Арыз немесе өтініш


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Қазақ тілі кафедрасы
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Арыз немесе өтініш
Орындаған : Абакова Т.
ВТ-303к.
Тексерген : Балықбаева К.
Алматы, 2008 ж.
Жоспары:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
а) Өтініш туралы
б) Арыз туралы
III. Қорытынды
Кіріспе
Іс қағаздардың қоғам өміріндегі атқаратын қызметі өте зор. Іс қағаздарының саяси, тарихи, құқықтық, әлеуметтік мәні күшті. Кез келген салада іс қағаздар ақпарат жеткізуші құрал болып табылады. Сондықтан іс қағаздарды мемлекеттік тілде жүргізуді қалыптастыру - үлкен де жауапты іс.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген «Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасында» тіл саясатын жүзеге асырудың негізгі іс шаралары белгіленеді. Соның бірі - іс қағаздарды мемлекеттік тілде жүргізу және оның әлеуметтік қызметін кеңейту.
«Мемлекеттік тілде іс қағаздарды жүргізу» пәнінің қарастыратын нысанасы, мазмұны мына төмендегідей мәселелерді қамтиды:
- Мемлекеттік тілде іс қағаздарды жүргізудің - дербес ғылым саласы екені;
- Іс қағаздарды жүргізудің саясаттану, мұрағат ісі, тарих, тіл білімі, сияқты ғылым салаларымен байланысты;
- Іс қағаздарды толтырудың мемлекеттік стандарттары, өзіне тән жазылу стилі болатындығы;
- Іс қағаздарына қатысты негізгі түсініктер мен анықтамалар;
- Іс қағаздардың безендірілуі, оларға қойылатын талаптар;
- Іс қағаздар тарихы;
- Іс қағаздардың тілдік (лексика, морфология, синтаксис, орфография т. б. ), стильдік ерекшеліктері;
- Іс қағаздардың дұрыс жазылу (орфографиялық) нормалары;
- Іс қағаздардың түрлері және олардың әрқайсысының ерекшеліктері;
- Іс қағаздарды толтыруда қолданылатын қысқартулар, түзету (корректуралық) белгілер;
- Іс қағаздардың құрастырудағы жалпы талаптар, құжат мәтіні, іс қағаздардағы тізбектілік, даталар, визалар, іс қағаздардың безендірудің негізгі элементтері;
- әр түрлі іс қағаздар мен құжаттарды құрастыру.
Бұл аталған мәселелер тек мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізуге ғана қатысты. Олар басқа ешбір салада шешілмейді, өйткені ол басқа салаларда қойылмайды да. Сондықтан олар тек мемлекеттік тілде іс қағаздарды жүргізу саласының зерттеу нысанына жатады.
«Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу» атты пәннің өзіндік зерттеу нысаны бар жеке, дербес сала деуге болады. Бұл саланың жоғарыда атап көрсеткендей күрделі мәселелері жетерлік. Іс қағаздарын жүргізу қарым-қатынас жасаудың ерекше түрі, ол өзінше күрделі құбылыс, сондықтан оның зерттеу нысаны да, қарастыратыны да көп.
Іс қағаздарын жүргізу екі кезеңнен тұрады. Олар: құжат айналымы және құжаттау ісі.
Құжат айналымы мекеменің өзі жасаған және сырттан келген дайын құжаттармен жұмыс істеуді қамтамасыз етеді. Олар: қабылдау, орналастыру, тіркеу, орындалуын бақылау, анықтау, іс құру, оларды сақтау және жүзеге асыру, құжаттарды мекемелерге жіберу. Құжаттардың түрін жасау процесінің біртұтастылығы мен мекеме, ұйым және өндіріс қызметі бейнеленеді.
Құжаттау ісіне - құжатты дайындау, құру, келісу, толтыру және оны жасау операциялары кіреді. Құжаттау жүйесінің мақсаты белгілі бір талаптардан және құжат жасау нормаларынан тұрады.
Бұл нормалар заңды актілермен белгіленген. Оларға нұсқаулар мен іс қағаздарын жүргізу жөніндегі ведомстволық нормативтік құжаттар жатады.
Құжаттардың шығу төркініне, онда көтерілген мәселелердің санына, қолданылу мерзіміне, мақсатына және тағы басқа белгілеріне байланысты іс қағаздары бірнеше түрге бөлінеді:
- Атауына қарай көптеген түрге бөлінеді: ережелер, хаттамалар, жарғылар, арыздар, бұйрықтар, нұсқаулар, хаттар т. б.
- Қойылған мәселе, берілген сұрақтардың санына бөлінеді. Егер құжат бір сұрақ төңірегінде болса, ондай құжатжай құжатдеп аталады. Егер құжат бірнеше мәселе туралы болса, олкүрделі құжатделінеді.
- Құжат түрлеріне қарайтиптік, жекелік, бірдейболып бөлінеді. Жекелік құжаттармазмұны жағынан дербес болады. Оларға қаулы, шешім, бұйрық, хаттама т. б. жатады. Типтік құжаттаркөптеген мекемелерде кездеседі. Сол мекеменің қызметіне қатысты болады. Бұған кәсіпорынның жарғысы жатады.
- Орындалу мерзіміне қарай емесболып келеді.
- Сақталу мерзіміне байланысты -тұрақты (мәңгілік) сақтау жәнеуақытша(5-10 жылға және одан да көп) сақтауға болады.
- Белгілеу тәсіліне қарай құжаттаржазба, графикалық, акустикалық(фото, кино, бейнеқұжаттар) болып келеді.
- Толтыру орнына орай (кіріс, шығыс) болып бөлінеді.
- Жариялық дәрежесіне қарай емесдеп бөлінеді.
- «Жасалу сатысына қарайтүпнұсқа(бірінші данасы) жәнекөшірмеқұжаттар болып бөлінеді.
- Жасалу техникасы жағынан құжаттарқолжазба түрінде, машинкада немесе баспаханада басылғанболып келеді.
Мемлекеттік бақару ұйымдары және ведомствоға қарасты мекемелерде қолданылатын іс құжаттарын ұйымдастырушылық - бұйрық беру құжаттар деп атайды. Ұйымдастырушылық - бұйрық беру құжаттарын ғалымдар үш топқа бөліп жүр.
Ұйымдастырушылық - бұйрық беру құжаттарын «шартты түрде үш топқа бөлуге болады:
- ұйымдастырушылық (ереже, жарлықтар, нұсқаулар) ;
- бұйрықтық (қаулы, бұйрыққ, нұсқау, шешім) ;
- анықтамалық - хабарлама (хаттар, баяндамалар, тізімдер) ».
Іс қағаздар түрлері мына төмендегідей болып бөлінеді:
- Еңбек қатынастарын реттейтін құжаттар. Еңбек келісімі. Еңбек кітапшасы. Жеке іс парағы. Мінездеме. Аннотациялық парақ. Өтініш. Тіркеу карточкасы. Өмірбаян. Резюме.
- Азаматтық қарым-қатынастарды реттейтін құжаттар. Қолхат. Сенімхат. Келісімшарт. Шарт. Тапсырыс.
- Ақпараттық-анықтамалық құжаттар. Қызметтік хаттар. Жеделхат. Баяндаухат. Анықтама. Акт. Көшірме. Түсінікхат. Есеп. Хабарландыру. Шақыру. Кепілдемехат. Баспасөз хабаршысы.
- Бақару, ұйымдастыру, үкім шығару қызметіне қатысты құжаттар. Бұйрық. Жарлық. Қаулы. Нұсқау. Мемлекетаралық шарт. Заң. Ереже. Декларация. Үндеу. Шешім. Хаттама. Штат кестесі.
А) Өтініш - мекеме басшысының атына жазылып, белгілі бір тілек - өтінішті білдіретін құжат.
Өтініштің құрылымы:
- мекеменің толық аты;
- басшының қызметі, атағы, аты-жөні, мекен-жайы, телефоны;
- құжаттың аты;
- мәтіні;
- жазылған мерзімі;
- өтініш иесінің қолы.
Арыз немесе өтініш - ұйым басшысының, лауазымы жағынан жоғары тұрған адамның атына белгілі бір ақпаратты, өтінішті, мәліметті жеткізу мақсатында жазылатын іс қағазының бір түрі. Арыз көлемі жағынан шағын болады 1-3 бет немесе 500-5000 белгі аралығында.
Арыз көбінесе жеке адам атынан жазылады. Іс жүзінде қойылған мәселе бірден бірнеше адамның немесе, үлкен ұжымның мүддесін көздейтін ұжымдық (коллективтік) арыз түрлері де кездеседі. Арыз белгілі бір себеппен ғана жазылады. Әдетте онда бір ғана мәселе көтеріледі. Арыз онда айтылған мәселені шешуге құқы бар адам атына жазылады.
Арыздың бірнеше түрі бар. Олар: өтініш түрінде жазылатын арыз, шағым түрінде жазылатын арыз, түсініктеме түрінде жазылатын арыз, констатация түрінде жазылатын арыз . Бұлардың әрқайсысы ондаған мотивте жазылады. Арыз жазу ережесі барынша қарапайым десе де болады. Арыз бен өтініштің алты реквизиті бар: кімге жолданғаны, кім жазғаны, құжат аты, мазмұны, қолы, датасы.
Арыз түзетулерсіз жазылуы керек. А4 форматты кейде А5 форматты қағазға жазылады.
Арыз немесе өтініш құрылымы:
- құжат адресациясы (кімнің атына жазылғаны) ;
- құжат аты;
- негізгі мәтін;
- қосымша болса оған сілтеме;
- жазылу мерзімі;
- қолы;
- арыз мазмұнымен келісушілер қолы.
Адресацияға лауазым иесінің, мекеме, ұйым басшысының ресми қызметінің толық аты, қажет жағдайда фамилиясы, аты-жөні кіреді. Адресация парақтың оң жағын ала жазылады. Егер арыз бірнеше лауазым иесіне бірден жазылып отырған болса олардың барлығының ресми қызметі (қажет жағдайда фамилиясы, аты-жөні) адресацияда көрсетілуі керек.
Б) Арыз (өтініш, кейде шағым) - ұжым басшыларына, жауапты қызметкерлерге, мемлекеттік жоғарғы мекемелерге жеке адамдар, ұжым мүшелері, кейде адамдар тобы тарапынан бір нәрсе туралы сұрап немесе тәртіпсіздік пен қылмысқа шара қолданылуы туралы т. б. өтіне, шағым айта жазылған іс қағазының түрі.
Арыз мазмұнына қарай қысқа да, кең көлемді де болады.
Қағаздың орта тұсынан оң (немесе сол жақ) бұрышына қарай арыз бағытталатын мекеменің тұрған орны (қала, ауыл), мекеменің толық аты және оның басшысының аты-жөні барыс септігінде жазылып, одан соң арыз иесінің аты-жөні (кейде қызметі), мекен-жайы т. б. мәліметтер қоса беріледі, олар шығыс септігінде жазылады. Одан әрі жаға жолдан арыздың қысқаша мазмұны І жақтан ІІ жаққа қарата беріледі. Соңынан арыз иесі арыз жазылған күнін, айын, жылын, қолын қояды.
Қағаздың жоғары бос қалған бұрышына іс қағаздар бөлімі арыздың түскені жөнінде белгі қояды және арыздың кімге жолданғаны жөнінде басшысының қолы қойылады.
Арыз - мекеме басшысының атына белгілі бір ақпаратты жеткізу үшін жазылатын іс-қағазының бір түрі.
Арыздың құрылымы:
- мекеменің толық аты;
- басшысының қызметі, атағы, аты-жөні;
- құжат аты;
- мазмұны;
- қосымшасы болса, оған сілтеме;
- жазылу мерзімі;
- қолы, арызданушының аты-жөні, кейде мекен-жайы.
Жеке арыз - бұл жеке адамның қандай да бір ұйымға немесе заңды тұлаға өзінің құқықтары мен мүдделерін іске асыру немесе қорғау үшін өтініш білдіретін құжат түрі. Арыздың мақсаты - адамның қалауын, ниетін қағазға түсіру.
Арыз өте кең тараған іс-қағаз жанрына жатады, сондықтан оны әрбір сауатты адам жаза білуі керек.
Нотариус куәландыратын арыздар мынадай жағдайларда жазылады:
- мұрагерлік құқығына ие болу куәлігін алу үшін;
- Тұрғын үйді ауыстыруға келісім бергенде;
- Туыстық жақындықты растау үшін;
- Тұрғын алаңнан бас тартқан кезде;
- Жеке есеп-шотын қайта ауыстырғанда;
- Жарналарын аударған кезде;
- Үйді немесе басқа мүліктерді сыйға тартқанда;
- Баладан бас тартқанда;
- Бала асырап алған кезде;
- Дубликат не басқа құжат түрлерін алу үшін т. б.
Әкімшіліктерде, ішкі істер министрлігінде, прокурор және сот орындарында, банктер мен қоғамдық ұйымдарда арыздың әртүрлі үлгілері пайдаланады. Алайда олардың бәрінде де деректемелердің жиыны бірдей болады.
Арыздың негізгі тізбесі - мәтін - екі мағыналық бөліктен тұрады: онда өтініштің мәні (мазмұны) және оның негіздемесі дәлелденіп жазылады. Бұл мағыналық бөліктердің рет тәртібін құжатты толтырушы өзі анықтайды. Өтініш (талап) қысқа, анық баяндалуы тиіс, қажет жағдайда (көп болған жағдайда) тармақтарға бөлінеді (1) . . . (2) . . . Арыздың дәлелдемесі де қысқа болып, мәтіннің құрамына табиғи жымдасып кіреді (мысалы: басқа қалаға ауысуыма байланысты өтінемін. ., ауырғаныма (отбасылық жағдайыма) байланысты сұраймын . . . ) . Негіздеме сондай-ақ арыз беруге себеп болған жағдайларды кеңірек түсіндіретіндей ұзақ болуы да мүмкін.
Қорытынды
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz