Ақпараттық дәуірдегі – ақпараттық қауіпсіздік


Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ:

І. КІРІСПЕ

1. 1. АҚПАРАТТЫҚ ДӘУІРДЕГІ - АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК……… . . . 3

1. 2. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК - ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІҢ МАҢЫЗДЫ БӨЛШЕГІ . . . 6

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2. 1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АҚПАРАТТЫҚ САЯСАТЫНЫҢ ҚҰРЫЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ . . . 10

2. 2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ ӘЛЕМДІК ТӘЖІРИБЕ . . . 15

2. 3. АҚШ, ҰЛЫБРИТАНИЯ, ИТАЛИЯДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК . . . 19

2. 4. ҚЫТАЙ, ЖАПОНИЯ, УКРАИНАДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК . . . 21

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ . . . 23

ІV. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 28

І. КІРІСПЕ.

1. 1. АҚПАРАТТЫҚ ДӘУІРДЕГІ - АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

ХХІ ғасыр - ақпараттың алтын ғасыры. Сөз жоқ, өміріміздің барлық саласына дендеп енген компьютерлік технологиялар, ғаламдық Интернет торабы мен мультимедиялық және мобильдік құрылғылар адамзат баласын ақпаратпен қарулануға алып келуде. Бүгінде ақпаратсыз қандай да бір жетістікке жетуді айтудың өзі қиын. Қоршаған ортада болып жатқан саяси-экономикалық жағдайлардан хабары мол адам ақпараттық әлеуетті адам саналады.

Адамзат баласы бүгінге дейін индустриалдық дамуды бастан кешті. Индустриалдық дәуірде темір жолдар мен авиация коммуникацияның негізгі құралдары бола отырып, қоғам мен бизнес әлемінің сипатын түбегейлі өзгертсе, ал ХХІ ғасырда адамзат ақпараттық дәуірге аяқ басты. Қоғам өмірінің негізгі өлшемдеріне ақпараттық сауаттылық жатса, Интернет экономикалық құрылымдардың барлығына өз ықпалын тигізе отырып, базалық инфрақұрылымның рөлін атқаруда.

Ақпараттық қоғамның сипатты белгілерін әңгімелемес бұрын ақпараттық қоғамға келудің алғышарттары орын алған тарихқа көз жіберелік. ХХ ғасырдың 60-жылдары адамзат баласы «ақпараттық жарылыстардың» орын ала бастағынын сезінді. Қоғамдық өмірге тән ақпараттардың саны үдей түсті. Уақыт өте келе ақпараттардың саны экспоненциальдық заң бойынша арта беретіндігі дәлелденді. Бұл жағдайда ақпараттардың санының жылдам артуы мен жылдамдығы да экспоненциальды тұрғыдан белең алатындығы белгілі болатын.

Бұл дегеніңіз - «ақпараттық жарылыстардың» немесе ақпараттық төңкерістің басталғандығын білдіретін еді. Адамдар ақпарат ағымын өңдеу мен оны басқару, сақтау құрылғыларының жеткіліксіздігін анық сезінді.

Жалпы адамзат тарихын зерделеп зерттеген ғалымдар ақпараттың ең алғашқы белгісі деп жазудың пайда болғанын айтады. Бұл кезеңде адамның ақыл-ой қуатының құндылықтарын жазу арқылы ұрпақтан-ұрпаққа қалдыру мүмкіндігі пайда болды.

Адамзат баласы бастан кешкен екінші эволюциялық кезең ХV-ғасырдың ортасындағы кітап басу ісінің қолға алынуы болатын. Бұл қоғамның сауатын арттырып, рухани-мәдени дамуға түрткі болды, пошта қызметі пайда болды.

Ақпараттық эволюцияның үшінші кезеңі ХІХ ғасырдың аяғымен тұспа-тұс келді. Бұл кезеңде электр қуаты ойлап табылды. Сондай-ақ, ақпаратты кез келген көлемде шұғыл жинақтау мен таратуға, көбейтуге мүмкіндік беретін телеграф, телефон, радио пайда болды.

Дамудың төртінші сатысы ХХ-ғасырдың 70-жылдарында орын алды. Бұл кездері өмірге микропроцессорлық технологиялар мен дербес компьютер келді. Бұл кезеңді ақпараттандыру ғылымын зерттеуші ғалымдар үшке бөліп қарастырады:

● механикалық және электрлік құралдардан ақпаратты электронды нұсқада сақтау құралдарына көшуі;

● барлық желілердің, құрылғылар мен приборлардың миниатюризациялануы (көлемін кішірейтуі) ;

● бағдарламалық-басқару құрылғылары мен процестердің құрылуы.

1980 жылға таман әлемдегі дамыған мемлекеттерде ақпараттық бизнес пен ақпараттық қызмет салалары жандана бастады. Мәселен, осы уақытта АҚШ-тың ауыл шаруашылығында жұмыс істейтіндердің жалпы саны 3 %, өнеркәсіптегі жұмыс істейтіндер - 20 %, қызмет көрсету нарығындағы адамдар - 30 % болса, ал ақпаратпен жұмыс және оған қажетті құрылғыларды жасау саласындағы адамдар жалпы экономикалық белсенді адамдардың 47 пайызын қамтыды.

ХХІ ғасыр ақпараттық дәуір дейтін болсақ, онда оның сипатты белгілері қандай? Бұны теоретик-ғалымдар былайша анықтады:

а) ақпараттық кеңістік - қолда бар ақпараттар жиынтығын басқаруға жан-жақты әзір орта;

б) ақпаратты сақтау, тарату мен пайдалану үшін қажетті барлық қажетті құралдардың болуы.

Ғаламдық тұрғыдан ақпараттандырудың өмірімізден орнықты орын алуы адамзатты ақпаратпен жұмыс істей алуға шақырып отыр. Бүгінде әлемнің көптеген мемлекеттерінде жұмысқа орналасушыларға қойылатын бірден-бір талап - компьютерлік сауаттылық пен ақпаратпен жұмыс істей алу болып отыр. Осыған орай, 2000 жылы «Үлкен сегіздік» елдерінің ұйымдастыруымен Окинавада ғаламдық ақпараттық қоғам хартиясы қабылданды.

Хартияны қабылдаудағы басты мақсат - әлемдегі әрбір адамның ғаламдық ақпараттық қоғам жетістіктерін пайдалану мүмкіндіктеріне жол ашу болып табылады. Сондай-ақ, Хартия осы мақсатта елдер арасындағы ақпараттық теңсіздікті жоюға шақырады. Бұған қоса, ақпараттық қоғам құруда жеке адам мен мемлекеттің, бизнестің күш біріктіруі қажеттігін алға тартады.

Ақпараттандыру саласының мамандары ақпараттық қоғамның дамуы арқылы адамзат баласы мынадай мәселелерді шеше алды дейді:

- ақпараттық дағдарыс мәселесі шешілді, яғни, ақпараттар ағыны басқарылатын болды;

- өзге ресурстармен салыстырғанда ақпараттың басымдығы қамтамасыз етілді;

- дамудың басты формасы ақпараттық экономика болып табылды;

- қоғам озық ақпараттық техника мен технологиялар көмегімен білімді пайдалану мен өңдеу, сақтау, автоматтандырылған генерацияны басқаруды игерді;

- адам өмірінің барлық саласын қамти отырып, ақпараттық технологиялар ғаламдық сипатқа ие болды;

- барлық адамзаттық өркениеттердің үндестігі мен бірлігіне шақыру құбылыс жүруде;

- қоғамды басқару мен қоршаған ортаға әсер етудің гуманистік қағидаттары іске асырылды.

Дей тұрғанмен, ақпараттық қоғам мемлекет пен бизнес құрылымдарға, жеке адамдарға ақпараттық қауіпсіздік мәселесін алға тартты. Әлемдік ІТ-сарапшылары мен осы сала ғалымдары ақпараттық қоғамға тән қауіпті тенденциялар деп мыналарды атап көрсетті:

- бұқаралық ақпарат құралдарының қоғам санасына әсері күшейді; (мәселен, Интернеттегі көптеген сайттар зорлық-зомбылықты насихаттаса, ақпараттың көптігі және әр түрлі идеологиялық пиғылда болуы тұтынушының сана-сезіміне кері әсерін тигізбей қоймайды) ;

- ақпараттық технологиялар арқылы адамдардың жеке өмірін, қандай да бір ұйымдардың қызметін бұзу (немесе тіпті құрту) құбылыстары жиілеп кетті;

- сапалы әрі шынайы ақпарат алу мен оны іріктеу үрдісі күрделене түсуде;

- ақпараттық технологияларды әзірлеушілер мен тұтынушылар арасындағы айырмашылық стратегиялық қауіптілік деңгейіне дейін артуда;

- қоғамның кей бөлігінің ақпараттық қоғам ортасына бейімделу мәселелері күшеюде.

Ақпараттық қауіпсіздік дегеніміз не? Мұны әркім әр түрлі түсінеді. Қазақстан Республикасының «Ұлттық қауіпсіздік туралы» 1998 жылғы 26 маусымдағы №233 Заңында «Ақпараттық қауіпсіздік - мемлекеттік ақпараттық ресурстардың, сондай-ақ, ақпарат саласындағы жеке тұлғалардың құқығы мен қоғам мүддесінің қорғалу ахуалы» деген анықтама берілген.

Осы курс жұмысының мақсаты - ақпараттық қауіпсіздіктің аспектілерін, Қазақстандағы ақпараттық қауіпсіздік мәселелері мен оларды шешу жолдарын қарастыру, ғылыми тұжырымдар ұсыну.

  1. Қазақстандағы ақпараттық қауіпсіздік - ұлттық қауіпсіздіктің маңызды бөлшегі

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 10 қазандағы № 199 Жарлығымен мақұлданған Қазақстан Республикасының ақпараттық қауiпсiздiк тұжырымдамасында: ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің мақсаттары былайша белгіленген:

- ақпарат қорғаудың ұлттық жүйесiн, оның iшiнде мемлекеттiк ақпараттық ресурстарды құру және нығайту;

- мемлекеттiк ақпараттық ресурстарды, сондай-ақ ақпарат саласында адам құқықтары мен қоғам мүдделерiн қорғау;

- Қазақстанның ақпараттық тәуелдiлiгiн, басқа мемлекеттер тарапынан ақпараттық өктемдiктi немесе тосқауылды, Президенттiң, Парламенттiң, Үкiметтiң және басқа да мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың ақпараттық оқшаулануын төмендету немесе оған жол бермеу болып табылады.

Қазақстан Республикасының ақпараттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi негiзгi мiндеттеріне мыналар жатады:

- ақпараттық қауiпсiздiк саласында ұлттық заңнаманы жетiлдiру;
ақпараттық қауiпсiздiк қатерлерiнiң көздерiн анықтау, бағалау, болжау, қорғалатын объектiлердiң барлауға қолжетiмдiлiк өлшемдерiн айқындау;

- ақпараттық қауiпсiздiктiң мемлекеттiк саясатын қамтамасыз етудiң, iс-шаралар кешенiн және оларды iске асыру әдiстерiн әзiрлеу;
- ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың қызметiн құқықтық реттеу және үйлестiру;
- ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жүйесiн дамыту, оны ұйымдастыруды, нысандарын, әдiстерiн және ақпараттық қауiпсiздiк қатерлерiн бейтараптау құралдарын, оны бұзу зардаптарын жоюды жетiлдiру;

- Қазақстанның жаһандық ақпараттық желiлер мен жүйелердi құру және пайдалану процестерiне белсендi қатысуын қамтамасыз ету;

- техникалық барлауларға қарсы iс-әрекет ету жөнiндегi нормативтiк құқықтық және әдiстемелiк базаны әзiрлеу және жетiлдiру жолымен техникалық барлауларға қарсы iс-қимыл жасау жүйесiн құру.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басым бағыттарының біріне Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жатады. Бұл бағытта еліміздің ұлттық қауіпсіздік ведомствосы бірқатар шараларды қолға алып, ақпараттық қауіпсіздікті ықтимал қатерлерін болдырмау, олардың алдын алу шараларын жүргізуде.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінде ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында «Барлау» шұғыл қызметі құрылған. Оның басты мақсаты Қазақстан Республикасының Президентін, заң шығарушы және атқарушы биліктің жоғарғы органдарын қандай да бір деңгейде ұлттық мүддемізге қауіп-қатер төндіретін және мемлекетіміздің қауіпсіздігіне әсер ететін әлемдегі жасырын үрдістер туралы шынайы ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады. Осы ретте аталған қызмет жүйесі сыртқы қауіп-қатерді анықтауға, оларды жою мен олардан туындау мүмкін жағымсыз салдарларды бейтараптандыруға бағытталған.

Соңғы жылдары «Барлау» қызметі ақпараттық-талдау жұмыстарына зор көңіл бөлуде. Қазақстан Республикасындағы ақпараттық қауіпсіздіктің басым бөлігін мемлекеттік құпиялар құрайды. Қазақстан тәуелсіздік алған уақыттан бері мемлекеттік құпиялардың қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі қызмет Ұлттық қауіпсіздік комиеттінің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Мәселен, ҰҚК ұсынысы бойынша 1992 жылы ҚР Министрлер Кабинеті жанынан мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы жұмыстарды үйлестіру бойынша ауқымды өкілеттіктері бар Ақпаратты қорғау жөніндегі мемлекеттік техникалық комиссия құрылған болатын. ТМД елдері арасында Қазақстан бірінші болып 1993 жылғы қаңтарда «Мемлекеттік құпияларды қорғау туралы» Заң қабылдады. Осы жылы ҰҚК құпия мәліметтермен және құжаттармен жұмыс істеу тәртібін реттейтін Қазақстан Республикасында құпиялылық режимін қамтамасыз ету жөніндегі жаңа нұсқауды және мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердің тізбесін әзірледі.

Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердің тізбесін заңнамалық белгілеуді міндеттейтін Конституция қабылданғаннан кейін ҰҚК 1999 жылғы наурызда Парламент қабылдаған «Мемлекеттік құпиялар туралы» жаңа Заң әзірледі. Заңда алғаш рет бұқара жұртшылықтың игілігіне айналған мемлекеттік құпиялардың тізбесімен қатар азаматтардың құқығы мен бостандығын қозғайтын: азаматтардың қауіпсіздігі мен денсаулығына қатер төндіретін төтенше жағдайлар мен апаттар және олардың зардаптары туралы, сондай-ақ зілзала апаттары, олардың ресми болжамдары мен зардаптары туралы; экология, денсаулық сақтау, санитария, демография, білім, мәдениет, ауыл шаруашылығының жағдайы туралы, сондай-ақ қылмыстылық жағдайы туралы; мемлекеттің азаматтарға, лауазымды тұлғалар мен ұйымдарға беретін артықшылықтары, өтемдері мен жеңілдіктері туралы; азаматтардың құқығы мен бостандығының бұзылу фактілері туралы; мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, олардың лауазымды тұлғаларының заңдылықты бұзу фактілері туралы; саяси, әлеуметтік және басқа да себептер бойынша жаппай қуғын-сүргіндер туралы ақпаратты құпиялауға тыйым салу енгізілді. Аталған мәліметтерді құпиялау туралы шешім қабылдаған лауазымды тұлғалар жауапкершілік алады және азаматтар мұндай шешімдерді сот тәртібімен шағымдануға құқықты.

Сонымен бірге мәліметтердің құпиялануына байланысты Заңға алғаш рет азаматтар мен ұйымдардың оларды тасушыларға меншік құқығы және азаматтардың құпияларды ашу туралы сұрауларының міндетті түрде орындалуы енгізілгенін атай кеткен жөн.

1999 жылы ҰҚК бастамасымен республикада Агенттік мәртебесі бар мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі жеке уәкілетті мемлекеттік орган құрылды. Агенттікпен бірлесіп, ҰҚК мамандары республикада құпия ақпаратты қорғау және онымен жұмыс істеу рәсімін анықтайтын 40 жуық нормативтік құқықтық актілер әзірледі. 2002 жылдан бастап осы уәкілетті мемлекеттік органның міндеті ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесіне жүктелді.

Қазіргі уақытта Мемлекеттік құпиялардың қорғалуын қамтамасыз ету жөніндегі төрт жылдық мемлекеттік бағдарламаның орындалуы аяқталды. ҰҚК негізгі міндеттерінің бірі «Мемлекеттік құпиялар туралы» Заңның шеңберінде әзірленген нормативтік құқықтық актілердің жаңа талаптарын мемлекеттік органдар мен ұйымдарға енгізу болып табылады. Осыған байланысты ҰҚК органдары мемлекеттік құпияларды пайдалануға қатысты қызметті жүзеге асыруға жаңа рұқсаттарды мемлекеттік органдарға және ұйымдарға ресімдеу (қайта ресімдеу) бойынша кешенді жұмыстар жүргізді.

Республикада алғаш рет рұқсаттарды беру ұйымдардың қорғалу жағдайының мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы заңнама талаптарына сәйкестігін жан жақты сараптаудан және олардың басшыларын тағлымдамадан өткізуден кейін жүзеге асырылды.

ҰҚК қолданған елдің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету тиімділігін жетілдіру мен жоғарылатуға бағытталған ұйымдастыру және нақты шаралары бірқатар жағдайларда белгілі бір оң нәтижелерге жетуге, шетел арнайы қызметтерінің құпия мәліметтерге кіру әрекеттерінің алдын алуға, мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру мәселелерінде кемшіліктерді ашуға мүмкіндік берді.

Сонымен бірге, мемлекеттік құпияларды жария етудің алғышарттары сақталуда, оларды жыл сайынғы құпия құжаттарды (мүліктерді) жоғалту және жабық мәліметтерді жариялау фактілерінің анықталуы дәлелдейді. Мемлекеттік құпияларды жариялау мен жоғалтуға мүмкіндік берген бірқатар лауазымды тұлғаларға қатысты қылмыстық істер көтерілді, кейбір кінәлы тұлғалар ҚР ҚК 172, 173 баптары бойынша бас бостандығынан айрылудың түрлі мерзімдеріне айыпталып, көпшілігі әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Көптеген жағдайда мұндай бұзушылықтар айтарлықтай құрылымдық өзгерістерге, жекеменшік формаларының өзгеруіне ұшыраған ұйымдарға тән. Ұлттық қауіпсіздік комитетімен ақпараттарды жаппай құпияландырудан кету бойынша көптеген жұмыстардың жасалғанын атап айту керек, мемлекеттік құпияларды қорғаудың механизмдері заңмен белгіленген және бұл оларды қажетті деңгейде ашық етті.

ҰҚК Шетелдің арнаулы қызмет жұмысына қарсы тұру барысында ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету де жүзеге асырылып келеді. Бұл орайда, 2006 жылы мемлекеттік құпияны құрайтын мәліметті алмақ болған шетелдік арнаулы қызметтің 3 агенті әшкереленді, олардың екеуі Қазақстан азаматтары болып шықты. Олар мемлекеттік сатқындық жасағаны үшін 10 және 12 жылға бас бостандықтарынан айырылды. Келгендегі ресми жарияланған мақсаттарына сай жұмыс істемеген яғни ұлттық арнаулы қызметтерге қатысы бар деген күдік бойынша 17 шетелдік азамат республикадан аластатылды. Бұдан басқа мемлекеттік органдарды, кәсіпорындарды және мекемелерді тексеру барысында 3 мыңға тарта құпиялық тәртібін бұзушылық ашылды. Соған орай, әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке 230 адам тартылды. Мемлекеттік құпияларды жинағаны және оны шетелдік компанияның мүддесіне пайдаланғаны үшін еліміздің бір азаматы сотталды. Бірқатар заңсыз миграция арналары жабылды және оларды ұйымдастырғаны үшін 3 адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2. 1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК АҚПАРАТТЫҚ САЯСАТЫНЫҢ ҚҰРЫЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Экономикасы серпінді дамып келе жатқан, ғылыми әлеуеті мығым ел ретінде Қазақстан ақпараттық қоғамға батыл аяқ басуда. Демократиялық құндылықтарға негізделген дамудың жаңа деңгейіне, азаматтық және құқықтық қоғамға, саяси әралуандыққа көшу ақпаратқа деген орасан зор сұранысты туғызып отыр. Осы сұранысты қанағаттандыру қажеттігі ақпараттық процестерді тиімді басқару мәселесін күн тәртібіне қоюда. Ал, ақпараттық процестер саяси-әлеуметтік, экономикалық құрылымдар мен жұртшылық арасындағы хабар алмасудың - коммуникацияның өзегін құрап, өзін-өзі реттеп отыратын күрделі әлеуметтік жүйе болып табылатын социумның - қоғамның өркендеп, дамуының негізгі тетігі ретінде көрінеді. Қазіргі таңда мұндай жүйелерді басқару оның объектілері мен субъектілері арасындағы үздіксіз ақпарат алмасу жолымен жүзеге асады. Бұл орайда ақпараттың маңызы қоғамды ғылыми басқарудың әлеуметтік құбылыстар мен процестерді, олардың даму заңдылығын тануға негізделуімен түсіндіріледі. Болмыстың адам санасында бейнеленуі болып табылатын таным процесінің мәні де «ақпарат» ұғымымен тығыз байланысты.

Жалпы тұрғыдан алғанда «ақпарат» ұғымына қандай да болмасын дерек, мәліметтер мен білімдер жиынтығы кіреді. (Шығу тегіне байланысты ақпаратты биологиялық (генетикалық) ақпарат, техникалық ақпарат, геологиялық ақпарат, т. б. деп жіктеуге де болады) . Ақпарат теориясында бұл түсінік сақтау, жеткізу, түрлендіру объектісі саналатын деректер жиыны ретінде пайымдалады, ал информатика ғылымы болса, ақпараттың құрылымы мен қасиеттерін, сондай-ақ оны жинақтауға, сақтауға, іздестіруге, өңдеуге, түрлендіруге, бөлуге және қызметтің түрлі салаларында пайдалануға қатысты мәселелерді зерттейтін пән ретінде көрінеді.

Инновация мен іскерлікке арқа сүйей отырып, ақпараттық технология қалыптасқан басқару технологиясына үлкен өзгерістер енгізуде. Автоматты басқару жүйелерінің бүкіл әлеуетін іске қосу үшін әлемнің жетекші компаниялары қызметкерлер мен технологияларды біртұтас «әлеуметтік-технологиялық жүйелерге» кіріктіруде. Ақпараттық технологиялар мемлекеттік басқаруда, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін ұйымдастыруда кеңінен қолданылуда. Интернет желісінің одан әрі дамуы ғылыми-техникалық үрдістің жаңа кезеңі ақпараттық технологиялардың, ақпараттық менеджменттің өркендеуіне қатысты болатындығын көрсетсе керек. Дүниежүзілік біртұтас ақпарат кеңістігі ақиқатқа айналды. Қазақстан Республикасының жаңа ғасырдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы ақпараттық саясатты ұтымды ұйымдастырумен, жаңа үрдістер мен тәжірибелерді өмірге батыл енгізумен байланысты болса керек.

Соңғы жылдардың тәжірибесі қоғамды басқарудың нарықтық жүйесіне көшу Қазақстанның өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, рыноктық тетіктерді іс жүзінде пайдаланбайынша мүмкін еместігін көрсетіп отыр. Еліміз сондықтан да дамыған елдердің тарихи тәжірибесін өз ерекшеліктеріне орайластыра отырып пайдалануға тырысуда. Өзге посткеңестік кеңістік, соның ішінде ТМД мемлекеттері сияқты біздің елімізде де аралас экономика жүйесі қалыптасты. Нарыққа көшудің қазіргі кезеңінде қызмет формалары мен салалары елеулі түрде өзгеруде, құрылымдық жаңалықтар енгізіліп, жаңа өрістер ашылуда. Алыс болашақты көздейтін сондай өрістердің бірі елімізде ақпараттық қоғам құруға қатысты. Бұл үшін мемлекеттің ақпараттық саясаты жасалып, өзіндік ақпараттық кеңістігі қалыптастырылуы қажет.

Осы мақсатпен 1997 жылғы 9 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының біртұтас ақпараттық кеңістігін қалыптастыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы шықты. Мемлекеттік басқаруда, экономикада, мәдениет пен әлеуметтік салада келешегі бар ақпараттық технологияларды, компьютер техникасы мен телекоммуникация құралдарын пайдалануға негізделетін жаңа технологиялық үрдістерді қалыптастыру, ақпарат пен білім нарығын жасау, жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, қоғамдық өндірістегі ақпараттық құрылымның рөлін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 16 наурыздағы №573 Жарлығымен «Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық құрылымын қалыптастыру мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» қабылданды.

Ақпарат алу еркіндігі және оны тарату бостандығы ақпараттық қоғамның ерекше белгісі болып табылады. Бұл демократиялық процедураларды жетілдіруге, іскерлік белсенділікті арттыруға, адал бәсекені дамытуға, тұтынушылардың құқығын қорғауға жәрдемдесіп, экономиканың «олигархтануына», бюрократияның тиімділігі төмен монополиятік құрылымдармен біте қайнасуына, сыбайлас жемқорлық пен шаруашылықтың құлдырауына тосқауыл қояды. Толық және дәл ақпаратқа сүйене отырып, саясатта, экономикада, ғылымда, практикалық қызметте дұрыс та сарабдал шешімдер қабылдауға болады.

Ақпараттық қоғам орнатудың негізгі шарттарына төмендегі міндеттерді шешу қажеттігі жатқызылады:

  • біртұтас ақпараттық кеңістікті қалыптастыру;
  • келешегі мол ақпараттық технологияларды, есептеу техникасы және телекоммуникация құралдарын жаппай қолдануға негіделетін жаңа технологиялық үрдістердің экономикада қалыптасып, кейіннен басымдықта болуы;
  • ақпарат және білім нарығын құру;
  • байланыс, көлік, ақпарат инфрақұрылымын жасау;
  • жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің ақпараттық қауіпсіздігін

қамтамасыз ету;

  • білім беру, ғылыми-техникалық, мәдени даму деңгейін арттыру;
  • азаматтар мен әлеуметтік институттардың ақпаратты еркін алу мен тартауға деген құқығын қамтамасыз етудің тиімді жүйесін жасау.

БАҚ қызметінің және Қазақстан Республикасы ақпараттық нарығының жұмыс істеуінің негізі Қазақстан Республикасының Конституциясы болып табылады.

Қазақстан Республикасының Конституциясы сөз бостандығы мен шығармашылық еркіндікке кепілдік береді, цензураға тыйым салады, сонымен қатар әркімнің заң жүзінде тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін ақпарат алуға және таратуға құқығы бар екенін айқындайды, идеологиялық және саяси әралуандылықты таниды.

Қазір Қазақстанда ақпарат нарығының негізгі, елеулі элементтері қалыптасқан. Мәселен, 1990 жылға дейін республикада барлығы 10 республикалық мемлекеттік газет пен журнал басылса, эфирге 21 теле- және радиоарна шығарылса, ал 2006 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасында 7281 бұқаралық ақпарат құралы тіркелген. Мемлекеттік емес БАҚ-тардың үлесі 78-ге жуық пайызды құрайды. Тіркелген БАҚ-тың жалпы санынан 2479 бұқаралық ақпарат құралы тұрақты негізде жұмыс істейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Имитациондық модельдеудің заманауи технологиялары
Қазақстандық қоғамды модернизациялау жағдайындағы саяси жарнама
Аймақтық жүйені құрудың стратегиялық бағыттары
1921 жылдың күзіне қарай Қазақ АКСР - інің жеті губерниясының бесеуі
Мәдениет морфологиясы
Мемлекеттік басқару нысандары
Экономикалық ғаламдану
Ішкі қауіпсіздік мәселелері
Қазақстан ақпарат агенттіктерінің қалыптасуы
Инетернеттегі қызмет түрлері, оның ресурстарына қатынас құру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz