғаубойынша
маңызды бағыттар болып экологиялық таза үрдістер игеру жәнеқалдықтарды
азайту , мұнай- химиялық өндірстердің газды қалдықтарын тазарту , бұралқы
суларды тазарту, қоршаған ортаның мұнай өнімдерімен ластануын қадағалау
және т.б . болып табылады.
Мұнай өндіру, мұнай өңдеу және мұнай – химиялықкешенде қоршаған
ортаның ластануы іздеу – барлау және газ өндіретін скважиналар құрылысынан
басталады. Скважиналардың құрылысы кезінде негізгі ластану көздері :
бұрғылау қондырғыларының дизельдерінің түтіндері, бұрғытау сұйығының
дегазаторлары, ұнтақ тәріздес сусымалы материалдарды сақтайтын ыдыстар,
өндірістік – технологиялық қалдықтары бар қоймалар, сондай – ақ
циркуляциялық жүйелер. Көп жағдайларда, бұрғылау қондырғыларында топырақ
пен су қоймаларын ластанудан қорғау шаралары жүргізілмейді. Қондырғылар
аймақтары қатты жабынмен жабдықталмаған және құм төгілмеген. Осының
салдарынан, жақын жатқан жерлер бұрғылау сұйығымен және мұнай өнімдерімен
ластанады. Кейін бұл зиянды заттарды еріген еріген сулар жақын жатқан
жерглерге шайып әкетеді.Топырақтың ластану үрдісі топырақтарда өнімды
қабаттармен сіңіретін қабаттарға қабат қысымын көтеру мақсатына айдалатын
минералдылығы жоғары қабат және бұралқы сулардың болуымен күрделенеді.
Бұрғы мұнарасынан 500 – 800 м радиуста өсімдіктер 70 -80 %, ал 100 м
радиуста бұрғылау сұйығымен ластанудың нәтижесінде толығымен жойылады [13].
Қазіргі кезде бұрғылау жұмыстарының экологиясын көтеру проблемасын
бұрғылаудың өндірістік – технологиялық қалдықтарын: бұрғылау бұралқы
суларды, істен шыққан бұрғылау сұйғын, бұрғылау қоқыстарын тазалайтын,
зиянсыздандыратын және азайтатын арнайы жабдықтар жасамай және оларды іс
жүзінде қолданбай шешу мүмкін емес.
Кен орындарын пайдаланғанда үлкен жер массивтері бұзылады. Мысалы,
Қарашығанақ кен орнын игеріге 3000 га – ға жуық егіс, жайылым және орман
жері пайдаланылмақ. Теңіз кен орнының ауданы 200 км². Аэрологиялық
жағдайдың тұрақсыздығынан зиянды заттардың таралуы кездейсоқ сипатқа ие.
Казгипроград институның есептеріне сәйкес тұрақты мекендеуге
экологиялық қолайсыз қорғану аймағы Теңіз кен орны үшін 50 км. Бірақ, айта
кететін жағдай, санитарлық – қорғау аймағы үлкен болған сайын шектік рұқсат
етілген рұқсат қалдықтар көлемі өседі, яғни, атмосфера ластануы ұлғаяды.
Алайда, қолдалынып отырған шараларға қарамастан Атырау облысының
мысалына қарасақ, олардың нәтижелері аз.
Ластанудың тұрақты көздерінен шығарылатын зиянды заттардың жалпы
мөлшерінің 32% мұнай өңдеу зауытына, 37% ПолипропиленАҚ –на келеді.
Жылдар бойынша қалдықтарды ұстау және зиянсыздандыру дәрежесі тұрақты
немесе төмендеуге бағыт алған. Мысалы: егер облыс бойынша 1987 жылы бұл
көрсеткіш 36,8 % болса, мұнай өңдеу зауыты бойынша 17,3% Ембі мұнай АҚ
–да 1,7 %, Теңізмұнайгаз АҚ –ныда 1,3 %. Ал Ембімұнай АҚ үшін
келтірілген 8 жыл үшін зиянды заттарды ұстаудың ең жоғарғы деңгейі 2,7% (
қосымша - 6) [13].

2.3. Жаңа жол мұнай кен орнының шығу тарихы.
Қазіргі кезде, экологиялық қауіпсіздік жалғыз біздің Республикамыз
үшін емес дүние жүзі жұртшылығының назарын аударып отырған ең маңызды
мәселелердің бірі болып отыр. Табиғи ортада экологиялық дағдарыстың
неғұрлым қауіпті көріністері белең алған: кейбір аймақтарда топырақтың
тозуы, су ресурстарының тартылуы, ластануы, техногендік шөлейттену, тірі
табиғаттың генетикалық қорының бүлінуі, тіршілікке қатер төндіретін қауіпті
улы қалдықтардың қордалануы. Еліміздегі осындай экологиялық дағдарысқа
химия, мұнай, металлургия, отын өнеркәсіптерінің жедел және мөлшерден тыс
дамуы үлкен әсерін тигізуде. Жалпы кен орындарын игеру, оның ішінде мұнай
- газ өндіру Қазақстан Республикасы экономикасы дамуының қайнар көзі. Соңғы
40 жыл ішінде адамзаттың энергия пайдалануы 2,5 есе өсіп отыр. 2025 – 2050
жылдары аралығында халық санының өсуі болжамына қарасақ, энергия пайдалану
ең кем дегенде екі есе өсуі мүмкін. Мұнай-газ өндірудің 130 жылғы
тарихында дүние жүзілік қордың 13 бөлігі игерілген, ол оның 13 бөлігі тек
соңғы 10 жыл ішінде өндірілген [25].
Егер энергия пайдалану жақын арада 2 есе артады десек, онда мұнай
өндіру 2010-2020 жж аралығында, ал газ өндіру 2030-2040 жж аралығында биік
шыңдарына жетпек. Қазақстан мұнай қоры жағынан әлемдегі ең ірі
мемлекеттердің алғашқы ондығына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Октябрьск мұнай кен орны
Үздіксіз – компрессолы газлифтілі әдіс
Бастапқы қор мың тонна
Мұнай және газ қорларының өндіруін талдау
Жаңажол кен орны жайлы
Жаңажол кен орны жайында
Ұңғыларды газлифтілі пайдаланудың қауіптілігі
Жаңажол кен орны
Мұнай ілеспе газын алу
ЖАҢАЖОЛ КЕН ОРНЫНЫҢ МҰНАЙ ҚОСПАСЫНЫҢ АШЫҚ ФРАКЦИЯЛАРЫНЫҢ ҚҰРАМЫ МЕН ҚАСИЕТТЕРІН ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ ОНЫ ҚАЙТА ӨҢДЕУ НҰСҚАСЫН ҰСЫНУ
Пәндер