Диірменнің бизнес-жоспары



I Бизнес
I. 1 Фирма
I. 2 Бизнестің мәні мен қызмет ету саласы
I. 3 Мақсаттар
II Нарық
II. 1 Тұтынушылар
II. 2 Тауарлар мен қызмет көрсетулер
II. 3 Нарық сегменті
II. 4 Бәсеке
III Ұйымдастыру және басқару
III. 1 Өндірістік үрдіс
III. 2 Басқару
III. 3 Штат
IV Болжамдалған қаржы көрсеткіштері
IV. 1 Қаржыландырудағы қажеттілік
IV. 2 Болжамдалған табыстар
IV. 3 Жылдық өндірістік шығындар
V қосымша
V. 1 Қосымшаларды қоса алғанда 2000.2001 жж. баланстары
V. 2 Ұн жеткізіліміне өтініш
V. 3 Диірмен құрал.жабдықтарына коммерциялық ұсыныс
V. 4 Өмірбаян
V. 5 Несиемен байланысты шығындар
V. 6 Кіріс және шығыстардың болжамдалған жағдайы
V. 7 Ақша құралдарының қозғалысы туралы болжамдалған есептер
V. 8 Болжамдалған баланстар
V. 9 Инвестицияның қаржылық коэффициенттері
V. 10 Жобаның ағымдағы таза құнын (АТҚ) және ішкі пайдалылық нормасын есептейтін ақша құралдарының қозғалысы
Бұл жоспар Түркістан ауданы Ескі Иқан ауылындағы диірмен ашу мақсатында құрал– жабдық алуға қажетті несиені алу үшін ЖШС, «ХАСАН» & Со – фирмасы тарапынан жасалған. Диірмен сатып алынған бидайдан ұн жасайды және де ауылшаруашылық өндірушілеріне ұн тарту бойынша қызмет көрсетеді.
Қажетті инвестиция 45 мың долларды құрайды, оның ішінде:
— 15 мың доллары фирма серіктестерімен қамтамасыз етіледі де аймақ, орын және техникалық инфрақұрылымды қамтамасыз етуге бағытталады.
— 30 мың доллар банк несиесі есебінен алынады және қажетті құрал-жабдықтарды сатып алуға пайдаланылады.
Жоба бойынша кәсіпкерлік қызмет жақсы өтімділікті қамтамасыз етеді
(жалпы өтімділік коэффициенті қызметтің бірінші жылында 2,31, ал қызметтің бесінші жылында 11,66 құрайды: шапшаң өтімділік коэффициенті бірінші жылы 2,15-тен бесінші жылы 11,5-ке дейін өседі). Алынған несие бойынша пайыздарды өтеу коэффициенті өте жақсы: қызметтің бірінші жылы 3,11-ден бесінші жылы 23,73 дейін. Бұл инвестицияның орны екі жылғы атқарған қызметке қарағанда таза пайда есебінен сәл көптеу жабыла алады.
Жобаланған бюджет инвестицияны 27,2% шамасында қайтару коэффициентін қарастырады. Болжамдалып отырған қызмет бірінші жылы 3,11 %, ал бесінші жылы шамамен 20%таза табыс әкеледі.
Жобаның ішкі пайдалылық мөлшері 41,0%, ал таза ағымдағы құны- 17171 долларды құрайды. Екі көрсеткіш те қызметтің бес жылдық мерзіміне алдын ала айтылған (V.9 қараңыз). Банк тарапынан депозит салымдары бойынша төленетін 20-35% бен (бұл пайыз әрдайым азайып отырады және келесі 2-3 жылда инфляцияның төмендеуіне байланысты 20% аспайды) ІПМ-ін салыстыра отырып, бұл жобаны өте пайдалы деп есептей аламыз. Бұл нәтижелерді бағалау үлкен сенімділік жағдайында жасалады, атап айтқанда:
— Қызметтің бірінші жылында өндіріс қуаттылығын тек 75% шегінде пайдалану;
— Төмен табыстар және жоғарғы шығындар;
— Жұмыс істеу тәртібі күніне 8 сағаттан аспауы және аптасына 5 күн жұмыс істелуі керек;
— Бағалар мен заттай еңбекақылар нарықтағыдан 10% төмен.
Нарықтың бұл саласында тұрақты сұраныс бар, аймақ шикізатпен жабдықтау проблемасын шешуге мүмкіндік береді және қолайлы географиялық орынға - көлік байланысы жақсы қала орталықтарына жақын жерде орналасқан. Сондай-ақ, өндірістің алдыңғы және кейінгі сатыларында қызметті кеңейту келешектері де бар. Өндіріс алдындағы сатыда – бидай өнімдерін өсіру; өндірістен кейінгі сатыда нан және ұннан пісірілген тағамдар шығару.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Диірменнің бизнес-жоспары

Бұл бизнес- жоспарда келтірілген фирмалардың аты, есімдер,
географиялық атаулар, бағалар, тарифтер, шығындар және оқиғалар тек мысал
болып табылады және дәл осы күйде қолданыла алмайды. Бұл мысалдың мақсаты –
бизнес-жоспарды қалай жасау керектігін көрсетіп, мазмұнына қатысты бағдарды
түсіндіру.

Жоспардың қысқаша мазмұны
I Бизнес
I. 1 Фирма
I. 2 Бизнестің мәні мен қызмет ету саласы
I. 3 Мақсаттар

II Нарық
II. 1 Тұтынушылар
II. 2 Тауарлар мен қызмет көрсетулер
II. 3 Нарық сегменті
II. 4 Бәсеке

III Ұйымдастыру және басқару
III. 1 Өндірістік үрдіс
III. 2 Басқару
III. 3 Штат

IV Болжамдалған қаржы көрсеткіштері
IV. 1 Қаржыландырудағы қажеттілік
IV. 2 Болжамдалған табыстар
IV. 3 Жылдық өндірістік шығындар

V қосымша
V. 1 Қосымшаларды қоса алғанда 2000-2001 жж. баланстары
V. 2 Ұн жеткізіліміне өтініш
V. 3 Диірмен құрал-жабдықтарына коммерциялық ұсыныс
V. 4 Өмірбаян
V. 5 Несиемен байланысты шығындар
V. 6 Кіріс және шығыстардың болжамдалған жағдайы
V. 7 Ақша құралдарының қозғалысы туралы болжамдалған есептер
V. 8 Болжамдалған баланстар
V. 9 Инвестицияның қаржылық коэффициенттері
V. 10 Жобаның ағымдағы таза құнын (АТҚ) және ішкі пайдалылық нормасын
есептейтін ақша құралдарының қозғалысы

Жоспардың қысқаша мазмұны

Бұл жоспар Түркістан ауданы Ескі Иқан ауылындағы диірмен ашу
мақсатында құрал– жабдық алуға қажетті несиені алу үшін ЖШС, ХАСАН & Со –
фирмасы тарапынан жасалған. Диірмен сатып алынған бидайдан ұн жасайды және
де ауылшаруашылық өндірушілеріне ұн тарту бойынша қызмет көрсетеді.
Қажетті инвестиция 45 мың долларды құрайды, оның ішінде:
— 15 мың доллары фирма серіктестерімен қамтамасыз етіледі де аймақ,
орын және техникалық инфрақұрылымды қамтамасыз етуге бағытталады.
— 30 мың доллар банк несиесі есебінен алынады және қажетті құрал-
жабдықтарды сатып алуға пайдаланылады.
Жоба бойынша кәсіпкерлік қызмет жақсы өтімділікті қамтамасыз етеді
(жалпы өтімділік коэффициенті қызметтің бірінші жылында 2,31, ал қызметтің
бесінші жылында 11,66 құрайды: шапшаң өтімділік коэффициенті бірінші жылы
2,15-тен бесінші жылы 11,5-ке дейін өседі). Алынған несие бойынша
пайыздарды өтеу коэффициенті өте жақсы: қызметтің бірінші жылы 3,11-ден
бесінші жылы 23,73 дейін. Бұл инвестицияның орны екі жылғы атқарған
қызметке қарағанда таза пайда есебінен сәл көптеу жабыла алады.
Жобаланған бюджет инвестицияны 27,2% шамасында қайтару коэффициентін
қарастырады. Болжамдалып отырған қызмет бірінші жылы 3,11 %, ал бесінші
жылы шамамен 20%таза табыс әкеледі.
Жобаның ішкі пайдалылық мөлшері 41,0%, ал таза ағымдағы құны- 17171
долларды құрайды. Екі көрсеткіш те қызметтің бес жылдық мерзіміне алдын ала
айтылған (V.9 қараңыз). Банк тарапынан депозит салымдары бойынша төленетін
20-35% бен (бұл пайыз әрдайым азайып отырады және келесі 2-3 жылда
инфляцияның төмендеуіне байланысты 20% аспайды) ІПМ-ін салыстыра отырып,
бұл жобаны өте пайдалы деп есептей аламыз. Бұл нәтижелерді бағалау үлкен
сенімділік жағдайында жасалады, атап айтқанда:
— Қызметтің бірінші жылында өндіріс қуаттылығын тек 75% шегінде
пайдалану;
— Төмен табыстар және жоғарғы шығындар;
— Жұмыс істеу тәртібі күніне 8 сағаттан аспауы және аптасына 5 күн
жұмыс істелуі керек;
— Бағалар мен заттай еңбекақылар нарықтағыдан 10% төмен.
Нарықтың бұл саласында тұрақты сұраныс бар, аймақ шикізатпен
жабдықтау проблемасын шешуге мүмкіндік береді және қолайлы географиялық
орынға - көлік байланысы жақсы қала орталықтарына жақын жерде орналасқан.
Сондай-ақ, өндірістің алдыңғы және кейінгі сатыларында қызметті кеңейту
келешектері де бар. Өндіріс алдындағы сатыда – бидай өнімдерін өсіру;
өндірістен кейінгі сатыда нан және ұннан пісірілген тағамдар шығару.

I Бизнес
I. 1 Фирма
ЖШС ХАСАН & Со фирмасы 10000 доллар жарғылық қорымен 01.01.1994
жылы құрылды және мемлекеттік тіркеу реестрінде 000124578 нөмірмен
тіркелген. Фирма - әрқайсысы жарғылық қордың 50% иелік ететін Ашимов Азиз
және Түйжанов Атабек деген екі серіктестің меншігі болып табылады. Алғашқы
екі жыл ішінде фирма коммерциялық қызметпен — тағамдық азықтарды сатумен
айналысты. Фирманың қаржы нәтижелері және мүлік жағдайы V. 1 қосымшада
көрсетілген. Қысқаша қаржы нәтижесі келесідей: ай сайын өткізуден 3000
доллар мөлшерінде ақшалай түсім және 11% мөлшерінде пайда алынады,
өтімділік коэффициенті өте жақсы; фирма қысқа мерзімді несие алған, ол
толық қайтарылған, қазіргі уақытта фирманың несие бойынша ешқандай қарызы
жоқ. Қазіргі уақытта фирма штаты 9 адамнан тұрады.

I. 2 Бизнестің мәні мен қызмет ету саласы
Екі жылдың ішінде жиналған табысты қайта инвестициялау үшін фирма
қызметін кеңейтіп, ауылшаруашылық өнімдерін өндіргелі жатырмыз.
Бірінші кезеңде Шиелі ауданы Авангард совхозында ұн диірменін ашуды
мақсат етіп отырмыз. Екінші кезеңде қызметті кеңейтіп, нан өндірісімен
айналысуды ойластырудамыз. Бұл жоспар тек бірінші кезеңге, атап айтқанда,
ұн диірменін ашуға арналады.
Диірмен:
– өндірістік тәртіпте жұмыс істейді – Яғни сатып алынған бидай және
жүгері ұндарын өндіреді; өндірілген ұн көтерме бағамен сатылады.
– қызмет көрсету тәртібінде жұмыс істейді - Яғни дайын өнімнің бір
бөлігі ретінде заттай еңбекақымен қамтылып отырған аймақ
тұрғындарына бидай таратып береді.
Біз бұл бизнестің нақты мүмкіндіктері бар деп ойлаймыз, өйткені біз
ұсынайын деп отырған тауар мен көрсетілетін қызмет көрсетулерге тұрақты
өсіп отыратын сұраныс бар. Ауыл астықты жерде орналасқан, яғни бұл астықты
жабдықтау үшін жақсы негіз.
Сондай-ақ темір жол және автокөлік жолдарының дамуына байланысты
өткізудің жақсы мүмкіндіктері бар. Өндіріс сатысында дәнді дақылдар өсіру
үшін жерді жалға беру арқылы және өндірістен кейінгі сатыда нан өнімдерін
өндіру арқылы бизнесті кеңейту мүмкіншілігі де бар.

I. 3 Мақсаттар
Біз диірмен іске қосылғаннан кейін төменде көрсетілгендерді орындауды
мақсат етіп отырмыз:
—Өндірістік қызметте және қызмет көрсету саласында тұтынушылардың тұрақты
жүйесін қалыптастыру;
—Диірменнің өндіріс қуаттылығын 75% деңгейіне жеткізу;
—Өткізуден түсетін түсімнің деңгейін айына 5 мың долларға және салық
салынатын табыстың деңгейін 16% жеткізу.
Қызметтің екінші жылынан бастап, біз өндірісті меңгеру деңгейін 100%-
ға жеткізгіміз келеді.
Біздің құрылымымыздың қызметі келесідей болады:
75%—бұл таза өндірістік қызмет және 25% халыққа қызмет көрсету. Бұдан басқа
айналымды ай сайын 7 мың долларға және пайда деңгейін 18%-ға жеткізуді
ойлап отырмыз.
Жобаның екінші кезеңінде, қызметтің үшінші жылынан бастап, ауылдық
наубайхана құру арқылы жобаны кеңейтуді ойлап отырмыз.
Бұл кезең келешекте бірінші кезеңде жасалған жинақтарға байланысты
детальдар бойынша қарастырылады.

II Нарық
II. 1 Тұтынушылар
Біздің ойлап отырған тұтынушыларымыз 4 категорияға бөлінеді:
Өндірістік қызмет үшін тұтынушылардың құрамы төмендегідей болады:
а) Жанасып тұрған жердегі ауыл мен қала наубайханалары және аумақтағы
көтермн саудамен айналысатын коммерциялық фирмалар. Бұл тұтынушылардың
қатаң шарт негізінде көтерме бағамен ұн сатып алады. Қосымша біз Яссы
және Атамекен коммерциялық фирмаларының жеткізілімге 3 сұрау салуын
келтіреміз.
Сонымен бірге біз, диірменіміздің мүмкіншілігіне қызығушылық танытқан
көрші ауылдағы наудайхана басшылығымен келіссөз жүргіздік.
Түркістанда қазір қаланың жалғыз диірменімен қамтамасыз етіліп
отырған тағы екі мемлекеттік наубайхана бар. Біз оларға төменде көрсеткелі
отырғандай қазіргі диірменнен гөрі пайдалырақ ұсыныс жібермекпіз.
ә) Түркістан халқы. өндірілген өнімнің бір бөлігін бөлшек сауда түрінде
өзіміздің дүкенде сатуды ойластырып отырмыз. Тәжірибеміз бойынша, ай сайын
1 тонна сату шындықтан да көп деп ойлаймыз.
б) Көрсетілген қызметтер үшін тұтынушылар – ұнды өз қажетіне немесе нарықта
сату үшін пайдаланғысы келетіндерден және бидай мен жүгерінің елеулі
көлеміне ие жергілікті ауылшаруашылық өндірушілерінен тұрады. Ескі Иқан
ауылында 10000, ал көрші ауылдарда 10 км радиусте тағы 5000 тұрғын тұрады.
в) Ұн тартатын өндірістің кебек қалдықтарын сату үшін Ескі Иқан ауылына 10
км әрірек орналасқан комбикорм өндіретін фабрикамен байланыс орнатуды ойлап
отырмыз.
Біздің алған мәліметтеріміз бойынша, көрші ауылдағы ауылшаруашылық
кәсіпорны мен зоотехникалық кешені шикізатқа деген үлкен қажеттілікті
бастан кешіріп отыр және жабдықтау бойынша проблемалары бар екен, сондықтан
біз өзіміздің қарамағымыздағы барлық кебек қалдықтарын сата аламыз.

II. 2 Тауарлар мен қызмет көрсетулер
Негізгі ұсынылатын тауар ақ ұн, ал екіншісі жүгері ұны болады. Жанама
өнім ретінде жүгері және бидай кебектерін алып отыратын боламыз. Сондай –
ақ диірмен қара құмық өндірісіне де бейімделуі мүмкін.
Аталмыш өнімдердің қазіргі уақыттағы бөлшек сауда бағасы келесідей:
— бидай ұны – доллар0,4кг
— жүгері ұны – доллар 0,3кг
— кебек– доллар кг
— қара құмық– доллар 0,5кг
Ақ ұнның жақсы сатылуы үшін оның өзіндік қасиеттері наубайхана
өндірісі үшін жақсы болуы мен қара дақ пайызының төмен болуы (яғни ақ
болуы) және де ылғалдылық бойынша тиісті жағдайларда сақталуы өте маңызды.
Ұн негізгі азықтық өнім болғандықтан болашақта оның тұтынылуының
азаюдың орнына, халық санының өсуімен бірге оның да өсетіндігін елестетуге
болады.
Халыққа ұсынылатын қызметтер аумақ тұрғындары жеткізген бидай мен
жүгеріні тартудан тұрады. Қазаргі уақытта бұл қызметтерге төленетін
төлемнің 25%-зы заттай төленеді. Біз төлемнің 20%-ының заттай төленуін
қолдануды ойлап отырмыз.
Өндірісіміздің өнімін сату көбінесе көтерме сауда түрде жүзеге
асырылатындықтан, тауарды жылжыту бойынша кең ауқымды науқан жүргізудің
қажеті жоқ деп ойлаймыз. Біз потенциалды тұтынушылармен тікелей байланысуды
артығырақ көрдік және біз мұны әлдеқашан қолданысқа енгіздік.
Бөлшек саудаға келетін болсақ, фирманың дүкені жақсы жерде
орналасқан, баршаға жақсы танымал және қосымша жарнаманы қажет етпейді деп
санаймыз.
Қызмет көрсету кезінде біздің тауарларымыздың сапасы мен көрсететін
қызметтеріміздің жылдамдығы ең жақсы жарнама деп есептейміз.

II. 3 Нарық сегменті
Диірмен Түркістан ауданы Ескі Иқан ауылында орналасатын болады;
совхозда 10000 тұрғын бар және Түркістаннан 25 км қашықтықта орналасқан.
Ауылдың көрші қалалармен авто және темір жол байланыстары жақсы. 10 км
радиус төңірегінде 5000 тұрғыны бар тағы 7 аудан бар.
Таяу жерде, 10 км қашықтықта кебектің потенциалды тұтынушыларына
жататын, комбикорм өндіретін фабрика мен зоотехникалық кешен бар. Біздің
бағалауымыз бойынша, әрбір шаруашылық жанұя әрбір адамы үшін ай сайын
жобамен 30 кг бидай өнімдерін диірменмен өткізуге апарады. Қарапайым бір
есеп бойынша нарықтың аталмыш сегментінің жылына 8280 тонна дәнді дақылды
жұту мүмкіндігі бар екендігін көруге болады.
(10000 + 5000) тұрғын х бидай өнімдері 30 кгай * 12 айда = 8280 тонна
Егер біз бидай өнімдерін аталмыш мөлшерінің барлығын өндіре алсақ,
онда бұл бізге жылына заттай төлем түрінде 1656 тонна алып келер еді.
(20% х 8280 т =1656 т)
Бұл бидай ұны көтерме сауда бойынша жабамен 347760 доллар табыс алып
келуі мүмкін.
(1656 х 70% ұн х 0,4$кг=$463680)
IV. 2 Бөлімде көрсетілгендей, жылына тек 416 т бидай өндіру көзделген. Бұл
қазіргі кездегі ондай қызметке қажеттіліктің шамамен 5% білдіреді. Бұл
бидайды қайта өңдеу бізге сатудан түсетін табысты қоса алғанда, жылына
82000 шамасында табыс әкеледі.
Сонымен біз ұсынайын деп отырған тауар мен қызметтерге деген
қажеттіліктер айтарлықтай деген қорытындыға келеміз. Бұл қорытындыны
дүкендердегі ұн тапшылығы мен нанға деген кезектер растауда.

II. 4 Бәсеке
Қамтылып отырған аумақта қызмет көрсету тәртібі бойынша ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Диірменде ұнтақтаудың теоретикалық негіздері
Жамбыл облысының аймақтары бойынша шағын және орта кәсіпкерліктің дамуын талдау және негізгі экономикалық көрсеткіштерінің дамуын бағалау
Астықтың технологиялық қасиеттері
Цементтік диірменде цемент өндірудегі қоспалардың тұтқырлығы мен жүктеме деңгейін реттеу барысы технологиясын автоматтандыру.
БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
Барабанды диірмендер
Қызмет көрсеткендегі техника қауіпсіздігі және шаң әзірлейтін қондырғыларды пайдалану
Аймақты автоматты басқару
Шикізатты ұнтақтау қондырғысының автоматты басқару жүйесін жобалау
Жағушы құрылғылардың топтасуы (классификациясы)
Пәндер