Жастардың құқықтық мәдениеті



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3

1.ЖАСТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТІН
ЗЕРТТЕУДІҢ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.1 «Құқықтық мәдениет» жастардың құқықтық
мәдениетін түсінудің дүниетанымдық негізі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 6
1.2 Жастар және жастардың құқықтық әлеуметтенудің
ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
1.3 Жастардың құқықтық санасының қалыптасуы және
оған әсер ететін факторлары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19

2 ЖАСТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТІ ЖӘНЕ
ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ...25
2.1 Құқықтық тәрбие . жастардың құқықтық
мәдениетін қалыптастырудың негізгі жолы ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
2.2 Жастарға құқықтық тәрбие берудің нысандары
мен әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 27
2.3 Девианттық жүріс . тұрыс және жастардың құқықтық
мәдениеті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 29

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖАСТАРДЫҢ
ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МЕН ДАМЫТУДЫҢ
КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 37
3.1 Қазақстан Республикасындағы жастардың мемлекеттік
саясаты және оның ұйымдық . құқықтық механизмі ... ... ... ... ... ... ... ... 37

3.2 Елімізде құқықтық мемлекет орнату кезеңіндегі жастар
Туралы заңдарды жетілдірудің басым бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... 44


ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .50

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. .52
Қазақстан Республикасын демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет деп жариялаған Конституция оның ең жоғарғы құндылығы адам, адам өмірі, құқығы мен бостандығы деп ерекше атап өтті. Мұның өзі қоғамдағы көп жақты, көп сатылы қарым-қатынастарды реттеудің негізгі құралы ретінде құқықтық санамен құқықтық мәдениет маңызының арта түсуіне жол ашты. Қоғамдағы шынайылықтың обьективті ақиқат қисынын тек зиялы, білімді қоғам өз қалыптасуының барысында, демократияның барлық мүмкіншіліктерін пайдалана отырып, жан-жақты аша түсетінін озық мемлекеттердің дамуы дәлелдеп отыр. Демократияның қанат жайып көркеюінің басты кепілі – құқықтық мәдениеттің жан-жақты дами түсуі. Демократия дегеніміз- шетсіз де шексіз кеңістік немесе әркімнің ойына келгенін істеушілік емес. Ол - белгілі дәрежеде заңмен, тәртіппен реттеліп отыратын қоғамдық белсенділік.
Мемлекетіміздің өзінің алдына ұзақ мерзімге үлкен жоспарлар қойып отырғанын біз жақсы білеміз. Еліміз 2030 жылдары Орта Азияның барысына айналғалы отыр1
Бұл еліміздің көркейіп, дамитындығын көрсетеді. Отанымызды биік дәрежеге көтеріп, оның болашағына ие болып, гүлдендіретін де жастар болып табылады. Ал жастарды осы бастан ел мен жерге құрмет көрсете білуі мақсатын қазақ халқының ғасырлар бойы сақтап келе жатқан әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерінің үлгілерін өз бойына сіңіруге, ғылым мен білімнің соңғы жетістіктерін жете меңгерген кәсіпқойлыққа баулуымыз қажет.
Мемлекеттің өркендеуіне табиғи байлық, халық саны, жердің кеңдігі қандай рөл атқаратын болса, жастардың кәсіпқой, өз ісінің шебер маманы болып қалыптасуы да зор рөл атқарады. Қазақстанның ғылым мен білім саласында жеткен жетістіктерін болашақ ұрпақтың бойына сіңіріп, ұрпақ сабақтастығын басты назарда ұстау қажеттілігі туындайды. Сонда ғана біз алдыңғы қатарлы елдердің деңгейіне көтеріле аламыз.
Қазіргі заманның басты талабы – мемлекеттік және халықаралық стандартқа сай, бәсекеге икемді түрлі саладағы жас мамандарды даярлап шығару. Бұл өте күрделі іс. Оның негізінде жалпы адамзаттық құндылықтар жүйесінде даярлығы мол, өзіне қойылатын әлеуметтік-адамгершілік талаптар мен этикалық нормаларды меңгерген кәсіпқой маман тұлғасын қалыптастыру, отансүйгіш, интернационалдық сезімде тәрбиеленген жастарды қалыптастыру, дүниежүзілік құқықтық дамудың тәжірибесін меңгеріп қана қоймаған, ел дамуының кәсіптік мүддесіне сай өз көзқарасын қалыптастырған, оларды пайдалана білуге дағдыланған азаматтарды тәрбиелеу басты іс болып табылады. Сондықтан да нарықтық экономикаға өтуге байланысты жаңа заман қажеттілігіне сай қазіргі ақпараттық және жаңа технологиялық жаңалықтарды өз бойына жинаған, жоғары білікті маман иелерін даярлау ісі құқықтық білім беру және құқықтық тәрбиемен ұштасып жатыр.
1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан –2030.- Алматы: Білім, 1997.-б.
2. Fisher Hugo.Theorine der kultur.Das kultutelle kraftsfeld.-Stuttgart,1965.-c.
3. Моль А. Социодинамика культуры.-М.,1973.-
4. Сальник В. П.Правовая культура:теоретико-методологический аспект:Дис…д-ра юрид.наук.-Л.,1990.-с.
5. Ликас А.Л. Законность и культура социалистического правосудия//Советского государство и право.- 1981.-№3.-С126-131
6. Венгров АБ Теретория государства и права: Учебники.-М., 1998-
612с
7. Синюкова ТВ Правовая культура // В кн. Теретория государства и
права : Курс лекций / Под. Ред. Н.И Матузова и А.В Малько – Саратов
1995
8 Ибраев А.С некоторых особенностях правовой культуры казахского народа //Правовая реформа вКазакстане –2003 -№3 –С27-
9 Сартаев С,С Ибраев А.С. Правовая культура- составная часть общей культуры человечества // Вестник Каз ГУ Серия юридическая – 1997 -№3- с 12-20
10 Қазақстан Республикасы Үкметінің “Дарын ”мемлекеттік жастар сыйлығы туралы Қазақстан Республикасының Үкметінің 1996 жылғы 7 тамыз № 983 қаулысы //Юрист –справочная правовая система .
11 Тагиев А.С Метологические проблемы анализа правовой социализации студенческой молодежи: Дис..кан. соц. Наук –Алматы 1999-138с
12 Кадыржанов Р.К Восприятие демократиинаселением современного Казахстана //Саясат 2001-№с57
13 Шайкенова А.Т Отношение казахстанцев к реформам в условиях современной политической обстановки //Саясат –2001-№ с 50-55
14 Зиманов С.З қазақтың ата-заңы және оның бастаулары //
Қазақтың ата заңдары –Алматы: Жеті жарғы 2001-Т1-440б
15 Сартаев С.С Тіл тағдыры –ел тағдыры //Қазақ әдебиеті-1989-26 мамыр –14б
16 Шаймерденов Е.Ш. Шаукенова З. К Ракшиева Б.И. Языковая ситуация в Республике Казахстан //Саясат –2001.№ -с28
17 Галинайтите Ю. В. Правовая социализация рабочей моледжи: проблемы и решения: Дис.. д-ра юрид. наук. М1988-275с
18 Сапарғалиев Ғ. С ., Ибраева А. Мемалекет және құқық теориясы. Алматы: Жеті жарғы 1997-45б
19 Қазақстан жастары бағдарламасы туралы : Қазақстан Республикасы Үкметінің 2001жылғы 17 ақпандағы №249 қаулысы //Юрист –справочная правовая система Юрист40
20 Альхименко В.В Козловский А.Б. Правовое воспитание молодого поколения –М: Мос. Рабочий 1985-163с

21 Сартаев С.С. Адамправолары мен бостандықтары //Жетісу. – 1986.-9декабря.
22 Сартаев С.С. Формировать нового человека // Вечерняя Алма-Ата. – 1977.-5 января.
23 Казымбетова Д.К. Девиантное поведение молодежи как объект социологического исследования: Дис. ... кан.соц. наук. –Алматы, 1999.-133с.
24. Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2001-2005 жылдарға арналған стратегиясы туралы: Қазақстан Республикасының Президентінің N 394 16 мамыр 2000 жылғы жарлығы // Республиканский центр правовой информации.
25 Калашникова Н.П. Правовая и социальная защита молодежи: пути становления ювенальной службы в Казахстане // Саясат. – 2001. - № - с.59.
26. Алауханов Е. Кепілдікке берілген уақытша өмір // Заң газеті – 2001.-10 қаңтар.
27. Усенов М. Молодежь и наркотики // Студент. – 2003-Октябрь.
28. Казаков Л.Х. Колесов Д.В. Наркогенная информация и профилактика наркомании среди учащихся // Советская педагогика.-1991.-№7.-С.12-14
106. Ильинский И. Развитие социализма и молодежь // Коммунист.-1987.№6.-С.25
29. Самаев А.К. Опыт формирования и реализации молодежной политики в Казахстане во второй аполовине 80 начале 90-х годов: Дис. ... канд.полит.наук.-М,1993.-155с.
30 Ковалева А.И. Луков В.А. Социология молодежи: теоретические вопросы.- М. Социум, 1999-356с.
31. Скробов А.П. О некоторых новых подходах к молодежной политике в условиях реформ // Социально-гуманитарные знания.-1988-№3-235с.
32. О государственой молодежной политике в Казахской ССР: Закон Казахской Советской Социалистической Республики от 28 июня 1991 года №722-хіі // Юрист-справочная правовая система Юрист 4.0.
33. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы туралы: Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 28 тамыздағы №73 өкімі // Юрист-справочная правовая система. Юрист..
34. “Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы” заңы // Егемен Қазақстан. –2004- 7 шілде.
35. Жоғарғы ісі жөніндегі Кеңесті құру туралы: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 31 шілдедегі №1165 қаулысы /// Юрист справочная правовая система Юрист 4.0.
36. “Қазақстан жастар” бағдарламасы туралы: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 17 ақпандағы №249 қаулысы // Юрист справочная правовая система Юрист 4.0
37. О программе молодежной политики на 2003-2004 годы: Постановление Правительства Республики Казахстан от 13 февраля 2003 года № 155 // Юрист-справочная правовая система юрист 4.0.
38. “Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы” заң жобасы // Егемен Қазақстан. – 2002. –14 мамыр.

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ЗАҢ ФАКУЛЬТЕТІ
МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯ КАФЕДРАСЫ

Дипломдық жұмыс

ЖАСТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТІ

Орындаған 5 курс студенті

Ғылыми жетекшісі
з.ғ.д. доцент

Дипломдық жұмыс
қорғауға жіберіледі.
Кафедра меңгерушісі
з.ғ.д. доцент Ибраева А.С.

------------------------------ 2006

Алматы 2006

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... 3

1.ЖАСТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТІН
ЗЕРТТЕУДІҢ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1. Құқықтық мәдениет жастардың құқықтық
мәдениетін түсінудің дүниетанымдық негізі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 6
2. Жастар және жастардың құқықтық әлеуметтенудің
ерекшеліктері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 13
3. Жастардың құқықтық санасының қалыптасуы және
оған әсер ететін факторлары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 19

1. ЖАСТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТІ ЖӘНЕ
ҚҰҚЫҚТЫҚ
ТӘРБИЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ...25
1. Құқықтық тәрбие – жастардың құқықтық
мәдениетін қалыптастырудың негізгі жолы
ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
2. Жастарға құқықтық тәрбие берудің нысандары
мен әдістері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... . 27
3. Девианттық жүріс – тұрыс және жастардың құқықтық
мәдениеті
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 29

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖАСТАРДЫҢ
ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МЕН ДАМЫТУДЫҢ
КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .. 37
1. Қазақстан Республикасындағы жастардың мемлекеттік
саясаты және оның ұйымдық – құқықтық
механизмі ... ... ... ... ... ... .. ... . 37

2. Елімізде құқықтық мемлекет орнату кезеңіндегі жастар
Туралы заңдарды жетілдірудің басым бағыттары
... ... ... ... ... ... ... ... ... 44

ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .50

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .52

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасын демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік
мемлекет деп жариялаған Конституция оның ең жоғарғы құндылығы адам, адам
өмірі, құқығы мен бостандығы деп ерекше атап өтті. Мұның өзі қоғамдағы көп
жақты, көп сатылы қарым-қатынастарды реттеудің негізгі құралы ретінде
құқықтық санамен құқықтық мәдениет маңызының арта түсуіне жол ашты.
Қоғамдағы шынайылықтың обьективті ақиқат қисынын тек зиялы, білімді қоғам
өз қалыптасуының барысында, демократияның барлық мүмкіншіліктерін
пайдалана отырып, жан-жақты аша түсетінін озық мемлекеттердің дамуы
дәлелдеп отыр. Демократияның қанат жайып көркеюінің басты кепілі – құқықтық
мәдениеттің жан-жақты дами түсуі. Демократия дегеніміз- шетсіз де шексіз
кеңістік немесе әркімнің ойына келгенін істеушілік емес. Ол - белгілі
дәрежеде заңмен, тәртіппен реттеліп отыратын қоғамдық белсенділік.
Мемлекетіміздің өзінің алдына ұзақ мерзімге үлкен жоспарлар қойып
отырғанын біз жақсы білеміз. Еліміз 2030 жылдары Орта Азияның барысына
айналғалы отыр1
Бұл еліміздің көркейіп, дамитындығын көрсетеді. Отанымызды биік дәрежеге
көтеріп, оның болашағына ие болып, гүлдендіретін де жастар болып табылады.
Ал жастарды осы бастан ел мен жерге құрмет көрсете білуі мақсатын қазақ
халқының ғасырлар бойы сақтап келе жатқан әдет-ғұрыптары мен салт-
дәстүрлерінің үлгілерін өз бойына сіңіруге, ғылым мен білімнің соңғы
жетістіктерін жете меңгерген кәсіпқойлыққа баулуымыз қажет.
Мемлекеттің өркендеуіне табиғи байлық, халық саны, жердің кеңдігі
қандай рөл атқаратын болса, жастардың кәсіпқой, өз ісінің шебер маманы
болып қалыптасуы да зор рөл атқарады. Қазақстанның ғылым мен білім
саласында жеткен жетістіктерін болашақ ұрпақтың бойына сіңіріп, ұрпақ
сабақтастығын басты назарда ұстау қажеттілігі туындайды. Сонда ғана біз
алдыңғы қатарлы елдердің деңгейіне көтеріле аламыз.
Қазіргі заманның басты талабы – мемлекеттік және халықаралық стандартқа
сай, бәсекеге икемді түрлі саладағы жас мамандарды даярлап шығару. Бұл өте
күрделі іс. Оның негізінде жалпы адамзаттық құндылықтар жүйесінде даярлығы
мол, өзіне қойылатын әлеуметтік-адамгершілік талаптар мен этикалық
нормаларды меңгерген кәсіпқой маман тұлғасын қалыптастыру, отансүйгіш,
интернационалдық сезімде тәрбиеленген жастарды қалыптастыру, дүниежүзілік
құқықтық дамудың тәжірибесін меңгеріп қана қоймаған, ел дамуының кәсіптік
мүддесіне сай өз көзқарасын қалыптастырған, оларды пайдалана білуге
дағдыланған азаматтарды тәрбиелеу басты іс болып табылады. Сондықтан да
нарықтық экономикаға өтуге байланысты жаңа заман қажеттілігіне сай қазіргі
ақпараттық және жаңа технологиялық жаңалықтарды өз бойына жинаған, жоғары
білікті маман иелерін даярлау ісі құқықтық білім беру және құқықтық
тәрбиемен ұштасып жатыр.

1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан -2030 Алматы: Білім 1997 жыл- б.
Бұл жастар ісіндегі бір бағыт қана. Еліміздің ертеңі жастарсыз жарқын
бола қоймайды. Сондықтан да қазіргі кезден құқықтық мәдениеті жоғары
жастарды тәрбиелеу және қалыптастыру ісі кезек күттірмей атқарылатын
мемлекеттік маңызды шаралардың қатарында тұр. Қазақтың алтын бесігі ауыл,
ал қазіргі кезде ауыл жастарының басым көпшілігі жұмыссыз, бос. Мемлекет
тарапынан ауыл жастарын әлеуметтік – мәдени тұрғыдан көтермелеге байланысты
арнайы бағдарлама қабылдап, оны тез арада жүзеге асыруға кірісу қажет.
Сонымен қатар, қазіргі кезде нашақорлыққа, ішкілікке салынушыларыдың
дені жастар болып отыр. әртүрлі жұқпалы аурулар мен СПИД-тің де тамыр жайып
отырған ортасы да осы жастар. Қылмыстық әрекеттердің көпшілігі осы
еліміздің жастарының үлесіне тиюде. Жас, тәуелсіз мемлекетіміздің алдында
ертеңгі күні айқын, мәдениетті және тәрбиелі ұрпақты қалыптастыру міндеті
тұр. Осы айтылғандардың барлығы зерттеу тақырыбының өзектілігін көрсетеді.
Жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру ісі көптеген ғалымдар
тарапынан жалпы құқықтық мәдениет мәселелерін қарастыру барысында сөз
болады. Жалпы жастардың құқықтық мәдениеті кешенді мәселе болғандықтан
кейін оның әрбір қыры жеке-жеке зерттеудің пәніне айналып отырған.
Жастардың құқықтық мәдениетін зерттеуде оны көбінесе жастардың құқықтық
тәрбиесімен астастыра қарастыру орын алған. Жалпы құқықтық мәдениет және
жастардың құқықтық мәдениеті туралы Қазақстанның танымалы заңгер ғалымдары
– С.З Зиманов, М.Т. Баймаханов, Ж.Д.Бусурманов, С.С. Сартаев, С.Н.
Сабикенов, Г.С. Сапарғалиев, Н.Б. Мухитдинов, Т. Ағдарбеков, Н.Ө. Өсеров,
С.Ө. Өзбекұлы, Е.К. Нүрпеисов, А.К. Мұхтарова, Е.Б. Абдрасулов, С.Ф.
Ударцев, А.С. Ибраева, А.У. Бейсенова көптеген еңбектер жазған.
Жастардың құқықтық тәрбиесі мәселесі Л.А.Сахипова, А.И. Долгова, М.В.
Лукьяненко, В.М. Фокин, В.И. Новоселов, К.Х. Найманов, А.П. Чугунов, В.В.
Альхиминко, А.Б. Козловский, В.В. Бородин, Е.С. Кубанков, З.А. Бренчев,
Г.Б. Елемисов, К.А. Бегалиевтің еңбектерінде кеңінен қарастырылып, арнайы
зерттеу нысанасына айналған.
Сонымен қатар, жастардың құқықтық мәдениетін жетілдірудің мәселелері
құқықтық сананың аясында қарастырылады. Бұл бағыт Л.М. Голубевваның, С.А.
Батованың, В.В. Оксамытныйдің еңбектерінде жүйелі түрде сөз етіледі.
Жастардың құқықтық мәдениетін тәрбиелеу ісі Е.А. Зорченконың және т.б.
еңбектерінде арнайы зерттеледі.
Жастардың құқықтық мәдениеті атты зерттеу тек С.М. Ходыревскийдің
қаламынан туған болатын. Еңбекте отбасы мен мектептің, өндіріс ұжымының
жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруда алатын орны мен рөлі
талданады. Студент жастардың құқықтық тәрбиесі мен құқықтық мәдениеті Л.А.
Сахипова мен З.Ч. Чикеевалардың еңбектерінде зерттелініп, жеке байлам мен
түйіндерге арқау болған.
Мемлекеттік жастар саясаты арнайы зерттеу тақырыбына өзек болған
болатын. Бұл бағытта Ш.З. Рустемов пен қазақстандық ғалымдар Л.Ю.
Зайцеваның, Д.А. Калетаевтің еңбектері өте қомақты.
Әрине, аталған еңбектердің барлығында жастардың құқықтық мәдениетінің
белгілі бір қырлары сөз болады. Бүгінгі күнге дейінгі жастардың құқықтық
мәдениетінің толық табиғаты ашылып, негізгі ғылыми бағасы айқындала
қоймаған. Бұл тақырыптағы диссертациялық зерттеулерді қоспағанда, аталған
еңбектердің басым көпшілігі кіші-гірім деңгейдегі кітапшалардан құралған.
Олардың негізгі мақсаттары жастар тәрбиесімен айналысушыларға көмекші құрал
ғана қызметін атқару болып келді.
Ал, ұсынылған осы дипломдық жұмыста жастардың құқықтық мәдениеті
кешенді мәселе ретінде жеке алынып, жүйелі, жан-жақты зерттеудің нысанасы
ретінде қарастырылып отыр.
Дипломдық зерттеудің обьектісін негізінен құқықтық мәдениеттің жалпы
теориясының мәселелері мен құқықтық тәрбиенің құқықтық мәдениетті көтеру
барысындағы маңызы мен рөлі құрайды және де оған Қазақстан
Республикасындағы жастардың құқықтық мәдениетін көтерудің кейбір теориялық
мәселелері де кіреді.
Зерттеудің нақты пәнін құқықтық мәдениет жүйесіндегі жастардың
құқықтық мәдениетінің негізгі мәселелері және жастардың құқықтық мәдениетін
көтеру ісінде олардың девианттық жүріс-тұрыстарының қаншалықты кері әсері
болатындығы, тәуелсіз елімізде жастардың құқықтық мәдениетін көтеру
бағытында атқарылып жатқан іс-шаралардың мәні мен маңызын саралау құрайды.

1.ЖАСТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТІН ЗЕРТТЕУДІҢ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1. Құқықтық мәдениет жастардың құқықтық мәдениетін түсінудің
дүниетанымдық негізі
Жастардың құқықтық мәдениеті жалпы құқықтық мәдениеттің құрамдас
бөлігі болып табылады. Сондықтан да біз бұл мәселені зерттеуде теориялық
және методологиялық (әдіснама) маңызы бар мәселенің бірі жалпы құқықтық
мәдениеттің және оның орны мен рөліне тоқталып өткенді жөн көріп отырмыз.
Мәселеге осы қырынан келу бізге жастардың құқықтық мәдениетінің табиғатын
жете түсінуге және оның жалпы құқықтық мәдениет жүйесінде алатын орнын
толыққанды салмақтауға мүмкіндік тудырады.
Жалпы құқық теориясында құқықтық мәдениет мәселесі әртүрлі
аспектілерде, ракурстарда қарастырылып жүрген өте ауқымды мәселенің бірі
болып саналады. Әрине, құқықтық мәдениет қана емес жалпы мәдениет
мәселесі ғылымда осы күнге дейін өзінің бір ізді шешімін таба қоймаған, сан
түрлі концептуалдық ғылыми ұғымдар мен теориялық бағыттарды өмірге әкелген
күрделі түсінікке айналып отыр.
Мәдениет ұғымы да қоғам дамыған сайын толығып, әр қырынан байи
түсетін ұғымдық жүйе. Мәдениет ұғымының ғылыми мазмұндалуы – қоғам
дамуының әрбір кезеңі тудырған ұстанымдар деңгейінде кемелденіп отыратын
дамушы құбылыс. Мысалы, оны мына деректен байқауға болады: 1919 жылға дейін
шетел ғалымдар айтуы бойынша мәдениет туралы жеті анықтама болған, 1950
жылы – 164, ал 1970 жылы – 250 анықтама болған2.
Американдық ғалымдар А. Кребер мен К. Клохон 1970 жылдардың басында-ақ
мәдениет ұғымының 257 түрлі дефинициясын санап көрсеткен болатын3
Қазіргі кезеңде әлемдік әдебиетте мәдениеттің 500 –ден астам ғылыми
дефинициясы бар4 Құқықтық мәдениет мәселесімен айналысқан көптеген ғалымдар
өздерінің еңбектерінде мәдениет ұғымының әртүрлі ғылыми түсініктерінің
астарына терең бойлап, оны ашып талдауға және өзіндік байламдар жасауға
ұмтылған болатын. Бұл мәдениетке қатысты айтылғандар бізден құқықтық
мәдениет ұғымын, оның табиғатын ашу барысында үлкен жауапкершілік пен
зеректілікті, нәзік сезімталдықты қажет ететіндігі белгілі.
Құқықтық мәдениет жалпы мәдениет ұғымы секілді құқық теориясында
бір жақты қаралып бағаланбайды. Бұны әрине түсінуге де болады. Себебі,
құқықтық мәдениетті бір түсініктің аясында толығымен ашып көрсету мүмкін
емес. Құқықтық мәдениет - әлеуметтік феномен ретінде күрделі құбылыс. Ол -
өзінің бойына әртүрлі маңызды белгілері мен критерийлерді топтастыра алған
өте ауқымды жүйелік құрылым. Сондықтан да құқықтық мәдениет ұғымы мен оның
табиғатын ашуға қатысты сан түрлі көзқарастар мен пікірлердің жүйесі
қалыптасқан болатын.
Fisher Hugo. Theorine der kultur. Das kultuteiie kraftsfeld.
Stuttgart, 1965-c
1. Моль А. Социодинамика культуры –М., 1973
2. Сальников В.П. Социалистическая правовая культура. Саратов: Сарат
Универс

Құқықтық мәдениеттің теориялық және методологиялық мәселелерімен терең
айналысқан ғалымдардың бірі В.П. Сальников құқықтық мәдениет табиғатын
ашуға байланысты көзқарастардың дамуының кейбір қырларына
тоқтала келе: 60 жылдардың аяғы 70 жылдардың басында құқықтық мәдениет
ұғымын беруде екі бағыт тұрғысынан және құқық туралы білім жиынтығы,
заңдарды қолдана білу және оған деген құрметке қатысты көзқарас қырынан
келгендігін5 сөз етеді. Сонымен қатар, ХХ ғасырдың 70 жылдарының аяғы мен
80 жылдарының басында құқытық мәдениеттің теориялық мәселелерін
зерттеушілердің көптеп көңіл бөлген тақырыбына айналғанын және оны әр
қырынан қарастырып қоғам дамуының белгілі сатысы кезіндегі құқықтық болмыс
жаратылысының сапалық идеялық қалпы ретінде, сонымен бірге, нақты жүзеге
асып жатқан заң қондырмаларының бүкіл элементтерінің (құрамдық бөліктерінің
) жиынтығы ретінде де, сондай-ақ заңдарды танығандық-білгендік, оны қабыл
алудың дағдысы ретінде және қоғамдық сананың бір түрі ретінде де,
правовая культура есть качественное идейное состояние правовой жизни
общества на определенном этапе его развития, и совокупность всех элементов
юридической надстройки в их реальном функционировании, знание закона,
умение принять его,и разновидность общественного сознания6 түсінігі,
дамытқан тілге шек етеді.
Құқықтық мәдениет ұғымын беруде әртүрлі ғалымдар құқықтық
мәдениеттің табиғатын сипаттайтын белгілерінің біріне ғана басымдық беріп,
оны құқықтық мәдениеттің приматы ретінде сипаттауға тырысады. Сонымен
бірге сол құқықтық мәдениетті сипаттайтын белгілердің ішінен бөлініп алған,
өздері өте маңызды деп санайтын белгінің төңірегіне қалған белгілерін
жинастыруға тырысады. Құқықтық мәдениеттің анықтамасын беруде қалыптасқан
бұл әдіс бүгінгі күні құқықтық мәдениеттің сан түрлі түсініктері мен
ұғымдарын өмірге әкелді. Әйтсе де, бұл көзқарастарды топтастырып көрсетуге
де болады. Қазіргі кезеңде құқықтық мәдениет ұғымына қатысты түсініктер мен
ұғымдарды топтастыруда белсенді-қызметтік, пәндік-құндылық құқықтық сананың
аясында, қоғамдағы құқықтық болмыстың жақсы жақтарының көрінісі тұрғысынан
тұжырымдау тағы басқа негіздері бойынша топтастыру орын алуда.
Енді осыларға жеке - жеке кішігірім талдау жасайтын болсақ, бірінші
белсенді қызметтік бағыт бойынша құқықтық мәдениет адамның белсенді қызмет
аясында қаралып, осыны негізге ала отырып, осыны негізге ала отырып,
құқықтық мәдениет ұғымын тұжырымдауға ұмтылыстар жасалды. Бұл бағыттың бір
түріне құқықтық мәдениет ұғымын берудегі негізіне субъектінің әлеуметтік
қызметінің әдістеріне жатқызатын Технологиялық деген атпен белгілі түрін
жатқызуға да болады. Бұл бағыт туралы Г.И. Балюк былай дейді: в последнее
время в юридической литературе появилась также технологические
определения правовой культуры ( В.П. Казимирчук, Е.А. Лукашева, В.П.
Сальников и другие). Они аккумулировали теоритический опыт изучения
правовой культуры и раскрыли ее целевое назначение,
3. Сальник В. Правовая культура: теоретико-методологический аспект.
Дис ... Д-ра юрид. Наук.-Л., 1990-с
состоящее прежде всего в формировании, развитии и становлении лияности, ее
направленности на активное поведение во всех сферах государственной и
общественной жизни, урегулированной правом7 Әрине, бұл көзқараста
мәдениеттің құндылық қыры да көзден таса қалмамайды. Сонымен қатар, бұл
бағытты сот әділдігі мен сот ісін жүргізудің мәдениетіне қатысты
еңбектерінде А.Л. Ликас пен Н.Ф. Волкодаев “Сот әділдігінің мәдениетін
қызметтік әдіс ретінде ” өрбіте отырып дамытады
Құқықтық мәдениет ұғымы мағынасынан ашып көрсетуге қатысты екінші
бір көзқарастар легін құқықтық сана аясында өрбітуді жатқызуға болады. Бұл
бағыт құқықтық тәрбие беру, оны қалыптастыру мәселесіндегі құқықтық сананың
атқаратын рөлі және құқықтық тәрбие мен құқықтық сананың арақатынасының жай-
күйі негізінен алғанда арнайы еңбектерде негізінен орын алған болатын.
Сонымен бірге, біз бұл бағыттағы еңбектерден құқықтық мәдениеттің
түсінігіне қатысты алдын-ала көзделген мақсатты айқын аңғарамыз. Себебі,
бұл бағытты қолданушылар негізінен акцентті құқықтық мәдениеттің
психологиялық өлшемдері мен көріністерін құрайды. Бұл бағытты қолдаушылар
мен әрмен қарай дамытушыларға: К.А.Моралев, Р.С.Могилевский, В.В. Орехов,
В.И. Каменская, А.Р.Ратинов және т.б. жатқызуымызға болады белгілі ресей
ғалымы А.Б. Венгеровтың құқықтық мәдениет – құқықтық сананың жоғары және
көлемді деңгейі деуі, оны да осы бағыттың қолдаушылары қатарына жатқызуымыз
мүмкіндік береді деп есептейміз.8
Келесі құқықтық мәдениет ұғымына қатысты бағытты пәндік-құндылық
бағыт ретінде топтастыруға болады. Мұнда құқықтық мәдениет ұғымының екі
аспектісі: пәндік (құқық, құқықтық құрылымдар және т.б.) және рухани
бөліктері (құқықтық сана, құқытық білім және т.б. ) бірін-бірі толықтыратын
бір ұғымның екі қырындай сабақтастықта қаралады. Ол туралы осы бағытты
теориялық негіздеушілердің бірі Т.В. Синюкова құқықтық мәдениет түсінігінің
негізіне – нормалар, құқықтық құндылықтар, заңдық институттар, заңдық
процесстер мен нысандар жатқызады. Аталған құқықтық құбылыстар нақты
қоғамда адамдарға әлеуметтік-құқықтық бағыт береді9 Әрине, бұл бағыттың
ұтымды қырына біз оның бағалаушылық позициядан келетіндігін жатқызуымызға
болады. Бірақ, біз бұл бағыттан құқықтық мәдениетті қандай критерийлердің
жүйесіне сәйкес бағалауға болатындығын көре алмаймыз. Құндылықтың өзіне көп
жағдайларда қоғамда қалыптасқан ұстанымдар жүйесі өте күшті әсерін тигізіп
жатады. Оны біз кеңестік жетпіс жылғы тарихымыздан өте жақсы білеміз.
Жоғарыдағы құқықтық мәдениетке қатысты пайымдаулармен қатар, заң
әдебиеттерінде оны құқықтық болмысымыздың жақсы жақтарының көрсеткіші
ретінде де бағалауды кездестіреміз. Аталған бағыттың негізгі ойын Р.К.
Русиновтың құқытық мәдениетке берген мына берген мына төмендегі мінездемесі
толық ашып көрсетеді: Под правовой культурой понимается
7. Волкодаев Н.Ф. Правовая культура судебного процесса.-М: Юрид литратура
1980-с
8. Венгеров А.Б. Территория государства и права: Учебники-М., 1998-612с
9. Синюков Т.В. Прав. культура В кн терр. Государ. и права: курс
лекцияпод. ред. Н.И.Матузова и А.В. Малько Сар. 1995

обусловленное всем социальным, духовным, политическим и экономическим
строем качественное состтояние правовой жизни общества, выражающееся в
достигнутом уровне развития правовой деятельности, юридических актов,
правосознания в целом, в уровне правового развития субъекта (человека
различних групп, всего населения), а также степени гарантированности
государством и гражданским обществом свобод и прав человека . Осымен
астасатын пікірді құқықтық мәдениет теориясы бойынша белгілі ізденістер
жүргізіп, қомақты нәтижелерге қол жеткізген осы саланың білгірлерінің бірі
А.П. Семитконың еңбектерінен де кездестіреміз.
Отандық заң ғылымында осы саламен көп жыл бойы айналысып жүрген
ғалым А.С. Ибраеваның да құқықтық мәдениетке қатысты қалыптасқан
көзқарастар мен пікірлерді саралай келе берген өзіндік анықтамасын да осы
сипатқа жатқызуға болады10.
Құқықтық мәдениет қоғам дамуымен ілгері жылжып отыратын, тарихи
сабақтастықта, ұрпақтан-ұрпаққа өтіп отыратын құқықтық болмыстың ақиқаты
іріктеп алып отырған құндылықтар мен тұлғаның құқықтық қызметін
қалыптастырған мәдени маңызды өлшемдердің озық жүйесі болып табылады.
Құқықтық мәдениетке оның негізгі мәнін көрсететін ерекше белгілер тән болып
келеді. Оған, біздің ойымызша, А.С. Ибраеваның бөліп көрсеткен негізгі мына
белгілері жатады:
“Правовая культура – это особое социальное образование,
выражающее оценку правовых явлений как культурологических ценностей с точки
зрения
того, как и насколько они способны обеспечить наследование социальных форм
жизнедеятельности. Функционирование и продолжительность существования
конкретных общественных систем;
Правовая культура – это показатель исползования в правовой
практике общества наиболее прогрессивных идей и ценностей, созданных в ходе
исторического развития, что находит свое выражение: а) в стабильности
правовой системы общества, позволяющей человеку уверенно смотреть в
завтрешний день; б) в демократичности всех правовых институтов общества6
гарантирующей человеку социльную защищенность от произвола в любой его
форме и предоставляющей личности право участвовать в работе органов
государства:
Правовая культура – это достаточно высокая степень правового
развития личности6 выражающаяся в отношении ее к правовой действительности
через индивидуальное правосознание и правовую деятельность”. Көрсетілген
құқықтық мәдениетті сипаттайтын белгілер шын мәнінде құқықтық мәдениеттің
негізгі мәнін ашатын және оған тән белгілерді жалпылап көрсететін
әмбебаптық сипаттағы белгілер десекте болатындай.
Құқықтық мәдениет теориясындағы тағы да бір маңызды мәселенің
біріне құқықтық мәдениеттің құрылымы және оның элементтері жатады. Құқықтық
мәдениеттің құрылымы теорияда көптеген авторлар тарапынан әртүрлі
компоненттер жүйесінен тұратын құрылым ретінде қарастырылуда.
10. Ибраева А.С. Некоторых особенностях правовой культуры казахского народа
Правовая реформа в Казахстане-2003 №3, -с 27
Былайша айтқанда, құқықтық мәдениеттің құрылымдық сипатын құрайтын
элементтерді ажыратып көрсету әлі болса теорияда өзінің біркелкі шешімін
таба қойған жоқ. Соған қарамастан құқықтық мәдениетпен айналысушы ғалымдар
бұл мәселені терең талдауға ұмтылған сайын, шешуі қиын шиыршықталған ойдың
қармауында қалып отыр. Мұның өзі құқықтық мәдениеттің сан қырлы сипаты бар
құбылыс екендігін тағы бір рет дәлелдейтіндей. Қанша дегенмен, құқықтық
мәдениеттің мәнін түсінуде, оның құрылымдық жүйесіне кіретін элементтерді
ашып көрсету өте қажет. Әйтпесе, құқықтық мәдениеттің мәнін толық ашып,
бағалау мүмкін емес. Құқықтық мәдениеттің құрылымы арқылы біз жалпы
құқықтық мәдениеттің тұтас құрылым ретінде қызмет етуімен даму бағыттарын,
ерекшеліктері мен оған тән негізгі белгілердің қырларын толық түсінеге
мүмкіндік аламыз.
Заң әдебиеттерінде құрылым жалпы алған былайша түсіндіріледі- компонент
-терден (элементтерден) тұратын ортақ жүйенің ішкі ұйымдастырылуы. Құрылым
әрқашан жүйенің ұйымдасқан, белгілі тәртіпке енгізілген, элементтерінің
өзара байланыстағы жиынтығы ретінде көрінеді. Құқықтық мәдениеттің құрамына
көңіл бөліп, оны талдау – құқықтық мәдениетті құрайтын негізгі элементтерді
ажыратуға, осы элементтердің маңызы өзара байланыстылықтарын көрсетуге,
сонымен қатар құқықтық мәдениеттің ең соңында біртұтас құбылыс екендігін
сипаттауға жол ашатын дұрыс жол болып табылады. Сонымен қатар, құқықтық
мәдениеттің құрамын бір жақты бағалауға болмайтын да, болатын да құбылыс
емес, ол күрделі, қатпарлы феномендік сипаты бар жүйе. Құқықтық мәдениеттің
құрылымын зерттеуде тағы бір ескеретін жағдай қоғамдағы объективті және
субъективті факторлардың ықпалымен оның өзгеріп отыратындығын ескеруіміздің
қажет екендігі. Құқықтық мәдениеттің өзгерісті тез қабылдап түрленуге бейім
элементтерінің қатарына құқықтық сананы да жатқызуға болады.
Біздің ойымызша, құқықтық мәдениеттің құрылымына қатысты ғылыми
әдебиеттерде әр кезеңдерде орныққан көзқарастар мен пікірлерді саралай
отырып, оны өзіндік тұрғыда белгілі дәрежеде бағалауға қадамдар жасаған
А.С. Ибраеваның құқықтық мәдениеттің құрылымына қатысты элементтерді
жинастыра келе оның: 1) правосознание; 2) право; 3) правовые отношения;
4) законность и правопорядок; 5) правомерная деятельность субъектов; 6)
государственно-правовые институты; 7) юридическая наука; 8) юридические
акты-лардан тұратындығын көрсетуі. Біздің ойымызша, құқықтық мәдениеттің
құрылымының мәнін ашуға қонымды және дұрыс келетін тұжырым деп санаймыз.
Сонымен бірге бұл пікір көтеріп отырған мәселеге қатысты ойлардың дамуының
тұтастығын қалыптастыруға ұмтылған және оған мүмкіндік беретін өте орынды
сипаттама.
Құқықтық мәдениеттің табиғатын танудағы келелі мәселенің қатарына
оның қоғам өмірінде атқаратын негізгі қызметтерін жатқызуға болады.
Құқықтық мәдениеттің қызметтері оның қоғамға шынайы ықпал етуін көрсетеді.
Құқықтық мәдениеттің қызметтері арқылы құқықтық мәдениеттің деңгейін,
оның әсер етуін байқаймыз. Құқықтық мәдениеттің қызметтері дегеніміз – оның
қоғамда өмір сүруінің басты бағыттары. Осы күнге дейін теорияда құқықтық
мәдениеттің басты-басты қызметтері және оларды жіктеуге қатысты бір бағытты
көзқарастар жүйесі орныға қойған жоқ.
Құқықтық мәдениет мәселесімен айналысушы ғалымдар арасында да әлі
терең жеке-жеке құқықтық мәдениеттің қызметтері терең талдана қойған жоқ.
Бірақ, бұдан, оның негізгі қызметтері мүлдем зерттеуге түспеген деген ой
тумауы қажет. Біз бұл жерде оның толыққанды, терең арнайы зерттелмегені
туралы сөз қозғап отырмыз.
Мәселен, құқықтық мәдениет мәселесімен айналысып жүрген ғылымдардың
бірі Е.А. Зорченко құқықтық мәдениеттің қызметтерін саралай келе,
төмендегідей: “Функции, связанные с взаимодействием правовой культуры с
другими социальными институтами общества, т.е. функции по выработке
установлению системы правовых норм, ценностей, стреотипов поведения, по
обеспечению нормативного регулирования поведения граждан, по организации и
реализации различных правовых форм социально-полезной деятельности
(нормативная, интегративная, общественно-преобразующая, регулятивная,
аксиологическая, кеммуникативная, накопления и сохранения ценностей идр.);
функции, обеспечивающие наиболее эффективное взаймодействие правовой
культуры общества, социальной группы, трудового коллектива и правовой
культуры личности (социализации, воспитания, информации, коммуникации);
функции, связанные с существованием социально-психологического механизма
перевода правовых требований в реальное поведение личности (позновательная,
ценностно-орентирующая, преобразовательная)” деген топтамаларға жіктейді.
Құқықтық мәдениет теориясының философиялық-методологиялық
(әдіснамалық) мәселелерін арнайы зерттеуші Л.В. Петрованың еңбегінде де
құқықтық мәдениеттің қызметтері сөз болып ғылыми талдауға түсеті. Әрине, ол
өзінің еңбегінде құқықтық мәдениеттің аксиологиялық қызметіне басты орын
беріп, қалған қызметтерді осы шеңбердің ішінде қарауға тырысады
З.Ч. Чикеева и Л.В. Петрованың көзқарастарының келеңді тұстарына
көңіл бөліп, өзіндік бағасын беруге тырысады да былай қорытындылайды:
“Основное внимание в работах Л.В. Петровой удалено аксиологической функции,
которую она предлогает считать главной, отражающей социальный смысл
правовой культуры. Остальные же функции, по мнению Л.В. Петровой, починены
аксиологической функции и фактически выступает ее модификациями”
Егер біз тұлғаның құқықтық мәдениетіне, оның деңгейіне, қоғам
өміріндегі көріністеріне қысқаша тоқталып өтпейтін болсақ, онда жалпы
құқықтық мәдениеттің жастардың құқықтық мәдениетін тануда және зерттеудегі
дүниетанымдық базалық ұғымы екендігін толық ашып көрсете алмаған ьолар
едік. Құқықтық мәдениет теориясында әртүрлі көзқарастар легін тудырып, бір
жақты бағаланбай отырған мәселенің бірі-тұлғаның құқықтық мәдениеті болып
отыр. Тұлғаның құқықтық мәдениетіне қатысты көзқарасты құқықтық мәдениеттің
жалпы, өзекті қырларымен, әр жылдары айланысқан құқықтық мәдениеттің ғылыми
базасын толықтырып, өркендетуші: Е.В. Аграновская, В.А. Бурмистров, В.П.
Федорин, А.П. Семитко, В.П. Сальников, Г.И. Балюк, Н.Л. Гранат, А.Р.
Ратинов, В.И. Каменская, А.С. Ибраева секілді құқықтық мәдениет теориясының
майталмандары білдірген болатын.
Тұлғаның құқықтық мәдениетінің көрініс беруі мен қоғам өміріндегі
қатынастар жүйесінде бейнелеуіне қатысты т.б. жағдайларға байланысты
қарапайым, кәсіби, теориялық деген деңгейлерге ажыратылады. Қарапайым
құқықтық мәдениет деңгейі жалпы көпшілікке тән болып келеді. Арнайы маман
емес, бұнымен кәсіби тұрғыда айналысып жүрмеген қоғам мүшелерінің құқықтық
мәдениетінің деңгейі. әрине, бұл қарапайым адамның тек заңды біліп, оны
бұзбай сақтауы ғана емес, сонымен қатар адамның құқыққа, оның қандай да
болса көріністеріне деген терең құрметтің ішкі жан дүниеде орнығуын және
оны мүлтіксіз орындауға деген құлықтылығын көрсетеді. Ал кәсіби құқықтық
мәдениет заң саласындағы мамандарға тән. Оның түрлеріне соттың,
прокурордың, полиция қызметкерлерінің құқықтық мәдениетін т.б. жатқызуға
болады.
Әрине, бұл саладағы барлық қызметкерлерге кәсіби құқықтық мәдениет
тән десек қаталескен болар едік. Кәсіби құқықтық мәдениет заңды білу, осы
саладағы мамандықты арнайы игеріп алумен қатар, өзінің қызметінде заңды
сақтау, құрметтеу мен басқа біреулерді де осы талаптарды бұзбауға шақыру,
ықпал етуден көрініс береді. Ол өзінің қызметіне берілген, оған құрметпен,
үлкен ілтипатпен қарайтын жеке адамдардың тобына тән құбылыс.
Теориялық құқықтық мәдениетті біз ғылыми қызметкерлер мен педагогика
саласындағы мамандардан кездестіреміз. Теориялық құқықтық мәдениеттің
иелері бұл бағытты жетілдіре түсуге үлкен теориялық ұсыныстар енгізуі
мүмкін. Сондықтан да бұл өте маңыздылау болып табылады.
Көбінесе бұл бағыттың өкілдері құқықтық мәдениеттің прогресшілдік
идеяларын қоғамға ортаға таратушы, оны уағыздаушылық та қызметтерді
атқарады. Оны өмірінің негізгі ретінде қабылдайды. Тұлғадағы құқықтық
мәдениеттің қалыптасуы кезеңдерін шартты түрде: “период становления и
период стабильной правовой культуры” деп бөлуге болады.
Бірінші кезеңде тұлғаның құқықтықмәдениеті қалыптасу процесін
бастан кешуде болады. Оның орнығуына қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық
әртүрлі факторлар, заң түзу мен шығару ісіндегі тұрақтылық, заңдылық пен
құқықтық тәртіп үлкен әсер етеді. Сонымен қатар, мемлекеттегі адам
құқықтыры мен бостандықтарының кепілдік деңгейі өте күшті әсер етеді. Бұл
кезеңде тұлғаның құқықтық мәдениеті тұрақты емес, белгілі орнығу сатысында
болғандықтан, жоғарыда аталған жағдайлардың ықпалын өзінің бойында өте
күшті сезінеді. Қоғамдық тұрақтылық, оның орнығуына қажетті жағдай жасайды.
Ал, тұрақты құқықтық мәдениет-тұлғаның құқықтық мәдениетінің орныққан,
терең тамыр жайған кезеңі.
Оны тұлғаның құқықтық өмірге оң ықпал етуге деген құлшынысының пайда
болуынан көруге болатындай. Сондықтан да тұлғаның құқықтық аядағы
белсенділігінің кезеңі деп те атауға болады.
Құқықтық белсенділік – тұлғаның құқықтық мәдениетінің шыңы. Құқықтық
белсенділік – мақсатты терең түсіну мен міндеттерді айқын және ықыласпен
атқаруға бағытталған әрекеттердің көрінісі.
Қорыта келгенде, құқықтық мәдениет сан қырлы, әр түрлі деңгейлерде
көрініс беретін маңызды құбылыстардың біріне жатады. Құқықтық мәдениеттің
даму деңгейі, оның қалыптасуы барысының жоғарлауы қоғамдағы экономикалық,
әлеуметтік және саяси жағдайлармен айқындалатын өзгерістерге тез
ыңғайлануға бейім болып келеді. Оның құрылымы мен қызметтері қоғам талабы
алға тартқан талаптарды қанағаттандыруға бағытталған. Құқықтық мәдениетті
көтеру мақсатты ойластырылған шараларды үздіксіз жүзеге асырудың
нәтижесінде қол жеткізетін табыс десек, артық кеткендік емес деп қорытуға
болады. Тұлғаның құқықтық мәдениеті құқықтық мәдениеттің ең жоғарғы
деңгейін көрсететін жалпы мәдениеттің деңгейлік түрлерінің бірі.

2. Жастар және жастардың құқықтық әлеуметтенуінің ерекшеліктері

Жастар – еліміздің ертеңгі болашағы. Сондықтан да жастар мәселесі
мемлекеттің стратегиялық маңызды бағыттарының бірін құрайды. Жастарға қарап
– ең прогресшіл, жасампаз топтың өкілдері.
Елімізде жүргізіліп жатқан реформалар қалай да болмасын белгілі
кезеңдер өткеннен кейін жастардың бойында өзінің жақсы және жаман қырыннан
өзіндік ізін қалдыратындығын айқын. Міне, бұл жастар ісіне, оны тәрбиелеуге
немқұрайлы қарауға болмайтындығын білдіреді.
Жастардың бойында өте жоғары деңгейдегі құқықтық мәдениетті
орнықтыру – болашақта мемлекетіміздің өркендеуінің бірден-бір негізгі
жолының бірі. Қазіргі жеткен жетістіктерді одан әрі қарай дамыту міндеті де
солардың мойнында.
Байқағанымыздай жастардың қоғамдағы үлес салмағы өте басым екен. Осы
жастар деген кім? Ол қандай әлеуметтік топтың көрінісі және мүдде-
мақсаттары қандай? Соған тоқталып өтетін болсақ, онда жастардың ғылыми
анықтамасын беру, олардың жас аралығын айқындау көптеген ғылым
бағыттарының: философиялық, әлеуметтану, саясаттану, тарих, құқық т.б.
ғылымдардың негізгі мәселелерінің біріне айналады. Жастардың табиғатын
тануда, оның ұғымын тұжырымдауға қатысты ғылымда әр уақытта әр түрлі
пікірлер мен көзқарастар айтылған болатын. Ең алғаш жастар түсінігін В.Т.
Лисовский беруге ұмтылған болатын. Оның ойы бойынша: “молодежь – поколение
людей, проходящих стадию социализации, усваивающих, а в более зрелом
возрасте уже усвоивших, образовательные, профессиональные, культурные и
другие социальные функции; в зависимости от конкретных исторических условий
возрастные критерии молодежи могут колебаться от 16 до 30 лет”11 Ал А.И.
Тесленко мен Д.А. Калетаев ғылыми әдебиеттерді саралай келе жастардың
ғылыми әдебиеттерде қалыптасқан мына төмендегі объективтік өзіндік
белгілерін бөліп көрсетеді:
1. Молодежь как будущее общества, которая существует в настоящее
время в виде детского и молодежного сообщества.
2. Молодежь имеет двойственную природу, то есть выступает и как
биологическое, и как социальное явление.
3. Молодежь предстает как конкретно-историческое явление, продукт
истории и определенной культуры.
4. Молодежь – это субъект исторического действия. Она может и иметь
интересы, отличные от общественно-государственных, предлагая свои
варианты удовлетворения собственных потребностей. В этих условиях
задача общества и государства состоит в том, чтобы помочь молодым
людям делать это в рамках определенной идеологии, понятой и принятой
молодежью
Кеңестік әлеуметтанушы И.В. Бестужев-Ладаның жастарға қатысты пікірі
ерекше. Оның ойынша жастық өмір сүру дағдысы тек отызға дейінгілерге тән
емес, сонымен қатар отыздан асқан көптеген адамдарда осындай өмір салтын
жалғастыруда деп келе: “Вот почему в понятие “современная молодежь”
приходится включать возрастную группу населения от 14-16 до 28-30 лет... и
ту часть населения 30-40 лет, которая продолжает вести молодежный образ
жизни” деп, жастықты адамдар арасындағы жас айырмашылығына байланысты
жіктелу емес, өмір сүру дағдысына қатысты бөлініс деп қарайды.
Ал, Қазақстан Республикасының Үкіметінің “Дарын” мемлекеттік жастар
сыйлығы туралы қаулысында “Дарын” мемлекеттік жастар сыйлығы (бұдан әрі -
сыйлық) Қазақстан Республикасының 35 жасқа дейінгі азаматтарына жемісті
ғылыми, шығармашылық және қоғамдық қызмет үшін беріледі Бұл қаулыдан
еліміздегі жастар деген әлеуметтік топтың ең жоғарғы жастық шегі 35-ке
дейін екендігін көреміз. Қазақстан Республикасында жастардың жастық
мөлшерлерінің төменгі және арнайы шектері заңда арнайы көрініс таппағанын
байқаймыз. Болашақта жастар атты әлеуметтік топтың жас мөлшері белгіленуі
қажет. Ол бізге жастар деген кімдер және де оларға қатысты құқықтық,
әлеуметтік және т.б. қолдауларды беру және қолдану ісін жеңілдеткен болар
еді.
Жастар мәселесіндегі тағы бір маңызды жағдайлардың бірі, біздің
ойымызша, олардың құқықтық әлеуметтенуі. Жастардың құқықтық әлеуметтеуі
бізге жастардың құқықтық санасының, құқыққа сай жүріс-тұрысының, құқықтық
мәдениетінің қалыптасуының механизімін ашуға, жастардың қоғамда қалыптасқан
құқықтық нормаларды сақтауы мен жүзеге асыруына әсерін тигізетін
объективті, субъективті және позитивті, негативті әлеуметтік факторлардың
табиғатын тануға мүмкіндік беретін еді. Жалпы құқықтық әлеуметтену нақты
қоғамда қалыптасқан құқықтық сипаттағы талаптарды индивиттердің сақтауына
жол ашатын нормативтік құндылықтар, ұстанымдар, көзқарастар т.б. қамтып
қана қоймайды, ол оның толыққанды

11. Тесленко А.Н., Калетаев Д.А. Научные основы социализации и
казахстанских молодежи- Астана: МКСИО РК-2002-С

азамат болып қалыптасуы процесіне әсер ететін объективті және субъективті
факторларды да қамтиды.
Құқықтық әлеуметтену өте күрделі құбылыс болып табылады.
Шын мәнінде жастардың құқықтық әлеуметтенуінде өмірдің әлеуметтік
жағдайының маңызы өте зор. Қоғам қаншалықты алға дамыса, жастардың да
құқықтық әлеуметтенуі өте орынды, қалыпты жүретін еді. Қалыпты өмір адамды
ертеңгі күніне сеніммен қарауға бейімдейді . экономикалық хал-ахуалдың
көтерілуі жастардың да әлеуметтік тұрғыдан қорғалуында көптеген
мүмкіндіктерге жол ашқан болар еді. Қазіргі кезде еліміздің экономикасы
бірте-бірте көтеріліп келе жатыр, бұл дегеніміз жастар мәселесі, олардың
әлеуметтік және т.б. жағынан қорғалуы жақын уақыттарда шынайы сезілетін
деңгейде қолға алынады деген сөз.
Сонымен қатар, “ Қазақстан жастары- 2000 ” атты мемлекеттік
бағдарлама мәтінінен біз елімізде жастардың 28,7 пайызы саясатпен осы
сөздің, толық мағынасында, айналысатындығын көреміз. Жоғарыда аталған
жастардың көзқарастарын білдіретін сандық деректер еліміздегі жағдайда
саяси мәселелерге жастардың немқұрайлы қарамайтындығын көрсетеді. Болашақта
жастарды жастар ұйымының қызметіне мемлекеттік қолдау көрсете отырып,
көптеп тарта түсу қажет. Бұл еліміздегі саяси элитаның үзіліссіз
қалыптасуына, дер кезінде толығып отыруына жағдай жасар еді. Сонымен қатар,
жастардың саяси аренаға шығуына алғашқы баспалдақ қызметін атқарады.
Жастардың құқықтық әлеуметтенуін біз сөз еткен макродеңгейлер мен
қатар микродеңгейдің де тигізетін ықпал өте күшті. Оның ішінде жас
жеткіншектің алғашқы құқықтық әлеуметтену тәрбиесін жинайтын жері - ол
отбасы. Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясы академигі
С.З.Зиманов қазақ халқының құқықтық мәдениетін зерттей отырып, отбасының
маңызын былай деп анықтаған: Баласының табиғи дарынын байқаған ата-анасы
оған би болу жолында дұрыс бағыт - бағдардағы тәрбие беруге тырысқан. Ең
алдымен отбасында оған қазақтың айшықты сөз өнерін, әдеттік-құқықтық
дәстүрлері мен ережелерін үйреткен, логикалық мәселелерді шешуді, яғни
соттық қызмет барысында кездесетін сан-қилы өмірлік мәселенің түпкі негізін
табуды үйренуге көмектесетін, қисынды сөзбен қиюластырылған жұмбақ сөздің
астарын табуға баулаған12.
Шын мәнінде жастардың бойында моральдық құндылықтар мен мінез-
құлық нормаларының қалыптасуында отбасының үлкен ықпал бар. Бала туылғаннан
бастап шамамен 15-18 жасқа дейін үзіліссіз ата-анасының,
айналасындағылардын тілді, мінез - құлық ережелерін, салт-дәстүрлерді,
кәсіптік дағдыларды т.б. үйренеді. Осылай олар әлеуметтенудің алғашқы
қадамдарын жасайды. Бірақ бұл жас аралығында әлі де болса олардың өмірдегі
әлеуметтік орны белгісіз болады. Соған қарамастан жеке адамның құқықтық
әлеуметтенуін жас кезден бастаған жөн. Себебі, адамға тән қасиеттердің 70
пайызы жас кезде қалыптасады. Өмір тәжірибесі көрсетіп жүргендей, мықты,
12. Зиманов С.З. Қазақстың Ата заңы және оның бастаулары Қазақтың Ата
заңдары- Алматы Жеті жарғы-2001-Т1-440б
бақытты, салауатты отбасында тәрбиеленген әлеуметтік дағды алған бала өзіне
және айналасындағыларға сеніммен қарай алатын болады. Ол ортаның мәдениет
нормаларын шынайы және саналы түрде қабылдап, үлгілі тәрбиеленген жеке
тұлға ретінде қалыптасады. Соған байланысты бала өзінің болашағын анық
түрде бағыттай алатын жағдайда болады.
Мектепте алған білім, қалыптасқан дағы дас жеткіншектің өмір бойғы
өзін ұстауы мен жүріс-тұрысында үлкен ізін қалдырады. Мектепте жақсы білім
алмаған, оның әліппесін жақсы ұғынбаған адамға кейін оны қалпына келтіру
үлкен қиындықтар туғызуы мүмкін. Сондықтан да мектепте оқушыға өте жоғары
тәрбиемен қатар, өмірге қажетті тәрбиені, мәдениетті бойына дарыту қажет.
Әрине, бұл күрделі міндетті атқару үшін әртүрлі жағдайлар қол байлау болып
отырған бүгінгі күні жасырын емес. Біріншіден, мектептің мұғалімдеріне
үлкен әлеуметтік қамқорлық қажет. Оның ішінде ауыл мектептеріне ерекше
көңіл бөлу керек.
Еліміздің болашағы Отанымыздң ұлтжанды ертеңгі ұрпағы осы ауылда
өсуде. Сондықтан да оларды жалпы өркениет жеткен жетістіктерді бойына
жинаған, ұлттық мәдениеттің үлгілерін қастерлей алатын азаматтар ретінде
өсіруіміз қажет. Мектепте осыған атүстілікпен қарамай жауапкершілікпен
қарауымыз қажет. Мектеп қабірғасында оқылатын пәндер жуйесін ұлттық
мәдениетіміздің құндылықтарын көрсете алатын әдістерімен, тәсілдерімен,
құралдармен жасақтау қажет деп ойлаймыз. Мектеп қабырғасында жас
жеткіншектердің құқықтық тәрбиесіне және олардың бойында құқықтық
мәдениетті қалыптастыру ісіне мемлекеттік деңгейде жеткілікті дәрежеде
көңіл бөлуіміз керек.
Мектептен кейінгі жастардың құқықтық әлеуметтенуінде маңызды орын
алатын микро орта – жоғарғы оқу орны және еңбек ұйымы. “Қазақстан жастары –
2000: жағдайы, тенденциясы, болашақ дамуы” баяндаманың деректеріне
сүйенсек, аталған уақытта жоғары оқу орнында оқитын студенттердің саны 99
535 адамды құраған. Бұған, әрине, колледждер мен басқа да арнайы орта білім
беретін оқу орындары қосылмайды. Көрсетілген жағдай оқу орындарының
жастардың әлеуметтену процесіндегі соңғы рөл ойнамайтындығын аңғартады.
Жоғары оқу орнында жастар арнайы мамандық алу мен отбасында, мектеп
қабырғасындағы құқықтық әлеуметтенуін одан әрмен қарай жалғастырады.
Қазіргі кездерде бұл мекемелерде студент жастардың құқықтық білімін
тереңдетуге, құқықтық білімді терең игеруге онша ықылас білдірмейтіндей.
Оған құқықтық білім заңгерлер үшін болмаса, басқа мамандық иелері үшін
маңызды емес деген ой-әуен жатқандай. Негізінен өздерінің мамандығына көңіл
бөліп, құқықтық білімге салғырттау қараушылық байқалады. Көптеген жоғары
оқу орындарындағы “Құқық негіздері” атты пәнге берілген сағаттың мөлшері
аздық етеді. Бағдарламаны толық игеруге мүмкіндік бермейді. Көбінесе бұл
пән “сынақ” нәтижесімен бітеді. Оның орнына болашақта сағат санын көбейтіп
“емтихан” қою керек. Өйткені емтихан студенттердің білімін тексеру, оларға
белгілі дәрежеде жауапкершіліктер жүктейді.
Қазіргі кезде елімізде жұмыссыздық болса да еңбек ұжымдарында
көптеген жастар жұмыс жасауда. Сондықтан осындай еңбек ұжымдарында бұрыннан
белгілі жақсы тәжірибенің бірі жас мамандарды үйрету, оларға қамқорлық
жасауды жалғастырған жөн болар еді. Қызметкер этикасына ерекше көңілбөлген
дұрыс. Еңбек ұжымы жас маманның, былайша айтқанда, “әлеуметтік үйі”.
Жастардың құқықтық әлеуметтенуі – бұл жастардың қоғамда одан әрі
дамуы үшін қажет болатын, әлеуметтік мінез-құлық нормалары мен
құндылықтарын қабылдау, жас кезден бастап егде тартқанға дейін адамның
әлеуметтік мәртебеге ие болуы. Жалпы, бұл – адамның өмір бойы қоғамдағы
әлеуметтік орнын немесе мәртебесін табу жолы.
Жастардың құқықтық әлеуметтенуі өте күрделі процесс. Бір қоғамдық
қатынастар жүйесінен екінші жүйеге өтіп жатқан қазіргі кезеңде,
құндылықтарда, өзгеріске ұшыраған заманда жастарға әсер ететін мәдениет
нормаларының, жүйелі турде білім беруді және құқықтық тәрбиенің, мінез-
құлық нормаларының дұрыс меңгеруінің маңызы зор.
Жастардың бойында құқықтық әлеуметтенуді түрлі жолдармен, әдістермен
қалыптастыруға болады. Аға буынның жас ұрпаққа құқықтық мәдениетті беруі,
яғни бұрынғы қалыптасқан құқықтық сананың және құқықтық мінез-құлық
үлгілерінің жас ұрпаққа өтуі. Бұл бір жағынан құқықтық әлеуметтену
процесіне концервативтік сипат беретін болса, екінші жағынан жас ұрпақтың
санасында мінез-құлық үлгілерін, құндылықтар мен нормаларды қалыптастырады,
бұрынғы қалыптасқан озық үлгілерді меңгертеді және бойына сіңіреді.
Сондықтан жоғарыда сөз еткен ізбасарды тәрбиелеу жолын бір ізге қою керек.
Жастар қандай да болмасын қызметте тәжірибелі аға буынның мол тәжірибесін
үйренумен қатар, құқықтық аяда өздерін ұстау үлгілерін де алып қалар еді.
Бұрыннан келе жатқан ортада қалыптасқан озық үлгілердің сабақтастығының
үзілмеуіне, оның дағдылық-нормаға айналуына септігін тигізер еді. Шын
мәнінде құқықтық әлеуметтену орталық ықпалының жемісі. Адамға 13 ата-
анасы, 13 басқа адамдар ықпал етеді, солардың әсерімен қалыптасады.
Жастардың құқықтық тәрбие, құқықтық әлеуметтену процесінің бөлінбейтін
бөлігі. Оның мақсаты – білім, сенім, ниет және әлеуметтік – белсенді мінез-
құлық дағдыларын қалыптастыру.
Жастардың құқықтық тәрбиесінің маңызды міндеті – рухани, идеялық
құндылықтарды сенімге және шынайы дағдыға айналдыру. Жастардың құқықтық
тәрбиесіне қатысты мәселелер, олардың нысандары мен әдістері кейінгі
бөлімдерде арнайы сөз болғандықтан, біз бұл жерде оған кеңінен
тоқталмаймыз. Бұл бағытта елде жүргізіліп келе жатқан жалпыға міндетті
құқықтық білім беру шараларына қосымша жаңа, сапалы және маңызды дәрежеде
тұрғындардың арасында, әсіресе, жас отбасылары, жас ата-аналар, жас
оқытушылар, мекемелер жұмысшылары, қызметкерлер, құқық қорғау органдарының
жас қызметкерлері арасында т.б. қамтитын құқықтық жалпы білім беруді
тереңдетудің қажеттілігі тууда. Осы шаралардың барлығы құқықтық үгіт-
насихатты демалыс іс-шараларымен т.б. кешенді түрде, жүйелі дамытуды қажет
етеді.
Жастардың құқықтық әлеуметтенуінде құқықтық өзін-өзі тәрбиелеу
әдісінің өзіндік орны бар. Құқықтық өзін-өзі тәрбиелеу жеке адамға тікелей
байланысты. Бұл жерде маңызды орынды сол өзін-өзі тәрбиелейтін ішкі
ұмтылысы, ниеті және оның қажеттілігін сезіну деңгейі алады. Оны терең
өзін-өзі құқықтық тәрбиелеуге ұмтылған адам түсінуі қажет және жүйелі түрде
сол іспен айналысуға әзір болуы керек. Осы жағдайларға ғана құқықтық өзін-
өзі тәрбиелеу нәтижесін береді. Өйткені құқықтық өзін-өзі тәрбиелеу
белгілі, құқықтық, моральдық құндылықтар мен қағидаларды игеруді, дамытуды,
байытуды қажет етеді. Ол өз кезегінде қандай да болмасын негативтік сыртқы
факторларға қарсы тұруға жол ашады. Былай айтқанда, негативті көріністерге
қарсы иммунитет пайда болады. Құқықтық өзін-өзі тәрбиелеу ерекше қырлы өз
бетінше құқықтық білім алуды құрайды. Оның маңызын Ю.В. Галинайтите былай
сипаттайды: “Главным моментом в правовом воспитании личности и его основным
содержанием является правовое самообразование, как один из источников
пополнения и обновления правовых знаний. Правовое самообразование
выступает в роли своеобразного католизатора, ускоряющего процесс правового
формирования и развитя личности”13
Жастардың құқықтық әлеуметтенуінің міндеттері әлеуметтік бақылаусыз
дұрыс шешіле қоймайды. Әлеуметтік бақылау жүйесіне енетін нормалар
жастардың жүріс-тұрысының үш бағытын қамтиды:
- жастардың жүріс-тұрысының басқаларға қатынасы;
- жастардың жүріс-тұрысының жалпы қоғамға қатынасы;
- жастардың жүріс-тұрысының өз-өзіне деген қатынасы.
Жастардың бойында құқықтық әлеуметтенуді қалыптастыратын алғашқы
агенттерге – ата-анасы, аға-інісі, әпке-сіңілісі, әжесі, атасы, алыс және
жақын туыстары, құрдастары, ұстаздары, айналасындағы адамдар, сыныптастары
т.б. Жастардың құқықтық әлеуметтенунің екінші агенттері – жоғары оқу
орындарының оқытушылары мен лауазымды тұлғалар, құрдастар, өнеркәсіп,
әскер, полиция, теледидар, радио қызметкерлері және т.б.
Жастардың құқықтық әлеуметтенуіне кері әсерін тигізетін факторлар да
баршылық. Оларға біз мына төмендегілерді жатқызамыз:
- заңдардың арасындағы өзара қайшылықтар;
- заң шығару процесінің өте күрделілігі;
- заңдардың әлсіздігі;
- қоғамдық әлеуметтік қайшылықтардың өсуі;
- құқықтық ақпарат, білім, тәрбиенің жеткіліксіздігі және сапасының
қажетті деңгейде болмауы т.б.
қазіргі кезде жастардың құқықтық әлеуметтену процесіне нарықтық
қатынастырдың тигізіп отырған ықпалы өте ерекше.
Жастардың болашақтағы мақсаттары көбінесе қоғамда өте мәртебелі жағдайға
ие болу, баршылықта өмір сүру, өтімді мамандық иесі болу.
13. Галинайтите Ю.В. Правовая социализация рабочей молодежи: проблемы и
решения: Дис. Д-ра юрид наук М 1988-275с

Әрине, бұл жақсы, бірақ жастардың бойында ұлтқа деген құрмет, патриоттық
сезімдерді де дамыту қажет. Ол үшін дәстүрлі ұлттық мәдениетіміздің озық
үлгілерін жалпы мәдениеттің тасасында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқықтық мәдениеттің жастардың құқықтық белсенділігін қалыптастырудағы ролі
Жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастырудың әлеуметтік- психологиялық жолдары
Құқықтық мәдениеттің табиғаты
Қоғамның саяси саласындағы жастар
Жастардың дәстүрлі мәдениетке қатынасы
Ауыл жастарының құқықтық әлеуметтенуі
Әлеуметтік өзгерістер кең мәтініндегі Қазақстан жастар мәдениетінің ерекшелігі
Сыныптан тыс тәрбие жұмыстары негізінде оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру
Халықтық педагогика материалдары арқылы отбасында құқықтық тәрбиені қалыптастыру
Жастармен жұмыс жүргізудің теориялық негіздері, БАҚ-тағы көрінісі және жастармен жұмыс жүргізу технологиясы
Пәндер