Арнаулы субъектілердің қылмысқа қатысуы


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 50 бет
Таңдаулыға:
ӘЛ -ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ЗАҢ ФАКУЛЬТЕТІ
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ КРИМИНОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫ
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
ТАҚЫРЫБЫ: АРНАУЛЫ СУБЪЕКТІЛЕРДІҢ ҚЫЛМЫСҚА ҚАТЫСУЫ
Орындаған: колледжден кейін
3 курс студенті Андабаева М. Т.
Ғылыми жетекші: оқытушы
Жетібаев Н. С.
Қорғауға жіберілді
“ ” 2007жыл
Қылмыстық құқық және криминология
Кафедрасының меңгерушісі,
Заң ғылымдарының докторы, профессор
Ағыбаев А. Н.
Алматы қаласы, 2007ж
РЕФЕРАТ
Дипломдық жұмыс кіріспеден, 2 тараудан, 5 тараушадан және қорытынды бөлімнен тұрады. Дипломдық жұмыста қолданылатын түйінді сөздер: арнаулы субъект, есі дұрыстық, есі дұрыстық емес т. б.
Дипломдық жұмыста отандық және шетелдік авторлардың еңбегі кеңінен қолданылған. Аталған жұмысты жазу барысында арнаулы субъектілердің белгілерін жан-жақты ашқан.
Мазмұны
КІРІСПЕ
“Қазақстан 2030” стратегиялық бағдарламасында қоғамда заңдылықты жан-жақты нығайту, қылмыстылықтың санын азайту және оны тудыратын себептермен шарттарын анықтау көзделінген /1/.
Сол себепті арнаулы субъектіні қылмыс құрамы элементтерінің бір бөлігі ретінде қарастыру, қылмыстық құқықтың маңызды жағы ретінде диспозициялары тұрғысынан қарастырылады.
Қылмыстық құқық бойынша қылмыстың субъектісі деп заңмен белгіленген белгілі бір жасқа толған, ақыл есі дұрыс жеке адам танылады. Бірақ та практика көрсеткеніндей субъектінің аталған белгілері аталған қылмысты жасағандығы белгілі бір адамдарды жауапкершілікке тарту үшін жеткіліксіз болуда. Сол себепті заңшығарушы қылмыстық-құқықтық нормалардың архитоконикасын жасай отыра, субъектінің арнаулы белгілерін көрсетеді. Осы белгілерге сәйкес қылмысты жасаған жауапты адамдардың шегі анықталады. Сол себепті, біз аталған белгілерді, яғни арнаулы субъектіні айтамыз.
Заңшығарушы осындай нақты қылмыстық-құқықтық нормаларды анықтау барысында К. Маркс айтқандай, заңшығарушы “заңдарды жасамайды, ойлап таппайды, тек қана формулировкасын жасайды” - деді /2/.
А. А. Герцензонның ойынша заңдарды модельдеу нақты шынайылықтан алынған сол немесе басқа да тәжірибелік мәліметтерге жүгіне отырып, негізделуі тиіс, - деді /3/.
Қылмыстық-құқықтық нормаларды зерделеу көрсеткеніндей қылмыс субъектілерінің мүмкіндігін шектейтін құрамдарды құрастыру барысында заңшығарушы сол немесе басқа да нормалар жекелеген объективті белгілеріне ие бола отырып, бұзатындығын көрсетеді (мысалы, лауазымды қылмыстарды тек лауазымды адамдарды жасау мүмкіндігі немесе әскери қылмыстарды тек әскери қызметшілерді жасауы және т. б. ) . Бірақ та аталған белгілер субъективті сәттерді ескере отырып қылмыс немесе терісқылық жасалғандығын айыруға мүмкінді береді.
Қылмыстың арнаулы субъектісін әр кезеңдерде ғалымдар А. А. Пионтковский, А. Н. Трайнин, В. Н. Кудрявцев, Н. Д. Дурманов, Я. М. Брайнин, Г. А. Кригор, Н. С. Лейкин, П. С. Дагель, Т. М. Кафаров, Р. Орымбаев, В. С. Орлов және т. б. ғалымдар кеңінен зерттеп кеткен. Біз өзіміздің бітіру жұмысымызда Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі бойынша қылмыстың арнаулы субъектісінің түрлерін және қылмысқа қатысу ерекшеліктерін қарастырамыз.
1 ТАРАУ СУБЪЕКТІНІҢ ЖАЛПЫ ҰҒЫМЫ
1. 1 Есі дұрыстық ұғымы
Еліміздегі түбегейлі өзгерістер экономикалық жүйе ғана емес, саяси жүйенің де елеулі өзгеріске түскендігін көрсетті. Аталған елеулі өзгерістер еліміздегі азаматтардың бейнесінің жаңаша қалыптасуына әсер етті.
Қылмыстың субъектісін дұрыс саяси-моральдық жағынан бағалау жекелеген адамдардың қылмыстық мінез-құлқын қалыптастыруды жұмылдыруға бағытталады. Қылмыс субъектісі тұлғасы әлеуметтік-саяси белгілерін зерттеу барысында, оның құқықтық белгілерін анықтаудан ажыратылмай көрсетілгені жөн. Тек қана аталған мәліметтерді білу арқылы қылмыс субъектісі ұғымын анықтауға мүмкіндік береді.
Кез келген қылмыс қоғамдық құбылыс ретінде адамдардың ішіндегі адамдарды туындата отырып, жүзеге асырылады. Тиісінше, сол немесе басқа да қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді белгіленген құқықтық тәртіпті анықтау үшін қылмыстың субъектісі анықтайды.
Қылмыстың субъектісі болып кез келген адам емес, белгілі бір қасиеттерге ие адам танылады. Жануарларға қарағанда адамдар өзіне ғана, шынайылықты бейнелейтін таза адами нысандардан көрінеді.
Адамның әрекетін бағалау барысында әртүрлі себептердің жалпы жиынтығын құрылымдық бөлігі болып табылатын сана және ерік белсенділігі арқылы ескеріледі.
Адам есі дұрыс жан ретінде сыртқы әлем заттарына деген қатынасымен анықталады, өзінің сезімін, қажеттілігін және шұғылдануын көрсетеді.
Н. Д. Дурмановтың айтуынша адам бұл белсенді күш. Тиісінше жекелеген адамдардың мінез-құлқын тудыратын әртүрлі себептердің құрамдас бөлігі болып табылатын сана және ерік белсенділігінің ішкі себептері ескеріледі. Өзінің сезімдерін сезіне білу, осы сезімдеріне және шұғылдануына тиісінше мүмкіндік береді және өзінің мінез-құлқын саналы түрде реттеуге көмектеседі.
Есі дұрыстық ең алдымен жасалынған әрекеттің қабілеттілігін, өзінің әрекетінің маңызы және қасиетін түсінуге және зардаптарын көре білуді міндеттейді, өзінің мінез-құлқын психикалық тұрғыдан сезіне білу арқылы реттелінеді.
Есі дұрыстық, есі дұрыстық емес сияқты белгілі бір медициналық критерийлермен сипатталынады. Олардың арасында айырмашылық есі дұрыс еместіктің критерилері заңда тікелей көзделген. Есі дұрыстық кезіндегі медициналық критерийлер өзіне тән сипатымен көрініс табады, олар есі-дұрыс еместікке қарағанда неғұрлым кең.
Есі дұрыс адам деп тек психикалық дені сау адам ғана емес, сол немесе басқа да психикалық ауытқушылықпен ауыратын, бірақ та оны есі дұрыс емес деп тану үшін сол дәрежедегі немесе сипаттағы адам танылады.
Тиісінше, медициналық критерийлер көзқарасы тұрғысынан есі дұрыстық қылмыс жасау кезіндегі адам психикасының қалыпты жағдайын қамтитын кең ұғымды ғана емес, өзінің әрекетін сезіне алмайтын және басқара алмайтын жағдайларды да қамтиды. Есі дұрыстық ұғымы құқықтық түсінің ретінде кінәмен тығыз байланысты, өйткені аталған екі ұғым да қоғамға қауіпті іс-әрекетті жасаған қылмыстық жауаптылық мәселесін шешумен тығыз байланысты. Есі дұрыстық бастапқы үш белгіден: есі дұрыстық - кінә- жауапкершіліктен тұрады. Бірақ та есі дұрыстық пен кінәнің арасында тығыз байланыстылықты қарай отыра, осы екі ұғым да қылмыстық құқықты біріңғай маңызға ие.
Есі дұрыстық - адамның кінәсін анықтау үшін қажетті шарт, тиісінше қылмыстық жауапкершілікке тартуға негіз болады. Есі дұрыстықпен бірге адамның ажырамас қасиетімен бірге, оның жасы да белгіні құрайды. Белгілі бір жасқа толу, есі дұрыстық ретінде қоғамға қауіпті іс-әрекет үшін жауапкершілікке тартатын белгі ретінде танылады.
Осы тұрғыдан алып қарағанда, есі дұрыстықтың болуында қылмыскердің жасын анықтау маңызды.
Адамның жасы деп ерекше заңдылықтарға бағындырылған физикалық және психикалық белгілі бір деңгейде сапалы өзгеруімен сипатталады. Басқаша айтқанда жас деп, белгілі бір адамның психо-физикалық қасиеті немесе сапасын түсінеміз.
Адам өзінің жасының белгілі бір кезеңдерінде туғаннан қартайғанға дейін физикалық және психикалық процестерге қарай қоршаған ортасымен тығыз байланысты. Жасына байланысты қылмыстық құқықта екі негізгі қасиеттерге ие:
- қылмыс жасаған кезде есі-дұрыс болған;
- заң бойынша жасаған іс-әрекет шегінде жауапкершілікке тартатын жас.
Осыған байланысты қылмыс субъектісі - бұл белгілі бір жасқа толған, заң бойынша жауапкершілікке тартылатын адам.
1. 2. Есі дұрыс еместік критерийлері.
Қылмыстық заңдарда есі дұрыс еместік критерилері медициналық және психологиялық критерилер негізінде құрылады.
Қылмыстық құқықта есі дұрыс еместіктің медициналық критерийлері деп есі дұрыс емес жағдайда адамды тану үшін негіз болып табылатын психикалық аурулардың түрлері танылады.
Есі дұрыс еместіктің медициналық және психологиялық критерилерінің формуласы бірден пайда бола қойған жоқ. Олар бұрынғы кеңестік қылмыстық заңдарда бірте-бірте қалыптасты. Ең алғаш рет кеңестік қылмыстық заңдарда есі дұрыс еместіктің ұғымы 1919 жылғы “Жетекшілік алатын” заңның 14 бабында көрсетілді. Ол бапта есі дұрыс еместіктің критерилерінің нақты ұғымының мазмұны берілмеді, алайда олар медициналық және психологиялық негіздерді басшылыққа алды.
“Жетекші бастаулар” тек қоғамға қауіпті іс-әрекетті жасағандығы үшін адам өзінің іс-әрекетіне жауап бере алмайтындығын баса көрсетті. Есі дұрыс еместіктің медициналық критерилерінің ажыратуының болмауы кез келген психикалық ауру оның сипатына және дәрежесіне қарамастан адамды есі дұрыс емес деп тануға негіз болды. Бірақ соған қарамастан “Жетекші бастаулардағы” есі дұрыс еместіктің критерилерін түсіндіру келесі заңдарда “есі дұрыс еместіктің” ұғымын дұрыс анықтауға алғышарт болды.
Одан кейін есі дұрыс еместіктің медициналық критерилері 1922 жылғы РКФСР-дің Қылмыстық кодексінде өзінің дамуын жалғасын тапты. Кейіннен көптеген одақтас республикалардың ҚК-рі қабылдау кезінде аталған заңдарды басшылыққа алды. РКФСР-дің 1922 жылғы ҚК-нің 17 бабы есі дұрыс еместіктің медициналық критерилері ретінде созылмалы психикалық ауру психикалық қызметінің уақытша бұзылуы, сонымен бірге осындай әрекеттерді жасау барысында өөзінің әрекеттеріне есеп бере алмайтын жағдайлар жатқызылды.
Созылмалы психикалық ауру. Бұл ауруға жазылмайтын немесе жазылуы өте қиын, аурулық жағдайы өрістей беретін аурулар жатады. Бұл медициналық критерий психикалық қызмет бұзылуының барлық түрлерін қоса отырып, ұзақ уақыт психикалық аурулардың созылуынан көрінеді. Кейбір жағдайларда бұл ауру психикалық шаншу ретінде көрінеді. Бірақ та артынан міндетті түрде ақау қалдырады. Аталған ауруға жазылматйын немесе жазылуы өте қиын, аурулық жағдайы өрістей беретін аурулар жатады. Бұған шизофрения, желікпе, депрессиялық есалаңдық, ми мерезінің салдарынан үдемелі сал аурына шалдығу, кәрілікке байланысты дамыған есалаңдық және басқалары. Бұл аталған психикалық ауруларды медициналық критериге біріктіре отыра сот психиатриялық практикасында үлкен маңызға ие. Сот психиатриялық тәжірибесінде маңызды орынды шизофрениялар алады. Көп жағдайларда шизофрениямен ауыратындар есі дұрыс емес деп танылады.
ә) Психикалық қызметінің уақытша бұзылуы.
Психиатрия ғылымы психикалық қызметінің уақытша бұзылуына әртүрлі және көптеген нысандағы біраз уақытқа жалғасып кейіннен толықтай сауығып кететін ауаруларды жатқызады /5/.
Аталғандардың ішінде сот психиатриясы тәжірибесінде және теориясында “ерекше жағдайлар” деп аталатыны анықталады. Бұл адамның психикасының кенеттен пайда болған, қысқа мерзімде салыстырмалы түрде уақытша санасынан айырылатын және тез тоқтайтын аурулар. Бұл ауруға жататындар: патологиялық аффект, патологиялық мас болу, сананың өтпелі кезеңі, патологиялық ұйқы жағдайы және тез өтетін психологиялық бұзылулар. Бұл психикалық аурулар сот психиатриялық тәжірибесінде сирек кездеседі. “Ерекше жағдайлардан басқа медициналық критерий қамтитын психикалық аурулар тобына “психикалық қызметінің уақытша бұзылуына” жататындар: реактивті жағдайлар, кейбір алкогольді психоздар, мысалы, алькоголді галюцинация, белая горячка, қызғаныштың алькогольді сандырағы, дипсоманиялық талмалар, инфекциялық психоздар және т. б.
Сот психиатриялық тәжірибесінде реактивті жағдайларды бағалау үлкен маңызға ие. Реактивті жағдайлар деп психикалық жарақаттың бұзылуымен туындайтын психикалық қызметінің бұзылуына ұласатын жағдайлар (қорқу, ауыр психикалық абыржу және т. б. ) . Оған жататындар реактивті параноид, реактивті галюциноз, депрессиялық реакциялар, ситуациялы истериялық реакциялар (псевдоменция, пуэрилизм, истерикалық ступор), сандырақты қияли.
Сот-психиатриялық тәжірибесінде қоғамға қауіпті іс-әрекетті жасау кезінде реактивті жағдайлардың болуы өте сирек кездеседі. Психикалық қызметінің уақытша бұзылуының медициналық критериі адам психикасының еріктілі сферасы сапасын және уақытша бұзылуын қамтиды.
Б) басқа да аурулық жағдайлар.
Заңшығарушы аталған түсінікке кез келген жағдайда ғана емес, адамның психикалық жағдайына елеулі ықпал ететін, оның мінез-құлқын детерминациялатып және есі дұрыс еместіктің мүмкіндікті себебі болып танылады.
Басқа да сырқаттық жағдайларға кеңестік құқықтық және көбінесе медициналық әдебиеттерде: психология, олигрофения (туғаннан ақыл есінің қалып қалуы), психикалық бұзылуымен бірге жүретін соматикалық аурулар жатады.
В) Кемақылдылық. Бұл адамның ақыл-ой қабілетінің төмендеуінен туындайтын аурулар. Мұндай аурулар тұрақты туа біткен ауыр нерв ауруының (делбе, энцефолит, мидың зақымдануы) әсерінен пайда болады. Кемақылдылықтың үш түрі бар. Дебильдік (жеңіл түрі), имбицилдік (орташа түрі), идиотия (ауыр түрі) .
Психологиялық критерий адамның өзінің істеген әрекетіне есеп бере алмауынан (интеллектуалдық кезеңнен) немесе өзінің әрекетін басқара алмауынан (еріктілік кезеңнен) тұрады. Интеллектуалдық кезеңнің мазмұнына адамның өзінің істеген іс-әрекетінің шын мәніндегі жағдайын түсінбейтінін оның қоғамға қауіпті мәнін, яғни, қоғам, басқалар үшін өз мінез-құлқының зияндылығын сезбейтінін көрсетеді. Ақыл-ойдың бұзылуы еріктің бұзылуына себепкер болып, адамның өзінің іс-әрекетін басқара алмайды.
Кейде адам өзінің әрекетінің мәнін түсінгенімен, аурулық жағдайына байланысты өзін басқара алмайтын кезеңдер де болады. Мысалы, есірткілік аштық жағдайындағы адам, өзіне жедел жәрдем көрсетуші медицина қызметкеріне шабуыл жасап, одан есірткілік зәрі бар нәрсені тартып алуда өз мінез-құлқының қылмыс екенін сезеді. Бірақ та есірткілік тәуелділікке байланысты еріктілік жағдайының терең бұзылуы салдарынан өзі-өзі ұстауға, басқаруға қабілеті болмайды. Адамды есі дұрыс емес деп тану үшін сот психиатриялық сарапшының қорытындысы қажет. Есі дұрыс емес деп танылғанда медициналық белгінің нышандарының кем дегенде біреуін және заңдылық белгінің нышандарының интеллектуалдық еріктілік белгілерінің екеуінде немесе аурулық жағдайлардың кейбіреулері үшін тек қана еріктілік белгісін анықтау қажет. Осы екі белгі қабат болғанда ғана есі дұрыс еместіктің мәселесі шешіледі. Белгіленген тәртіппен есі дұрыс емес деп танылған адамдар қылмыс субъектісі болып табылмайды, демек бұл оның іс әрекетінде қылмыс құрамының жоқ екендігін білдіреді. Қылмыстық кодекстің 17-бабының 2-бөлігінде есі дұрыс күйінде қылмыс істеген, бірақ сот үкім шығарғанға дейін өзінің әрекеті жөнінде өзіне есеп беру немесе өзінің әрекетін басқару мүмкіндігінен айрылып қалған, есі ауысу дертімен ауырып қалған адамды жазаға тарптау туралы айтылған. Есі ауысқан адам сот процесінің мәнін, жазаның мақсаттары мен мазмұнын дұрыс түсінбейді, мұндайда сот психиатриалық сараптаманың қорытындысына сәйкес, есі ауысуы уақытша деп танылса, іс өндірістен тоқтатылады да, ондай адамға соттың тағайындауы бойынша медициналық сипаттағы еріксіз емдеу шаралары қолданылуы мүмкін. Ал уақытша есі ауысу дертінен айыққаннан кейін жазалануы мүмкін. Қылмыстық кодекстің 18 бабаында мас күйінде істеген қылмыс үшін жауаптылық қарастырылған. Осы бапқа сәйкес қылмысты мас күйінде істеген адам (спирттік ішімдікті, есірткі немесе басқа да есеңгірететінін заттарды пайдаланудың нәтижесінде) қылмыстық жауаптылықтан босатылмады. Демек, мұндай адам қоғамға қауіпті іс-әрекеті үшін қылмыстық жауапқа тартылады. Мастықтың екі түрі бар: физиологиялық және патологиялық мастық.
Физиологиялық мастыққа күнделікті кездесетін мастық жатады. Мұндай жағдайда қылмыс істеген адамды есі дұрыс емес адамның қатарына жатқызуға әсте болмайды.
Патологиялық мастыққа алкоголь ішімдігін, есірткі немесе басқа есеңгірететін заттарды үнемі пайдаланудың салдарынан дертке ұшырап, соның әсерінен өзінің іс-әрекеті туралы есеп беруден қалған, өзін-өзі басқару қабілетін жоғалтқандар жатады.
Сот-психиатриалық сарапшының қоырытндысына сәйкес, мұндай адамдар есі - ауысқан деп танылуы мүмкін. Сондай-ақ адамдарға медициналық түрдегі еріксіз емдеу шаралары қолданылады. Ал, айыққанан соң өзінің істеген қылмысы үшін жалпы тәртіппен жазалануы мүмкін. Жаза тағайындалғанда мас болудың себебі, мастықтың дәрежесі және оның қылмыс істеуге ықпалы есепке алынады.
Қайсыбір жағдайларда сот адамның мас күйде қылмыс жасауын жауаптылықты ауырлататын мән-жай деп тануы да, танымауы да мүмкін (ҚР 54-бабы, 1-*бөлігі, “м” тармағы және 3-бөлігі) . Жоғарыда атап өткеніміздей, қылмыстық субъектісі болып заңда көрсетілген жасқа толған, есі дұрыс адам саналады. Адамды қылмыстық жауапқа тартудың ең негізгі шарттарының бірі оның белгілі жасқа толуы болып танылады. Өте жас балалар қылмыстық субъектісі бола алмайды. Өйткені, олар өздерінің тым жастығына сәйкес жеткілікті жағдайда өздерінің қоғамға істеген зиянды іс-әрекетіне жауап бере алмайды және өздерінің қылықтарын басқара алмайды. Сондықтан қылмыстық заң өзі арнайы көрсеткен жасқа толмаған жасөспірімдерді қылмыстық жауапқа және жазаға тартуға тиым салады. Кәмелетке толмағандардың жас мөлшері және оларды қылмыс субъектісі деп тану мәселесі Қылмыстық кодекстің 15-бабында арнайы көрсетілген. Осы бап бойынша қылмыстық жауапқа қылмыс істеген уақытқа дейін он алты жасқа толған адамдар тартылады.
Кәмелетке толмағандар жөніндегі істерді қарағанда соттар айыпкердің кім екендігін, оның тәрбие және өмір сүру шарттарын, қылмыстық ниеттің, істеген қылмысының себебі мен жағдайын толық есепке ала отырып, оларға тәрбиелік сипаттағы шараларды қолдануды немесе жаза тағайындау мәселе-сін шешуі қажет.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 1993 жылдың 24 маусымындағы “Жаза тағайындағанда соттардың заңды дұрыс қолдануы” №3 қаулысында осындай мәселелерге ерекше назар аударылған. Онда “Егер қоғамға онша зиянды емес қылмыс жасаған он сегіз жасқа толмаған адамға қылмыстық жаза қолданбай-ақ түзелуі мүмкін деп тапса, сот ондай адамға қылмыстық жаза болып табылмайтын басқа шараларды қарастырады. Жасөспірімдер жөніндегі істі қарағанда сот айыпкердің жеке басына байланысты мәліметтерді, олардың өмір сүру және тәрбиелілік жағдайларын, қылмысты істеуінің себептері мен оған әсер еткен мән-жайларды ересектердің оларды қылмысқа итермелеудегі, тартудағы әсерін анықтаумен бірге оларға жаза тағайындауда тәрбиелік әсері бар мәжбүрлеу шараларын да қарастыруы керек” делінген.
Егер кәмелетке толмаған адам осы баптың бірінші немесе екінші бөлігінде көзделген жасқа толса, бірақ психикасының бұзылуына байланысты емес психикалық даму жағынан артта қалуы салдарынан кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмысты жасау кезіндегі өзінің іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін толық көлемінде түсіне алмаса не оған ие бола алмаса, қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс емес (15-бап, 3-бөлігі) .
Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауаптылығы мен оларға жаза тағайындаудың ерекшеліктері Қылмыстық кодекстің ІУ бөлімінде (78-87-баптарда) арнайы қарастырылған.
Белгілі бір деңгейде қылмыстық жауапкершілік деп мемлекеттің атынан мәжбүрлеу-тәрбиелік сипатындағы қылмыс жасаған адам, яғни қылмыскер танылады /7/.
Қылмыстық құқықтық тұрғыдағы қылмыс жасаған адам қылмыстық жауапкершіілкке тартылады. Бұл тұрғыдан Г. А. Злобин қылмыстық құқық нормаларының санкциясында жауапкершілік нақты жүзеге асырылған құқықбұзушылықты жасаған сотталатын адамға қолданылуы тиіс деді /8/.
Осы жерде Ю. М. Антонян және С. В. Бородин “шекаралық есі дұрыстық” деген ұғымға жауаптылық және жазаны жоққа шығармайтын адамның психикалық жағдайын түсінеміз дейді (олар біз атаған ерекшеліктерді ескере отыра туындайды дейді), яғни қылмыс жасау уақыты кезінде өзінің іс-әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) жауап бере алмайтын (фактілік жағын және қоғамға қауіпті іс-әрекетті түсіне алмайтын) немесе психикалық қызметтің бұзылуына байланысты өзін ұстай алмайтындарды (психикалық ауытқуларды) /9/, -жатқызады.
Австриялық заңшығарушы шектелген есі дұрыстықты басқа тұрғыдан техникалық рәсімдерді Австрияның ҚК-ның 4 тарауында “Жаза мөлшерінің анықтамасы” ($34 жауаптылықты жеңілдететін ерекше мән-жайлар) 1 тармақта көзделген. Онда өзінің психикалық ауытқушылық жағдайында жазаның жеңілдеу мүмкіндігі белгіленген /10/.
Есі дұрыс еместіктің заңдық критерийлерін бөліп көрсету үшін Ю. С. Богометов мыналарды қарастырады: 1) “ҚК-тің Ерекше бөлімінде” көзделген қылмыс құрамының объективті белгілерінің мазмұны бар қоғамға қауіпті іс-әрекетті жасаған факт; 2) қоғамға қауіпті іс-әрекетті жасаған уақытпен психикасының науқастық жағдайының бір мезгілде кездесуі /11/.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz