Ауыл шаруашылығының дамуын мемлекеттік реттеудің теориялық-әдістемелік астары жайлы
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
Негізгі бөлім
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ДАМУЫН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ.ӘДІСТЕМЕЛІК АСТАРЫ.
1. Нарықтық экономика жағдайында аграрлық секторды мемлекеттік реттеудің қажеттілігі мен мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
2. Мемлекеттің аграрлық саясатын жүзеге асырудың механизмдері мен құралдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
3. Аграрлық саясатты жүзеге асырудың шетелдік тәжірибесі ... ... ... ... ... ... .20
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
Пайлаланған әдебиет тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29

Зерттеудің өзектілігі. Елбасының жыл сайын Қазақстан халқына ұсынылатын дәстүрлі Жолдауларында халықтың әл-ауқатын жақсарту, еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, экономика мен әлеуметтік саладағы және саяси өмірдегі жаңару процесстерін жеделдету бағыттары қамтылуда. Жаңа экономика дегеніміз терең білім мен ғылымға негізделіп дамыған экономика, ол тек өнім, тауар шығаратын экономика емес, білімге білім қосып, ғылыми жаңалықтарға қол жеткізген, ғылыми жаңалығы жаңа технология туғызып, тағы да солай дами беретін экономика. Ол бұрынғы экономикамен салыстырғанда экономикалық дамудың бірден-бір тиімді жолы. Қазіргі таңда дамыған елдердің ұлттық ішкі өнімінің 75-80%-ы осындай экономика негізінде жасылынады. Бүкіл әлемдегі өнімнің 2 триллион 300 млрд. доллардан астамы ғылыми негізде шығарылады екен.
Біздің еліміздегі 12-15 жыл ішінде болып жатқан жаңару мен өзгерістер айтарлықтай деңгейге жете қоймағаны рас. Дегенмен соңғы алты жыл ішінде (1999-2004 ж) Қазақстанның жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) 60%-ға жуық өсіп отыр. Осы тұрғыдан алғанда біз ТМД елдерінің алдындамыз, сондай-ақ Шығыс Еуропа елдерінің деңгейіне шықтық. Алдағы 2-3 жыл ішінде ЖІӨ екі есеге жуық көбейеді деп күтілуде. Академик К. Сағадиевтің сөзімен айтсақ, бір Қазақстан екі Қазақстан болады. Салыстыру үшін еске алайық, кезінде осындай күрделі экономикалық реформалар жүргізген Оңтүстік Шығыс Азия елдеріндегі ЖІӨ-нің екі есеге өсуіне 12-13 жыл керек болған, ал біз ондай нәтижеге 8-9 жыл ішінде жетейін деп отырмыз.
Алайда біз осы нәтижелерге оңайлықпен жеткеніміз жоқ. Аграрлық реформа өте көп қиыншылықтармен жүрді. Жіберілген әр бір кемшіліктерді жоюға орасан көп күш жұмсалды, олардың салдары әлі күнге дейін байқалуда.
Ендігі бағыт индустриялық – инновациялық даму стратегиясы және басқа да шешуші салаларды дамытудың ауқымды бағдарламалары негізінде кластерлік даму жүйесін қалыптастыру. Жалпы мемлекеттік деңгейде заман талабына сай келетін ой-сана қалыптастыра отырып, аграрлық реформаны тереңдете түсу, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының бәсекелестік қабілетін арттыру арқылы экономиканы тұрақтандыру.
Осыған байланысты есте ұстайтын бір мәселе – ауыл шаруашылығын дамытудың ертеден келе жатқан проблемаларының ешқайсысы да соңына дейін зерттелмеген, отандық экономикалық ғылым осы бағытта қаншама әрекет етседе даму басымдықтары әлі күнге дейін көп пікірталас тудырады. Бұл – кемшілік емес, ғылым жоғарылаған сайын зерттеу аясының кеңейе беретінінен туындайтын заңды құбылыс. Сондықтан да мемлекеттің аграрлық саясатын қалыптастыру, оны жүзеге асыру сияқты мәселелер ешқашанда өзінің өзектілігін жоймайды. Әсіресе, бүгінгідей жаңа экономика құруға бет алып отырған елімізде аграрлық саясаттың маңызы ерекше болуға тиіс деп ойлаймыз. Себебі, ауыл шаруашылығы сияқты нарық заңдылықтарына тез бейімделе қоймайтын саланы тез арада жаңаша өзгерту мемлекет тарапынан айырықша назарды талап етеді. Мемлекеттің аграрлық саясаты елдің тұтас әлеуметтік-экономикалық саясатының құрамдас бөлігі бола отырып, мемлекеттің маңызды стратегияларын, атап айтқанда, индустриялық-инновациялық стратегияны жүзеге асыруда да маңызды рөл атқарады.

1. Калиев Г.А., Сатыбалдин А.А., Турсунов С.Т. Казахстан: рынок в АПК. Изд. «Кайнар», 1994г.
2. Концептуальная программа развития агропромышленного комплекса Республики Казахстан на 1993-1995 годы и до 2000 года. Научно-издательскии центр «Бастау», 1994г.
3. Курцев И.В. Формирование многоукладного сельского хозяйства в АПК.: экономика, управление 1997, №9, стр. 44-53.
4. Калиев Г.А. Аграрные проблемы на рубеже веков. Алматы: РГП «НИИЭАПК и РСТ», 2003г.
5. Жұмаев Ж. Ауыл шаруашылығын дамытудағы басқару шешімдерінің ролі // Жаршы, 2003ж. №3.
6. Мұқашев А. Ауыл шаруашылығы өндірісінің экономикалық тиімділігін арттырудың ілімдік негіздемесі // Жаршы, 2003 жыл №6.
7. Бимендиева Л.А. Особенности аграрных преобразований в Республике Казахстан // Вестник КазГУ. Серия экономическая. Алматы: - 1998г. -№9.
8. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында. ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. Алматы, 2005.
9. Назарбаев Н.Ә. Ауыл шаруашылығын дамытудың жаңа кезеңі. Агроөнеркәсіп кешені қызметкерлерінің республикалық кеңесі // Егемен Қазақстан №20, 1.02.2005ж.
10. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан Республикасы халқына Жолдауы. Алматы, 2006ж.1-наурыз.
11. Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010 жылдарға арналған бағдарламасы // Егемен Қазақстан – 2003 жыл №4, 19 шілде.
12. ҚР 2003-2015 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық стратегиясы. Астана, 2002
13. Құбаев Қ.Е. Аграрлық сектор экономикасын мемлекеттік реттеу мәселелері / Алматы: экономика, 1997 жыл – 88бет.
14. Смағұлова Г.С. Агроөнеркәсіп өндірісіндегі реттеудің экономикалық механизмі – Алматы, 2002 жыл, 27бет.
15. Құралбаев А.Ш. Ауыл экономикасын реттеудің маңызы // КазЭУ хабаршысы – 2005ж. - №2. 229-231б.

Мазмұны
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
Негізгі бөлім
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ ДАМУЫН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК
АСТАРЫ.
1. Нарықтық экономика жағдайында аграрлық секторды мемлекеттік реттеудің
қажеттілігі мен
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 5
2. Мемлекеттің аграрлық саясатын жүзеге асырудың механизмдері мен
құралдары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...14
3. Аграрлық саясатты жүзеге асырудың шетелдік
тәжірибесі ... ... ... ... ... ... . 20
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...28
Пайлаланған әдебиет
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 29
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі. Елбасының жыл сайын Қазақстан халқына
ұсынылатын дәстүрлі Жолдауларында халықтың әл-ауқатын жақсарту, еліміздің
бәсекеге қабілеттілігін арттыру, экономика мен әлеуметтік саладағы және
саяси өмірдегі жаңару процесстерін жеделдету бағыттары қамтылуда. Жаңа
экономика дегеніміз терең білім мен ғылымға негізделіп дамыған экономика,
ол тек өнім, тауар шығаратын экономика емес, білімге білім қосып, ғылыми
жаңалықтарға қол жеткізген, ғылыми жаңалығы жаңа технология туғызып, тағы
да солай дами беретін экономика. Ол бұрынғы экономикамен салыстырғанда
экономикалық дамудың бірден-бір тиімді жолы. Қазіргі таңда дамыған елдердің
ұлттық ішкі өнімінің 75-80%-ы осындай экономика негізінде жасылынады. Бүкіл
әлемдегі өнімнің 2 триллион 300 млрд. доллардан астамы ғылыми негізде
шығарылады екен.
Біздің еліміздегі 12-15 жыл ішінде болып жатқан жаңару мен өзгерістер
айтарлықтай деңгейге жете қоймағаны рас. Дегенмен соңғы алты жыл ішінде
(1999-2004 ж) Қазақстанның жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) 60%-ға жуық өсіп отыр.
Осы тұрғыдан алғанда біз ТМД елдерінің алдындамыз, сондай-ақ Шығыс Еуропа
елдерінің деңгейіне шықтық. Алдағы 2-3 жыл ішінде ЖІӨ екі есеге жуық
көбейеді деп күтілуде. Академик К. Сағадиевтің сөзімен айтсақ, бір
Қазақстан екі Қазақстан болады. Салыстыру үшін еске алайық, кезінде осындай
күрделі экономикалық реформалар жүргізген Оңтүстік Шығыс Азия елдеріндегі
ЖІӨ-нің екі есеге өсуіне 12-13 жыл керек болған, ал біз ондай нәтижеге 8-9
жыл ішінде жетейін деп отырмыз.
Алайда біз осы нәтижелерге оңайлықпен жеткеніміз жоқ. Аграрлық реформа
өте көп қиыншылықтармен жүрді. Жіберілген әр бір кемшіліктерді жоюға орасан
көп күш жұмсалды, олардың салдары әлі күнге дейін байқалуда.
Ендігі бағыт индустриялық – инновациялық даму стратегиясы және басқа
да шешуші салаларды дамытудың ауқымды бағдарламалары негізінде кластерлік
даму жүйесін қалыптастыру. Жалпы мемлекеттік деңгейде заман талабына сай
келетін ой-сана қалыптастыра отырып, аграрлық реформаны тереңдете түсу,
ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының бәсекелестік қабілетін арттыру арқылы
экономиканы тұрақтандыру.
Осыған байланысты есте ұстайтын бір мәселе – ауыл шаруашылығын
дамытудың ертеден келе жатқан проблемаларының ешқайсысы да соңына дейін
зерттелмеген, отандық экономикалық ғылым осы бағытта қаншама әрекет етседе
даму басымдықтары әлі күнге дейін көп пікірталас тудырады. Бұл – кемшілік
емес, ғылым жоғарылаған сайын зерттеу аясының кеңейе беретінінен туындайтын
заңды құбылыс. Сондықтан да мемлекеттің аграрлық саясатын қалыптастыру, оны
жүзеге асыру сияқты мәселелер ешқашанда өзінің өзектілігін жоймайды.
Әсіресе, бүгінгідей жаңа экономика құруға бет алып отырған елімізде
аграрлық саясаттың маңызы ерекше болуға тиіс деп ойлаймыз. Себебі, ауыл
шаруашылығы сияқты нарық заңдылықтарына тез бейімделе қоймайтын саланы тез
арада жаңаша өзгерту мемлекет тарапынан айырықша назарды талап етеді.
Мемлекеттің аграрлық саясаты елдің тұтас әлеуметтік-экономикалық саясатының
құрамдас бөлігі бола отырып, мемлекеттің маңызды стратегияларын, атап
айтқанда, индустриялық-инновациялық стратегияны жүзеге асыруда да маңызды
рөл атқарады. Осыған байланысты біз өзіміздің зерттеу жұмысымызда
индустриялық-инновациялық стратегия аясында аграрлық секторда іске асырылып
жатқан шарлар кешенін де талдағанды жөн көрдік. Өйткені, ауыл
шаруашылығының бәсекеге қабілетті өнімдер өндіріп, қарқынды дамуы осы
стратегиямен байланысты. Сонымен қатар еліміздің бәсекеге барынша
қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясына сәйкес агралық саясаттың
рөлі арта түсері де сөзсіз. Осыған орай біздің зертеу тақырыбымыздың
өзектілігі ешбір күмән туғызбайды.
Агралық саясат мәселесіне шетелдік те, отандық та көптеген
оқымыстылар назар аударғаны белгілі. Атап айтсақ, В.Медведев, А.Руцкой,
Е.Строев, В.Фролов, К.Кубаев, О.Ескараев, Т.Есіркепов, В.Григорук,
Ж.Қорғасбаев, К.Сағадиев және т.б. Бұл авторлардың еңбектерінде аграрлық
сектор мәселесі жан-жақты қарастырылған. Ал, біз өз тарапымыздан өнімнің
бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы аграрлық секторды одан әрі дамыту,
ел межелеген елулік деңгейіне жету үшін аграрлық сектордың бәсекеге
қабілеттілігін арттыра түсу, осы мақсатта аграрлық саясатты оңтайлы ету
сияқты мәселелерді қарастырдық.
1. Нарықтық экономика жағдайында аграрлық секторды
мемлекеттік реттеудің қажеттілігі мен мәні
Ауыл шаруашылығы – адамзат тіршілігінің, кез келген қоғам
экономикасының, яғни барлық өндірістің негізі. Егер де өндірісті бір айға
емес тек бірнеше күнге ғана тоқтаған жағдайда қоғам өмір сүруін тоқтатқан
болар еді. Ендеше ауыл шаруашығы – материалдық өндірістің ерекше саласы.
Халықтың өмір сүру деңгейі мен дамуына байланысты. Кез келген мемлекеттің
дамуы - өркениетке қол жеткізуі оның өз халқын тамақтандыру қабілетімен
анықталады. Адамзаттың өмір сүруі үшін алдымен тамақтану, түрақ – жайын
жасау және киіну қажет. Аксиомаға айналған бұл тұжырымның – үш мәселенің
астарында – аграрлық өндіріс жатыр. Ғылымның даму жолына көз салар болсақ,
ХҮІІІ ғасырда пайда болған физиократтық ілім ауыл шаруашылығын ұлттық
байлықтың негізі деп таныды. Физиократизм грек тілінен аударғанда рһізіз
- табиғат, кгаіоз - билік мағынасын білдіре отырып ауыл шаруашылығының
үстемдігін жақтайтын ілім 1. Оның негізін қалаушы Франсуа Кэне адамдар
үшін ең тиімдісі - жерді игеру ісі деп жазды. Ол алғаш рет қоғамды жер
иеленушілер, жер өңдеушілер табына және экономиканың басқа саласына
қамтылғандарға жіктеді. Оған қоса көрнекті ағылшын экономисі У. Петтидің
еңбек - байлықтың ағасы, жер оның анасы - деп тұжырымдауы жермен
тікелей байланысты ауыл шаруашылығы өндірісінің аса маңыздылығын білдірсе
керек. Ауыл шаруашылығындағы экономикалық қатынастар өндірістің табиғи,
ұдайы өндірілмейтін факторларына байланысты ерекшеленеді. Жердің ұдайы
өндірісі оның табиғилығы себебінен мүмкін емес.
Ауыл шаруашылығының ерекшелігі – ондағы экономикалық қатынастар жер
иесі мен оны пайдаланушылар арасында жүзеге асатындығы. Жер иелену – жерге
меншік иесі құқығын білдіреді. Ал меншік мәселесі ерте заманнан бүгінгі
күнге дейін аса күрделі экономикалық, құқықтық категория болып есептелінеді
2.
Біздің эрамызға дейінгі ҮІ ғасырда Үндістанда үстемдік еткен Ману
заңдары меншік құқықтары мен қатынастарын реттеген.
Ежелгі грек философы Демокрит жеке меншікті адамзаттың күнкөрісі үшін
болатын табиғи күресінің қажетті шарты ретінде қарастырды. Платон
меншіктің біртұтас, әрі тұрақты болуына үлкен мән беріп, қоғамдық меншікті,
жер мен мүліктің ортақ болуын жақтады. Августин жеке меншік – түрлі
қақтығыстар мен қайшылықтарға себеп болады деп есептеді. У.Петтидің ілімі
бойынша еңбек нәтижесіне иелік ету маңызды, яғни меншік шаруашылық
қызметінің жоғары өнімділігін ынталандырады 3. Ал А. Смиттің пікірі
бойынша ел байлығы жеке меншіктің дамуы арқылы жасалады 4. К. Маркстің
ілімінде өндіріс құралдарын күштеп мемлекет иелігіне алуға дейін қатаң
мемлекеттік бақылау идеясы негізгі мәселе 5.
Маркс негізгі еңбегі Капиталдың 3-ші томының Үстеме пайданың жер
рентасына айналуы атты 6-шы бөлімінде жер меншігі адамдардың белгілі бір
жер бөлігіне өз еркіне ғана бағынатын ерекше сала ретінде билік ету
монополиясына жол ашады дейді 6. Яғни меншік - әр адамның жеке
үстемдігін тудырады. Олай болмас үшін Д. Эйнштейн: Жер – мемлекеттің
меншігінде болуы тиіс, оны жеке адамдарға немесе ұжымдарға пайдалануға
иелік етуге және билік жүргізуге болады дейді 7. Бірақ барлық
операцияларды мемлекет толық реттеп отырады.
Белгілі экономист ғалым А. В. Чаянов жер иелену жөнінде келесідей
пікірлерін білдірген:
1. Жер – бүкіл халық иелігі.
2. Жер – мемлекет меншігі.
3. Жер иесі – жергілікті билік органдары.
4. Жер салығы – жер рентасына тең, яғни бірыңғай сала.
5. Жер иеленуді мемлекеттік реттеу жүйесі жерге жеке меншікті
жоймайды, бірақ жерді емін – еркін сату, сатып алу жүйесі жойылады
8.
Мұндай, бір-біріне қарама-қайшы және астасып жатқан ғылыми
тұжырымдардан туындайтыны – жер және меншік категориясы қоғам дамуының,
оның ішінде әсіресе ауыл шаруашылығының басты ерекшелігі, аса өзекті
мәселелер бастауы. Жерді ешкім де өз қолымен жасаған емес – ол табиғаттың
сыйы, сондықтан ешкім де оны шексіз пайдалану, сату, сатып алу құқығына ие
бола алмайды.
Қазақстан ауыл шаруашылығының өзіне тән бірқатар ерекшеліктері бар:
- ауыл шарушылық өндірісі, оның ішінде мал шаруашылығы – жергілікті
халықтың ата кәсібі, бұл ерекшелік елдің халықаралық еңбек
бөлінісіндегі рөлін анықтауы тиіс. А.Смиттің абсолюттік артықшылық
теориясына негізделген еңбек бөлінісінің, маманданудың тиімділігін
басты назарға алар болсақ Қазақстан әлемдік нарыққа қонақ ретінде
қосылмай аграрлық өндірісін бағыттануына толық мүмкіндік бар;
- тарихи тұрғыдан алғанда Қазақстанда жер жеке меншік пен сату – сатып
алу объектісі болған емес. Бір жағынан алғанда бұл экономиканың ең
басты саласы ретінде жартылай көшпелі мал шаруашылығын жүргізу үшін
қажетті алғышарт болды. Екіншіден, бұл түрі жыл мезгілдерінде мал
жайылымдарын қолайлы пайдалануға, табиғи ресурстарды қалпына келтіріп,
тиімді қолдануға мүмкіндік береді. Шаруашылық жүргізу тәсілінің өзі
жазды - жайлауда, күз – күзекте, қыс – қыстауда өткізуді талап етеді.
Кез келген тіршілік иесі – жан-жануар, құстың да үнемі қозғалыста болу
қажеттігі табиғи – заңды құбылыс. Әрине, оларды қолда асырап – бағып,
бордақылау да – шаруашылық жүргізу тәсілі, бірақ бұл қосымша тәсіл.
Мал мен құстың барлық түрінің өз аяғымен жүріп жайылуы – ғылыми
негізделген табиғи қажеттілік. Мысалға, ірі қара малының, сиырдың
күніне бірнеше шақырым жүріп жайылуы оның сүттілігін арттыруға негіз
болса, ал ешкі малының үнемі қозғалыста болуы оның құнарлы азықты
таңдап қоректенуіне мүмкіндік береді. Нәтижесінде ет, сүтінің
медициналық тұрғыдан алғанда адам организміне өте пайдалы болатындығы
белгілі. Сондай – ақ қолдағы асыранды қоян етінен дала қоянының еті
әлдеқайда дәмді. Себебі үнемі қозғалыста болу – қан айналымының,
тіршіліктің, саналы дамудың негізгі көзі.
- Республикамызда шаруашылық жүргізу тәсілдері Үкіметтің жоғарыдан
күштеп ұжымдастыру (1917 жылғы қазан төңкерісінен кейін) және жаппай
жекешелендіру саясаттары арқылы (1993-1995ж.ж. мемлекет иелігінен алу
және жаппай жекешелендіру бағдарламалары бойынша) қалыптасты.
Қазақстан экономикасы қарама –қайшылығы мол бір жүйеден екінші жүйеге
өту сатысының күрделі кезеңдерін бастан кешіруде. Бұл тұста экономиканы
дағдарыстан шығару мәселесін шешу – бірінші кезекте болды. Өйткені
қоғамдағы кез келген саяси реформаны халық әлеуметтік жағдайларын жақсарту
арқылы қабылдайды. Нарықтық экономикаға өтудің алғашқы жылдарында
экономикалық реформаны қандай салаларды көтеруден бастау қажет? – деген
орынды сұрақ туындады. Өйткені мемлекет экономиканы реттеуде алдымен осы
мәселені анықтап алуы қажет.
Егер әлемдік экономика тарихына сәл көз жіберер болсақ АҚШ сияқты
дамыған елдер де кезінде шамамен әрбір 10 жыл сайын қайталанып тұратын
циклдік дағдарыстарды бастан кешірген. Солардың ішінде ең ірісі 1929-1933
жылдары көптеген елдерде өнім өндірісінің екі есе қысқарып, әрбір төртінші
адамның жұмыссыз болуына әкеліп соққан. Осындай жағдайларда АҚШ-та
президент Рузвельттің жаңа бағыттары жарияланып, мемлекеттік шаралар,
батыл жүргізіле бастаған 9. Сол уақытта Рузвельтке ірі өнеркісңп
орындарының (машина жасау, темір балқыту салаларының) өкілдері өздеріне
емес өз өнімдерін фермердің сатып алуы үшін ауыл шаруашылығына қаржылай
көмек көрсету жөнінде өтініш жасайды. Ал ғылым саласында 1936 жылы белгілі
экономист Д.М. Кейнстің мақсатты бағытталған мемлекеттік шаралардың
қажеттілігін ғылыми негізделген еңбегі шықты. Онда мемлекеттің экономикаға
белсенді түрде араласуы қажеттілігінің әсіресе дағдарыс жағдайында қатаң
мемлекеттңк реттеудің теориялық негіздері қаланды. Кейнс теориясы бойынша
қоғамда инвестиция ретінде жұмсалатын мемлекеттік шығындарды арттыру арқылы
жаңа жұмыс орындарын ашуға, қоғамдық жұмысьарды ұйымдастыруға, нәтижесінде
жұмыссыздықты қысқартып, ұлттық өндірісті көтеруге мүмкіндік туады.
Мемлекет – адамдардың әлдеқашан атқарып жатқан ісін емес, олар мүлде
айналыспайтын, бірақ оған мұқтаж болып отырған істі меңгеруі тиіс.
Мемлекеттік реттеудің қажеттілігін айқындайтын ондай істерге келесідей
бірқатар мәселелерді жатқызуға болады.
Экономикалық қатынастардың заңды – құқықтық негіздерін жасау арқылы
мемлекет нарықтағы тауар өндірушілер мен тұтынушылардың құқықтарын қорғауы
тиіс 10. Тауар өндірушілерге қатысты – меншік иесі құқығын,
кәсіпкерлікті, бәсекелстікті қорғайтын және монополияға қарсы әрекет
ететін заңдар шығару қажет болса тұтынушылар мүддесін қорғау мақсатында
тауар сапасын қадағалау, сапасыз тауарлар мен жалған ақпараттар саудасын
шектеу қажет. Сондай-ақ нарықтық экономика жағдайында да кейбір тауарлар
мен қызметтер бағасын мемлекеттік реттеу – объективті қажеттілік болып
табылады. Бағанаң төменгі деңгейін белгілеу арқылы мемлекет тауар
өндірушілердің зиян шекпей, өндірістік шығындарын өтеуін қамтамасыз етсе,
бағаның жоғарғы деңгейін белгілеу арқылы тұтынушыларды қолдайды.
Кез келген қоғамда мемлекет экономиканы тұрақтандыру және өзгеріп
жатқан жағдайларға бейімдеу мақсатында реттеу шараларын жүзеге асырады.
Қазақстанда 1990 – 2000-шы жылдар аралығында – нарыққа өтудің алғашқы
онжылдығында Үкімет өндірістің құлдырауы, жұмыссыздық сияқты дағдарысты
құбылыстарды жоюмен айналысты. Сонымен қатар нарықтық орта құру мақсатында
меншікті мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру процесі жүргізілді 11.
Нарықтық жүйеде мемлекет аса ірі жұмыс беруші, тауар өндіруші және
тұтынушы болып табылады. Кейбір жағдайларда нарық белгілі бір қоғамдық
тауарлар өндірісін қамтамасыз ете алмайды немесе тиімсіз болғандықтан
онымен айналыспайды. Сондай жағдайда нарыққа тиімсіз , бірақ қоғамға
қажетті тауарлар өндірісі мен қызметтер көрсету ісін мемлекет ұйымдастыруы
тиіс. Ауыл шаруашылығында бұл – ғылыми зерттеу жұмыстарына негізделген асыл
тұқымды мал шаруашылығы мен тұқым шаруашылығын қолдау, мал індеті және
өсімдік зиянкестерімен күрес, табиғатты қорғау шаралары, мелиоративтік
жұмыстар, ауылдық инфрақұрылымды дамыту және құқық қорғау органдарының
қызметін ұйымдастыру тектес шаралар.
Таза нарықтық механизмдер халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз
етілген бөлігін әрдайым және толықтай қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан бұл
тұста мемлекеттің трансфертік функциясы, яғни ұлттық табыстың бір бөлігін
халықтың әлеуметтік жағынан қорғалмаған тобының үлесіне бөлу аса маңызды.
Мемелекеттің бұл функциясы әлеуметтік реттеу мәселелеріне жатады және
экономикалық функцияларымен тығыз байланысты.
Ауыл шаруашылығын дамыту үшін трансакциялық шығындарды тауар
өндірушілердің нарықтық қатынастар негізіндегі қосымша шығындарын қадағалау
мен азайтудың да үлкен мәні бар. Бұл мемлекеттік реттеуді қажет етеді.
Сондай-ақ тиісті мекемелерде тауар өндірушілерді тіркеу, лицензиялау
сияқты басқа да шараларға жұмсалатын шығындарды мейлінше азайту – одан арғы
кәсіпкерлік қызметті дамытуға мүмкіндік туғызуы керек12.
Нарықтық әкономика нарық субъектілерінің еркіндігін білдіреді. Әрбір
тауар өндіруші барынша аз шығын жасап жоғары пайда табуды көздейді, ал
қоршаған ортаға тигізетін әсері, әсіресе келтіретін зиян ескеріле бермейді.
Экономиканың басты мәселесі – шектелген әрі сирек кездесетін ресурстарды
тиімді пайдалану арқылы адамдардың шексіз қажеттіліктерін қамтамасыз етуде
мемлекет субъектілерінің сыртқы ортаға зиянды әсер етуін реттеуі қажет.
Ауыл шаруашылығында бұл ең алдыммен жер қатынастарын – жерді өңдеу, топырақ
құнарлылығын сақтау және орман, су ресурстарын қорғаауға байланысты.
Өндірістің қалдық, лас суларын өзенге ағызу, ауаны улы газдармен ластану
сияқты әрекеттерін мемлекет әкімшілік және экономикалық әдістермен реттейді
13.
Ауыл шаруашылығының жоғарыда аталған ерекшеліктері мен ретеуді қажет
ететін мәселелері мемлекеттің аграрлық саясатының негізі болып табылады.
Мемлекеттік саясаттың тиімділігі келесідей мәселелердің шешіміне байланысты
болады:
- елдің ресурстық, өндірістік, еңбек және интеллектуалдық мүмкіндіктерін
тиімді пайдалануға қамтамасыз ету;
- азаматтардың қажеттіліктерін қанағаттандыру деңгейі мен санасына
тікелей әсер ететін еңбекті жандандыру;
- еңбек жағдайын, өнімділігін, әлеуметтік нәтижелілігін және адамдардың
әл-ауқатының артуын қамтамасыз ету.
Егер де осы аталған мәселелер тиімді шешілсе онда мемлекет саясатының
тиімді болғаны.
Голландиялық экономист Ян Тинберген кез келген мемлекеттің дамуын
айқындайтын экономикалық саясаттың келесідей сегіз бағытын қарастырған:
мелекетті кшығындан көлемі, нақты жалақының өзгеру қарқыны, жұмыспен
қамтамасыз ету деңгейі, табыстарды бөлу, инвестиция көлемі, жиынтық
сұраныс, өндіріс көлемі және төлем балансы кірістер ме шығыстар
айырмашылығы 14. Экономикалық саясаттың құрамдас бөлігі ретінде
мемлекеттің аграрлық саясатының да негізін осы мәселелер құрайды.
Ауыл шаруашылығы мен азық – түлік мәселесі мемлекет саясатының әрдайым
маңызды бағыттарының бірі.
Біріншіден, кез келген мемлекеттің басты міндеті – елдің азық-түліктік
қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Осы мақсатта азық-түлік бағдарламасын
қабылдау арқылы Үкімет азаматтарының ең төменгі тұтыну қоржынынан сәйкес
тамақтануын жақсарту және елді ң азық-түлік резервін қалыптастыру
мәселелерін бірінші кезекте шешуі керек. Екіншіден, өндіріс бағдарламасында
ауыл шаруашылық өнімдерінің балансы, бағаны тұрақтандыру және фермелердің
табысын қолдау шаралары қарастырылады. Жыл сайын ауыл шаруашылығы
министрлігінарықты тұрақтандыру үшін қажетті өнім көлемін анықтаумен
айналысады. Үшінішден, жер қатынастарын реттеу бағдарламалары бойынша
фермерлердің ерікті және орындауға міндетті шаралар жүйесі белгіленеді.
Фермерлер топырақты қорғау, сапасын жақсарту шараларын атқаруға міндетті.
Мемлекет ол үшін жағдай жасаумен қатар қатаң бақылау функциясын жүзеге
асырады. Ал жерлерді консервациялау, яғни өнім өндірісіне жерді
пайдаланбай бос қалдыру – жердің құнарлығын арттыру маақсатында ерікті
түрде жүргізіледі. Бір жағынан бұл шара ауыл шаруашылық өнімінің артық
өндірісін болдырмауға бағытталған. Төртіншіден, мемлекет ауыл шаруашылық
өнімдерін сату жөнінде бағдарлама әзірлеу арқылы экспорттық саясатын бір
жүйеге келтіреді. Ондай бағдарлама ауылдық тауар өндірушілердің әлемдік
нарыққа қосылуы үшін кейбір шығындарын өтеуіне көмек кқрсету, ауыл
шаруашылық өнімдерін несиелер бойынша төменгі бағада сату, басққа елдерге
азық-түлік көмегін көрсету сияқты шараларды қамтиды. Сондай-ақ отандық
тауар өндірушілерді қорғау мақсатында мемлекет ауыл шаруашылық өнімдерінің
импортын бақылап отырады, әрі тиісті мөлшерде протекционистік шараларды
қолданады 15.
Халақаралық қатынастардың тереңдеуіне қарай қазір ауыл шаруашылық
өнімдерін өндіру мен сатып таратуға байланысты аграрлық протекционизм
күшейе түсті. Әлемдік тәжірибеде кеңінен қолданылатын протекционистік шара
– кедендік тариф. Сырттан әкелінетін тауарларға ол фискалдық және
протекционистік тариф түрінде салынады. Фискалдық тариф мемлекеттің ақша
кірісін арттыру мақсатында белгіленсе, протекционистік тариф отандық тауар
өндірушілердің мүддесін қорғауды көздейді. Протекционистік шара ретінде
квота, яғни импортталынатын тауарлардың көлемін, сандық мөлшерін белгілеу
және оның күрделі формасы – эмбарго, яғни импорттың кейбір түріне толықтай
тыйым салу қолданылады. Сондай-ақ тарифтік емес протекционистік шаралар -
әр елдің өзіндік өндірісітк стандарттарын, нормалары мен нормативтерін
белгілеуң – ауыл шаруашылық өнімдерінің сапасына қойылатын талапты
күшейтеді. Бесіншіден, мемлекеттің аграрлық саясатының құрамдас бөліктері
ретінде азық-түлік, ауыл шаруашылық, агроөнеркәсіптік, сыртқы саудамен
қатар әлеуметтік бағдарлама қабылдаудың үлкен маңызы бар.
Қазақстанда экономикалық реформалардың стратегиялық мақсаты да -
әлеуметтік нарықтық экономика құру. Қазақстан экономикасында ауыл
шаруашылығы ерекше маңызды сала болғандықтан аграрлық салаға байланысты
мәселе мемлекет саясатының стратегиялық маңызы бар болып табылады.
Мемлекеттің аграрлық саясаты біріншіден республиканың байырғы тұрғындары –
қазақ халқының тағдырына, өсіп - өркендеу және әлемдік өркениетке қосылу
мәселелеріне қатысты шешуші роль атқарады. Мемлекет жергілікті халықтың
әлеуметтік экономикалық даму деңгейін қамтамасыз ету үшін, оның дәстүрлі,
қалыптасқан ата кәсібі – мал және егін шаруашылықтарын, жалпы агроөнеркәсіп
кешеніні дамытуға экономиканың басқа салаларына қарағанда артықшылық
беруі қажет. Ауыл шаруашылығын дамыту Қазақстан экономикасы дамуының басым
бағыты болуы тиіс. Бұл ең алдымен мемлекеттің саясатын экономиканың
аграрлық секторын дамытуға, сол арқылы қазақ халқының әл-ауқатын арттыруға
бағытталуы тиіс екендігін білдіреді. Екіншіден, жалпы кез келген қоғамның
негізгі мәселесі – халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету, ал стратегиялық
мақсаты – экономикалық өсуге қол жеткізу болса қазақстан жағдайында бұл
мақсат – міндеттерді сыртқы ортадан тәуелсіз, өз мүмкіндіктеріміз арқылы
шешуге болады. Ауыл шаруашылығы экономиканың тамақ және жеңіл өнеркәсіптері
сияқты басқа да салалрын дамыту үшін негіз болып табылады. Экономиканың
барлық саласы өзара тығыз байланысты болғандықтан егер ауыл шаруашылығы
дұрыс жолға қойылған болса оның шикізаты арқылы жұмыс жасайтын өңдеуші
өнеркәсіп шетелддік шикізатқа тәуелді болмас еді, ауылдық тауар
өндірушілердің сұранысы мен төлем қабілеті болса машина жасау өнеркәсібі
ауылға қажетті техника құрал-жабдықтар өндірісін ұйымдастырып, қара және
түсті металлургия, отын - энергетика кешендерінің де қалдықсыз жұмыс
істеуіне ықпал етері сөзсіз. Мұндай саясат экономиканың аграрлық
секторынан бастау алатын, ұзақ уақытқа созылған дағдарысты жоюға мүмкіндік
береді.
Қоғамның экономикалық даму сттатегиясын бірқатар факторлар анықтайын
болса, оның ішінде ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп салалрының арасалмағы,
экспорт пен импорттың арақатынасы және біржақтылы маманданудың қауіптілігі
ерекше орын алады. Көптеген елдерде өнеркәсіптегі табыс ауыл шаруашылығынан
біршама артық. Бірақ ауыл шаруашылығы өнеркәсіпті дамытуға негіз болуы тиіс
(мысалы, Қытай мемлекетті 1970 жылдары реформаларды алдымен ауылда бастады,
одан кейін қалаға ауысты).
Әр ел экономикасы үшін экспорттың импорттан артық болғаны тиімді.
Әрине, 1776 жылы-ақ А.Смиттің тұжырымдағанындай әрбір отағасының негізгі
ережесі – сатып алу арзанға түсетін затты өзі үйде жасауға әрекет етпеу
16. Бірақ қазіргі уақытта біз ауыл шаруашылық өнімдерінің де импортын
пайдалануымыз, мұны керісінше бағытқа өзгерту қажет. Ал моно немесе
біржақты мамандануды жақтамайтындар жалпы алғанда ұлттардың біржақты дамуы
мүмкін еместігін айтады. Қазақстан экономикасында отын – энергетикалық
кешенін ғана басым бағыт ретіде дамыту – ұзақ мерзімдік стратегия бола
алмайды. Өйткені мұнай тектес табиғиғ ресурстар кені шексіз емес, уақыт
өте келе таусылады, ал адамзаттың қажеттілігі шексіз және артып отырады,
оны өтеу үшін ауыл шаруашылығының ұдайы өндірісін қамтамасыз ету қажет.
Республикамызда аыл шаруашылығын дамыту үшін ішкі мүмкіндіктер – біздің
басым тұстарымыз жеткілікті, атап айтқанда:
- республикамыз жер қорына өте бай;
- арзан және маманданған, біліктіжұмыс күші жеткілікті;
- табиғи шикізаттың басымдылығы мен өнім сапасының жоғары болуы;
- жоғары қуатты, ірі өнім сақтау орындары (элеватор) мен өңдеуші
кәсіпорындардың (ет комбинаттары, сүт зауыттары, жүн өңдеу, жіп иіру,
киім тоқу фабрикалары) жеткілікті мөлшері;
- дамыған ауыл шаруашылық ғылым саласы;
- жеке капиталдың қалыптасу барысы.
Мұндай басым тұстарымызбен қатар сыртқы ортаның, яғни шет елдердің
әсерін қарастырып болсақ ондағы қалыптасқан жағдай және оның болашағы
елімізідң аграрлық секторын дамытуға оң ықпалын тигізеді. Себебі:
- әлем халқы санының өсуі жылына 85-90 млн. адамды құрайды. Осыған
сәйкес әлемдік тұтыну – азық-түлікке сұраныс жыл сайын арта түседі;
- әлемдік астық сауданың 80%-ы дамушы елдер үлесінде;
- жалпы бидай импортының 13 бөлігі халқының өсу деңгейі жоғары,бірақ
астық өндірісімен айналыспайтын, не айналысса да жеткіліксіз
жағдайындағы елдерге тиесілі;
- дамыған Азия елдерінің импортқа қажеттігі жоғары болғандықтан әлемдік
азық-түлік нарықтарын дамытуға үлкен әсер етеді;
- әлемдік деңгейде табиғи шикізаттан жасалған тауарлар мен бұйымдарға
сұраныстың артуы;
- ашық нарықтың сауда жүйесіне өту мүмкіндігі.
Жекелеген ауыл шаруашылық өнімдері нарығына келетін болсақ,
қазақстанның әлемдік бидай, ет, жүн, мал терілері және мақта нарықтарынан
тиісті орын алуға мүмкіндігі бар. Нақты айтар болсақ, дәстүрлі өнім өткізу
нарықтары – ТМД елдері мен Қытай, Иран, Пәкістан, Ауғанстан елдері бидай,
ет және тері өнімдерін ірі көлемде тұтынушылар болып табылады.
Республикамыз Еуропалық жүн нарығына қосыла алады. Ресей, Украина және
өндірістің жандануы – бізідң жүнге деген сұранысты арттырады. Мал
терілеріне Батыс Еуропа, Қытай, Түркия, Ресей мемлекеттері тарапынан
сұраныс өте үлкен, әрі тұтыну нарығы артуда. Сонымен қатар нарықтық
қатынастар жүзеге асырылған алғашқы кезеңде Қазақстан ауыл шаруашылығын
дамытуға кедергі болған осал тұстарымызды, даму процесін тежеуші бірқатар
қауіп-қатерді айтуға болады, олар:
- нарықтық реформалардың аяқталмағандығы;
- тиімді мемлекет саясатының болмауы;
- өндірістік инфрақұрылымның дамытылмауы салдарынан саланың материалдық
– техникалық базасының жаңартылмауы, жетілдірілмеуі;
- әлеуметтік инфрақұрылымның артта қалғандығы;
- потенциалды азық-түлік нарықтарына шығатын көлік жолдарының болмауы;
- сауда қатынастарының реттелмегендігі;
- әлемдік нарықтағы бәсеке және протекционизм;
- еліміздегі аграрлық маркетинг пен менеджмент жүйесінің талапқа сай
еместігі;
- ауылдағы халықтың әлеуметтік жағдайының нашарлауы, кедейшілік,
жұмыссыздық, қылмыс деңгейі арта түсті, денсаулық сақтау, білім беру,
мәдениет, экология мәселелері шешілмей шиеленісе түсуде.
Ауыл шаруашылығында мұндай жағдайлардың қалыптасуы еліміздегі 90-шы
жылдардың басындағы жаппай дағдарыстың орын алуымен тікелей байланысты. Сол
кезеңде түбегейлі өзгерістерді жүзеге асырудың жүйелі болмауы, ауыл
шаруашылығының ресурстармен жабдықтаушы және қызмет көрсетуші салаларға
тәуелділігі, қаржы капиталының тапшылығы мен меншік қатынастарының дамымауы
ауыл шаруашылық дағдарысын күшейтті. Түбегейлі өзгерістердің алғашқы
кезеңінде ірі кеңшарлар мен ұжымшарларды шаруашылық жүргізудің қажетті
алғышарттарын жасамай тұрып ұсақ шаруа қожалықтарына бөлшектеу жүргізілді.
Бұл қалыптасқан өндірістік процестің бұзылуына – ішкі және сыртқы
байланыстардың үзілуіне алып келді.
Ауыл шаруашылығында мемлекет стратегиясының басты мақсаты –
экономикалық және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету, қазіргі жағдайын
жетілдіру жіне өзгеріп жатқан жағдайларға бейімдеу. Оған қол жеткізу үшін
бірқатар нақтылы мақсаттар кешені сапалық, қысқа, орта және ұзақ мерзімдік
мақсаттарға жіктеуге болады. Олар өзара тығыз байланысты және өзара
тәуелді, бірінің орындалуынсыз екіншісіне қол жеткізу мүмкін емес.
Мемлекет бірінші кезекте тұрақты экономикалық өсуді, жұмыспен қамтылудың
жоғары болуын, баға тұрақтылығын және сыртқы экономикалық теңгермешілікті
қамтамасыз ету сияқты шаруашылық мақсаттармен қатар табыстарды қалыптастыру
және әділетті бөлу түріндегі әлеуметтік мақсатты, соедай-ақ қоршаған ортаны
қорғау және жақссарту мақсатын басты назарда ұстайды. Соңғы мақсаттарды
сөзсіз алдымен экономикалық мақсатардың орындалуына тікелей байланысты.
Экономикалық өсу арқылы ғана қалыптасқан жүйені сақтауға, нығайтуға, әрі
халықтың тұрмыс жағдайын көтеруге болады.
Қазіргі уақытта ауыл халқының арасында жұмыссыздық басым. Егер мемлекет
мал шаруашылығымен айналысуға ниет білдірушілерге несие беру, көбейту
мақсатындаотарлап қой, табындап сиыр, жылқы беру түрінде жағдай жасайтын
болса – бұл мал басын қажетті мөлшерге жеткізу, өнімділігін арттыру, оның
шикізатын өңдеумен айналысатын тамақ, жеңіл өнеркіптерін көтеру, елдің азық-
түлікті қауіпсіздігін және экспортты қамтамасыз ету сияқты өндірістік
мәселелрді шешумен қатар жұммыссыздықты қысқартудан басттап ауыл халқының
әлеуметтік жағдайын жақсарту ісіне де елеулі ықпал етер еді.
Мал шаруашылығын дамыту – мемлекет қаржысын, инвестицияларды тиімді
пайдаланудың бір бағыты бола алады. Банктер экономиканың нақты секторын
қаржыландыру шарасы ретінде мал басы санын арттыруға көңіл бөлуі тиіс.
Шетелдерден тұтыну тауарларын импорттау орнына немесе онымен қатар
Австралия сияқты мал шаруашылығы дамыған елдерден ауылдың негізгі өндіріс
қорын көбейту шараларын қолға алу қажет. Қысқа мерзімде ғана жүргізілетін
мұндай шара аграрлыы елге айналу емес, тамыры үзіліп, қураған бәйтеректей
жергілікті халықтың ғасырлар бойғы ата кәсібін , әдет – ғұрпын саақтап
қалуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта кәсіптен айырылған жұрт ата салт-
дәстүрінен де алшақтап барады. Кедейшілік деңгейін төмендету және ауыл
халқының әлеуметтік жағынан қорғалуын арттыру, салауатты өмір салтын а
ықпал ету мақсатында ауыл шаруашылық өндірісін тиімділігін арттыру, шағын
несие беру, жаңа жұмыс орындарын ашу, ауылдағы коммуналдық және тұрмыстық
қызмет көрсету салаларын қалпына келтіру, дамыту, ауыл және қала
инфрақұрылымдарын дамытуға бөлінетін бюджет шығындарын теңестіру қажет.
Стратегиялық міндетті орындау тактикасының мақсаты - өркениетті,
әлеуметтік бағытталған нарықтық шаруашылық құру үшін экономиканың
тәртіпсіздік жайлаған, басқаруға келмейтін жағдайға жетуіне жол бермеу.
Демократиялық күшті мемлекет – бұл заңы жоғары тұратын, ал азаматтары
бмлеуші өкіметтің және бір-біріні басынушылығынан қорғалған мемлекет.
Конституцияда Қазақстан Республикасы – демократияллық, әлеуметтік
бағытталған мемлекет деп көрсетілген. Мемлекет азаматтары үшін қағидасы
шаруашылық дамуының басты тұлғасы – ауылдық тауар өндіруші үшін барынша
қолайлы жағадйды қамтамасыз ету екендігін білдіреді. Бәсекелестік ортаны
қорғау және тұрақтандыру – нарықтық экономикада мемлекеттің маңызды
функцияларының бірі.
Мемлекеттің заң шығарушы ролін арттыру, режиссер әрі дирижер
мемлекеттің дарында басшылығы арқылы артықшылықты экономикалық процестерге
жол салу, оларға белсенді түоде араласу, олардың ағысын таңдалған арнаға
бағыттау қажет. Мұндай іс-әрекеттердің құқықтық негізі – заңдар мен
нормативтік заң актілерін жасау реформадан көш ілгері тұруы тиіс.
Қазіргі адамзат қоғамы даму деңгейіне қарай техникалық және қаржы
саласындағы бәсекеден басқару қабілеті бойынша бәсекеге біртіндеп ауысуда.
ХІХ ғасыр - өнеркәсіп дәуірі болса, ХХ ғасыр - әкімшілік дәуірі болып
тарихқа енді. Себебі қоғам өмірінің кез келген саласындағы жетістік немесе
дағдарыс – бұл басқарудың нәтижесі, А. Смиттің атап көрсеткеніндей ұжымға
біріккен адамдар Ал XXI ғасыр жаңалықтар ғасыры болып тарих табалдырығын
атады. Өйткені қазіргі кезеңде жүзеге асырылатын шаралардың барлығы дерлік
инновацияға негізделетін болады.

құралдары
Жер бетіндегі мемлекеттердің көбісінде ауылдар жағрафиялық
жағдайларының әртүрлілігіне байланысты, табиғи-климаттық шарттарына,
демографиялық ахуалына, ауылдардың даму тарихы және тағы басқа факторларға
байланысты әлеуметтік-экономикалық дамудың әртүрлі деңгейлеріне ие. Орташа,
артта қалған дамыған ауылдар болып бөлінуде және бұл әлеуметтік-
экономикалық салмақты проблемаларға әкеп соғуда. Осы себепті мемлекет - өз
кезегінде аумағындағы барлық аймақтардың әлеуметтік жағдайларын бір
деңгейге келтіруге тырысады. Қазақстан Республикасында ауылдық елді
мекендер саны 7660, КСРО ыдырағаннан кейін олардың әлеуметтік-экономикалық
даму деңгейлері әртүрлі.
Қазіргі жағдайда Қазақстанда ТМД-ның басқа елдеріндегі сияқты нарықтық
экономиканың экономикалық процестеріне мемлекеттік араласуы болмауы керек
деген тұжырым барынша кеңінен тараған. Соған қарамастан, дамыған елдердің
тәжәрибесі көрсетіп отырғандай, мемлекеттік реттеу ауылшаруашылық саласының
қажетті буыны болып табылады.
Мемлекеттің ауылшаруашылығы саласына араласуының қажеттілігі,
мемлекеттік бақылау мен реттеуге жататын негізгі параметрлері тіпті дамыған
нарық жағдайында да бірқатар обьективтік факторлармен анықталады. Ең
алдымен, мемлекеттік реттеу шаралары экономикалық саясатпен тығыз
байланыста болғандықтан, өздерінің әлеуметтік және экономикалық маңызы
бойынша олар әртекті болып келеді және қоғамдық пікірмен әр түрлі
қабылданады. Экономикалық дамудың әр түрлі кезеңдерінде бұл шаралар ауысып
отыруы мүмкін, бірақ олардың тұрақты болып қалады. Көп жылғы тәжірибеде
сыналған олардың көпшілігі дамыған елдердің күнделікті қызметіне кірігіп
кетті және қазіргі жағдайда нарықтық экономикалық теорияның тиісті
тарауларының негізін құрайды. Сонымен қатар, кейбір шаралар қалыптасқан
саяси және әлеуметтік конъюктураның әсеріне ұшырады.
Мемлекеттік реттеу шараларының бірінші тобы өндірістік әмбебап және
тиімді реттеушісі болған нарықтық тегеріштің барлық жағдайда бірдей қуатты
қару емес екендігін мойындауға негізделеді. Кез келген қазіргі заманғы
экономикалық жүйеде нарыққа бағынбайтын және мемлекеттік араласуды қажет
ететін кең көлемдегі проблемалар бар.
Ақша айналымы, бюджет, несиелік, салықтық және инвестициялық саясат
сферасындағы дәстүрлі мемлекеттік макроэкономикалық реттеуден басқа
мемлекет қазіргі заманғы қоғамның көзқарас тұрғысынан алғанда шешімнің
нарықтық тегеріштері тиімсіз немесе сәйкес келмейтін микроэкономикалық
проблемаларды да шешуі тиіс 17.
Ауыл шаруашылығында бұл – ең алдымен сыртқы тиімділік проблемасы
немесе экстерналий. Оның мәні мынада: нарықтық жүйеге қатысушылардың өзара
іс-қимыл процесінде үшінші жақтың мүдделерін қозғайтын сыртқы тиімділіктер
туады. Қоршаған ортамен тікелей өзара іс-қимылға түсетін аграрлық өндірісте
экстерналийдің жағымды да, жағымсыз да көптеген мысалдарын келтіруге
болады: жеке учаскеден көшеге шығып өскен таңқурай, көп суландырудан
көршінің өнімінің көбеюі және басқалар.
Жағымсыз экстерналий де жақсы белгілі, бұл – қоршаған ортаны
тыңайтқышпен, пестицидпен, өндірістің қалдығымен уландыру; ауыл
шаруашылығының зиянкестері, басқа бір жерлерде туындаған және өзін заңы
бойынша таратылатын өсімдіктер мен малдың аурулары.
Таза нарықтық тегеріш, оның заңдары мен өлшеуіштері тұрғысынан алғанда
өзендерді химикатпен уландыру тікелей өндірушілердің шығындарына, осы нақты
өнімді тұтынушылардың шығындарына әсер етпегендіктен ешқандай маңызы жоқ
сияқты. Нарықтық тегеріш бұл жерде дәрменсіз және барлық мұндай құбылыстар
ерікті бәсекелестіктің логикасымен толық жарасады.
Жағымсыз экстерналийді реттеуге сыртқы, мемлекеттік араласудың тарихи
қажеттілігі бірді – екілі жағдайлар әлеуметтік проблемаға айналғанда барып
мойындалды. Соның нәтижесінде, біріншіден, бекітуші немесе шектеуші мәндегі
таза әкімшілік, заңдық шаралар қабылданды, екіншіден, ерекше салық саясаты
түріндегі экономикалық шаралар дүниеге келді.
Нарықтың экономикалық теориясы дәстүрлі қарастыратын басқа проблема –
қоғамдық тауарларды қаржыландыру, яғни қоғамның барлық мүшелері ұтатын және
бірге тұтынатын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz