Аттың сыны мен бабы, жүйрік, бәйге аттардың түрлері



1. Аттың сыны мен бабы. Жүйрік, бәйге аттардың түрлері
2. Сыншылық өнер
3. Аттың сыны
4. Бәйге атын баптау мен жарату
Қазақстанның қай аймағында болмасын жүйріктерді жақын жерге және алыс қашықтықтарға – аламанға шабатын деп екіге бөліп айтады. Кейде жақын жерге шабатындарды тыз етпе – ұшқыр десе, алысқа шабатындарды – қыза шабатын аламан-бәйге жүйрігі деп жатады. Ал Баян Өлгий қазақтарында жүйріктерді түрге бөлудің бірнешеуі ежелден қалыптасқан, кейде жеке сыншылардың да өзіндік жүйесі болады. Бірнеше атбегілердің сөзіне қарағанда: жалпы жылқыны үш түрге бөледі:
1. Ақалақ жылқы – жауға мінетін ат шығады, жауға мінетін жылқы бұқпа болады.
2. Ақсақал жылқы – жүйрік, тұлпарлар осы топтан шығады.
3. Бақал (мұзбүйрек) жылқы – ең төменгі топ, шабан, шобыр аттар. Мал қайырып мінуге, жүк тасуға, тартуға, шаруаға пайдаланылады. СІХ.
Ақсақал жылқы 10 түрге бөлінеді:
1. Арқар жүйрік – ой-қырға бірдей жүгіреді.
2. Жайран жүйрік – ой-қыр демей шабады.
3. Қоян жүйрік – өрге шабады, арты биік, алды аласа келеді.
4. Түлкі жүйрік – жазыққа шабады.
5. Күдір жүйрік – күшті өрге шабатын жүйрікті тауға-тасқа жүгіретін күдір аңға ұқсатқан. Екі мықын – жая мен қабырғаның ортасы бір сүйем ғана болады (сүйем бас бармақ пен сұқ саусақтың арасы), ал жазыққа шабатын жүйріктердің жая мен бұғанасының ортасы бір қарыс (бір қарыс шамамен 20 см). Күдір жүйрік құйрығын көтеріп шабады.
6. Шаңтимес – бірден шаба жөнеледі, зу етіп алға шығады, тыз етпе, ұшқыр.
7. Аламан жүйрік – алдыңғы атты қуып жетіп, басып озып отырады, алысқа шабады.
8. Төңірек жүйрік – бұрқырап шабады. Төңіректі кейде тесік өкпе деп те атайды. Екі өкпесінің тұсындағы орайының ортасындағы тесіктен, аяз күндері бу шығып тұрады. Информаторлардың айтуынша ХІХ ғ. аяғында Семей аймағына атағы шыққан Көкшағырдың, Аягөзде атақты Ақбайталдың өкпелерінде тесік болған. (LХVІІІ.LХІV)

Ат қосты бәйгекөк деп тесік өкпе,
Жайылды тесік өкпе талай көпке.
Қараса өкпесінің тесігі бар,
Рас қой, тесік өкпе екендігі. (СІХ.)
9. Желбегей – алдыңғы екі аяғы ширатылған арқан тәрізді елестейді, артынан қарағанда шабынған бураның артындай төңкерілген тұрпаты ұзын, шойыннан құйғандай келісті келеді.
10. Қызбел (босбелбеу) – жайран бас, көзі отты, мінезі ұшқалақ, жеңілтек. Жал-құйрығы жұқа, құндыздай жылтылдаған жұмсақ жүнді. Ұшасы мен төбе сүйегі биік, түлкі тұмсық, теке мұрын, танауының ауқымы тар. Қызбелдер бәйгеге келмейді, нағыз көкпардың аты.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Аттың сыны мен бабы
Жүйрік, бәйге аттардың түрлері

Қазақстанның қай аймағында болмасын жүйріктерді жақын жерге және алыс
қашықтықтарға – аламанға шабатын деп екіге бөліп айтады. Кейде жақын жерге
шабатындарды тыз етпе – ұшқыр десе, алысқа шабатындарды – қыза шабатын
аламан-бәйге жүйрігі деп жатады. Ал Баян Өлгий қазақтарында жүйріктерді
түрге бөлудің бірнешеуі ежелден қалыптасқан, кейде жеке сыншылардың да
өзіндік жүйесі болады. Бірнеше атбегілердің сөзіне қарағанда: жалпы жылқыны
үш түрге бөледі:
1. Ақалақ жылқы – жауға мінетін ат шығады, жауға мінетін жылқы бұқпа
болады.
2. Ақсақал жылқы – жүйрік, тұлпарлар осы топтан шығады.
3. Бақал (мұзбүйрек) жылқы – ең төменгі топ, шабан, шобыр аттар. Мал
қайырып мінуге, жүк тасуға, тартуға, шаруаға пайдаланылады. (СІХ.(
Ақсақал жылқы 10 түрге бөлінеді:
1. Арқар жүйрік – ой-қырға бірдей жүгіреді.
2. Жайран жүйрік – ой-қыр демей шабады.
3. Қоян жүйрік – өрге шабады, арты биік, алды аласа келеді.
4. Түлкі жүйрік – жазыққа шабады.
5. Күдір жүйрік – күшті өрге шабатын жүйрікті тауға-тасқа жүгіретін күдір
аңға ұқсатқан. Екі мықын – жая мен қабырғаның ортасы бір сүйем ғана
болады (сүйем бас бармақ пен сұқ саусақтың арасы), ал жазыққа шабатын
жүйріктердің жая мен бұғанасының ортасы бір қарыс (бір қарыс шамамен 20
см). Күдір жүйрік құйрығын көтеріп шабады.
6. Шаңтимес – бірден шаба жөнеледі, зу етіп алға шығады, тыз етпе, ұшқыр.
7. Аламан жүйрік – алдыңғы атты қуып жетіп, басып озып отырады, алысқа
шабады.
8. Төңірек жүйрік – бұрқырап шабады. Төңіректі кейде тесік өкпе деп те
атайды. Екі өкпесінің тұсындағы орайының ортасындағы тесіктен, аяз
күндері бу шығып тұрады. Информаторлардың айтуынша ХІХ ғ. аяғында Семей
аймағына атағы шыққан Көкшағырдың, Аягөзде атақты Ақбайталдың
өкпелерінде тесік болған. (LХVІІІ.LХІV)

Ат қосты бәйгекөк деп тесік өкпе,
Жайылды тесік өкпе талай көпке.
Қараса өкпесінің тесігі бар,
Рас қой, тесік өкпе екендігі. (СІХ.)
9. Желбегей – алдыңғы екі аяғы ширатылған арқан тәрізді елестейді, артынан
қарағанда шабынған бураның артындай төңкерілген тұрпаты ұзын, шойыннан
құйғандай келісті келеді.
10. Қызбел (босбелбеу) – жайран бас, көзі отты, мінезі ұшқалақ, жеңілтек.
Жал-құйрығы жұқа, құндыздай жылтылдаған жұмсақ жүнді. Ұшасы мен төбе
сүйегі биік, түлкі тұмсық, теке мұрын, танауының ауқымы тар. Қызбелдер
бәйгеге келмейді, нағыз көкпардың аты. (СІХ.LХХХV.СVІІІ)
Созақ елінің (Оңтүстік Қазақстан) атбегілері бәйге аттарын үш топқа
бөледі:
Арынды жүйрік – шүу дегенде жарқырап алға шығады, көзге тез көрінеді.
Оны ұшқыр деп те атайды. Арынды жүйріктердің бағы көкпарда жанады. Салым
салатын аттар сол арынды жүйріктер тобына жатады.
Ағынды жүйрік – бірқалыпты, ағып шабатын жүйрік. Ол алғашқы шабысынан
танбайды, ұзаққа сілтейді, аламан бәйгеде көзге түсіп, көпшіліктің
мақтауына ілігеді.
Сарынды жүйрік – үдемелі жүйрік, айқай-шуды естігенде, дүбірлі шабыс
тақалғанда еліре-екілене шабатын, құлағын үнемі сарынға тігіп отыратын,
бүйірі дуда қызатын жүйрік. Мұндай жүйріктер қолға сирек түседі.[418.149б.]
Қазақстанда жылқыны пайдаланылуына және жүрісіне қарай түрге бөлу
кездеседі. Мұны ең алғаш байқап жазған М.Бабаджанов. Автор қазақ жылқылары:
берік, жүрдек, жүйрік (жүйрікті үшке бөледі: ұшқыр, қарғыншыл, аламан-
жүйрік), аяңшыл, жорға. [86] Бұл жерде М.Бабаджановтың ұшқырын Моңғолия
қазақтарының шаңтимесімен, қарғыншылды қызбелмен шендестіруге болады. Күні
бүгінге дейін жүйріктердің топқа жіктелуі әлі толық қалыптасқан жоқ деп
айтуға болады.

ІІ. Сыншылық өнер
Қазақтың ат жарату өнерінде сыншылардың орны ерекше. Сыншы жылқының
сыртқы тұрпатынан, ішкі құрылысына дейін – анатомиясын, мінез-құлқынан
бастап, көңіл күйіне – психологиясын бір қарағанда білетін, қазіргі тілмен
айтсақ, интеллектуалды маман. Сондықтан қазақ қоғамында сыншылардың
әлеуметтік мәртебесі де жоғары болған. Сыншыларды шартты түрде екі түрге
бөлуге болады: 1) Көбінесе мұндай кәсіпті мансұқ еткендер, ата-бабасынан
бері қарай жылқы ұстап, жылқы қадірлеген атқұмарлардың ұрпақтары. 2) Ат
танушылық қасиеті туа біткен, ешқандай ат жаратпай-ақ, таза атқа баға беріп
қана ел арасында атағы шыққандар. Қазақстанның әр жерінде ат танушы мұндай
мамандарды әртүрлі атау қалыптасқан.
Қазақстанның көп жерлерінде, әсіресе Орталық, Шығыс Қазақстанда
атбегі, Батыс Қазақстанда (кіші жүзде А.Т.) атсейіс, болмаса сейіс,
Оңтүстік Қазақстанда бапкер, Шыңжаңда (ҚХР) тапкер, сайыскер,
дадагер сияқты атаулар қолданылады. (CLVI). Атағы бүкіл қазаққа мәшһүр
Толыбай, Күреңбай, Шоқай Шөңкеев сияқты сыншыларды халық әлі жыр ғып
айтады. Осындай сыншы, атбегілердің бірнешеуінің өмірінен эпизодтық
әңгімелерді келтіре кетейік:
Қазақ пен қырғыз ат бәйгесінде ежелден бәсеке ел ғой, бірде екі ел
арасындағы аста қырғыздың Ақмоншақ, Көкмоншақ, Сармоншақ деген атақты
жүйріктеріт мен Мақұлбектің Қараты бақ сынасады. Мақұлбек 20 жігітпен
қонаға қырғыз еліне келіп түседі. Келе киіз үйді тігіп, Қаратты сонда
ұстап, жігіттерден алма-кезек қарауыл қояды. Киізін түріп, керегені ашып
тастайды. Мақаң кешке қарай атын көрейін деп сыртқа шықса, бір қария кісі
киізі түрулі керегеден жігіттің қарсылығына қарамай сығалап жүр екен.
– Оу, қария, неғып жүрсіз, – дейді Мақұлбек.
– Уа, туған, жақсыны көрмекке деген, атыңды көрейін деп жүрмін,– дейді
әлгі қария. Мақұлбек дереу бір жігітіне: Мына кария дәу де болса,
қырғыздың сыншысы, соңына түс не дер екен? – деп тапсырма береді. Әлгі
қария қырғыздың игі-жақсылары түскен үйге барып:
– Қазақ ағайындардан келген аттардың ішінде бір жүйрік қара ат бар
екен, бірақ жанды жерінде ет пен терінің арасында бір түйір май қалып
кетіпті, сондықтан, бәйгенің алды сіздікі, – деп Ақмоншақ атты жүйріктің
иесін көңілдендіріп қояды. Осы хабарды ести сала, Мақұлбек атын бір сор
батпаққа әкеліп байлайды. Таңертең ойнап шыққан қара атты көрген әлгі
сыншы:
– О, атаң, қазақтар біліп қойыпты. Енді, қара ат жеткізбейді, – деген
екен. [3]
Айтқандай-ақ Қарат Көкмоншақты, Сармоншақты басып озып, мәреге бір
шақырымдай қалғанда біресе Қарат, біресе Ақмоншақ озып, екеуі бір-бірін
жібермей келе жатқанда Мақұлбек Е, құдай, аруақ, Бәйдібек, – деп айқайды
салады. Сонда бірте-бірте Қарат оза бастайды. Мәреден өткенде Қарат
Ақмоншақтан арқан бойы озып кетеді.
Атың келіп бәйгеден,
Қазақтар бағың ашылды.
Бәйдібек, деп ұран сап,
Мақұлбек ерлік жасады.
Мақұлбектің қарасы, – деп шулап жатады. Қырғыздың мына тау-тасы мен
даласы, деп қырғыздың қобызын безеген жыршы-ақындары кезекпен жырға қосады.
Мақұлбектің осы екі ат бәйгесінде бір ескергені – атын дауысқа, ұранға
үйреткені. Жүйрікті ду көтереді, жүкті нар көтереді, – дейді атақты
атбегі Қадыл Айдаубайұлы.
Көп жағдайда қазақ бәйгеге қосар атын тіл-көзден сақтап ешкімге
көрсетпей әсіресе ат сыншыларына сынатпай, екі көзін ғана ашып, бүкіл
бәденін тұмшалап жабулап тастайтын.
ХХ ғасырдың басында Жамбыл өңірінде өмір сүрген, әйгілі Қаратымен атағы
шыққан, Мақұлбек атбегі Қаратты бәйгеге қосарда бір-екі күн қалғанда қарсы
жақтың сыншысына көрсетіп, ол сыншы не айтар екен деп жансыз жіберіп,
сыншының пікірін білген соң әлгі бір-екі күн ішінде атының кінәратын жөндеп
жібереді екен. Бірде бір ат бәйгесіне Мақұлбек Қаратын алып барса, Әділбек
болыс Қарашеке дейтін жүйрігін алып барады. Әділбек: Біздің Қарашекеден
Мақұлбектің Қараты қандай екен, сынап келіңдер,– деп сыншы жіберсе керек,
Мақұлбек те: Кім келеді, атқа қандай сын айтады, қандай мін тағады, біліп
тұрыңдар, – деп аттың қасына адамдар қойған екен. Мақұлбектің қасынан,
Әділбек болыс кеткен соң, Қараттың қасындағы адамдар: Әділбектің
сынағыштары атты көріп, ешнәрсе демей кетті,– дейді Мақұлбекке.
Мақұлбек: Сыншылар Қарат жайлы Әділбекке не айтар екен, тыңдап
келіңдер,– деп бір жансыз жібереді. Жансыз әлгілердің: Қараттың екі
құлағының түбінде тер қалыпты, сол кінәрат болмаса, сіздің Қарашекемен
қатар келетін түрі бар. Ерен жүйрік жылқы екен, – дегенін айтып келеді.
Мұны естіген Мақұлбек, ақылдаса келіп, екі қарияның екі тер сіңген
тақиясын алып отқа қыздырып алады да, аттың екі құлағына қайта-қайта басып,
құлақ шекесіне таңып, атты жабулап, қамап тер алдырады. Сыншы айтқандай
Қарат пен Қарашеке бірінен-бірі оза алмай, ең алдынан қатар шауып келе
жатыр екен. Жүйріктер тұсынан өте берген кезде Мақұлбек бар даусымен: Е,
аруақ, Батырбек датқа атамның аруағы, қолдай гөр, айт, жануар!, – деп
айқай салыпты. Сонда Қараат, Қарашекеден оқ бойы алға озып шыққан екен.
[3]
Жүйрік болатын атты бірнеше жыл қоя беріп, жанындағы аттарды біртіндеп
сойып отыру көбінесе Арқа жаққа тән. ХХ ғасырдың басында Керекуде өмір
кешкен Бежу атбегінің тәсілі жоғарыдағыдай: ...Бежудің құла торысы...
дөнен екен. Әуелгі кезде көнектен сүт беріп әлдендіріп ап, кейін жанына 3
дөнен қосып жайылымға жеке бағып-баптайды. Жыл сайын қыс түсе бір дөненді
сойып отырады. Сонда бірінші жылы сойған дөненнің жілігі қаракемік май,
үшінші жылғы сойылған жылқының жілігінен ғана таза ақ май шыққан екен.
Осыдан кейін ғана етін ширатып жаратуға, бәйгеге қосуға дайындайды. Бежу
қайтыс болған соң Құлаторы бәйге ала алмайтын болыпты. Көкшеден елге
оралғанда Бежудің екі келіні қара жолдан жаяу қарсы алып, дауыстап
көрісіпті. Сонда айтқан торы атпен екі келіннің көрісуінің бір жұрнағы
былай екен:
Торы атымның тоқтығы-ай,
Жасына біткен шоқтығы-ай.
Торының мұндай болғаны,
Жан атамның жоқтығы-ай. [50]
ХХ ғасырда Баян Өлгийде өмір кешкен Көбеш батырдың ат жаратуға келген
жас баланы сынаққа алуы:
– Өзің жүйріктің бабын білуші ме едің?
– Білем ғой, аға. Білмесем, сізге келем бе?
– Білсең айтшы, кәне?
– Сұраңыз айтып көрейін, білгенімше.
– Мықтылықтың белгісі қай жерінде болады?
– Алкеудеде болар.
– Сергектіктің нысаны ше?
– Қос жанардан білінер.
– Сұлулықтың сипаты ше?
– Жұмырлықтан байқалар.
– Жүйріктіктің белгісі ше?
– Төрт тағаннан көрінер.
– Ал, жарағанын қайтып білесің?
– Құмағынан (құмалақ).
– Құмағынан деймісің? Құмақсыз мал бола ма екен?!
– Құмағы құп-құрғақ болып шықса, дегенім ғой.
– Жүйріктің белгісінен сәл хабарың бар екен, бүгіннен бастап жарат.
[271.55б.]
Жаңаарқа аймағында бәйгенің алдын бермеген Қарашұнақ ат бір бәйгеде
дағдысынша бірінші келіп қарақшыдан өткенде жата кетеді. Иесі атты атақты
Мұса сыншыға көрсеткенде Мұса Қарашұнаққа қол салып, екі қу құмалақты алып
тастасымен, ат селдете зәр шығарады. Сілкініп орнынан тұрады: Мына екі қу
құмалақ алғаш жаратқан күннен бастап түспей, қуықты басып қалған. Жануар
соған қарамастан бәйгеден келді ғой. Аттың атағына мәз болып, жаратуынан
түк білмейсің деп сыншы қатты ренжиді. []
Толыбай сыншы өзенде ағып келе жатқан құмақты ұстай алып, мынау
жүйріктің құмағы сопақша емес, домалақ болады екен. ..Мен өзім аңшы
адаммын, жүйрік тұлпардың құмағы депті жылқыны құлын кезінен таңдаймын, –
деп өтірік айта алмаймын. Мен тай кезінен таңдағанда жүйрік болатын
жылқының бір мүшесі, қалпы, кейпі, тұрпаты, бітімі тышқаннан тартып арқар-
құлжа, түлкі-қасқыр, бұғы-күдір, т.с.с. әйтеуір бір аңның бір елесі
байқалады, бір белгісі болады. Кейбіреуінің шабысы қасқырдың шабысына
(сүлмең-сүлмең қасқыр шабыс), енді біреуі үріккен аңға, басын шалқайтып
алған құлжаның жүйрігінен айнымайды. Бір жүйріктің тірсегі таутекеге ұқсас,
тағы біреуінің басы бұғының басындай, немесе екі алдыңғы аяғы қасқырдың
аяғындай, қасқырдың жіліншігі қосылған, яғни жүйріктің кеудесі кең,
жіліншігі қосылған болады. Төрт аяғын бауырына алып, бұққан қоян сияқты
ұйықтайтындары кездеседі. Қарсақ іспеттес тығыршықтай кішкене жылқылар да
жүйрік болады.... [ CXXXXI.]

ІІІ. Аттың сыны
Құлынның белгісін салған айғырына, енесінің түр-түсіне қарап қандай
құлын туатынын алдын-ала болжап білетін сұңғыла атбегілер болған. Қобланды
батырдың жары Құртқаның Көкала биені көргенде айтқаны:
Көкала бие ішінде
Көкбурыл құлын бар,
Жан серігің сол деді. [353.23б.]
Құлынның белгісі: Енесінен туа бастаған кезде, бірден тұмсығы көрінсе
бұл келешекте жүйрік болады деп саналады. []
Туғанда төрт аяғымен жерге дік ете түссе, бұл да жүйріктіктің белгісі.
[ХХ.]
Шалқар түсте төбешік жерге туса, тұяғы асыл болады. Мұндай құлын өте
сирек, ілуде біреу туады.. [ХХХХ.] Құйрық-жалы әрі сұйық, әрі қысқа, жүні
бұйра, кірпік-қасы мол, астыңғы, үстіңгі еріндерінің екі жағы толған қылшық
болады. Айғыр үнді келеді, құлын жүнді келеді делінеді моңғол мақалында.
(СХХХХІІ)
Құлағы ұзын, ауыз омыртқа шығыңқы. Ту сыртынан қарағанда қосаяқ
тышқанға ұқсайды. Момақан, үнемі жерге қарап құйрығын бұлғақтатып сеңделген
сыңай байқатады. Желіге алғаш байлағанда алғашқы үш күн жатпайды, ал нағыз
жүйрік шығатын құлын жеті күн жатпай сілейіп тұрып алады. [V] Үнемі
маңдайын күнге қаратып тұрады да әбден күн бата ұйықтайды. [І] Болмаса
желіге байлағанда тығырық атып үнемі қозғалып тұрса, үркек, қашаған болмай
адамға үйір, ойынпаз жетекке жүргіш болса, [ХІХ] екі алдыңғы аяғы басын
көтергенде артқы екі аяғы қоса көтерілсе – жүйріктіктің белгісі. [LX]
Әредік ұрғашы құлындардың ішінде жүйріктері болады. Ұрғашы құлын, жылқы
жусағанда жатып ұйықтағаннан, жылқы өргенде де ұйықтап, жылқышы не енесін
қалдырып, не болмаса оятып алады екен... Құлын ұйқышыл келеді, сұлап жата
береді. [LІ]
Арабтардың жаңа туған құлынды бағып-күтуі Қобылынды батыр эпосындағы
Құртқаның Тайбурылды тәрбиелеуін еске түсіреді. Бірінші айда құлын
енесінің сүтімен қоректенеді, бұдан соң 5 айға дейін ішкенінше ешкінің
сүтін қоса беріп отырады, келесі 6 ай бойы түйе сүті мен суға 15 минут
шыланған бидай береді. Бір жасқа толған құлын ешқандай сүт ішпей тек бидай
мен шөп жейді.
2 жасында жұмысқа сала бастайды, үлкен аттар сияқты арпамен жемдейді
және түс кезінде міндетті түрде ботқа беріп тұрады. Ботқа – екі уыс ұнды
алып, сүт сияқты ағарғанша суға араластырады, сүзіп алып жұтқызады. Құлын
туғаннан бастап күн жақсы түсетін жерде тұруы керек, көлеңке зиян. Ыстық
күндері қанша ішсе де су береді. Осы кезден бастап иесі өзімен бірге қайда
барса да алып жүреді, себебі жылқы бәрін көруі керек. Үнемі қозғалыста
ұстайды, жем жейтін астаудың алдында тұрмауы қажет, мейлінше қозғалыста
болсын, 3 жасынан бастап ат жарыстарға қатыстыруға жарата бастайды.
[354.79-81б.]
Ақан серінің нағашысы бай болған. Ақанға нағашысы жылқысын аралатып
жүріп таңдағаныңды ал дегенде бір құлынды сипай беріпті. Маған басқа
малдың керегі жоқ, осы құлынды берсең болады, – дейді Ақан. Бір айғырдың
үйірін бермекші болып түспесі түсіп тұрған нағашысы: Бір айғыр-үйірден бір
құлын артық болғаныма, – депті. Сонда Ақан: Осы құлыннан басқа ештеңе
алмаймын, – деп ен салып, бәлен жылы келем деп қайтып кетеді. Әкесі
нағашыларынан ештеңе алмаған Ақанға ренжіп ұрсыпты. Екі жылдан соң
дөненінде алған сол құлын атақты Құлагер екен. [XXXXII] Атбегілер мұндай
құлындарды мәпелеп бағып, теліп бірнеше енеге емізген, мұны тел құлын деп
атаған Батырлар жырында:
Жалғыз құлын мен едім,
Бес енеге тел едім.
Тайымда мен тағы емдім,
Құнанымда арда емдім. [355.183б.]
Тел құлындар әдемі, дене бітімі көркем келеді, ол туралы Шалкиіз жырау
былай деп жырлады:
Екі ананы тел емген.
Бұзылмайды жас тұлпардың саурысы. [356.170б.]
Қазақы жылқылардың бір қасиеті, биеге қандай айғыр салсаң да енесіне
тартып туады.
Құлын жатырына,
Бала нағашысына тартады. (Мақал)
Жүйріктің мінез-құлқы. Түнде байлауда тұрғанда үнемі жұлдызға қарап, (СХІІ)
киіз үйдің белдеуіне байлағанда басын жоғары ұстап, басы уық пен керегенің
қосылатын жерінен асып тұрады. Мамағашқа, болмаса киіз үйдің белдеуіне
байлағанда келе жатқан адамға доғаша иіріліп тұрады. [LХІV]. Жылқының
шетінде оқшауланып, үйірдің ортасына кірмейді. Елеңшіл, үнемі алысқа
қарайды, маңайына көз салмайды. Үнемі күнге қарап жайылады. Маңдайына өз
көлеңкесін түсірмейді. Таңертең күншығысқа қарап жайылса, кешке күнбатысқа
қарап жайылады. Күн батар алдында күнбатысқа қарап (күнмен қоштасқандай)
селтиіп тұрады. Күн батар сәтте әсте жайылмайды. Іңірде немесе таңсәріде
жатып жусайды. [154.14б.]
Күн бұлттанып, жел соғып тұрса, желге қарсы жайылады, ағынды суды
ағысты өрлей ішеді, жетекке ергіш, жетектеген қолыңа күш түсірмейді.
[LХХХV].
Адам жақындағанда көз алмай тесіліп қарайды. Кейбір жүйріктер қылықты
келіншектердей үзіліп қарайды, болмаса беті ашылмаған қыздарша ұрлана
қарайды. Мінезі жеңіл бір нәрсені тез үйреніп, тез қабылдайды, тез ұмытады,
ұғымтал, елпек. [СLVІІ]
Бәйгеден келетін жүйрік есінейді, атақты бәйге аттарының сырын
білетін атбегілер: бір рет есінесе бірінші орын, екі рет есінесе екінші
орын алады екен, – деп кесіп айтқан, иесіне иегін артып еркелейді, бәйгеге
баруға асығады, көмбеге барарда таласып жүреді, дамыл-дамыл боқ тастайды
[СLVІІІ].
Дауысы. Кейбір аттар мұрнымен кісінеп дыбыс шығарса – нашар, жыртқыш
аңдар сияқты күркіреп кісінесе – орташа деп есептеледі, ал нағыз
жүйріктердің үні жылқышы деген бозторғайдың үніндей немесе құлынның
даусындай сыңғырлап шығады [СLVІІІ], жылқының дыбысын үйде отырып аңғаруға
болады, құлынның дауысындай жіңішке, таңға жақын шырылдаған бозторғайдың
дыбысынан айнымайды. [CLVIII]
Жалпы, ат шапқанда екі тынысты болады. Біріншісі ыққа қарай шапқанда
ырсылдап қалады. Мұны бие тынысты деп атайды. Оны шаң қондырмай топ аттың
жел жағын ала ұстау қажет. Екіншісі ыққа да, желге қарсы бірдей шабады. Бұл
жақсы қасиет ұзаққа талмай шабатынын көрсетеді.
Басының пішініне қарай: Тәует бас, Шал бас, Бөкен бас, Құлан бас, Қу
бас, Үйрек бас, Сүйрік бас, Ұзын бас, Қысқа бас, Доғал бас, Ешкі бас, Бұлан
бас, Түйме бас, Дорба бас, Қоян бас, Бақа бас, Орақ бас, т.б. 20-дан аса
сынға бөлінеді. Негізінде басы етсіз үлкен емес, кең танау, жалпақ маңдайлы
келеді. Қабағының үстінде (немесе көздің үстінде саусақтың бір буыны сыйып
кететіндей шұңқыр болу қажет, себебі ат шауып келе жатып терлегенде,
маңдайдан аққан тер тура көзге құйылмай, шұңқырға тұрып қалады. [ХІІІ]
Моңғол атбегілері бақа бас пен қоян басты айрықша бағалайды. [154]
Қазақ жылқысының басы пропорционалды, құрғақ және мәнерлі, жағы
үлкен, қоңқақ тұмсықты (бөкенбас А.Т) болып келеді. [164.197б.585.11б.]
Мойын сыны: Қазмойын, Құланмойын, Жұмырмойын, Жолбарысмойын,
Құлжамойын, Төгерек мойын, Қысқамойын, Ұзынмойын. Ұзын мойынды алысқа
шапқанда мойны талады деп қазақ жақтырмайды. Ертеден шапса кешке озған
мойны қысқа құлжа мойынын, қой мойын, т.с.с. бағаланады.
Мойнының ұзындығы қалыпты, жеңіл, желкесі қысқарақ, бірақ биелердің
желкелері қысқа деп айта алмайсың. Қазақ жылқыларының мойындары
қартайғанның өзінде жақсы сақталады, үнемі далада жүрген кәрі айғырлардың
мойындары түспейді. [357]
Қой мойынды, қоян жақ, бөкен сағақ. (Абай)

Құлжа мойын, төгерек,
Ұмтыла шапқан тарланым. [353.300б.]
Құлағының пішініне қарай: Қамыс құлақ, Жебе құлақ, Ұзын құлақ, Құлан құлақ,
Мүкіс құлақ, Дорба құлақ, Түлкі құлақ, Құрғақ құлақ, т.б. оннан астам түрге
бөлінеді. Жүйріктің құлағының түбі құланның құлағының түбі секілді бос
болады. Жүйрік шапқан кезде, құлақ желкеге қарай жымияды да, қарсы соққан
жел кірмейді. Тік құлақтары үнемі қайшыланып, кекілден жоғары селтиіп
шығып тұрады, терісі жұқа, іші жүнді.
Мойының алтын таяқтай,
Қамыстай екі құлағың. [353.318б.]

Арғымақ сені сақтадым
Құлағың сенің серек деп. [340]
Көзінің пішініне қарай: Қара көз, Бота көз, Томаға көз, Ақ көз, Тауық көз,
Соқыр көз, Шегір көз, Қой көз, Шошқа көз, Торай көз. Көз қарасы отты және
байыпты, үнемі елеңдеп алысқа қарап тұрады. Көз еті қанталап, қызарып,
қызылкөз сияқты көрінеді. Көзі үлкен ботакөзге қарағанда, көзі кішкене
жылқылардан жүйрік шығады. Көзі қоңыр, отты болады. Бота көзден жүйрік аз
шығады, егер шыға қалса, ерекше шабысты болады. (ХІХ)]
Бота көздің мыңынан бірі жүйрік,
Шошқа көздің бәрі жүйрік. (Мәтел)

Торай көзді ат мініп,
Тобылғы мойын ат қосып.
Екі көзіңе болайын,
Қорықтан жанған шырақтай. [353.289б.]
Мұрнының (танау) пішініне қарай: Теке мұрын, Теке тұмсық, Бөкен мұрын,
Бұлан мұрын, Арна танау, Тоғыс танау, Делди танау, Тар танау, Бұғы танау.
Жүйріктің мұрны бөкеннің текесінің мұрнындай кең болады. Мұрнының ішінде
тесігі болады, жүйріктен басқасында тесіктер болмайды. Нағыз жүйріктерде 7
тесікке дейін болады. (LXIII) Мұрынның іші қылшық жүнді болғаны дұрыс.
Танауыңа болайын,
Тығынын алған шелектей. [353.289б.]
Танауының тесігі,
Таудағы үңгір тесіктей. [355.181б.]
Ернінің пішініне қарай: Саптыаяқтай ерін, Салпы ерін, Түсіңкі ерін, Етек
ерін.
Астыңғы ерні үстіңгі ернінен үлкен, салбыраңқы. Еріннің астына қылшық жүн
мол бітсе, солғұрлым ат жүйрік болады. Ерні үлкен адамды қазақ ат ерін
деп тегін айтпаған.
Ат ерінді, ер мұрынды келеді. (Мақал)

Саптаяқтай ерінді,
Қидасын кәрі жілікті. [356.111б.]
Тісінің түріне байланысты: Сиыр тіс, Қой тіс, Доңыз тіс, Бидай тіс, Түйе
тіс, Құлан тіс, Тауық тіс, Жайран тіс, Алыс тіс деп бөлінеді. Алдыңғы күрек
тістер асты-үсті төрт тіс – сегіз тісі басқа тістерден ерекшеленіп бөлініп
тұрса, бұл жүйрік жылқының белгісі, мұны жайран тіс дейді, себебі толық
түсінігінде жайранда төрт-ақ күрек тіс болады деп есептейді. Жай жылқыда
күрек тістер асты-үсті 12 тіс болады. Ат азу немесе екі шошақ азу, ол биеге
шықпайды. Белгілі сыншы Қ.Айдаубайұлы ешкім байқамаған тістің ерекшелігін
тапқан: Үстіңгі жақ маңдай тістің дәл ортасындағы мөрде алтындай
жарқыраған жұлдызша болады. Таң кұланиектене берген сәтте жүйріктің аузын
ашып, маңдай тісін күнге қаратқан сәтте жарқ етеді. Міне, нағыз жүйріктің
сұлтаны сәйгүлік осы болса керек. [154] Жалпы жылқыда 12 күрек тіс (асты-
үсті), азу тістері 24, оң жақ азу тістер, асты-үсті 12, сол жақ азу тістер,
асты-үсті 12. Барлығы 36 тіс. Еркек жылқыда асты-үстінде 4 ұры тіс болады,
тай кезінде бұл тістерді қағып тастайды. Зерттеушілердің көрсетуінше нашар
жылқылардың 6 жасында-ақ астыңғы тістерінің мөрлері өшіп кетеді, жақсы асыл
жылқылардың 40 жасының өзінде тіс бедерлері өшпейді. [359.278]
Сағақ пішініне қарай: Терең сағақ, Бөкен сағақ, Үңгір сағақ, Алма сағақ,
Кең сағақ, Үңірейген сағақ. Екі жақтың арасы алшақ, жұдырық сыйып
кететіндей болады. Егер аттың кеудесі кең болғанымен, сағағы тар болып
бітсе, онда ол кең тыныстай алмайды. Сағағында без болмайды. (VІІ)
Қос жұдырық сыйғандай,
Үңірейген сағақты. [355.295б.]

Бауыздау жеріңе болайын,
Піскен алма сағақты. [353.289б.]
Омырау – кеуде бітіміне қарай: Кең омырау, Терең омырау, Салпы омырау,
Бұлақ омырау, Омыраулы деп сипатталады. Омырауы кең, салқы төс, кеуделі ат
ұзақ бәйгелерде ентігіп шаршамайды. Жүйріктің омырауы алдынан артына қарай
кең, ал жоғарыдан төмен қарай терең (салпы) болады. Жүйріктің омырауының
кеңдігін былай анықтайды: жүйрікті оның алдыңғы екі аяқтарының тұяқтарын
бір-біріне тигізіп тұрғызып қарағанда, екі тізенің арасы, кем дегенде, 3-4
елідей (6-7 см) алшақ болады. Тізелердің арасындағы саңылаудың
Арақашықтығын кіші жүздегі әйгілі атбегі Шоқай Шөңкеевтен жазып алған А.
Каллер 1вершок (6,6 см А.Т.) деп жазады. [68]
Омырауының тереңдігі (салпылығы) мына жолмен анықталады: алдыңғы аяқтың
тұяғының алдыңғы жиегінен шынтаққа дейінгі аралықтың ұзындығы мен шынтақтан
шоқтықтың жоғарғы қырына дейінгі аралықтың ұзындығы өлшеніп, салыстырылады.
Егер олардың ұзындықтары бірдей болса, онда бұл омыраудың тереңдігін
(салпылығын) білдіреді.
Қазақ жылқысы тұқымының айрықша ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ әдеби тілінің тарихындағы ат сынының тілдік көріністері
Қазақ аңыз-әңгімелерінде тұлпар бейнесінің сомдалуы
Бәйге
Қазақ эпосы мен жыраулар поэзиясындағы жылқы образы
Жылқы малы қазақ халқының ежелден келе жатқан, тарихи қалыптасқан түлігі
Қазақ жылқысының көне замандардағы тарихы
Қазақ тіліндегі жылқы малына қатысты фразеологиялық тіркестердің этномәдени уәждемесі
Қазақтың атбегілік өнері
Қазақстан жылқының жаратылған жері-отаны екенін полеозологиялық, археологиялық, тарихи-этнографиялық материалдар негізінде дәлелдеу
Ұлттық ат ойындары
Пәндер