Қазақстандағы энергия ресурстары
I. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2
II. Негізгі бөлім:
1. Қазақстан энергетикасына жалпы сипаттама ... ... ... ... ... ... ... 4
2. Қазақстандағы энергия ресурстарын пайдаланудың қазіргі жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
3. Энергия ресурстарын пайдалануды жақсарту жолдары және болашағы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
Қорытынды мен ұсыныстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31

Электр энергетикалық тәуелсіздікке жету үшін біздің Қазақстан Республикамыздың Оңтүстігі мен Батысында қосымша энергия көздерін салу қажет және Солтүстік Қазақстан электр стансаларынан тапшы Оңтүстік Қазақстан алқабына электр энергияны көбірек жеткізу үшін Солтүстік-Онтүстік электр беру желісін салу керек.
Осылайша, болашақтағы кезеңде Қазақстанның мүмкіндігі және табиғи отын-энергетикалық қоры экспорт үшін де және ішкі қажеттікті өтеу үшін де жетерлік өнім шығаратын қуатты отын-энергетикалық кешен дамытуға жеткіліктілігін дәлелдеуге болады.
Қазақтың бағалы шикізатын көптеп игеру неғұрлым маңызды болса, оны әлемдік базарларға жеткізудің ерекшелігі жайында сөз қозғамасқа болмайды.
Мұхит пен теңіз атаулымен шектеспейтін Каспий өңірімен көміртегі тасымалдауға қаржы кедергісімен қабат ықпал соғысынан туындайтын саяси және экономикалық бәсеке де салқынын тигізеді. Терістікке бет алған құбыр арқылы жыл сайын 67 миллион тонна “қара алтын” асылуы керек.
Жобаның жүзеге асуы Ресейдің қас-қабағына байланысты. Сол себепті балама бағыттарға деген зәрулік зор.
Елбасының АҚШ-қа сапары кезінде американдықтар Каспий арқылы Әзірбайжанға, содан кейін түріктің Жейхан портына апаратын құбыр желісі жобасына бет бұратының ашық білдірген. Әйтсе де АҚШ зерттеушілері Каспий мұнайы үшін ең төте әрі шығыны аз жоба ретінде Иран бағытын нұсқауда.
Түрікменстан ТМД тарихында Ресейге соқпай, өзге елге баратын экспорттық құбыр желісін іске қосты. Құбыр басқа жаққа емес, Иранға бет алды. 200 шақырымдық құбыр Иранның солтүстігіндегі өңірлерге табиғи газ жібере бастады. Ашғабатта Қазақстан мен Түрікменстан басшылары ортақ мәлімдеме жариялап, екі елдегі көміртегіні бірлесіп әлемдік базарларға жеткізуге күш салатындықтарын білдірді. Бұл ниетті іске асыру үшін күнгей бағыттың ең тиімді екені тағы белгілі.

1. Аргунов П.П. “ Гидроэлектростанции” Казахстан, 1990 год
2. Денисов М.П. “ Основы использования энергии “ Москва, 1989 г.
3. “Энергетика гидроэлектростанции” методическая энциклопедия., 1997 г.
4. Ж.Жатқанбаев “Экология негіздері “ Оқулық – Алматы, “Зият”, 1999 ж.
5. А.Көшербаев “ Тау-кен және байыту өндіріс экологиясы” Әдістемелік нұсқау
6. Е. Шілдебаев “ Қызық экология”, “Әдебиет”, 2000 ж.
7. А.Оспанова “ Экология негіздері “ Алматы, 2003 ж.

Жоспар
I.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 2
II. Негізгі бөлім:
1. Қазақстан энергетикасына жалпы
сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ..4
2. Қазақстандағы энергия ресурстарын пайдаланудың қазіргі
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..11
3. Энергия ресурстарын пайдалануды жақсарту жолдары және болашағы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...17
III. Қорытынды мен
ұсыныстар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
...30
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .31
Кіріспе
Электр энергетикалық тәуелсіздікке жету үшін біздің Қазақстан
Республикамыздың Оңтүстігі мен Батысында қосымша энергия көздерін салу
қажет және Солтүстік Қазақстан электр стансаларынан тапшы Оңтүстік
Қазақстан алқабына электр энергияны көбірек жеткізу үшін Солтүстік-Онтүстік
электр беру желісін салу керек.
Осылайша, болашақтағы кезеңде Қазақстанның мүмкіндігі және табиғи отын-
энергетикалық қоры экспорт үшін де және ішкі қажеттікті өтеу үшін де
жетерлік өнім шығаратын қуатты отын-энергетикалық кешен дамытуға
жеткіліктілігін дәлелдеуге болады.
Қазақтың бағалы шикізатын көптеп игеру неғұрлым маңызды болса, оны
әлемдік базарларға жеткізудің ерекшелігі жайында сөз қозғамасқа болмайды.
Мұхит пен теңіз атаулымен шектеспейтін Каспий өңірімен көміртегі
тасымалдауға қаржы кедергісімен қабат ықпал соғысынан туындайтын саяси және
экономикалық бәсеке де салқынын тигізеді. Терістікке бет алған құбыр арқылы
жыл сайын 67 миллион тонна “қара алтын” асылуы керек.
Жобаның жүзеге асуы Ресейдің қас-қабағына байланысты. Сол себепті
балама бағыттарға деген зәрулік зор.
Елбасының АҚШ-қа сапары кезінде американдықтар Каспий арқылы
Әзірбайжанға, содан кейін түріктің Жейхан портына апаратын құбыр желісі
жобасына бет бұратының ашық білдірген. Әйтсе де АҚШ зерттеушілері Каспий
мұнайы үшін ең төте әрі шығыны аз жоба ретінде Иран бағытын нұсқауда.
Түрікменстан ТМД тарихында Ресейге соқпай, өзге елге баратын экспорттық
құбыр желісін іске қосты. Құбыр басқа жаққа емес, Иранға бет алды. 200
шақырымдық құбыр Иранның солтүстігіндегі өңірлерге табиғи газ жібере
бастады. Ашғабатта Қазақстан мен Түрікменстан басшылары ортақ мәлімдеме
жариялап, екі елдегі көміртегіні бірлесіп әлемдік базарларға жеткізуге күш
салатындықтарын білдірді. Бұл ниетті іске асыру үшін күнгей бағыттың ең
тиімді екені тағы белгілі.
Қазақ мұнайы үшін жасалған келісімдерден түсуге тиіс миллиардтар көп.
Көбі болашақтың еншісі. “Қара алтын” есекпен үй-үйге ауыз су тасыған
Кувейттің келбетін өзгерткені секілді, халқымыздың әл-ауқатын арттырып,
тұрмысымызды түзей ме?
Сонымен қатар елдің электро мәселесі өзін-өзі жеткілікті қамтамасыз
түрде етуінде өте өзекті мәселе болып отыр. 1999 жылы 47498 миллион
квт. Сағат электр энергиясы өндірілді, ал тұтылғаны – 50263 миллион квт.
сағат.
Тапшылығы 5,5%-ды құрады. Сонымен бірге республикадан тыс
жерлерден 5683 млн. квт. сағат электр энергиясы алынса, Қазақстаннан сыртқа
2918 млн. квт. сағат электр энергиясы жөнелтілген, яғни бұл сырттан алынған
энергияның жартысынан астамын құрайды.
Бұл арада электр энергиясын сатып алу проблемасы туындайды. Оны қайта
тасымалдау қаншалықты тиімді? Сөйтіп, республиканың энергетика мәселесін
кешікпей шешуді талап етеді.
Осы курстық жұмыста мен энергия ресурстардың әр қайсысына жеке
сипаттама беріп, Қазақстандағы энергия ресурстарын пайдаланудың болашағына
көбірек көңіл бөлуге тырыстым.
Қазақстан энергетикасына жалпы сипаттама
Энергия ресурстарын ажырата білу, оларды ұтымды пайдалану бүгінгі күні
Қазақстан үшін өте маңызыды. Энергия ресурстарын пайдаланудың жағдайын,
оның болашағын дұрыс түсіну үшін біз энергетика ұғымына тоқталып, оның
Қазақстан үшін маңызын айқындаумыз қажетті.
Энергетика – дегеніміз отын өнеркәсібі, энергетика салаларының, сондай-
ақ отын мен энергияны жеткізу құралдарының жиынтығы болып табылады. Мұның
өзі осы заманғы шаруашылықтың, экономикадағы барлық процестердің негізі.
Соңғы уақытқа дейін өнеркәсіп салаларының көпшілігімен салыстырғанда
энергетика озық қарқынмен дамыды, өйткені ҒТР дәуірінде өндіріске
энергетиканың жұмсалуы шапшаң артты.
Отын-энергетикалық кешен – Қазақстан энергетикасының негізі. Ол
көмірсутек шикізатының негізінде кұрылады. Яғни көмір, мұнай және газдың
өндірісі. Соның ішінде мұнай мен газдың өндірісі бүгінгі күні қарқынды
дамып жатқан еліміз үшін аса маңызды және энергия ресурстарын пайдаланудың
негізгі көзі болып табылады.
Электроэнергетика да Қазақстан экономикасының маңызыды саласы болып
табылады. Электр энергиясы өндірісте және халық шаруашылығында кенінен
қолданылады. Қазақстан электроэнергетикасы электростанциялар, энерго
желілер және тораптар негізінде құрылады. Еліміздегі электростанциялардың
басым бөлігі – Қарағанды мен Екібастұз көмірі негізінде жұмыс істейтін жылу
электр станциялары (ЖЭС) болып табылады. Олар бүкіл өндірілетін электро
энергияның 80 %-н құрайды. Электроэнергияның 51 бөлігі су электр
станциялар үлесіне тиеді. Ертіс бойында Бұқтырма және Өскемен СЭС-і,
Сырдарияда – Шардара, Іле бойында – Қапшағай СЭС-і жұмыс істеуде.
Қазақстанда энергетикалық бүгінгі күні, айтарлықтай, отын-
энергетикалық қорға ие көмір мен мұнай мол, ал газ бен электр энергия
тапшы.
Негізінен, Қазақстандағы энергия ресурстарын пайдалану туралы жалпы
сипаттама жасау үшін Қазақстанның энергожүйесінің қалыптасу кезеңдеріне
тоқталып кету қажет.
Қазақстан энергожүйесі бұрынғы КСРО-ның Біртұтас энергетикалық
жүйесінің бөлігі ретінде құрылды.
ХХ-шы ғасырдың басында Қазақстандағы электр стансалардың қуаты 2500
кВт-тан аспады, олардың жылдық электр өндіруі 1.3 млн.кВт.сағ ғана болды
(1.1).
ХХ-шы ғасыр басындағы Қазақстан электр стансаларының қуаты
1.1-кесте
Кәсіпорын Механикалық қуат,Электрлік қуат,
ат күші кВт
Успенск кеніші 576 32
Карағанды қазбалары 70 30
Сарысу байыту фабрикасы 200 90
Спасск зауыты 850 455
Жезказған кеніші 200 140
Карсақпай зауыты 2300 1240
Белгілі ГОЭЛРО (Государственный план электрификации России, 1920 г.)
жоспары бойынша Қазақстан энергетикасын дамыту олар үшін талап етілді.
Қазақстан энергетикасының даму жолы алты негізгі кезеңдерге бөлінеді.
Бірінші кезең – XX - ғасырдың 20-шы жылдарын қамтиды. Ірі кәсіпорындар
(Орталық Қазақстанда Қарсақпай мыс балқыту зауыты, Шығыс Қазақстанда
Глубоковск мыс балқыту зауыты және баскалар) үшін электр стансалар салынды.
1928 жылы Лениногорскке жақын орналасқан Жоғары Хариуз СЭС-ы (Су
электр станса) іске қосылды, оның куаты 3 МВт осы күні де істеп тұр.
Бірінші кезеңнің соңында республикада электр стансалардың куаты 9 МВт-қа
жетті, электр өндіру 7 млн. кВт. сағ. кұрады, ал 1913 жылы бұл көрсеткіш
1,3 млн. кВт. сағ болған.
Екінші кезеңде – XX ғасырдың 30-шы жылдары. Сол кезеңде Қазақстан
өнеркәсібі күшті дамыды. Ірі өнеркәсіптік кәсіпорындармен бірге сол уақытта
қуатты электр стансалар да салынды. 1934 жылдың басында республикада
барлық электр стансалардың жиынтық қуаты 60 МВт-қа жетті.
Электр станса қуатының негізгі үлесі (80%) ауыр өнеркәсіпте
шоғырланғанын көреміз. Осы жылдары Карағанды ОЭС (Орталық электр станса,
1932 ж.), Шымкент қорғасын зауытының ОЭС (1934 ж.), Семей ет
комбинатының ЖЭО (Жылу электр орталығы 1934 ж.), Ақтөбе химкомбинатының
ЖЭО (1935 ж.) Алға қаласында іске қосылды. Бұлардың бәрі зауыт электр
стансалары. 1935 жылы жалпы кызмет ететін Алматы ОЭС-сы салынып
бітті. 1937 ж. Сол жылдар үшін ең куатты қондырғылары бар (25 МВт-тан)
Балқаш ЖЭО-ның істей бастауы белгілі оқиға болды. Сол жылы екінші
маңызды оқиға болды: Шығыс Казақстаңда Үлбе СЭС-і пайдалануға берілді, оның
қондырылған қуаты 27,6 МВт және оны жібергеннен кейін Қазақстанда бірінші
энергожүйе (қазір Алтай жүйесі) пайда болды.
1940 ж. Қазақстанда барлық электр стансалар куаты 224 МВт-қа, ал
электр энергия өңдіру 0,63 млрд. кВт. сағ-қа жетті.
Үшінші кезең – XX ғасырдың ІІ Дүниежүзілік соғыстың жылдарын камтиды.
Өте қиын жағдайда 1942 ж. сол кездегі ірі жылу электр станса Карағанды МАЭС-
1 (Мемлекеттік аудандық электр станса) — Қазақстанда бірінші аудандық
электр станса іске қосылған болатын. Сол 1942 ж. екінші ірі жылу электр
станса - Актөбе ЖЭО-гы тапсырылды. 1943 ж. – Петропавл ЖЭО-1, 1944ж. -
Текелі ЖЭО-1 және Шымкент ЖЭО-1 істей бастады. 1944 ж. Алматыда каскадтың
бірінші СЭС-ы іске қосылды.
Бұл жылдары электр стансалар қуаты 1,8 есе өсіп, 382,5 МВт-қа жетті,
электр өндіру 1,83 есе өсіп 1 млрд. кВт. сағаттан асты.
Төртінші кезең – XX ғасырдың 1946-1960 жылдарын қамтиды. Электр
стансалар қуаты 6,5 есе өсті де, 1960 жылдың басында 2,53 млн. кВт-қа
жетті. 1952 жылы Өскемен СЭС-ы (Ертіс өзенінде) іске қосылды, 1960 жылы
Бұқтырма СЭС-ның бірінші кезегі іске қосылды.
1959 жылы Алматы СЭС-лар каскады салынып бітті. Сонымен қатар жылу
электр стансалары қарқынды түрде дамыды. Олардың ең ірілерін атап кетуге
болады. 1947 жылы Өскеменде ЖЭО, онда Қазақстанда бірінші рет жоғары
қысымды жабдықтар қондырылды. 1952 жылы Жезқазған ЖЭО және Жамбыл ЖЭО-3,
1956 жылы Лениногор ЖЭО және т.б. іске қосылды.
Ірі электр стансаларды салумен бірге электр жеткізу желілерін (ЭЖЖ)
салу дами бастады. Кернеуі 35, 110, 220 кВт бірнеше мың километр ЭЖЖ-ін
салу электр энергетикада айтарлықтай оқиға болды. Желілер тек Қазақстанның
ішінде ғана емес республикадан шығарып салынды: Өскемен – Рубцовск, Ақтөбе
– Орск, Шымкент – Ташкент, Сарбай – Троицк және т.б.
Бесінші кезең – XX ғасырдағы едәуір жоғары көрсеткішті энергетика
кезеңі. 1959 жылдан бастап республиканың энергетика шаруашылығында сапалық
және мөлшерлік өзгерістер басталды.
1958 жылдан 1968 жылға дейінгі онжылдықта электр стансалар қуаты 3,3
еседен артық өсті. Осы уақытта 18 жылу электр стансалар салынып бітті, оның
ішінде Петропавл ЖЭО-2 (1961), Алматы МАЭС (1962), Жамбыл ЖЭО-4 (1963),
Павлодар ЖЭО-1 (1964) ж.т.б. Осы кезде салынған электр стансалар жоғары
және аса жоғары қысымды ірі қондырғылармен жабдықталды.
1959 ж. Бұқтырма СЭС-ның бірінші кезегі іске қосылды. Ол қазір
Қазақстанның ең ірі СЭС-ы болып табылады, оның куаты 675 МВт.
1962 ж. Карағанды МАЭС -2-ның 200 МВт-тық бірінші кезегі бітті
(стансаның жобалық куаты 700 МВт), онда Қазақстаңда бірінші рет 100 МВт-тық
құрамалар (блоктар) қондырылды. 1967 ж. Жамбыл МАЭС-ның 200 МВт бірінші
құрамасы жіберілді, бұл станса - Қазақстанда жобалық қуаты миллион кВт-тан
асқан станса. 1968 ж. Ақсу МАЭС-ның 300 МВт бірінші қондырғысы істей
бастады, стансаньң жобалық қуаты 2400 МВт, ол Қазақстанның үлкен
энергетикасының тұңғышы болып табылады. 1962 жылы Қазақстан энергетика және
электрлендіру Министрлігі құрылғаннан кейін республика энергетикасы ғылыми
негізде біртұтас кешен ретінде дами бастады.
Алтыншы кезең – бірегей электр стансалар және дүние жүзінде болмаған
аса жоғары кернеулі электр жеткізу желілерін салу кезеңі. Осы кезде
Екібастұз МАЭС-ы салынды. Оның электр энергиясын тұтынушыларға жеткізу үшін
дүниеде тәріздесі (аналог) болмаған. Барнаул - Екібастұз - Қостанай -
Көкшетау - Қостанай - Челябинск кернеуі 1,15 млн. кВ йанымалы желісі болған
еді.
Қазақстанның электроэнергетикасы
Энергетикалық жүйе – дегеніміз катарлас істеу үшін өндіру бөліктері
энергетикалық байланыстармен біріктірілген энергетикалық қондырғылар
жиынтығы, онда біртұтас диспетчерлік баскару және біртұтас қуат қоры
болады, ол қор жүйенің кез-келген бөлігінде пайдалануы мүмкін.
Энергетикалық жүйені үш негізгі нышан (признак) анықтайды: энергия
өндіру орталықтарының қатарлас істеуі, біртұтас баскару және біртұтас
жалпыжүйелік қор.
Осы қағида бойынша Ұлттық энергожүйе мына негізде жасалды:
мемлекетаралық ЭЖЖ;
алқапаралық ЭЖЖ (220-500-П50 кВ);шықтық жене су электр стансалардан қуат
шығару желілері;
50МВт және одан үлкен қуатты тікелей тұтынушыларды қоректендіру желілері;
Қазіргі таңда Ұлттық энергожүйе саласының жоғарыда аталған нышандар
бойынша дамып, ең алдымен энергия ресурстарын үнемді пайдалану үшін біз
электр энергиясының тасымалданудың негізігі жолы – электр тораптардың
бүгінгі жағдайына көңіл бөліп, олардың дұрыс жұмыс істеуіне назар
аударуымыз керек.
Ал электр тораптарының негізгі атқаратын қызметіне және оның
міндеттеріне тоқталатын болсақ, электр торап дегеніміз - электр энергияны
жеткізу және тарату үшін керек электр қондырғылар жиынтығы, ол стансашалар
(подстанции), тарату құрылғылары, ток өткізгіштер, белгілі аумақта істейтін
ауалық (АЖ) және кабельдік электр жеткізу желілерінен тұрады.
Қазақстан электр тораптарының негізгі міндеті - тұтынушыларды
электр энергиясымен қамтамасыз ету. Электр тораптары электр кабылдағьштарды
және тұтынушыларды электр көзіне қосады.
Бұл электр қабылдағыштар саны көп және олар орналасқан аумақ үлкен
болғандықтан едәуір күрделі мәселе.
Электр тораптарының екінші міндеті электр энергияны өндірген жерден
тұтынатын жерге жеткізу. Көп жағдайда энергия көздері (көмір, мұнай, газ,
су қорлары) тұтыну орталықтарынан - зауыттардан ел мекендерінен және т.б.
алыста орналаскан. Көбінесе отынды, мысалы көмірді, тасу тиімді болмауы
мүмкін. Электр стансаны отын алабына жақын салып электр энергияны электр
тораптары арқылы жеткізу тиімдірек болады. Кашықтық және берілетін электр
энергия мөлшері үлкен болғанда өте жоғары кернеулі куатты жеткізу желісін
салуға тура келеді.
Электр тораптарының конфигурациясы географиялық жағдайларға,
жүктеменің таралуына және энергия көздерінің орналасуына байланысты дамиды.
Бұл жағдайлардың әр түрлі қасиеттері және техника-экономикалық
көрсеткіштері әр түрлі сүлбелердің болу мүмкіндігіне алып келеді. Олардың
ішінен техника-экономикалық салыстыру арқылы ең тиімді нұсқасы алынады.
Ток түрі бойынша айнымалы және тұрақты ток тораптары деп бөлінеді.
Тұтынушылар сипаты бойынша жеке тораптар өтетін жер аумағына
байланысты тораптарды былай атайды:
- қалалық тораптар, өнеркәсіптік кәсіпорындар торабы, ауылдық
тораптар, электр жүйе тораптары немесе аудандық - ірі аудан немесе облыс
жераумағы бойынша. Тарату тораптары, қоректендіретін тораптар, электр
жеткізу желілері, электр жүйесінің негізгі торабы деген ұғымдар да
қолданылады.
Әрбір торап көрсетілген (номинал) кернеумен сипатталады, оның
электротехникалық жабдығының түзгілері (элементтері) сол кернеуге
есептеледі. Қазақстанда негізінде келесі көрсетілген кернеулер шкаласы 0,4-
6-10-35-110-220-500-1150 кВ қолданылады.
Электр тораптарына қойылатын негізгі талап - ол тұтынушыларды
айтарлықтай сенімді электрмен камдауды және электр энергияның кажетті
сапасын камтамасыз ету.
Электр тораптары мен жүйелерге қатысты жұмыс істеген инженерлер
сенімділік, сапа және тиімділік мәселелерін үйлестіріп дұрыс шешулері
керек.
Қазақстандағы энергия ресурстарын пайдаланудың қазіргі жағдайы
Қазақстан электр энергетикасы Батыс Сібір, Орта Азия Республикалары
мен Ресейдің Еуропалық бөлігінің энергожүйелерінің арасында орталық
географиялық орын алады және казіргі уақытта терең өзгерістер үстінде.
Саланы реформалауды нарықтық катынастарды кіргізу, істеп тұрған куаттарды
жөндеп және жаңаларын салу, электр тораптардың дұрыс жұмыс істеуін үнемі
бақылап, жоғары кернеулі жүйе түзетін ЭЖЖ (электр жеткізу желілерін) салу
негізінде жүргізу керек.
Электр стансалардың экологиялық қауіпсіздігін бағалау
Жану өнімдерінің кұрамында зиянды заттар (SO2, КОХ) болады. Ал көмір
жағылса - тозаң тәрізді күл болады.
Республика энергетика саласында 448 су қыздыратын және энергетикалық
қазандар пайдалануда, оның 247-сі көміртозанды. Барлық көміртозаңды
қазандар күлұстағыш қондырғылармен жабдықталған, олардың 90%-нің жобалық
күлұстағыш деңгейі 93-тен 99,5%-ке дейін. 1995 жылы зиян заттарды ауаға
шығару 1213 мың тонна болды, ол бұрынғы жылдардағы деңгейден төмен және
мыналарды көрсеткен жөн болар:
0. отын сапасының нашарлауы;
1. отын теңестігінде табиғи газ үлесінің азаюы;
2. электр энергия өндірудің төмендеуі;
3. күл ұстау деңгейі 97%;
4. азот тотықтарын ұстау деңгейі 14%;
5. күкірт тотықтарын ұстау — 6% болды.
1980 жылдардан бастап табиғат қорғау мәселелерін шешу кешенді түрде
жүргізіле басталды. Осы бағыттағы ғылыми зерттеу жұмыстарына қаржы бөлу
карастырылды. Табиғат қорғау тәсілдемелерін жасағанда шет ел тәжірибелері
ескерілді, оларда бұл мәселе ертерек туындады.
Қалыптықты жасағанда шетел жетістіктері ескерілді, бірақ алқаптардың
географиялық ерекшеліктері, ондағы экологиялық фон және экономикалық
мүмкіншілектері есепке алынбады.
Қазақстанда осы қалыптықты жүзеге асыру барысында біраз істер
атқарылды. Азот тотықтарын азайтатын тәртіптік тәсілдемелер қарқынды
кіргізілді. Олар салыстырмалы арзан болғандықтан Қазақстанның барлык
электр стансаларында қолданыс тапты. Олардың нәтижелігі 15-30% аралығында
ғана, шешілмеген мәселелер көп. 2.1, 2.2-кестелерде осы істердің нөтижелері
келтірілген.
2.1-кесте
(мың тонна)
Шығару жылы Жалпы шығару Күкірт Күл Азот
ангидриді тотықтары
1992 1524,7 647,40 661,7 208,10
1993 1478,8 641,70 617,0 210,90
1994 1220,4 556,96 521,2 162,06
1995 1213,1 489,90 523,6 161,52
2.2-кесте
(мың тонна)
Жыл Су шығару Айналулық ЖЭИС тізбекті
Барлығы Ластанған Сумен камдау жүйесіндегі су
1992 3028920,0 1790,0 6673688,0
1993 2889783,6 1758,0 5694645,6
1994 2549516,0 2342,0 4228954,9
1995 2515966,3 1750,0 4217563,6
янды заттардан ауаны тазалау үшін дамыған елдерде (Германия, Жапония,
Швеция, АКГТТ) көп қаражат жұмсалуда. Мысалы, Германияда 1983-1993 жылдары
әр түрлі тәсілдерді қолданып ЖЭС-дан 5О2 шығуын 80%-ке, Кох шыгуын 75%-ке
төмендетілді. Жалпы қуаты 38млн. КВт-тай көмір стансалары үшін 8О2-ден
тазалау ұшін 14.2 млрд. Евро немесе 9.1млрд. АҚШ долл., яғни 240 доллкВт
жүмсалды.
Қазақстан экономикасының казіргі күйін ескерсек ауаға зиянды заттар
шығуын төмендету үшін жоғарыда келтірілгендей қаржы жұмсау казір және жақын
арада болмайтыны айқын. Бұл мәселе біздің елде біртіндеп шешілетін мәселе.
1994-1995 жылдары техникалық көмек көрсету ретінде ағылшын фирмасы
СКІ “Алматы қаласының ауа сапасын зерттеу” деген жұмыс жүргізді. Алынған
мәліметтерді талдай отырып біраз шаралар ұсынылды. Оның ішінде салыстырмалы
арзаны және тез нәтиже беретіні ЖЭО-1-де №7 және 8 қазандарынан бастап
қазандарды біртіндеп СГВС қазандарымен алмастыру. ЖЭО-1 қала ортасында
орналасқан, ал қалған екі станса қалада емес.
1970 жылдардан бастап жүргізілген зерттеулер бойынша күкірттік және
азоттық қосылыстар ауада алыс қашыктыққа тасымалданады және көрші елдер
жеріне шегеді. Ұшпа күл алысқа тасымалданбайды, станса орналасқан ауданға
түседі.
Зиянды заттардың көрші мемлекеттер шекарасынан өтіп, олардың ауасын
және жерін ластауы халықаралық мәселе болуы мүмкін, сондықтан Қазақстанның
шекара арқылы тасымалдау бойынша Еуропалық келісімге қосылғаны жөн.
Қазақстандағы отын-энергетикалық кешенінің бүгінгі жағдайы
Қарастырылған уақыт аралығында Қазақстанның отын-энергетикалық
теңестігі көмірсутек шикізатының негізінде кұрылады.

Қазақстанның көмір өндіру өнеркәсібінің мүмкіншілігі арқасында казіргі
кезде Кузнецк жене Орта Азия көмірлерін сатып алмай Шығыс және Оңтүстік
Қазақстан тұтынушыларын отандық көмірлерді пайдалануға көшірді.
Қазақстан көмірді едәуір қатты отын қорына ие Ресейге, су
энергетикалық қорға ие Қырғызстанға және бірқатар басқа ТМД елдеріне
экспорттайды, демек болашақта экспортталатын көмір үлесін төмендетіп оны
елдің ішкі нарығында пайдаланудың үлесін өсіруге болады. Қазақстанның
сұрыптық (сорттық) және азкүлді көмірлерін ТМД елдеріне және сыртқы нарықка
экспорттау 40-50 млн. тонна деңгейінде болады деп болжаланады.
Қазақстанда мұнай мен шықтың үлкен қоры бар, бірақ қазіргі уақыттағы
мұнай құбырларының жүйесі өз мұнайын Ресейге экспортқа сатып өзінің мұнай
өндейтін зауыттары (МӨЗ) үшін Ресей шикізатын алуға Қазақстанды мәжбүр
етеді, бұл Қазақстанды Ресейге тәуелді етіп тұр.
Бүгінгі күні Қазақстанның экспорттың мүмкіндігін анықтайтын шикізат
қоры мен өндіру қуаттары емес, Қазақстан шикізатын тасымалдауды қамтамасыз
ететін мұнай кұбырлары.
Дүниежүзінде мұнайды тұтынатын негізгі алқаптар мұнайдың үлкен қорлары
бар алқаптар емес.
Мұнайдың басты тұтынушылары өнеркәсіптік дамыған Еуропа мен Солтүстік
Америка елдері, оларға дүниежүзілік мұнай тұтынудың 40%, ал Таяу Шығыс
елдерінің үлесіне 6%-тен аз келеді.
Демек, дүние жүзіндегі және Қазақстандағы мұнай индустрия әрекетінің
бір негізгі құраушысы мұнай өндіретін елдерден тұтынушы елдерге мұнайды
тасымалдау.
Қазақстан казір мұнай өндіруді күніне 6-7 млн. баррельге жеткізе алады
(салыстыру үшін Сауд Арабиясында мұнай өңдіру 8.7 млн.баррель, ал АҚШ-та
8.6 млн. баррель күніне).
Бұның жүзеге асуы өнделмеген мұнайды Қара және Орта теңіз порттарына
жеткізе алатын мұнай кұбырларын жобалап тез арада салуға байланысты.
Салуға белгіленген Теңіз-Новороссийск, Ақтау-Тегеран, Батыс Қазақстан-
Қүмкөл мұнай құбырлары мұнайдың дүниежүзілік нарығына шығуға және Павлодар
мен Шымкент
Мұнай Өндіру Зауыты үшін Cібір мұнайын толығымен Жаңажол-
Кеңкияқ мұнайына ауыстыруға мүмкіндік береді.
Қазақстан отын-энергетикалық теңестігі
Қырғызстан және Оңтүстік Қазақстанның Ұлттық электр энергетикалық
жүйелері біріккен алқаптық ЭЭЖ түрінде жасалған және солай істеп тұр, онда
электр стансалар жалпы жүктемеге істейді, ал елдер арасындағы коммерциялық
есеп айырысу шарттық негізде келісілген қималардығы интегралдық
есептеуіштер көрсеткіштері бойынша жүргізіледі.
Электр энергетикалық тәуелсіздікке жету үшін біздің Республика Батыс
және Оңтүстік Қазақстанда қосымша энергия көздерін салу кажет және
Солтүстік Қазақстан электр стансаларынан тапшы Оңтүстік Қазақстан алқабына
электр энергияны көбірек жеткізу үшін Солтүстік-Онтүстік электр беру
желісін салу керек.
Қазақстан арқылы Ресейге Орта Азия елдерінің артық су энергетикалық
қорларын жіберуге болар еді. Ресей мен Қазақстан арасында мемлекетаралық
Итат—Барнаул—Екібастұз—Көкшетау—Қос танай—Челябі магистралін (кернеуі 1150
кВ) тиімді пайдалану жөніңдегі ынтымақтастықтың және сол желіні Тамбовқа
дейін салу артық қуат пен энергияны Ресейдің Еуропалық бөлігіне ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz