Сақтандырудың теориялық негіздері және тарихы
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
І. САҚТАНДЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.1Сақтандырудағы тәуекелдік және әртүрлі зардаптардың келтірер шығындары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.2 Сақтандырудың шығу тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
1.3 Жалпы сақтандыру және өмірді сақтандыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
ІІ. ЕВРОПАДАҒЫ 19.20 ҒАСЫРДАҒЫ САҚТАНДЫРУ ... ... ... ... ... ... ..17
2.1 Европадағы сақтандыру ісінің даму кезеңдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
2.2 Европа қалаларының бірі: Германия сақтандыру полисі ... ... ... ... ... ... ...21
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25

Біздің қоғамның даму процесі кезінде сақтандыру барынша, айтарлықтай өзгерістерге ұшырады. Жалпы алғанда сақтандыру тәуекелділікпен тікелей байланысты. Тәуекелділік дегеніміз, мүмкін болатын қауіптермен байланысты. Мысалы: (кәсіпорынның ресурсының белгілі бір бөлігінен айырылу, табысының кіріске толық түспеуі және сол сияқты тағы басқа салалардағы қауіптер). Себебі нарықтық экономикада тәуекелдік факторы кәсіпорынның іс барысына, жалпы экономикаға әсер ететіндіктен, кейінгі кезде Европада сақтандыру нарығына баса назар аударыла бастады, сөйтіп оның экономикалық өмірде маңызы біршама артып отыр. Және де бұл сала қаржы ұйымдарының аса бір қызығушылығын танытып отыр. Сөйткен күннің өзінде, жоғарыда айтқанымдай бұл салаға Европаның қаржы ұйымдары үлкен бет-бұрыс жасады, себебі сақтандыру дамыған елдерде дұрыс жолға қойылған және де бұл нарық үлкен табыстың көзі.
Менің курстық жұмысты жазуымның негізгі мақсаты Европа сақтандыру саласындағы болып жатқан өзгерістер мен проблемаларды айқындап, оларға өз көз-қарасымды білдіру. Сол себепті мен өз алдыма мынандай міндеттер қоямын:
1. Сақтандыру ісінің тарихы мен теориялық негіздеріне байланысты арнайы әдебиеттерді оқу.
2. Европаның сақтандыру ісінің дамуымен және де даму кезеңдерімен танысу
3. Европаның сақтандыру нарығындағы статистикалық мәліметтреді қарау.
4. Европаның сақтандыруға байланысты заң нормативтерімен танысу.
5. Және осы міндеттерге байланысты анализ, талдау жасап Европаның сақтандыру саласын зерттеу

1. Закон РК «Об обязательном социальном страхование» 2003 г.
Ғылыми әдебиеттер:
2. Под общей редакцией д.э.н. профессора кафедры «Страхование» МГИМО (У) МИД РФ Турбиной К.Е. Учебник «Теория и практика страхования». Москва 2003.
3. К.Қ. Жүйріков. «Европадағы сақтандыру: күрделі мәселелер мен дамудың болашағы». Алматы 1994.
4. К. Жуйриков, И. Назарчук, Р. Жуйриков «Страхование: Теория, практика, зарубежный опыт». Учебник. Алматы 2000.
5. Сембеков А.К., к.э.н. «Механизмы реализации приоритетов развития рынка страховых услуг Казахстана» Банки Казахстана № 3,-2005 г. 55-59 стр.
6. Сембеков А.К., к.э.н. «Этапы формиравания страхового рынка в Казахстане» Финансы и кредиты № 4 2005 г. 30-32 стр.
7. Есенгүл Кәпқызы «Міндетті сақтандыру десе, қорқатын болдық қой немесе тағы бір Иманбаевқа жем болмаймыз ба?» Түркістан № 34 1-бет. 21 тамыз 2003 ж.
8. Гостенко Л.Н. Страхование. Учсбное пособие. — Алматы: 2003.
9. Финансы РК.Ежегодный статистический сборник Агеннство РК по статистике за 1999-2002 годы№ 107
10. Мельников В.Д., Ли В.Д. Общий курс финансов. Учебник. — Алматы: Институт развития, 2001.
11. Ильясов К.К., Исахова П.Б. Расходы государственного бюджета. Учебное пособие. — Алматы: Экономика, 2003.
12. www. Google. Ru
13. www. Yandex. Kz.
14 http. Saktandiry. Kz

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
І. Сақтандырудың теориялық негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...4
1.1Сақтандырудағы тәуекелдік және әртүрлі зардаптардың келтірер
шығындары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.2 Сақтандырудың шығу
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.9
1.3 Жалпы сақтандыру және өмірді
сақтандыру ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .10
ІІ. Европадағы 19-20 ғасырдағы сақтандыру ... ... ... ... ... ... . .17
2.1 Европадағы сақтандыру ісінің даму
кезеңдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..17
2.2 Европа қалаларының бірі: Германия сақтандыру
полисі ... ... ... ... ... ... ...21
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 24
ҚОЛДАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
25
Кіріспе
Біздің қоғамның даму процесі кезінде сақтандыру барынша, айтарлықтай
өзгерістерге ұшырады. Жалпы алғанда сақтандыру тәуекелділікпен тікелей
байланысты. Тәуекелділік дегеніміз, мүмкін болатын қауіптермен байланысты.
Мысалы: (кәсіпорынның ресурсының белгілі бір бөлігінен айырылу, табысының
кіріске толық түспеуі және сол сияқты тағы басқа салалардағы қауіптер).
Себебі нарықтық экономикада тәуекелдік факторы кәсіпорынның іс барысына,
жалпы экономикаға әсер ететіндіктен, кейінгі кезде Европада сақтандыру
нарығына баса назар аударыла бастады, сөйтіп оның экономикалық өмірде
маңызы біршама артып отыр. Және де бұл сала қаржы ұйымдарының аса бір
қызығушылығын танытып отыр. Сөйткен күннің өзінде, жоғарыда айтқанымдай бұл
салаға Европаның қаржы ұйымдары үлкен бет-бұрыс жасады, себебі сақтандыру
дамыған елдерде дұрыс жолға қойылған және де бұл нарық үлкен табыстың көзі.
Менің курстық жұмысты жазуымның негізгі мақсаты Европа сақтандыру
саласындағы болып жатқан өзгерістер мен проблемаларды айқындап, оларға өз
көз-қарасымды білдіру. Сол себепті мен өз алдыма мынандай міндеттер қоямын:
1. Сақтандыру ісінің тарихы мен теориялық негіздеріне байланысты
арнайы әдебиеттерді оқу.
2. Европаның сақтандыру ісінің дамуымен және де даму кезеңдерімен
танысу
3. Европаның сақтандыру нарығындағы статистикалық мәліметтреді
қарау.
4. Европаның сақтандыруға байланысты заң нормативтерімен танысу.
5. Және осы міндеттерге байланысты анализ, талдау жасап Европаның
сақтандыру саласын зерттеу
І. Сақтандырудың теориялық негіздері
1.1 Сақтандырудағы тәуекелділік және әртүрлі зардаптардың келтірер
шығындары.
Сақтандыру — қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын
бейнелейтін көне категорияларының бірі. Сақтандыру сферасы адам өмірінің,
өндірістік және әлеуметтік-экономикалық қызметтің барлық жағын қамтиды.
Сақтандыруға түрткі болатын басты себеп — бұл өндіріс пен адам өмірінің
қауіп-қатерлі сипаты. Сондықтан өндіріс процестерін жалғастыру,
азаматтардың жекелеген санаттарының өмір тіршілігі мен әл-ауқатын қолдап
отыру мақсатында оларды сатып алу үшін қоғамның, жеке өндірушілердің,
олардың топтарының (салалық және аумақтық аспектілерде) натуралдық-заттай
босалқы қорларын да немесе резервтерін де, сондай-ақ ақша ресурстарын да
кіріктіретін қажетті қаражаттары болуы тиіс. Мұндай ақша қаражаттары әдетте
резерв және сақтық қорлары түрінде қалыптасады.
Сақтандырудың мақсаты қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігін
қамтамасыз ету үшін азаматтарды, мүліктерді, өндіріс процестерін қоғамдық
және ұжымдық қорғау болып табылады.
Сақтандыру категориясы үшін мына белгілер оған тән болып келеді:
1) қатынастардың ықтималдық сипаты;
2) қатынастардың төтенше (жай емес) сипаты (кез келген ауқымда —
мемлекеттік, аймақтық деңгейде, кәсіпорын немесе оның бөлімшесі, жеке адам
деңгейінде).
Сақтандыру категориясының қаржы категориясымен ортақ өзгеше белгілері
бар:
сақтық қатынастарының ақшалай сипаты;
сақтандырудың қоғамдық өнімнің құнын қайта бөлуге қатысуы;
оның іс-қимылы ақша қорларын жасап, пайдаланумен қосарланып отырады;
сақтық қатынастарының бір бөлігінің міндетті сипатының болуы;
ақша қорларын жасап, пайдалану кезіндегі сақтық баламалығы барлық
жағдайда бола бермейді (қатынастардың баламасыздығы).
Сақтандыру шеңберінде мемлекет сақтық ресурстары меншігінің субъектісі
болып келетіндіктен сақтандыру жалпы мемлекет қаржысының құрамды бөлігі
болып табылады, қалған барлық жағдайда сақтық ісін (қызметті, бизнесті)
экономикалық жүйе шеңберіндегі айрықша сақтанушыға немесе оның қайта бөлу
процестерін жүзеге асыратын арнаулы қаржы-кредит институты ретінде қарауға
болады.
Сақтандырудың экономикалық мәні барлық қатысушылардың төлемдері
есебінен оқыс оқиғаға үшырағанға көмек көрсетілетіндігінде. Демек,
сақтандыру — қолайсыз құбылыстар мен күтпеген оқиғалар болган кезде жеке
және заңи тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау және оларға материалдық
зиянды төлеу үшін мақсатты ақша қорларын құру және пайдалану жөніндегі
қайта бөлгіштік қатынастардың айрықша сферасы.
Сақтандырудың экономикалық мәніне бұл категорияның, қоғамдық
арналымының көрінісі ретінде оның бөлу, өтемдік, жинақтық және бақылау
функциялары сай келеді.
Бөлу функциясы: бұл функцияның өзгешелігі қайта бөлу ретінде көрінуі.
Ол алдын алу функциясына, мысалы, алдын алу шараларын қаржыландыру жолымен
сақтық жағдайының болу мүмкіндігін жоюға бүгіледі. Жеке басты сақтандыруда
бөлу функциясы сақтандырудың тиісті түрлерінің жинақтық функциясына
бүгіледі.
Бақылау функциясы сақтық төлемдерін жұмылдыруды және сақтық қорын қатаң
мақсатты пайдалануды қамтамасыз етуге байланысты болатын тараптардың нақты
қатынастарында көрінеді.
Соңғы уақытта бірқатар зерттеушілер сақтандыру экономикалық
категориясын сипаттау үшін тәуекелдік функциясын қарауды ұсынады, өйткені
сақтық тәуекелі сақтандырудың негізгі арналымымен — қолайсыз оқиғалардан
болған зиянның орнын толтырумен байланысты.
Сақтық қатынастарының бір бөлігінің салыстырмалы жалпы бағыттылығы мен
(кең арналымдағы резервтік қорларды пайдалана отырып) қоғамдық қорғаудың
жүйесі арқылы тиісті ақша қаражаттарының арналымы болады. Бұл қатынастар
мен қорлар байланысылған және жалпыұлттық сипаты бар төтенше уақиғаларды
ескертуге және жоюға бағытталған. Мұндай жағдайларда тұрақты жұмыс
істейтін қорлардан басқа(жалпымемлекеттік материалдық резервтерден,
Үкіметтің резервтік қорларынан) кәсіпорындардың, ұйымдардың, халықтың
ерікті қайырымдылықтары есебінен қосымша қаражаттар жұмылдырылуы мүмкін.
Бұл қорлар халыққа, өндіріс пен инфрақүрылымның объектілерін жаңғыртуға,
экологиялық тепе-тендікті қалпына келтіру жөніндегі шараларды жүзеге
асыруға келтірілген зиянды өтеуге пайдаланылады.
Қатынастырдың екінші бөлігінің біршама тар арналымдағы қоларды —
әлеуметтік қорлар мен әлеуметтік қамсыздандыру қорын жасап, пайдалана
отырып, азаматтардың әлеуметтік жағдайын қорғауға бағыттылығы болады. Бұл
қатынастардың іс-өрекеті халықты әлеуметтік қорғаудың қажеттігімен
байланысы.
Үшінші бөлік қатынастардың тұйық аясын пайдалана отырып және олардың
осы жиынтығы шегінде бұл қатынастардың баламалылығына жете отырып,
адамдардың денсаулығы мен әл-ауқатын, олардың мүлкін, сонымен бірге
шаруашылық жүргізуші субъектілердің мүлкін сақтық қорғау жөніндегі
қатынастар болып табылады. Бұл — жалпы сащтандыру мен өмірді сақтандыру
және шаруашылық, жүргізуші субъектілер үшін мүлікті сақтандыру.
Сақтандырудың жалпы жүйесінің салыстырмалы дербес бөлігі медициналық,
сақтандыру болып табылады.
Дамыған нарықтық экономика сақтандыру саласын дамытуға қолайлы орта
болып табылады, өйткені нарық және сақтандыру өте тығыз байланысты.
Нарықтық қатынастар кезінде әрдайым кәсіпкерлік немесе өндірістік
тәуекелділік болады, ал тәуеклділік бар жерде сақтандыру болады.
Сақтандыру экономикалық-қоғамдық қатынастардың жүйесі ретінде
тәуекелділік категориясымен тікелей байланысты. Алайда барлық тәуекелділік
түрі сақтандыруға алына бермейді. Тәуекелділік арқылы көптеген шығындар
болуы мүмкін, сонымен қатар тәуекелділікті дұрыс меңгере білсе пайда алып
келуі мүмкін. Тәуекелділіктің объектісі ретінде – демографиялық,
математикалық және қаржылық тәуекелділік түрлері кіреді.
Мысалы, McKinsey&CO. компаниясының сақтандыруға байланысты
стратегиялық кеңесшілері тәуекелділікті төмендегідей екі түрге бөледі, бұл
түрлердің негізін ірі қаржы және өндірістік компаниялардың іс-тәжірибесінде
кездесетін мысалдарға байланысты алынған:
1) Сыртқы, жиі қайталанбайтын тәуекелділік.
Бұл топқа халықтың денсаулығына келер зияндар олар: экологиялық,
транспорттық тасымалдау кезінде болатын зардаптар; сонымен қатар авторлық
құқықты бұзушылыққа байланысты, ол мысалға өндірісті бағдарламамен
қамтамассыз ету, биотехнологияда, фармацевтика өндірісінде, машина жасау
салаларында. Және осында ақпараттық технология проблемалары кіреді. Сонымен
бірге заң нормативтерінің өзгеруі, бухгалтерлік стандарттардың өзгеруі, бір
сөзбен айтқанда құқықтық және саяси тәуекелдік.
2) Жиі қайталанып тұратын нарықтық тәуекелділік.
Бұл топқа мұнай өндірісіндегі, түсті және қара металлургия, ағаш
өңдеу өндірісіндегі сұраныс және ұсыныс ауытқулары. Бизнестегі табыс
ауытқулары, яғни тәуекелділік, мұнымен өз өндірісінде кездесетін
қайшылықтардың салдарынан болатын зардаптарға байланысты көптеген
кәсіпорындар мен компаниялар жиі кездеседі. Бағаға байланысты ауытқулар,
бұлар бәсекелестікке байланысты айтылған. Тасымалдау және жеткізуге
байланысты тәуекелділіктер, сонымен қатар сапаға байланысты
тәуекелділіктер.
Міне, осындай тәуекелдіктер жалпы сақтандырудың негізі болады.
Қазіргі әлемдік экономика тәуекелділікпен тікелей байланысты және
оның болуы белгілі бір дәрежеде экономикалық шығындарға әкеп соқтырады.
Сақтандырудағы экономикалық шығындар – машиналар мен құрал-жабдықтарды
техникалық күрделендіргенде, кейбір объектілердің өзіндік құны өте жоғары
болғанда болады. Сонымен қатар сақтандыру көптеген табиғи апаттар мен
катастрофалардың салдарынан болатын шығындармен байланысты. Осы
зардаптардың салдарынан әлем мемлекеттері миллион АҚШ долларына шығынға
батып жатады. Мысалы мамандардың айтуы бойынша 1998 жылы Испанияда болған
жер сілкінісі 3,5 млрд. АҚШ долларына тең зардап алып келген,1998 жылдың
қазан мен желтоқсан айында Англияның оңтүстігінде болған нөсер-жаңбырдың
салдары 3,3 млрд. евромен бағаланады. Кейінгі кезде өндіріс орындарындағы
апаттар үлкен қауіп төндіріп отыр, сонымен қатар ол үлкен шығындар әкеледі:
1997 жылы 21 қыркүйекте Тулуза қаласындағы мұнай өңдейтін зауытта болған
жарылыс 1,3 млрд. АҚШ долларына бағаланса; ал сол жылы наурыз айында
Италияда мұнай платформасында болған жарылыс 580,0 млн. АҚШ доллары
көлемінде экономикалық шығын әкелді. Мұндай апаттар салдарынан болған
шығындар тізімін тізе беретін болсақ, олар өте көп. Соңғы уақытта
экономикалық шығындар, апаттардың жаңа түрінен туындап жүр. Ол әлемдегі
саяси тұрақсыздықтың салдарынан болып жатқан, террорлық әрекеттер. Алысқа
бармаяқ 1999 жылғы Англия қаласындағы аэропортта жасалған шабуылды алатын
болсақ, оның зардаптары 500 мың жуық кінәсіз адамдардың өмірі.., ал сол
шабуылдан келген шығын 40-70 млрд. АҚШ долларымен бағаланады. Сонымен қатар
әлемнің түкпір-түкпірінде болып жатқан ланкестік әрекеттер салдары қаншама
зардаптарқа ұшыратып жатыр.
Жоғарыда келтірілген мысалдардың салдарынан болған шығындарды өтеу
үшін сақтандыру ісі экономикада кеңінен қолданылады, терең тарихы бар
сақтандыру, қазіргі таңда әлемдік экономикада стабилизатор рөлін атқарады.
Ендігі жерде сақтандырудың тарихына үңілсек.
1.2 Сақтандырудың шығу тарихы
Сақтандыру – қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын

өндірістік және әлеуметтік-экономикалық қызметінің барлық жағын қамтиды.
Сақтандыруға түрткі болатын басты себеп – бұл өндіріс пен адам өмірінің

отыру мақсатында оларды сатып алу үшін қоғамның, жеке өндірушілердің
олардың топтарының (салалық және аумақтық аспектілерде) натуралдық заттай
босалқы қорларын да немесе резервтерін де сондай-ақ ақша ресурстарында
кіріктіретін қажетті қаражаттары да болуы тиіс. Мұндай ақша-қаражаттары
әдетте резерв және сақтық қорлары түрінде қалыптасады.
Зерттеушілердің айтуы бойынша, сақтандырудың қазіргі формасы сонау
құл-иеленушілік дәуірінде пайда болған дейді. Ерте Римде коллегиялар
құрылды, ол ұйымға әртүрлі маман иелері мүше болды; бұл коллегияға кіру
үшін алғашқы 100 сестериций және ай сайын 5 ас төлем төлеп отыру керек
болды, осы коллегияның мүшесі қайтыс болған жағдайда оның жанұясына 300
сестериций көлемінде төлем төленді. Ал әскери коллегияларда қаза тапқан
жауынгерлердің жанұясына 500 денарий төленген екен. Қазіргі күнге дейін
сақталған мәліметтерге сүйенсек коллегиялар біздің эрамыздың 2-3
ғасырларына дейін өмір сүрген.
Орта ғасырларда, жойылып кеткен коллегияларды саудагерлер мен
қолөнершілер қайта жандандырды. Олар тек қайтыс болғанның жанұясына
көмектесіп қана қоймады, сонымен қатар кемемен жүзу және теңіз саудасынның
тәуекелділігін өз мойындарына алды. Ғасырдың ортасында Ломбардия мен
Францияда теңіз тасымалын сақтандыру кең қанат жайды. Сақтандырудың қазіргі
заман элементтері бар ең ерте келісім-шарт сонау 1347 жылы 23 қазанда
Генуяда жазылған. Бұл келісім-шарт қарыз хаттамасы түрінде 107 күміс фунтқа
бағаланып, егер 6 ай көлемінде Санта-Клара кемесі Генуядан Майоркаға
жетпесе, қарыз алушы көрсетілген сомманы өз мойынына алған. Ал Руанада,
Франция, 1961 жылы шыққан теңіз саудасы жайлы жинақ жарық көрген және де
осы жинақтың формасы сол уақытта Англияда қолданылып жүрген жинақтың
мәтініне сәкес келген, ал ол өз алдына сонау XIV ғасырда Италияда
қолданылған тәртіпке ұқсаған.
Бертін келе теңіз сақтандыруы Ллойд(с атымен байланысты, бұл
сақтандыру саласындағы көне ұйымдардың бірі. Олар күніне (бізге дейін
жеткен мәліметтер бойынша 1788 жылы) Лондон кафелерінің бірінде бірнеше
теңіз тасымалына байланысты келісім-шарттар жасаған. Осы шаралар қазіргі
заман сақтандыруының алғашқы қадамдары болды, және ол операциялар қазіргі
британ сақтандыру операцияларының негізі болып есептеледі.
Алайда ұлттық экономиканың қарқынды дамуы, олардың өз ұлттық
сақтандыру компанияларын құруды талап етті. 1852 жылы Б. Франклин тұңғыш
оттан сақтандыратын компанияның (The Philadeiphia Contributionship)
құрылтайшысы болып, сақтандыру ісінің дамуына ықпал етеді.
1.3 Жалпы сақтандыру және өмірді сақтандыру
Сақтандыру нарығын талдауды оның негізгі екі саласын талдаудан бастаған
жөн. Жалпы сақтандыру және өмірді сақтандыруға тән экономикалық қатынастар
қоғамдық өндіріс процесіндегі зиянның орнын; егер бұл процесс дүлей апат
пен басқа төтенше немесе күтпеген оқиғалардың нәтижесіндс бұзылса,
толтырумен байланысты. Зиянның орнын ынтымақтастық негізде сақтық
қатынастарына қатысушылардың төлейтін сақтық жарналары есебінен
толтырылады, бұл жарналардың жиынтығы, жоғарыда айтылғандай, сақтық
қорларын құрайды.
Мүліктік және кәсіпкерлік тәуекелдер (қауіп-қатерлер) азаматтық-
құқықтық жауаптылықты қоса алғанда, оларға байланысты мүдделерді сақтандыру
жалпы (мүліктік) сақтандыруға жатады. Мұндай сақтандыру кезінде мүліктің
жоғалу (жойылу) қаупі (тәуекелі), жетіспеуі немесе бүлінуі және өзге де
мүліктік игіліктер мен құқықтар сақтандырылады.
Сақтанушының немесе пайдаланушының мүліктері сақтандыруға мүддесі
болмаған жағдайда жасалған мүліктік сақтандыру шарты жарамсыз болады.
Жазатайым жағдайдан және аурудан сақтандыру сақтандырылушы жазатайым
жағдайдың немесе аурудың салдарынан қайтыс болған, еңбек ету (жалпы немесе
кәсіби жағынан) қабілетін (толық немесе ішінара) жоғалтқан немесе оның
денсаулығына өзге де зиян келтірілген жағдайда оның қосымша шығыстарын
тіркелген сомада не ішінара нсмесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемін
жүзеге асыру көзделетін жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып
табылады.
Медициналық сақтандыру сақтандырылушының медицина мекемесінен
медициналық сақтандыру медициналық сақтандыру бағдарламасына енгізілген
медициналық қызмет көрсетулерді сұраған жолдамаларынан туындаған шығыстарын
ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерін жүзеге асыру
көзделетін жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы.
Көлік құралдарын сақтандыру көлік құралын иеленуге, пайдалануға, оған
билік етуге байланысты адамдардың мүліктік мүдделеріне оның зақымдануы
немесе жойылуы, соның ішінде айдап немесс ұрлап әкетілуі салдарынан
келтірілген зиянды ішінара немесе толық өтемі мөлшеріндс сақтық төлемдерін
жүзеге асыру көзделстін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
Жүктерді сақтандыру жүктерді исленуге, пайдалануға, оған билік етуге
байланысты адамдардың мүліктік мүдделеріне оның зақымдануы немесе жойылуы,
соның ішіңце жүктердің тасымалдану әдісіне қарамастан жоғалып кетуі
салдарынан келтірілген зиянды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық
төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып
табылады.
Муліктік сақтандыру мүлікті иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге
байланысты адамдардың мүліктік мүдделеріне (автомобиль, темір жол, әуе
немесе су көліктерін, жүктерді қоспағанда) оның зақымдануы немесе жойылуы

Азаматтық-қүқықтық жауаптылықты сақтандыру кезінде, үшінші бір
адамдардың өміріне, денсаулығына немесе мүлкіне зиян келтірудің салдарына
туындайтын міндеттемелер бойынша жауапты болу (келтірілген зияндар үшін
жауаптылықты сақтандыру), сондай-ак, шарттардан туындайтын міндеттемелер
бойынша жауапты болу (шарт бойынша жауаптылықты сақтандыру) тәуекелін
сақтандыру.
Зиян келтіргендігі үшін азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыру
кезінде сақтанушының өз жауаптылығы да, осындай жауаптылық жүктелуі мүмкін
болатын өзге тұлғаның жауаптылығы да сақтандырылады.

кезінде сақтанушының өзінің жауаптылық тәуекелі ғана сактандырылуы мүмкін.
Бұл талаптарға сәйкес келмейтін сақтандыру шарты жарамсыз деп есептеледі.
Шартты бұзғандығы үшін азаматтық-құқықтық жауаптылық тәуекелі шартта
оның талаптарына сәйкес сақтанушы оның алдында азаматтық-құқықтық жағынан
жауапты болуға тиіс тарап болып табылатын және бұл жағдайда пайда алушы
ретінде іс-қимыл жасайтын тұлғаның пайдасына сақтандырылған болып
есептеледі.
Кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру кезінде кәсіпкердің сақтанушы ретінде
іс-қимыл жасайтын келісімшарт жасаушы агенттерінің өз міндеттемелерін
бұзуынан болған кәсіпкерлік қызметтің залалдар тәуекелі немесе кәсіпкерге
байланысты емес жағдайлармен осы қызмет шарттарының өзгеруінен болған
залалдар тәуекелі, соның ішінде күтілген кірісті ала алмай қалу тәуекелі
сақтандырылады. Кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру шарты бойынша тек осы
сақтанушының кәсіпкерлік тәуекелі және тек соның пайдасына ғана
сақтандырылуы мүмкін.
Сақтанушы болып табылмайтын тұлғалардың кәсіпкерлік тәуекелді
сақтандыру шарты немесе өзге тұлғаның (пайда алушының) пайдасына жасалған
шарт жарамсыз болады.
2005 жылдың басынан бастап "Сақтық төлемакыларына кепілдік беру қоры"
өзінің тікелей қызметін бастады. Қордың қатысушылары сақтандырудың тек
міндетті түрлерін жүзеге асыратын сақтық компаниялары болады. Бүгінде
сақтандырудың мұндай оншақты түрі бар (қабылданған заңдарға сәйкес):
әлеуметтік сақтандыру, көлік құралдары иелерінің және тасымалдаушының
жолаушылар алдындағы, жекеше нотариустар мен аудиторлардың азаматтық-
құқықтық жауаптылығын сақтандыру, турагенттер мен туроперацияларды, еңбек
міндеттіліктерін атқару кезінде қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына зиян
келтіргені үшін жұмыс берушінің жауаптылығын сақтандыру, қызметі үшінші
тұлғаға (зауыттар, скважиналар, заправкалар және т.с.с.) зиян келтіру қаупі
бар объектілер иелерінің азаматтық-құқыктық жауаптылығын, өсімдік
шаруашылығында сақтандыру, экологиялық және медициналық сақтандыру.
Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі
мемлекеттік сақтық корпорациясы Европа дамыту институттарының бірі болып
табылады.. Корпорацияның орнықты қызметін қамтамасыз ету үшін 7,7 млрд.
теңге мөлшерінде жарғылық капиталы қалыптастырылған. Қоғамның бірден-бір
акционері мемлскет болып табылады. Корпорация қызметінің негізгі бағыты —
бұл сатып алушылардың дәрменсіздігімен және сыртқы саяси, реттеуші
тәуекелдіктермен байланысты зияндарды сақтық қорғауды қамтамасыз ету.
Корпорация экспорттық кредиттер мен инвсстицияларды сақтандыруды (қайта
сақтандыруды) жүзеге асырады, сақтық төлемдерін төлейді және
контрагенттерден өтеуді алады. Өз қызметтерінде корпорация сондай-ақ сыртқы
экономикалық операцияларды жүзеге асыратын кәсіпорындар мен ұйымдарға
экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандырумен байланысты мәселелер
бойынша консультациялық, маркетингтік және ақпараттық қызметгер көрсетуді
жоспарлайды.
Корпорация жоспарлайтын тәуекелдерді сақтандыру шеңберіне мыналар
кіреді: сатып алушының дәрменсіздігі, өзара шартты орындауға қатысушы
импортшы (реципиент) елінің немесе үшінші ел үкіметтері тарапынан
экспортшыға немесе инвесторға қатысты дискриминациялық сипаттағы шешімдер,
іс-әрекеттер (әрекетсіздіктер); импортшы (реципиент) елі өкіметтерінің
шетелдік валютамен операцияларды жүзеге асыруға, валютаны айырбастауға
шектеу енгізуі; экспроприациялау, мемлекет меншігіне айналдыру, тәркілеу;
революциялар, қоғамдық тәртіпсіздіктер, соғыстар және т.с.с. Сақтық ұйымы
бола отырып, корпорация "Сақтық қызметі туралы" заңға сәйкес іс-әрекет
етуге міндетті. Осыған байланысты сақтандырудың немесе қайта сақтандырудың
жеке келісімшарты бойынша сақтық (қайта сақтандыру) ұйымының
міндеттемелердің ең жоғары көлемі меншікті капитал мен сақтық резервтерінің
10%-ын құрайды. Тәуекелдікті сақтандыруға корпорация алатын көлемдердің
әлуетін көбейту мақсатымен, сондай-ақ алапаттық сипаттағы уақиғалар кезінде
төлем қабілетсіздігі тәуекелдігін болдырмау үшін жетекші халықаралық қайта
сақтандыру ұйымдарына тәуекелдіктерді ішінара қайта сақтандыру практикасы
жүзеге асырылады.
Сақтандырылған мүліктің түріне немесе ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz