Жылқы және ту



Түрік халықтарының барлығына ортақ, түрік қағанаты заманынан қалған тамаша мұра - тас бетіне қашалып жасалған тұлпар мен ту бейнесі. Желбірете ту ұстаған, салт атқа мінген жауынгер бейнесі сонау Байкал көлі маңынан бастап, Шығыс Еуропаға дейін, яғни түріктердің аттары су ішіп, түрік қылышы жарқылдаған жердің бәрінде кездеседі. Көрнекті археолог Алан Медоев Алматы маңындағы Таңбалытас сайынан табылған салт атты түрік жауынгерінің бейнесін “бұл сурет көне түріктердің даңқын әлемге паш еткен сол заманғы саяси плакат”, – деп баға берген-ді. Бұл Еуразия белдеуіне салынған бейнелердің көне түріктердікі екеніне күмән туғызбайтын айғағы. Ол ту бейнесі. Көне түрік жазба деректерінде ту – ру, рулық одақтардың, ұлыстардың, әскери жасақтардың, қолбасшылардың белгісі ретінде кездеседі. Әлі күнге дейін түрік халықтарының лексиконында ту, тұғ, байрақ деген сөздер сақталған.
Ұзын ағаш сапқа орнатылған тулар тік төртбұрышты немесе шаршы тәріздес болып келеді де, бүйірінен желмен желбірейтін екі-үш шашақты болады. Суреттен тудың ұзындығы 1 метрдей көлемін және матадан жасалғанын байқауға болады.
Шығыс Еуропадағы скиф мәдениетінен бастап, сол заманғы қатарлас өмір сүрген Орталық Азиядан бастап Ордос пен Солтүстік Қытайға дейін жайлаған дала тайпаларының туларының басында қола мен мыстан жасалған жануарлардың бейнелері ұшырасады1.
Орхон түріктерінің тулары, қытай деректері бойынша алтыннан жасалған бөрібасты болып келген. Қытай деректері бойынша түріктердің билеуші руы Ашинаны қасқыр асырап өсірген. “Ерекше қабілетті ол билеуші болған, өзінің сарайының қақпасының аузына, шыққан тегін білдіру үшін бөрібасты ту іліп қойған. Көне түріктердің бөрі басты тулары, сасанидтік Иранның айдаһарбасты, римдіктердің бүркіт бейнеленген туларын еске түсіреді.
Сүйінбай ақынның:
Бөрі басы ұраным,
Бөрілі менің байрағым
Бөрілі байрақ көтерсе
Қозып кетер қайдағым, –
деп аталатын белгілі өлең жолдары – көне түрік заманынан қалған ескі дәстүрді еске түсіреді1. Әлі күнге дейін көнекөз қариялар: “Көкбөрінің тұқымымыз”, – деп қасқырдың терісін жерге салмай, аяққа бастырмай төрге іліп қоятыны сондықтан.
Енисей қырғыздары “соғыста жақ пен садақ және ту қолданады”, – деп қытай деректерінен көрсек2 , тағазғаздардың туының түсі жасыл деп жазады араб саяхатшысы Абу-Дулеф3.
1. Ростовцев М.И. Скифия и Боспор СПб., 1918, с. 20;
1а. Тоқтабаев А. Тұлпар мен ту // Білім және еңбек 1980. №11;
2. Бичурин И. Собраниие сведений о народах, обитавших в Серединий Азии в древние времена, ч 1, с. 257;
3. Григорьев. Об арабском путешественнике Х в. Абу Дулефе и странствованиях его по Средней Азии. ЖМНП, 1872, сентябрь, с. 32-34;
4. Бичурин И. Собрание сведений ..., с. 380;
5. Мин А., ПетровР., Черный Иртыш, А., 1991, с.105;
6. Өр Алтай жырлары //Біздің Отан 1982. 6-март.
7. Иванов В.С. Гамкерелидзе И.Г. Индоевропейцы и индоевропейский язык. Тбилиси, 1985, 220 бет;
8. Дулат Бабатайұлы. Ер Еспембет // Жұлдыз. 1957. №5.
9. Левшин А. Описание киргиз-кайсацких орд и степей, Спб., ч. ІІІ, с. 52-54;
10. Орталық ғылыми кітапхана, 381 -папка.
11. Жуковская Н.Л. Ламаизм и ранние формы религии. М., 1977. с.109-110;
12. Халиди Қ., Тауарих-хамса-ат-шарки. Қазан. 1910. с. 110; Құрбанғали Халид Тауарих хамса (бес тарих). Алматы, “Қазақстан”. 1992, 137-138 б.б.
13. Шыңжан қазақтарының әдебиеті мен өнері, Үрімші, 1985. 12 том, 222 б.
14. Омский гос. архив. Ф.6, опись 1, связка 36, ивн № 164, с. 3-4;
15. Янушкевич А. Күнделіктер мен хаттар. Алматы, 1979. 66 бет;
16. Орталық ғылыми кітапхана. 5-папка, 12 б.
17. Орталық ғылыми кітапхана. 822-папка, 29 б.
18. Үш ғасыр жырлайды. Алматы, 1965, 64 б.
19. Жанқожа батыр, Орталық ғылыми кітапхана, 820-папка. 11 б.
20. Қайдаров А.Т. Доспеки и вооружения воина – батыра в казахском эпосе и их этно-лингвистические объяснение // Известия. АН Каз ССР, серия общественная, 1973, №6, с. 28;
21. Гирс Е.Г. Об арабских знаменах // Записки ИРГО, 1890, с. 501;
22. Султан Кенесары Касымов в борьбе с каракиргизами 1845-1846г.г. // Русский Туркестан, 1900, № 2;
23. Хидоятов Г.А. Моя родная история, Ташкент, 1990, с. 178;
24. Гусеинов Р.А. Сельджукская военная организация // Палестинский сборник, вып. 17/80/. История и филология стран Ближнего Востока в древности и средневековье. Л., 1967. с. 131-147;
25. Короглы Х.Г. Из истории древнетюркской поэзии, по материалам “словаря тюркских наречий Махмуда Кашгарского” // Средневековый Восток. История, культура, источниковедение. М., 1980. с. 162-172;
26. Массон М.Е. Мавзолей Ходжа Ахмеда Ясави. Ташкент, 1930, с.16;
27. Мұқанов С. Халық мұрасы, Алматы, 1971, 193 б.
27а.Үш ғасыр жырлайды. Алматы, 1961.
28. Махамбет. Жыр-семсер. Алматы, 1979. 64 б.
29.Граф Гуттен - Чапский, История лошади // Журнал коннозаводства. 1891.№9, с. 54.;

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
А.У.Тоқтабай
ЖЫлқы жәНЕ ту

Түрік халықтарының барлығына ортақ, түрік қағанаты заманынан қалған
тамаша мұра - тас бетіне қашалып жасалған тұлпар мен ту бейнесі. Желбірете
ту ұстаған, салт атқа мінген жауынгер бейнесі сонау Байкал көлі маңынан
бастап, Шығыс Еуропаға дейін, яғни түріктердің аттары су ішіп, түрік қылышы
жарқылдаған жердің бәрінде кездеседі. Көрнекті археолог Алан Медоев Алматы
маңындағы Таңбалытас сайынан табылған салт атты түрік жауынгерінің бейнесін
“бұл сурет көне түріктердің даңқын әлемге паш еткен сол заманғы саяси
плакат”, – деп баға берген-ді. Бұл Еуразия белдеуіне салынған бейнелердің
көне түріктердікі екеніне күмән туғызбайтын айғағы. Ол ту бейнесі. Көне
түрік жазба деректерінде ту – ру, рулық одақтардың, ұлыстардың, әскери
жасақтардың, қолбасшылардың белгісі ретінде кездеседі. Әлі күнге дейін
түрік халықтарының лексиконында ту, тұғ, байрақ деген сөздер сақталған.
Ұзын ағаш сапқа орнатылған тулар тік төртбұрышты немесе шаршы тәріздес
болып келеді де, бүйірінен желмен желбірейтін екі-үш шашақты болады.
Суреттен тудың ұзындығы 1 метрдей көлемін және матадан жасалғанын
байқауға болады.
Шығыс Еуропадағы скиф мәдениетінен бастап, сол заманғы қатарлас өмір
сүрген Орталық Азиядан бастап Ордос пен Солтүстік Қытайға дейін жайлаған
дала тайпаларының туларының басында қола мен мыстан жасалған жануарлардың
бейнелері ұшырасады1. 
Орхон түріктерінің тулары, қытай деректері бойынша алтыннан жасалған
бөрібасты болып келген. Қытай деректері бойынша түріктердің билеуші руы
Ашинаны қасқыр асырап өсірген. “Ерекше қабілетті ол билеуші болған, өзінің
сарайының қақпасының аузына, шыққан тегін білдіру үшін бөрібасты ту іліп
қойған. Көне түріктердің бөрі басты тулары, сасанидтік Иранның
айдаһарбасты, римдіктердің бүркіт бейнеленген туларын еске түсіреді.
Сүйінбай ақынның:

Бөрі басы ұраным,

Бөрілі менің байрағым

Бөрілі байрақ көтерсе

Қозып кетер қайдағым, –
деп аталатын белгілі өлең жолдары – көне түрік заманынан қалған ескі
дәстүрді еске түсіреді1. Әлі күнге дейін көнекөз қариялар: “Көкбөрінің
тұқымымыз”, – деп қасқырдың терісін жерге салмай, аяққа бастырмай төрге
іліп қоятыны сондықтан.
Енисей қырғыздары “соғыста жақ пен садақ және ту қолданады”, – деп қытай
деректерінен көрсек2 , тағазғаздардың туының түсі жасыл деп жазады араб
саяхатшысы Абу-Дулеф3. 
Ықылым замандардан көне түріктер туды ерекше қасиет тұтқан, туға
түріктердің өздері табынумен қатар, басқа елдің, мемлекеттің елшілерін,
басшыларын өз туларына бас игізген. Ұйғыр ханы Гэлэ Мояньчжо “өзінің
күшін көрсету үшін, әскерлерін сапқа тұрғызып қытай елшісі Дзыиді
бөрібасты туға тағзым етуге алып жүрді4.
Қазақ халқының ту ұстау рәсімі, оның әр түрлі ырымдары Жәнібек батырдың
туы туралы аңыз-әпсаналардан анық көрінеді. Жоңғар басқыншыларына қарсы ұлт-
азаттық соғыстың қолбасшыларының бірі керей Жәнібек батыр Бердәулетұлы
1714 жылы Сыр бойында туып 1793 жылы Қызылсу (Шар) бойында қайтыс болған,
бейіті Семей облысының Георгиевка селосының жанында Ортабұлақ аулының
жолындағы биік төбенің басында. Жәнібектің туы осы заманға дейін сақталып
жеткен қазақ батырларының туларының бірі ғана, Абақ-Керей ішіндегі
Қарақас, Молқы руларында, соның ішінде Молқысында “батыр ұрпақтарының
бірінен-біріне беріле отырып 1940 жылы Шыңжаңдағы Өр-Алтай қазақтары
гоминдандық Қытайға қарсы көтеріліске шыққанда Жәнібектің туын көтерген.
Жәнібек батыр шыққан бұл абақтан,
Ту алып тұлпар мініп даңқы шыққан.
Cондықтан Абақ-керей жауға шапса,
“Жәнібек-Жәнібек” - деп ұрандатқан.
Көтерілісшілердің көз алдында қолбасшы туды жазып, желбірете көтергенде,
халықтың қуанышында шек болмай, ерекше бір рух пайда болғанын “Қара Ертіс”
романының авторлары әдемі баяндайды5.  Жәнібектің туы жайында, оны көзі
көргендердің 1940-1945 жылдардағы Шыңжаңдағы соғысқа қатысқан
майдангерлердің естелік-әңгімелерінен және жазба деректерден құрастыруымыз
бойынша: “...1930 жылдары ту жеке арнаулы үйде сақталыпты. Ту тұрған үйге
жылына екі рет құрмалдық шалынады екен. Батырдың туы 2 м-ге жуық сарғыш
мата, қай кезде жасалғанын ешкім білмейді. Үйдің төріндегі сандықтың ішінде
сақталыпты. Ту салынған сандықтың алдында ешкім отырмайды, ту тұрған үйдің
жанынан ешкім айғай шу шығармаған, ту тұрған үйді айрықша қадір тұтқан.
Шайқас жеңіспен аяқталатындай болса, сандықтың ішіндегі ту қозғалып
дүрілдейді, сол уақытта ғана оны алып шығады. Туды көтеріп желбіреткен
кезде, қос көк бөрісі жол бастайды. Жәнібектің көк қос бөрісі жай уақытта
екі езуін жалап отырады екен. Бірде бозбала Жәнібек жылқы күзетуге шығады,
жылқы түнде ешқайда кетпей үйіріліп тұрыпты. Әкесі келсе Жәнібек ұйықтап
жатыр, екі бөрі екі езуін жалап отыр екен. Әкесі шошып мынаның бөрісі бар
екен, деп Алдың шешесіне айтады. Шешесі қорықсаң Арғын жаққа нағашыларына
жібер, сонда барып тәрбие алсын дейді6. Жәнібектің қос бөрісін
скандинавтардың көсемі Одинді жорыққа шыққанда Гери және Фреки деп
аталатын екі қасқыр қорғап жүретіні туралы индоевропалық мифпен шендестіре
қарауға болады7.  Бұл жерде қасқыр соғыстың символын, соғыстың табиғаты мен
сипатын көрсетеді.
Кәріқұлақ қариялардың айтуынша, соғыс кезінде ту ұстауға атақты
батырлардың бірі сайланатын, ол жорықта бас қолбасшыдан кейін екінші адам
болып есептелінген. Жекпе-жекке шығарда ту ұстаушыдан рұқсат пен бата алып,
тудың ұшын маңдайына кигізген (қазақ салтында туды сүю мүлде болмаған
А.Т.). Мысалы, Қабанбай батыр туралы тарихи жырларда алдымен ол бас батыр
емес ту ұстаушы ретінде көрінеді.
Найманның ту басшысы,
Байжігіт ер Қабанбай8.
Қазақ шешірелерінде Төртқара руының ту басшысы Таудай батыр, Адайдікі
Амантұрұлы Қожалақ батыр екені айтылады. Соғысқа алғаш кірген жас Абылай да
ту көтеріп көзге түседі.
Найзаға орамалын ту көтерді,
Батырдың біреуіне оны берді.
Өз атын Абылай деп ұран қылып,
Қалмақтың алдын қырқып ұрысқа енді.
“... Әрбір тайпаның өзінің үлкен туы, әрбір бөлімшенің (рудың --А.Т.) өз
белгісі болған. Ту бейбітшілік жағдайда үлкен құрметпен сақталып, оны
барымтаға емес, тек соғыс уақытында алып шыққан. Жауынгерлер өз туларының
түсіндей белгі жасап, жеңдеріне таққан. Үлкен туды сақтау үшін беделді
сұлтандар мен батырлардың біріне берілетін, ол жорықта қолбасшыдан кейінгі
екінші адам саналған. Тудың жоғалуы масқарашылық, опат деп есептелінген...” -
деп көрсетеді А.Левшин9.  Ұрыс басталғаннан бастап аяқталғанға дейін ту
үнемі желбіреп тұрса, жауынгерлер рухтанып соғысты қыздыра түседі, жеңіске
жетелейді. Тудың жоғалуы, әскердің көңіл-күйін түсіріп, жеңілістің нышанын
білдіреді. Ташкент қаласының тұрғыны тоқсаннан асқан Тойбазар Аухауов
ақсақал мынадай бір әңгіме айтты: “...Тоқтамыс Самарқандты қоршап тұрып туы
жығылып өзінен-өзі қорқып қашыпты. Ұтыс пен ұтылыс сәл нәрседен ғой,
Тоқтамыстың туы өзі жығылыпты, кейде Ақсақ Темірдің мергені атып
түсіріпті...” деген сөз бар. Тоқтамыс пен Ақсақ Темір бірнеше рет кездескен
ғой, бізге Самарқанд түбіндегі шайқас қай жылы өткені белгісіз, бірақ
кішкене аңыздың айтпағы тудың қаншалықты маңызды болғанын көрсетеді.
“Олжабай батыр” дастанындағы мына өлең жолдары аңыздың сюжетін толықтыра
түскендей.
Олжабай Орта жүзде ту ұстаған,
Балапан тұйғын құстай құныстанған.
Қолының қоспасынан оқ тисе де,
Ту ұстаған жерінен жылыспаған10. 
Жырда А.Левшин жазғандай Олжабай тек рудың ғана емес, бүкіл бір жүздің
ту ұстаушы батыры екені, екіншіден, қолына оқ тисе де жықпай ерекше ерлік
көрсеткені мақталып тұр.
Атақты қолбасшының, мемлекет қайраткерінің туы иесі қайтыс болған күнде
де ерекше қасиеттеліп, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыру дәстүрі – түркі-
монғол көшпенділеріндегі ата салты. Моңғол халқындағы Шыңғыс ханның туы
(хара сульдэ) ұлы хан өлгеннен кейін, оның-даңқын шығарып, ғұрыптық культін
қалыптастырған. “Сульдэ великого человека становилось гением-хранителем его
рода, племени, целого народа. Сульдэ Чингис-хана стало знаменем всех
объединенных им монголов. Культ сульдэ представляет собой один из
элементов культу Чингисхана. Он идентифицирует со знаменем, гений
которого стал божеством-защитником войска и народа в целом. Сульдэ – знамя
и сульдэ-гений войска синонимы. Пока сульдэ – знамя цело, народ процветает.
Если же с ним что-нибудь случается, войску и народу грозят несчастья.
Именно поэтому обряды посвящения знамени и его бунчуков (супников –
помощников гения – хранителя самого знамени) и жертвоприношения им в связи
с военными походами носили устрашающий, кровавый характер, включавший даже
человеческие жертвы”11. Қазақта әбден жүдеп-жадаған адамды, құр сүлдері
қалыпты – деп жатады.
Қабанбай туралы тарихи жырларды зерделейтін болсақ жоңғар шапқыншылығына
қарсы ту ұстаушы, тубегі, ту басшы ретінде көрінген батыр, кейіннен оның
туы бүкілхалықтық реликвияға айналады, тіпті оған (Қабанбай туына) қазақпен
тағдырлас басқа халықтардың табынып сыйынғанын тарихи фактілерден көреміз.
1864 жылы бүкіл Шыңжаңды қамтыған, ұлт-азаттық қозғалысы басталады. Бұл
Алтай мен Тарбағатай аймағын да қамтиды. Кезекті бір ұрыста дүнгендер мен
қазақтардың біріккен қолы Шәуешек қаласындағы Қытайдың шымпыңын (қамалын)
қоршап ала алмай, бөгеліп қалады. Сонда дүңген қолын басқарған Бор батыр
қазақ әскерінің қолбасшысы Әділбек батырға: “Маған Қабанбайдың туын бер,
сауытын бер, астыма ат бер. “Қабанбайлап” ұран сап шабамыз, ту жығылса
онда өздерің біліңдер, жығылмаса артымнан шабыңдар”, – дейді. Сол жолы
көтерілісшілер Шәуешекті алады. Бұл фактіден Қабанбайдың туы қазақ
болмысынан асып, халықаралық дәрежеге ие болып бүкіл мұсылман қауымының
азаттық туына айналғанын байқаймыз. Сонымен қатар бұл оқиға Қабанбай
жайындағы бірденбір қағаз бетіне түскен факті деп айтуға болады12. Шыңжан
қазақтарында “Әділбек-Бор” деген жыр бар13.
Қазақ мифологиясында соғыс боларда сандықтың ішіндегі ту дүрілдеп,
қозғалады. “Қабанбай батыр” жырында:
Жел тоқ, құз жоқ нақ тал түс мезгілінде
Ақ туы Қабанбайдың дүрілдеді.
(Т.Мағзиевтің варианты, өз үйінде сақтаулы).
Ту жаудың жақындап, ұрыстың боларын білдіреді. Омбы архивында сақталған
бір деректе казак-орыстардың 1844 жылы Кенесарының бәйбішесі – Күнімжанның
аулын шапқандағы әдіс-айлаларының туға тікелей қатысы бар. Берік
қорғалған ауылды бетпе-бет шабуылмен ала алмайтынын білген есаул Рыбин
Кенесарының туындай ту желбіретіп, ортасына казак-орыстарды жасырып, жан-
жағын сатқын қазақтармен қоршап ауылға беттейді. Кенесары жорықтан келе
жатыр деп ойлаған ауыл адамдары, төлеңгіттер мен жасақтар барлығы 500-дей
адам отрядқа жақындап келгенде қардай бораған картеч оғымен қарсы алынады.
Алданғанын білген ауыл адамдары, қаша ұрыс салып қайтадан барып ауылды
жанталаса қорғағанына қарамастан казак-орыстар ауылды қырып-жойып,
көптеген өліктерді қалдырып, Күнімжанмен қоса 23 әйелді тұтқынға алады14.
Мұнда Кенесарының туының түсі айтылмағанмен, тудың елдің, жердің символы
ғана емес, көз жетер жерге келгенде қарсыластары бірін-бірі туларының
түсіне қарап айырады.
Тулардың түсі елдің, тайпаның, рудың ерекшелігіне, батырдың тегіне,
талғамына, заманның өзгеруіне орай т.б. факторларға байланысты әр түрлі
болып келеді. “...Құсбегенің туы – ақ, Барақтың туы – қызыл, Кенесарының
туы жасыл...”15.
... Сары ала туы салбырап,
Қабағы тастай түйіліп.
(Қамбар батыр)
Бағаналы Барлыбай
Шұбар тулы Жаулыбай
(Шақшақ ұлы Ер Жәнібек)16.
Ала шұбар ту байлап,
Қорлықтап салды ұранды
Айшық туды өңгердім17.
Батырлар жауға шапқанда
Қолына жасыл ту алар18.
Сарыала туын көтереді достары
Жазасын Жанқожаның көрді бұлар19.
“... айшықты ту, айшықты ала ту, ақ қара бас ту, ала ту, алтынды ту,
алтын ту, байсасы ту, жасыл ту, сары ала ту, шұбар ту, қара жалау, қыл
жалау20. Қазақ батырлары туларының барлық түр-түсінің семантикасын ашуға
мүмкіндік жоқ. Мұның өзі арнайы зерттеуді керек етеді, тек ішінара кейбір
түстердің мәнін анықтауға болады. Мысалы, жасыл ту мен айшықты ту (жарты ай
бейнесі – А.Т.) сөз жоқ мұсылман дінінің белгілері. Жалпы мұсылманның жасыл
туының мағынасын зерттеген көптеген ориенталистер бір қорытындыға келеді.
Сартап құм мен аңызақ шөлде жүріп жап-жасыл оазиске келген көшпелі
бәдәуилер жұмақтың төріне шыққандай болып рахаттанған. Жасыл түсті қадір-
қасиет тұту арабтарда осыдан пайда болады21. Біраз информаторлардың айтуы
бойынша, қазақ батырларының тулары оның жақсы көретін атының түсімен
түстеседі.
Шұбар ту, ала шұбар ту – шұбар түсті жылқыдан шығуы мүмкін. Алпамыстың
байшұбары, Кенесарының да ерекше ардақтаған түсі – шұбар. Тіпті әлі күнге
дейін зерттеушілер Кенесары мен қырғыздардың арасындағы соғыстың тұтануына
бірден-бір себеп шұбар түсті жылқылар екеніне көңіл аудара бермейді.
Арқадан шаршап-шалдығып Балқаш бойына көшіп келген ханның жылқы
табындарынан қырғыздың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан жылқының жаратылған жері-отаны екенін полеозологиялық, археологиялық, тарихи-этнографиялық материалдар негізінде дәлелдеу
Қазақ жылқысының көне замандардағы тарихы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері
Тұлпар мен ту
Қазақстандағы жылқы тұқымын асылдандыру тарихы және мұғалжар тұқымының пайда болуы
Жылқы – халық медицинасында
ҚАБДЕШ ЖҰМӘДІЛОВТЫҢ ДАРАБОЗ РОМАН-ДИАЛОГИЯСЫНДАҒЫ ЖЫЛҚЫ ОБРАЗЫ
«Қазақстан және дүниежүзі азық-түлік мәселесі»
Тарихи хроника
Шошқа терілері
Пәндер