Корпорация қаржысын ұйымдастыру мен басқару


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

КIРIСПЕ . . . 6

I КОРПОРАЦИЯ ҚАРЖЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ МЕН БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ . . . . . . 8

  1. Корпорация қаржысы: мазмұны, саясаты мен қызметтерi . . . 8

1. 2 Нарықтық экономика жағдайындағы қаржы менеджменттің мәні, мақсаты және міндеттері . . . 16

II ҚР КОРПОРАЦИЯ ҚАРЖЫСЫН БАСҚАРУЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ («МОЙНАҚ» КОРПОРАЦИЯСЫНЫҢ МЫСАЛЫНДА) . . . 24

2. 1 «Мойнақ» корпорациясының қаржылық сипаттамасы . . . 24

2. 2 Коэффициентер жүйесі негізінде «Мойнақ» корпорациясының қаржылық жағдайын талдау . . . 32

ІІІ КОРПОРАЦИЯ ҚАРЖЫСЫН БАСҚАРУДЫҢ ДАМУ БАҒЫТТАРЫ

ЖӘНЕ БОЛАШАҒЫ . . . 41

3. 1 Корпорацияның қаржысын басқару мен ұйымдастырудың әлемдік тәжірибесі (“Old squfre” АҚ-ның мысалында) . . . 41

3. 2 ҚР корпорация қаржысын басқарудың болашағы . . . 54

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 62

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 65

КІРІСПЕ

Нарықтық қатынастардың даму жағдайында корпорациялардың қаржылық жағдайын талдаудың маңызы зор. Бұл корпорациялардың тәуелсiздiкке ие болуымен, сондай-ақ олардың меншiк иелерi, жұмысшылар, коммерциялық серiктестер және басқа конрагенттер алдында өзiнiң өндiрiстiк-кәсiпкерлiк қызметiнiң нәтижелерi үшiн толық жауапкершiлiкте болуымен байланысты. Нарықтағы кәсiпорынның өмiршеңдiгiнiң кепiлi мен жай-күйiнiң орнықтылығының негiзi оның қаржы тұрақтылығы болып табылады. Ол ақша қаражатын еркiн орын алмастыра отырып қолданып, тиiмдi пайдалану жолымен өнiмдi өндiрумен сатудың үздiксiз процесiн қамтамасыз ете алатын өзiнiң қаржы ресурстарының жағдайын көрсетедi.

Корпорацияның қаржы тұрақтылығын бағалау объективтi, ғылыми негiзделген және үйлесiмдi ұйымдастыра отырып басқару, өндiрістiк, әсiресе қаржылық шешiмдер қабылдау үшiн оның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы зор.

Қаржылық менеджмент немесе қаржылық ресурстарды және қатынастарды басқару шаруашылық субъектінің бәсекелестік қабілетінің көтерілуі мақсатында қаржы саласында нарықтық механизмді реттеудің нысандары мен тәсілдерін, қағидаларын, әдістерін қамтиды.

Қаржының экономикадағы басты қажеттiгi объективтi мән-жайдан - тауар-ақша қатынастарының болуынан және қоғамдық дамудың қажеттiлiктерiнен туындайды. Қаржының басты арналымы - табыстар мен ақшалай қорларды жасау арқылы мемлекет пен шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қаржы ресурстарына деген қажеттiлiктерiн қанағаттандырып отыру әне бұл ресурстардың жұмсалуына бақылау жасау.

Кәсіпорынның қаржысының табысты іс-әрекет етуі және қоғамдық процестерге белсенді ықпал етуі көбінесе қаржы ресурстарының қозғалысын, шаруашылықты жүргізудің барлық деңгейлерінде ақша қорларын қалыптастырып, бөлуді алдын ала үлгілеуге байланысты болады. Мұндай процесс тәртіпті (реттілікті) анықтайтын өзара үйлесілген тапсырмалардың, көрсеткіштердің кешенді жүйесін жасауды, ақша түсімдерін жұмылдырудың прогрессивті нысандарын қолдануды қажет етеді.

Корпорацияның қаржы саясаты қаржылары стратегиялық және тактикалық мiндеттердi мақсатты түрде iске асыруға бағытталады. Мысалы, рыноктағы корпорация тауарының өтiмдiлiгiн көбейту немесе сұранысты өсiру активтер мен меншiк капиталдарының пайдалылығы мен рентабельдiлiгiн арттыру, баланстық төлем қабiлетiн және өнiмдiлiiгн сақтау, акционерлер жағдайын жақсарту және инвестициялық климатты жақсарту болып табылады.

Жалпы түрде корпорациялардың қаржысы деп өнiм өндiрiп немесе қызмет көрсетiп, сатумен және ақша қорларын жасаумен, бөлумен және пайдаланумен байланысты экономикалық қатынастарды айтады.

Бұл тақырыптың өзектiлiгi аталған қаржы ресурстарын қалыптастыруда және осы қаржыларды нақты өндiрiске қосуда корпорациялардың қаржысының орны ерекше болып табылады. Корпорация қаржысын пайдалануды және корпорацияға қаржы тартуды тиiмдi ұйымдастыру арқылы жалпы экономикалық тиiмдi өндiрiс процесiн қалыптастыруға болады.

Дипломдық жұмыстың зерттеудің объектісі болып корпорация қаржыларын басқару мен ұйымдастыру және ондағы қаржы менеджментінің қызметтері мен саясаттарына тоқталу болып табылады.

Зерттеу пәні ретінде корпорация қаржысын басқару мен ұйымдастырудағы қалыптасқан экономикалық қатынастары ұсынылады.

3ерттеудiң мақсаты . Корпорация қаржысын басқару мен ұйымдастырылуының теориялық аспектілерін зерттей отырып, «Мойнақ СЭС» АҚ-ның қаржылық сипаттамасы мен қаржылық жағдайын талдауды жүргізу және корпорация қаржысын басқарудың даму бағыттары мен әлемдік тәжірибелерге тоқталып кету болып табылады.

Зерттеу мақсатынан туындайтын негiзгi мiндeттep :

  • Корпорация қаржысының жалпы қалыптасу негiзiн және оның құрылымы туралы хабардар болу;
  • Корпорация қаржысының экономика дамуындағы негiзгi қызметтерiн атап өту;
  • Корпорацияның қаржылық жағдайын басқаруды талдау мен олардың қаржысының тиiмдi ұйымдастырылу қағидаларына тоқталып өту;
  • Нарықтық экономика жағдайындағы қаржы менеджментінің мәні, мақсаты мен міндеттерін талдау;
  • ҚР корпорация қаржысын басқарудың қазіргі жағдайын «Мойнақ СЭС» АҚ мысалында талдау, ол корпорацияның қаржылық сипаттамасы мен коэффиценттер жүйесі негізінде қаржылық жағдайын талдауды жүргізу;
  • Корпорация қаржысын басқарудың әлемдік тәжірибесін (“Old squfre” АҚ-ның мысалында ) қарастырып өту;
  • ҚР корпорация қаржыларын басқарудың даму болашағы мен негізгі бағыттарын анықтау болып табылады.

Дипломдық жұмысты жазу барысында отандық және шетелдік ғалымдардың мерзімді басылымдардағы мақалалары және оқулықтары, нормативтік - заңнамалық актілер, сонымен қатар Елбасымыздың 2006-2008 жылдардағы халыққа Жолдаулары қолданылды.

Дипломдық жұмыстың құрылымы үш тараудан тұрады:

Бірінші тарауда корпорация қаржысын басқару мен ұйымдастырудың теориялық аспектілері мен оны басқарудағы қаржы менеджментінің мәні мен қызметтері қарастырылса, екінші тарауда «Мойнақ» АҚ-ның қаржылық сипаты мен корпорацияның қаржылық жағдайын талдау жасау жүргізілді, ал үшінші бөлімде корпорация қаржысын басқарудың әлемдік тәжірибесі мен отандық корпорациялардың даму болашағы туралы қарастырылып өтілді.

I КОРПОРАЦИЯ ҚАРЖЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ МЕН БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1. 1 Корпорация қаржысы: мазмұны, саясаты мен қызметтерi

Корпорация қаржысы - бiрыңғай қаржы жүйесiнiң құрамды бөлiгi және айрықша сферасы болып табылады, оның орталықтандырылмаған бөлiгiн құрайды, материалдық және материалдық емес игiлiктер жасалатын және елдiң қаржы ресурстарының негiзгi бөлiгi қалыптасатын қоғамдық өндiрiстiң басты буынана қызмет көрсетедi. Олардың қаржысының болуы жалпы мемлекеттiң қаржысы сияқты, тауар ақша қатынастарының өмiр сүруiмен жәнеэкономикалық заңдардың iс-әрекетiмен байланысты.

Корпорациялардың немесе шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қаржысы ақша нысанында ұлғаймалы ұдайы өндiрiс процесiнiң негiзгi жақтарын бiлдiредi және экономикалық заңдардың талаптарына сәйкес оны жүзеге асыруға септiгiн тигiзедi. Ол ұлттық шаруашылықты одан әрi дамыту үшiн қажеттi ақшалай табыстар мен қорланымдарды бөлу және пайдалану үшiн қолданылады. Мұндай тиiмдi даму ұлттық шаруашылқты асқару жүйесiнiң маңызды экономикалық құралы, экономикалық қайта құрудың қуатты құрамы болып табылатын корпорациялардың берiк әрi жақсы қалыптасқан және ұтымды ұйымдастырылған қаржыларынсыз мүмкiн емес.

Корпорациялық қаржы жалпы қаржылар сияқты бөлу және бақылау функцияларын орындайды. Корпорацияның бөлгiштiк функциясының ерекшелiгi қаражаттардың жеке-дара ауыспалы айналымының процесiнде өндiрiлген өнiмнiң құны белгiленген экономикалық нормативтер (салық мөлшерлемелерi, амортизациялық аударымдардың нормалары, несие үшiн пайыз) негiзiнде бөлiнетiндiгiнде болып отыр, мұның өзi қаржының ұдайы өндiрiс процесiнде құнды бөлу және қайта бөлуге қатысуын айқындайды. Ақшалай қорлар мен қорланымдарды экономикалық тұрғыдан негiздеп бөлу қаржының ұдайы өндiрiстiк қосалқы функциясын да iске асырудың басты шарты болып табылады. Бөлу - өндiру мен тұтыну арасындағы байланыстырушы буын. Бұл процесс кәсiпорындардың өнiм өткiзуден түсiм-ақша алуы және оны өндiрiстiң жұмсалынған қаражаттарын өтеуге және таза табысты жасауға ұмтылады. /1, 154 б/

Корпорация қаржысы сонымен бiрге бөлгiштiк функция шеңберiнде ұдайы өндiрiстiк функцияны орындайды. Оның мазмұны жай және ұдайы өндiрiс кезiнде материалдық және ақша қаражаттарының ауыспалы айналымы процесiнде олардың қозғалысы арасындағы сәйкестiктi қамтамасыз ету болып табылады. Бұл үшiн кәсiпорындар өнiм өндiру мен оны өткiзудiң жоспарары, болжамдары мен ниеттерi негiзiнде уақыттың белгiлi бiр мерзiмiне кiрiстер мен шығыстардың көлемiн жасайтын, и шығыстардың шамаланған меншiктi қаржы ресурстары, басқа ұйымдар мен өз қызметкерлерiнiң уақытша тартылған қаражаттары, банк несиелерi есебiнен, ал айрықша жағдайда бюджеттен бөлiнетiн қаражаттар есебiнен жабылатынын анықтайды.

Корпорация қаржысының бақылау функциясы кәсiпорын экономикасында маңызды рөл атқарад: есепсiз және бақылаусыз шаруашылық жүргiзуге болмайды. Қаржы басқа экономикалық тұтқалармен бiрге экономиканы басқару, өндiрiстiң өсуiн ынталандыру және еңбек ресурстарын ұтымды пайдалануға қажеттi бақылауды қамтамасыз ету процесiнде маңызды рөл атқарады. Қаржыармен бақылау тек қана корпорацияларда ғана емес, сонымен қатар осы қаржылардың жоғарғы қаржы-несие ұйымдарымен жүзеге асырылады. Корпорациялардың экономикалық қызметiнiң сферасындағы өндiрiстiк қатынастардың ерекшелiктерi таза қаржы қатынастарының басқа ақша қатынастарымен тоқайласуы, олардың өндiрiстiк капиталдардың ауыспалы айналымымен өте тығыз байланысты.

Корпорациялардың қаржысы сферасындағы сан алуан қатынастар олардың шаруашылық қызметi процесiнде басқа шаруашылық жүргiзушi субъектiлермен болатын мынадай топтарға iрiлендiрiлген ақша қатанастарына саяды: /1, 156 б/

  • Басқа да әр түрлi кәсiпорындамен және ұйымдармен(олар: өнiм өткiзуден түсiм ақша алу, өткiзуден тыс табыстар, материалдық шығындарды өтеу, бағалы қағаздарды өткiзу, басқа кәсiпорындардың акциялары мен облигацияларына қаражаттарды инвестициялау және т. б. ) ;
  • Өзiнiң еңбек ұжымымен(бұл қатынастар еңбеккке ақы төлеудi, сыйлық қорын жасауды, табысты бөлу және тұтыну қоры, қызметкерлердiң қаражатарын тартуды) ортақтастырады;
  • Өз iшiндегi бөлiмдерменолардың арасында қаржы ресурстарын тиiмдi бөлумен;
  • Мемлекетпен -бюджетке салықтар төлеу, бджеттен қаржыландыру кезiнде, мемлекеттiк бағалы қағаздарды сатып алған кезде валюта қорлары мен ресурстарды қалыптастырады;
  • Банктермен(қаржы қатынастарынының бұл тобы банк кредитттерiн алу, оларды қайтару, кредиттер бойынша пайыздар төлеу, банктерге уақытша пайдалануға белгiлi бiр бос ақшаларды беру) ;
  • Сақтаныру органдарыменмүлiктi, қызметкерлердi, коммерциялық және коммерциялық емес тәуекелдi сақтаныру жөнiнде;

Корпорациялардың қаржысына бiр жағынан жалпы қаржылардың экономикалқы табиғатымен сипататйтын белгiлер, басқа жағынан қоғамдық өндiрiстiң түрлi сферасындағы қаржылардың қызмет етеуiне байланысты ерекшелiктер тән. Осылайша корпорация қаржыларына келесi белгiлер тән:

  • Қаржы қатынастарының көпқырлылығы, олардың нысандары мен мақсатты арналымының сан алуандығы;
  • Өндiрiстiк құралдардың мiндеттi болуы және оларды қалыптастырумен, көбейтумен және қайта бөлумен байланысты қатынастардың пайда болуы.
  • Жоғары белсендiлiк, кәсiпорындардың шаруашылық қызметiнiң барлық жағына әсер ету мүмкiндiгi;
  • Коропрациялардың қаржысы бүкiл қаржы жүйесiнiңайқындаушы негiзiболып табылады.

Сөйтiп, корпорациялардың қаржысы деп өнiм өндiрiп немесе қызмет көрсетiп, сатумен және ақша қорларын жасаумен, бөлумен және пайдаланумен байланысты экономикалық қатынастарды айтады.

Корпорация қаржысын тиiмдi ұйымдастыру кәсiпкерлiк қызметтi қаржыландыруды және оны несиелеудi жүзеге асырады. Оның басты мақсаты корпорацияның рыноктық ортада жоғары пайдаға жетуiн және шығындарын минималдауды қамтамасыз ету болып табылады.

Рынокта қаржы микродеңгейде мемлекеттiк реттеудiң бiр формадағы құралы болып табылады, ал қаржылық нақты шешiмдi қабылдауды меншiк иесi iске асырады. Осыны көбiнесе нақты қаржылық шешiмдер қадбылдап, ол қаржыларды өндiрiске қосатын корпорация, яғни корпорацияның қаржыгерлерi болып табылады.

Экономикалық ортаның тұрақсыздығы инвестициялық қарқынды, төлем қабiлеттiлiгiнiң дағдарысы кезiндегi рыноктағы қызмет етiп отырғанг корпорациялар өмiр сүрулерiн және банкротқа ұшырамау үшiн тырысып бағады. Жалпы корпорацияның қаржылық саясатын келесi бағыттарға топтастыруға болады:

  • Корпорацияның қаржылық ағымдарын және айналым капиталдарын тиiмдi басқару;
  • Алдағы кезеңдегi қаржылық ресурстарды қолданудағы негiзгi бағыттарды анықтау;
  • Тәжiрибелiк iс-әрекет көшу, яғни алдыға қойылған мақсатқа жету үшiн қаржылық зерттеу, қажеттi қаржыларды талдау, корпорацияның нақты инвестициялық жобаларына және қаржылық активтерiне баға беру.

Осы үш негiзгi бағыт арқылы көрiнiс табатын қаржылық саясат және стратегиялық мiндеттер келесiлер болып табылады:

  • Экономикалық өсудiң қайнар көзi ретiнде пайданы максималдап отыру;
  • Капиталдың құнын және құрылымын оптимизациялау, корпорацияның iскерлiк активтiгiн және қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету;
  • Меншiк иелерiне (акционерлер, қатысушылар, инвесторлар және несиелеушiлерге) арнап корпорацияның қаржылық жағдайын анық және нақты түрде хабардар етiп отыру;
  • Корпоративтi бағалы қағаздар эмиссиясы, қаржы лизингi, жобалық қаржыландырулар көмегiмен капитал өсуiнiң рыноктық механизмiн қолдану;
  • Корпорация қызметiнiң алдыға қойған мақсаттарына, рыноктық экономикадағы және бәсекелiк ортадағы тұрақтылығына, корпорацияның одан әрi даму болашағына түсу жолдарын қарастыру мақсатында “қаржылық менеджмент” негiзiнде қаржыларды тиiмдi басқару механизмiн қолдану. /3, 89 б/

Жалпы қаржы менеджментi қаржыны басқарудың тиiстi элементтерiн - ақпаратты, жоспарлауды, ұйымдастыруды, реттеудi, бақылауды және бағалауды iске асырады. Қаржы менджментiн жүзеге асырудың шарты нарықтық ортаның болуы болып табылады. Бұл орта бағалардың еркiн жүйесi, тауар мен қызметтердiң рыногымен қатар еңбек, капиталдыр, өндiрiс құрал-жабдықтары рыногiнiң жұмыс iстеуi, корпорациялардың қызметiн мемлекеттiк реттеудегi заңнамалық рететудегi кәсiпкерлiк қызметтi коммерциялық есеп негiзiнде жүргiзуге мүмкiндiк бередi.

Қаржы менеджментi келесi кезеңдердiң дәйектi ауысымы ретiнде сипаттауға болады:

  1. Ақша қаражаттарын (капиталды) пайдаланудың мiндетiн қою және мақсатын анықтау;
  2. Ақша ағымдарының қозғалысын басқарудың қаржылық әдiстерiн, тәсiлдерiн анықтау;
  3. Қабылданған шешiм бойынша инвестициялау жөнiндегi шешiмдi бизнес-жоспар немесе басқа рәсiмдеу түрiндегi iс-әрекеттердiң бағдарламасын жасау;
  4. Жобаның орындалуын ұйымдастыру;
  5. Қаржыны басқаруда бақылау жасау және қажеттi түзетулер енгiзу;
  6. Қайта инвестициялаудың мақсаттары үшiн жоба нәтижелерiн талдау және бағалау.

Қаржы менеджментiнiң маңызды аспектiсi кәсiпорынның қаржыылқ жай-күйiн талдау болып табылады. Бұл кәсiпорынның қаржы тұрақтылығын (рентабельдiлiктi, төлем қабiлетiн, несиелердi өтеу деңгейiн), оның рыноктағы жағдайын (бәсекеге қабiлеттiлiгiн) сипаттау үшiн қажеттi. Талдаудағы қажеттi ақпараттар бухгалтерлiк баланста, қаржы шаруашылығы нәтижелерi туралы есепте (пайда және зияндар туралы есепте), ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепте болады. /1, 172-174 б/

Сөйтiп, қаржы менеджментi кәсiпорынның қаржылық қамтамасыз етiлуiн тактикасы мен стратегиясы ретiнде қаржының тиiмдi iс-әрекет етуiнiң мақсаттары үшiн оның ағымдарын басқаруға мүмкiндiк бередi. Корпорацияның қаржы саясатында қаржы менеджментiнiң жалпы мақсатты нұсқамасы - экономикалық дамудың iшкi және сыртқы факторларын есепке алу негiзiнде корпорацияның рынокта тең қаржы саясатын жүзеге асыру болып табылады.

Өз кезегiнде қаржы саясаты ұзақтығына және шешiлетiн мiндеттерiнiң сипатына байланысты қаржылық стратегия және қаржылық тактика болып екiге жiктеледi.

Қаржылық стратегия стратегиялық басқарудың бес элементiнiң (өндiрiстiк, маркетингтiк, инновациялық, мамандық және қаржылық) бiрi және негiзгiсi болып табылады.

Корпорацияның қаржысын басқарудағы объектi болып капиталдар және ақша ағымдары жатады. Осы категориялар арқылы стратегияның басты мiндетi болып табылатын корпораияның ұзақ мерзiмдегi уақытта рынокта бәсекеге қабiлеттiлiгiн қамтамасыз ету, тұрақты дамып отыру және осының негiзiнде корпорацияның экономикалық мүмкiншiлiгiн тиiмдi жоғарлатуға негiзделедi.

Корпорацияның меншiктi капиталының жеткiлiктi көлемi (60%-дан жоғары) және ақша түсiмдерiнiң оң сальдосы (ақшаның шығысынан кiрiсi жоғары) болған жағдайда қосымша ақша ресурстарын тартуға және қаржы рыногындағы орнын тұрақтандыруға ынталы болады.

Сонымен қатар корпорацияның қаржы стратегиясы ұзақ мерзiмде кең көлемде коммерциялық даму мiндеттерiн қарастырады, яғни стратегия корпорация дамуының альтернативтiк жолдарын талдайды. Осы мақсатқа жету үшiн корпорацияның қаржы бөлiмi жоспарлауды, болжауды, тәжiрибелердi қарастырып, олардың тиiмдi нұсқасын iздейдi.

Корпорацияның қаржы стратегиясын iске асырудағы басты кезеңдерге келесiлер жатады:

  • Қаржы-экономикалық жағдайды зерттеу және бағалау;
  • Есеп және салық саясаттырын талдау;
  • Несие саясатын жүргiзу;
  • Негiзгi капиталды тиiмдi басқару және амортизациялық саясатты қолдану;
  • Айналым активтерiн және несиелiк қарыздарды басқару;
  • Ағымдағы шығындарды, табыстарды және пайданы басқару;
  • Баға саясатын жүргiзу;
  • Дивидендтiк және инвестициялық саясаттарды таңдау;
  • Корпорация жетiстiгiн және оның рыноктық құнын бағалау. /4, 92 б/

Осылайша қаржы стратегиясының негiзгi бөлiмi перспективтi қаржыылқ жоспарлау, негiзгi параметрлердiң жетiстiктерiн талдау, яғни: сатудың өзiндiк құны мен көлемi, пайда және рентабельдiлiк, қаржылық тұрақтылық және төлем қабiлеттiлiк.

Кәсіпорынның қаржылық болжау әр түрлі әдістерді қолдануды қажет етеді:

  • экономикалық процестерді анықтайтын факторларға қарай қаржы жоспарлары көрсеткіштерінің динамикасын бейнелеп көрсететін экономикалық үлгілерді жасау;
  • корреляциялық-регрессиялық талдау;
  • тікелей сараптамалық бағалау әдісі.

Ал корпорациялық қаржы саясатындағы қаржылық тактика корпорацияның даму кезiндегi нақты және жекелеген мiндеттердi шешуге бағытталады. Қаржылық тактика қаржы стратегиясына қарағандағы ерекшелiгi оның рынок конъюктурасының жылдам өзгерiсiне байланысты тактика ол өзгерiстерге икемдi болады. Яғни, рынокта ресурстарға сұраныс пен ұсыныстың, тауар түрлерiнiң және қызметтердiң, мемлекеттiк саясаттардың, бәсекелестердiң әрекеттерiнiң өзгерiсiне қаржы тактикасы бейiмдi болады.

Қаржы саясатында стратегия мен тактика ылғи да бiр-бiрiмен тығыз байланыста болады. Бұл дегенiмiз корпорациялардың алдыңа қойған стратегиясы болашақтағы тиiмдi даму бағытын көрсетсе, ал қаржылық тактикалар сол мақсатқа жетудiң әр түрлi жолдарын қарастырады.

Корпорация iшiлiк қаржылық жоспарлау өз кезегiнде келесiдей құжатттардан тұрады:

  • Корпорация бюджетiнiң кiрiсi мен шығыстары;
  • Қызмет түрi және қаржы есебiнiң орталығы бойынша ақша құралдарының қозғалысы;
  • Баланстық есеп бойынша бюджет жағдайы;
  • Капиталдық бюджеттiң мәлiметтерi.

Қаржылық анализ келесi тараулардан тұрады:

  • Қызмет түрi бойынша ақша ағымдарының тиiмдi қозғалысын және бөлiнуiн бағалау;
  • Қосымша қаржы ресурстарын тартудың каналдарын (банктiк несие, меншiктiк акцияны эмиссиялау, лизингтiк бизнес, тауарлы несие және т. б. ) анықтау.
  • Қабылданған қаржылық және инвестициялық шешiмдердi қаржы тұрақтылығы көрсеткiшi арқылы тиiмдiлiгiн бағалау.

Осылайша корпорацияның қаржы саясатының басты екi мiндетi: қаржының тұрақты өтiмдiлiгiн сақтау және максималды пайда табу болып табылады.

Корпорация қаржылық жағдайын ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді болашақ тұрғысынан талдау қажет, өйткені оны бағалау критерилері әр түрлі болуы мүмкін. Корпорацияның қаржылық жағдайы, оның құралдары мен оның қалыптаусу көздерін орналастырумен сипатталады. Қаржылық жағдайды таңдау, корпорацияның иелігіндегі қаражаттар қаншалықты тиімді пайдаланылуда екендігін білу мақсатында жүзеге асырылады. Корпорация жұмысының қаржылық тиімділігін бейнелейді: жеке қаражаттар мен қамтамасыз ету және олардың сақталуы, тауарлы - материалдық құндылықтардың нормаланған қорының жағдайы, дебиторлық және кредиторлық борыштылық жағдайы және қозғалысы, айналым құралдарының айналымдылығы, банктік несиелердің материалдық қамтамасыз етлуі төлем қабілеттілік.

Корпорацияның тұрақты қаржы жағдайы бірнеше кезекте келесідей сапалы көрсеткіштерді жетілдіруге байланысты: еңбек өнімділігі, өндірістің рентабельділігі, қор қайтарымы сонымен бірге пайда бойынша жоспардың орындалуы. Корпорация қаражаттарының ұтымыды орналастыруына өндірістің материалды-техникалық қамтамасыз етілуінің дұрыс ұйымдастырылуы, ақша айналымының жылдамдату бойынша жедел қызмет. Сондықтан да, қаржылық жағдай талдау қаржы-шаруашылық қызметті талдаудың соңғы сатысында жүргізіледі. Сонымен қатар, корпорацияның қаржылық қиындықтары, есеп айырысуларды дер кезінде жүргізу үшін қаражаттардың жоқтығы, жектізу тұрақтылығына әсер етуі және материалды-техникалық қамтамасыз ету ырғағын бұзуы мұмкін. Осыған байланысты корпорацияның қаржылық жағдайын талдау және оның қазметінің басқа тұстарына талдау жүргізу бір-бірін толықтырып тұруы қажет.

Талдаудың міндеттері болып қаржы талдауын жалпы бағалау, мақсатты бағыт бойынша қаражаттардың жұмсалуын тексеру, қаржылық қиындықтардың себебін анықтау, қаржы ресурстарын пайдалануды жақсарту мүмкіндіктерін айқындау, қаржы құралдарының айналымын жылдамдату және қаржы жағдайын нығайту табылады. /5, 106 б/

Корпорация жағдайын дәл бағалау және арықарай шешім қабылдау үшін біз жақсы немесе жаман деп айта алмаймыз, бізге тарихи сандық базаның болуы қажет, қаржы нәтижелері туралы есеп пен баланс статьларының мәліметтерін салыстыра отырып корпорацияның экономикалық жағдайын бағалауға мүмкіндік беретін коэффициенттер жүйесін анықтау қажет. Бұл коэффициенттерді талдау жетекшіге корпорация ресурстары мен міндеттемелері қалай пайдаланылуда екендігін түсінуге, басқару шешімдерінің бұрын қабылданған нәтижелері ретіндегі болып жатқан өзгерістерді ескеріп отыруға мүмкіндік береді. Мұндай талдау тауарлардың үлкен запасын анықтауға жоғары шығынды бағалауға, өлшемсіз несиелерді бағалауға, қарызды дәл уақытысында төлеу қабілетін, корпорацияды тиімді басқарудың салыстырмалылығы мәселесіне жауап беруге көмек береді.

Қаржы жағдайын байқауға қанша және қандай коэффициентерді немесе көрсеткіштерді талдау қажет деген сұрақ туындайды. Бұл сұраққа жауап өте жеке және Корпорация көлемі мен қызмет түріне байланысты, сонымен бірге осы мәселені қарастыру үшін корпорацияның аз ғана ақша бөле алатын қаржы және уақытша шығындары болып табылады. Коэффициентерді талдау, егер ол артық бөлікке бөлініп талданатын болса өзінің мәні мен дәлдігін жоғалтуы мүмкін екендігін айтып өту қажет.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Корпорациялар қаржысының мазмұны және оларды ұйымдастыру
Кәсіпорын қаржысын ұйымдастыру мен басқару
Акционерлік қоғамдардың қаржысы
Акционерлік қоғамның қаржысы
Корпоративтік қаржы ұғымы
Корпоративтік қаржы қызметтері
Корпорация қаржысы
Корпорациялардың қаржысы: мәні мен мазмұны, атқаратын функциялары және қаржы механизмі
Кәсіпорынның қаржысын жоспарлау
Кәсіпорынның қаржысын тиімді пайдалануды талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz