Банктің депозиттік (аманат) операциялары



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3 бет
1 Тарау. Депозиттік операциялардың жалпы түсінігі.
1.1 Банктің тартылған қаражаттары ... ... ... ... ... .. 4 бет
1.2 Банктің депозиттік операциялары ... ... ... ... ... .. 5 бет
1.3 Банктік депозиттердің түрлері ... ... ... ... ... ... ... 7 бет
1.4 Банктің депозиттік саясаты ... ... ... ... ... ... ... .. 18 бет

2 Тарау. Қазіргі таңдағы депозиттердің жетістіктері.
2.1 2004.2005 жылдардағы депозит нарығын салыстыру.. 20 бет
2.2 Валют.Транзит банкінің депозиттері ... ... ... ... ... 23 бет

3 Тарау. Депозиттік операциялардың маңызы
3.1 АҚ Цеснабанктің депозиттер бойынша сыйлықтары.. 25 бет
Банктік операциялардың маңыздылықтарының бірі – несиелік операциялар. Олар активті және пассивті болып бөлінеді. Банктердің пассивті операциялары өзінің ресустарын топтастырады, ал активті операцияларды орналастырады. Банк ресурстарының бір бөлігі меншік капиталы арқылы жасалынады, пассивті операциялардың ең көп пайда әкелетіні бұл – депозиттік операциялар. Депозиттік және банкаралық несиелік операциялары банктің ең көп пайда әкелетін операциялары.Депозиттік операциялар банкке немесе несиелік мекемелерге клиент ақша – қаражаттарын көбейту мақсатында салады. Әлемдік банктік тәжірибеде депозиттерді несиелік – қаржылық немесе банктік мекемелерге сақтауға тапсырылған қаражаттары деп түсінеді.
Салым, көптеген авторлардың түсінігі бойынша жеке немесе заңды тұлғалардың банкке сақтауға салынған ақша – қаражаттары деп анықталған. Салымдар немесе депозиттер ссудалық капиталдардың формасы немесе банктік ресустардың бөлігі болып табылады.
«Депозит» латын сөзінен аударғанда «depositum» - сақтауға берілген зат деп аударылады. Депозит түсінігі деп ақша суммаларының несиелік мекемелерге немесе банкке, салымшығы қандай да бір анықталған пайыз төлену мақсаты деп түсіндіріледі. Сонымен қатар бағалы қағаздардың банкке сақтауға берілетіні жатады. Банктің депозиттік операцияларының маңызы, олар яғни салымшы үшін қолайлы ақшалар болып табылады. Салымшы чек жазып және көрсетілген сумманы айналымға жіберуі мүмкін. Депозиттік операциялар банк жүйесінде маңызды орын алады.
1. «Қазақстан Республикасының Банк және банк қызметі туралы» заңы.
2. Қазақстан Республикасының Конституциясы
3. «Коммерциялық банктердің операциялары» / Мақыш Серік 2003ж. Алматы.
4. «Банки и банковские операции» / Жукова Е.Ф. – 1998 ж.
5. «Банковское дело» / Сейыткасымов Г.С. – Алматы , 1998 ж.
6. «Банки Казахстана» журнал / 2004-2005 жж. №1,5,9
7. «Казахстанская правда» газеті / мамыр- 2005 ж.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
РМҚМ Ақмола қаржы-экономикалық колледжі.

Қаржылық және банкілік пәндерінің циклі

Қорғауға кіргізу
--- ------------- 2005 ж.

Банкілік операция пәнінен
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Банктің депозиттік (аманат) операциялары.

Орындаған:
Жетекші:

Мазмұны

Кіріспе ----------------------------------- ------------------------------
3 бет
1 Тарау. Депозиттік операциялардың жалпы түсінігі.
1.1 Банктің тартылған қаражаттары---------------------- 4 бет
1.2 Банктің депозиттік операциялары---------------------- 5 бет
1.3 Банктік депозиттердің түрлері--------------------------- 7 бет
1.4 Банктің депозиттік саясаты---------------------------- -- 18 бет

2 Тарау. Қазіргі таңдағы депозиттердің жетістіктері.
2.1 2004-2005 жылдардағы депозит нарығын салыстыру-- 20 бет
2.2 Валют-Транзит банкінің депозиттері-------------------- 23 бет

3 Тарау. Депозиттік операциялардың маңызы
3.1 АҚ Цеснабанктің депозиттер бойынша сыйлықтары-- 25 бет

Кіріспе

Банктік операциялардың маңыздылықтарының бірі – несиелік операциялар.
Олар активті және пассивті болып бөлінеді. Банктердің пассивті операциялары
өзінің ресустарын топтастырады, ал активті операцияларды орналастырады.
Банк ресурстарының бір бөлігі меншік капиталы арқылы жасалынады, пассивті
операциялардың ең көп пайда әкелетіні бұл – депозиттік операциялар.
Депозиттік және банкаралық несиелік операциялары банктің ең көп пайда
әкелетін операциялары.Депозиттік операциялар банкке немесе несиелік
мекемелерге клиент ақша – қаражаттарын көбейту мақсатында салады. Әлемдік
банктік тәжірибеде депозиттерді несиелік – қаржылық немесе банктік
мекемелерге сақтауға тапсырылған қаражаттары деп түсінеді.
Салым, көптеген авторлардың түсінігі бойынша жеке немесе заңды
тұлғалардың банкке сақтауға салынған ақша – қаражаттары деп анықталған.
Салымдар немесе депозиттер ссудалық капиталдардың формасы немесе банктік
ресустардың бөлігі болып табылады.
Депозит латын сөзінен аударғанда depositum - сақтауға берілген зат
деп аударылады. Депозит түсінігі деп ақша суммаларының несиелік мекемелерге
немесе банкке, салымшығы қандай да бір анықталған пайыз төлену мақсаты деп
түсіндіріледі. Сонымен қатар бағалы қағаздардың банкке сақтауға берілетіні
жатады. Банктің депозиттік операцияларының маңызы, олар яғни салымшы үшін
қолайлы ақшалар болып табылады. Салымшы чек жазып және көрсетілген сумманы
айналымға жіберуі мүмкін. Депозиттік операциялар банк жүйесінде маңызды
орын алады.

1 Тарау. Депозиттік операциялардың жалпы түсінігі

1. Банктің тартылған қаражаттары

Банк ресурстарының құрылымында тартылған қаражаттар үлесі меншікті
қаражаттармен салыстырған өте жоғары,олардың есебінен банктің активті
операцияларының басым бөлігі жүзеге асырылады.
Нарықтық қатынастардың дамуына байланысты, сондай-ақ ескі банктік жүйе
үшін уақытша бос ақшалай қаражаттарды тартудың дәстүрлі емес тәсілдерінің
болуы, тартылатын қаражаттар құрылымын толығымен өзгертті десе де болады.
Банктік тәжірибеде барлық тартылатын қаражаттарды жинақтау тәсілденріне
байланысты үлкен екі топқа бөледі:
- депозиттік қаражаттар;
- депозиттік емес тартылған қаражаттар
Тартылған қаражаттар ішіндне ең көп бөлігін депозиттер құрайды.
Депозиттер банк үшін бірден-бір арзан ресурс көзі болып табылады.
Депозит –бұл клиенттердің ( жеке және заңды тұлғалардың) банктегі
белгілі бір шотқа салған және өздері пайдалана алатын қаражаттары.
Депозиттік емес тартылған қаражаттар – бұл банктің алған қарыздары
түрінде немесе өздерінің меншікті бағалы қарыздарын сату жолымен тарататын
қаражаттары.
Депозиттік емес банктік ресурс көздері мен депозиттер өзара
ажыратылады. Біріншіден, олар персоналдық емес, яғни банктің нақты
клиентінің атынан тартылмайды; екіншіден, мұндай қаражаттарды тарту
инициативасы банктің өзінен туындайды.
Депозиттік емес тартылған ресурстармен көбіне ірі коммерциялық банктер
айналысады. Өйткені, депозиттік емес қаражаттар ірі сомада сатып
алынатындықтан да, оларды көтерме сауда операциялар сипатына жатқызуға
болады.

2. Банктің депозиттік операциялары

Банктік ақшалар пайыз әкеледі және салымшы үшін 2 роль атқарады:
біріншіден ақша, екіншіден капитал пайыз әкеледі. Қолма-қол ақшалардан
депозиттердің артықшылығы бұл яғни депозиттер пайыз әкеледі, ал депозиттің
кемшілігі капитал әкелктін пайызға қарағанда төмен пайыз әкеледі. Банктің
басқа мекемелеріндегі капиталдары, депозиттердің пайыздарына қарағанда
жоғары болып табылады. Депозиттер бойынша сыйақылар және капитал алушы
қарызшының сыйақылары банктің кірісі болып есептелінеді және соның
арқасында банк жұмыс атқарады.
Қазақстан Республикасының президентінің жарлығы бойынша бекітілген
Банктер және банк қызметтері туралы заңда депозитке келесідей анықтама
беріледі.Депозит (салым) – бір тұлға депозитордың басқа тұлғаға, банкке
оның ішінде Ұлттық банкке аталған күйінде қайтарылуға тиіс деген шартпен
алғашқы талап ету бойынша немесе белгілі бір мерзім өткеннен кейін толық
немесе бөліп-бөліп, алдын-ала келісілген үстемесімен немесе ондай
үстемесіз, депозитарға тікелей қайтарылуға не оның тапсыруымен үшінші бір
тұлғаға берілуге тиістілігіне қарамастан беретін ақша..
Сонымен қатар, Қазақстан заңнамасы бойынша депозиттерді тарту бұл
банктік операцияларға жатады, сондықтан да депозиттерді тартуға банктер
және Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінен лицензия алған мекемелер
ғана жүзеге асыруға құқылы.
Бұл шектеулер заңнаманың еріккендігі емес, ал өмірлік қажеттілік осы
қызметті бақылау, қадағалау үшін қажет. Өйткені көптеген қаржылық пирамида
формасындағы қатыгездіктер салымшыларды лақапқа әкеліп соғады, осының
нәтижесінде тек ғана қаржылық-банктік жүйеге ғана емес, барлық Қазақстан
Республикасының экономикалық жүйесіне деген сенімділікті төмендетеді. Әр
мемлекеттің, сонымен Қазақстанның бірінші орындағы мақсаты бұл
салымшылардың салымдарын қорғау және құқықтық тәсілдермен қадағалау.
Депозиттер әртүрлі негіздер бойынша классификацияланады: қайнар
көздері, кірістер дәрежесі, салымшылар категориялар және т.б.бойынша.
Барлық салымшылар заңды және жеке тұлғалар болып бөлінеді.
Депозит операциялар активті және пассивті болып бөлінеді. Активті
депозиттік операциялар – банктің уақытша бос ақша қаражаттарын басқа
корреспондент – банктердегі шоттарда орналастырумен байланысты операциялар.
Олар банктің өтімді активтері ретінде, яғни жалпы активтердің өте аз
бөлігін алады.
Пассивті депозиттік операциялар – бұл клиенттердің уақытша бос ақша
қаражаттарын белгілі уақытқа және пайыз төлеу шартымен тартуға байланысты
операциялар. Бұл операциялар көмегімен тартылған депозиттер пассив жағының
көп бөлігін алады және банктік ресурстар қалыптастырудың негізгі көзі.
Қазіргі банктік тәжірибеде ғалымдардың, депозиттердің және депозиттік
емес ресурстардың шоттарының әр түрлері кездеседі. Бұл банктердің жоғарғы
бәсекелестік нарықта банк қызметтеріне деген клиенттер топтарының сұранысын
қанағаттандыруға және олардың қаражаттары мен уақытша бос қаражаттарын
банктік шоттарға тартуға ұмтылуына жағдай жасайды.
Экономикалық мазмұнына қарай депозиттерді мынадай топтарға бөледі:
- талап етуге дейінгі депозиттер
- мерзімді депозеттер
- жинақ салымдары
- бағалы қағаздар
Сондай-ақ оларды мынадай белгілеріне байланысты жіктеуге болады:
- мерзімдеріне қарай
- салым иелерінің категорияларына қарай
- қаражаттарды салу және қайтарып алу шартына қарай
- пайыз төлеу шартына қарай
- банктің активтік операциялары бойынша жеңілдіктер алуына қарай
Салым иелерінің категорияларына байланысты депозиттік шоттар мынадай
түрлерге бөлінеді:
- жеке тұлғалардың шоттарына
- кәсіпорындар жән акционерлерлік қоғамдардың шоттарына
- жергілікті билік ұйымдардың шоттарына
- қаржылық мекемелердің шоттарына
- шетелдік азаматтардың шоттарына

1.3 Банктік депозиттердің түрлері

Депозиттердің кең таралған түрлеріне:талап етуге дейінгі, мерзімді және
жинақ салымдары.
Талап етуге дейінгі депозиттер – бұл салым иелерінің бастапқы талап
етуіне байланысты әр түрлі төлем құжаттар арқылы қолма-қол ақшаларын алатын
әр түрлі шоттардағы қаражаттары.
Отандық банктік тәжірибеде талап етуіне дейінгі депозеттерге мыналар
жатады:
- мемлекеттік, акционерлік кәсіпорындардың, сондай-ақ әртүрлі шағын
коммерциялық құрылымдардың ағымдық шоттарындағы сақталатын
қаражаттары
- әр түрлі мақсатқа тағайындалған қорлардың қаражаттары;
- есеп айырысудағы қаражаттар;
- жергілікті бюджеттер қаражаттары және олардың шоттарындағы
қаражаттар;
- басқа банктердің корреспонденттік шоттарындағы қаражат қалдықтары.
Талап етуге дейінгі депозиттік шоттардың артықшылығы олардың иелері
үшін жоғарғы өтімділігіне байланысты сипатталады. Талап етуге дейінгі
депозиттік шоттарға қаражаттар, шаруашылық және басқа да операциялардың
жүзеге асырылуы барысында түседі және пайдаланады.
Ал кемшілігі – бұл шот бойынша пайыз мүлде төленбейді немесе біршама
төменгі мөлшерде төленеді. Міне, осыдан келіп талап етуге дейінгі шоттардың
мынадай өзіндік ерекшеліктері қалыптасады:
- ақша салу және оны алу кез-келген уақытта ешқандай да шектеусіз
жүзеге асырылады;
- шот иесі банктен осы шотты пайдаланғаны үшін пайыз түрінде немесе
комиссиондық ақы алып отырады;
- банктер талап етуге дейінгі шоттарда ақшалай қаражаттарды сақтағаны
үшін өте төменгі деңгейде пайыз төлейді, кейде төлемеуі де мүмкін;
- талап етуге дейінгі депозиттер бойынша, коммерциялық банк орталық
банкте сақталатын міндетті резервтерге жоғарғы мөлшерде аударымдар
жасайды.
АҚШ-тың банктік тәжірибесінде талап етуге дейінгі депозиттік шоттармен
қатар, сондай шоттар түріндегі Нау-шотты және куәландырылған чектер сияқты
депозиттер АҚШ банктерінде кеңінен қолданылады.
Нау-шоттар – бұл пайыз төленетін, чектік депозиттер.
Нау- шоттың мынадай өзіне тән ерекшкліктері болады:
- бұл шот түрі бойынша пайыз төленеді
- бұл шот жеке тұлғаларға немесе пайда таппайтын ұйымдарға ашылады
- салым иелерінен бұл шотта ең төменгі қаражат болуы талап етілмейді.
Куәландырылған чектер шоттары – бұл куәландырылған чектерді төлеу үшін,
сақталатын банктердегі талап етуіне дейінгі депозиттік шоттағы қаражаттарды
білдіреді.
Куәландырылған чектер – бұл банктің шоттағы қаражаттың барлығын чектер
арқылы куәландыруы.
Американдық банктік тәжірибелерде жаңа депозит түріне ақша нарығының
депозиттік шоты жатады.
Оның мынадай ерекшеліктері бар.
- ақша нарығының басқа құралдары бойынша мөлшерлемелерінің өзгеруіне
байланысты, әр аптада шот бойынша пайыз мөлшерлемесінің өзгеріп
отыруы;
- шот бойынша ең төменгі қалдықтың болуының талап етілуі;
- салымдардың сақтандырылуы;
- иемденуші, үшінші жақтан төлемдер үшін айына шоттан алты рет аударма
жасауына болады, мұның ішінде үшеуі чекті көшіріп жазу жолымен,
үшеуі телефон арқылы жүзеге асады;
Мерзімді депозит – бұл банктерде белгілі бір мерзімге және пайыз төлеу
шартында орналастырылған клиенттердің уақытша бос ақша қаражаттары.
Ьұл депозит түрі алдын-ала хабарлаудан кейін немесе мерзім бойынша
алынуы мүмкін. Мерзімді депозиттер чектің көмегімен пайдаланылмайды, бірақ
қолма-ол ақша түрінде еркін аударылады немесе ағымдағы шотқа аударылады.
Егер мерзімге дейін бұл салымды алатын болса, онда шот иесі айыппұл төлеуге
міндетті.
Бұл салымның ерекшклігі – талап еткенге дейінгі депозитке қарағанда,
оларға міндетті резервтердің төменгі мөлшері белгіленеді.
Депозиттің бұл түрін алдын ала хабарлау негізінде немесе уақыты жеткен
кезде салым иесі ала алады. Мерзімді депозиттерді чектер арқылы алуға
болмайды. Мерзімді депозиттерді басқс шоттарға аударуға болады.
Мерзімді депозиттер мынадай түрлерге бөлінеді:
- меншікті – мерзімді депозиттер
- алдын ала алуы ескертілетін мерзімді депозиттер.
Меншікті-мерзімді депозиттер сақталу мерзіміне қарай жіктеледі:
- 30 күнге дейінгі
- 30-90 күнге дейінгі
- 90-180 күнге дейінгі
- 180-360 күнге дейінгі
- 360 күннен жоғары
Мерзімді депозиттер бойынша, салым иесінен алдын ала хабарлау депозиті
бойынша міндетті түрде өтінішін талап етеді. Өтініш беру уақыты алдын ала
келісіледі және депозит бойынша, соған сәйкес пайыз белгіленеді. Әдетте,
алдын ала алуын хабарлау мерзімі жеті күннен жоғары болып келеді.
Мерзімді депозиттердің мынадай ерекшеліктері болады:
- есеп айырысу үшін пайдаланылмайды,әрі мұндай шоттарға ешқандай да
есеп айырысу құжаттары толтырылмайды;
- шоттағы қаражат баяу айналады;
- тұрақты пайыз төленеді;
- пайыз мөлшерінің ең жоғарғы деңгейі Ұлттық банкі тарапынан реттеліп
отырады;
- ақшаны алуы туралы салым иесінің алдын ала хабардар етуі талап
етіледі;
- бұл шоттағы қаражаттар бойынша ең төменгі мөлшерде резервтер
белгіленеді.
Тағы бір кеңінен таралған депозиттердің түрі – жинақ салымдары. Олардың
белгіленген мерзімі жоқ, қаражатты алуда ескертуін талап етпейді, салымның
жоғарғы шегі шектелген, ақшаны салу және алу кезінде жинақ кітапшасын
көрсетуі қажет.
Банктер үшін мұндай шоттар қосымша жұмыстарды талап етеді: операцияны
рәсімдеу қиынырақ,, кітапшаны жоғалту және ұрлатып алу жағдайына сай екі
жақты тіркеу енгізу қажет және т.б. компьютердің көмегімен жасалынған жеке
бет шоты туралы көшірмесі негізінде жинақ салымдармен басқа салымдарды
ауыстыруға мүмкіндігі бар.
Мерзімді депозиттер және жинақ салымдары депозиттік ресурстардың
біршама тұрақты бөлігін білдіреді.
Жинақ салымдардың тұрақты мерзімі болмайды. Бұл салымдардың түрі
бойынша,мерзімді депозиттерге қарағанда төменгі мөлшерде пайыз төленеді.
Жинақ салымдар жинақ кітапшалары негізінде толтырылады.
Жинақ салымдардың мынадай ерекшеліктері болады:
- ақшалай қаражаттар сақтауда тұрақты мерзімі болмайды
- шоттағы қаражатты алдын ала алу барысында ешқандай да ескерту талап
етілмейді
- ақшаны шотқа саларда немесе шоттан аларда міндетті түрде ақшалай
қаражаттар қозғалысы көрсетілетін жинақ кітапшасының болуы талап
етіледі.
Отандық банктік тәжірибеде жинақ шоттары тек жеке тұлғаларға ғана
ашылады. Ал шетел тәжірибесінде мұндай шоттар коммерциялық емес ұйымдарға
және іскер фирмаларға ашыла береді.
Отандық банктік тәжірибеде жеке тұлғаларға ашылатын жинақ салымдар
салым операцияларының мерзіміне және мазмұнына қарай мынадай түрлерге
бөлінеді:
- мерзімді жинақ салымдар;
- қосымша жарна қосатын мерзімді жинақ салымдар;
- ұтыс салымдары;
- ақшалай-заттай ұтыс салымдары;
- мақсатты және ағымдық салымдар;
- алдын ала алуын хабарлайтын салымдар;
- валюталық салымдар.
Мерзімді жинақ салымдарға тұрақты мерзімі белгіленетін және сол мерзім
өткенше алуға мүмкін емес салымдар жатады. Мерзімді жинақ салымдарға басқа
жинақ салымдарға қарағанда жоғары мөлшерде пайыз төленеді.
Қосымша жарна қосатын салымдар – бұл шоттағы қаражатқа алдын ала
келісілгенуәде бойынша үздіксіз ақшалай соманы қосып отыруға болатын
салымды білдіреді. Бұл шотта жинақталынған соманы белгілі бір күнде толық
төленеді.
Ағымдық жинақ салымдар, негізінен, жалақы, зейнетақы, үздіксіз
төлемдерді төлеу үшін жинақталатын және пайдаланылатын қаражаттарды
білдіреді. Мұндай салымдар бойынша өте төменгі пайыз төленеді.
Отандық банктер тәжірибесінде халық салымдарының бірнеше түрлері
қолданылады. Айталық, Халық Жинақ банкі мынадай салымдардың түрлерін жеке
тұлғаларға ұсынады.
- Народный салымы- жоғары сыйақы мөлшерлемесі бар және оны мерзімнің
соңында төлейтін, мерзімді салым. Төменгі сомасы – 2000 теңге не 50
АҚШ доллары немесе 50 еуро. Мерзімі: 3,6,12 және 24 ай.
- Сенім-плюс салымы- ай сайын пайыз төленетнін мерзімді салым. Төменгі
сомасы- 1000 теңге не 50 АҚШ доллоры немесе 50 еуро. Мерзімі:3,6,12
және 24 ай.
- Накопительный плюс салымы- қорлану мерзімі: 1 жыл,3 жыл және 5
жылдық қлрдану салымдары. Төменгі сомасы- 2000 теңге не 50 АҚШ
доллары немесе 50 еуро. Мерзімі: 1 жыл, 3жыл және 5 жыл.
- Проценты вперед салымы- салымды ашқан күні пайызды төлейтін мерзімді
салым. Төменгі сомасы- 1000 теңге не 100 АҚШ доллары немесе 100
еуро. Мерзімі: 3 және 6 ай.
- Приемиальный салымы- сыйлық ақы мөлшерлемесі бар әмбебап талап етуге
дейінгі салым. Төменгі сома- 500 теңге.
- Золотой возраст салымы- 50 жасқа толған адамдар мен зейнеткерлерге
арналған арнайы салым. Төменгі салым- 100 теңге. Мерзімі: 90 күн.
- Ақ бота салымы- арнайы балаларға арналған салым. Төменгі салым-500
теңге не 5 АҚШ доллары. Мерзімі: 5 жыл.
- Интернет салымы- Интернет-Банкинг жүйесінде ашылған салым. Төменгі
салым 10000 теңге не 100 АҚШ доллары. Мерзімі: 30 күн,90 күн, 180
күн, 270 күн, 360 күн.
Мерзімді депозиттер мен жинақ салымдардың бір түріне депозиттік және жинақ
сертификатарын жатқызуға болады.
Депозиттік және жинақ сертификаты – бұл салым иесіне белгілі мерзім
өткен соң, тиісті қаражатты және оған есептелетін пайызды алуға құқық
беретін және оның шотындағы ақшалай қаражатының барлығын куәландыратын банк-
эмитенттің жазбаша куәлігі.
Депозиттік және жинақ сертификаттары иемденуіне қарай екі түрлі
болып келеді:
- атаулы сертификаттар;
- мәлімдеуші сертификаттар.
Атаулы депозиттік және жинақ сертификаттары бұл салым иелерінің атына
толтырылып беріледі. Ал мәлімдеуші сертификаттарда салым иесінің аты- жөні
көрсетілмейді, яғни оны кім иеленсе, сол қаражаттың иесі болып саналады.
Депозиттік және жинақ сертификатары сатылған тауарлар және көрсетілген
қызметтер үшін төлеуге болатын төлем құралы немесе есеп айырысу қызметін
атқара алады. Депозиттік сертификаттар көбіне ірі сомада шығарылатындықтан
да, оларды заңды тұлғалар сатып алады.
Әлемдік банктік тәжірибеде депозиттік сертификаттардың мынадай екі түрі
бар:
- аударылатын;
- аударылмайтын.
Аударылмайтын депозиттік сертификаттар салым иелерінің қолдарында
болып, уақыты жеткен соң банкке ұсынылады.
Аударылатын депозиттік сертификаттар басқа бір тұлғаларға екінші
нарықта сатып алу- сату арқылы өтеді.
Жинақ сертификаты жеке тұлғаларға арналып шығарылады. Жинақ
сертификатының мерзімі 1 жылдан 3 жылға дейінгі мерзім аралығын құрайды.
Жинақ сертификаты тек жеке тұлғаларға ғана беріледі.
Мерзімді депозиттік және жинақ сертификаттары мерзімінен бұрын төлеуге
ұсынылуы мүмкін. Мұндай жағдайда банк сертификатты сатып алады, бірақ
төменгі мөлшерде пайыз төлейді. Коммерциялық банктер үшін бұл сертификат
ресурсы жинақтау тиімділімен, яғни ірі соманың белгілі бір мерзімге түсуін
сипаттайды.
Осындай жағдайда, коммерциялық банктердің активтік операцияларын
қаржыландырудың басты көзі ретінде пайдаланылатын тартылған қаражаттарды
жинақтауда, коммерциялық банктерден депозиттік саясатты белсенді түрде
жүргізе отырып,депозиттік операцияларды ұлғайту талап етіледі. Депозиттік
операцияларды ұйымдастыру барысында коммерциялық банктер баланс өтімділігін
сақтай отырып, мынадай талаптарды ескеруі тиіс:
- депозиттік ресурстардың қаржыландыратын активтік операциялардың
мерзімдері мен сомасына сәйкес келуі;
- депозиттік операциялар банк пайдасын ұлғайтуға немесе болашақта
пайда алу үшін жұмыс жасауға тиіс;
- депозиттік операцияларды ұйымдастыру процесінде мерзімді депозиттер
мен мерзімді салымдардың көбірек тартылуына көңіл бөлу;
- салым иелерінің санын өсіру мақсатында, депозиттік операциялар
түрлерін ұлғайтып, қосымша қызмет көрсетіп, жеңілдіктер жасауға
тиіс.

Банктің депозиттік емес ресурстары

Банктің депозиттік емес ресурстары банктің қысқа мерзімді өтімділігін
қолдау мақсатында тартылады. Оларға: банкаралық несиелер, Ұлттық банктің
несиелері, банктердің меншікті бағалы қағаздарын эмиссиялау нәтижесінде
тартқан ресурстары, сондай-ақ отандық және шетепдік басқа да қаржы
нарығынан сатып алынған ресурстары жатады.
Банкаралық несие- бұл коммерциялық банктердің бір- біріне беретін
несиелері.
Банкаралық несие бұл басқа ресурстармен салыстырғанда өте қымбат ресурс
болып табылады.
Банкаралық несиенің негізін банкаралық депозиттер құрайды. Банкаралық
депозиттер- бұл банктердің бір- бірінде ашқан корршотындағы қаражат
қалдықтары.
Депозиттік емес қаражаттардың бір түріне Ұлттық банктің коммерциялық
банктерге қысқа мерзімді өтімділігін қолдап отыру мақсатында беріліп
отырған мынадай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктердің депозиттік саясаты
Банктегі депозиттік операцияларды ұйымдастыру жолдары
Банктегі депозиттік операциялар және олардың есебі
Банктің ресурстарының қалыптастыру сипаты
Коммерциялық банктің басқару құрылымы
Ақша құндылықтарымен операцияларының есебі
Банкте депозиттік нарықты анықтаудың алғы шарттары
Еліміздің банктерімен тартырлған қаржы ресурстарын талдау
«АТФ банк» акционерлік қоғамының қызмет нәтижелерін талдау
Банктегі бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы
Пәндер