Халықаралық бала асырап алудың түсінігі мен шарттары



КІРІСПЕ 3

1 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛА АСЫРАП АЛУДЫҢ ТҮСІНІГІ МЕН ШАРТТАРЫ
1.1 Халықаралық бала асырап алу институтының қалыптасуы мен
дамуы 8
1.2 Халықаралық бала асырап алудың шарттары 20

2 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛА АСЫРАП АЛУ ИНСТИТУТЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТА НОРМАТИВТІ.ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕЛУІНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
2.1 Қазақстан Республикасында бала асырап алудың және халықаралық бала асырап алудың құқықтық реттелуі 26
2.2 Халықаралық конвенцияларда халықаралық бала асырап алудың реттелуі 36

3 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛА АСЫРАП АЛУДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ
3.1 Шетел мемлекеттің құқығында және халықаралық келісімдерде бала асырап алудың коллизиялық мәселелері 43
3.2 Халықаралық бала асырап алудың ұйымдасқан мәселелері мен оларды алдын алудың мүмкін жолдары 47

ҚОРЫТЫНДЫ 59

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 62
Мәселенің өзектілігі. Бұл бітіру жұмысы халықаралық бала асырап алу мәселесін ұлттық және халықаралық заңнамада реттелуі мен олардан туындайтын мәселелерін қарастыруға арналған. Халықаралық бала асырап алу бүкіл әлемдегі ата-аналарының қамқорынсыз қалған балалардың құқықтарын қорғаудың кең таралған әдісі болып табылады. Бұл тақырыптың өзектілігінде еш күмән тудырмайды. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә Назарбаев Демография және көші-қон процесіндегі жағымсыз ағымдарды азайтуға бағытталған саясат жүргізу, ел халқының санын, бірінші кезекте отбасы мен ана болуды қолдаудың нақты амалдарын жасау жолымен көбейту үшін негіздер жасау, шетелдіктердің жетім балалардың асырап алуына бақылауды күшейтетін және Қазақстан азаматтары үшін бұл рәсімді оңайлататын амалдарды әзірлеу Қазақстан халқына 2003 жылғы жолдауында мақсат етіп қояды [1, 63-64 б.].
Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін халықаралық бала асырап алу ауқымды құбылысқа айналды. Халықаралық бала асырап алу кезінде балалардың құқықтарын халықаралық-құқықтық қорғау мәселесі қазіргі таңда өзекті болып табылады. Шетелдіктердің бала асырап алуы баланы туған елінде жайғастырудың қандай да бір қолайлы тәсілін қамтамасыз ету мүмкін болмаған жағдайдағы баланы жайғастырудың балама тәсілі ретінде қарастырылуы тиіс. Балаларда жақсы бейнені қалыптастыру үшін асырап алушылар, биологиялық ата-аналарынан айырылу туралы мәселені шешіп алған жөн. Осыған қатысты бала асырап алудың зерттелуі мен осындай отбасылардың тәжірибесінде, бала асырап алушылар, баланың туған ата-анасының алдында мәселе болып табылмайтын бірқатар мәселелермен кездеседі. Асыранып алынған балаларды «мен неге асыранып алауға берілдім?», «менің ата-аналарым кім?» және т.б сұрақтар толғандырады. Осы сұрақтар пісіп жетілгенде асыранып алынған балалар, бала асырап алушылардан осы сұрақтарға оң және шынайы жауап беруіне мұқтаж болады [2, 3 б.]. Сондай-ақ биологиялық ата-аналармен жасалған бұл шешім олардың дербес жағдайларына негізделгенін және оларға кедергі келтірген балаға байланысты емес екенін түсіндіру қажет. Өзге нәсілмен, мәдениеті мен этникалық фондтың ата-аналарымен асыранып алынған балалар, қиын жағдаймен кездеседі. Олар жаңа тілді үйрену, жаңа елге және мәдениетке бейімделуге көмектесетін әр түрлі әлеуметтік дағдыны иелену қажет. Осылайша қазақстандық үкімет біздің қоғам өзінің балаларын қорғауға мүмкіндік бар және басқа мемлекеттің азаматтарымен асырап алуға ұсынбау қажет деп санайды.
Сондай-ақ халықаралық аренада балалардың еңбегін арзан және ақысыз пайдалану, жезөкшеліктің қара рыногы қалыптасқан. Балаларды сату туралы фактілер де бар.
1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан – 2030. – Алматы: ЮРИСТ, 2003. – 121 б.
2. Касымов М. Не «разбрасываться» генофондом // Юридическая газета. - 2010. - № 50.
3. Зауреш Балкенова. КАЗИНФОРМ ақпараттар желісі. // http: www. geo.kz/news.php.
4. Комментарий к Семейному Кодексу РФ / Под ред. Л.М. Пчелинцевой - М.: «НОРМА - ИНФРА-М», 1999. – 347 c.
5. Омарова С. Бала асырап алу тәртібін білесіз бе? // Заң газеті .– 2009. - № 128 (1551) - 7-б.
6. Беспалов Ю. Усыновление как способ судебной защиты прав ребенка // Российская юстиция. – 1997. - № 7.
7. Шершеневич Г.Ф. Учебник русского гражданского права (по изданию 1907 г.). - М.: «СПАРК», -1995. - 444 с.
8. Джандарбек Б.А. Усыновление (удочерение) в семейном праве РК. Алматы: «Жеті Жарғы»,- 2007. – 179 с.
9. Антокольская М.В. Семейное право. - М.: «Юристъ», 1997. - 310 с.
10. Тархов В.А. Советское семейное право.-Саратов: Изд-во Саратовского ун-та, 1963. – 506 с.
11. Энгельс Ф. Происхождение семьи, частной собственности и государства. М.: «Изд-во политической литературы», 1985. – 285 с.
12. Шахматов В.П. Усыновление, опека и попечительство.-Красноярск: Изд-во Красноярского ун-та, 1979. – 58 с.
13. Римское частное право: Учебник // Под ред. проф. И.Б. Новицкого и пров. И.С. Перетерского. - М.: «Юрист», 1994. – 544 с.
14. Зиманов С.З Общественный строй казахов первой половины ХІХ в. Алма-Ата: изд-во Академии наук Казахской ССР, 1989.-294 с.
15. Бошко В.И. Очерки советского семейного права.-Киев: Госполитиздат УССР, 1952.-372 с.
16. Жакипова А.С. Развитие семейно-брачных отношений в Казахстане.-А.: «Казахстан», 1971.-170 с.
17. Қазақ әдет-ғұрып құқығының материалдары. Құраст. Кенжалиев З. және т.б.- Алматы: «Жеті Жарғы», 1996. – 208 бет.
18. Базарбаев Б.Б., Басин Ю.Г. и др. Семейное право.-Алма-Ата: «Мектеп», 1984. – 248 с.
19. История государства и права советского Казахстана: Учебник в трех томах. // Под ред. З.С. Зиманова. Том 3. - Алма-Ата: «Наука», 1965. - 432 с.
20. П.Влаардингербройк Международное усыновление (удочерение) // http: www. MigNews.com
21. Adoption and foster placement of children. Report of an Expert Group Meeting on Adoption and Foster United Nations. - New York, 1998. http://www.raspuch.ru/library/familypravo.html
22. Wayne W.I. Family matters: secrecy and disclosure in the history of adoption. - Cambridge, 1996. // http://www.raspuch.ru/library/familypravo.html
23. Для практики национального и международного усыновления и попечения в приемной семье: Директивы Шведского национального комитета и Международной социальной помощи от 1996 г. // http: http://www.vapp.ru/docs/usynovlenie/
24. О правах ребенка: Конвенция ООН, 20 ноября 1989 г. Ратифицирована Постановлением Верховного Совета Республики Беларусь от 28 июля 1990 г. №217 – ХII //Ведомости Верховного Совета БССР.ѕ1990.№1.ѕСт.7. http://www.yurclub.ru/docs/pravo/0303/13.html журнал «право: теория и практика»
25. Богуславский М.М. Международное частное право: Учебник. – 5-е изд., перераб. и доп., с изм. – М.: «Юристъ», 2008. – 606 с.
26. Храбсков В. Г. Международное частное право в системе современного международного права // Правоведение. - 1982. - № 6. - С. 37.
27. Городецкая И. К. Международная защита прав и интересов детей. - М.: «Международные отношения», 1973. - 736 c.
28. Германское право: Часть 1. - М.: 1996. - 469 c.
29. Private international law. Edinburg, 1990. P. 496.
30. Декларация о социальных и правовых принципах, касающихся усыновления детей, особенно при передаче детей на воспитание и их усыновление на национальном и международном уровне. Утверждена Резолюцией Генеральной Ассамблеи ООН 3 декабря 1986 г. // СПС Консультант Плюс.
31. Косова, О. Особенности международного усыновления. // Законность.- 2001. - № 1. С. 26-32.
32. Шерстнева Н. С. Соотношение международно-правовых актов и семейного законодательства Российской Федерации в регулировании усыновления при наличии иностранного элемента. // «Международное публичное и частное право». 2006. № 4. С. 6-14.
33. Закон Республики Казахстан от 17 декабря 1998 г. № 321. О браке и семье. // http://www.balaumiti.kz/index.php?page=legislation
34. Постановление Правительства РФ от 29 марта 2000 г. № 275. Об утверждении правил передачи детей на усыновление (удочерение) и осуществления контроля за условиями их жизни и воспитания в семьях усыновителей на территории РФ и правил постановки на учет консульскими учреждениями РФ детей, являющихся гражданами РФ и усыновленных иностранными гражданами или лицами без гражданства. // СПС Консультант Плюс.
35. Постановление Правительства РФ от 1 мая 1996 г. № 542. Об утверждении перечня заболеваний, при наличии которых лицо не может усыновить ребенка, принять его под опеку (попечительство), взять в приемную семью. // СПС Консультант Плюс.
36. Постановление Правительства Республики Казахстан от 24 июня 1999 г. № 842. Об утверждении перечня заболеваний, при наличии которых, лицо не может усыновить (удочерить) ребенка, принять его под опеку (попечительство), патронат. // http://www.balaumiti.kz/index.php
37. Карачаева, Е. Младенцы на запчасти // Аргументы и факты. 2003. № 37. С. 10
38. Цаплиенко, А. Практика усыновления в мире: условия, сроки и цены. // http://www.news.podrobnosti.ru
39. Жүсіпова А. Ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың өзекті мәселелері. //http://www. hrc.nabrk.kz/gsdl/cgi-bin/library.
40. Кудайбергенов М.Б. Права ребенка в Казахстанском и международном праве. -Алматы: «Данекер» , 2001. - 239 с.
41. Джандарбек Б.А. Проблемы правоотношений при усыновлении (удочерении).// Вестник КазНУ. Серия юридическая.- 2008. № 3 (47) - 26-32 С.
42. Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексі. – Алматы: «ЮРИСТ», 2007. – 144 б.
43. Конвенция ООН о правах ребенка от 20 ноября 1989 года. //http:// www. urlit.ru
44. Кантарбекова А.М. Международное правовое регулирование тайны усыновления и ее сохранение в Казахстанском законодательстве. Правовая реформа в Казахстане.- 2009. № 1 (45) - 70-71 С.
45. Тодорова Г. Процедура международного усыновления (удочерения) детей-граждан Республики Казахстан. 07.08.2009. // http:// www.minjust.kz
46. Уразалина Г.А. Иностранные папы и мамы: каким быть международному усыновлению в Казахстане; пособие для усыноителей. Общественное обьеденение Лига женщин творческой инициативы. Алматы, 2007. //http: // www.ombudsman.kz
47. Байтелесов Ж. О присоединении и ратификации Респуюликой Казахстан Конвенции о защите детей и сотрудничестве в отношении иностранного усыновления. Пресс-служба Аппарата Мажилиса Парламента РК. 27.01.//http:// www resurs.kz/ news.
48. Семейное право зарубежных европейских социалистических стран. – М., 1979. – 309 с.
49. Жайлау Ж. Международное усыновление: национальное законодательство Республики Казахстан и международный опыт.// ҚазҰУ Хабаршысы. Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы.- 2004. № 2 (14). - 71-72 бет
50. Конвенция о защите детей и сотрудничестве в области межгосударственного усыновления (Гаага, 29 мая 1993 г.).// http:// www. revolution.allbest.ru/law
51. Европейская конвенция об усыновлении детей (Страсбург, 24 апреля 1967 г.) (утратила силу).// http://revolution.allbest.ru/law
52. Конвенция «O гражданских аспектах международного похищения детей» 1980 г. Конвенция «O защите детей и сотрудничестве в отношении иностранного усыновления»1993 г. //http://revolution.allbest.ru/law
53. Казахстан ратифицировал конвенцию о защите детей и сотрудничистве. Источник: ИА Новости Казахстан, 14 мар 2010.//http://www. resurs.kz/news/detail/1403
54. Издание Департамент программ и услуг холт интернешнл чилдренз сервисез. Альтернативы и лучшие варианты регулирования международного усыновления. 16 ноября 2009. -1-14 c. // http: //www. holtinternational.org
55. Дюжева О.А.: Проблемы законодательства о международном усыновлении // Государство и право. 1995. N 6. С. 40-47
56. Корнеева И.Л. Семейное право. Практикум. — М.: «Юристъ», 2000. – 350 с. //http://www.raspuch.ru/library/familypravo/korneeva_praktikum_po_semejnomu_pravu.htm
57. Международное частное право: учебник/ под ред. Г.К. Дмитриевой. , 2-е изд., перераб. и доп. М., 2009.- 687с. //http://www.roche-daffay.ru/articles/disputes.htm
58. Федосеева Г.Ю.: Международное частное право, учебник. - М., 2007. – 701с.
59. Гельтман-Павлова И.В. Международное частное право: учебник/ И.В. Гельтман-Павлова.-Изд. 2-е, перераб. и доп.- М.: «Эксмо», 2009. – 704 с.
60. Наталья Синкевич. Регламентация иностранного усыновления в международном частном праве. // Белорусский журнал международного права и международных отношений. 2003 — № 1. // http: // www. infolaw.ru/lib.
61. Звеков В.П. Международное частное право: Курс лекций.-М.: Издательская группа «НОРМА-ИНФРА•М», 1999. 698 с.
62. Кузнецова И.М. Новое в порядке усыновления детей // Журнал российского права. -1997. № 1.- С. 113.
63. Международное частное право: Учебник для вузов / Под ред. Н. И. Марышевой. М., 2000. 708 c. // http: //www.law.edu.ru
64. Шебанова Н.А. Семейные отношения в международном частном праве. -М., 1995. 310 с.
65. Летова Н.В. Усыновление в Российской Федерации: правовые проблемы.- М., 2006. 456 с.
66. Завражнов В. Усыновление иностранцами детей - граждан РФ. // Российская юстиция. -2004.- № 7. С. 25-31.
67. Шерстнева Н. Особенности усыновления детей при наличии иностранного элемента. 08.07. 2009.//http:// www. law.edu.ru
68. Пресс-служба Аппарата Мажилиса Парламента РК. О проблеме усыновления- с учетом мирогого опыта. Казахстанский юредический портал. архив-23.07.2002 год. // http: // www. zakon.kz
69. Юлия Золина. Показать товар лицом. Экспресс-К. 25.09. 2003. // http: // www. base.zakon.kz/doc.
70. Светлана Тумакова. Между небом и землей. Око. 7 ноября 2007. // http:// www. geo.kz/news.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
3

1 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛА АСЫРАП АЛУДЫҢ ТҮСІНІГІ МЕН ШАРТТАРЫ

6 Халықаралық бала асырап алу институтының қалыптасуы мен

дамуы
8

1.2 Халықаралық бала асырап алудың шарттары
20

2 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛА АСЫРАП АЛУ ИНСТИТУТЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ҚҰҚЫҚТА НОРМАТИВТІ-ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕЛУІНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

2.1 Қазақстан Республикасында бала асырап алудың және халықаралық бала
асырап алудың құқықтық реттелуі
26

2.2 Халықаралық конвенцияларда халықаралық бала асырап алудың реттелуі

36

3 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛА АСЫРАП АЛУДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ

3.1 Шетел мемлекеттің құқығында және халықаралық келісімдерде бала
асырап алудың коллизиялық мәселелері
43

3.2 Халықаралық бала асырап алудың ұйымдасқан мәселелері мен оларды
алдын алудың мүмкін жолдары
47

ҚОРЫТЫНДЫ
59

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
62

КІРІСПЕ
Мәселенің өзектілігі. Бұл бітіру жұмысы халықаралық бала асырап алу
мәселесін ұлттық және халықаралық заңнамада реттелуі мен олардан туындайтын
мәселелерін қарастыруға арналған. Халықаралық бала асырап алу бүкіл
әлемдегі ата-аналарының қамқорынсыз қалған балалардың құқықтарын қорғаудың
кең таралған әдісі болып табылады. Бұл тақырыптың өзектілігінде еш күмән
тудырмайды. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә Назарбаев
Демография және көші-қон процесіндегі жағымсыз ағымдарды азайтуға
бағытталған саясат жүргізу, ел халқының санын, бірінші кезекте отбасы мен
ана болуды қолдаудың нақты амалдарын жасау жолымен көбейту үшін негіздер
жасау, шетелдіктердің жетім балалардың асырап алуына бақылауды күшейтетін
және Қазақстан азаматтары үшін бұл рәсімді оңайлататын амалдарды әзірлеу
Қазақстан халқына 2003 жылғы жолдауында мақсат етіп қояды [1, 63-64 б.].
Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін халықаралық бала асырап
алу ауқымды құбылысқа айналды. Халықаралық бала асырап алу кезінде
балалардың құқықтарын халықаралық-құқықтық қорғау мәселесі қазіргі таңда
өзекті болып табылады. Шетелдіктердің бала асырап алуы баланы туған елінде
жайғастырудың қандай да бір қолайлы тәсілін қамтамасыз ету мүмкін болмаған
жағдайдағы баланы жайғастырудың балама тәсілі ретінде қарастырылуы тиіс.
Балаларда жақсы бейнені қалыптастыру үшін асырап алушылар, биологиялық ата-
аналарынан айырылу туралы мәселені шешіп алған жөн. Осыған қатысты бала
асырап алудың зерттелуі мен осындай отбасылардың тәжірибесінде, бала асырап
алушылар, баланың туған ата-анасының алдында мәселе болып табылмайтын
бірқатар мәселелермен кездеседі. Асыранып алынған балаларды мен неге
асыранып алауға берілдім?, менің ата-аналарым кім? және т.б сұрақтар
толғандырады. Осы сұрақтар пісіп жетілгенде асыранып алынған балалар, бала
асырап алушылардан осы сұрақтарға оң және шынайы жауап беруіне мұқтаж
болады [2, 3 б.]. Сондай-ақ биологиялық ата-аналармен жасалған бұл шешім
олардың дербес жағдайларына негізделгенін және оларға кедергі келтірген
балаға байланысты емес екенін түсіндіру қажет. Өзге нәсілмен, мәдениеті мен
этникалық фондтың ата-аналарымен асыранып алынған балалар, қиын жағдаймен
кездеседі. Олар жаңа тілді үйрену, жаңа елге және мәдениетке бейімделуге
көмектесетін әр түрлі әлеуметтік дағдыны иелену қажет. Осылайша
қазақстандық үкімет біздің қоғам өзінің балаларын қорғауға мүмкіндік бар
және басқа мемлекеттің азаматтарымен асырап алуға ұсынбау қажет деп
санайды.
Сондай-ақ халықаралық аренада балалардың еңбегін арзан және ақысыз
пайдалану, жезөкшеліктің қара рыногы қалыптасқан. Балаларды сату туралы
фактілер де бар.
Бала асырап алу саласындағы өзгерістер ұлттық заңнамада қажет
өзгерістерді енгізуді талап етеді. Осы мақсатпен соңғы жылдары негізгі
құқықтық-актілер қабылданды: "Неке және отбасы", "Қазақстан
Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Кәмелетке толмағандар
арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз
және панасыз қалуының алдын алу туралы",Қазақстан Республикасының азаматы
болып табылатын балаларды шетелдіктермен асырап алуға байланысты Ережелерді
бекіту туралы Үкімет Жарғысы, Балаларды қорғау мен шетелдік бала асырап
алудың ынтымақтастығы туралы Гаага Конвенциясына қосылды және тағы да
басқалар. Бірақ осы нормативтік құқықтық актілерде айтылған көптеген
қағидалар тәжірибеде көп қолданыла бермейді. Сондай-ақ мемлекеттер асыранып
алынған балалардың құқықтарын қорғауға алынған міндеттемелерді орындамайды
соның ішіндегі шетел азаматтарына асырап алуға берілген балалардың
жағдайларын бақылауға байланысты. Сонымен қатар, қазіргі таңда Қазақстанда
ұлттық қауіпсіздікке тудыратын кері әсерін тигізетін тенденциялар байқалып
отырады. Прокурорлық және тергеу тәжірибесіне сай отбасына орналастырған
балалар санының төмендеуі мен балалар үйінде және интернат мекемелерінде
тәрбиеленіп отырған мемлекеттік балалар өсіп келеді. Бала асырап алуға
берілетін балалардың ішкі рыногы өмір сүріп келеді, халықаралық бала асырап
алудың коммерцализациясы байқалып отырады, шетел ұйымдары мен қазақстандық
өкілдердің бала асырап алуға берілетін балаларға қатысты заңсыз делдалдық
қызметпен айналысып отыр. Құзырлы қайнар көздердің мәліметтері бойынша ішкі
мемлекеттік және халықаралық бала асырап алуға қатысты көптеген
бұзушылықтар мен асыра пайдаланушылықтар көрініс тапқан [3].
Халықаралық бала асырап алудың құқықтық реттелуінің жетілдіруі, шетел
азаматтарымен асыранып алынған балалардың өмірін қатал бақылауды жүзеге
асыру мен олардың құқықтарын қорғауға бағытталуы қажет. Осы мақсаттар үшін
өзара көмек көрсету туралы екі жақты келісімдерді қабылдау қажет.
Халықаралық бала асырап алу кезінде пайда болатын қатынасты құқықтық
реттелуі толық ғылыми зерттелмеген. Заңи әдебиеттерде зерттеліп отырған
мәселеге қатысты арнайы назар аударылған. Бұрында жасалған зерттеулердің
теориялық қорытындылары мен жағдайлары тәжірибе мен ғылымда маңыздылығы
жоғары. Алайда бұл зерттеулер бұрында жасалған және тек кейбір мәселелерді
қарастырған. Сондай–ақ бұл зерттеулер халықаралық бала асырап алудың кейбір
мәселелері бала асырап алудың әкімшілік тәртібін бекіту, мемлекеттердің
капиталистік және социалистік лагерлерге бөлу кезінде жазылған, нәтижесінде
ұсыныстар мен қорытындыларда көрініс тапқан.

Жоғарыда аталған мәселелер бітіру жұмысының тақырыбын таңдауға түрткі
болды. Қорытындылай келе, балалардың құқықтар мен мүдделерін қорғалуы мен
бұл мәселеге қатысты халықаралық және ұлттық заңнамалардың орындалуын қатал
қадағалау тиіс.

Ғылыми зерттеудің дәрежесі. Қазіргі таңда халықаралық бала асырап алу
мәселесі құрама зерттеулерде көрініс таппаған. Осы мәселеге қатысты арнайы
монографиялық және диссертациялық зерттеулер жоқ. Бала асырап алудың
құқықтық мәселелерін зерттегендер, Г.Ф Шершеневичтің, А.Г Гойхбаргтың
еңбектерінің маңызы зор. Мемлекеттің ішкі бала асырап алуына көңіл
бөлгендер, әсіресе кеңестік кезеңде В.П Шахматов, В.А Тархов, Ю.Ф Беспалов,
В.И Бошко, В.Г Храбсков , қазіргі кездегі бала асырап алуды зерттеген атқты
ресей авторлары М.В Антольская, М.М Богуславский, Г.Ю Федосеева, Н.
Шерстнева, Г.К Дмитриева, В.П Звеков, Н.И Марышева, О.А Дюжева, Н.А
Шебанова, В. Завражнов,. Н. В Летова, И.В Гельтман-Павлова және т.б болып
табылады.

Отбасы құқығының әсіресе бала асырап алуға байланысты мәселелермен
айналысқан қазақстандық авторларды атап өтуге болады. Олар: Б.Б Базарбаев,
Ю.Г Басин, А.Ж Жакипов, М.Б Кудайбергенов, Джандарбек Б.А және т.б.

Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Дипломдық жұмыстың мақсаты
болып, халықаралық және ұлттық заңнамада бала асырап алу реттелуін және
одан туындайтын мәселелерді жан-жақты зерделей отырып, халықаралық бала
асырап алу түсінігін, ерекшелігін, тән қасиеттерін толықтай ашу табылады.
Дипломдық жұмыстың міндеттері болып келесілер табылады:

халықаралық бала асырап алудың түсінігінің мазмұнын қарастыру;
осы институтының тарихи тереңдігін анықтау.

баланың мүдделеріне жауап беретін бала асырап алу кезінде
халықаралық бала асырап алудың шартына талдау жасау;

Халықаралық бала асырап алу саласындағы заңнаманың жетілдіруіне
байланысты ұсыныстар жасау;

Шетелдердегі бала асырап алу тәртібін ұлттық заңнама мен
халықаралық келісімдердің ережелеріне сәйкес мақсаттарын анықтау және
салыстыруды жасау;

Шетел мемлекеттің құқығында және халықаралық келісімдерде бала
асырап алудың коллизиялық мәселелерін айқындау.

Зерттеудің ғылыми-әдістемелік базасы. Зерттеу кешенді сипатта
болғандықтан жалпы зерттеу әдістері диплом жұмысында қолданылды. Атап
айтқанда: салыстыру, талдау, тарихи әдіс.

Қорғауға ұсынылатын тұжырымдамалар.
1. Халықаралық бала асырап алу бойынша балалардың құқықтарын
қорғаумен ынтымақтастығы туралы 1993 жылғы Гаага конвенциясына халықаралық
бала асырап алу үдерісіне толығымен сенімді болу үшін халықаралық бала
асырап алудың барлық мәселесін шешетін ережелерді бекіту, әсіресе
мемлекеттердің жауапкершілік мәселесін қарастыратын;
2. Баланы орталықтанған органдар есебіне тұрғызу мерзімін баланың
жасына қарай анықтау қажет. Баланы орталықтанған есепке тұрғызғаннан бастап
үш ай өткен соң, шетел азаматтарына асырап алуға беріледі. Демек,
қазақстандық азаматтармен баланы асырап алу үшін үш ай беріледі. Бала
есейген сайын оған асырап алушыларды табу қиынға соғады, сондықтан, баланың
жасан ескере отыра, мерзімін анықтау қажет, жаңа туған сәбилер үшін-3 ай,
ал 1 жастан және жоғары балалар үшін -6 ай.
3. Халықаралық бала асырап алу жауапкершілігі жүктелетін және
бақылайтын, балалардың құқықтарын қорғайтын ұйымдарды бақылап,
лицензиялайтын және олардың қызметтері баланы қорғау саласындағы
стандарттары ішкі және халықаралық заңнамаларға сай жүзеге асырылуын
қадағалайтын орталықтанған мемлекеттік орган құру және агент өкілдерінің
құқықтық мәртебесін анықтау қажет;
4. Біздің көзқарасымызша асыранды балалардың мүддесіне асырап ала
алмайтын адамдарға заңнамада көзделгендерінен басқа: 1) асырап алатын кезде
асырап алатын баланы өмір сүру минимумін қамтамасыз ете алатын кірісі жоқ
адамдарды; 2) тұрғылықты мекені, сондай-ақ өмір сүруге болатын тұрғын үйі
жоқ адамдарды; 3) бала асырап алар кезде азаматтардың өміріне немесе
денсаулығына қарсы әдейі жасаған қылмысы үшін сотталған адамдарды жатқызған
жөн.
5. Біздің ойымызша, қазіргі кездегі Қазақстанның демографиялық
жағдайында халықаралық бала асырап алуды үйреншікті және кең таралған
құбылыс ретінде қалыптастырмау қажет. Алайда, бұл институттың басты мақсаты
болып, Гаага Конвенциясында бекітілгендей, мемлекеттердің баланың отбасына
деген құқығын қамтамасыз ету үшін барлық шараларды қолдану қажеттілігінде
болып отыр. Осыған сәйкес, Қазақстан Республикасындағы халықаралық бала
асырап алу саласын қамтитын жоғарыдағы аталған жағдайларды ескеріп, Неке
және отбасы туралы Кодексі қабылдансын.

Зерттеудің пәні мен объектісі. Зерттеудің пәніне, халықаралық бала
асырап алу саласындағы ұлттық және халықаралық-құқықтық заңнамасы.
Халықаралық бала асырап алудың теоретикалық және тәжірибелік сипаттағы
мәселелердің күрделі жиынтығы, халықарлық бала асырап алу кезінде
балалардың мүдделерін халықаралық – құқықтық қорғау ата-ананық қамқорынсыз
қалған балаларды орналастырудың негізгі нысаны жатады. Зерттеудің объектісі
болып халықаралық бала асырап алу институтын қызмет ету кезінде
қалыптасатын субъектілерінің халықаралық қатынастары табылады.

Практикалық маңызы. Жұмыстың практикалық маңыздылығы алынған
нәтижелерді негізгі тақырып бойынша халықаралық бала асырап алудың құқықтық
реттелуінің жетілдіруі, шетел азаматтарымен асыранып алынған балалардың
өмірін қатал бақылауды жүзеге асыру мен олардың құқықтарын қорғауға
бағытталған.
Бітіру жұмысының ғылыми жаңалығы. Бұл бітіру жұмысы халықаралық бала
асырап алуға қатысты Қазақстандағы алғаш зерттеуі болып табылады. Заңи
әдебиеттерде соңғы өзгерістерге қатысты бұл мәселені зерттеуге талпыныстар
болды. Сондай –ақ тақырыпты толық және жете саралауы жоқ. Бітіру жұмысы
жоғарыда айтылған мәселеге байланысты бірегей көзқарасты қалыптастырды, өз
кезегінде қазіргі заманның жағдайында халықаралық бала асырап алуды бекіту
қажеттілігін анықтауға, осы саладағы коллизиялық мәселелерді шешуге
септігін тигізеді. Бітіру жұмысында зерттеудің жаңалығын нақтылайтын
қорытындылар мен ұсыныстар қалыптасқан.
Диплом жұмысының құрылымы. Жұмыс бекітілген көлемде жасалынған және
кіріспе, алты бөлімшеден үш тараудан, қорытынды және пайдаланылған
әдебиеттер тізімінен тұрады. Жалпы көлемі 66 бет.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛА АСЫРАП АЛУДЫҢ ТҮСІНІГІ МЕН ШАРТТАРЫ

1. Халықаралық бала асырап алу институтының қалыптасуы мен дамуы
Бала асырап алудың түсінігі немен анықталады?
Халықаралық бала асырап алудың түсінігіне келмес бұрын, алдымен
бала асырап алудың түсінігіне тоқталған жөн. Бала асырап алудың түсінігі,
қоғамның қай жағымен зерттелуіне байланысты. Социологтар бала (қыз баланы)
асырап алуды, әлеуметте пайда болған, дамушы және өзгеріп тұратын қоғамның
құбылысы ретінде қарастырады. Бұл құбылыс, бір жағынан, ата – ананың
қамқорынан қалған балалардың дүниеге келуімен, балалардың қоғамдағы
жағдайымен, екінші жағынан, әр түрлі жағдайға байланысты өз баласының бола
алмауынан өзінің жанұясына жетім баланы қабылдауға ниет білдіретін ерлі-
зайыптылар мен жалғыз басты азаматтардың пайда болуымен байланысты [4, 170
б.].
Бала асырап алу термині заң ғылымында әртүрлі мағынада
қолданылады. Бала асырап алу – бұл баланы заңды түрде отбасына қабылдау
деген сөз. Бала туысқан ретінде ұлы (қызы) болып барлық құқықтар мен
міндеттерге ие болады. Бала асырап алу баланы отбасына орналастырудың басты
түрі болып келеді. Ал ата-аналар үшін, бала тағдырына және оның толық
дамуына ең жоғарғы дәрежедегі жауапкершілік [5, 7 б.]. Сонымен қатар,
Ю.Беспалов, бала асырап алуды сот арқылы баланың құқықтары мен мүдделерін
қорғау үшін қолданылатын әдісі ретінде қарастыруды ұсынады. Жалпы, бала
асырап алу, ата-ананың қамқорынан қалған балалардың құқықтарын, ең бастысы,
қорғану құқығын, өмір сүру құқығы мен жанұяда тәрбиеленуді жүзеге асыру
үшін арналған [6, 8-9 б.]. Ғылыми әдебиеттерде бала асырап алу туралы әр
түрлі пікірлер бар.
Мысалы, Г.Ф Шершеневич Бала асырап алу- өзге тұлғалардың заңды
балаларының заңи жағдайын тану, бұл, ұрпақтың болмауы салдарынан жанұяның
алдамышы,-деген. Г.Ф Шершеневичпен берілген түсініктемеден бала асырап
алудың құқықтық салдарының қорытындысын жасауға болады, бірақ, бала асырап
алу кезінде қандай құқықтық қатынас пайда болатыны туралы түсініксіз болып
табылады [7, 215 б.].
А.Г Гойхбарг былай деп жазады: бала асырап алу, жанұямен жасанды
қатынастың жасауы [8, 24 б.], М.В Антольская, бала асырап алуды, ата –
анамен баланың арасында пайда болатын ең жақын туыстық қатынас пен асырап
алушы мен асыранып алынған баланың арасындағы қатынасты қалыптастыратын
институт ретінде қарастырады [9, 101 б.].
В.А Тархов бала (қыз баланы) асырап алуды, асырап алушы мен
асыранушының ұрпағымен шығу тегі жағынан туыстарымен теңестірілетін
азаматтық жағдайдың актісі ретінде анықтайды [10, 90 б.].
Бала асырап алудың көптеген анықтамаларына қарамастан, бала асырап
алу- асыранып алынған бала (қызбен) мен тәрбиелеуге қабылдап алған тұлға
немесе тұлғалар арасында, ата-ана мен баланың арасында болатын, жеке және
мүліктік қатынас орнайтын заңи акт болып табылады, деген көзқарасқа
тоқталған жөн.
Бала асырап алуды адамзат тарихындағы өзіндік ерекше әлеуметтік
феномен ретінде қарастыруға болады және пайда болғаннан бастап көптеген
өзгерістерге ұшырап келген. Кейіннен, құқықтық институт ретінде қалыптасып,
қазіргі заманның көптеген құқықтық жүйелерінде көрініс тапқан.
Атақты зерттеулерге сүйенетін болсақ, ежелгі отбасы, туыстық жүйеде
өмір сүрген. Ол бойынша, бала (қыз) дүниеге келмес бұрын, оны асырап алатын
болған.
Бұған, рулық құрылыс кезіндегі ... топтық неке билеген кезде, тайпа,
ананың жағынан қандас туыс болып келетін руларға бөлінген, неке-отбасылық
байланыстың болуы ықпалын тигізген [11, 19 б.]. Бұл, матреархалды жанұя.
Осының салдарынан, жанұяның ер адамдары еріксіз асырап алушылар болып
табылған. Кейбір жағдайларда, сол кезде өмір сүрген туыстық жүйеде,
жанұяның мүшелері өзара ата-ана мен бала ретінде қатынасқан. Ф.Энгельс
Морганның зерттеулерінде, туыстық жүйені келесідей сипаттайды: Ирокез
өзінің туған балаларын қызым, балам деп атап қоймай, ағайындардың балаларын
да атайды, ал олар оны әке деп атайды. Ал әпкелерінің балаларын жиен мен
жиен қыз, ал олар оны аға деп атайды. Керісінше, ирокеза әпкелерінің
балаларын өзінің туған балаларындай қызым, балам деп, ал олар оны ана деп
атаған [11, 30 б.].
Егер адам рудан тыс қалса, қаза болған немесе басқа румен қабылданатын
болған. Бұл жағдайда, ол қабылданған рудың мүшесі болып табылған. Әке,
бала, аға, әпке – бұл, жай ғана құрмет атақтары ғана емес, олар шын
мәнінде, белгілі бір, өзара аса маңызды жағдайды қалыптастыратын, осы
халықты құрайтын, қоғамдық құрылыстың жиынтығы. Мұндай туыстық жүйе,
Азияның және басқа мемлекеттердің көптеген тайпаларында өмір сүрген [11, 31
б.].
В.П Шаяхметов бала асырап алу жайында басқа да мәліметтер келтіреді.
Ол Жаңа Гвинея папуастарының арасындағы асырап алу әдет-ғұрпын қарастырған:
бұл әдет-ғұрып көне және бүкіл Меланезияға таралған [12, 42 б.].
Осы әдет-ғұрыпқа сай, Гельберт аралындағы балалар, ата-аналарымен
бірге бір отбасында мүлдем тұрмаған. Басқа аралдарда бала асырап алудың
мұндай түрін қабылдамаған болатын, бірақ мұнда да алмастыру жалпы алғанда,
ру мен жанұя арасындағы достық қарым- қатынасты нығайту үшін қолданылған.
Бала асырап алудың тағы да бір себебі, ортақ тілдің қажеттілігінде. 1879
жылы Миклухо-Маклай былай деп жазған: Әрбір ауылда дерлік, өзіндік тілдері
бар. Бір-бірінен ширек сағатта орналасқан ауылдарда, дәл сол затқа бірнеше
атаулар берілген. Ал бір-бірінен бір сағаттық жерде орналасқан ауылдар, кей
жағдайда, бірін – бірі түсінбейтіндей, соншалықты әр түрлі тілде сөйлейтін
болған. Осының салдарынан әрбір тайпа, аудармашыларды тәрбиелеген. Өзінің
тілін жетік меңгерген және өзге тілді тез меңгере алатын балғын шақтағы ұл
баланы, басқа тайпаға, шарттың негізінде бірнеше жылға беріп отырған. Бұл
бала, тұрып жатқан адамдардың баласы болып саналған, ал олардың туған
баласы, асыранып алынған баланың отбасында тұрып жатқан. Олар өздерінің
үйлеріне кері оралғанымен, аталмыш, екінші ата-анасының ұлдары және
тайпаның адамдарына ағайындары болып қала берді. Сондықтан, олар қандай
жағдай болмасын, қарсы қару көтермеген және тайпа арасындағы достық және
бейбітшілік қатынас мәселесін осылайша шешіп отырған [12, 50-51 б.].
Жоғарыда айтылып өткенге ұқсас, шариғат құқығына негізделген аманат
институтында, саяси мәселелерді атқаруды қамтамасыз ету үшін, бір тараптың
балалары кепілге алынып, асыранып алынған. Қазіргі заман құқығының
көзқарасы бойынша, осындай бала асырап алу, жария құқықтық сипатқа ие және
халықаралық құқық саласында әрекет етеді деп айтуға болады.
Мемлекеттің, құқықтың, моногамиялық жанұяның пайда болуымен, бала
асырап алу институты да қалыптаса бастады. Бала асырап алу, осы және
кейінгі кезеңде де екі нысанда жүзеге асқан: жеке (бөлек жанұяға қабылдау)
және қоғамдық (асырап алушылар болып жеке адамдар емес, ұйым болып
табылған. Мысалы, әскер полкінің қызы, мемлекетпен баланы (қызды) асырап
алу және т.б). Афиналар кезінде, Аристидттің қыздарын, Рим, Публикол мен
Децияның қыздарын асырап алған.
Жеке бала (қыз баланы) асырап алу жеке рим құқығында белгілі болған.
Рим отбасында дүниеге келмеген балаларға, ата-ана билігін орнату үшін
оларды заңдастырған. Бұл өзге балаларға қатысты қарастырған. Сонымен қатар,
егер бала асырап алушы persona alieni juris (әке билігінің астындағы тұлға)
болған arrogatio және аrrogatio persona sui juris (ата-ананың билігінен бос
тұлға) болған adoptio нысанындағы бала асырап алу ажыратылып отырған.
Дәлелденбеген мәліметтерге сүйенетін болсақ, бала асырап алудың үшінші
түрі, бала асырап алуды, асырап алушының өсиетнамасы бойынша анықталған
adoption testamentaria. Осыған орай, рим заңгерлері бала (қыз баланы)
асырап алудың тетігін қалыптастырған. Басқа да көптеген жеке құқықтық
институты ретінде алдымен ол дайындалып, кейіннен қазіргі заманның
құқығымен жетілдірілген. Әрине бұл жағдайдың жағымсыз жағы да болған, яғни
рим жанұясында дискриминациялық құрылыс көрініс тапқан [13, 142-143 б.].
Асыранып алынған бала, азаматтың өз туған балалары секілді ата-ана
билігі озбырлығының әсеріне түсу мүмкін еді.
Қазақстандағы бала асырап алу институтының дамуын қарастырып
өтейік. Қазақстандағы бала (қыз баланы) асырап алуды қарастыру үшін,
алдымен қазақ халқының дағдылы құқығынның жалпы сипаттамасын қарастырған
жөн. Шоқан Уәлиханов алғаш рет қазақ халқының дағдылы құқығынына
адамгершілікті мазмұны ретінде сипаттама берген. Адамгершілікті идеялар,
қазақ халқыны дағдылы құқығының көптеген нормаларында көрініс тапқан.
Осыған, нәсілдік экзогамия қағидасын жатқызуға болады, яғни қандас
туысқандармен некеге тұру тыйым салынған. Сонымен қатар, ру қауымының
мүшесіне өтеусіз, әртүрлі ұжымдық көмек көрсету болып табылатын
қонақжайлылық әдет –ғұрпын жатқызуға да болады [14, 122-123 б.].
Осы қатара, қазақ халқының дағдылы құқығындағы неке-отбасы нормаларын
да жатқызуға болады. Бұл нормалар, Есім ханның, Қасым ханның және Тәуке
ханның заңдарында мазмұндалған.
Қазақ қоғамында бала асырап алу әр түрлі нысанда жүзеге асқан. Мысалы,
әкесінен немесе ата – аналарынан жетім қалған балаларға қамқорлық жасайтын
әмеңгерлік институтын жатқызуға болады.
Күйеуі қайтыс болып, балалары қолында қалған әйел, әмеңгерлікті
қолданған, яғни, мерт болған күйеуінің ағасына күйеуге тиген [15, 37 б.].
Туған ағасы, балалардың туған әкесі ретінде саналған.
Егер, жесір әйел өзге адамға (ақсақалдардың кеңесі мен жақын
туыстардың шешімімен) күйеуге тисе, балаларды өзімен бірге алып жүрген және
өзге адам, балалардың өгей әкесі болып саналған. Өгей әкенің балаларға
өзінің туған балаларындай қарайтынына еш кепіл болған емес. Осындай
қатынастар дағдылы құқықта реттелмеген. Күйеуінің ағасы немесе оның жақын
туыстары, мұрагерлік шарт бойынша, мирасқор немесе әке болып саналған.
Егерде жесір әйел күйеуге тиюден бас тартса, әкесінен айырылған балалары
мен мүлкі әйелдің қамқорына көшкен. Ұл бала кәмелетке толғанша (15 жасқа
дейін), ал қыз бала күйеуге тигенше аналарының қамқорында болған [16, 63
б.].
Қазақ халқында бала (қыз баланы) асырап алу институты кеңінен
таралған. Қазақ халқы көп балалы болғандықтан, көшіп-қонып жүрген кезде
көптеген ауруларға шалдыққан, рулар арасында талас – тартыстар болып
отырған. Бұл жағдайда бала бағу оңайға соқпаған. Сондықтан тұрмысы нашар,
көп балалы жанұялар өздерінің балаларын, баласыз немесе аз балалы
туыстарына беріп отырған.
Бала асырап алу, туысқанның немесе екі куәлардың қатысуымен жүзеге
асырылған. Асыранып алынған баланы асырап алушымен киіз үйге кірген сәттен
бастап, баланың туған ата - анасының билігі заңи тоқтатылып, асырап
алушының билігі орнағанын білдірген.
Революцияға дейінгі Қазақстанда, Ресей империясына қосылғаннан бастап,
андат құқығының әрекеттері патша өкіметінің бірқатар актілерімен
санкцияланды. Мысалы, 1822 жылы 22 шілдеде қабылданған Бұратана халықты
басқару туралы Жарғының 5 бөлімінде былай делінген: Көшпенділер, әрбір
тайпаға тән дала құқықтарымен, әдет-ғұрыптарымен басқарылып отыр. Бірақ,
әдет-ғұрыптар қарама-қайшы болғандықтан, жергілікті басқармаға оны жүйеге
келтіру бұйырылды. Осы шарттарды жүзеге асыру үшін, бірнеше уездің
билерімен мезгілмен съездер өтіп отырған (қамқоршылық туралы мәселе Шар
күшік съезінде (1896 жылы 16 тамыздан N 19 Қаулысы), Өскемен мен Семей
уездерінің халық сотының төтенше съезінде және тағыда басқа) [17, 208
б.].
Кеңес кезіндегі Қазақстанда, бала тәрбиелеу аясындағы қамқоршылық
институты мен бала (қыз баланы) асырап алу салты, әмеңгерлікке, қалың
малға және т.б қарағанда еш уақытта айыпталмаған. Қамқоршылық пен бала (қыз
баланы) асырап алуға байланысты салт-дәстүрдің адамгершілікті бағытқа
бағытталып, панасыздықпен еш уақытта таныс болмаған. Бірақ, азаматтық соғыс
пен әлеуметтік күйзеліс кезі Қазақстанға да өз әсерін тигізген. Басқаларға
қарағанда бала асырап алу институты балаларды орналастырудың бірден-бір
нысаны болып табылған. Оған қоса , ұлттық салт-дәстүр көрініс тауып, жетім
балаларды қабылдап алатын тілек білдірушілер аз болмаған. 1924 жылы
Қазақстанда жаңа заң қабылданғанша байырғы тұрғындарға қатысты бала асырап
алу мәселесі қалпына келтірілген. РСФСР-дың 1926 жылы 12 қарашаның неке,
отбасы және қамқорлық туралы Кодекс заңдарында бала асырап алуға байланысты
тарауы болған (57-67 баптар). Бала (қыз баланы) асырап алу тек қана
балалардың мүддесімен және бала панасыздығымен күресуге бағытталып, жүзеге
асыралған. Осындай балалардың жеке, мүліктік құқықтары мен міндеттері бала
(қыз баланы) асырап алушының туған балаларымен теңестірілген [18, 35 б.].
Осы тарихи кезеңде бала асырап алудың ең басты себебі, балалардың
панасыздығы. Бұл тарихи кезеңде, панасыз балаларға қамқорлық жасау басқа
мемлекеттерде де көрініс тапқан. 1917 жылы Францияда Мемлекетпен асыранып
алынған, асыранды бала және ұлттың балалары туралы заң шығарылды. Бұл заң
әкесі, анасы немесе қамқоршысы соғыс құрбандары болып қайтыс болған немесе
ата-анасының біреуі, қамқоршысы соғыстың нәтижесінен жарақаттанып, ауруға
шалдығып, өзінің еңбегімен толықтай немесе жартылай табыс көзін таба
алмағандардың балаларына таралған. 1917 жылы 9 шілдеде Италияда Соғыстың
нәтижесінен жетім қалған балаларға қамқорлық пен қолдау көрсету туралы заң
қабылданды.
Жоғарыда көрсетілген саясат, КСРО-мен Ұлы Отан соғыс жылдарында жүзеге
асырылып, ата-анасыз қалған балаларды орналастыруға бағытталған.
Көптеген балалар қараусыз, бақылаусыз қалғанын ескере отыра, 1942 жылы
23 қаңтарда КСРО ХКК-мен ата-ананың қамқорынан қалған балаларды орналастыру
туралы қаулы шығарылды. Мұнда, қараусыз қалған баланы мемлекеттік
мекемелерге орналастыру және ерік білдірген жұмысшылардың, қызметшілердің
және колхозшылардың отбасына балаларды патронаттау тәртібі қарастырылған.
Патронаттың шарты бойынша баланы тәрбилеуге алған әр отбасы ай сайын
мемлекеттен жәрдемақы алып отырған. 1943 жылы 8 қыркүйекте КСРО Жоғарғы
Кеңес Президиумының Бала асырап алу туралы Жарлығы қабылданды. Бала (қыз
баланы) асырап алушыға, асырап алынған балаға өзінің атын, тегін, әкесінің
атын беруге құқығы беріліп және асыранып алынған балалар туысқандарға
теңестірілді. Осыған сәйкес, 1943 жылы 15 қазанда ҚазССР –дің Жоғарғы Кеңес
Президиумі қабылдаған Жарғысы, Қазақстанның шекарасында әрекет ететін
ҚазССР-дың Неке және отбасы Кодексінің бала асырап алу туралы 60 және 63
баптарына өзгеріс енгізді.
1968 жылы 1қазанда КСРО мен Республикалық Одағының азаматтық негізі
болып табылатын Неке және отбасы туралы заңнамасы әрекет ете бастады.
Негіздер преамбуласында, қоғамдық және жеке мүдделері гармониялық үйлескен
кеңестік отбасына қамқорлық жасау, кеңестік мемлекеттердің міндеттерінің
бірі болып табылады.
Алғаш рет, неке-отбасы қатынастарын реттейтін арнайы заңнамада, отбасы-
құқықтық қатынастарына қатысушылардың мүдделерін қамтамасыз ету мақсаттары,
тұрлаулы сипаттағы нормаларда көрініс тапқан. Осыдан кейін, қоғамда белгілі
тұрақтылық қалыптасып, соғыстан кейінгі уақытпен салыстырғанда панасыздық
жойылған. Осы уақыттағы бала (қыз баланы) асырап алу өзге сипатқа ие
болып, қазіргі жағдайына жақындаса түсті. 1969 жылы 6 тамызда ҚазССР-дың
Неке және отбасы туралы Кодексі қабылданып, 1970 жылы 1 ақпанда әрекет
ете бастады. Бала (қыз баланы) асырап алу мәселесі, 15 тараудың (Бала (қыз
баланы) асырап алу) 100-118 баптарында қарастырылған [19, 269 б.].
Батыс мәдениетте бала асырап алу, рим қайнар көздерінен (adrogatio,
adoption plena) бастау алады. ХІХ ғасырдың басында Франция Азаматтық
Кодекске бала асырап алу мүмкіндігін қосқан соң, бала асырап алу бүкіл
батыс әлеміне кең таралған. Нидерланд елі бала асырап алуды ең бірінші
қарастырған. Бірақ ол аса маңызға ие болған жоқ, өйткені бала асырап
алғандар саны өте аз болды. Сол уақыттағы көптеген заңгерлер, бала асырап
алу, біздің ұлттық сипатымызға сай келмейді, деп санаған. Осы себеппен,
бала асырап алу 1838 жылы Нидерланданың Азаматтық Кодексіне енгізілмеген
болатын. Ол алғаш рет, елде балалықты қорғау жүйесі жақсы және көпшілігі
догматикалық қағиданы (ана мен бала бір-біріне тиесілі) қолдап
отырғандықтан, 1956 жылдан бастап заңмен реттеле бастады. Басқа елде бала
асырап алуды ХІХ-ХХ ғасырларда өз заңнамаларына енгізген. Оған қоса,
көпшілік елде бала асырап алуды балаға көмек ретінде қарастырған. Сол
себепті, бала асыранып алынғанға қарамастан, бала мен бала шыққан жанұясы
арасындағы құқықтық байланыс үзілмей сақталған.
Қазіргі таңда көптеген елдер баланы толығымен асырап алуға ынталы
(adoption plena) яғни, жаңа жанұяға баланы жай ғана қабылдап қоймай,
биологиялық жанұямен барлық құқықтық байланыстарды үзеді. Қазіргі таңның
тағыда бір қарқыны келесідей түсіндіріледі: бала асырап алу, бала қорғау
тәсілінен, балалары жоқ жұбайларға өз баласы болуына соңғы мүмкіндігіне
айналып отыр. Бұл қарқын қатты сынға түсіп отыр, көптеген заңгерлер бала
асырап алудың жаңа нысанына жақ (бірақ , негізінде ескі), атап өткендей,
биологиялық ата – ана мен баланың арасындағы құқтық байланыстың үзілуіне.
Голландия заңгері Шмид бала асырап алуға байланысты келесідей жаңа баламаны
ұсынады:
• Бала шыққан тегі жанұясының мүшесі болып қала береді, бірақ, мұраға,
алиментті төлеуге, қорғаншылық пен қамқорлыққа және тағы да басқаға
байланысты құқықтары мен міндеттері тоқтатылады.
• Бала жаңа жанұяның мүшесі болады және көптеген жағдайларда өзінің
туған баласындай құқықтары мен міндеттерін иеленеді.
• Бала шыққан жанұясының мүшелері мен баланың арасындағы белгілі бір
құқықтарын сақтау мүмкін: баланың бастапқы атының сақтау мен кейін
қайтару мүмкіндігі [20].
1831 жылы АҚШ-та бала (қыз баланы) асырап алу институтының қалыптасуы,
жеке интернат мекемелерінің қалыптасуымен тығыз байланысты. АҚШ-та бала
(қыз баланы) асырап алудың қазіргі заманның бірінші заңнамасы болып, бала
(қыз баланы) асырап алудың сот тәртібі бала (қыз баланы) асырап алушы
талапкерлерге қойылатын шарттары бекітілген, 1851 жылғы Массачаусетс
штатының бала (қыз баланы) асырап алу туралы заңы болып табылады. Бұл
заңнама осы штаттың шегінде ғана әрекет еткендіктен, АҚШ-тың барлық
территориясында бала (қыз баланы) асырап алу тәртібі реттелмеген.
De-facto бала (қыз баланы) асырап алуды жүзеге асырудың мысалы
ретінде, 1853 жылы CAS балалық қайырымдылық ұйымын құрған, С.В ағылшын
миссионерінің атқарған қызметін жатқызуға болады. Осы ұйыммен жүргізілген
тексерісі нәтижесінде, бала (қыз баланы) асырап алушы, асыранып алуға
кандидаттар, бала туралы мәліметтері мүлдем болмаған немесе мұндай ақпарат
жеткіліксіз болған. Мысалы, CAS агентінің журналында: H.J.D.- әкесі қаза
болған, анасы-маскүнем, Нью-Йорк штатының С. фермеріне жіберілген,- деп
көрсетілген [21, 36 б.].
Осындай сипаттағы бала асырап алу, көптеген мемлекеттерде Бірінші
Дүниежүзілік соғысқа дейін өмір сүрген. Соғыстан кейін ғана, мемлекеттер,
бала (қыз баланы) асырап алудан қалыптасқан қатынастарды реттеу мақсатымен,
бала (қыз баланы) асырап алуға қатысты бірінші заңдарын шығара бастады
немесе бар заңдарын ретке келтірді. Шетелдіктермен балаларды асырап алудың
саны бойынша мардымсыз сипатта болған, халықаралық бала (қыз баланы) асырап
алудың бірінші сатысы Екінші Дүниежүзілік соғыспен аяқталды. Сол уақыттағы
бала (қыз баланы) асырап алу, баланың мүддесін қанағаттандыру ретінде
емес, бала (қыз баланы) асырап алушыларды мұрагермен қамтамасыз ету
мүмкіндігі ретінде қарастырылған. Халықаралық бала (қыз баланы) асырап алу
тәртібін регламенттейтін заңнаманың жоқтығынан, мысалы, АҚШ – та, немесе
заңнаманың кемістігінен, оларды жою үшін нормаларды түсіндіру әдісін
қолданған, (мысалы, Ресейде – Сенат түсіндіреді) нәтижесінде, көптеген
мемлекеттерде бала (қыз баланы) асырап алу de-facto ретінде жүзеге асқан.
Халықаралық бала (қыз баланы) асырап алудың екінші сатысы Екінші Дүние
жүзілік соғысының аяғына келеді. Грецияның, Жапонияның, Екінші Дүниежүзілік
соғыстары және Жапондағы атом бомбасының жарылысы нәтижесінде мыңдаған
балалар жетім болып қала берді.
Бірқатар шетел мемлекеттерінің үкіметі, жетім балаларға көмегі
ретінде, өзінің азаматтарын отбасыларына қабылдауды көндіруге бағытталған
кең ауқымды компанияларды құрған. Компаниялардың қорытындысының дәлелі
ретінде Халықаралық Архивтердің Кеңесімен жасалған мәліметтерін қарастыруға
болады. 1946-1953 жылдар аралығында АҚШ азаматтарымен, Грецияның,
Германияның, Жапон соғыстарына қатысқан азаматтарымен 5814 жетім балалар
асыранып алынды [22, 33 б.].
Халықаралық бала (қыз баланы) асырап алудың даму үрдісі ретінде Корея
соғысын атап өтуге болады. Солтүстік Кореядағы соғыстың аяқталуымен
байланысты. Соғыс, соғыс әрекеттері болған жерде мыңдаған жетім балаларды
қалдырған. Екі мемлекетке бөлінген, бір-бірімен өштескен, көп балалығымен
ерекшеленген Корея елі, жетімдік мәселесінің шешілуін екі жақты қарастырды.
Солтүстік Корея, мұндай балаларды тәрбиелеудің қоғамдық жолын таңдап,
жетімдерге арналған көптеген жаңа мекемелерді ашып отырған. Оңтүстік Корея,
жетім балаларға арналған баспаналарды салумен қатар, балаларды жанұяларға
орналастырудың үлкен жұмыстарын атқарған. Корея соғысқа қатысушы
мемлекеттердің әскери қызметкерлері, Корея елінен кеткен кезде, тәубеге
келудің белгісі ретінде, кореялық жетім балаларын асырап алуға ниет
білдірген. Осы елде соғыспаған жүздеген американдықтар, кореялық
бүлдіршіндерді асырап алғысы келді. Бала (қыз баланы) асырап алу үшін
Кореяға көптеген адамдар келе бастады. Алдымен олар Корея азаматтары еді,
кейінірек осындай делдалдықты өзінің мамандығына айналдырған АҚШ азаматтары
да келе бастады. Бала (қыз баланы) асырап алу саласында зерттеумен
айналысқан Г. Алутейн мен Р. Саймонның айтуы бойынша, тарихта алғаш рет,
көбінесе АҚШ-тың жанұялары, мәдениеті мен нәсілі әр түрлі балаларды асырап
алды. 1953-1962 жылдар аралығында, 15000 ішінен әрбір асыранып алынған
бала және 1966-1976 жылдар аралығында 32000 ішінен 65 % шетелдік балалар
(Азиядан, көбінесе Корея елінен келгендер) АҚШ азаматтарымен асыранып
алынды. [23, 34 б.]. Осындай кең ауқымды діні, нәсілі, мәдениеті әр түрлі
балаларды асырап алудың нәтижесінде, халықаралық бала (қыз баланы) асырап
алумен кездеспеген мемлекеттер, халықаралық бала (қыз баланы) асырап алудың
нәтижесінде туындайтын қатынастарды реттейтін заңдарды қабылдауға мәжбүр
болды. Соңынан, әлемде алғаш рет шетелдік балаларды асырап алуды
ұйымдастыратын арнайы агенттіктер құрыла бастады. Сол агенттіктердің бірі,
қазіргі уақытқа дейін қызмет етіп келетін, көптеген елдерге таралған, Holt
International children’s Services болып табылады.
Сонымен қатар, осы саты бала асырап алуды унификацияланған нормаларды
қалыптастырумен сипаталады.
Демек, халықаралық бала (қыз баланы) асырап алудың даму сатыларының
ерекшелігі, халықаралық бала (қыз баланы) асырап алу саласындағы заңнама
актілерінің эволюциясы болып табылады.
Алғаш рет, халықаралық бала (қыз баланы) асырап алу саласындағы шетел
мемлекеттердің ішкі заңнамаларының қарама – қайшылығын жоя алатын,
халықаралық келісімшартының бірі, 1965 Гаага конференциясында бала (қыз
баланы) асырап алуға қатысты шешімдерді тану мен қолданбалы құқықтың
заңнамасы туралы Конвенциясы болып табылады.
70- і жылдардың ортасында халықаралық бала (қыз баланы) асырап алуға
мүдделі мемлекеттерге қабылдаушы және жіберуші деген терминдер
қолданыла бастады. Мемлекеттердің экономикалық дамуына байланысты
мемлекеттер осы топтарға бөлінеді Қабылдаушы ел, Швеция, Канада,
Нидерланд, АҚШ болып табылады. Нидерландыда жыл сайын шамамен 2700 бала
асыранып алынады. 1975 жылдың ішінде ғана АҚШ азаматтарымен 5633 шетелдік
балалар асыранып алынды [22, 27 б.].
Жіберуші ел (Корея, Африка және Латын Америка елдері, Тайланд,
Үндістан) халқының өмір сүру деңгейінің төмендігімен сипатталады.
Нәтижесінде жыл сайын мыңдаған жетім балалар туылған мемлекеттерін тастап
отырады. Осы терминдердің қолданылуы қазіргі уақытқа дейін өз маңыздылығын
жоғалтқан емес. Мысалы, Халықаралық бала (қыз баланы) асырап алуға қатысты
балаларды қорғау мен ынтымақтастығы туралы 1993 жылғы Гаага Конвенциясының
2 бабында, халықаралық бала (қыз баланы) асырап алу саласында барлық
мемлекеттер екі топқа бөлінеді: қабылдаушы мемлекеттер және бала дүниеге
келген мемлекет.
1974 жылы Тринидадта Балалықты қорғау конференциясы өткен. Бұл
конференцияда ISS (Швецияның халықаралық әлеуметтік көмегі) венесуэлдық
аймақтық бөлімінің директоры, өзінің баяндамасында қатысушы мемлекеттердің
назарын, сол мемлекеттің азаматы болып табылатын мемлекетте жетім балаларды
орналастыруға аударды, ал халықаралық бала асырап алуға, ұлттық бала (қыз
баланы) асырап алуды жүзеге асыра алмайтыны туралы дәлел келтірген жағдайда
ғана жүгіну қажет. Сонымен қатар, халықаралық бала (қыз баланы) асырап
алуға қатысы бар әрбір мемлекетте бала (қыз баланы) асырап алудың құзырлы
органдарын құруға ұсынды.
Осы ұсыныстар, Бала құқықтары туралы, 1993 жылғы Гаага
Конвенцияларында, бірқатар мемлекеттің үкіметімен қабылданған. Мысалы,
1977 жылы Тайландта, мемлекеттің халықаралық бала (қыз баланы) асырап алуын
бақылауды жүзеге асыру үшін, бала асырап алудың Атқарушы Комитетін құрды.
Корея осы шараларды қолданып, нәтижесінде 1977-1981 жылдар аралығында
жетім балаларды шетел азаматтарына беру 20 % қысқарды.
80-ші жылдары халықаралық бала (қыз баланы) асырап алудың екінші
сатысы аяқталды. Бұл саты, мемлекеттердің бала (қыз баланы) асырап алудың
кедергілерін жою мен жеңілдету мақсатында, халықаралық бала (қыз баланы)
асырап алудан туындайтын қатынастарды реттейтін заңнамаларды
унификациялаумен ерекшеленді.
Шетел балаларын асырап алудың үшінші сатысы, 60 – шы жылдардың
ортасынан бастау алады. Бала (қыз баланы) асырап алудың арнайы агенттіктері
колониялық тәуелділікте болған мемлекеттерге ене бастады. Бұл мемлекеттер
бір-бірінен тілімен, мәдениетімен, салт-дәстүрлерімен ерекшеленгенімен,
оларды екі ортақ нәрсе біріктірген: баланың дүниеге келудің жоғарлығы мен
өмір сүру деңгейінің төмендігі. Сонымен қатар, үшінші саты, халықаралық
бала (қыз баланы) асырап алу заңнамаларының қалыптасуы, шетелдермен бала
асырап алуға қатысты баланың мүдделерін қамтамасыз ету кепілімен,
халықаралық бала (қыз баланы) асырап алуды қатал қадағалаумен сипатталады.
Құқықтық базаның жетілмеуінен, асырап алушылардың құқықтарын асыра
пайдаланудың көптігінен сонымен қатар, бала (қыз баланы) асырап алуға көмек
көрсеткен жеке делдалдардың, агенстволардың басшылық етуі бала (қыз баланы)
асырап алуды қатал қадағалауға әкеліп соқты.
Олар жетім баланың
жағдайын емес, бала (қыз баланы) асырап алудан түскен пайдасын ғана
ойлаған. Осындай қызметтің нәтижесінде ерлі-зайыптылармен шетел
рыногынан (Румыниядан, Қытайдан, Парагвайдан) балаларды сатып алу
фактісі орын алған [22, 227 б.].
Осы сатыда баланың құқықтары мен мүдделерін соның ішінде жетім
балалардың стандарттарын бекітетін маңызды халықаралық төрт құжат
қабылданды.
Ең алдымен 1989 жылы Бала құқықтары туралы БҰҰ-ның Бас
Ассамблеясымен қабылданған Конвенциясын жатқызу қажет. Бұл Конвенция,
балалар жасының осалдығын ескере отыра, Конвенцияны ратификациялаған
мемлекеттердің жағынан балалық құқығын ерекше қорғауға шақырады.

1993 жылғы Гаага Конвенциясы, халықаралық бала (қыз баланы) асырап
алуға мүдделі мемлекеттерге бірегей стандарттарын бекітеді. Мемлекеттерді,
бала (қыз баланы) асырап алу баланың мүддесімен жүзеге асырылуын қамтамасыз
ететін, балаларды ұрлау, сату-сатып алуды және басқа да зұлымдықтарды
болдырмайтын шараларды қабылдау міндеті жүктелетін Орталықтанған Органдарды
құруға шақырады. Демек, 1993 жылғы Гаага Конвенциясы халықаралық бала (қыз
баланы) асырап алу кезінде баланың мүддесін басты басшылыққа алады сонымен
қатар, Баланың құқықтары туралы Конвенциясы да халықаралық бала (қыз
баланы) асырап алудың қызметінен ақталмаған қаржылық және өзге де пайда
табуды ешбір жағдайда жібермеуіне назарын аудартады.
1996 жылы Гонконгта ICSW-дің (Шведтің ұлттық комитетінің) 27-і
Бүкіләлемдік Конгрессінде асырап алушы жанұяның ұлттық және халықаралық
бала (қыз баланы) асырап алу және қамқорлығының тәжірибесі үшін
Директивалары қабылданды. Осы Директивалардың дайындығы кезінде әлемнің 30
елінен 200-ден астам тәжірибелік жұмысшылар, сарапшылар және мемлекеттік
қызметтің қызметшілері қатысқан. Директивалар, халықаралық бала (қыз бала)
асырап алумен айналысатын биліктің орталықтанған, өзге де құзырлы
органдардың (ұйымдардың) қызметшілерінің жұмысын жетілдіруге бағытталған.

Дерективалардың жобасын жасаушылар, бұдан бұрын, халықаралық бала (қыз
баланы) асырап алушылардан шығатын қатынастарды реттейтін нормативтік
құқықтық актілерде болмаған, баланың биологиялық ата-аналарына көп көңіл
бөлгенін атап өткен жөн. Жетім баланың биологиялық ата-аналары келесідей
құқықтарға ие: 1) баланы (қыз баланы) асырап алу үшін, өз баласынан бас
тартқаннан кейін көмек көрсетудің қызметіне, консультацияға құқылы [23, 1.3
т.]; 2) биологиялық ата-аналардың баланы тәрбиелеу туралы өз ұсыныстарын
білдіруге құқылы [23, 1.7 т.]; 3) баланың немесе ата-аналарының бастамасы
бойынша биологиялық ата-аналардың болашақта баламен бірге болуға құқылы.
Биологиялық ата-аналар, аталып өткен құқықтарын, бала (қыз бала) асырап
алуды ашық қолданылатын елде ғана иеленеді.
Асыранып алынған баланың (қыз баланың) бірқатар жаңа құқықтары
Директиваларда бекітілген. Ең алдымен, бала (қыз баланы) асырап алуға
сәйкес дайындық құқығы: а) оларға бала (қыз баланы) асырап алудың не екенін
сезіну үшін консультациялық көмек пен тірек көрсету; б) бала (қыз баланы)
асырап алушы кандидаттармен және олардың өмір сүру дағдысымен хат,
фотосурет, видео арқылы танысу; в) бала (қыз бала) асырап алушылар
кандидаттарымен жеке танысу [23, 2.5 т.].
Асырап алушы баланың өзіндік ерекше және жаңа құқығы болып, өмір
кітабы табылады. Соған сәйкес, бала осы кітапқа немесе өмір тарихына
құқылы. Өмір кітабында баланың өмірге келуі немесе асыранып алынған бала
туралы өзге де ақпараты сипатталады [ 24].
Асыранып алынған баланың өзін-өзі анықтау құқығы Бала құқығы туралы
Конвенциядан көрі Директиваларда өзгеше анықталған. Егер Конвенцияның 7
бабының 1 тармағына сай, бала өзінің ата-анасы жайында тек мүмкін болған
жағдайда ғана білуге құқылы болса, ал Директивалардың 2.11 тармағында
құзырлы органдар мен мекемелер бұл құқықтың орындалуын қамтамасыз ету және
баланың шығу тегін анықтауға қатысқан барлық жақтарға әлеуметтік-
психологиялық көмек көрсету бекітілген.
Демек, жоғарыда аталып өткен асыранып алушы бала мен оның биологиялық
ата-аналары иеленген құқықтарын ескере отырып, халықаралық бала (қыз
баланы) асырап алу дамуының осы сатысында, халықаралық бала (қыз баланы)
асырап алушылар субъектілерінің арасында туындайтын қатынасқа өзгеше
тәсілінің болуымен сипатталады. Егер алдыңғы сатыларында заң шығарушы
асырап алушы баланы биологиялық ата-аналармен тікелей қатынасынан
арашаласа, ХХІ ғасырда өзгеше қарқын көрініс тапқан. Заң шығарушы,
халықаралық бала (қыз баланы) асырап алудан туындайтын құқықтық қатынасына
қатысушыларын атап көрсетті, яғни, биологиялық ата –аналар, асырап алушы
бала, бала (қыз баланы) асырап алушы.
Осындай тәсілді АҚШ қолданып отыр. Соңғы жиырма жыл бойы асырап алушы
бала мен биологиялық ата-аналары арасындағы байланысын орнату, олармен бала
(қыз баланы) асырап алушыларға баланы тәрбиелеу жөнінде көмек көрсету
тәжірибелерін қолданып келеді. Осындай жағдай Англияда да қолданылады.
Беларусияда халықаралық бала (қыз баланы) асырап алу институты,
Тайландттың және Кореяның нұсқаларымен жүзеге асырылып отырған. Асырап
алушы балаларды шетелдік отбасына орналастыру кезінде құқық бұзушылық орын
тапқаннан кейін (мысалы, Швецияда орын тапқан жанжал, асырап алушылармен
төрт жасар Беларусия Республикасының азаматшасын ұрып-соққаны туралы
фактісі анықталған), 1997 жылы Беларусияда халықаралық бала (қыз баланы)
асырап алуға уақытша мараторий жарияланды. Сол жылы, Беларусия
Республикасының білім Министрлігінің тікелей қарауына жататын, халықаралық
бала (қыз баланы) асырап алуға қатысатын органдардың (ұйымның) қызметін
реттеп отыратын, бала (қыз баланы) асырап алудың Ұлттық орталығы құрылған.
Сонымен қатар, 1997 жылы 20 тамызда (№ 429) Белорус Республикасының
Президентімен, 1993 жылғы Халықаралық бала (қыз баланы) асырап алуға
қатысты баланы қорғау мен ынтымақтастығы туралы Конвенциясын қабылдау
туралы Жарлығы қабылданды. Халықаралық құқықпен анықталған баланың
мүддесіне қатысты негізгі құқықтарды сақтау, халықаралық бала (қыз баланы)
асырап алуды жүзеге асырудың кепілі, оның мақсаты, болып табылады. 1999
жылы 1 қыркүйекте, Белорусь Республикасында Неке және отбасы туралы
Кодексі күшіне енді.Кодекс, бала (қыз баланы) асырап алуға қатысты баланың
құқықтарын қамтамасыз етуді күшейту ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасында шетелдіктердің бала асырап алуының кейбір мәселелері
Халықаралық бала асырап алуды құқықтық реттеу
Шетелдік элементтермен отбасылық қарым-қатынас түсінігі
Халықаралық азаматтық іс жүргізу: түсінігі мен негізгі институттар
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЕКЕ ҚҰҚЫҚТАҒЫ НЕКЕ ЖӘНЕ ОТБАСЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ТҮСІНІГІ
Баланы асырап алуға таңдау кезінде асырап алушы
Бала асырап алудың құқықтық сипаты
Отбасы құқығы ұғымы
Неке - отбасы қатынастарын құқықтық реттеу
Шетел азаматтарының бала асырап алуды құқықтық реттеу
Пәндер