Қазақстан Республикасының банк жүйесі жайында


ЖОСПАР
Кіріспе . . . 3
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАНК ЖҮЙЕСI . . . 5
1. 1 Банк жүйесі қызмет етуінің макроэкономикалық сипаты және Орталық банктiң ақша айналысын басқаруы . . . 5
1. 2 Қ. Р-да банктiк жүйенiң қалыптасуы мен дамуы . . . 8
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ ЕКІ ДЕҢГЕЙЛІ ҚҰРЫЛЫМЫ . . . 13
2. 1 Ұлттық банк - Қазақстан Республикасының Орталық банкі . . . 13
2. 2 Коммерциялық банктер - банк жүйесінің екінші деңгейлі құрылымы . . . 17
Қорытынды . . . 25
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 27
КIРIСПЕ
Банктiк жүйеде қоғамның барлық ақшалай қорлары шоғырландырылған: мемлекеттiк шаруашылық буындардың қаражаттары, халықтың жинақ ақшалары, т. б. бар. Банктер осы қорлардың қалыптасуынабелсендi қатысады, яғни оларды пайдалану бойынша бақылау жүргiзедi, ақша айналымын реттейдi және сол арқылы ұдайы өндiрiстiк үрдiске әсер етедi. Қазақстанның нарықтық экономикаға көшуiмен банктердiң алдында жаңа мүмкiндiктер ашылуда. Меншiктi жекешелендiру мен мемлекетсiздендiру нәтижесiнде жеке меншiк, меншiктiң ұжымдық және акционерлiк түрлерi, кооперативтiк қозғалыс кең етек алуда, меншiктiң аралас түрi негiзiнде кәсiпорындар құрылуда. Қоғамда белгiлi-бiр класқа ие комерсанттар, кәсiпкерлер пайда болуда. Нарықтық қатынастардың дамуы бойынша экономикада, қоғамда банктердiң ролi күшеюде. Олардың жұмысында әмiршiл - әкiмшiл әдiстердiң орнын - экономикалық әдiстер алмастырды. Сөйтiп экономикаға банктiк ықпал етудiң құндық құрылымдарының мағынасы арта түстi.
Қазақстан Республикасының қазiргi банк жүйесiнiң құрылуы 2006 жылдың желтоқсанында ҚазКСР - нiң Жоғары Кеңесi қабылдаған “Банктер және банк қызметi туралы” Заңынан бастау алады. Заңға сәйкес республикада екi деңгейлi банк жүйесi құрылды: жоғары (бiрiншi) деңгейдегi банк - ҚазКСР-нiң Мемлекеттiк банкi және төменгi (екiншi) деңгейдегi банк - коммерциялық банктер жүйесi.
Әлемдiк тәжiрибе көрсеткенiндей экономикада нарықтық қатынастар өз-өзiн реттей алмайды. Оған белгiлi бiр деңгейде мемлекет әр түрлi саясаттар жүргiзу арқылы араласып, реттеп отырады. Мұндай экономиканы реттеу саясаттарына ақша-несие және бюджеттi-салық саясаты, валюталық саясаттар жатады. Бұл қаржы нарығының саясаттарын мемлекет тарапынан банк жүйесi атқарып отырады.
Елiмiздiң өз егемендiгiн алғаннан берi нарықтық қатынастар күннен-күнге дамып келедi. Бiрақ экономикада қанша нарықтық қатынастар орнағанымен, оның өзiн-өзi басқаруы мүмкiн емес. Оған белгiлi бiр дәрежеде мемлекет өзiнiң саясаттары арқылы әсер етiп отыруы керек. Мұндай саясаттарға мемлекеттiң ақша - несие саясаты және қаржы (бюджеттiк) саясат жатады.
Экономиканы ақша-неиселiк реттеудi қаржы саласының басты секторы банк жүйесi iске асырады. Банк жүйесi қазiргi заманғы экономикада екi деңгейлi болып келедi, яғни мемлекеттiң эмиссия саясатын iске асырушы Орталық банк (бiздiң елде Ұлттық банк) және екiншi деңгейдегi банктер.
Орталық банк ұлттық валютаны айналымға шығарады, мемлекеттiң алтын резервтерiн сақтайды, коммерциялық бактердiң мiндеттi резервтерi банктер арасындағы шот айыру ретiнде пайдаланылады. Орталық банк ақша-несие саясаты құралдары арқылы ақша-несие саясатының мақсаттарын жүзеге асырады.
Қазiргi таңда нарықтық экономикада банктiк жүйенiң ролi ерекше. Банктiк жүйе - нарықтық экономиканың ең маңызды және бiртұтас құрылымдарының бiрi. Банктер халық шаруашылығы қызметiнiң барлық деңгейiндегi басқарумен тiкелей байланысты болады.
Қазақстан Республикасында екi деңгейлi банктiк жүйе 1990 ж. ҚазКСР-нiң “Қазақ КСР-дағы банктер және банктiк қызметтер туралы” Заңы бойынша қалыптасты. Мемлекеттiк банк ҚР-да Ұлттық банкке айналды. Ал қалған банктер акционерлiк банктерге, Жинақ банкi ҚР-ның халықтық банкi деп аталды. /1/
Осылайша банктiк жүйе елiмiзде қалыптасып, экономиканың тиiмдi қызмет етуiне ат салысатын басты секторға айналды. Оның әр түрлi саясаттары арқылы экономиканы өтпелi кезеңнен алып шығып, экономикалық өсуге бет алдық.
Қазiр елiмiзде банк жүйесi егемендiң алғаннан берi жүргiзiлiп келе жатқан нарықтық инфрақұрылым iшiнде ең тиiмдi қалыптасқан жүйе болып отырғаны белгiлi. Ал бiз осымен тоқтатпай банктiк жүйенi одан әрi дамытуымыз керек. Ол үшiн банктiк жүйе қызметтерi туралы мамандық деңгейiмiз жоғары болуы керек.
Мiне, сондықтан курстық жұмыс тақырыбы “Қазақстан Республикасының банк жүйесі” деп алынды.
Бұл тақырыпты орындаудағы негізгі мақсат және міндеттерге:
- Банктік жүйесінің несие жүйесінің маңызды буыны ретінде қарастыру;
- Банктік жүйенің дамуы мен қалыптасу ерекшеліктерін, банктік жүйенің даму тарихының кезеңдерін ашып өту болып табылады;
- Қазақстандағы банктік жүенің 2007 жылдан бергі ұлттық жүйе ретінде пайда бола бастауы, оның қазіргі таңда дейінгі қалыптасу жағдайын сипаттау.
- Банк жүйесінің негізгі элементтері болып табылатын Орталық банктер мен коммерциялық банктерінің экономикада атқаратын қызметтері мен опперацияларын талдау.
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАНК ЖҮЙЕСI
1. 1 Банк жүйесі қызмет етуінің макроэкономикалық сипаты және Орталық банктiң ақша айналысын басқаруы
Басқа да нарық секiлдi, ақша нарығында да ақшаға сұраныс пен ұсыныс болады. Ұсыныс - ақша жиынының айналымы, яғни берiлген мезетте мемлекеттегi төлем құралдары айналымының жиынтығы.
Ұлттық банк - заңды төлем құралын, яғни банкноттарды шығаруға эмиссиялық құқығы бар жалғыз мемлекеттiк орган. Олар Ұлттық банктiң эмиссиялауымен шығарылады және банктерге сатып, қолма-қол емес балама алу түрiнде болады. Қазақстан Республикасының ресми ақша бiрлiгi - теңге болып табылады.
Ұлттық банк банкноттар мен тиындардың қажеттi мөлшерiн анықтайды, олардың жасалуын қамтамасыз етедi, сақтау, жою және қолма-ұол ақшаны жинақтау тәртiбiн орнатады. (Сурет-1) / 2, 181 б. /
R S ұсыныс
D сұраныс
M x
Сурет-1 - Орталық банктiң ақшаға бақылау жасауы
Ұлттық банк Қазақстан Республикасының валютасын шет ел мемлекеттерiнiң ақша бiрлiктерiне айырбастау бағамын анықтау тәртiбiн белгiлейдi. Қолма-қол ақшаның айналымы олардың банк кассасына үздiксiз оралып отыру жолымен жүзеге асады.
Эмиссия - мемлекет тарапынан банкноттардың, тиындардың, бағалы қағаздардың шығарылуы. Ол қолма-қол ақшасыз түрiнде де болуы мүмкiн. Қолма-қол ақша түрiндегi эмиссия - айналысқа банкноттар мен тиындардың қосымша шығарылуын сиапттайды.
Ақша базасы - Ұлттық банк шығаратын ақша. Оған айналымдағы қолма-қол ақша, мiндеттi және артық резервтер жатаы.
Мiндеттi резервтер - бекiтiлген нормативке сәйкес Ұлттық банктегi арнайы шотта несие корреспонденттiк шотында сақталуға мiндеттi банк депозиттерiнiң бөлiгi.
Артық резервтер - дегенiмiз банктердiң Ұлттық банктегi корреспонденттiк шотта қаражатының барлығына байланысты болғандықтан, Ұлттық банк ақша базасының мөлшерiн, екiншi деңгейдегi банктердiң Ұлттық банктегi корреспонденттiк шоттағы қаражатының көлемiн, яғни банктер өнiмiлiгiн реттеу арқылы реттейдi.
Ол ақша-несие саясатының құралдарын пайдаланумен iске асады. Бұл құралдар ақша базасының кенеюi шегiн көрсететiн және ақша жиынының, ақша базасы арқылы есептелетiн ақша мультипликаторының мөлшерiне әсер етедi.
Ақша ұсынысының үлгiсi және ақша мультипликаторы келесi формуламен берiледi:
M S = C + D
Мұндағы:
М S - ақша ұсынысы;
С - банк жүйесiнен тыс қолда бар ақша;
D - депозиттер. / 3, 142 б. /
Қазiргi замандағы банк жүйесi - жеке резервтi жабумен байланысты жүйе. Банк депозиттерiнiң бiр бөлiгiн ғана резерв түрiнде сақтайды, ал қалған бөлiгiн қарыз беру үшiн және актив операциялар үшiн пайдаланады. Басқа қаржылық институттармен салыстырғанда, банктiң ақша ұсынысын өсiру мүмкiндiгi бар.
Несие мультипликаторы - коммерциялық банктер жүйесi шеңберiндегi төлем құралдарының эмиссиялық үрдiсi. / 4, 165 б. /
Қосымша ақша ұсынысының жалпы түрi жаңа депозит пайда болуының нәтижесiнде туындайды.
M S = 1 / rr * D
Мұндағы:
rr - банк резервiнiң нормасы;
D - алғашқы салым;
1/rr - банк мультипликаторы немесе депозиттiк мультипликатор. / 3, 143 б. /
Ақша ұсынысының жалпы үлгiсi Орталық банк рөлiн ескере отырып жасалады және банк жүйесiндегi депозиттiк ақшаның бiр бөлiгiнiң қолма-қол ақшаға ауысуы.
Ақша базасы Орталық банкте сақталатын коммерциялық банктердiң резервтерi мен банк жүйесiнен тыс қолма-қол ақша.
MB = C + R
Мұндағы:
MB - ақша базасы;
С - қолма-қол ақша;
R - резерв.
M S = C + D
Мұндағы:
M S - ақша ұсынысы;
С - қолма-қол ақша;
D - депозиттер.
Ақша мультипликаторы - ақша ұсынысының ақша базасына қатынасы: / 3, 144 б. /
m = M S / MB => M S = m * MB
Мұндағы:
m - ақша мультипликаторы.
Ақша мультипликаторын қолма-қол ақша депозиттерiнiң (с * r) депозит коэфиценттерiне және резерв депозитiне (rr) қатынасы түрiнде анықтауға болады.
m = cr + 1 / cr + rr * MB
Мұндағы:
с = C / D - қолда бар ақша;
r = R / D - резервтер. / 3, 144 б. /
Сонымен, ақша ұсынысы ақша базасы және ақша мультипликаторы көлемдерiне тәуелдi.
Ақша мультипликаторы - ақша базасы бiр бiрлiкке өскенде, ақша ұсынысының қалай өзгеретiндiгiн көрсетедi. Ақша мультипликаторының мөлшерi мiндеттi резервтеу нормасына байланысты, өйткенi мiндеттi резерв банктер мен несие ресурстарының көзi ретiнде пайдаланылмайды, сонымен қатар айналымдағы қолма-қол ақшаның үлес салмағына байланысты болады.
/ 4, 165 б. /
Бұл айналымдағы қолма-қол ақшаның банктерден тыс орналасқан бөлiгiнiң байланысты. Ақша мультипликаторының қарқындылығы олардың экономикадағы айналу жылдамдығына әсер етедi, мультипликатордың коэфиценттiк жылдамдығы азаяды.
Экономикадағы ақша айналысының жылдамдығы Ұлттық банк арқылы тiкелей реттелмейдi, бiрақ оның мөлшерi инфляция деңгейiне әсер етедi және ақша-несие саясаты үшiн үлкен мәнi бар. Экономикадағы ақша айналысы жылдамдығының азаюы ұзақ мерзiмдi депозиттердiң және ұзақ мерзiмдi инвестициялық несие салымдарының өсуiн көрсетедi, бұл тек қана жалпы экономиканың тұрақтылығы және ұлттық валютаға деген сенiм болғанда ғана мүмкiн, керiсiнше, ақша айналысының жоғары жылдамдығы ұлттық валютаға деген сенiмнiң көрсеткiшi болып, ақша жынындағы қолма-қол ақша үлесiнiң өсуiмен, ұзақ мерзiмдi жинақтардың төменгi үлес салмағымен, шаруашылық субъектiлерiнiң ұлттық валютасын сенiмдi активтерге аударумен бiрге жүредi. Ақша айналысының жылдамдығы экономиканың монетарлық деңгейiне байланыцсты болады, ол ақша жиынының жалпы iшкi өнiмге қатынасымен анықталады. Айналыс жылдамдығы төмен болған сайын, монетарлық деңгейi жоғарылайды.
Ақша базасы төмендегi кестеде келтiрiлген. / 2, 189 б. /
Кесте 1. Орталық банктiң ақша базасы
Мемлекет депозиттерi
Меншiктi капитал
Кесте 2. Коммерциялық банктердiң ақша базасы
1. 2 Қ. Р-да банктiк жүйенiң қалыптасуы мен дамуы
Қазақстан Республикасының қазіргі банк жүйесінің құрылуы 1990 жылы желтоқсанында ҚазКСР-ның Жоғары Кеңесі қабылдаған «Банктер және банк қызметі туралы» Заңынан бастау алады. Заңға сәйкес республикада екі деңгейлі банк жүйесі құрылды. Ол ҚазКСР-ның Мемлекеттік банкі және екінші деңгейдегі банктер.
Өз егемендiгiн алғанға дейiн Қазақстан Республикамызда банк жүйесi болған жоқ. Елде КСРО - ның орталықтанған банк-несие жүйесiнiң филиалдары мен бөлiмшелерi қызмет көрсеттi. Сондықтанда Қазақстанда банк жүйесiнiң қалыптасуы мен дамуы қазан төнкерiсiне дейiнгi патшалық Ресейдiң және КСРО - ның банк жүйесiмен тығыз байланысты. Сондықтан мен елiмiздiң банктiк жүйесi туралы өз егемендiгiн алған 1991 жылдан бастап қалыптасуы мен жүргiзiлiп жатқан реформаларға тоқталғым келдi. /5, 114 б/
Қазақстан Республикасының экономикасы нарықтық қатынастарға көшу кезеңiнде несиенi басқарудың жүйесiн және шаруашылық қызметiне банктiк қызмет көрсету механизмiн құру, банктер мен кәсiпорындардың қызметiне жетекшiлiк етуде экономикалық әдiстердi қолдану; банк пен клиенттерi, сонымен қатар, банктiң өз жүйесi шеңберiндегi, оның жекелеген буындарының арасындағы өзара қарым - қатынастар жүйесiн қайта құру, яғни жаңадан пайда болған нарықтық құбылыстар мен процестердi ескере отырып, принциптi реформалаудың маңызы зор болды.
Қазақстан Республикасында банктiк жүйенi реформалаудың қажеттiлiгi, дүниежүзiлiк банктiң мамандарының пiкiрiнше, қысқа мерзiмдi мекемелер категориясының бар болуымен түсiндiрiледi және оларды өз кезегiнде макроэкономикалық реформасын жүргiзуде кедергi етуi мүмкiн деп санайды. Бiрiншi категорияға орталықтандырылған экономикадан мұра болып қалған мақсатты несие мен банктiк тәжiрибенi мемлекеттiк үлестiру жүйесiнiң ескi тәжiрибесiмен келiсiлген қаржылық ресурстарды дұрыс орналастырмау мәселесi; екiншi категория мәселерiне банктердiң “сапасыз” қарыздары мен мемлекеттiк зиянды кәсiпорындарын жатқызады. Бұл мәселелер несие беруге қабiлеттi және жеке кәсiпорындардың қаржылық ресурстарға қол жеткiзуiне кедергi болып, банктiк қаржылық ресурстардың өмiршең емес кәсiпорындардың пайдасына кетуiне жол бередi.
Қазақ Кеңес Социалистiк Республикасының территориясында жинақталған несие ресурстары осы Заң шыққан күннен бастап Республика меншiгi болып саналды. Мемлекеттiк банк республиканың меншiгi және оның Орталық банкi болып саналды. Оның айналымға монополиялы құқықпен ақша белгiлерiн эмиссиялауға, ақша-несие қатынастарын реттеуге, мемлекеттiк бюджеттiң кассалық жұмысын жүргiзуде, республика территориясында коммерциялық банктер ашуға рұқсат беретiн құқығы болды.
Кәсiпорындардың, ұйымдардың, кооперативтер мен азаматтардың несие-есеп жұмыстарын жүргiзу үшiн республика территориясында коммерциялық банктер мен басқа несие мекемелерi ұйымдастырылды. Коммерциялық банктер өз жұмысында осы Заңды және Қазақстан Мемлекеттiк банкiсiнiң нұсқаулары мен ережелерiн басшылыққа алды. Коммерциялық банктер мен басқа несие мекемелерi мемлекеттiк, ұжымдық, жеке және аралас (шетел капиталы қосылған) меншiкте болып бөлiндi. Қазақстан Заңдарына сәйкес Мемлекеттiк банк деп ( Орталық - Ұлттық банктен басқа) капиталы толығынан үкiмет иелiгiне, немесе акциянерлiк капиталдың басым бөлiгi мемлекеттiк құрылтайшылардың акциясы болғанда есептеледi. /6, 231 б/
1991 - 1993 жылдары елiмiзде экономиканың күрт құлдырауымен байланысты инфляция қарқыны өте жоғары болды. Оның тiптi кейбiр кездерде 1000% - ға дейiн жеткенi көрiндi. Нәтижесiнде банктерде несиелiк жұмсалымдар құрылымы әлдеқайда нашарлады, мерзiмi өтiп керкен несиелер үлесi ұлғайды. 1992 жылы Республикада басталған төлемсiздiк дағдарысы кәсiпорындардың қаржылық жағдайына және жалпы экономикаға қатты әсер еттi. Көптеген кәсiпорындар өнiм өндiрудi төмендеттi, ал кейбiреулерi өндiрiстi тiптi тоқтатуға мәжбүр болды.
Осылайша 1993 жылы өзiмiздiң төл ақшамыз теңгенi енгiзуге тура келдi. Осыдан бастап Ұлттық банкке ұлттық валютаның енуiмен ақша - несие саясатын жүзеге асыру; бюджетпен, банктермен өзара қарым - қатынаста классикалық қағидаларды ендiру, банктердiң қызметтерiн реттеу жүйесiн нығайтуға қатысты толық жауапкершiлiк жүктелдi.
Ұлттық валютаның енгiзiлуi сәтiнен бастап, 1995 жылға дейiн Орталық банктiң қызметiн атқару, жүйе қызметiн реттеп отыратын нормативтiк құжаттарды қарастыру және қабылдау тұрғысындағы дәстүрлермен тәжiрибесi жоқ Ұлттық банк дербес түрде ақшалай-несиелiк саясат жүргiзу тәжiрибесiн қолға алды. Бұл кезең, сондай-ақ ұлттық валютаның бағаларды ырықтандыру саясатына орай шарттасылған ақша -несие құралдарының және факторлардың әрекетiне бейiмделуi болатын. Сонымен бiр мезгiлде, 1995 жылы 15 ақпанда Қазақстан Республикасы Президентiнiң қаулысымен бекiтiлген, 1995 ж. арналған Қазақстандағы банктiк жүйенi реформалаудың бiрiншi бағдарламасы жасалынды. /7/
Бағдарлама 1995 жылдың соңына дейiн сәттi жүзеге асырылған жағдайда келесiлерге қол жеткiзу мүмкiндiгi болжанған:
- Ұлттық банктiң негiзiнен классикалық орталық банктерге тән валюталық және ақшалай - несиелiк реттеулердiң барлық құралдар жиынтығын енгiзудi аяқтау және оны пайдалану;
- Экономикалық ынталандыруды дұрыс қолдану мен нормативтiк реттеудi жетiлдiру және Ұлттық банк тарапынан бақылауды күшейту есебiнен барлық коммерциялық банктер қызметiнiң сапасын жақсартуды жүзеге асыру; олардың капиталдандыру деңгейiн жоғарылату және халықаралық стандарттарға жақын банктер тобын қалыптастыру;
- Банкаралық несиелiк және валюталық нарықтарды дамыту және тереңдету жолдарымен оларда қалыптасатын пайыздық мөлшерлемелер мен айырбас бағамы тұрақтылығына қол жеткiзу, ал Ұлттық банк оларға тек өзiнiң тiкелей және жанама реттеу құралдарымен ғана ықпал етедi;
- Республикалық бюджеттiң тапшылығын Ұлттық банктiң тарапынан тiкелей несиелеуден бас тартып, оның iшкi және сыртқы қаржылық нарықтарда инфляциялық емес әдiстер арқылы қаржыландыруға көшу;
- Шаруашылық жүргiзушi субъектiлер арасында төлемдердiң қауiпсiз, уақтылы және тиiмдi жүзеге асыру мақсатында елiмiздiң төлем жүйесiнiң сапалы қызмет ететiн жаңа деңгейiне қол жеткiзу және ұзақ мерзiмдi ұлттық төлем жүйесiн дамыту;
- Орта және ұзақ мерзiмдi инвестициялық жобаларды инфляциялық емес несиелеу жүйесiнiң негiзiн қалау. /8, 16 б/
Бағдарламаның өткiрлiгiне қарамастан, iстiң нақты жағдайын ескере отырып, оны жүзеге асырды. Ең алдымен ақша - несиелiк реттеудiң құралдары мен әдiстерi дами түстi.
Банктердiң қайта қаржыландыру механизмдерiнде маңызды өзгерiстер болды. 1995 жылы қаңтар айынан бастап директивтi несиелердi беру тоқтатылды. Орталықтандырылған көздер есебiнен берiлетiн несиелердiң көлемi және мерзiмi қысқарды. Экономиканы несиелеу қызметi негiзiнен Ұлттық банктен екiншi деңгейлi банктерге көштi және олар өз кезегiнде экономиканы несиелеудi шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң бос қаражаттарын, халықтың жинақ ақшаларын тарту және сыртқы қарыздарды өздерi тарту есебiнен қамтамасыз етуге бейiмделедi. Ұлттық банк жалпы Орталық банктерге тән қызметтерге көбiрек ден қойды, оларға: банктердi несиелеу, Үкiметтi несиелеу және жалпы ақша - несиелiк және ақша - валюталық реттеу жүргiздi.
1995 жылы Ұлттық банк мемлекеттiк бағалы қағаздар нарығының дамуын қамтамасыз еттi, ашық нарықтағы операциялар басталды.
Ұлттық банк жүргiзген валюталық бағам саясаты нарықтық жағдайлардың қысқа мерзiмдi өзгерiстерiнен туындайтын теңгенiң алмастыру бағамының қозғалысын реттеуге бағытталған. 1995 жылы Қазақстандық банк аралық валюта-қор биржасындағы АҚШ долларын сатып алу түрiндегi Ұлттық банктiң интервенциясы олардың нарықта сату формасындағы интервенциясымен сай келдi.
1995 жылы алтын валюталық резервтердi басқару бойынша көптеген жұмыстар жүзеге асырылды. 1995 жылы сәуiрде Ұлттық банктiң басқармасы алтын валюта резервтерiн басқару тұжырымдамасын бекiттi. Ұлттық банк алтын валюта резервтерiн көбейту мақсатында валюта мен қымбат бағалы металдарды депозитке орналастыру, валюта мен қымбат бағалы металдарды сату және сатып алу операцияларын жүргiздi. /9, 25 б/
Осы жылы ел экономикасын сауықтыру мақсатында макроэкономикалық ретеу мен ақшалай-несиелiк және салық бюджеттiк саясатты үйлестiру iсiнде Ұлттық банк пен Қаржы министрлiгi арасындағы қатынастар бекеи түстi.
1995 жылы екiншi деңгейдегi банктер жүйесiнде өзгерiстер болды. Банктердi тарату немесе бiрiктiру процесi жалғасты. Бұған Ұлттық банк тарапынан екiншi деңгейдегi банктердiң өтiмдiлiгi мен олардың капиталдануына қоятын талаптардың күшеюi әсер еттi. Нәтижесiндеi, бiр жыл iшiнде банктердiң саны 191-ден 130-ға қысқарды. Сондай-ақ олардың құрылымы да өзгердi. Мемлекет аралық банк құрылды, оның саны (4-тен 6-ға дейiн), шетелдiк және бiрлескен банктердiң саны (6-дан 7-ге дейiн) өстi.
Ұлттық банк пен Үкiмет бiрiге отырып, бұрынғы салалық мамандандырылған банктердi қайта қалыптастыру мен одан әрi дамыту бойынша күрделi жұмыс жасады. Елде функционалдық арнайы мемлекеттiк банктердiң құрылуы жалғасты. Екiншi деңгейдегi банк - Сауықтыру банкi құрылып, өз жұмысын бастады.
Реформаның құқықтық қамтамасыз етiлуi және банктiк жүйенiң қызмет етуi бойынша бағдарламада қарастырылған шаралар iс жүзiнде толығымен орындалды. Осыған орай бағдарламаға сәйкес “Қазақстан Республикасы Ұлттық бактi туралы” және “Қазақстан Республикасы банктер және банктiк қызмет туралы” Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар Жарлықтары шықты. /7/
1995 жылы Қазақстан банктiк жүйесiн реформалау бағдарлмасын жүзеге асыру орта мерзiмдi бағдарламаны жасауға мүмкiндiк туғызды.
Оның мақсаты мен мiндеттерi тұтастай алғанда, 1995 жылғы бағдарламамен бiрдей. Бiрақ елiмiздiң орталық банк ретiнде атқарған қызметi кезiнде жинақталған тәжiрибесi оған экономикасы дамыған елдерге тән, нарықтық экономикаға сай келетiн ақша - несиелiк саясаттың құралдарын пайдалануға көшу мiндеттерiн жүктедi.
Мiне осылайша осы уақытқа дейiн егемен елiмiзде банктiк жүйемiз қалыптасып, ол ТМД елдерi iшiндегi ең дұрыс құрылған қаржы жүйесi болып отыр. Ендi осы екi деңгейлi банктiк жүйемiздi жан - жақты талқылайық.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz