Бизнесті бағалауда таза активтер әдісін қолдану



Кіріспе
1. Бағалау есептемесінде қолданылатын ұғымдардың анықтамалары
2. Бағалау сапасының сертификаты
3. Негізгі болжамдар мен шектеулер
4. Бизнес туралы түсінік
4.1 Бизнес . бағалау объектісі
4.2 Бизнестің тауар ретіндегі ерекшелігі
4.3 Бизнесті бағалауда шығындық әдісті қолдану
5. Таза активтер әдісінің теориялық негіздері
5.1 “Х” фирмасының таза активтер құнын есептеу
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Нарықтық қатынастардың дамуына байланысты бизнесті бағалау қарқыны өсіп жатыр. Қазақстан Республикасының бағалау туралы заңына сәйкес жекешелендіру кезінде, сенімді басқаруға немесе жалға беруге байланысты, сату кезінде, ипотекалық несиелеу кезінде бизнесті бағалау міндетті болып табылады. ҚР-сының «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралың Заңына сәйкес бағалау қызметі – бұл бағалау қызметінің субъектілерімен жүзеге асырылатын және егер басқасы заңмен қарастырылмаған жағдайда, бағалау объектісіне қатысты нарықтық немесе өзге құнын белгілі бір мерзімде орнатуға бағытталған кәсіпкерлік қызмет түрі.
Бағалау бұл:
1) Бағалаушының (бағалаушылардың) бағалау объектісінің құны туралы ғылыми тұрақталған ой-пікірі;
2) Бағалау объектісінің мүмкін нарықтық немесе өзге құнын анықтау;
Бағалау пәні – меншік құқығының типтерінің әртүрлілігі. Бұл жағдайда бағалау пәні болып кешенді мүлік меншігіне толық құқық табылады.
Меншікке толық құқық – меншікке иелік ету, оны пайдалану және үкім ету.
Бағалау күні – бағалау объектісінің мүмкін болатын нарықтық немесе өзге құны анықталатын күн немесе уақыт аралығы – 01.11.2005.
Бағалау мақсаты – белгілі бір құнның түрін анықтау, яғни жүзеге асырылатын бағалау – бағалау объектісінің нарықтық құны.
Нарықтық құн – бәсеке жағдайында, келісім-шарт негізінде бағалау объектісінің сатып алынатын ең ықтималды бағасы. Мұнда келісім-шарттың екі жағы да бағалау объектісі туралы барлық қол жетерлік ақпараттармен қамтылған, ал келісім-шарт бағасына ешқандай кездейсоқ оқиғалар әсер етпейді:
келісім-шарттың бір жағы бағалау объектісін сатуға, ал екінші жағы сатып алуға міндетті емес
1. “Қазақстан Республикасының бағалау туралы” заңы, 30 қараша 2000 жылы, №109-ІІ.
2. “Қазақстан Республикасының бағалау туралы” заңын қолдану шаралары туралы” Қазақстан Республикасының Үкіметінің Қаулысы, 27 мамыр 2002 жылы, №572.
3. Мүліктік кешен ретіндегі кәсіпорынды бағалау әдістеріне талаптарды бағалау қызметінің субъектілерінің қолдануы бойынша ережелер. Олар Қазақстан Республикасының Юстиция Министрлігінің 21 қараша 2002 жылы, №171, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің 2 желтоқсан 2002 жылы, №597, біріккен бұйрығымен бекітілген.
4. Қолданылатын принциптерге, бағалау бойынша жұмыстар сапасына қойылатын талаптарды бағалау қызметінің субъектілерінің қолдануы бойынша ережелер, Қазақстан Республикасының Юстиция министрлігімен 23 қараша 2002 жылы, №179 бекітілген.
5. Бағалау есептемесінің мазмұны мен формасына талаптарды бағалау қызметінің субъектілерінің қолдануы бойынша ережелер, Қазақстан Республикасының Юстиция министрлігінің 21 қараша 2002 жылы, №172, Қазақстан Републикасының Қаржы министрлігінің 2 желтоқсан 2002 жылы, №598 біріккен бұйрығымен бекітілген.
6. Микерин Г.И., Недужий М.И., Павлов Н.В., Яшина Н.Н. “Международные стандарты оценки”,в 2 томах, М., Новости, 2000г
7. Под редакцией М.А. Федотовой “Оценка бизнеса”, М., “Финансы и статистика”, 2005 г.
8. Тоқсанбай С.Р. “Толық экономикалық орысша қазақша сөздік”, Алматы, “Сөздік-Словарь”, 1999 ж.

Пән: Бизнесті бағалау
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Бизнесті бағалауда таза активтер әдісін қолдану

Мазмұны

Кіріспе

Бағалау есептемесінде қолданылатын ұғымдардың анықтамалары
Бағалау сапасының сертификаты
Негізгі болжамдар мен шектеулер
4. Бизнес туралы түсінік
4.1 Бизнес - бағалау объектісі
4.2 Бизнестің тауар ретіндегі ерекшелігі
4.3 Бизнесті бағалауда шығындық әдісті қолдану
5. Таза активтер әдісінің теориялық негіздері
5.1 “Х” фирмасының таза активтер құнын есептеу

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Нарықтық қатынастардың дамуына байланысты бизнесті бағалау қарқыны өсіп
жатыр. Қазақстан Республикасының бағалау туралы заңына сәйкес жекешелендіру
кезінде, сенімді басқаруға немесе жалға беруге байланысты, сату кезінде,
ипотекалық несиелеу кезінде бизнесті бағалау міндетті болып табылады.

1. Бағалауда қолданылатын
ұғымдардың анықтамалары

ҚР-сының Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралың Заңына
сәйкес бағалау қызметі – бұл бағалау қызметінің субъектілерімен жүзеге
асырылатын және егер басқасы заңмен қарастырылмаған жағдайда, бағалау
объектісіне қатысты нарықтық немесе өзге құнын белгілі бір мерзімде
орнатуға бағытталған кәсіпкерлік қызмет түрі.
Бағалау бұл:
1) Бағалаушының (бағалаушылардың) бағалау объектісінің құны туралы ғылыми
тұрақталған ой-пікірі;
2) Бағалау объектісінің мүмкін нарықтық немесе өзге құнын анықтау;
Бағалау пәні – меншік құқығының типтерінің әртүрлілігі. Бұл жағдайда
бағалау пәні болып кешенді мүлік меншігіне толық құқық табылады.
Меншікке толық құқық – меншікке иелік ету, оны пайдалану және үкім
ету.
Бағалау күні – бағалау объектісінің мүмкін болатын нарықтық немесе
өзге құны анықталатын күн немесе уақыт аралығы – 01.11.2005.
Бағалау мақсаты – белгілі бір құнның түрін анықтау, яғни жүзеге
асырылатын бағалау – бағалау объектісінің нарықтық құны.
Нарықтық құн – бәсеке жағдайында, келісім-шарт негізінде бағалау
объектісінің сатып алынатын ең ықтималды бағасы. Мұнда келісім-шарттың екі
жағы да бағалау объектісі туралы барлық қол жетерлік ақпараттармен
қамтылған, ал келісім-шарт бағасына ешқандай кездейсоқ оқиғалар әсер
етпейді:
келісім-шарттың бір жағы бағалау объектісін сатуға, ал екінші жағы сатып
алуға міндетті емес;
келісім-шарт жақтары бағалау объектісі туралы жақсы мәлімделген және өз
мүддесіне сәйкес іс-қимыл жасайды.
келісім-шарт бағасы бағалау объектісі үшін ақшалай марапаттау эквиваленті
болып табылады. Және қай жақтан болмаса да келісім-шартқа күштеп отырғызу
болмаған жағдайда.
“Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы” заңында келтірілген
нарықтық құн ұғымының анықтамасы Бағалаудың халықаралық стандарттарында
келтірілген анықтамадан айырмашылығы болғанына қарамастан, бағалаушылар
өздерінің сараптаулары мен қорытындылары және де бағалаудың нәтижелері
бағалаудың Халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкес келеді деп
есептейді.
Тапсырыс беруші – бағалаушының қызметін тұтынушы, бағалау келісім
шартының бір жағы болып табылатын тұлға – “Х” фирмасы.
Бағалаушылар – бағалауда немесе бағалау жөнінде есептеме құрғанда
қатысатын, білікті түрде жұмыс істеуге, бағалаудың кәсіптік стандартын
сақтауға, өзінің жүріс-тұрысында заңға қарсы, этикасыз немесе біліксіздік
әрекет жасамауға, тапсырысты риясыз обьективті түрде бағалауға өзінің
мүддесіне байланысты мәселелерді енгізусіз орындау міндетін өзіне алған
мамандар тобы.
Бағалаушы-орындаушы – бағалауды жүргізетін және бағалау келісім шартын
орындағаны үшін жауапты, бағалау келісім шартының екінші жағы болып
табылатын тұлға – Досжанова А.А.
Бағалау объектісі – азаматтық құқық объектісі болып табылады, соған
қатысты бағалау қызметі жүзеге асырылады. Бұл жағдайда бағалау объектісі –
“Х” фирмасының кешендік мүлкі.
Бағалау мақсаты – бағалау объектісінің нарықтық құнын анықтау.
Бағалау қызметінің ережелері – Қазақстанның мемлекеттік басқару
органдарымен белгіленген ережелер. Соған сәйкес бағалау жұмыстары
жүргізілуі қажет. Бағалау қызметінің субъектілерімен қолданылатын бағалау
бойынша жұмысты орындау сапасына қойылатын талаптар: қолданылатын бағалау
прициптеріне; жылжымайтын мүлікті бағалау әдістеріне; жылжымалы мүлікті
бағалау әдістеріне; кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде бағалау әдістеріне;
интелектуалдық меншік объектілерін бағалау әдістеріне; бағалау жөніндегі
есептеменің мазмұны мен формасына.
Бағалау жөніндегі есептеме – бағалаушының бағалау жұмысының нәтижесі
туралы өкілетті органмен орнатылған және ҚР –сының Қазақстан
Республикасындағы бағалау қызметі туралың заңының талаптарына сәйкес
келетін, тапсырыс берушіге жазу түрінде берілетін хабарлама.
Кәсіпорын мүліктік кешен ретінде кәсіпкерлік қызметті атқару үшін
қолданылатын құқықтық объекті болып табылады. Мүліктік кешен ретіндегі
кәсіпорын құрамына оның қызметін жүргізуге арналған мүліктің барлық түрлері
кіреді: ғимарат, имарат, құрал-жабдық, инвентарь, шикізат, өнім, жер
теліміне құқық, талап ету құқығы, қарыздар, сонымен қатар қызметін
ерекшелейтін белгі құқықтары (фирма атауы, тауарлық белгілер) және т.б.
құқықтар.
Активтер – мүліктік және мүліктік емес жеке игіліктер, мүліктің
пайдалы, табиғи қасиеттерін пайдалануға және одан табыс, өсімше, т.б.
түрінде пайда алуға мүмкіндік беретін, құндық бағасы бар құқықтар.
Міндеттеме – басқа бір тұлға (кредитор) пайдасына жасалатын белгілі бір
іс-әрекет. Мысалы, мүлікті беру, жұмыс жасау, ақша төлеу және т.б. Белгілі
бір іс-әрекеттен бас тартқан жағдайда, кредитор құндық бағасы бар
міндеттемесін борышқордан талап етуге құқығы бар.

2. Бағалау сапасының сертификаты

1. Бағалау есептемесінде жазылған фактілер дұрыс және шындыққа сәйкес
келеді.
2. Бағалау есептемесінде келтірілген талдау, көзқарастар мен
қорытындылар бағалаушылардың өздерінікі болып табылады, және қатаң шектеуші
жағдайлар шеңберінде жүзеге асырылады.
3. Бағалаушының бағаланатын мүлікке деген қызығушылығы жоқ және
қатысушы жақтарды ескертпей қызмет істейді.
4. Бағалау үшін сыйақы бағалау құнының қорытындысына, сондай-ақ
тапсырыс беруші немесе үшінші жақтың бағалау есептемесінде келтірілген
қорытындыларды пайдалануының нәтижесінен пайда болған жағдайларға тәуелді
емес.
5. Бағалау есептемесі “Қазақстан Республикасының бағалау қызметі
туралы” заңына сәйкес жасалған, және оның нәтижелері Бағалаудың халықаралық
стандарттарында, Бағалау қызметінің ережелерінде көрсетілген талаптарға сай
келеді.

3. Негізгі болжамдар мен шектеуші жағдайлар

1. Бағалау есептемесі тек толық көлемде және көрсетілген мақсатына
байланысты ғана түсінікті.
2. Бағалаушы бағаланатын меншік құқықтарының құқықтық сипатына
немесе меншік құқықтарын қарастыруға байланысты сұраныстарға жауапкершілік
артпайды. Бағаланатын құқық түсінікті деп есептеледі. Бағаланатын меншік
қандай да бір наразылық пен шектеулерден босатылған деп есептелінеді.
3. Бағалау объектісінің суреттері бағалау есептемесінің құрамдас
бөлігі болып табылады, бірақ бағалаушылар басқа да материалдар (жоспарлар,
сызулар, т.с.с.) келтіруге міндетті емес.
4. Бағалау нәтижесіне, меншік жағдайына әсер ететін жасырын
фактілер жоқ деп болжайды. Ал егер де осындай фактілер бар болған жағдайда
бағалаушы оның бар болуына, оны іздеуге өз мойнына жауапкершілік артпайды.
5. Бағалаушылармен алынған және бағалау есептемесінде көрсетілген
мәліметтер түсінікті деп есептеледі, бірақ бағалаушы алынған ақпараттың
абсолютті дәлдігіне кепілдік бере алмайды, сондықтан барлық мәліметтердің
ақпарат көзі көрсетіледі.
6. Бағалау есептемесін тапсырыс беруші де, бағалаушы да бағалауға
Келісім-шартта көрсетілген жағдайдан басқаша қолдануға құқығы жоқ.
7. Егер соттың ресми шақыруып немесе тапсырыс берушімен қосымша
келісілген болмаса, жасалған бағалау бойынша бағалаушы сотта немесе басқа
да әдіспен куәгерлік жасауға міндетті емес.
8. Бағалаушының бағалау объектісінің нарықтық құны туралы
көзқарасы тек бағалау күніне ғана жарамды. Бағалау күнінен кейін
экономикалық, құқықтық, тағы басқа факторлардың өзгеруіне байланысты, яғни
сол факторлардың бағалау объектісінің анықталған құнына әсер етуіне
байланысты бағалаушы өз мойынына ешқандай жауапкершілік артпайды.
9. Бағалау есептемесі бағалаушылардың бағалау объектісінің
нарықтық құны туралы кәсіптік көзқарасы болып табылады және сол объекті
келешекте міндетті түрде бағалау есептемесінде көрсетілген бағамен еркін
нарықта немесе ашық саудада сатылуына кепілдік бере алмайды.

4. Бизнес туралы түсінік

4.1 Бизнес - бағалау объектісі

Бағалау объектілерінің ішінде бизнестің орны ерекше. Ол кәсіпорын,
өнеркәсіп, ұйым, компания түрінде кездеседі. Бизнесті бағалауда объект
ретінде пайда табуға бағытталған және мүліктік кешеннің жұмыс істеуі
негізінде жүзеге асырылатын қызмет қарастырылады. Кәсіпорын (ұйым)
азаматтық құқық объектісі және ол шаруашылық айналымға түсіп, шаруашылық
операцияларға қатысады. Осының нәтижесінде сол бизнестің құнын бағалау
қажеттігі туындайды.
Кәсіпорынның мүліктік кешен құрамына мақсаттарға жетуге, шаруашылық
қызмет жүргізуге, пайда әкелуге арналған мүліктің барлық түрі кіруі мүмкін.
Оның ішінде жылжымайтын мүлік (жер телімдері, ғимараттар, имараттар),
машиналар, құрал-жабдықтар, көлік-құралдары, шикізат, өнім, оған қоса,
мүліктік міндеттемелер, бағалы қағаздар, материалды емес активтер мен
зияткерлік меншік объектілері, фирмалық атаулар, қызмет көрсету белгілері,
патенттер, лицензиялар, ноу-хау, тауарлық белгілер кіруі мүмкін. Сондықтан
бизнесті бағалау кезінде бағалаушы өзіндік капитал құнын және мүліктік
кешен бөліктерінің құнын анықтай отырып, кәсіпорынды тұтас бағалайды.
Кәсіпорын бағалау объектісі ретінде анық белгіленген шектері болуы
керек. Ол күрделі жүйе бола тұра, әртүрлі құрамдас бөліктерден тұрады.
Кәсіпорын құрылымына цехтар, қызмет көрсетуші шаруашылықтар, конторлық
құрылымдар, байланыс және коммуникация құралдары кіруі мүмкін. Олар әртүрлі
жерлерде немесе әртүрлі аймақтарда да орналасуы мүмкін.
Кәсіпорынның өмір сүруінің ұйымдастырушылық құқықтық формасының мәні
зор. Бағалау объектісі бірлестіктер, холдингтар, қаржылық-өндірістік топтар
бола алады. Бұл жағдайда бір бизнеске бірнеше еншілес компаниялар,
бөлімдер, филиалдар бірлеседі. Бұларды дұрыс бағалау үшін ақша ағымдарының
қалыптасуын және олардың қозғалу бағыттарын, оған қоса әр бөлімшелердің
құқығы мен ролін анықтап алу керек.

4.2 Бизнестің тауар ретіндегі ерекшелігі

Басқа тауарлар сияқты бизнестің де сатып алушы үшін белгілі бір
пайдалылығы бар. Ең алдымен ол кіріс алып келу қажеттілігімен сәйкес болуы
керек. Кез келген тауарлар сияқты бизнестің пайдалылығы оны пайдалану
кезінде көрінеді. Егер ол меншік иесіне кіріс алып келмейтін жағдайда, ол
өзінің пайдалылығын жоғалтып, сатылады. Егер де басқа біреу бизнесті
пайдаланудың жаңа әдістерін, кіріс алудың басқа мүмкіндіктерін көрсе, онда
бизнеске сұраныс туындайды да, ол тауар бола қалады.
Бизнес тауардың барлық қасиеттеріне ие және ол сату-сатып алу объектісі
бола алады. Бірақ та ол ерекше тауар болып табылады. Оның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бизнесті бағалау
БИЗНЕСТІ БАҒАЛАУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ
Кәсіпорын бизнесін бағалаудың алғашқы қадамы
Бизнесті бағалау принциптері
«GNPF» акционерлік қоғамның қаржылық – экономикалық жағдайдын талдау
Бағалау әдістемелері
Компания құнын бағалауға табыстық тәсілдеме
Табысты құраушы факторлары
Кәсіпорын құнын бағалау
Бизнес тиімділігін бағалаудың маңызы мен негіздері
Пәндер