Бастауыш сынып оқушыларына музыка пәні арқылы эстетикалық тәрбие беру


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Бастауыш сынып оқушыларына музыка пәні арқылы эстетикалық тәрбие беру

Адамдардың эстетикалық сезімдері олардың өмірінде зор роль атқарады, Әсемдікгі көре, түсіне, жасай білу адамның рухани өмірін байытады, қызғылықты етеді, оған ең жоғары рухани ләззаттануға мүмкіндік береді. Біз әр адамның адамгершілікті тұлғалық мәнін жан-жақты дамытуға ұмтыламыз, сондықтан әр баланың сезім нәзіктігін, көркемдікті, әсем нәрсені сүйенетіңдей етіп дамытуымыз керек. Адамның әсемдікті және жексұрындықты, сәулеттілік және ождансыздықты, қуаныш пен қайғыны т. б, түсінуіне байланысты, оның саналы тәртібі мен мінез-құлқы айқындалады. Осыдан келіп адамның әсемдікке шынайы көзқарасы мен мұраттары болуы керек екендігі шығады.

Қазіргі кезде эстетикалық көзқарастарды тәрбиелеу - тәрбие барысының зейін салуды, күн санап өсіруді талап ететін мәселесі. Біздің қоғам адамына тек қана өнердің емес, еңбек, қоғамдық қаттынастар, қоршаған орта, тәртіп, тұрмыс, табиғаттың да әсемдік жақтары ықпал етеді. Эстетикалық көзқарастар адамның шындыққа қатынасын анықтайды.

Адам өміріңде эстетикалық көзқарас әрдайым қуатты рухани күш ретінде көрінеді. Балаға балғын бөбектік кезеңнен бастап әсемдікке ұмтылу тән нәрсе. Ол әрдайым бойларында әсемдік құндылықтары бар қатар-құрбыларына, ересектерге еліктейді. Балалардың өз еңбек іс-әрекеті тиімді және сапалы болуы үшін оның ұйымдастырылуы толысып, тамаша нәрсені қабылдау деңгейіне жеткені жөн. Балаға сонымен қатар жасампаздықтың да әсемдігі ашылады.

Еңбек әсемдігін қабылдауды үйретіп, қоғамдық іс-әрекет әсемділігіне сезімталдығын тәрбиелеп, мұғалім балалардың еңбек белсенділігін кеңейтуге дем береді. Эстетикалық көзқарасты тәрбиелеудің экономикалық мәселелерге әрі тікелей, әрі жанама қатынасы бар. Бұл біздің қоғамдағы қоғамдық өндіріс адамдардың өскелең рухани және материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталғандығынан туындайды. Өндірілген товарлар сапасының әсемдігі тұтынылу жағына үлкен есер етеді. Мұның өзі әр баланың білім алуыңда белгілі дәрежеде эстетикалық көзқарас мәдениеті болуын талап етеді.

Өнерде шоғырланған адамдардың шындыққа эстетикалық қарым-қатынасы қоғамдық идеяларды алға алып баруымыздың құралы, сол арқылы санаға өте күшті өсер ету жүзеге асады.

Сонымен, оқушылардың эстетикалық көзқарасын тәрбиелеу - дамыған әсемдік сана мен талғамды, оны қабылдау және бағалау қабілетін калыптастырудың мақсатқа бағыттала ұйымдастырылған процесі. Эстетикалық көзқарасты музыка арқылы тәрбиелеу оқушыны жан-жақты және үйлесімді дамытудың жалпы жүйесінде ең алдымен өзіне тән қызмет атқарады. Ол іс-әрекеттің барлық түрлеріндегі әсемдік нышанын анықтап, оны оқушының әсемдікке көзқарасының дамуы, білім алуы, қалыптасуы құралына айналдырады.

Кең ой-өрістілік сөйлеу іс-әрекетінің мазмұнынан сөз өнерін, ақыл-ой еңбегін, шындықтың объективтік жақтарын, көркем сөз сұлулығын бөліп қарайды. Еңбек іс-әрекетінде еңбек мақсаттары және процесі, оның нәтижесі, сұлулығы ерекше көрсетіледі. Құқықтық іс-әрекетінде қогамдық мұраттардағы, дамудағы оның ынтасы мен тәртібіндегі сұлулыққа баса назар аударылады. Бейнелеу іс-әрекеті барысында балаларға көзге көрінетін әлем, музыкада адам жасаған дыбыс үйлесімділігінің сұлулықтары ашылады. Дене тәрбиесі мәдениеті және гигиена негіздері арқылы бала адам денесінің тән және жан сұлулығын таниды т. б.

Әсемдікке тәрбиелеудің оқушыны жан-жақты және үйлесімді дамытудың жалпы жүйесінде әлемдік және ұлттық музыка жатады.

Музыка әсемдіктің адам үшін зор тартымды күші бола отырып, сонымен бірге оның іс-әрекетінің белсенді және тиімді дем берушісі де болады. Оқушы музыканың әсемдігін меңгереді, оның жан дүниесінің байлығы, шешендігі оны басқа адамдарға тартымды етеді. Оқушылар алдында ашық көрініс берген музыка еңбегі әсемдігі, оларды ынталандырып, тартымды етеді және еңбек іс-әрекетінің процесін жеңілдетеді. Ерлік пен шын азаматтық әсемдігі адамдарды қоғамдық тәртіп және құқықтық әрекеттерін орындауға жетелейді.

Баланың эстетикалық көзқарасын тәрбиелеу әсемдіктің қасиеттері бар әр түрлі өмір мен қатынастар және әсерлер ықпалымен жүзеге асырылады. Кіші мектеп жасындағы балалардың эстетикалық көзқарасы үздіксіз дамиды. Оған себеп болатын нәрсе оқу, қоғамдық және тұрмыстық еңбектің жаңа жүйеге түсуі.

Эстетикалық көзқарасты тәрбиелеудің негізгі құралы - өнер. Ол шындықты көркем, сезімді қабылданылатын бейнелер арқылы бере отырып және осылар арқылы адам сезімі мен санасына әсер етіп, оның көзқарасын қалыптастыруға жәрдем етеді. Педагогикада эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу тәрбиенің басқа салаларымен тығыз байланысы қаралады. Балалардың ақыл-ой тәрбиесін, зерттелген құбылыстар әсемдігін ашпай жүзеге асыру мүмкін емес. Еңбекке тәрбиелеу - адамдардарды әсемдікті, еңбек мазмұны мен процесін танымай саналы тәртіп пен мінез-құлықты тәрбиелеу мүмкін емес. Сондай-ақ әсемдікке көзқарасты тәрбиелеуді өмірден, белсенді іс-әрекеттен және мұраттарға жету жолындағы күрестен оқшау қарауға болмайды.

Мектеп оқушыны әсемдікті өмірден, адамдар қылықтарынан, еңбек іс-әрекетінен, еңбек нәтижесінен көруді және ләззат алуды үйретіп қана қоймайды, күнделікті өмірде осы әсемдікті жасау ынтасы мен іскерлігін тәрбиелейді.

Сонымен эстетикалық тәрбие табиғаттағы, өнердегі, еңбектегі, музыкадағы, өмірдегі ең жақсыны қабылдау, одан ләззат алу. Эстетикалық тәрбие адамды дүниедегі әдемілік атаулыны бағалай білуге үйретеді. Өнер шығармаларын тануға, қастерлеуге баулиды, оған керісінше ұсқынсыздыққа жағымсыз көзқарасты қалыптастырады.

Эстетикалық. тәрбиенің өзіне тән міңдеттері бар. Олардың бірі - эстетикалық сезімді және эстетикалык, қабылдауды тәрбиелеу. Өмірдегі, өнердегі әдемілікті сезу және көру адамдарда әр түрлі болады. Біреулер әдемілікке үңіле қарап, оның сырын білуге тырысады, ал кейбіреулер оған онша мән бермейді, қалай болса солай қарап, жанынан өте шығады. Әдемілікгі сезу үшін, оған түсіну үшін ең алдымен бейнелеу өнері, музыка және ән саласынан әрбір адамда білім болуы қажет. Білім адамды әдеміліктің объективтік критерийлерімен қаруландырады. Білімді адам сұлулықты бағалай біледі, түсінеді. Айналадағы дүниеге сезімталдық, эстетикалық қабылдау қырағылығы, ықыластылық, қамқорлық баланың эстетикалық дамуынын негізі болады.

Эстетикалық ұғымды, байымдауды, баға беруді қалыптастыру - эстетикалық. тәрбиенің тағы да бір міндеті. Әдемілікті сүю, оған түсіну үшін балаға негізінен көмектесетін білім. Сондықтан бала бейнелеу өнері саласындағы ырғақ, үндестік, музыка мен әндегі дыбыстарды және өнер әдістері туралы білімді игеру қажет. Осыған байланысты ол эстетикалық терең түсінуге тырысады, байымдай және бағалай біледі.

Көркемдікке және сұлулыққа баға беру үшін эстетикалық танымның маңызы өте зор. Эстетикалық таным - бұл өмірдегі, еңбектегі және табиғаттағы сыртқы әдемілік пен нағыз сұлулықгың арасын ажырата білу, өнер шығармаларына жоғары талап қою. Мысалы, мұзда конькимен мәнерлеп сырғанақ тебу жарысы өткізіледі. Сонда орындаушыларға екі түрлі баға, яғни бірінші баға - көркемділігін келістіре орындағаны үшін, екінші баға мәнерлеп сырғанаудың техникасын жоғары дәрежеде игергені үшін қойылады. Әрине, орындаушыларға әділетгі баға қою үшін мамандардың, әсіресе төрешілер алқасының танымы, білімі жоғары дәрежеде болуы керек.

Эстетикалық танымның дамуына көбінесе өнер үлгілерін қабылдаумен, не тегінде шығармашылықпен байланысты іс-әрекеті мүмкіндік береді.

Қазіргі жағдайда біздің қоғамдық өміріміздегі қажетті мәселелердің бірі ~ баланың эстетикалық белсенділігін тәрбиелеу. Ол әдемілікті сезіп жене оның заңдарын түсініп қана қоймай, осы заңдар бойынша өзін қоршаған айналаға өзгеріс жасауы қажет. Өмірге енген эстетикалық талғам (еңбек, табиғат эстетикасы, адамдар қатынасы және жай жағдай эстетикасы) адамды сүйсіндіреді. Адам белсенді түрде өмірдегі әдемілікке, көркемдікке өз үлесін қосып, оны көріксіздіктен, ұсқынсыздықтан қорғауы қажет.

Балаларды музыка арқылы эстетикалық белсенділікке тәрбиелей отырып, оларды өздігінен ілтипатты оқырман, қайырымды көрермен, сезімтал тыңдаушы болуға үйрету керек. Балалар әдебиетті оқуға,, кинофильмді, теледидарды, спектакльді көруге, музыканы тыңдауға өте ынталы болады. Әр түрлі әдеби, музыкалық шығармалардағы іс-әрекеттің оқиға желісін дұрыс түсіну үшін баладарды көп ізденуге үйрету, бағыт беру ұстаздардың басты міндеті.

Баланың эстетикалық мәдениеті және белсенділігі тұтас педагогикалық процесте дамиды. Сондықтан оның барлық еңбегі, демалысы эстетикалық бағытта тиімді ұйымдастырылса, ол өз өміріне әдемілік элементтерін енгізе алады.

Эстетикалық тәрбиенің маңызды міндеті - өнер және әдебиет салаларында балалардың қабілетін, ынтасын және бейімділігін дамыту. Осыған орай, мектепте оқушылардын ықтимал мүмкіндіктерін және қабілетін барынша ашу керек.

Эстетикалық тәрбиенің негізгі құралдары -музыка, әдебиет және өнер. Олар зор идеялық тәрбиелік роль атқарады. Музыка, әдебиет пен өнер адамдары қуанышқа бөлейді, жігерлендіреді, олардың идеялық жағанан баюына игі әсер етеді. Өнер және әдебиет, музыка адам санасына белгілі көзқарастарды әр түрлі құралдар арқылы (әдебиетте - проза, поэзия; кескіндеме - жанр, баталия, пейзаж; мүсінде - бюст, т. б. ; музыкада - симфония, оратория, ән енгізіледі) .

Белгілі орыс суретшілері ПЛ. Федотовтың, В. Г. Перовтың, И. Е. Репиннің, В. В. Верещагиннің, И. И. Шишкиннің, И. Н. Левитанның жене қазақ суретшілері Ә. Қастеевтің, М. Кенбаевтың, Қ. Шаяхметовтың т. б. шығармашылығымен байланысты бейнелеу өнері адамдардың тәрбиесіне күшті ықпал етеді.

М. Горький, Н. А. Островский, А. А. Фадеев, М. А. Шолохов, М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов, С. Мұқанов, т. б. еңбектеріндегі адам баласының бақыты және бостандығы үшін күрескерлердің бейнелері жастарды ұлы ерлікке рухтандырады.

Сонымен өнер мен әдебиет, музыка шындықты игерудің және танудың құралы. Өнер мен әдебиет, музыка адам дамуының және рухани өсуінің басты шарттарының бірі болып табылады. Әдемілікті сезуде, эстетикалық көзқарастарды қалыптастыруда табиғат зор роль атқарады. Табиғат адамды қуанышқа бөлейді, сезімін дамытады, эстетикалық түсінігін байытады. Адам табиғатты бақылаушы ғана емес, ол тұтынушы, сұлулықты жасаушы шығармашылық қызметкер. Сондықтан өзінің күшін, қабілетін адамдар бақыты үшін табиғатқа өзгеріс жасауға жұмсауы керек. Мысалы, қала мен селоны, тұрғын жерлерді көгалдандыру, бақ және гүлдер өсіру, мәдениет және демалыс орындарын әшекейлеу - бұл зор эстетикалық қамқорлық.

Мектеп оқушыларының эстетикалық түсініктері, олардың еңбекке әсемдік тұрғысынан қатынасы, өзіндік белсенді іс-әрекетімен байланысты екенін көрсетеді. Мәселен өзі шешу мүмкіндігі болғанда ғана оның әрі мінез-кұлықтық, әрі әсемдік көңіл-күйі жай табады, тояттайды.

Жемісті еңбектен қанағаттануы, көңілдің жай табуы, эстетикалық сезімі бала үшін көп жағдайда бір нәрсе.

Оқушылардың оқу еңбегіне талғампаздық қатынасын дамыту, оны оқудың қозғаушы күші, дем берушісі ретінде пайдалану үшін балалардың өзіндік белсенді іс-әрекетін ұйымдастыру, көркемдік ләззат және құлықтық әсер алуды қамтамасыз ететін еңбектің нәтижесіне жетуіне көмектесу кажет.

Бақылау және балалармен әңгіме олардын, әрқайсысы өте әсем зат жасағысы келетінін көрсетеді. Бала өзі жасаған затты ең тәуірлердің қатарына жатпаса да қуанады. Мұндай жағдайда мұғалім оқушылар жұмыстарына көрме ұйымдастырып олардың нетижесін бағалауға көмектеседі.

Оқушыларды бірлесе орындалатын қоғамдық пайдалы еңбек әсемдік жағынан қатты қызықтырады. Оларға бірлесіп, аула тазарту, жер дайындап гүл отырғызу, металл сынықтары мен қағаз қалдықтарын жинау, кітап жөндеу, сынып бөлмесін тазарту, безендіру т. б. ұнайды. Оларды жақсы жұмыс үшін мадақтау, жарыста озып шығып әсер алу да еліктіреді. Осы тұрғыдан қарағанда еңбек және эстетикалық тәрбие өзара қабысып бірін-бірі толықтырады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие берудің педагогикалық мәселелері
Бастауыш сынып оқушыларын патриоттыққа тәрбиелеудің педагогикалық негіздеулері
Бастауыш сынып оқушыларына эстетикалық тәрбие беру жолдары
Қазақ халық музыкасы арқылы бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беру әдістемесін жасау
«Қазақ халық музыкасы арқылы бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беру»
Бастауыш сынып оқушыларының патриоттық құндылықтарын қалыптастырудың үлгісі
Мектеп бағдарламасы шеңберінде аспаптық музыканы қолданудың әдіс-тәсілдері
Музыка – эстетикалық тәрбие көзі
Оқушыларға эстетикалық тәрбие берудің педагогикалық негіздері
Бастауыш сыныпта оқушыларына эстетикалық тәрбие беру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz