Бұрғылау қондырғысын таңдап алу


Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:
“Бұрғылау жабдықтары” пәні бойынша курстық жұмысқа
Қурстық жұмыстың тақырыбы : Бұрғылау қондырғысын таңдап алу
Кіріспе
1. Бұрғы қондырғысын таңдап алу.
1. 1. Бұрғы қондырғысының негізгі параметрлері.
1. 2. Бұр, ы қондырғысының жүк көтерігш бөлігін таңдап алу.
1. 2. 1. Бұрғылау мұнарасын таңдап алу.
1. 2. 2. Тәл жүйесін таңдап алу.
1. 2. 3. Лебедканы (шығырды) таңдап алу.
1. 2. 4. Сағалық жабдықтарды таңдап алу.
1. 2. 5. Ұңғы сағасының жабдықтары.
2. Жуу сұйықтарын дайындау және тазарту қондырғылары.
2. 1. Жуу сұйықтарын дайындау қондырғылары.
2. 2. Жуу сұйықтарын тазарту қондырғылары.
2. 3. Сұйық химиялық реагенттерді сақтау блогы.
2. 4. Ұңғы толтыру құрылғысы.
Негізгі мәліметтер.
1. Ұңғы тереңдігі (L Ұ ), м . . . 2200
2. Бұрғылау құбырлары: ұзындығы L Б , м . . . 2100
1м салмағы q Б Н/м . . . 216
3. Ауырлатылған бұрғылау құбырлары: ұзындығы L А , м . . . 100
1м салмағы q Б , Н/м . . . 1560
4. Бұрғылау ерітіндісінің ұзындығы ρ Ж , кг/м 3 . . . 1280
5. Тәл жүйесінің жабдықталуы . . . 4×5
6. Ауыр шегендеу тізбегінің салмағы Р Ш , кН . . . 420
7. Қабат қысымы Р қ , МПа . . . 12
КІРІСПЕ
Мұнай мен газ өндіру көлемінің өсуі жаңа кен орындарын іске қосу арқылы ғана іске аспайды, сонымен қатар игерілген кен орындарының тиімділігін көтеру арқылы да іске асырылады.
Бұрғылау және мұнай-газ өндіру мекемелері жаңа қажетті жабдықтармен жабдықталған. Салалық технологиялық жаңарту процестері, яғни технологиялық процесстерді автоматтандыру, автоматтандырылған мекемелерді енгізу әрқашан жүргізіліп отырады.
Бұрғылау және мұнай-газ өндіру өнеркәсіпшіліктерінде ұңғыны бұрғылауға, мұнай мен газды өндіруге, тасымалдауға, сақтауға арналған әр түрлі жабдықтар қолданылады.
Курстық жұмыс негізгі бір бөлімнен тұрады: ұңғыңы бұрғылау - бұрғылау және сағалық жабдықтарды таңдау.
1. БҰРҒЫ ҚОНДЫРҒЫСЫН ТАҢДАП АЛУ
1. 1. Бұрғы қондырғысының негізгі параметрлері
Бұрғы қондырғысы және оның әрбір бөліктері әр түрлі параметрлермен (қуаттылығымен, жүк көтергіштігімен, жұмыстық немесе шектік қысымымен, габариттік өлшемімен, салмағымен және т. б. ) сипатталады. Бұл параметрлер негізгі деп аталады.
Сонымен қатар, негізгі параметрлердің ішінен, басқа да сыртқы факторларға тәуелсіз ең маңызды тұрақты көрсеткішті бөліп қарауға болады. Бұрғы қондырғысының бұл көрсеткіші, ұңғыны бұрғылау кезінде пайда болатын салмақты қабылдау қабілеттілігі болып табылады, яғни нақты немесе ұңғылар тобын бұрғылау үшін, таңдап алынған қондырғының қолдану мүмкіндігін анықтайтын жүк көтергішіті.
Бұл көрсеткіш басқаларына қарағанда бұрғы қондырғысының басты параметрі деп аталады және топтастыру үшін база ретінде қолданады.
Бұрғы қондырғысының ілмегіндегі нақтылы және максимальді жүк көтергіштігін бөледі. Ілмектегі нақтылы жүк көтергіштік-салмақ шегендеу құбырлар тізбегінің ең ауыр салмағына, жабдықтың әдеттегі ұзақ жұмыс кезіндегі шектік жүк көтергіштігіне сәйкес келеді. Ол берілген өлшемді құбырларымен бұрғылағанда шектік тереңдікті анықтайды және бұрғы қондырғысының қозғалыс күшімен бірге жүк көтерігш бөлшектері мен түйіндерін төзімділікке есептеу үшін қажет.
Бұрғы қондырғысы тұтылудың алдын алу, шегендеу құбырлар тізбегін түсіру кезінде, яғни сирек және қысқа мерзімді салмақтарды қабылдайтынын ескере отырып, бұрғы қондырғысының көтергіш бөліктерінің шығынсыз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін, ілмектің максимальды жүк көтергіштігін анықтау және белгілеу керек. Максимальдыі жүк көтергіштік ілмектегі шектік берілген салмақты анықтайды және бұрғы қондырғысынң жүк көтергіш бөлшектері мен түйіндерін тұрақты төзімділікке есептеу бастапқы салмақ болып есептелінеді.
1. 2. Бұрғы қондырғысының жүк көтергіш бөлігін таңдап алу
1. 2. 1. Бұрғы мұнарасын таңдап алу
Бұрғы мұнарасы оның екі параметрі - максимальді жүк көтергіштігі және биіктігі арқылы таңдалынып алынады.
Мұнараға әсер ететін салмақ төмендегі формуламен анықталады
Р м =P іл +P тж +P қоз +P крон =779, 2+45+114, 84+25=964, 04 кН (1)
Мұнда
P іл - ілмектегі салмақ, кН;
P тж - тәл жүйесінің қозғалмалы бөлігінің салмағы, кН (P тж =3÷6 т) ;
Р қоз - тәл арқанының қозғалмайтын шетіндегі созылу күші;
P крон - кронблок салмағы, кН;
Ілмектегі салмақ бұрғылау немесе шегендеу құбырлар тізбегінің ең ауыр саламағына тең.
Ұсталып қалу және басқа да күштерді есептегендегі бұрғылау тізбегінің салмағынан тізбекке әсер ететін күш
P іл =Р бс =В о (q б L б +q а L а +P тқ ) +P жқ =1, 197×(216×2100+1560×100+0) +49, 6=
=779, 2 (2)
В о =к с к ұ (1-ρ ж /ρ бол ) =1, 1×1, 3(1-1280/7850) =1, 197
Мұнда
к с - тізбектің ұңғы ішімен қозғалу кезіндегі қарсы әсер етуші күшті
ескеретін коэффициент, практикалық есептеуде кс=1, 1÷1, 3;
к ұ -тізбектің тартылып және ұсталып қалу мүмкіндігін ескеретін
коэффициент, есептеу кезінде оның мәнін 1, 3 деп қабылдауға
болады;
ρ ж , ρ бол - жуу сұйығы және бұрғылау құбыры материалының
тығыздықтары, кг/м 3 ;
q б , q а -бұрғылау және ауырлатылған бұрғылау құбырларының 1
метрінің салмағы, кН/м;
L б , L а -бұрғылау және ауырлатылған құбырлар ұзындығы, м;
Р жқ -жетке құбыр салмағы, кН;
Р тқ -түптік қозғалтқыш салмағы, кН;
Ұңғыдағы шегендеу тізбегінің салмағынан болатын күш
Р шт =B o (q 1 L 1 +q 2 L 2 +…+q n L n ) =B o P ш =1, 197×420=502, 74 кН (3)
Р ш - ең ауыр шегендеу тізбегінің салмағы, кН.
Тәл арқанының қозғалатын және қозғалмайтын бөлігінің тартылуынан болатын күш Р т =Р 1 +Р 2 =158, 9585+114, 84=273, 7985 Тізбекті көтеру кезіндегі арқанның қозғалатын бөлігіндегі күш (Р 1 ) мына формуламен анықталады
Р 1 =Р ст /nη тж =(Р іл +Р тж ) / nη тж =(779, 2+45) /6, 1×0, 85=158, 9585 кН (4)
n-тәл жүйесінің жұмысшы ішектер саны
n=mP ст /Р бел =5×824, 2/671, 9=6, 1 (5)
m- тәл арқанының беріктік қоры, (m=3÷5) ;
Р бөл - арқанның бөлшектенуіне түсірілетін күш, кН. Оны анықтау үшін тәл арқанының диаметрі мен түрін таңдап алу керек. (1-кесте) ;
η тж - тәл жүйесінің жабдықталуына қатысты пайдалы әсер коэффициенті (2-кесте) .
Арқанның қозғалмайтын шетіндегі тартылу күшін (Р 2 ) төмендегі формула арқылы анықтауға болады:
Р 2 =(Р ст η тж ) /n=(824, 2×0, 85) /6, 1=114, 84 кН (6)
Кронблок салмағы шамамен Р крон = 25кН.
Мұнара биіктігі свеча ұзындығына қатысты және төмендегі формула арқылы анықталады:
Н=L св (1, 4÷1, 7) =30×1, 55=37, 4 (7)
L св - свеча ұзындығы, м.
1. 2. 2. Тәл жүйесін таңдап алу
Тәл жүйесін таңдау кронблокқа түсірілген күш бойынша жүргізіледі
ΣР крон = Р ст +Р крон =824, 2+25=849, 45 кН (8)
1. 2. 3. Лебедканы таңдап алу
Лебедканы таңдау оның жүк көтергіштігі арқылы жүргізіледі. Ол тізбекті көтері жұмыстары кезінде арқанның қозғалатын бөлігінің керілуімен анықталады және төмендегі шарт сақталуы тиіс
Р 1 <Р хр 158, 9585<192 кН (9)
Р 1 -(4) формула арқылы анықталады;
Р хр -лебедканың құжатындағы жүк көтергіштігі, кН (3-кесте) .
Есептеулер нәтижелері (1-9 формулалар) арқылы бұрғы қондырғысының түрін таңдап алу қажет (3-кесте) және курстық жұмысты орындау барысында бұрғы қондырғысыны орналасу схемасын және техникалық көрсеткіштерін кесте түрінде көрсету керек.
Есептеулер нәтижесінде бұрғылауға ең оптимальды БУ-2500ДГУ бұрғы қондырғысы деп таңдап алынды.
1. 2. 4. сағалық жабдықтарды таңдап алу
Бұрғылау жұмыстары, байқау және ағыныға сынау кезінде ұңғы сағасы арнайы атқылауға қарсы қолданылатын жабдықтар көмегімен саңылаусыздандырады. Атқылауға қарсы қолданылатын жабдықтар құрамына плашкалы, әмбебап, айналмалы превенторлар, дистанционды және қолмен басқаратын аппаратура, сондай-ақ дистанционды басқарылатын жоғары қысымда ысырмаларды (немесе каналдарды) құбырлармен байланыстыратын жүйе кіреді.
Превентор гидравликалық басқару жүйесі арқылы арнайы пульттен басқарылады. Дистанционды басқару жүйесі істен шққан жағдайда, қондырғының шетінде орналасқан штурвалдарды қолмен айнладырып, превенторды жабуға болады
Ұңғы сағасын саңылаусыздандыру үшін қолданылатын, атқылауға қарсы жабдықтар кондуктордың тізбектік фланціне орнатылады және ол превенторлардан, аудармалы фланцтік катушкадан, ысырмалардан, тізбектік бастардан және басқа арнайы арматуралардан тұрады. Плашкалы превенторларды қолданғанда, ұңғы ортаға қарай қозғалатын металл армутурамен жасалған, арнайы рзеңке плашкалармен жабылдаы. Ережеге сәйкес, ұңғы сағасынағ ұңғы ішіндегі құбырдың сыртқы диаметріне сәйкес келетін, плашкалармен жабдықталған екі првентор орнатылады.
Әмбебап превенторларда ұңғы оқпаны, тұлғаға бекітілген арнайы резеңке тығыздауышпен жабылады. Ашық кезінде тығыздауыш, қашаудың өтуін қамтамасыз етеді. Әмбебап превенторлармен өлшемі және түрлері әр түрлі құбырлар қолданылған кезде де жабуға болады.
Айналмалы автоматты превенторлар бұрғылау кезінде ұңғының сағасын автоматты түрде саңылаусыздандыру үшін ұсынылады. Олар превентордың жабық кезінде бұрғылау тізбегін айналдыру және қозғауға мүмкіндігін береді; және 7, 5 - 20 МПа жұмыс қысымына арналып шығарылған.
Превенторлардың түрлері мен негізгі параметрлері МЕСТ 13862-80 бойынша анықталған. Гидравликалық басқарылатын атқылауға қарсы қолданылатын жабдықтардың келесі типтік схемалар тағайындалған:
1-екі превенторлы, екі шығару желілі, бір крестовиналы;
2-үш превенторлы, екі шығару желілі, бір крестовиналы;
3-үш превенторлы, екі шығару желілі, екі крестовиналы;
4-үш превенторлы, үші шығару желілі, екі крестовиналы;
Атқылауға қарсы қолданылатын жабдықтарды сағаға орналастырғаннан кейін, 4-кестеде көрсетілген қысымдарға қатысты тексеру қажет. Бұл жабдық ұңғы сағасының саңылаусыздығын қамтамасыз етуі керек.
1. 2. 5. Ұңғы сағасының жабдықтары
Пайдалану тізбегін түсіріп, цементтеу және цементтеу сапасын тексергеннен кейін превенторларды алып, шегендеу тізбектерін бір-бірімен әр түрлі тізбек бастары арқылы байланыстырады. Сыналы тізбек бастар алдыңғы тізбектің жоғарғы ұшына бекітілген тұлғаданғ пьедесталдан, ішкі шегендеу тізбектерін тізбек басына ілетін сыналардан және тығыздауыш құрылғылардан тұрады. Ішкі тізбекті ілгннен кейін, оның жоғарғы жағы пьедесталдың фланціне пісіріліп бекітіледі.
Шегендеу тізбегінің ішіндегі цемент ерітіндісінің тұрған орны анықталғаннан кейін, қатайған цемент ерітінлісінің қалдықтарын және шегендеу тізбегінің төменгі бөлшектерін қажет болған жағдайда бұрғылайды.
1-кесте
ЛК-РО түрлі тәл арқанының негізгі өлшемдері
2-кесте
Тәл жүйесінің пайдалы әсер коэффициентінің мәндері (ІЖҚ үшін)
4-кесте
Атқылауға қарсы қолданылатын оқпан бөлігінен
шартты өтуі, мм
2. ЖУУ СҰЙЫҚТАРЫН ДАЙЫНДАУ ЖӘНЕ ТАЗАРТУ ҚОНДЫРҒЫЛАРЫ.
2. 1. Жуу сұйықтарын дайындау қондырғылары.
Ұңғылары бұрғылауда қолданылатын жуу сұйықтары төмендегідей қызметтер атқаруы тиіс:
Ұңғыны бұрғыланылған тау жыныстарынан тазарту және жер бетіне шығару;
Жуу сұйықтары айналымы тоқтай қалған жағдайларда, тау жыныстары бөлшектерін бір орында ұстап тұру;
Бұрғы қашауларын салқындату және тау жыныстарының талқандалуын жеңілдету;
Ұңғы қабырғасына кері қысым түсіру;
Гидравликалық түптік қозғалтқыштарға қуат беру;
Өнімді қабаттарды ашуда, олардың өткізгіштік қасиетін сақтауды қамтамасыз ету, т. с. с.
Жуу сұйықтарын дайындау механикалық араластырғыштар мен гидравликалық қоспалауыштар көмегімен іске асырылады.
Жуу сұйықтарын дайындауда, ұнтақ сазбалшық материалдары қолданылады. Осы материалдардан жуу сұйығын дайындау үшін төмендегідей қондырғылар қолданылады: ерітінді дайындау блогы (БПР), гидроэжекторлы қоспалауыш, араластырғыштар, поршенді сорап. Осы аталған қондырғылар негізінде жуу сұйығын дайындау схемасы (30-суретте) көрсетілген.
Ерітінді дайындау блогы рамасына екі цилиндрлі телескоптық қалбыр отырғызылған, ол тасымалдауға ыңғайлы тұтас блог (30-сурет) . Қалбырдың жылжымалы бөлігі сүзгімен (13), белгілеу тетігі, бақылау есігі, қоршау, тиеу құбырымен, ал қозғалатын бөлігі пневматикалық жүк түсіру тетіктерімен (16) жабдықталған. Жүк түсіру тетігі аэрациалаушы шиберден (15) тұрады. Онда ұнтақ материал компрессорды ауа арқылы қосымша аэрацияланып, гидроқоспалауышқа (17), екінші қалбырға немесе цемент тасымалдауыш машинаға жіберіледі.
Пневматикалық жүк түсіру тетігі гидроқоспалауышпен (17) бірге жуу сұйығын дайындау дайындау немесе ауырлату үшін қолданылады. Жуу сұйығы төмендегідей дайындалады және ауырлатылады: жуу сұйығын дайындау барысында гидроқоспалауышқа (17) бұрғы сорабынан су, ал ауырлату барысында жуу сұйығы беріледі. Гидроқоспалауыш камерасында ұнтақ материалды қалбырдан сорып алуға жететіндей сирелу байқалады. Берілетін ұнтақ көлемі бұрма шибер (15) немесе гидроқоспалауышта сирелеуді өзгерту арқылы реттелінеді. БПР цементтеуде, цемент ерітіндісін дайындау үшін де қолданылуы мүмкін. Ол үшін қалбыр цементпен жүктеледі.
Жалпы жуу сұйығы механикалық араластырғыштарда (сазбалшық араластырғыштарда) дайындалады. Мұндай сазбалшық араластырғыштың техникалық сипаттамасы (13-кестеде) берілген.
Сазбалшық араластырғыштарда жуу сұйығы мезгіл-мезгіл немесе тоқтаусыз дайындалады. Мезгіл-мезгіл дайындау тәсілінде сазбалшық араластырғышқа су құйылып қосылады да, содан кейін сазбалшық салынады. 45-50 минуттан кейін ерітіндінің тығыздығы тексеріледі. Ерітінді тығыздығы берілген мәніне жеткенде, сазбалшық араластырғыш тоқтатылып, дайын ерітінді астыңғы есік арқылы қабылдау қалбырына құйылады. Тоқтаусыз дайындау тәсілінде сазбалшық араластырғыштың қыр жағына ерітінді деңгейіне, құйылу құбырын пісіріп жалғайды. Осы құбыр арқылы дайын ерітінді науа жүйесіне беріліп отырылады да, одан әрі қабылдау қалбырына түседі.
13-кесте
Сазбалшық араластырғыштарға қарағанда, ФСМ-3, ФСМ-7 фрезерлік-ағын диірмендерін (31-сурет) пайдалану тиімді.
Фрезерлік-ағын диірмені екіге бөлінген металл қалбыр түрінде дайындалған: қабылдау бункері (10) және қалақша префорранциалған түтік (12) арқылы су беріледі. Қалақшалы ротор (2) фрезер-қалақшаларымен сазбалшықты айналдыра ұсақтап, сумен бірге кедір-бұдыр дисперциялау тақтасына (1) лақтырады, одан сазбалшық интенсивті диспергациаланады. Диспергацияланып үлгермеген сазбалшық торға (17) түседі де, қайтадан фрезер қалақшаларына беріледі. Дайын ерітінді шығару торының (6) тесігі арқылы науаға құйылады да, одан айналым жүйесіне немесе қосалқы қалбырға түседі.
Фрезерлік-ағын диірмені жуу сұйықтарын ауырлату, сонымен қатар оларға сазбалшық ұнтақтарын қосу үшін де қолданылуы мүмкін.
2. 2. Жуу сұйықтарын тазарту қондырғылары.
Ұңғыдан шыққан жуу сұйығы қайтадан қолданылады. Ол үшін, оны бұрғыланылған тау жыныстарынан тазарту қажет.
Жуу сұйығына қосылған тау жыныстарының бөлшектері, оның технологиялық қасиеттерін бұзады. Сондықтан да жуу сұйығын тазартуға ерекше көңіл бөлінеді.
Жуу сұйықтарын тазарту үшін әр түрлі механикалық қондырғылар жинағы қолданылады. Олар: дірілдеуіш елек, гидроциклонды шлам айырғыштар (құм және ылай айырғыштар), сепараторлар және центрифугалар. Жуу сұйығы айналым жүйесінде, бұл қондырғылар нақтылы ретпен қойылады. Жуу сұйығының тазарту қондырғыларынан өту схемасы төмендегідей: ұңғы-газсепаратор-дірілдеуіш, елек-гидроциклондық шлам айырғыш, (құм, ылай айырғыш) қатты фазалар мөлшері мен құрамын реттеу блогы (центрифуга, гидроциклондық сазбалшық айырғыш), бұрғы сорабы-ұңғы.
Жуу сұйықтарын тазартуда үш сатылы тазарту жүйесі қолданылады (32-сурет) . Жуу сұйығы ұңғыдан (1) шыққанан кейін, дірілдеуіш електен (2) өтіп, қалбырға (10) жиналады. Жуу сұйығы қалбырлап центрден тепкіш сорап (3) арқылы құм айырғыш (4) гидроциклон батареяларына беріліп, онда құм бөлшектерінен тазартылады. Тазаланған құм шлам амбарына кетеді. Қалбырдан (9) жуу сұйығы центрден тепкіш сорап (5) арқылы ылай айырғыш (6) батареяларына беріледі. Ылайдан тазартылған жуу сұйығы бұрғы сорабының қабылдау қалбырына бағытталады.
Дірілдеуіш елек жуу сұйықтарын тазартуда бірінші саты қондырғысына жатады. Бұл ең күрделі және міндетті саты. Дірілдеуіш електен жуу сұйықтарындағы бұрғыланылған тау жыныстарының ірі бөлшектерінің көбі тазартылады. Дірілдеуіш електен тау жыныстарының ірі бөлшектері елеу аспаптарының көмегімен бөлінеді. Дірілдеуіш електің тазарту дәрежесі мен өткзіу қабілетін анықтаушы басты фактор - тор тесіктері мен елеу беттерінің өлшемдері. Дірілдеуіш електің (33-сурет) негізгі элементтері: табаны (1), тазартылған ерітіндіні жинашуы түбі (7), ағында реттеуші қабылдауыш (2), торлы дірілдеуіш рама (5), дірілдеткіш (3), амортизатор (6) . Дірілдеуіш раманы горизонталь және көлбеу жазықтықта орналастыруға болады, ал оның қозғалысы ілгері-кейінді, түзі, айналмалы және аралас болу мүмкін.
Бұрғылау практикасында бір қабатты қоспарланған дірілдеуіш електер СВ-2 және СВ-2Б бір қабатты екі торлы елек ВС-1 қолданылады.
СВ-2 дірілдеуіш елегінің тор тесіктерінің өлшемі 1х5 мм-дегі жуу сұйығының өткзіу қабілеті 0, 060 м 3 /с. Тордың тербеліс жиілігі минутына 1600 немесе 2000, ал горизонтқа шамасы 12-18°.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz