Ораза айт



Ислам дінінің қағидасы бойынша, мұсылман дінін ұстаушылардың бәрі отыз күн ораза ұстауы керек. Ораза ұстау – араб күнтізбесі бойынша рамазан айында таң атпай бекітіп (сәрсені сағат 4-5-терде ішеді), күн әбден батқан соң ашады. Ол кезде темекі шегу мен насыбай атуға, ойын-сауыққа, нәпсіге тиым салады. Осы уақыттарда адамдар Алла-тағалаға арнап, Құран кәрімді, діни-шариғат зандарын оқып, рухани тазалыққа ұмтылатын болған. Діни қағида бойынша рамазан (мүбәрәк деп те атайды) айында ораза ұстамаған мұсылмандардың күнәсі кешірілмейді деп есептеген. Аузы берік мұсылман адам балгілі бір уақытта ауқаттануға дағдыланады, асқазанын күшейтіп, денсаулығын жақсартады. Ауқатты адамдар кедейлер мен мүсәпірлердін аштыққа қалай төзетінін өздері сезіп, оларға деген мейірімділік пен аяушылық сезімдері оянады.
Шариғат заңында ораза кезінде құдайға құлшылық еткен адам о дүние де, бұ дүниеде бақытты болады деп уағыздаған.
Мубәрәк айында күндіз ас-судан бас тарту керектігін біле тұра, аузына нәр алса, ораза бұзылады. 10 жасқа дейінгі бала, аяғы ауыр немесе бала емізетін әйел, денсаулығы нашар қарт, рамазан кезінде науқастанып қалған адам, ұзақ жол жүретін жолаушы ораза тұтпауға құқы бар. Алайда, ауру адам мен жолаушы басқа айлардың бірінде сонша күн ораза ұстауы керек. Ораза ұстау кезінде ағайындар бір-бірін «ауызашарға» шақырып, тәтті, дәмді тағамдар беретін болған.
Ғұрып бойынша, отыз күн оразадан соң діни мейрам үш күн ораза айты болады. Ораза айтының алдында әрбір отбасы мүшелері кедейлер мен мүсәпірлерге пітір дереді (пітір жанға саулық тілеп садака беру). Оны арабтар «Зәкәт-әл-фитр» деп атайды.
Ораза айтының алғашқы күні таңертең оқылатын айт намазын мешітке жиналып немесе далада тегіс жерге отырып оқиды.
Ораза айтының алғашқы күнінде ата-бабалардың аруағын еске түсіріп, құран оқыту, «жұмалыс» ас беру (жеті шелпек пісіру) мұсылмандарға парыз болып саналаған. Үш күн айт мейрамында үлкендер де, бала-шаға да жақсы киініп, әр үйге кіріп «Айттарың қабыл болсын!» деп тілек білдіріп, айтқа дайындалған тамақтан ауыз тиіп, құран оқып шығады.

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Ораза айт. Ислам дінінің қағидасы бойынша, мұсылман дінін ұстаушылардың
бәрі отыз күн ораза ұстауы керек. Ораза ұстау – араб күнтізбесі бойынша
рамазан айында таң атпай бекітіп (сәрсені сағат 4-5-терде ішеді), күн әбден
батқан соң ашады. Ол кезде темекі шегу мен насыбай атуға, ойын-сауыққа,
нәпсіге тиым салады. Осы уақыттарда адамдар Алла-тағалаға арнап, Құран
кәрімді, діни-шариғат зандарын оқып, рухани тазалыққа ұмтылатын болған.
Діни қағида бойынша рамазан (мүбәрәк деп те атайды) айында ораза ұстамаған
мұсылмандардың күнәсі кешірілмейді деп есептеген. Аузы берік мұсылман адам
балгілі бір уақытта ауқаттануға дағдыланады, асқазанын күшейтіп,
денсаулығын жақсартады. Ауқатты адамдар кедейлер мен мүсәпірлердін аштыққа
қалай төзетінін өздері сезіп, оларға деген мейірімділік пен аяушылық
сезімдері оянады.
Шариғат заңында ораза кезінде құдайға құлшылық еткен адам о дүние де, бұ
дүниеде бақытты болады деп уағыздаған.
Мубәрәк айында күндіз ас-судан бас тарту керектігін біле тұра, аузына
нәр алса, ораза бұзылады. 10 жасқа дейінгі бала, аяғы ауыр немесе бала
емізетін әйел, денсаулығы нашар қарт, рамазан кезінде науқастанып қалған
адам, ұзақ жол жүретін жолаушы ораза тұтпауға құқы бар. Алайда, ауру адам
мен жолаушы басқа айлардың бірінде сонша күн ораза ұстауы керек. Ораза
ұстау кезінде ағайындар бір-бірін ауызашарға шақырып, тәтті, дәмді
тағамдар беретін болған.
Ғұрып бойынша, отыз күн оразадан соң діни мейрам үш күн ораза айты
болады. Ораза айтының алдында әрбір отбасы мүшелері кедейлер мен
мүсәпірлерге пітір дереді (пітір жанға саулық тілеп садака беру). Оны
арабтар Зәкәт-әл-фитр деп атайды.
Ораза айтының алғашқы күні таңертең оқылатын айт намазын мешітке жиналып
немесе далада тегіс жерге отырып оқиды.
Ораза айтының алғашқы күнінде ата-бабалардың аруағын еске түсіріп, құран
оқыту, жұмалыс ас беру (жеті шелпек пісіру) мұсылмандарға парыз болып
саналаған. Үш күн айт мейрамында үлкендер де, бала-шаға да жақсы киініп, әр
үйге кіріп Айттарың қабыл болсын! деп тілек білдіріп, айтқа дайындалған
тамақтан ауыз тиіп, құран оқып шығады.
Жарапазан – ораза айтының кезінде кедей-кепшік, жоқ-жітік адамдар ауыл-
ауылды аралап, әр ұйдің жанына келе
2

жарапазан (арнау өлең) айтатын болған.
Жарапазанды көбінесе ақындар шығарған. Кейде ақындық өнері шамалылар
немесе қайыр сұраушылар оны жаттап алып айтқан. Бұл өленді көбінесе бай
үйлерге арнап, солардан қайыр-садақа сұраған. Мысалы:
Айтамын, байлар, сізге жарапазан,
Молдалар ертең ерте айтар азан.
Айтқанда жарапазан қайыр берсең,
Барғанда ахиретке болмас жазаң...
деп бастайды да, қайыр-садақа берген кісі ол дүниеде жұмаққа барады,
бермеген адам тамұққа түседі, азап шегеді деп қорқытады. Жарапазан
айтушылар тек дінді насихаттап қана қоймайды, қайыршылыққа душар
болғандардың тұрмыс-тіршілігінің ауыртпалығын, қайыр тілеп бір елден екінші
елге қаңғып жүрудің себептерін де аңғартады. Мұны:
Ассалаумағалейкум, ақтан келдік,
Ауылы арғын-найман жамқан келдік.
Жарапазан айтумен үміт қылып,
Балалардың азығын жоқтай келдік...
дегенінен көруге болады. Жарапазанда бата-тілек те қоса айтылады.
Мысалы:
Жарапазан айта келдік есігіне,
Қошқардай бір ұл берсін бесігінде.
Қораңыз ақтылы қойға толып,
Кемімес дәулет берсін несібіңе,-
дейтін бата-тілектен адал көңілден шыққан ақ батаның нышаны байқалады. Оның
тәлімдік мәні зор екені ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ораза айт - қасиетті Рамазан айы
Қазақтың діни мерекелері
Діни мерекелердің рөлі
Ораза ғибадаты
Тәлім-тәрбие, ұлгі дәстүрлері
Құрбан айт - мұсылманның ең ұлық мерекесі
Салтанатты мереке, тойлар
Ислам діні жайлы түсінік
Тiлдi жаман сөздерден сақтау
Құран туралы бірер сөз
Пәндер