Жеке адам психологиясына сипаттама



Кіріспе

1. Жеке адам психологиясы
2. Мұқтаждық немесе қажеттілік
3. Ынтығу немесе құмарлық
4. Қызығу
5. Дүниетаным мен сенім, мұрат және талғам

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Адам – белгілі бір қоғамның мүшесі, ол қандай болмасын бір іспен айналысады, оның азды-көпті тәжірибесі, білімі, өзіне тән өзгешеліктері болады. Осы айтылғандардың жиынтығы оны «жеке адам» етеді. Мысалы, жаңа туған нәрестені адам днп атауға толық болады, бірақ әле де ол жеке адам емес. Себебі, онда жоғарыда аталған компоненттер: тәжірибе, білім, іс-әрекет жоқ. Жеке адамның өзіндік ерекшелігі дүниетанымынан, сенімінен, талғам, мұратынан, бағытынан, қабілет, қызығуынан, жақсы байқалады. Екек адам – тарихи-әлеуметтікжағдайдың жемісі. К. Маркстің айтуынша, жеке адам – «барлық қоғамдық ққатынастардың жиынтығы».
Жеке адам - әлеуметтік қатынастармен саналы іс-әрекетті жүзеге асырушы, нақты қоғамның мүшесі, өзін басқалардан ажырата білетін, өзінің кім екенін түсінетін есі кірген ересек кісі. Адам қоғамнан тыс, тәуелсіз өмір сүре алмайды. Себебі, оның тәні де, жаны да айналасындағылармен қарым-қатынас жасау үстінде, тек әлеуметтік әсер жағдайында ғана адам кісілік мән-мағынаға ие. Адам санасының дамып, өсіп жетілуі оның ортасымен (от басы, мектеп және т.б.) тығыз байланысты.
Кез-келген адам қандай да болмасын белгілі бір топқа кіреді. Топтар үлкен (макро), кіші (микро), ресми емес, ресми, ұйымдасқан, ұйымдаспаған, крнтактылы (адамдары ылғи да жүздесіпп жүретін топ), оқщауланған, формалы, формасыз, жасанды, табиғи, шартты, референттік т.б. болып бірнешеге бөлінеді. Топ екі адамнан бастап құралады; 2-40 адамға дейінгі топ шағын топтар (мектеп сыныбы), мыңдаған, ммиллиондаған адамдардың тобын (саяси партиялар, ұлт, кәсіп одақ, діни ұйымдар) үлкен топтар деп аталады. әрбір топтың ресми не ресми емемс жетекшілері болады. Топтар ассоциация, кооперация, корпорация деп те бөлінеді. Референттік топ – бұл әрбір адамның ерекше қастерлеп, қадір тұтатын, оның тіршілігіне әркез бағыт-бағдар сілеп отырған топ. Реалды контактілі топтың жоғары дәрежеде ұйымдасқан түрі ұжым деп аталады. А. С. Макаренконың айтуынша ұжым – мақсат-мүдделері ортақ, әрекеттес, белгілі дәстүр салттары бар, өзін-өзі басқара алатын, әлеумет, ұжым тіршілігіне арқау еткен адамдар тобы.
«жерден жұлып алынып, құнарсыз құмға тасталған өсімдіктің өмір сүруі мүмкін емес екені сияқты, адамның да қоғамнан тыс болуы мүмкін емес» (А. Толстой).
Сол себепті адам психологиясын дұрыс түсіну үшін, ең алдымен, оның әлеуметтік жағдайын, яғни оның қандай ортаның өкілі екендігіне, оның қандай көз-қарасы, наным-сенімі, бағыт-бағдары, білімі мен тәжірибесі, икем-бикемділігі, нақты кәсібі, білімі бар екендігіне назар аударуымыз керек. «Әлеуметшіліксіз, - дейді Х. Досмұхамедов (1883-1939) – қазақта ұлт тіршілігі, ұлт мемлекеті болуға мүүмкін емес...Онда әлеуметшілік құру үшін елдің өткен кеткен тұрмысын бұрынғы болған әлеуметқимылдарын тану керек». Осы айтылғандар туралы мағлұмат алғанда ғана біз оның психологиясы жайлы азды-көпті пікір білдіруге мүмкіндік аламыз. Психикалық қасиеттердің қалыптасуында оқу-тәрбие процесі шешуші роль атқарады. Кейбір психологтар адамның осындай тұрақты да тұрлаулы ерекшеліктерін өзгермейтін нәрсе деп есептейді. Адамның белсенділігі тума қасиетінен, яғни «психикалық энергиясының» дәрежесінен, «психикалық қуатынан» болады деп қоғамдық мәнін жоққа шығарады. Жеке адамның өмір бағытын көрсететін компоненттер көп. Олардың бастылары: мотивтер мен қажеттер, бейімділік пен қызығулар, дүниетаным мен сенім, мұрат пен талғам.
1. Қ. Жарықбаев Психология Алматы, 1993
2. Ә. Алдамұратов Жалпы психология Алматы, 1996
3. Намазбаева. Психология

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР:

Кіріспе

1. Жеке адам психологиясы
2. Мұқтаждық немесе қажеттілік
3. Ынтығу немесе құмарлық
4. Қызығу
5. Дүниетаным мен сенім, мұрат және талғам

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Адам – белгілі бір қоғамның мүшесі, ол қандай болмасын бір іспен
айналысады, оның азды-көпті тәжірибесі, білімі, өзіне тән өзгешеліктері
болады. Осы айтылғандардың жиынтығы оны жеке адам етеді. Мысалы, жаңа
туған нәрестені адам днп атауға толық болады, бірақ әле де ол жеке адам
емес. Себебі, онда жоғарыда аталған компоненттер: тәжірибе, білім, іс-
әрекет жоқ. Жеке адамның өзіндік ерекшелігі дүниетанымынан, сенімінен,
талғам, мұратынан, бағытынан, қабілет, қызығуынан, жақсы байқалады. Екек
адам – тарихи-әлеуметтікжағдайдың жемісі. К. Маркстің айтуынша, жеке адам –
барлық қоғамдық ққатынастардың жиынтығы.
Жеке адам - әлеуметтік қатынастармен саналы іс-әрекетті жүзеге
асырушы, нақты қоғамның мүшесі, өзін басқалардан ажырата білетін, өзінің
кім екенін түсінетін есі кірген ересек кісі. Адам қоғамнан тыс, тәуелсіз
өмір сүре алмайды. Себебі, оның тәні де, жаны да айналасындағылармен қарым-
қатынас жасау үстінде, тек әлеуметтік әсер жағдайында ғана адам кісілік мән-
мағынаға ие. Адам санасының дамып, өсіп жетілуі оның ортасымен (от басы,
мектеп және т.б.) тығыз байланысты.

1. Жеке адам туралы түсінік

Кез-келген адам қандай да болмасын белгілі бір топқа кіреді. Топтар
үлкен (макро), кіші (микро), ресми емес, ресми, ұйымдасқан, ұйымдаспаған,
крнтактылы (адамдары ылғи да жүздесіпп жүретін топ), оқщауланған, формалы,
формасыз, жасанды, табиғи, шартты, референттік т.б. болып бірнешеге
бөлінеді. Топ екі адамнан бастап құралады; 2-40 адамға дейінгі топ шағын
топтар (мектеп сыныбы), мыңдаған, ммиллиондаған адамдардың тобын (саяси
партиялар, ұлт, кәсіп одақ, діни ұйымдар) үлкен топтар деп аталады. әрбір
топтың ресми не ресми емемс жетекшілері болады. Топтар ассоциация,
кооперация, корпорация деп те бөлінеді. Референттік топ – бұл әрбір адамның
ерекше қастерлеп, қадір тұтатын, оның тіршілігіне әркез бағыт-бағдар сілеп
отырған топ. Реалды контактілі топтың жоғары дәрежеде ұйымдасқан түрі ұжым
деп аталады. А. С. Макаренконың айтуынша ұжым – мақсат-мүдделері ортақ,
әрекеттес, белгілі дәстүр салттары бар, өзін-өзі басқара алатын, әлеумет,
ұжым тіршілігіне арқау еткен адамдар тобы.
жерден жұлып алынып, құнарсыз құмға тасталған өсімдіктің өмір сүруі
мүмкін емес екені сияқты, адамның да қоғамнан тыс болуы мүмкін емес (А.
Толстой).
Сол себепті адам психологиясын дұрыс түсіну үшін, ең алдымен, оның
әлеуметтік жағдайын, яғни оның қандай ортаның өкілі екендігіне, оның қандай
көз-қарасы, наным-сенімі, бағыт-бағдары, білімі мен тәжірибесі, икем-
бикемділігі, нақты кәсібі, білімі бар екендігіне назар аударуымыз керек.
Әлеуметшіліксіз, - дейді Х. Досмұхамедов (1883-1939) – қазақта ұлт
тіршілігі, ұлт мемлекеті болуға мүүмкін емес...Онда әлеуметшілік құру үшін
елдің өткен кеткен тұрмысын бұрынғы болған әлеуметқимылдарын тану керек.
Осы айтылғандар туралы мағлұмат алғанда ғана біз оның психологиясы жайлы
азды-көпті пікір білдіруге мүмкіндік аламыз. Психикалық қасиеттердің
қалыптасуында оқу-тәрбие процесі шешуші роль атқарады. Кейбір психологтар
адамның осындай тұрақты да тұрлаулы ерекшеліктерін өзгермейтін нәрсе деп
есептейді. Адамның белсенділігі тума қасиетінен, яғни психикалық
энергиясының дәрежесінен, психикалық қуатынан болады деп қоғамдық мәнін
жоққа шығарады. Жеке адамның өмір бағытын көрсететін компоненттер көп.
Олардың бастылары: мотивтер мен қажеттер, бейімділік пен қызығулар,
дүниетаным мен сенім, мұрат пен талғам.

2. Мұқтаждық

Адамды әрекетке бағыттайтын, қажетін өтеуге талпындыратын бір түрткі
болады. Бұл түрткіні психологияда мотив деп атайды. Қандай болмасын
нысанның себебін білмей тұрып, адамның бір мақсатқа жетем деген ойын
қалайша тоқтата алатынын және оның мінез-құлқының мән-жайын толық түсіну
қиын болады.
Түрлі жағдайлардың әсер етуіне қарай адам психологиясы әртүрлі
өзгеріске түсіп отырады. Осыған орай оның түрткілері де, мақсатқа жету үшін
қажетті шаралары да өзгеріске ұшырайды.
Жеке адамды қандай болмасын әрекетке итермелейтін негізгі қозғаушы
мотив – оның түрлі қажеттері, яғни бір нәрсеге мұқтаждануы.
Мұқтаждықтар туралы бірнеше теориялар қалыптастысты. Жеке адам, оның
мұқтаждықтары туралы теориялар өте ерте кезде, Грецияда пайда болған. Кең
етек алып жайылған теориялардың бірі – материалистік теория, мұны
жақтаушылар Греция философтары Аристарх Эпикур. Бұл теория бойыншша,
адамның әрекеттері, қылықтары, оның жағымды сезімдерге ұмтылып, оларды
қайтарып тастауымен байланысты. Олардың айтуы бойынша, адам өзінің тұрмыс
тіршілігінде әрқашанда жағымды сезімдерді тудырып, сол сезімдер үшін әрекет
ету, соған ұмтылу, жағымсыз сезімдерді жоюға талпынады. Бұл теориянны
жақтаушылар XVIII ғ. француз материалист-ағартушылары болып табылады. Олар
жағымсыз сезімдерге қарсы шығып. Дүниенің ең қызығы ешбір алаңсыз өмір
сүріп, дүниенің бар қызығын көріп қалу, сол себептен адамдар өздерінің
тұрмысында жағымды сезімдерге көбірек ұмтылып, олрады қайтарып тастауы
керек дейді.
Француз психологтары мұқтаждық туралы физиологиялық теорияға негіз
салды. Бұлар адамның мұқтаждықтары тәнде болатын түрі биологиялық және
физиологиялық ағымдармен байланысты, мұқтаждық адамның тәнінде болатын
биологиялық жағдайды санадан өткізіп таниды дейді. Бұл биологиялық теория,
олар еш уақытта адамның мұқтаждығын биологиялық, физиологиялық ағымдарға
апарып теңеуге болмайтындығын ескереді.
Адамның бір мұқтаждығының қанағаттанып, оның орнына басқа мұқтаждық
пайда болуы оның өмір сүруіне, әрекет етуіне өте керекті шарт болып
табылады. Егер өзінің мұқтаждықтарын қанағаттандыруымен ғана тынатын болса,
онда өмір сүрудің, тіршілік етудің айрықша керергі болмас еді. Адамның
қоғамнан да мұқтаждығы болмаса, қоғамның алға дамып отруы да болмас еді.
Сол себептен мұқтаждық не қажеттілік адамның болсын, қоғамның болсын
прогрессивтік түрде өсіп, алға дамып кетуіне өте керекті күш болып
табылады. Адам баласы түрлі қоғамдарда өзінің мұқтаждықтарын еш уақытта
толық қанағаттандырған емес.
Қоғамның өндірістік қатынастар мен өндіруші күштері, олардың дәрежесі
қоғамның түрлі мұқтаждықтарына пайда болуына себепші болып отырады. Бірақ
олардың өздері адам қоғамына сүйеніп, солардан пайда болады. Адамның
санасы да, тілі де мұқтаждықтан пайда болған. Қарым-қатынас жасау үшін тіл
қажет, егер мұқтаждық болмаса, онда тіл мен санада болмайтын еді. Сыртқы
ортамен байланыс жасауда адамның өмір сүруі үшін ең алдымен ерекше маңыз
алған материалдық қажеттіліктер (тамақ, баспана, киім, еңбек құралдары
т.б.) болады. Адам баласының тарихи даму жағдайында туған еңбек әрекеті
еңбек құралдарымен пайдалану секілді негізгі материалдық қажеттіліктер
біртіндеп дами келе, рухани қажеттіліктерді туғызды. Рухани
қажеттіліктердің дамуы - материаллдық қажеттіліктердің қанағаттандырылуына
байланысты. Адам мұқтаждықтарының дамуы – тарихи дамуддың елеулі бір
кезеңі. Олар адамның алдына әртүрлі мақсаттар қойып отыруына себепші
болатын негізгі түрткілер. Адам өзінің мұқтаждықтарын өтеу үшін бар
мүмкіндігін пайдаланады. Бұл оны белсенді түрде іс-әрекет етуге
талпындырады. Оның қажеттері саналы әрекетінің нәтижесінде біртіндеп
отырады. Адам өз қажетін өтеуде сыртқы ортаны, табиғатты өзгертуге дейін
барады. Мұқтаждықтардың өтелуі, өтелмеуі адам психологиясына, оның күйініш-
сүйінішіне әсер етеді. Мұқтаждықтардың орындалу тәсіліне қарай кісіде
мазасыздану, не тынышталу, рахат, ләзаттану, не азап шегу сезімдерін
туғызады. Мұқтаждықтарды өтеу арқылы адам тиісті құралдарды іздестіріп
солардың күшімен, түрлі теориялық. Практикалық сипаттағы мәселелерді шешуге
мүмкіндік алады. Себебі, қажет – адамның ойлау қызметін тудыратын негізгі
себептердің бірі болып табылады. Олай болса, адамның мұқтаждықтары – іс-
әрекетінің негізгі мотивтері, яғни оның психологиясының қайнар көзі,
бастамасы болып табылады. Қажет - өмір сүрудің, тіршілік етудің арқауы.
Егер табиғи қажет өтелмесе, өмір сүру үшін тиісті жағдайлар болмаса, адам
да, жануарлар да тіршілік ете алмас еді. Адам өмір сүруі үшін рухани
мұқтаждықтардың өтелмеуі, адамның сана-сезімінің өсуіне кедергі келтіреді.
Қажет жануарларды да бар. Бірақ бұл – биологиялық сипаттағы мұқтаждықтар.
Жануарлар мұқтаждықтары –олардың қоректенетін заттарын іздестіруден жақсы
байқалады. Ал адамда болса, әлеуметшілік, қоғамдық тұрмыста қоғамның
өзгеруімен бірге адамның мұқтаждықтары да өзгеріп, ескі мұқтаждықтары
жойылып, олардың орнына жаңа мұқтаждықтар пайда болады. Мысалы, бұрынғы
адамдарда театр, кино, түрлі операцияларды көру мұқтаждықтары қол жеткізіп,
қоғамның өзгеруімен бірге мұқтаждықтарының өзгеріп отырғанын байқауға
болады.
К. Маркс пен Ф. Энегльс неміс идеологиясында адамның материалдық
тұрмысы олардың дамып жетілген мұқтаждықтарымен байланысты дейді. Бұл –
мұқтаждықтардың пайда болуы және оларды қанағаттандыру болады. Сондықтан
мұндай мұқтаждықтарды олардың түрліше қанағаттандырып отыруы хайуанаттарда
болмайды. Жалғыз ғана адамда болады деген пікірді айтады. Мұқтаждықтардың
жүзеге асып отыру формалары оларды қанағаттандыру жолдарымен байланысты.
Жоғарыда айтылған негізгі материалдық және рухани мұқтахждықтар адам
қоғамының барлық сатысында орын алса да, оларды қанағаттандыру, жүзеге
асыру трлері өзгеше болып келеді.
Мұқтаждық, яғни қажеттілік адамның барлық әрекеттерінің қылығының
себепшісі болып, оларды дамытушы күш болып табылады. Адам дүние табуда да,
техниканы, өнерді, мәдениетті дамытуда болсын өзінің, қоғамның мұқтаждығына
сәйкес әрекет етіп отырады. Егер адамда мұқтаждық болмаса, алдына мақсат
қоййып, істейтін ешбір әрекеті де, қылығыда болмайды. Түбінде адамның
мұқтаждығы өз қлығының, әрекеттерінің негізі болып, соларды басқарып,
меңгеріп отырады. Егер адамдардың мұқтаждығы бір қалыпты тұрып, өзгермесе,
жаңа мұқтаждықтар пайда болмаса, адамның әрекеті де бір қалыпты тұрған
болар еді. Олай болса тарих та болмас еді. Сондықтан тарих пен қоғамның
дамуы үшін, адамның мұқтаждық әрекеттері өсіп, дамып отруы қажет.

3. Ынтығу

Сексуалдық теорияны неміс психоналистік-психоневрологі З.Фрейд(1856-
1939) адамның мұқтаждықтарын ынтығуларға, яғни құмартуларға теңейді. Оның
тұжырымдауынша, адамның екі түрлі ынтығулары болады: бірі- сексуалдық
немесе жыныстық ынтығу, екіншісі – мендік немесе өзін-өзі қорғауға
ынтығу. Мендік ынтығу сексуалдық ынтығудан кейін пайда болады. Ол адамның
өзін-өзі қорғауына, өзінің өмір сүруіне керекті ынтығу болып табылады.
Фрейд сексуалдық ынтығу өте ерте кезден пайда болған деген. Олар адамның
әрекеттері мен қылықтарынының барлығына негіз болып, соларды басқарып
отырады. Адам қасиеттері материалдық және рухани болып екіге бөлінеді.
Адамда екі түрлі күш бар: бірі – биологиялық күш, ол жыныс ынтығуы,
екіншісі - әлеуметтік. Біріншісі – санасыз, екіншісі – саналы. Осы екі күш
арасында күрес жүреді, бірақ күресте биологиялық жеңіп шағады. Себебі, ол
саналы күштен ерте пайда болып, оның биологиялық жағы күштірек болып,
адамды басқарып отырады. Фрейдтің айтуы бойынша, ынтығу іштен туады, ол
биологиялық, яғни адам тәніне ерте бастан берілген, өзінен-өзі пайда болып
отыратын күш. Бұл күш еш уақытта сыртқы жағдайдың әсерінен пайда болмайды.
Сөйтіп Фрейдтің теориясы бойынша, адамның жыныс ынтығулары барлық
әрекеттеріне негіз болып, оларды басқарып отырады. өйткені ол әлеуметтік
дамудың жемісі емес, биологиялық дамуыдың жемісі, адамның әрекетін
мұқтаждықтары меңгермейді, ынтығулары меңеріп отырады, - дейді. Құмарту,
ынтығу жаайлы тағы бір теорияда адам әрекеттерінің негізі оның санасы,
ойы, көңілі, қылығы, еркі тағы сол сияқты психикалық күйі делінеді.
Неміс психологы Курт Левин (1890-1947) адам сыртқы дүниедегі әсер
етуші заттардың ықпалында болып, еріксізден еріксіз әрекет етеді дейді.
Адам сыртқы әсер етуші заттардың құлы солардың ықпалында ғана болады деген
тұжырым айтқан.

Ынтығу, яғни құмарту заттардың адамға тікелей әсер етуінен адамда бір
түрлі қозулар пайда болдырудың нәтижесіннен шығады. Егер адам өзі жақсы
көретін тамақты көрсе, онда сол асқа құмартып, жегісі келеді. Мұндай
әрекетті ынтығу деп айтуға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түстердің адам ағзасына әсері
Б. Эльконин бойынша тұлға дамуы
Балалар психологиясы ғылымының теориялық негіздемесі
Жас ерекшелік және педагогикалық психологияның пайда болуы және алғашқы дамуы
Балалар психологиясының теориялық дамуы
Психология және дін психологиясы
Жас ерекшелік психологиясы
Орта буынды мекетеп оқушылырының психологиялық ерекшеліктерінің психологиялық-педагогикалық тұрғыдан диагностикалау технологиясы
Менеджмент психологиясы жайлы лекциялар
Тілдегі гендерлік ерекшеліктер мәселесі соңғы жылдары ғана
Пәндер