Дәстүрлі қазақ шаруашылығын күшпен күйрету науқандары


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1. Дәстүрлі қазақ шаруашылығын күшпен күйрету науқандарының зерттелуі . . . 7
1. 1. 1926-1927 жылдардағы жайылымдық және шабындық жерлерді қайта бөлу шаралары мен бай шаруа қожалықтарын тәркілеу науқандарының
тарихнамасы . . . 9
1. 3. Мемлекетке астық пен ет дайындаудың сталиндік бағытын жүзеге асыру саясаты және оның зардаптары туралы зерттеулер . . . 13
2. XX ғасырдың 20-шы жылдарынан кейінгі ауқаттыларды жою науқанының тарихнамасы
2. 1. Ауқатты шаруаларды кулак және жау тап ретінде жою науқанының зерттелуі . . . 22
2. 2. Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруаларын жаппай отырықшыландыру науқанының зертелуі . . . 29
3. Шаруаларға қарсы «сталиндік террор» және оларды зорлап отырықшыландыру мәселелерінің зерттелуі . . .
3. 1. XX ғасырдың 20-30 жылдарындағы шаруларға қарсы жазлау щараларының зерттелуі . . .
3. 2. Қазақ шаруаларын зорлықпен отырықшыландыру, халықтың дәстүрлі шаруашылығын біржолата күйрету науқандарының тарихнамасы . . . 41
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 49
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 51
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. XX ғасырдың 20-жылдары біздің еліміз тарихындағы аса күрделі кезеңдердің бірі болып табылады. Мұның басты себебі кеңестік әкімшіл-әміршіл тоталитарлық жүйе тұсында аталмыш кезеңге қатысты ақиқатты және шындықты қаз-қалпында ашық айтуға ешбір мүмкіндік болмады. Әсіресе осы кезеңдегі әлеуметтік-саяси процестер коммунистік құрылыстың көптеген «әлсіз» тұстарын жариялап, партия саясатының беделін елдің көз алдында түсіретіні белгілі еді. Басқасын былай қойғанда дәл осы жылдардағы елде орын алған әлеуметтік-саяси қуғын-сүргіннің және алапат ашаршылықтың себептерін және салдарын анықтауға талпынудың өзі сондықтан да қоғамдық ойлаудан ауытқу, «бөтен ойлау» ретінде қабылданды. Осы кезеңнің тарихын зерттеген еңбектер кеңестік әкімшіл-әміршіл жүйе тұсында осындай «қателіктерді» қайталамауға күш салды. Ал бұл өз кезегінде XX ғасырдың 20-жылдарындағы әлеуметтік-саяси процестерді біржақты марапаттайтын және осы кезеңнің кемшіліктері мен қателіктерін жасыратын, яғни тарихи объективті шындық принциптерінде мүлде қайшы келетін ғылыми зерттеулердің көптеп өмірге келулеріне жол ашты. Бұларда тарих ақиқатының толық айтылмағанын былай қойғанда, ол тіптен дөрекілікпен бұрмаланды да.
Бүгінде еліміз тәуелсіздік алып, өткенімізге сын көзбен қарауға және бұрын тарихымызда орын алған олқылықтардан толық арылуға үлкен мүмкіндіктер туып отырғанда біз, жаңа буын зерттеушілері бұрын кеңестік әміршіл-әкімшіл жүйе тұсында жарық көрген жоғарыдағыдай тарихи зерттеулерге әділ баға беруге, оларды жаңа методологиялық принциптер аясында жан-жақты тарихнамалық тұрғыдан талдап, қорытуға міндеттіміз.
Өткеннен тарихи және тарихнамалық тағылымдар алмайынша, ғылымда алға басудың болмайтыны және белгілі. Мұның өзі біздің тарихнамалық тұрғыдан қойып отырған тақырыбымыздың аса өзектілігін дәлелдей түссе керек. Тағы бір ескерер мәселе бұрынғы кеңестік жүйе тұсында жазылған зерттеулерде көтерілген және әлеуметтік-саяси процестерге байланысты ғылыми айналымға шыққан қызықты деректік материалдар және оларда айтылған кейбір басалқалы ғылыми ой-пікірлер бүгінгі тәуелсіз тарихнама ғылымының назарынан тыс қалмауы керек. Бүгінгі тарихнама ғылымы өткенмен сабақтас болып, жалғасты өркендеу сипатында дамуы керек. Бұл да біз таңдап отырған зерттеу жұмысының тақырыбын аса өзекті ете түседі.
Бәрінен де маңызды мәселе - біздің ойымызша көрсетілген кезеңге қатысты Қазақстанның тәуелсіздік алуына байланысты көптеп жазылған зерттеу жұмыстарын тарихнамалық тұрғыдан талдай түсу болып табылса керек деп ойлаймыз. 1991 жылы жалпы еліміз тәрізді тарихи ой-санамыздың да толық еркіндік алуына қол жеткізу бізді рухани тұрғыдан жан-жақты байыта түсті. Тарих ғылымында бой көтерген және соңғы он төрт жылда орныға бастаған жаңа методологиялық көзқарастар мен принциптер көрсетілген жылдардағы әлеуметтік-саяси процестерге байланысты зерттеу жұмыстарында орын алған көптеген кемшіліктер мен бір жақты көзқарастардан арылуға мүмкіндіктер берді. Нәтижесінде XX ғасырдың 20-жылдарындағы әлеуметтік-саяси процестердің әр қырын және кейбір жабық құпияларын індете де тереңдете зерттейтін жаңа зерттеулер толқынына жол ашылды. Оларда осы аталмыш кезеңге және осы кезеңнің «құпияларын» коммунистік тұрғыдан түсіндірген бұрынғы зерттеулердегі тарихи ой-пікірлер мен қорытындыларға сын көзбен қарап, ғылыми толыққанды пікірлер айту әдеттегі жағдайға айналды. Тәуелсіздіктің арқасында құпия мұрағат қорларының ашылуы және олардың зерттеушілер игілігіне айналуы, тарихи ойлау еркіндігі XX ғасырдың 20-жылдарындағы әлеуметтік-саяси процестерге байланысты тарихи таным мен тарихи білімді байыта түсті.
Бүгінгі күні осылардың бәрі зерттеушілер тарапынан терең де, жан-жақты және салихалы тарихнамалық талдауларды күтіп жатыр. Тарихымызда аталмыш мәселе төңірегінде ненің айтылып, ненің айтылмағанын, ненің зерттеліп, ненің назардан тыс қалып келе жатқанын және жаңа тарихнамалық немесе тарихи зерттеулердің біз көтеріп отырған тарихнамалық тақырып төңірегінде қандай жетістіктерге қол жеткізгендерін айқындап алатын уақыт болды деп ойлаймыз. Мұның өзі алда жаңа зерттеу бағыттарын айқындау үшін тарихшыларымызбен тарихнамашыларымыздың зерттеу өрістерін кеңейте де түсер еді. Осы айтылғандар XX ғасырдың 20-жылдарындағы әлеуметтік-саяси процестер тарихнамасын зерттеудің бүгінгі тарихымыз үшін маңыздылығын тағы да дәлелдей түседі.
Бітіру жұмысының зерттелу деңгейі. XX ғасырдың 20-жылдарындағы әлеуметтік-саяси процестер бүгінгі күні сондықтан да тарихшылар назарын өзіне аударып отырған аса маңызды мәселе. Солай бола тұрса да тарихнамалық сипатта бұл тақырыптың төңірегінде күні бүгінге дейін тарихнамалық тұрғыда арнайы зерттеулер жүргізіле қойған жоқ. Мұның басты себебі біз жоғарыда әңгімелеген жағдайлармен тығыз байланысты болып табылады. Нақтылай түсер болсақ, кеңестік кезеңде де тарихшылар өздерінің іргелі монографиялық зерттеулерінде осы кезеңнің тарихнамасына қатысты қысқаша болса да, коммунистік методология ықпалымен өзіндік көзқарастарын білдірді. Тәуелсіздік алуымызға байланысты кеңінен зерттеле бастаған бұл мәселе іргелі зерттеулер мен диссертациялардың тарихнамаға арналған бөлімдерінде тағы да көрініс тапты. Тәуелсіздік рухымен және ұлттық методологиялық ұстанымдар негізінде жазылған соңғы жылдардағы еңбектерде бүгінгі тарихнама ғылымына аса қажет тарихи ой-пікірлер көптеп кездеседі. Бұларға тарихнамалық талдаулар жасау бүгінгі тарихнама ғылымының көкейтесті міндеттерінің біріне айналып отыр.
Жалпы алғанда осы тақырыпқа қатысты аздаған тарихнамалық зерттеулерді және едәуір жинақталып қалған тарихи зерттеулерді талдаған кезде хронологиялық тұрғыдан олардың екі кезеңге бөлінетінін естен шығаруға болмайды. Алғашқы кезеңге жоғарыда айтқан кеңестік құрылыс жылдарында жарық көрген еңбектер мен зерттеулер жатады. Бұларға тән басты ерекшелік-мәселені таптық көзқарас тұрғысынан, XX ғасырдың 20-жылдарындағы әлеуметтік-саяси процестерді қоғамның үлкен жетістігі ретінде дәріптеу болып табылады. Мұның өзі тарихшылардың шынайы да объективті тарихнамалық ой-пікірлерді толық, жан-жақты айтуларына мүмкіндік бермеді. Сондықтан да бұл кезең еңбектерді тарихнамалық тұрғыдан терең сыни көзқарастармен талдауларға сұранып тұр.
Тарихнамалық еңбектердің екінші кезеңі - еліміз тәуелсіздік алған жылдардағы зерттеулерден тұрады дедік. Бұл кезеңдегі басты ерекшелік, біздің ойымызша ең алдымен методологиялық ұстанымдар мен көзқарастардың түбірлі өзгерістерге ұшырауы дер едік. Рас, әлі күнге дейін зерттеушілеріміз зерттеу әдістерін (формациялық, өркениеттілік тәрізді) белгілеуде және анықтауда, сондай-ақ зерттеу жұмыстарында жаңа методологиялық принциптерді басшылыққа алуда даулы және айтысты ақауларды бастан кешіруде. Бұл әрине, өтпелі кезеңге тән уақытша жағдай болып табылады. Жаңа, іргелі тарихнамалық зерттеулердің көптен жарық көруіне байланысты тарих ғылымының мұндай кедергілерді жеңіп шығары күмәнсіз.
Тарихнама мәселелері, тақырыптың тарихнамалық тұрғыдан зерттелу мәселелеріне келетін болсақ, айта кеткен жөн, осы кезеңге дейін 20-30-шы жылдардағы әлеуметтік-экономикалық процестердің тарихнамасын қайта қарап қамтитын, жан-жақты талдайтын және өзіндік жаңа тың қорытындылар айтатын әртүрлі тарихи әдебиеттер әсіресе, ғылыми диссертациялық зерттеулер едәуір жинақталды. Солардың ішінде әсіресе алғашқылардың бірі болып, осы тақырыптан докторлық диссертация қорғаған Ж. Б. Әбілқожиннің «Социально-экономические аспекты, функционирование и трансформация традиционных структур Казахстана (1920-30 годы) » деген тақырыптан 1991 жылы қорғалған докторлық диссертациясының тарихнамаға арналған бөлімшесінде мәселенің тарихнамасы жаңаша көзқараспен және жаңа концептуалдық-методологиялық тұрғыдан алғаш рет қарастырылған [1, 6-22 бб. ] . Мұнда автор негізінен мәселенің тарихнамасын 4 кезеңге бөліп талдайды. Оның айтуынша, алғашқы кезең - 1917 жылғы қазаннан 1930 жылдың ортасына дейін келсе, ал екінші кезең - 1930 жылдың орта шенінен 1950 жылдардың алғашқы кезеңіне дейін келеді. Келесі кезең - 1950 жылдардың орта шенінен 1980 жылдардың алғашқы жартысына дейінгі мерзімді қамтиды. Сонымен бірге автор, 1980 жылдардан кейінгі соңғы кезеңге де назар аударады. Мұндағы бір ерекшелік - автордың теориялық тұрғыдан тарихнамада тұңғыш рет аталмыш кезеңге мүлде жаңа көзқараспен баға беруі деп атап көрсетер едік [1, 9-12 бб. ] . Әрбір кезеңге тән өзіндік ерекшеліктерді автор теориялық тұрғыдан жан-жақты сипаттап, ондағы жазылған еңбектерге тың методологиялық талдаулар жасады. Осындай тұрғыдан алғанда зерттеушінің алғашқы кезеңдегі А. Б. Чаянов, Н. Д. Кондратов, М. Ф. Макаров, А. Н. Челинцов, М. Г. Сириус, К. А. Чувелов, В. П. Швецов және тағы басқалардың еңбектеріне сипаттама бере келе, қазақстандық тарихнамада да дәстүрлі қазақ шаруашылығының өзіндік ерекшелігін көрсеткен А. Байтұрсыновтың, М. Дулатовтың, Ә. Бөкейхановтың, С. Сәдуақасовтың және тағы басқалардың еңбектерін нақты талдауы, теориялық тұрғыдан оларды жоғары бағалауы тарихнама ғылымында шынында да мүлде тың жаңа көзқарас болып табылатын еді [1, 12 б. ] .
Бірінші және екінші кезеңдегі тарихи әдебиеттердің өзіндік ерекшеліктерін ескерте келе, сонымен бірге ғалым осы 2 кезеңге тән ерекшеліктерді, барлық еңбектерді «оңшылдардың» немесе «солшылдардың» «опортунистік» көзқарастары деп талдау мәселесін, сондай-ақ, буржуазиялық тұрғыдан баға беруді айыптауды, сонымен бірге әсіресе, Ф. Голощекиннің Қазақстанда жүргізген «Кіші Қазан» төңкерісінің жағымды жақтарын атап көрсетуге тырысушылықты, мұндағы қазақ халқын геноцидке ұшыратқан осы «Кіші Қазан» төңкерісінің қылмысты салдарлары туралы зерттеушілер арасында ауыз ашпауды және т. б. көптеген мәселелер бойынша теориялық-методологиялық тұрғыдан біржақтылықты қатты сынайды [1, 16 б. ] .
Автор келесі кезеңге баға бере келе, партияның ХХ съезінен кейін ғана кейбір қателіктер мен бұрмалаулар туралы ашығырақ айтуға және оларды партия жолын жергілікті жерде бұрмалаулардың салдарлары ретінде көрсетуге әрекеттер жасалғанын теориялық тұрғыдан сипаттайды. Сонымен бірге зерттеушінің 60-шы жылдардың ортасынан бастап сталинизмді жайлап, тірілту әрекетінің тарихнамада кеңінен орын алғанына назар аударуы да біздің ойымызша аталмыш кезеңнің өзіне тән ерекшеліктері болып табылады.
Ж. Әбілқожин тәуелсіздік тұсында 20-30-шы жылдардың проблемасы бойынша жаңа көзқараспен алғаш диссертациялық еңбек қорғаған тарих ғылымының докторы болып табылады. Осыған байланысты ол өзінің тарихнама бөлігінде негізінен алғанда, ресейлік ғалымдар Даниловтың, Анфиновтың, Кобальченконың, Воловуевтың, Голозонның және тағы басқалардың, сондай-ақ, мүлде жаңа көзқарастағы Гордон, Клопов тәрізді ресейлік тарихшылардың пікірлерін жан-жақты талдаған.
Қазақстандағы 20-шы жылдардағы ауыл шаруашылығы кооперациясының қарапайым түрлері тарихынан докторлық диссертация жазған С. Жолдасовтың еңбегінде де [2] Қазақстан тарихнамасындағы осы мәселені 4 кезеңге бөліп қарастырудың негізгі қағидаларын байқаймыз. Мұнда да автор негізінен алғанда қалыптасқан көзқарастарды мойындай келе, сонымен бірге бұл мәселеде Қазақстандағы кооперация дамуындағы тарихнамалық кезеңдерді 4 кезеңге бөліп сипаттай келе, өзіндік пікірлерін айтуға тырысқан [2, 8-9 бб. ] . Қазақстан тарихнамасын кезеңдерге бөлуде Т. Омарбековтың 1994 жылы қорғаған «Қазақ шаруаларын жекеменшік қожалықтарынан айыру және ұжымдастыру: тарихы мен тағылымы» деген тақырыптан жазылған докторлық диссертациясындағы тарихнамалық пікірлері назар аудартады [3] . Автор былай деп атап көрсетеді: «Біздің ойымызша, төл тарихымыз тәуелсіздік алған жаңа жағдайда 20-шы жылдардың соңындағы және 30-шы жылдардағы отандық шаруалар тарихының тарихнамасын төмендегідей басты-басты 3 кезеңге бөлген жөн. Алғашқы кезең - 20-шы жылдың орта шенінен бастап, жаппай ұжымдастырудың және зорлап отырықшыландырудың басталуына дейін, яғни 1929 жылдың соңына дейін барады; Екінші кезең - 1930 жылдан 1985 жылдың басына дейін, үшінші кезең - 1985 жылдың орта шенінен бүгінгі күнге дейін созылады» [3, 10 б. ] . Сонымен бірге автор кезеңдерді этаптарға бөлу мәселесіне де көңіл бөлген. Ол мысалы үшін, екінші кезең - сталинизм және тоталитарлық коммунистік жүйе кезеңінің тағы да 4 этаптан тұратынын атап көрсетеді [3, 10 б. ] . Зерттеуші мәселені кезеңдерге бөле келіп, әрбір кезеңге теориялық тұрғыдан сипаттама берумен шектелмей, сонымен бірге қазақстандық тарихшылардың әрбір кезеңдегі, соның ішіндегі нақты этаптарға жататын еңбектерінің жақсы жақтарына және сонымен бірге кейбір кемшіліктеріне нақты тоқталған. Айта кеткен жөн, автор қазіргі кезеңдегі мәселеге жаңаша көзқараспен қарауда М. Қозыбаевтың, Қ. Алдажұмановтың, Ж. Әбілқожиннің, М. Тәтімовтың, М. Қойгелдиевтің, М. Асылбеков пен Ә. Ғалиевтің еңбектерін атап көрсетеді [3, 13 б. ] . Дегенмен де бұл кезеңде әлі де болса шын мәнінде мәселеге жаңаша көзқараспен қарау рухында жазылған еңбектердің саны айтарлықтай аз болатын.
20-30-шы жылдардағы Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық процестердің тарихын деректанулық тұрғыдан зерттеуде де біраз зерттеушілер еңбектерінің дүниеге келгенін атап айтуымыз керек. Олардың арасында Г. Сексенбаеваның [27], С. Жәкішеваның [28], А. Құлшанованың [29], Н. Алпысбаеваның [30], С. Қарпықованың [31] кандидаттық диссертациялық еңбектері бар. Оларда авторлар деректанушылардың көзіменен осы аталмыш кезеңде жазылған еңбектерге яғни 20-30-шы жылдардағы Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық процестерді ашуда зерттеушілердің қандай еңбек сіңіргенін тарихнамалық тұрғыдан талдап, бағалаған. Өздерінің диссертациялық еңбектерінің тарихнамаға арналған бөлімінде, тарихнамалық тұрғыдан бұл зерттеушілердің тәуелсіздік концепциясына сәйкес жаңа көзқарастар және қызықты пікірлер айтатынын ескерген жөн.
Ғ. Халидулиннің «Аграрная политика советского Казахстана в 1917-1940 годах» деген тақырыпта қорғалған докторлық диссертациясында тарихнама мәселелері арнайы көтеріледі. Мұнда зерттеуші негізінен алғанда өзіне дейінгі аграрлық тарихнаманы кезеңдерге бөлудің қағидаларымен келісе отырып, осы бағытта әрбір кезеңге байланысты өзіндік пікірлерін нақты айта алған.
Көптеген кандидаттық диссертациялар жазған авторлар - Қозыбақова Фатима [35], Байқадамов Наурызбай [36], Бану Нарбекова [37], Мұсағалиева Арайлым [38], Серікбаев Сәкен [39], Байгисиева Зере [40], Сантаева Күлімкөз [41], Жұмабаева Жұмазия [42], Бегалиева Ақзия [43], Сқақ Ақмарал [44] және тағы басқалар өздерінің диссертациялық еңбегінің тарихнамалық бөлімінде осы кезеңде жарық көрген көптеген жарияланымдарға тарихнамалық тұрғыдан жаңаша көзбен соны да тың пікірлер айтқанын атап көрсетеміз. Тағы бір жағымды көрініс - соңғы жылдары тарихымызда тарихнамалық тұрғыдан біз зерттеп отырған кезеңнің методологиясы мен теориялық мәселелерін жан-жақты қамтитын алғашқы арнайы тарихнамалық зерттеулердің де дүниеге келе бастағаны назар аудартады. Олардың ішінде ең салмақтысы және бірегейі, ерекше атап көрсетуге тұрарлығы, ол О. Мұхатованың Қазақстандағы ХХ ғасырдың 20-90-шы жылдарындағы аграрлық өзгерістер тарихнамасын кеңінен қамтыған және зерттеген докторлық диссертациясы [45] және осы бағыттағы аграрлық тарихнама проблемаларына арналған монографиялық зерттеуі [46] . Автор өзінің монографиялық еңбегінің бірінші тарауында ауыл шаруашылығының әкімшіл-әміршіл басқаруға көшу тарихнамасын арнайы қарастырып, ауыл шаруашылығындағы экономикалық қатынастарды саяси төтенше сталиндік-голощекиндік шаралармен алмастыру туралы жазылған еңбектерге нақты және байсалды талдаулар жасайтынын айта кету керек. Автор осы мәселе төңірегінде өзіндік пікірлерін айта келе, мынандай мәселелерге назар аудару қажет деп табады: «ең алдымен ет дайындау науқаны, ондағы саяси төтенше шаралар толық зерттелуі керек. Шаруашылықтық-саяси науқандардың әлеуметтік-экономикалық салдарлары тың деректер негізінде зерттеуді қажет етеді. Біз талдап отырған мәселе бойынша іргелі зерттеулерге зәрулік бары байқалады. Тақырыптың экономикалық тұстарын ашатын еңбектер өмірге келулері хақ. Осы мақсатта мынандай зерттеу жұмыстары тақырыптарын ұсынамыз: Қазақстандағы шаруашылықтық-саяси науқандары және олардың әлеуметтік-экономикалық салдарлары; Қазақстанда жаңа экономикалық саясаттың тежелуі және оның зардаптары; Республикада ет дайындау науқаны және төтенше шаралар; Қазақстанның ауыл шаруашылығын сталиндік-голощекиндік реформалау тарихи деректерде» [46, 18 б. ] . Зерттеуші Қазақстандағы шаруа қожалықтарын күштеп ұжымдастыру және оған қарсылық мәселесін зерттеген ғалымдар зерттеулерін де жан-жақты және тиянақты талдаған. Бұл мәселеге байланысты қол жеткен табыстарды қорытындылай келе, ол дегенмен де мәселенің ғылыми тұрғыда жеткіліксіз зерттеліп, барлық қырларының толық ашылмағандығын дәлелдеп берді. О. Мұхатова мәселені тарихнамалық тұрғыда жан-жақты, терең зерттеп, мынандай тақырыптарды әлі де зерттеуді ұсынады: Қазақстанда шаруа қожалықтарын ұжымдастыру тарихы мен тағылымы; Қазақстандағы күштеп ұжымдастыру және сталиндік-голощекиндік төтенше саяси шаралар; күштеп ұжымдастыру және саяси репрессиялар; Қазақстанда мал шаруашылығының күйреуі; күштеп ұжымдастыру және Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайлары; «Қосшы», «Жарлы», «Кедей» ұйымдарының шаруа қожалықтарын ұжымдастырудағы қызметі, халық көтерілістерінің себептері мен салдарлары [46, 33 б. ] .
О. Мұхатова шын мәнінде тарих ғылымында және деректануда осы біз айтып отырған кезеңнен зерттелуге тиіс еңбектердің негізгі бағыттарын айқындап көрсеткенін атап айтамыз. О. Мұхатованың көрсеткен тақырыптарының біразының тарих ғылымында зерттеудің қазір қамтылғаны, ал кейбір ғылыми бағыттардың әлі де шын мәнінде сол қалпында актуалды тақырыптар ретінде тарихнама ғылымында бұрынғыша зерттеушілерін күтіп жатқанын атап айтқымыз келеді.
Бітіру жұмысының деректік негізі. Зерттеу жұмысы деректанулық емес тарихнамалық сипатта болғандықтан негізгі деректерге ғана баса назар аудардық, және оларды тарихшылар еңбектеріндегі пікірге сүйене отырып, салыстырмалы-тарихи тұрғыда ғана қарастырдық. Ондай деректер қатарына бәрінен бұрын 1926, 1937 және 1939 жылдардағы Бүкілодақтық халық санағы қорытындыларын жатқызамыз. Демографиялық мәселелерге зерттеушілер біздің зерттеу кезеңімізде көрсетілген санақ материалдарын әркез басшылыққа алады. Мұны біз де ескердік.
Жеке тарихи тұлғаларға қатысты тарихи құжаттар да біз зерттеп отырған кезеңнің құнды деректері. Олардың басым көпшілігін зерттеушілеріміз тәуелсіздік тұсында мұрағаттардан тауып, жариялап және оларды ғылыми айналымға қосты. Осындай деректер «Қазақ қалай аштыққа ұшырады? (Қасіретті жылдар хаттары) » деп аталатын жинақта жарық көрді [47] .
20-30 жылдардағы әлеуметтік ахуалды осы кезеңнің саяси-шаруашылықтың науқандарын бастан өткізген кісілердің нақты естеліктері нақтырақ бейнелейді. Олар «Нәубет» [48], «Қызылдар қырғыны» [49], «Народ не безмолвствует» [50] тәрізді естеліктер жинағында жарияланды. Бұларды біз тарихи көзқарастарын талдап отырған зерттеушілер өздерінің еңбектерінде көптеп пайдаландық.
Күшпен ұжымдастыру кезеңіндегі құпия құжаттар жариялылық және тәуелсіздік рухымен арнайы жинақтарда басылып шықты [51, 52] . Оларды тарихи-салыстырмалы түрде талдау тарихшылар пікірлеріне қатысты дұрыс қорытындылар жасауға мүмкіндік берді.
Бітіру жұмысының хронологиялық шеңбері XX ғасырдың 20-30-шы жылдарын қамтиды.
Бітіру жұмысының мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың басты мақсаты ХХ ғасырдың 20-шы жылдарындағы аграрлық өзгерістердің еңбектерінде зерттелу деңгейін айқындау.
-Кеңестік тоталитарлық жүйе тұсындағы зерттеулердегі «Кіші Қазан» немесе «Ауылдағы Октябрь» саясатының шаруашылықтық-саяси науқандарының біржақты марапатталғанын көрсету;
Бітіру жұмысының құрылымы: бітіру жұмысы кіріспе, қорытынды бөлімдермен қатар, үш бөлімнен және пайдвлвнвғвн әдебиетер тізімінен тұрады.
1. ДӘСТҮРЛІ ҚАЗАҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН КҮШПЕН КҮЙРЕТУ
НАУҚАНДАРЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ
1. 1. 1926-1927 жылдардағы жайылымдық және шабындық жерлерді қайта бөлу шаралары мен бай шаруа қожалықтарын тәркілеу науқандарының тарихнамасы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz