Қ.Жалаири, М.Х.Дулати, Өтеміш қажы – алғашқы қазақ тарихшылары



1. Кіріпе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3.6 бет
• М.Х.Дулати, Қ.Жалайыри, Өтеміш қажы. Қысқаша өмір баяны.
2. Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7.16 бет
• М.Х.Дулатидың “Тарих.и Рашидиі”;
• Қ.Жалайыридың “Жылнамалар жинағы”;
• Өтеміш қажының “Шыңғыс намесі”;
3. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17.18 бет
4. Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... 19 бет
Тарих ғылымында деректану деген сала бар. Біздің халқымыздың тарихын зерттеуде бұл бағытта осы деректанудың негізін ауызша тарих айту дәстүрі және шежіре құрайды. Шежіренің құндылығы сол, онда халықтың, рулардың және тайпалардың, сондай-ақ оларды басқарған қайраткерлердіңшығу тегі өсіп-өніп өрбуі және таралуы жүйелі түрде сипатталады. Сондықтан да ол тарихи шығармаға жатады. Атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа ауызша және жазбаша жеткізіліп отырған шежірені бүгінгі ғалымдарымыз негізінен екіге бөледі. Оның алғашқысы – белгілі бір рудың, тайпаның немесе халықтың шығу тегін нақты тарихи оқиғамен немесе қайраткермен байланыстыра баяндайтын шығармалар. Бұлар тарих үшін аса құнды. Екінші топқа “жекелеген рулардың шығу тегін аңыз түрінде: адамды жынуармен немесе жерден тыс нәрселермен байланысты түсіндіретін” рулық аңыздар жатады.
XYI ғасырда өмір сүрген тарихшы ғалым, мемлекет қайраткері, ақын қазақ халқының перзенті - Мұхаммед Хайдар Дулати (1499-1551 ж.). Мұхаммед Хайдар Дулатидың “Жағаннама” және “Тарих-и Рашиди” атты 2 еңбегі бар. 1449 жылы Ташкентте туып, 1551 жылы Кашмир өлкесінің билеушісі болып тұрған шағында қайтыс болды. Ол өз ғұмырында қатардағы әскер басы қызметінен мемлекет билеушісі, хандардың кеңесшісі 25 жастан бастап, мемлекеттік маңызды қызметте болып үлкен құрмет пен сенімге ие болады. 9 жасынан бастап тағдырдың айдауымен Орта Азия, Ауғанстан, Иран, Тибет, Үндістан және қазақ жерін аяқтай аралап талай тарихи оқиғаларды көзімен көріп, куә болған.
1. “Қазақ даласының жұлдыздары” – Алматы,1995ж.
2. Байұзақ Қожабекұлы Албани, “Мұхаммед Хайдар Дулати” - Алматы, 2000ж.
3. “Ақиқат” журналы - 1999жыл №4. Профессор Т.Омарбеков
4. “Қазақтар*Казахи” 2-том.”Тарихи тұлғалар” – Алматы, 2003ж.
5. Байұзақ Қожабекұлы Албани “Тарихи таным” – Алматы, 1994ж.
6. “Қазақ даласының ойшылдары” 2-кітап. – Алматы, 2001ж.
7. “Дала даналары” – Білік баспа үйі, 2001ж.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
ТАҚЫРЫБЫ: “Қ.Жалаири, М.Х.Дулати, Өтеміш қажы – алғашқы
қазақ тарихшылары”.

Ж О С П А Р :
1. Кіріпе ___________________________________ ___________3-6 бет

• М.Х.Дулати, Қ.Жалайыри, Өтеміш қажы. Қысқаша өмір баяны.
2. Негізгі бөлім ___________________________________ _____7-16 бет
• М.Х.Дулатидың “Тарих-и Рашидиі”;
• Қ.Жалайыридың “Жылнамалар жинағы”;
• Өтеміш қажының “Шыңғыс намесі”;
3. Қорытынды ___________________________________ _____17-18 бет
4. Қолданылған әдебиеттер ____________________________19 бет

2
Тарих ғылымында деректану деген сала бар. Біздің халқымыздың тарихын
зерттеуде бұл бағытта осы деректанудың негізін ауызша тарих айту дәстүрі
және шежіре құрайды. Шежіренің құндылығы сол, онда халықтың, рулардың және
тайпалардың, сондай-ақ оларды басқарған қайраткерлердіңшығу тегі өсіп-өніп
өрбуі және таралуы жүйелі түрде сипатталады. Сондықтан да ол тарихи
шығармаға жатады. Атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа ауызша және жазбаша
жеткізіліп отырған шежірені бүгінгі ғалымдарымыз негізінен екіге бөледі.
Оның алғашқысы – белгілі бір рудың, тайпаның немесе халықтың шығу тегін
нақты тарихи оқиғамен немесе қайраткермен байланыстыра баяндайтын
шығармалар. Бұлар тарих үшін аса құнды. Екінші топқа “жекелеген рулардың
шығу тегін аңыз түрінде: адамды жынуармен немесе жерден тыс нәрселермен
байланысты түсіндіретін” рулық аңыздар жатады.
XYI ғасырда өмір сүрген тарихшы ғалым, мемлекет қайраткері, ақын қазақ
халқының перзенті - Мұхаммед Хайдар Дулати (1499-1551 ж.). Мұхаммед Хайдар
Дулатидың “Жағаннама” және “Тарих-и Рашиди” атты 2 еңбегі бар. 1449 жылы
Ташкентте туып, 1551 жылы Кашмир өлкесінің билеушісі болып тұрған шағында
қайтыс болды. Ол өз ғұмырында қатардағы әскер басы қызметінен мемлекет
билеушісі, хандардың кеңесшісі 25 жастан бастап, мемлекеттік маңызды
қызметте болып үлкен құрмет пен сенімге ие болады. 9 жасынан бастап
тағдырдың айдауымен Орта Азия, Ауғанстан, Иран, Тибет, Үндістан және қазақ
жерін аяқтай аралап талай тарихи
3
оқиғаларды көзімен көріп, куә болған. 1533 жылы жазылған “Жаханнама” еңбегі
Орта Азия мен Жетісудағы Моғолстан хандарының арасындағы түрлі таққа
таласумен озбыр саясат туралы әңгімелейді. Осы шығарма сол кездің өзінде
түрлі тілге аударылып, әлемге тараған әлгі күнге дейін бір нұсқасы Берлин
қаласында сақталған. Ал, екінші шығармасы “Тарих-и Рашиди” XIY-XYI
ғасырдағы тарихи оқиғаларды, саяси-экономикалық жағдайды сол мемлекеттің
билеушілері мен халқын толық сипаттайтын аса құнды дерек.
Орта ғасырлық ғұламалардың тағы біреуі, әрі бірегейі – Қадырғали
Жалайыри. Кейбір деректерде оның аты Қадырғали, Қадырғалибек, Қадыр әлі,
Қадыр Али боп жазылады. Бірақ жалайыр тайпасының перзенті екендігін
білдіретін Жалайыри атты ныспысы өзгеріске ұшырамаған. Сонымен, Қадырғали
Жалайыри Бабыр қайтыс болған 1530 жылы Оңтүстік Қазақстанда Отырар-
Түркістан маңында дүниеге келген. Ата-бабалары Қарахан заманынан бері
үздіксіз хан нояндары, уәзірлері, қолбасылары болып қызмет атқарған. Әкесі
Қосынбек, атасы Тепшік батыр атанған. Қадырғали Жалайыри хан ордасында жас
бекзадалардың ақылгөйі-тәрбиешісі, ханның қарашасы (ақылшы, кеңесші) болды.
Қадырғали ана тілімен қатар араб, парсы тілдерін жетік игеріп, Шығыстың
классикалық озық әдебиеті мен мәдениетін, ғылымын терең білген... “Мен
дүние жүзіндегі неше түрлі мемлекеттерді аралаған, әділ үкім, нақыл сөзге
қанық көптеген кітаптар оқыған адаммын”, - деп жазады ол “Жылнамалар
жинағында
4
Өтеміш қажының “Чингиз-намесін” жазуда алға қойған міндетін автор
былай түсіндіреді: “...Чіңгізхан оғланларыдан ол Дәшт вілайәтіндә кім хан
болғандын соң кім хан болды вү андын соң нә вәқтғә тәгру нә тәртіб
бірлә кімләр хан бола кәлділәр вә буларның арсынгда нә түрлік уруш вә
нә түрлікмажәралар кәчті – бұларның барчасын кәмаһәкқа білсәм...” Яғни
автор өзінің еңбегінде Шыңғыс хан ұрпақтарынан кімдердің Дәшті қыпшақта
хан болғанын, және олардың қандай уақытқа дейін және қандай тәртіппен хан
болғандарын, бұлардың араларында қандай соғыстар мен қақтығыстар болғанын
осылардың бәрін білгісі келгенін, сондықтан да осы жұмысын жазып отырғанын
атап көрсетеді.
Дәшті Қыпшақ аталған кең байтақ ұлы даланың сол кезде сонау Днепрден
мына өзіміздің Ертіс өзеніне дейінгі аймақты яғни көп бөлігі бүгінгі қазақ
даласын қамтығанын тарихтан жақсы білеміз. Олай болса әңгіме, біздің
бұрынғы төл тарихымызға тікелеі қатысты деп айтуымызға толық негіз бар.
Алайда, мұнда ескеретін бір мәселе - Өтеміс қажы өзінің бұл еңбегін
ауызша деректер негізінде жазған. Кім ауызша тарихты жықсы білсе, ол соны
іздеп барған және естігендерін ақылға салып таразылап, ой елегінен өткізіп
қағазға түсірген. Өзі XYI ғасырда өмір сүрген автор мұндай деректерде
шындықтан ауытқулар орын алуы әбден мүмкін екендігін ескереді. “Мәшһүр
турур кім, қулақ ішіткән сөзнің көпрәкі йалған тәрләр. Нагаһ әгәр хәта
сы йа кәләті вакіз болмыш болса ғәләтні чықарыб хәтасыны раст қылсалар”
Яғни автор естіген әңгімелерде қателер кеткен жағдайда, ақиқатын
5
білетіндер оны түзетер деп үміттенеді.
Еңбектің “Шыңғыс хан туралы дастанның басталуы” деп аталатын алғашқы
тарауында Шыңғыс хан жаулаған аймақтың бір шеті Боғдадқа, екінші шеті
Хиндустарға, үшіншісі Дәшті қыпшақ пен Еділ өзеніне дейін созылып жатқаны
айтылады. Осы аймақта Шыңғыс ханның ұлдарына бөліп бергені атап
көрсетілген.

6
Тарихта біз Шыңғыс хан жаулап алған көзі тірісінде ұлдарына бөліп
бергенде, Алтайдан Атырауға дейінгі өлкенің Шағатайға тигенін білеміз. Ал
ол қайтыс болған соң Мәуреннахр мен Қазақстан жерлерін одан тараған
ұрпақтары үзілістермен болса да кезегімен билеп келгенімен, XIY ғасырдың
ортасына таман Шғатай мемлекеті екіге бөлініп, Орта Азияны Әмір Темір (1336-
1405) иемденді де, Моғолстан (Жетісу мен Шығыс Түркістан) жағы, қазіргі
Қырғызстан мен Қазақстанның біраз жерін қоса, Шағатай ұрпақтарының қолында
қала берді. Өзі тұрақтап қалған мемлекеттің шекарасы жайлы Мұхаммед Хайдар
Дулати былай дейді: “Моғолстанның шығыс шеті қалмақ жерімен шектесіп,
Барыскөл, Еміл, Ертісті қамтиды. Терістікте оған Көкше теңіз (Балқаш), Бұм,
Қаратал қарайды. Батыста Түркістанмен, Ташкентпен, оңтүстігінде Ферғана
уалайатымен, Турфанмен шектеледі”.
“Тарих-и Рашидиді” Хайдар мырза 1544-1546 жылдар шамасында
Кашмирде жазған. Ол екі дәптерден, яғни екі бөлімнен тұрады. Біріншісінде
Мәуреннахрдағы Шағатай әулеті құрған мемлекетінің XIY ғасыр ортасына таман
біржола ыдырап, екіге бөлінуі, Моғолстан деген атпен белгілі болған шығыс
бөлігіне Жетісу, Тараз-Талас маңын мекендеген беделді де белгілі тайпа –
дулаттардың күшімен дербес мемлекеттің негізі қаланғаны жайлы
баяндайды. 1348 жылы осы мемлекетке дулаттардың қолдауымен Тоғылық Темір
(1330-1362) хан болды.
“Дулаттар... Жетісудағы ең ірі түркі тайпаларының бірі болған 7
және едәуір жерді алып жататын. Дулаттардың шонжар үстем табы XIY ғасырдағы
Шығыс Түркістандағы отырықшы егіншілік жерлерге де иелік етті. Мырза
Мұхаммед Хайдар дулат руының шонжарлары Шығыс Түркістандағы өз иелігін
(иқта) XIII ғасырда-ақ алған”, - деп жазды. “Шағатай хан өз мемлекетін
ұлыстарға бөлгенде, ол өртөбеге (Өрте Бараққа) , Әмір Полатшының атасына
Маңлай Сүбені берді... Оның шығыс шекарасы Құсанмен Тарбүкір, батыс
шекарасы – Шаш, Ғаз бен Жакшимен, оның соңғысы Ферғана
уалайатынаорналасқан; солтүстік шекарасы – Ыстықкөл, ал оңтүстігінде Жарқан
мен Сарыұйғыр. Әмір Полатшы билеген осы аталмыш жер Маңлай Сүбе деп
аталады. Сол уақытта бұл елде бірнеше қалалар болды. Олардың ішіндегі ең
үлкендері Қашғар, Қотан, Жаркент, Қашан, Ақшыкент, Әндіжан, Ақсу, Атбасы,
Құсан. Осы қалалардың ішінен Әмір Полатшы Ақсуды өзінің ордасы етіп таңдап
алды”.
Хайдар мырза жазбаларының ішіндегі ең қызықтысы, әрине,
халқымыздың тарихына қатысты шығармалары. Ғалым нағашы атасы Жүніс хан мен
Уәйіс ханның кенже ұлы Есенбұғаның (1418-1462) билікке таласар тұстарын сөз
еткен. Дешті Қыпшақ әміршісі Әбілқайырдан көп қысым көрген Жәнібек хан мен
Керей ханның одан бөлініп, Моғолстандағы Шу мен Қозыбасыға келуі,
Есенбұғаның оларды жылы қарсы алуы, соңынан Әбілқайыр қайтыс болған соң,
оның ұлысынан үдере көшкен елдің Жәнібек хан мен Керей ханға келіп қосылуы
жайлы айтуды да автор ұмытпаған.
8
“Олардың ұзын саны екі жүз мыңға жетті. Олар өзбек-қазақ деген атқа ие
болды. Қазақ сұлтандарының билік құра бастауы 870 (1465) жылдан басталады.
Алла артық біледі”, - деп жазады Хайдар мырза.
Сөйтіп, Қазақ халқының тарих сахнасына көтерілген кезі 1465 жылы
екенін Хайдар мырза шегелей көрсеткен. Одан әрі ол: “Содан қазақтар 940
(1533-1534) жылға дейін Өзбекстанның (Көшпелі өзбек мемлекетінің) көпшілік
бөлігін тұтастай биледі. Керей ханнан кейін Мұрындық хан болды. Сонан соң
Жәнібектің баласы Қасым хан болды. Ол һз билігін Дешті Қыпшаққа да
жүргізді. Оның әскері миллионнан да көп еді. Жошы ханнан кейін бұл үйден
одан күшті хан шыққан емес. Қасымнан соң оның баласы Мамаш хан болды. Одан
кейін... Таһир хан болды. Осы Таһир хан тұсында қазақтар көп қиыншылықтарға
ұшырады. Одан кейін оның бауыры Бұйдаш хан болды... Қысқаша айтқанда,
Есенбұға ханнан бастап, Рашид ханға дейінгі аралықта Моғолдар мен қазақтар
тату-тәтті, тыныштықта өмір сүрді, бірақ оны Рашид сұлтан бұзды”, -
деп жазды ол. Ол рас та еді. Өйткені Рашид сұлтан қазақтардан гөрі
шайбандарға көп мойын бұрған, солардан одақ іздеген.
Ал екінші дәптердің тарихи – мемуарлық сипаты бар. Мұнда ол өз
өмірбаянын тілге тиек еткен, әрі оның бірінші дәптерден, бұрын туындатқан.
Мұнда автор өзі көріп куәсі болған, басынан өткен немесе естіген жәйттар
мен оқиғаларды қаз – қалпында баяндаған.

9
Қадырғали Жалайыри шығармасының “Кіріспесінде” әуелі Борис Годуновты
“айналасы алты хан, төгірэгі төрт хан, дүнийаның төрт бурчын билеген хан.
Халайиқын әділдік білән сурған хан. Йетім лерге рахим қылыб, чығай лар ны
тойдурған хан, Қыш уа йаз, ай уа йыл хазина да бар малын хақ йолында ихсам
қылған хан. Йеті иқлим қашур ны алған хан, тахт Қазан, тахт Хажы Тар хан,
тахт Тура, тахт Сарайчиқ муссалам хан. Тағда туман, қырда Черкес, ойда
ештек – барча тасрафында хан. Мажар бачқыр, рум уилайаты барыш-келіш қалған
хан...Қырым білә түрікні һәм уәһидын йапырақ дек тітіреткен хан”, - деп
отырып, оны жер-көкке сыйғызбай мақтайды. Айға, тауға, теңізге, бұлтқа,
дарияға теңей келіп, “Кіріспе” сөзін: “Кім сенің шафағатың ге учыраса, өлсе
өкінбес”,- деп аяқтайды.
Қадырғали Жалайыри “Жылнамада” Шығыс елдеріне, оның шаһарларына
шолу жасап, қазақ сахарасын мекендеген Жалайыр, Арғын, Қыпшақ, Қаңлы,
Найман, Қоңырат, Керейіт, Алшын секілді т.б. түркі тайпаларына анықтама
береді...Қазақ хандарының өмірбаянына тоқталады. Ол қазақ жері, оның
қалалары т.б. жайлы аса құнды тарихи деректер қалдырды. Шежіре кітаптың
әсіресе XIII-XYI ғасырлар аралығында қазақ жеріндегі оқиғаларға арналған
бөлімнің ғылыми маңызы ерекше. Мұнда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ноғай ордасы туралы
Жақсыдан қалған жәдігер Жаһан - наме поэмасының зерттелу тарихы мен мазмұны
Қазақ хандығы дәуіріндегі тархи шығармалар қазақ тарихының дерек көзі ретінде
Қадырғали Жалайыр
Қадырғали би Жалайыри
Ақсақ Темірдің Алтын Орда, Ақ Орда, Моғолостан шапқыншылығы
ШОҚАН УӘЛИХАНОВ ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫҚ ТӘРБИЕ
Орта ғасырдағы Тараз қаласы: кейбір тарихи мәселелері
Түркі тілдес халықтардың ғұламалары
Түркі ойшылдары еңбектерінің Қазақстанда зерттелуі
Пәндер