Аударманың жасалу түрлері



Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Ауызша аударманың жасалу түрлері
2. Ілеспе аудармадағы жазу техникасы
3. Синхронды аударма сипаты
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Ілеспе аударма – бір тілде сөйленген сөзді тыңдау арқылы екінші бір тілге ауызша түрде аудару. Барлық мәліметтер жеткізіліп болғаннан кейін әңгімелесушінің айтқандары, шешеннің сөздері, радио хабарлары толық түрде жедел аударылады. 2. Мәтінді тыңдағаннан кейінгі ауызша жасалатын аударма. Ілеспе аударма жазбаша аударма, азат жолдық-сөйлемдік аударма, сондай-ақ бір жақты аударма және екі жақты аудармадан ерекшеленеді. Ілеспе ауларманы көп жағдайда аударма қызметінің кәсіби түрі ретінде тындау арқылы жазбаша жүргізілетін ауызша аударма деп атайды. 3. Ауызша аударма жасаушы қызметінің түрі аударылатын тілдің дыбысталуы аяқталғаннан кейін айтылған мәтінді аударумен сипатталады. 4. Ауызша аударма тындау нәтижесінде жасалады. Мұның бір ерекшелігі аударма айтылған сөздерді үзіп, бөліп жеткізу түрінде жүргізіледі. Сөз сөйлеушінің айтар ойын толық жеткізуіне байланысты, оны толық тындап, жедел есте сақтау арқылы аудармашы уақыт айырмашылығының созылмалылығына тап келеді. Осынау уақыт ішінде аудармашы айтылған сөздерді, барлық ақпарат көлемін мұқият есте сақтай отырып, жедел есте сақтау қабілетінің көмегімен ойдағы мәтінді түгелдей аударып шығады. Бұл міндетті шешу үшін арнайы жазба жүйесі пайдаланылады, бұл аудармашының есте сақтау қабілетіндегі жүктемені жеңілдетеді. 5. Автор мәтіндегі белгілі бір мәтін бірліктерін кідіріспен тындау арқылы орындалатын аударма.
Жазбаша жүргізілетін ілеспе аударма - бір тілден басқа тілге тындау арқылы аудармашының аударылатын мәтінді жазба жүйесімен ілеспе аударма негізінде қабылдау кезінде пайдаланылатын ауызша аударма түрі.
Аударма қызметінде сөйлеу үдерістерінің негізгі белгілері аударманы жүзеге асыру құралдары ретінде қатысады. Ол сөзді жеткізу түрлері: сөйлеу, тындау, жазу, оқу.
Аударма - әлеуметтік қажеттіліктегі қызмет әрі қоғамдық пайдалы еңбек. Аудармашы рөлі – тілдік кедергілерді жеңу арқылы тілдік қатынастарды байланыстыру, сапалы аударма жасау. Аударма екі тілдің құралдарын меңгеру негізінде ауқымды сөз сөйлеу мүмкіндігін жұптап пайдалануға сүйенеді. Яғни тындау және қайта айту, тындау және жазу үдерістерін қамтиды. Аударма екі тілдік құралдарды пайдалануға сай бір тілдік жүйеге қарама-қарсы қойылады. Екі ауқымды сөз сөйлеу тәсілдерін пайдалану бойынша аударма диалогпен, қайта әңгімелеумен, мазмұндаумен түйіндеу жасаумен, редакциялаумен т.б. бірігеді. Аударманың мамандану ерекшелігі айтылған сөзді толық әрі дәл қабылдауға бағытталады. Оның тұтастылығы мен дәлдігі – аударма қызметінің мақсатты талабы.
1 Әдебиет – руханият қайнары. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сұхбаты. «Қазақ әдебиеті», 24-30 наурыз, 2006 жыл.
2 Мусинов А. Некоторые проблемы казахско-киргизских литературных связей. Автореферат канд. дисс. Алма-Ата. 1970. – 32 с.
3 Әдебиеттану. Терминдер сөздігі. Алматы: Ана тілі, 1998. – 384 бет.
4 Қазақ әдебиеті. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Даму институты, 1999. – 750 бет.
5 Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. Алматы: Қазақ энциклопедиясы Бас редакциясы, 1998. – 170 бет.
6 Уәлиханов Ш.Таңдамалы. Алматы: Жазушы, 1980. – 416 бет.
7 Садырбаев С. Халық әдебиетінің тарихи негіздері. Алматы: Қазақ университеті, 1992. – 216 бет.
8 Кебекова Б. Қырғыздар мен қазақтардың фольклорлық байланыстары // Қазақтың қазіргі халық поэзиясы. Алматы: Ғылым, 1973. – 312 бет.
9 Бердібай Р. Эпос – ел қазынасы. Алматы: Рауан, 1995. – 352 бет.
10 Жолдасбеков М. Асыл арналар. Алматы: Жазушы, 1990. – 352 бет.
11 Сүйүмбай менен айтышы // Арстанбек. Ырлар. Бишкек: КЭ Башкы редакциясы, 1994. – 180 бет..
12 Залкар акындар. Бишкек: Шам, 1998. – 296 бет.
13 Абай. Шығармаларының екі томдық толық жинағы. Т.2. Алматы: Жазушы. 2004. – 336 б.
14 Тоголок Молдо. Чыгармалар. т 1. Фрунзе, 1954. – 125 бет.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Ауызша аударманың жасалу түрлері
2. Ілеспе аудармадағы жазу техникасы
3. Синхронды аударма сипаты
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Ауызша аударманың жасалу түрлері

Ілеспе аударма – бір тілде сөйленген сөзді тыңдау арқылы екінші бір
тілге ауызша түрде аудару. Барлық мәліметтер жеткізіліп болғаннан кейін
әңгімелесушінің айтқандары, шешеннің сөздері, радио хабарлары толық түрде
жедел аударылады. 2. Мәтінді тыңдағаннан кейінгі ауызша жасалатын аударма.
Ілеспе аударма жазбаша аударма, азат жолдық-сөйлемдік аударма, сондай-ақ
бір жақты аударма және екі жақты аудармадан ерекшеленеді. Ілеспе ауларманы
көп жағдайда аударма қызметінің кәсіби түрі ретінде тындау арқылы жазбаша
жүргізілетін ауызша аударма деп атайды. 3. Ауызша аударма жасаушы
қызметінің түрі аударылатын тілдің дыбысталуы аяқталғаннан кейін айтылған
мәтінді аударумен сипатталады. 4. Ауызша аударма тындау нәтижесінде
жасалады. Мұның бір ерекшелігі аударма айтылған сөздерді үзіп, бөліп
жеткізу түрінде жүргізіледі. Сөз сөйлеушінің айтар ойын толық жеткізуіне
байланысты, оны толық тындап, жедел есте сақтау арқылы аудармашы уақыт
айырмашылығының созылмалылығына тап келеді. Осынау уақыт ішінде аудармашы
айтылған сөздерді, барлық ақпарат көлемін мұқият есте сақтай отырып, жедел
есте сақтау қабілетінің көмегімен ойдағы мәтінді түгелдей аударып шығады.
Бұл міндетті шешу үшін арнайы жазба жүйесі пайдаланылады, бұл аудармашының
есте сақтау қабілетіндегі жүктемені жеңілдетеді. 5. Автор мәтіндегі белгілі
бір мәтін бірліктерін кідіріспен тындау арқылы орындалатын аударма.
Жазбаша жүргізілетін ілеспе аударма - бір тілден басқа тілге тындау
арқылы аудармашының аударылатын мәтінді жазба жүйесімен ілеспе аударма
негізінде қабылдау кезінде пайдаланылатын ауызша аударма түрі.
Аударма қызметінде сөйлеу үдерістерінің негізгі белгілері аударманы
жүзеге асыру құралдары ретінде қатысады. Ол сөзді жеткізу түрлері: сөйлеу,
тындау, жазу, оқу.
Аударма - әлеуметтік қажеттіліктегі қызмет әрі қоғамдық пайдалы еңбек.
Аудармашы рөлі – тілдік кедергілерді жеңу арқылы тілдік қатынастарды
байланыстыру, сапалы аударма жасау. Аударма екі тілдің құралдарын меңгеру
негізінде ауқымды сөз сөйлеу мүмкіндігін жұптап пайдалануға сүйенеді. Яғни
тындау және қайта айту, тындау және жазу үдерістерін қамтиды. Аударма екі
тілдік құралдарды пайдалануға сай бір тілдік жүйеге қарама-қарсы қойылады.
Екі ауқымды сөз сөйлеу тәсілдерін пайдалану бойынша аударма диалогпен,
қайта әңгімелеумен, мазмұндаумен түйіндеу жасаумен, редакциялаумен т.б.
бірігеді. Аударманың мамандану ерекшелігі айтылған сөзді толық әрі дәл
қабылдауға бағытталады. Оның тұтастылығы мен дәлдігі – аударма қызметінің
мақсатты талабы.
Ілеспе аударма – тындау арқылы мәтінді басқа тілдің құралдарымен
ауызша қайта баяндап шығу. Айтылған мәтінді тындау нәтижесінде қабылдау,
есте сақтау қабілеті белсенді жұмыс істеуі тиіс. Баяндалған мәтіннің
арасындағы уақыт неғұрлым ұзарған сайын есте сақтау қабілетіне үлкен күш
түседі. Аудармашының есте сақтау қабілетінің мықтылығы, оның жоғары деңгейі
мен машықтануы айтарлықтай дәрежеде ілеспе аударманың сапасын анықтайды.
Егер де түпнұсқа мәтіні ұзақ болса әбден бейімделген естің өзі де оны толық
әрі қайтадан дәл жеткізіп беруге кепіл бере алмайды. Мәтіннің көлемін
негізінде сөз сөйлеуші шешен белгілейді, аудармашы міндеті сөз сөйлеушінің
шешендігімен, сөйлеу стилімен аудармасы үйлесім табуы тиіс. Эдмон Кари өз
кітабында француз дипломаты Андре Франсуа-Пансенің Ұлттар лигасында 2,5
сағатқа созылған сөзіне үздіксіз ілеспе аударма жасаған. Ұлттар лигасының
мәжілісінде екі жұмыс тілі ағылшын және француз тілдері пайдаланылған.
Ілеспе аударманың негізін қалап, дамуы Женева университеті жанындағы
аудармашылар мектебінен басталады. 1941 жылы құрылған бұл мектепте ілеспе
аударманың жандануы Антуан Веллеман, Жан Эрбер, Рабер Канфино, ағайынды
Каминкерлер, Жорж Матье есімдерімен тығыз байланысты. А. Веллеман – ілеспе
аударма метебінің негізін салушы. Бұл университетте негізі пән ілеспе
аударма, дәлірек айтсақ, ілеспе аудармадағы жазба жүргізу болады. Ілеспе
аударманы техникалық тұрғыдан жазу Батыс Еуропа елдерінде алдыңғы орынға
қойылды. Халықаралық конференциялар ұйымдастырушылар шешеннің ілеспе
аударма арқылы үздіксіз сөйлеуіне мүлде қарсы шықты. Олардың ұйғаруынша
ол сөздің түгел сөйлеп шығады, сонан кейін ғана аударма жасалады.
Үздіксіз ілеспе аударма ес, зейінге қосымша құрал қажетсінді. Мұндай
қосымша құралдар жазбалар болды. Егерде аударманы жеткізуде жазбаша түрде
есте сақтау бұдан бұрын қабылданған мәтінді қайта қалпына келтіруге
көмектессе, ал жазба жүргізу – жазу кезінде түйсік белсенділігі артуы
нәтижесінде есте сақтау жүзеге асырылады. Ең жақсы деген стенографистер
бірден бірнеше жолды қағазға түсіре алмайды да, сондықтан арнайы символдар
пайдаланылды. Кейіннен стенографияда басқа жолдар іздестірілді. Сөздерді
қысқарту арқылы әріп түрінде жеткізу немесе арнайы белгілер мен символдар
қолдану кеңінен енді. Ор – орынбасар, пр-президент, гн-генерал, эк-
экономика, Аст-астана. Символдар - негізгі тілде қатыссыз-ақ лексикалық
мағынаны жеткізуші саналады. Кейбір қажетті грамматикалық ақпаратты жазбада
беру үшін сөздердің бекітілген тәртібі немесе басқа символдар қарастырылды.
Символдар ең басты белгіленуіне орай предигативтік, уақыт символы,
моральдық символдар, сапа символы деп аталса, қалғандары осының төңірегіне
жинақталды. Көп уақытқа дейін ілеспе аударманың рөлі биік болды.
Синхронды аударма ІІ дүниежүзілік соғыстан кейін ғана, алдыңғы орынға
шыға бастады. Нюрнберг сот процесінде алғаш рет бұл аударма түрін БҰҰ
бекіткеннен кейін конгрес, конференция, симпозиумдар да жаппай қолданылды.
Алайда синхронды аударма екі жұмыс тілі қабылданған жерде уақытты үнемдеуге
қолайлы болғанымен, ілеспе аударманы тұтастай алмастыра алмады. Синхронды
аударма үшін қымбат техника, арнайы микрофон, жазба аппараттары, тыңдау
құралдары, арнайы жабдықталған кабинет керек. Тағы бір жағы жақсы синхронды
аударма ақпаратты толық жеткізудің кепілдігін бере алмайды.
Ілеспе аударма келіссөздер, мемлекет жіне саяси басшылар кездесуінде,
баспасөз маслихаттарында, түрлі комиссиялар жұмысында, делегацияны сапаға
шығарғанда, халықаралық жиындарда, форумдарда, әсіресе екі жұмыс тілі
қолданылған жағдайда жүргізіледі. Өзіндік ілеспе аударма жазбасымен радио
мәліметтерін немесе шет тіліндегі радио хабарларды жеткізу болып табылады.
Мұндай жазба үлгісін аудиотаспаға жазып алу арқылы бірнеше рет тыңдап
барып, қажет жағдайда қайта жазып шығып, сонан соң аударма жасалады. Бұл
аударма түрін жазба аударманың нұсқасы деп қарастыруға болады. Бұл – бір.
Радио мәліметтерін аудару бірден магнитті таспаға немесе аудиотаспаға
түсіріледі. Мұндай жағдайда аудармашы бір рет қана тыңдау мүмкіндігіне ие
болады. Мұндай мәліметті аудару үшін аудармашының жылдам жазу қажеттілігі
зор.
Ауызша аударманың түрлеріне сәйкес баламалы аударма міндетті емес.
Ауызша аудармаға қойылатын басты талап – бастапқы мәліметтің негізгі
мазмұнын дәл жеткізу. Сонымен бірге сөйленген сөздің ақпараттың құндылығын
құрайтын негізгі элементтерін қамту. Кейде күрделі жағдайға орай аударманы
түрлендіруіне және аударма дағдысын жүйелендіруге де болады. Мұндағы ең
бастысы – ақпаратты жедел, дәл, шынайы жеткізу. Ілеспе аударма мынандай
бөліктерден тұрады:
1) ақпарат көзі (немесе жіберуші тұлға, сөз сөйлеуші адам)
2) ақпарат (сөйленген сөз)
3) ақпаратты өз тілінен екінші тілге жеткізуші (бұл аудармашының
аудару үдерісі)
4) ақпарат арнасы (сөйленген сөздің жалпы мазмұны)
5) ақпаратты басқа тілден қайта жасап шығарушы (аудармашының іс-
әрекеті)
6) алынған ақпарат (аударылған мәтін)
Ілеспе аударма синхронды аударма тәрізді ауызша аудару түрі саналумен
бірге тыңдау нәтижесінде жасалады. Синхронды аударма ерекшелігі белгілі
уақыт аралығында шешенннің сөзін сөйлегеннен соңғы мәлеметтерді зердеде
сақтап, оймен тиянақтап жеткізу уақыттың айтарлықтай кезеңімен бір-бірінен
бөлінеді. Ілеспе аударма уақытқа сәйкес екі кезеңге бөлінеді: 1) сөз сөйлеп
жатқан кезде аудармашы адам ақпаратты қабылдап алып, оның жазбасын
жүргізуге әзірленеді. Мұндағы жоғарыда аталған барлық бөліктер қатысады. 2)
бұл кезеңде аудармашы жазбаны пайдаланып сөзді тиісті адамға жеткізеді.
Көбінесе сөзді толық тыңдау нәтижесінде ауызша қайта мазмұндау жасалады.
Ә. Тәжібаев естелігінде москвалық атақты режисерлер Г. Рошаль белгілі
әдебиетші В. Шкловский, жазушы Л.Л. Вайтоловская үйінде қонақта болғанда
В.П. Строева (Рошальдың әйелі) Иса Байзақовтың суырып салмалылығын сынап,
А.С. Пушкиннің Египет түндеріндегі әйгілі Клеопатра патша туралы оқиғаны
жырлап беруін өтінген. Ақын домбырасымен жиырма бес шумақтай жырды табанда
айтып шыққан. Оны қонақтарға М. Әуезов ауызша, сол мезетте аударып берген.
Ә.Тәжібаев естелігінде былай жазады: Иса өзінің бұрыннан естіп, осыны
жазсам деп ойланып, толғанып жүрген жырындай төкті. Әншейінде кібіртіктеп,
ыңылдап бастайтын Мұхан да бұл жолы ағыл – тегіл орысшалады: ол жырдағы
ақын суреттеген адам мүсіндерін айнытпай айтады. Сөздердің екпін-лептерін
аңғартады. Әлдеқандай нәзік елестейтін бояу, дыбыстарды, ишараттарды
жеткізуге тырысады. Бәріміз бір кісідей тұрып, Исаға да, оның жырын
осыншалық әсем аударған Мұхтарға да қошемет көрсеттік (243 б). Міне бұл М.
Әуезовтың әрі поэзиялық, әрі ауызша (ілеспе) аудармаға шеберлігінің жарқын
үлгісі.

Ілеспе аудармадағы жазу техникасы

Ілеспе аудармада аударма мәтіні бастапқы айтылған мәтіннің бөліктеріне
сәйкес туындайды. Бұл оны ауызша аударманың тағы бір түрі мәтін тұстай бір
тілден екінші тілге бір мезгілде түпнұсқамен қосарласа, қатарласа
туындайтын синхронды аударма түрінен ерекшелейді.
Ілеспе аударманың ерекшеліктері оның жасалу шарттарынан анықталады:
- ақпараттың бір реттік қана түсуінен (қайталап жасап шығу техникалық
немесе этикалық себептер бойынша мүмкін емес);
- ақпараттың түсу жылдамдығынан (белгіленген қалыпқа сай болуы немесе
шешеннің сөйлеген сөзінің шапшандылығына қатысты);
- аудармашылық шешім іздестіру кезінде сөздіктерді немесе басқа да
анықтамалық материалдарын пайдалану мүмкіндігінің болмауынан;
комуникацияның дыбыстық арналарын пайдаланудан.
Басқаша айтқанда, ауызша аудармашы ешқандай қосалқы құралдарсыз бірақ
рет тыңдап алып, дұрыс түсіну нәтижесінде ауызша түрде аударма тілін,де
ақпаратты қайта жеткізеді.
Психологтар зерттеуінше, ауызша аудармашы қобалжу, толқу, жағдайында
жұмыс істейді. Олар қойылған талап деңгейінен шығуы тиіс, қажетті жағдайда
сабыр сақтап, жүйке және ақыл-ой қуатын үнемді жұмсай білуі қажет. Ілеспе
аудармашы бастапқы мәліметтердің (толығымен немесе жекелеген бөліктерімен)
түсінуінен бастап, оны қайта жеткізу барысында өзінің есте сақтау
қабілетіне, кейде сол сәтте жасаған жазбасына сүйенеді. Жазбаны аудару
кезінде ғана емес, сөзді жалғастыру аралығындағы ұзақ бөлікте жүргізген
жөн. Тәжірибеге сүйенсек, бастапқы ақпараттың жекелеген элементтерін мида
бекітуге аудармашының белсенді күш жұмсауына тура келеді. Күш-жігерінің
үлкен бөлігін, толық есте сақтағаннан гөрі аудармаға баламалы, ыңғайлы
нұсқаларды іздестіруге, әр сәтті жіті пайдаланып аударманың анағұрлым
жоғарғы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ағылшын тіліндегі антонимдік аударманың ерекшеліктері
Фразеологизмдерді аудару мәселелері
Қазақ тіліндегі фразеологизмдердің аударма тіліндегі көріністері
Ауызша аударма тарихы
Ілеспе аударманың қолданылуы
Аударма фразеологизмдердің түрлері
Тіларалық коммуникация
Тіл қатынас жүйесі және аударма түрлері
Мұнай газ саласындағы терминдерді ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару мәселелері
Біріккен сөздердің жасалуы
Пәндер