Азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасы
Кіріспе
1. Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамның қалыптасуы мен дамуы
2. Азаматтық қоғам ұғымы, оның құрылымы мен функциялары
3. Тұжырымдаманың мақсаты мен міндеттері
4. Қазақстан Республикасындағы азаматтық қоғамның перспективалық көрінісі
5. Азаматтық қоғамды дамытудың негізгі принциптері мен құқықтық негіздері
6. Тұжырымдаманы іске асыру жолдары мен тетіктері
6. 1 Азаматтық қоғам институттары қызметінің құқықтық негізін жетілдіру
6.2. Мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының ынтымақтастық құралдарын нығайту
6.3. Халықтың жоғары саяси, құқықтық және азаматтық мәдениеті үшін жағдайлар жасау
6.4. Еңбек қатынастарын жетілдіру
6.5. Әлеуметтік саясатты жаңғырту
6.6. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру
6.7. Қазақстан Республикасында азаматтық қоғам институттарын дамыту
6.8. Азаматтық қоғам институттарының халықаралық
ынтымақтастығын дамыту
7. Тұжырымдаманы іске асыру мерзімі мен кезеңдері
Қорытынды

Адами әлеуетті, азаматтардың іскерлігін жандандыру, азаматтық қоғамды одан әрі қалыптастыру негізінде ғана Қазақстанды өмір сүру сапасының стандарттары жоғары, қазіргі заманғы, серпінді мемлекет ретінде дамытуға болады.
Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың 2006 – 2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама) Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы ел халқына Жолдауында белгіленген Демократиялық реформалардың жалпыұлттық бағдарламасына және Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясына сәйкес әзірленді.
Бұл Тұжырымдамада қазіргі кезеңде Қазақстанда азаматтық қоғамды дамытудың негізгі үрдістері талданады, сондай-ақ азаматтық қоғамды дамытудың алдағы жылдарға арналған жолдары мен нақты тетіктері баяндалған.
Тұжырымдама азаматтық қоғам институттарын дамытудың негізгі бағыттары мен азаматтық бастамаларды іске асыру мүмкіндіктерін айқындайды. Ол азаматтық институттардың жұмыс істеуі үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған мақсатты бағдарламалар, заңнамалық және басқа нормативтік құқықтық актілер әзірлеу үшін негіз болады.

1980 жылдардың аяғы мен 1990 жылдардың басында басталған экономикалық, әлеуметтік және саяси салалардағы түбегейлі реформалар түрлі әлеуметтік топтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін қоғамдық бірлестіктердің құрылуын ынталандырды.
Қазақстанда алғашқылардың бірі болып экономиканың мемлекеттік емес секторы қызметкерлерінің мүдделерін білдірген тәуелсіз кәсіподақтар пайда бола бастады. Бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық және діни бірлестіктер, саяси партиялар белсенді түрде институцияланды. «Невада – Семей» қоғамдық қозғалысы азаматтық сана-сезімнің анағұрлым жарқын көрінісі болды, ол өз алдына ядролық полигондарды жабу міндетін қойды.
Елдегі азаматтық қоғам мен оның институттарын белгілі бір дәрежеде дамытуға мемлекеттің осы процесс үшін тиісті саяси, құқықтық және өзге де жағдайлар жасау жөніндегі қызметі жәрдем етеді.
1991 жылғы 27 маусымда «Қазақ ССР-індегі қоғамдық бірлестіктер туралы» Қазақ ССР-інің Заңы қабылданды.
Нәтижесінде елде «Қазақстанның халық конгресі», «Алаш» партиялары, Қазақстанның социал-демократиялық партиясы (ҚСДП), Қазақстанның социалистік партиясы, Қазақстанның республикалық партиясы, «Лад» республикалық славян қозғалысы және «Азат» Қазақстанның азаматтық қозғалысы, «Мемориал» қоғамдық-ағарту қоғамының филиалы, Алматы-Хельсин тобы, «Бірлік» қозғалысы, «Әділет» тарихи-ағарту қоғамы, «Поколение» зейнеткерлер қозғалысы және басқалары пайда болды.
1990 жылдардың басында Әлеуметтік қорғау коалициясы құрылды, оның аясына қоғамдық өткір проблемаларды талқылау, оларды шоғырланған негізде шешудің тетіктерін іздестіру жолымен еңсеру жөнінде бірлескен жұмыс үшін 28 түрлі ұйымдар, партиялар, қозғалыстар бірікті.
1994 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті әлеуметтік-экономикалық және еңбек қатынастары саласындағы әлеуметтік серіктестік жөнінде республикалық үшжақты комиссия құру туралы қаулыға қол қойды, бұл сындарлы үшжақты қатынастарды дамытуға және әлеуметтік серіктестік жүйесін құрудың бастауы болды.
Партиялар мен қозғалыстардың құрылуы мен жұмыс істеуі және, тиісінше, елдің партиялық жүйесінің одан әрі дамуы үшін құқықтық өріс құруға 1995 жылы Қазақстан Республикасының Конституциясы мен 1996 жылы Қазақстан Республикасының «Қоғамдық бірлестіктер туралы» және «Саяси партиялар туралы» заңдарының қабылдануы ықпал етті. Бұдан басқа, Қазақстан халықтары Ассамблеясына біріккен ұлттық мәдени орталықтар белсенді дами бастады. Этносаралық келісім елде реформалар жүргізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін іргетасқа айналды.
1990 жылдың аяғы азаматтық институттар қызметінің кәсібиленуімен ерекшеленді, мұның өзі олардың қоғамдық проблемалардың, қажеттіліктер мен мұқтаждықтардың түрлі ауқымын шешу жөніндегі жұмысының тиімділігін көтеруге мүмкіндік берді.
Бұқаралық ақпарат құралдарының, (бұдан әрі - БАҚ) баспа кәсіпорындарының мемлекет иелігінен шығу, сондай ақ БАҚ-тың мемлекеттік қаржыландыру мен дотациялау жүйесінен мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізуге арналған мемлекеттік тапсырысқа көшу процесіне байланысты масс-медиа нарығында сапалық өзгерістер болды.
1998 жылғы 7 қазанда ел Парламентінің Қазақстан Республикасының Конституциясына елдің сайлау жүйесіне партиялық тізімдер бойынша сайлау енгізуді көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізуі партиялық құрылыс процестерін жеделдетті. Сөйтіп, 1998 жылғы желтоқсаннан бастап 1999 жылғы тамызды қоса алғанда, Қазақстанның азаматтық партиясы (ҚАП), Қазақстанның Республикалық халықтық партиясы (ҚРХП), «Азамат» демократиялық партиясы, Қазақстанның аграрлық партиясы (ҚАП), «Отан» республикалық саяси партиясы, Қазақстан әйелдерінің демократиялық партиясы, «Руханият» партиясы, «Алаш» Қазақстанның ұлттық партиясы құрылды. Парламентте партиялық фракциялар пайда болды.
1999 жылы іс жүзінде барлық өңірлерде «ҮЕҰ ақпарат орталықтары» ашылды, олардың басты міндеті өңірлік үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау, оларға консультативтік көмек, ақпараттық және әдістемелік қолдау көрсету болды.

6.2. Мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының
ынтымақтастық құралдарын нығайту
6.3. Халықтың жоғары саяси, құқықтық және азаматтық мәдениеті үшін
жағдайлар жасау
6.4. Еңбек қатынастарын жетілдіру
6.5. Әлеуметтік саясатты жаңғырту
6.6. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру
6.7. Қазақстан Республикасында азаматтық қоғам институттарын дамыту
6.8. Азаматтық қоғам институттарының халықаралық
ынтымақтастығын дамыту
7. Тұжырымдаманы іске асыру мерзімі мен кезеңдері
Қорытынды
Кіріспе
Адами әлеуетті, азаматтардың іскерлігін жандандыру, азаматтық қоғамды одан
әрі қалыптастыру негізінде ғана Қазақстанды өмір сүру сапасының
стандарттары жоғары, қазіргі заманғы, серпінді мемлекет ретінде дамытуға
болады.
Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың 2006 – 2011 жылдарға
арналған тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама) Қазақстан Республикасы
Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы ел халқына Жолдауында белгіленген
Демократиялық реформалардың жалпыұлттық бағдарламасына және Қазақстанның
әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясына
сәйкес әзірленді.
Бұл Тұжырымдамада қазіргі кезеңде Қазақстанда азаматтық қоғамды дамытудың
негізгі үрдістері талданады, сондай-ақ азаматтық қоғамды дамытудың алдағы
жылдарға арналған жолдары мен нақты тетіктері баяндалған.
Тұжырымдама азаматтық қоғам институттарын дамытудың негізгі бағыттары мен
азаматтық бастамаларды іске асыру мүмкіндіктерін айқындайды. Ол азаматтық
институттардың жұмыс істеуі үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған
мақсатты бағдарламалар, заңнамалық және басқа нормативтік құқықтық актілер
әзірлеу үшін негіз болады.

1980 жылдардың аяғы мен 1990 жылдардың басында басталған экономикалық,
әлеуметтік және саяси салалардағы түбегейлі реформалар түрлі әлеуметтік
топтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін қоғамдық бірлестіктердің
құрылуын ынталандырды.
Қазақстанда алғашқылардың бірі болып экономиканың мемлекеттік емес секторы
қызметкерлерінің мүдделерін білдірген тәуелсіз кәсіподақтар пайда бола
бастады. Бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық және діни бірлестіктер,
саяси партиялар белсенді түрде институцияланды. Невада – Семей қоғамдық
қозғалысы азаматтық сана-сезімнің анағұрлым жарқын көрінісі болды, ол өз
алдына ядролық полигондарды жабу міндетін қойды.
Елдегі азаматтық қоғам мен оның институттарын белгілі бір дәрежеде
дамытуға мемлекеттің осы процесс үшін тиісті саяси, құқықтық және өзге де
жағдайлар жасау жөніндегі қызметі жәрдем етеді.
1991 жылғы 27 маусымда Қазақ ССР-індегі қоғамдық бірлестіктер туралы
Қазақ ССР-інің Заңы қабылданды.
Нәтижесінде елде Қазақстанның халық конгресі, Алаш партиялары,
Қазақстанның социал-демократиялық партиясы (ҚСДП), Қазақстанның
социалистік партиясы, Қазақстанның республикалық партиясы, Лад
республикалық славян қозғалысы және Азат Қазақстанның азаматтық
қозғалысы, Мемориал қоғамдық-ағарту қоғамының филиалы, Алматы-Хельсин
тобы, Бірлік қозғалысы, Әділет тарихи-ағарту қоғамы, Поколение
зейнеткерлер қозғалысы және басқалары пайда болды.
1990 жылдардың басында Әлеуметтік қорғау коалициясы құрылды, оның аясына
қоғамдық өткір проблемаларды талқылау, оларды шоғырланған негізде шешудің
тетіктерін іздестіру жолымен еңсеру жөнінде бірлескен жұмыс үшін 28 түрлі
ұйымдар, партиялар, қозғалыстар бірікті.
1994 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті
әлеуметтік-экономикалық және еңбек қатынастары саласындағы әлеуметтік
серіктестік жөнінде республикалық үшжақты комиссия құру туралы қаулыға қол
қойды, бұл сындарлы үшжақты қатынастарды дамытуға және әлеуметтік
серіктестік жүйесін құрудың бастауы болды.
Партиялар мен қозғалыстардың құрылуы мен жұмыс істеуі және, тиісінше,
елдің партиялық жүйесінің одан әрі дамуы үшін құқықтық өріс құруға 1995
жылы Қазақстан Республикасының Конституциясы мен 1996 жылы Қазақстан
Республикасының Қоғамдық бірлестіктер туралы және Саяси партиялар
туралы заңдарының қабылдануы ықпал етті. Бұдан басқа, Қазақстан халықтары
Ассамблеясына біріккен ұлттық мәдени орталықтар белсенді дами бастады.
Этносаралық келісім елде реформалар жүргізуді қамтамасыз етуге мүмкіндік
беретін іргетасқа айналды.
1990 жылдың аяғы азаматтық институттар қызметінің кәсібиленуімен
ерекшеленді, мұның өзі олардың қоғамдық проблемалардың, қажеттіліктер мен
мұқтаждықтардың түрлі ауқымын шешу жөніндегі жұмысының тиімділігін
көтеруге мүмкіндік берді.
Бұқаралық ақпарат құралдарының, (бұдан әрі - БАҚ) баспа кәсіпорындарының
мемлекет иелігінен шығу, сондай ақ БАҚ-тың мемлекеттік қаржыландыру мен
дотациялау жүйесінен мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізуге арналған
мемлекеттік тапсырысқа көшу процесіне байланысты масс-медиа нарығында
сапалық өзгерістер болды.
1998 жылғы 7 қазанда ел Парламентінің Қазақстан Республикасының
Конституциясына елдің сайлау жүйесіне партиялық тізімдер бойынша сайлау
енгізуді көздейтін өзгерістер мен толықтырулар енгізуі партиялық құрылыс
процестерін жеделдетті. Сөйтіп, 1998 жылғы желтоқсаннан бастап 1999 жылғы
тамызды қоса алғанда, Қазақстанның азаматтық партиясы (ҚАП), Қазақстанның
Республикалық халықтық партиясы (ҚРХП), Азамат демократиялық партиясы,
Қазақстанның аграрлық партиясы (ҚАП), Отан республикалық саяси партиясы,
Қазақстан әйелдерінің демократиялық партиясы, Руханият партиясы, Алаш
Қазақстанның ұлттық партиясы құрылды. Парламентте партиялық фракциялар
пайда болды.
1999 жылы іс жүзінде барлық өңірлерде ҮЕҰ ақпарат орталықтары ашылды,
олардың басты міндеті өңірлік үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл
жасау, оларға консультативтік көмек, ақпараттық және әдістемелік қолдау
көрсету болды.
2000 жылғы қазанда Қазақстан Республикасы Президентінің Еркін де еңселі
әрі қауіпсіз қоғамға атты Қазақстан халқына Жолдауында халықтың түрлі
топтарының мүдделерін іске асырудағы рөлі күннен-күнге артып келе жатқан
үкіметтік емес ұйымдарды дамыту үшін жағдайлар жасау жөнінде Үкіметке
алғашқы тапсырмалар берілді.
2000 жылы мемлекеттік билік органдарымен (бұдан әрі – билік) өзара
іс-қимыл тетіктерін жасау үшін ҮЕҰ күш-жігерін шоғырландыратын
Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдарының конфедерациясы құрылды.
2000 жылғы желтоқсанда қабылданған Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік
әріптестік туралы Қазақстан Республикасының Заңы атқарушы билік
органдарының өкілдері, жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің бірлестіктері
арасындағы мүдделердің келісілуін қамтамасыз етуді мемлекеттік саясат
дәрежесіне көтерді.
2002 жылғы шілдеде қабылданған және күшіне енген Саяси партиялар туралы
Қазақстан Республикасының Заңы елдің партиялық жүйесіндегі одан арғы
сапалық құрылымдық өзгерістерге алып келді.
2001 жылы Коммерциялық емес ұйымдар туралы Қазақстан Республикасының
Заңы, 2002 жылы – Үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдау
тұжырымдамасы қабылданды.
2003 жылы ел Үкіметі үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қолдаудың 2003 –
2005 жылдарға арналған бағдарламасын бекітті, соған сәйкес облыстық
(қалалық) бағдарламалар әзірленді.
Сол жылдың өзінде ақ Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің бірінші
съезі өткізіліп, оған көптеген көрнекті дін қайраткерлері, әртүрлі
конфессиялардың өкілдері қатысты, Бейбітшілік пен келісімге декларациясы
қабылданып, Бейбітшілік пен тұрақтылық форумы құрылды.
2003 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың
қатысуымен бірінші Азаматтық форум өткізілді. Ол үкіметтік емес сектордың
саяси танылуын белгіледі және азаматтық қоғам институттары мен мемлекеттік
органдардың өзара іс-қимылының жүйелі тетіктері қалыптасуының бастауы
болды. 2005 жылы екінші Азаматтық форум өткізілді, ол елдің қоғамдық
өміріне қатысуға бизнес-қауымдастықтардың тартылуына ықпал етті.
Орталық және жергілікті деңгейлерде билік – қоғам серіктестігінің ұзақ
мерзімді тұрақты тетіктерін және түрлі үндесу алаңқайларын құру жөніндегі
жұмыс белсенді жүргізіле бастады. Қорытындысында, 2005 жылғы сәуірде
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы Қазақстан Республикасының Заңы
қабылданып, ол билік органдары мен ҮЕҰ-ның өзара қатынастарының принциптік
жаңа жүйесінің құрылуына мүмкіндік берді.
2003 – 2005 жылдары бірін бірі алмастыра отырып, азаматтық қоғамды одан
әрі демократияландыру және дамыту жөнінде ұсыныстар тұжырымдау жөніндегі
тұрақты жұмыс істейтін кеңес пен Қазақстан Республикасы Президентінің
жанындағы Демократия мен азаматтық қоғам мәселелері жөніндегі ұлттық
комиссия жұмыс істеді.
Екі құрылымның да жұмысы мемлекет пен азаматтық қоғам институттары
арасында Қазақстанның саяси дамуының аса маңызды мәселелері жөніндегі
жалпыұлттық үндесуді тереңдету және саяси жүйені жетілдіру мен елде
демократиялық қайта құруды жүргізуге бағытталған шараларды бірлесіп
тұжырымдау үшін жағдай жасауға мүмкіндік берді.
2006 жылғы наурызда Қазақстан Республикасында демократиялық реформалар
бағдарламасын әзірлеу және нақтылау жөніндегі мемлекеттік комиссия
құрылды, оның жұмысына саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктердің
өкілдері қатысады.
Барлық деңгейдегі әкімдердің халық алдында есеп беруінің шеңберінде елде
әкімдерге қоғамдық сенім комитеттері (бұдан әрі – ӘҚСК) сияқты азаматтық
бақылау нысаны дами бастағанын атап өтуге болады. ӘҚСК жұмысының
тәжірибесі мемлекеттік органдардың қызметін азаматтық қоғам институттары
бақылауының ықтимал өнімді модельдік тетігі ретінде зерделеуді талап
етеді.
Сөйтіп, өткен жылдары елде азаматтық қоғам институттары – саяси партиялар,
коммерциядық емес (үкіметтік емес) ұйымдар, кәсіподақтар, ұлттық-мәдени
бірлестіктер, мемлекеттік емес БАҚ және тұтастай алғанда мемлекеттік емес
секторды білдіретін басқа да институттар қалыптасып, қазіргі уақытта
мейілінше тез дами бастады. Бүгінгі күні Қазақстанда 12 саяси партия,
түрлі бағыттағы 5820 ҮЕҰ, 3340 қоғамдық қор, 1072 заңды тұлғалар
қауымдастығы, 471 ұлттық-мәдени бірлестік, 40-тан астам конфессиялар мен
деноминацияларды білдіретін 3340 діни бірлестік, түрлі меншік нысанындағы
6646 БАҚ ресми тіркеліп, жұмыс істеуде. Осы және басқа да азаматтық қоғам
институттары елді одан әрі демократияландырудың маңызды ресурсына айналды.
Сонымен бірге, қоғамда азаматтық қоғамның одан әрі өсуіне ғана емес, елді
әлемдік жаһандану процесіне барған сайын тартып бара жатқан қыр
көрсетулерге де байланысты бірқатар проблемалық мәселелер көрініс бере
бастады. Олар тұтастай алғанда елдегі азаматтық қоғамды одан әрі үйлесімді
дамытуды тежейді, оның әр бөлігі үшін сипаттамалық ерекшеліктері бар және
өз шешімін талап етеді.
Мысалы, коммерциялық емес ұйымдардың (бұдан әрі – КЕҰ) мемлекеттік
органдармен тең құқылы азаматтық әріптестігі мәселелері шешімін тапқан
жоқ. Конкурстық рәсімдердің ашықтығын арттыру және бағдарламалар мен
жобалардың қазіргі кезеңінде қажеттіліктерді айқындауда КЕҰ-ның қатысуы
үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру тетігі жетілдіруді талап
етеді. Өңірлердегі, әсіресе ауылдық жерлердегі КЕҰ әркелкі дамуда. Тіркеу
тәртібі күрделенген және рұқсат беру сипатына ие, тіркеу алымының мөлшері
ұлғайтылған, азаматтардың заңды тұлға болып құрылмаған бейресми
бірлестіктерінің мәртебесі туралы мәселе реттелмеген. Бизнес-құрылымдар
КЕҰ-дың әлеуметтік маңызды бастамаларын қаржылық қолдауға нашар қатысуда.
Әлеуметтік қажеттілікке қарамастан, елдегі партиялық құрылыс баяу
қарқынмен жүруде, партиялардың ролі мен өкілеттігі шектеулі. Партиялардың
көпшілігінде қажетті қаржылық және материалдық ресурстар, саяси
партияларды тіркеу үшін қол жинау мәселелері жөнінде нақты ережелер мен
регламент жоқ. Партияларды қайта ұйымдастыру, біріктіру және қосу
мәселелері заңнамалық реттеуді қажет етеді. Саяси партиялардың сайлау
комиссияларын құруға қатысу тетігі жетілдірілмеген.
Кәсіптік одақтар мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатын әзірлеу мен
іске асыруға толық көлемде қатыспайды. Ұжымдық шарттар мен келісімдер әлі
де болса еңбекшілердің құқықтарын қорғаудың пәрменді тетігіне айналған
жоқ.
Отандық БАҚ-тың бәсекеге қабілеттілігінің дамуы нормативтік-құқықтық және
экономикалық ынталандыру болмағандықтан тежеліп отыр. Көптеген БАҚ-тың
материалдық-техникалық базасы жеткіліксіз және қаржылық қаражаты шектеулі,
сондай-ақ мемлекеттік ақпараттық саясат бағдарламалары шеңберінде бюджет
қаражатына қол жеткізе алмайды. БАҚ аккредиттеу, мемлекеттік органдардан
ақпарат, өз хаттары мен өтініштеріне жауап алу кезінде қиыншылық көруде.
Журналистер мен БАҚ-тың құқықтық қорғалу деңгейінің төмендігі
Қазақстандағы сөз бостандығының шектелуіне әкеледі.

Азаматтық қоғам – онда болып жатқан процестер мен қатынастардың басты
әрекет етуші тұлғасы мен субъектісі ретінде өз қажеттіліктерінің,
мүдделері мен құндылықтарының барлық жүйесімен бірге адам болып табылатын
қоғам. Бұл ұғым сонымен қатар мемлекет пен оның органдарына тәуелсіз өмір
сүретін қоғамдық: саяси, экономикалық, мәдени, ұлттық, діни, отбасылық
және басқа қатынастардың барлық жиынтығын білдіреді, жеке мүдделердің
әралуандылығын көрсетеді.
Қоғам демократиялық дамудың белгілі бір сатысында ғана азаматтық болады
және елдің экономикалық, саяси дамуына, халықтың әл-ауқатының, мәдениеті
мен сана-сезімінің өсу шамасына қарай қалыптасады.
Елде азаматтық қоғамды қалыптастыру және демократияны дамыту өзара тығыз
байланысты: азаматтық қоғам неғұрлым дамыған болса, мемлекет соғұрлым
демократиялырақ болады.
Азаматтық қоғамды дамытудың алғышарттары меншіктің алуан түрлі нысаны
кезінде азаматтарда экономикалық дербестіктің пайда болуы мен адами жеке
тұлға мәртебесінің артуы болып табылады.
Құқықтық мемлекет және демократия азаматтық қоғамның саяси іргетасы
ретінде қызмет етеді, бұлар жеке тұлғаның барлық құқықтары мен
бостандықтарын қамтамасыз ету, қоғамда тұрақтылық, қауіпсіздік,
әділеттілік және ынтымақтастық жағдайын құру мақсатында оны дамыту үшін
қажет.
Азаматтық қоғамның экономикалық негізін, тең танылуы мен қорғалуының
заңнамалық кепілдіктерімен қамтамасыз етілген, меншік нысандарының
әралуандылығы мен дара меншік иелерінің егемендігі құрайды.
Азаматтық қоғам өмір сүруінің басты базалық шарттарының бірі тәуелсіз БАҚ
арқылы қамтамасыз етілетін жариялылық болып табылады.
Демократия жағдайында азаматтық қоғам институттары мен мемлекет ортақ
жүйеде әртүрлі, бірақ өзара тәуелді бөліктер ретінде жұмыс істейді. Билік
пен азаматтық қоғам арасындағы қатынастар көпшілік келісім негізінде
қалыптасады, ал өзара іс-қимыл ымыраға қол жеткізуге бағытталады.
Демократиялық мемлекеттің азаматтары дербес бостандық құқығын пайдаланады,
бірақ сонымен бір уақытта олар басқа мемлекеттік институттармен бірге
болашақты құру жауапкершілігін бөліседі.
Азаматтық қоғам демократиялық саяси жүйе жағдайында ғана билік пен
азаматтық қоғам арасындағы қатынастар көпшілік келісім негізінде
қалыптасатын ең жоғары даму деңгейіне жетеді. Азаматтық қоғамдағы
демократиялық рәсімдер билік қызметінің сапасын бұқаралық бағалау құқығына
және қоғам мүдделері үшін билікке ықпал ету тетіктеріне негізделеді.
Демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекеттің міндеті
жаратылысы жағынан әртүрлі азаматтар мен заңды тұлғалардың бірлестіктері
(партиялар, ҮЕҰ, БАҚ, одақтар, қауымдастықтар, бастамашылық топтары және
басқалары) адам мен мемлекет арасындағы байланысты жүзеге асыратын және
соңғысының билікті бір қолға алуына мүмкіндік бермейтін азаматтық қоғамды
жан-жақты дамыту үшін қажетті жағдай жасау болып табылады.
Азаматтық қоғамның міндеті – жеке адам мен мемлекет арасында делдал болу.
Азаматтық қоғамның мақсаты қоғамның әр мүшесінің мүдделерін қорғау, оның
мүдделерін билік пен қоғам алдында бейімдеу, билік қызметін қоғамдық
бақылау әрі оның ішкі және сыртқы саясатын қалыптастыру болып табылады.
Азаматтық қоғам институттарына саяси партиялар, жергілікті қоғамдастықтар,
кәсіптік одақтар, діни бірлестіктер, шығармашылық, қоғамдық және ғылыми
одақтар мен бірлестіктер, бұқаралық ақпарат құралдары, сондай-ақ қоғам
үшін түрлі қызмет пен қызмет қөрсетулердің кең ауқымын іске асыратын,
қызметтің алуан түрін жүзеге асыратын мемлекеттік емес қорлар,
коммерциялық емес мекемелер, заңды тұлғалар одақтары (қауымдастықтары),
қоғамдық пайдалы міндеттерді шешетін басқа да ұйымдар мен бастамашыл
топтар түрінде құрылған мемлекеттік емес ұйымдар жатады.
Саяси партия – мемлекеттік биліктің, жергілікті өзін-өзі басқарудың
өкілетті және атқарушы органдарында азаматтардың, түрлі әулеуметтік
топтардың мүдделерін білдіру және оларды қалыптастыруға қатысу мақсатында
олардың саяси ырқын білдіретін Қазақстан Республикасы азаматтарының ерікті
бірлестігі.
Кәсiптiк одақтар – азаматтардың өз кәсiптiк мүдделерiнiң ортақтығы
негiзiнде өз мүшелерiнiң еңбек ету, сондай-ақ басқа да
әлеуметтiк-экономикалық құқықтары мен мүдделерiн бiлдiру мен оларды
қорғау, еңбек жағдайларын жақсарту үшiн ерiктi түрде құратын дербес,
тiркелген жеке мүшелiгi бар қоғамдық бiрлестiктері.
Дiни бiрлестiктер – жергiлiктi дiни бiрлестiктер (қауымдастықтар), дiни
басқармалар (орталықтар), сондай-ақ дiни оқу орындары мен ғибадатханалар.
Бұқаралық ақпарат құралы – мерзiмдi баспасөз басылымы, радио- және
теледидар бағдарламасы, киноқұжаттама, дыбыс-бейне жазбасы және көпшілік
қол жеткізе алатын телекоммуникациялық желілердегі (интернет және
басқалары) WЕВ-сайттарды қоса алғанда, бұқаралық ақпаратты мерзiмдi немесе
үздiксiз жария таратудың басқа да нысаны.
Қоғамдық бiрлестiктер – саяси партиялар, кәсiптiк одақтар және
азаматтардың ортақ мақсаттарға қол жеткізуі үшiн ерiктi негiзде құрылған,
заңнамаға қайшы келмейтiн басқа да бiрлестiктерi. Қоғамдық бiрлестiктер
коммерциялық емес ұйымдар болып табылады.
Үкіметтік емес ұйым – ортақ мақсаттарға қол жеткізу үшін азаматтар және
(немесе) мемлекеттік емес заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес ерікті негізде құрған коммерциялық емес ұйым (саяси
партияларды, кәсіптік одақтарды және діни бірлестіктерді қоспағанда).
Ұлттық-мәдени бірлестік – өзін белгілі бір этникалық бірлікке жатқызатын,
өзінің этникалық ерекшелігін сақтау, тілін, білімін және мәдениетін дамыту
мәселелерін дербес шешу мақсатында азаматтардың өздері ерікті өзін-өзі
ұйымдастыруы негізіндегі бірлестігі.
Жергілікті өзін-өзі басқару – жергілікті маңызы бар мәселелерді тікелей
немесе жергілікті өзін-өзі басқарудың құрылатын органдары (институттары)
арқылы өздері дербес шешу мақсатында белгілі бір мекендер шегінде
тұрғылықты жері бойынша азаматтардың өзін-өзі ұйымдастыруының нысаны.
Азаматтық қоғам мынадай функцияларды жүзеге асырады:
азаматтық бастамаларды қолдау, дамыту және көтермелеу;
мүдделерді жақындастыру және белгілі бір мақсаттарға қол жеткізу негізінде
адамдарды одақтарға, бірлестіктерге ерікті түрде кіріктіру үшін жағдайлар
жасау жөніндегі жұмысқа қатысу;
азаматтардың жалпымемлекеттік және жергілікті проблемаларды шешуге
қатысуын қамтамасыз ету;
азаматтардың құқықтарын қорғауға жәрдем көрсету және халықтың түрлі
топтарының мүдделерін іске асыру;
қоғамда жалпы адами нормаларды, құндылықтар мен адамгершілік негіздерін
бекіту;
адамның тәуелсіз өмір сүруін қамтамасыз ететін еңбек өнімділігі үшін
жағдай жасауға қатысу;
әлеуметтік қызметтер көрсету;
биліктің, бизнестің және қоғамдық институттардың қатынастарын үйлестіруге
жәрдемдесу, қоғамдық келісім және әлеуметтік жанжалдарды азайту үшін
жағдайлар жасау, әлеуметтік және өзге де жанжалдарды сындарлы үндесу
жолымен шешу;
мемлекеттік шешімдер қабылдау процесінде ашықтық пен мөлдірлікке
жәрдемдесу;
әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі аса маңызды қоғамдық
функцияларды орындайтын кәсіподақтық ұйымдардың қызметін қолдау;
сөз бостандығын қолдау, БАҚ тәуелсіздігін нығайту және ақпараттық
кеңістіктің ашықтығын қамтамасыз ету.

Осы Тұжырымдаманың мақсаты адам құқықтары мен адами өлшем саласындағы
халықаралық шарттар мен пактілер шеңберіндегі халықаралық-құқықтық
құралдарға сәйкес азаматтық қоғам институттарын жан-жақты дамыту әрі
олардың мемлекетпен және бизнес-секторлармен тең құқылы серіктестігі үшін
заңнамалық, әлеуметтік-экономикалық және ұйымдастыру-әдістемелік базаны
одан әрі жетілдіру болып табылады.
Алға қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін күш-жігерді негізгі бес міндетке
шоғырландыру қажет:
адам, оның құқықтары мен бостандықтары басты құндылық болып табылатын
демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет құру;
үкіметтік емес ұйымдар, бизнес-сектор және мемлекет арасында үйлесімді,
тең құқылы әрі серіктестік қатынастар жүйесін құру;
ҮЕҰ жобаларына бизнес-сектордың қатысуы үшін экономикалық ынталандырулар
әзірлеу, қайырымдылық пен меценаттықты дамыту;
азаматтық қоғамның барлық институттарын дамыту үшін қолайлы құқықтық база
қалыптастыру;
өмір сүру сапасының жоғарғы стандарттарына қол жеткізу, еңбек қатынастарын
үйлестіру, халықтың бай және кедей жіктері кірістерінің арасындағы
айырмашылықты қысқарту.

Тұжырымданың мақсаты мен міндеттерін іске асыру:
адам құқықтары мен демократиялық бостандықтарды сақтауды;
азаматтық қоғам институттарын тұрақты дамыту үшін қолайлы жағдайлар
жасауды;
құқықтары мен бостандықтарын адамның қоғам алдындағы жауапкершілігімен
үйлестіруді;
қоғамның мемлекеттік билік қызметін тиімді бақылауын жүзеге асыруды. Билік
органдары мен азаматтық қоғам ұйымдары арасындағы серіктестік принциптері
негізінде ынтымақтастық мәдениетін қалыптастыруды;
әлеуметтік қамсыздандырудың тиімді жүйесін құруды;
қоғам мен билік мүдделерін келісімі жүйесін қалыптастыруды қамтамасыз
ететін азаматтық қоғам моделін өмірге енгізуді көздейді.
Қабылданған шаралар нәтижесінде елде демократиялық мемлекеттің басты
принципі – азаматтық қоғамның басты құндылығы ретінде адам құқықтарын
қамтамасыз ету жан-жақты іске асырылады.
Кәсіпкерлік, шағын және орта бизнес азаматтық қоғамның экономикалық
негізін, ал ортаңғы сынып оның әлеуметтік базасын құрайды.
Мемлекет және азаматтық қоғам институттары халықтың бай және кедей жіктері
кірістерінің арасындағы айырмашылықты қысқарту, адам мен азаматтың
құқықтарын қорғау арқылы қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықты
қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік билік басты басымдықтан - қоғамға қызмет етуден шыға отырып,
азаматтық қоғам институттарымен бірлесіп, сөз, діни ұстаным, жиылыстар
бостандығын, азаматтардың бірігуге, әділ сотқа, таза да ашық сайлауға
құқығын мүлтіксіз қамтамасыз ететін болады.
Мемлекет азаматтық қоғам институттарының мақсаттары бойынша әртүрлі
қызметін құру және дамыту үшін жағдайды заңнамалық түрде қамтамасыз етеді.
Кәсіби-бейінді негізде азаматтық қоғам институттарымен ынтымақтастық жасау
билік үшін міндетті шарт болады. Мемлекеттік бағдарламаларды,
республикалық және жергілікті бюджеттерді қалыптастыру жеке адам мен қоғам
қажеттіліктері негізінде және оларды ескере отырып жүргізіледі.
Елдегі еңбек қатынастары әлемдік стандарттар деңгейіне жетеді.
Экономикалық өсу қызметкерлердің еңбекақысын арттыруға ықпал етеді. Елде
мемлекеттің, жұмыс берушілер мен кәсіподақтардың әлеуметтік серіктестігі
еңбек және әлеуметтік-экономикалық салалардағы мүдделерді келісудің тиімді
тетігіне айналады.
Азаматтық қоғамның экономикалық құрамдас бөлігіндегі шағын және орта
бизнесінің үлесі айтарлықтай өседі.
Азаматтық қоғам институттары мемлекеттік органдардың тапсырысы бойынша
әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асырады, мониторинг жүргізіп, түрлі
әлеуметтік-экономикалық проблемалар бойынша қоғамдық пікірді зерделейді.
Қоғамдағы саяси партиялардың ролі нығаяды, бұған заңнаманы
демократияландыру, саяси партияларды мемлекеттік қолдауды ұлғайту,
Қазақстан Республикасының Парламентіндегі және мәслихаттардағы партиялық
фракциялардың рөлін күшейту ықпал ететін болады.
Мемлекет пен азаматтық қоғам институттары өмір сүру сапасының қазіргі
заманғы стандарттарына қол жеткізу және адам құқықтарын қорғауды
қамтамасыз ету мақсатында халыққа мемлекеттік қызмет көрсетулер сапасын
арттыруға ұмтылады.
Мүмкіндігі шектелулі адамдар әлеуметтік қорғаудың жаңғыртылған мемлекеттік
жүйесі мен тиісті заңнамалық база жасау негізінде өздерінің азаматтық
құқықтарын іске асыруы үшін жағдаймен қамтамасыз етіледі.
Мемлекет саяси ағартудың және тиімді келіссөздер жүргізу мен жанжалдардың
алдын алу мен оларды шешу дағдысына оқытудың ауқымды жүйесін құрады.
Сот практикасымен қатар қоғамдық, тұлғааралық жанжалдар мен дауларды
шешудің баламалы тәсілдері қолданылады, ұлттық менталитет пен тарихи
тәжірибені ескере отырып құрылған мүдделерді келісудің (үйлестірудің)
тұтас жүйесі әрекет етеді.
Бұқаралық ақпарат құралдары ел өмірін объектіивті бейнелейді және қоғамдық
мүдделер мен құндылықтарды қорғауға бағдарланады.

Азаматтық қоғамды одан әрі дамыту мынадай принциптерге негізделеді:
адам мен азаматтың іргелі құқықтары мен бостандықтарын сақтау;
эволюциялылық және кезеңділік;
қоғамдық өмір салаларында, ең алдымен экономикалық салада, әлемдік дамудың
жаһандық үрдістерін ескере отырып қайта құрулармен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz