Банктік жүйенің дамуы мен қалыптасуы


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны:

Кіріспе . . . 3-5

І. Банк жүйесінің теориялық қалыптасу негіздері

1. 1. Банк, банк жүйесінің қалыптасу мен даму ерекшелігі. . 5-9

1. 2. Банктік жүйенің мәні, маңыздылығы және оның қызметтері………. . 10-15

1. 3. Банк жүйесінің нарықтық экономикадағы ролі. 16-19

ІІ. ҚР банк жүйе және оның дамуы

2. 1. Өтпелі кезеңдегі банк жүйесінің ерекшеліктері20-28

2. 2. Қазақстандағы қазіргі кездегі банк жүйесі 28-30

Қорытынды. . 31-33

Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 34

Банктік жүйенің дамуы мен қалыптасуы. КУРСОВАЯ

КIРIСПЕ

Банктiк жүйеде қоғамның барлық ақшалай қорлары шоғырландырылған: мемлекеттiк шаруашылық буындардың қаражаттары, халықтың жинақ ақшалары, т. б. бар. Банктер осы қорлардың қалыптасуынабелсендi қатысады, яғни оларды пайдалану бойынша бақылау жүргiзедi, ақша айналымын реттейдi және сол арқылы ұдайы өндiрiстiк үрдiске әсер етедi. Қазақстанның нарықтық экономикаға көшуiмен банктердiң алдында жаңа мүмкiндiктер ашылуда. Меншiктi жекешелендiру мен мемлекетсiздендiру нәтижесiнде жеке меншiк, меншiктiң ұжымдық және акционерлiк түрлерi, кооперативтiк қозғалыс кең етек алуда, меншiктiң аралас түрi негiзiнде кәсiпорындар құрылуда. Қоғамда белгiлi-бiр класқа ие комерсанттар, кәсiпкерлер пайда болуда. Нарықтық қатынастардың дамуы бойынша экономикада, қоғамда банктердiң ролi күшеюде. Олардың жұмысында әмiршiл - әкiмшiл әдiстердiң орнын - экономикалық әдiстер алмастырды. Сөйтiп экономикаға банктiк ықпал етудiң құндық құрылымдарының мағынасы арта түстi.

Қазақстан Республикасының қазiргi банк жүйесiнiң құрылуы 1990 жылдың желтоқсанында ҚазКСР - нiң Жоғары Кеңесi қабылдаған “Банктер және банк қызметi туралы” Заңынан бастау алады. Заңға сәйкес республикада екi деңгейлi банк жүйесi құрылды: жоғары (бiрiншi) деңгейдегi банк - ҚазКСР-нiң Мемлекеттiк банкi және төменгi (екiншi) деңгейдегi банк - коммерциялық банктер жүйесi.

Әлемдiк тәжiрибе көрсеткенiндей экономикада нарықтық қатынастар өз-өзiн реттей алмайды. Оған белгiлi бiр деңгейде мемлекет әр түрлi саясаттар жүргiзу арқылы араласып, реттеп отырады. Мұндай экономиканы реттеу саясаттарына ақша-несие және бюджеттi-салық саясаты, валюталық саясаттар жатады. Бұл қаржы нарығының саясаттарын мемлекет тарапынан банк жүйесi атқарып отырады.

Елiмiздiң өз егемендiгiн алғаннан берi нарықтық қатынастар күннен-күнге дамып келедi. Бiрақ экономикада қанша нарықтық қатынастар орнағанымен, оның өзiн-өзi басқаруы мүмкiн емес. Оған белгiлi бiр дәрежеде мемлекет өзiнiң саясаттары арқылы әсер етiп отыруы керек. Мұндай саясаттарға мемлекеттiң ақша - несие саясаты және қаржы (бюджеттiк) саясат жатады.

Экономиканы ақша-неиселi реттеудi қаржы саласының басты секторы банк жүйесi iске асырады. Банк жүйесi қазiргi заманғы экономикада екi деңгейлi болып келедi, яғни мемлекеттiң эмиссия саясатын iске асырушы Орталық банк (бiздiң елде Ұлттық банк) және екiншi деңгейдегi банктер.

Орталық банк ұлттық валютаны айналымға шығарады, мемлекеттiң алтын резервтерiн сақтайды, коммерциялық бактердiң мiндеттi резервтерi банктер арасындағы шот айыру ретiнде пайдаланылады. Орталық банк ақша-несие саясаты құралдары арқылы ақша-несие саясатының мақсаттарын жүзеге асырады.

Қазiргi таңда нарықтық экономикада банктiк жүйенiң ролi ерекше. Банктiк жүйе - нарықтық экономиканың ең маңызды және бiртұтас құрылымдарының бiрi. Банктер халық шаруашылығы қызметiнiң барлық деңгейiндегi басқарумен тiкелей байланысты болады.

Қазақстан Республикасында екi деңгейлi банктiк жүйе 1990 ж. ҚазКСР-нiң “Қазақ КСР-дағы банктер және банктiк қызметтер туралы” Заңы бойынша қалыптасты. Мемлекеттiк банк ҚР-да Ұлттық банкке айналды. Ал қалған банктер акционерлiк банктерге, Жинақ банкi ҚР-ның халықтық банкi деп аталды.

Осылайша банктiк жүйе елiмiзде қалыптасып, экономиканың тиiмдi қызмет етуiне ат салысатын басты секторға айналды. Оның әр түрлi саясаттары арқылы экономиканы өтпелi кезеңнен алып шығып, экономикалық өсуге бет алдық.

Қазiр елiмiзде банк жүйесi егемендiң алғаннан берi жүргiзiлiп келе жатқан нарықтық инфрақұрылым iшiнде ең тиiмдi қалыптасқан жүйе болып отырғаны белгiлi. Ал бiз осымен тоқтатпай банктiк жүйенi одан әрi дамытуымыз керек. Ол үшiн банктiк жүйе қызметтерi туралы мамандық деңгейiмiз жоғары болуы керек.

Мiне, сондықтан мен курстық жұмысымның тақырыбын “Банк жүйесінің қалыптасуы мен дамуы” деп алдым.

Бұл тақырыпты орындаудағы алдыма қойған негізгі мақсатым және міндеттеріме:

  • Банктік жүйесінің несие жүйесінің маңызды буыны ретінде қарастыру;
  • Банктік жүйенің дамуы мен қалыптасу ерекшеліктерін, банктік жүйенің даму тарихының кезеңдерін ашып өту болып табылады;
  • Қазақстандағы банктік жүенің 1991 жылдан бергі ұлттық жүйе ретінде пайда бола бастауы, оның қазіргі таңда дейінгі қалыптасу жағдайын сипаттау.
  • Банк жүйесінің негізгі элементтері болып табылатын Орталық банктер мен коммерциялық банктерінің экономикада атқаратын қызметтері мен опперацияларын талдау.

І. Банк жүйесінің теориялық қалыптасу негіздері

1. 1. Банк, банк жүйесінің қалыптасу мен даму ерекшелігі

Ең алдымен, банк деген ұғым не, ол қалай пайда болды деген сұраққа жауап iздестiрейiк.

«Банк» сөзi «banco” деген ағылшын тiлiмен аударғанда “айырбас орны” дегендi бiлдiредi. Бұл “айырбас орыны” тауарлармен сауда жасалатын алаңдарда құрылады. Банктер пайда болардың алдында ақша-сауда капиталының өкiлдерi саудагерлердiң ақшалай салымдарын қабылдап, оларды әр түрлi елдiң ақшаларына айырбастауға маманданып отырған. Уақыт өте келе, айырбастаушылар бұл салымдарды, сондай-ақ өздерiнiң ақша қаражаттарын саудаға берiп, пайыз алу үшiн пайдалана бастайды. Сөитiп, айырбастаушылар бiртiндеп банкирлерге айналады. Менiң түсiнiгiмше, банк ұғымы айырбастаушылардың және олардың айырбас орындарымен сипатталады. Өйткенi, алғашқы банктердiң Италияда пайда болу себебi, оның сол уақыттарда дүниежүзiлiк сауда орталығы болғандығын ескерiп, әр елдiң ақшалары мен тауарларының сол елге қарай ағылып, банкирлердiң сауда операцияларына тiкелей қатысуына байланысты тұсiндiрiледi.

Банк арнайы ұйым ретiнде материалды өндiрiс сферанын айтарлықтай ерекшелiктерiн өнiм шығарады, ол жай тауар емес, ақша, төлем қаражаты түрiндегi тауар.

Қызымет көрсету сферасындағы банктiң негiзгi өнiмi өнiмдердi, тұтыну заттарын емес, несиелердi ұсыну болып табылады. Банктiк несиенiң ерекшiлiгi, ол қандай да бiр ақша сапасы ретiндегi ұсыну емес, капитал ретiнде ұсыну. Ал бұл дегенiмiз, несиеге ұсынылған ақша қаражаттары қарыз алушының шаруашылығында айналым жасауды ғана емес, сонымен бiрге өзiнiң алғашқы заңды нүктесiне өсiрiлген қарыз пайызы түрiнде оралуы керек. Банк өндiрiстiк кәсiпорыннан өзiнiң эмитациялау сипатымен ерекшеленедi. Ол тек ғана акцияларды және бағалы қағаздарды шығарып қана қоймай, сонымен бiрге басқа эмитенттердiң бағалы қағаздарын сақтау мен есептеу бойынша операцияларды да жұзеге асырады.

Қызмет көрсету аясындағы банктiң өнеркәсiптiк кәсiпорындардан ерекшелiгi оның несие беруiнен байқалады. Оның негiзгi өнiмi «несие» болғандықтан, банктi «несиелiк мекеме» деп атаған.

Қазiргi түсiнiкте «банк»-бұл ерекше өнiм шығарумен айналыстын кәсiпорын немесе қолма-қол және қолма-қолсыз ақшада төлем айналысын ретттеудi жүзеге асыратын ақша- несие институты болып табылады.

«Қазақстан Республикасының банктер және банктiк қызмет туралы» заңның бiрiншi бабында былай жазылған: «банк-бұл осы жарғыға сай банктiк қызметтi жұзеге асыруға құқылы коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға».

Банк - банк жүйесiнiң элементi болып табылады. Бұл дегенiмiз ол келесi реттегi мiндеттердi атқарады:

1) жалпының бiр бөлiгi болуға, ойынның жалпы тәртiптерi бойынша қызмет етуге мүмкiндiк беретiн қастетерiн иемдену;

2) жалпы және арнайы заңдар, қауымның заңды нормалары шегiнде қызмет ету;

3) өзiн-өзi реттеуге, дамуға және жақсартуға икемдi болу;

4) банк жүйесiнiң басқа да элементтерiмен қатынасу.

Банк жүйесiне банктерден бөлек басқа да банктiк операцияларды орындайтын, бiрақ банк статусы жоқ кейбiр қаржы институттары, банктiк инфроқұрылымды құрайтын және ақша-несие институттарының iс-әрекетiн қамтамасыз ететiн басқа да ұйымдар жатады.

Банк iсi - қарыз капиталын жинақтау мен оны бөлумен шұғылданатын кәсiпкерлiктiң ерекше түрi. Банктер арқылы ақша айналымы мен несие қатынастарын ұйымдастыру ғана емес, сонгымен қатар, халық шаруашылығын қаржыландыру, сақтандыру операциялары, бағалы қағаздарды сатып алу-сату, ол кейбiр жағдайларда делдалдық келiсiмдер және мүлiктi басқару операциялары жүргiзiледi.

Банктiң атқаратын негiзгi қызметтерiн негiзiнен төмендегiдей топтастыруғы болады:

  1. Уақытша бос ақша қаражатын тарту, жинақтау және оны қарыз капиталына айналдыру.
  2. Кәсiпорындарға, мемлекетке, жеке адамдарға несие беру, бағалы қағаздармен операция жүргiзу.
  3. Ақша айналымын реттеу. Банк - әр түрлi шаруашылық субъектiлерiнiң төлем айналымы жүретiн орталық. Банк өзiнiң есеп айырысы жүйесi арқылы клиенттерiне айырбас, капитал және ақша айналымын жүргiзуге мүмкiндiк туғызады.
  4. Айналымға несие құралдарын шығару. Банк клиентiн тек жинаған уақытша бос ақша қаражатымен несиелеп қоймай, сонымен қатар, депозттiк чектердi, вексельдердi шығарумен де несиелейдi.
  5. Экономикалық және қаржылық кеңес беру. Орындайтын айырықша қызметтерiне байланысты банктер: эмиссиялық және эмиссиялық емес болып екiге бөлiнедi.

Эмиссиялық банк - айналысқа ақша белгiлерiн эмиссиялауға құқы бар, әдетте орталық банк. Әр мемлекеттерде орталық банк әр түрлi аталады.

Эмиссиялық емес банктер - мемлекеттегi басқа банктердiң барлығының да ақша белгiлерiн шығаруға құқы жоқ банктер. Олар коммерциялық, инвестициялық, инновациялық, ипотекалық және т. с. с. банктер.

Инвестициялық және инновациялық банктердiң екi түрi де ұзақ уақытқа ақша қаражатын шоғырландыруға маманданады, яғни олар облигация, акция және басқа бағалы қағаздар шығару арқылы ақша тартып, кейiн ұзақ мерзiмге қарызға бередi. Инвестициялық банктер кәсiпкерлерге қарыз берсе, ал инновациялық банктер технологиялық жаңалықтарды өңдеудi және оны игерудi несиелейдi.

Ипотекалық банктер - жердi және жылжымайтын мүлiктердi кепiлдiкке алып, ұзақ мерзiмге несие бередi. Олар ипотекалық облигация, акция және басқа бағалы қағаздарды сату арқылы ақша жинақтайды.

Банктердi сонымен бiрге шаруашылық сипаты бойынша да бөлуге болады: өндiрiстiк, сауда, ауыл шаруашылық, сыртқы сауда. Территориялық сипаты бойынша: аймақтық және аймақтың, жалпы елдiң қажеттiлiктерiн жүзеге асыратын, халық аралық. Меншiктiк сипаты бойынша; мемлекеттiк, окционерлiк, кооперативтiк, жеке муниципалдық, аралас болып бөлiнедi.

Қазiргi кездегi банк жүйелерiнiң құрылымы қиын. Көрсетiлетiн қызметтердiң сипатты көзқарасынан қарағанда, қазiргi кездегi несие жүйелерiнiң үш маңызды тобы бөлiнген:

- орталық (эмиссиялық) банк;

- коммерциялық банктер;

- арнайы қаржы ұымдары ( сақтандыру, ипотекалық, қор жинау және т. б. ) .

Орталық банк . Басқаша оны көбiнесе «банктердiң банкi» деп те атайды. Оның ерекшелiгi кәсiпорындармен және халықпен операцияларды жүргiзумен айналыспауынан құралады. Клиент ретiнде екөбiнесе коммерциялық банктер және басқа да кредиттiк ұйымдар шығады. Сонымен бiрге, орталық банктер әр түрлi үкiметтiк ұйымдарға қызмет көрсетумен өте жиi айналысады. Орталық банкттердiң басты қызметi- қаржы жүйесiнде, жалпы елдiң экономикасын да реттейтiн тиiмдi несие-ақша саясатын жүргiзу болып табылады.

Ұлттық банк - заңды тұлға, дербес балансы бар, өзiне тiкелей бағынатын төменгi бөлiмшелермен бiрге тiкелей бағыныстағы бiртұтас орталықтандырылған құрылым, iс-әрекетiн толық шаруашылық есеп негiзiнде жүргiзедi. Әр түрлi салық жинаудан, баж салығын және кеден салығын төлеуден босатылады.

Ұлттық банктiң негiзгi қызметi ұлттық валютаның iшкi және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету. Сондықтан ол:

  • ақша айналымы, несие, банктiк есеп айырысу мен валюталық қатынастарын ұйымдастырады;
  • ақша, несие және банк жүйелерiнiң тұрақты қызметiн қамтамасыз етедi;
  • несие берушiлер мен салымшылардың, сондай-ақ шетел валютасын сатып алу, сату және айырбастау операцияларын жүргiзетiн банктiк және басқа ұйымдардың мұддесiн қорғау және олардың жұмысын бақылау сияқты мемлекеттiк экономикалық саясатын жүргiзедi;
  • үкiметтiң және мемлекеттiк органдардың банкi мен агенттiк қызметiн атқару;
  • елдiң алтын - валюта қорларын басқару.

Коммерциялық банктер - қарыз капиталы нарығында өзiнiң қызыметiн жүзеге асыратын қөп функционалды ұйымдар болып табылады. Несие беру, депозиттердi қабылдау, әр түрлi есеп жүргiзi сияқты қаржы қызметтерiнiң барлық кешенi әдетте, iрi коммерциялық банктермен жүзеге асады. Қазiргi жағдайларда коммерциялық банктер бүкiл әлемде кредит жүйесiнiң шешушi элементi болып табылады.

Егер банк мемлекеттiк банк болмаса және банкпен мемлекет өзара мiндеттеме алмаған жағдайда банктер мен мемлекет бiр-бiрiнiң мiндеттемелерiне жауапты емес. Мемлекет банктiң мiндеттемелерi бойынша тек мемлекеттiк банктiң жарғылық қорына салған қаражаты шегiнде ғана жауап бередi.

Банктiк заңдарға сәйкес банктер үшiн заңды тұлғалардың жарғылық капиталға қатысуға мынандай қызметтерге тиым салынған және шектелген:

  • банктердiң, мемлекеттiк емес жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниялардың, инвестициялық қорлардың сақтандыру ұйымдардың, лизинг берушi ұйымдардың жарғылық капиталдарына банктердiң қатысуына;
  • қаржы нарығының инфрақұрылымдық бөлiгi болып табылатын, банк қызметiн автоматтандыруды, тұлғалардың және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың жарғылық капиталдарына банктердiң қатысуына;
  • бағалы қағаздар нарығында кәсiби қызметтi жүзеге асырушы ұжымдардың жарғылық капиталдарына банктердiң қатысуына;
  • банкроттық рәсiмдерiнде төлем қабiлетi жоқ борышкерлер мүлкi мен iстерiн басқару жөнiндегi қызметке тиым салу қолданылмайды.

Комменрциялық банктердiң негiзгi атқаратын қызметтерi: ақша қаражатын шоғырландыру және тарту, несие беру, шаруашылықтармен есеп және төлем жұмыстарын жүргiзу, төлем құралдарын шығару, бағалы қағаздарды шығаруды және орналастыруды ұйымдастыру, сенiмхат бойынша клиенттердiң мүлкiн басқару (яғни, траст операциясын жүргiзу) клиенттерге кеңес беру.

Арнайы қаржы ұйымдары. Мұнда арнайы бiлiмнiң, сонымен бiрге ерекше техниканың болуын талап ететiн қарыз капиталы нарығының бөлек сегменттерiнде өзiнiң қызметтерiн жүзеге асыратын ұйымдар жатады. Мұндай ұйымдар, әсiресе белсендi майда қорларды, ипотекалық несиелердi, тұтыну несиелердi, ауыл шаруашылық өндiрушiлерiне несиелердi тарту сферасында және сыртқы саудада есеп және қаржыландыру бойынша операцияларда дамиды.

Қазақстан тереториясында орта ғасырларда (VI-X ғғ. ) сауданың дамуымен бірге ақша және сәйкесінше ақшалай қатынастар. Сауда көбінесе, XVIII ғасырда негізгі қаланған шекаралық қорғандардағы айырбас аулаларында жүрді. Сауда ақша нысанында тез өсе бастады, сауда жәрмеңкелері дами бастады. Жәрмеңкелерде өз кезегінде экономикалық дамуға және тауар ақша қатынастарының кеңеюіне оң ықпалын тигізді. Сауданың даму нәтижесінде, әрине, саудагерлер байи бастады. Олар өздерінің қолына үлкен мөлшерде ақша қаражаттарын шоғырландырып, өсімқоршыларға айналды. XIX ғасырдың басынан Қазақстанға шетелдік және рессейлік банктік капитал енеді, бұл капитал аймақтың негізгі қаржылық рсурстарын монополизациялайды. 1889 ж. Рессей үкіметі Омск қаласында Семей, Ақмола және Жетісу облыстарында қаржылық істерді басқару үшін қазынашылық палатасын ұйымдастырады. Палатаның міндеті мынада болады: сауданы бақылау, қазынашылықтардың басқару, мемлелеттік табыстар бойынша жалпы есеп жүргізу. Қазақстанға банктік копиталдың өне бастауы және оның териториясында несиелік жүйесінің құрылуы XIX ғасырдың аяғында басталды. Осы уақыттан бастап несиенің жаңа нысандары пайда бола бастады. Қазақстанның несиелік жүйесі, Рессей империясының несиелік жүйесінің бір бөлігі ретінде, мемлекеттік банктің бөлімшелерінен, акционерлік коммерциялық банктерден, несиелік кооперциялардан және де басқа да майда несие мекемелерінен құрылды.

Рессей Мемлекетік банктің құрылуымен Қазақстан тереториясында оның мекемелері пайда бола бастады. Ресей Мемлекетік банкінің бірінші бөлімшелері Уральскта (1876 ж. ), Петропавловскте (1886 ж. ), Семейде (1887. ), Верныйда (1911. ) ашыла бастады. Ресей Мемлекеттік банкінің мекемелерінің ашылуынан кейін Қазақстан тереториясында коммерциялық банктер пайда болды.

1917 жылғы революциядан кейін Қазақстандағы барлық қаржылық шаралар, РФСРО -ның қаржылық органдарымен жүргізілетін қаржылық саясаттың принцептерімен сәйкес жүргізіледі. Кеңес үкіметінің бірінші жылдары бұрыңғы жүйемен несиелеу ережелері қала берді. 1919 жылдың бірінші жартысында бір-бірімен байланыспаған мекемелердің 2 түрі пайда болды: қаржылық бөлімдер (губерниялық, уездік және қалалық) және Халық банкінің мекемелері, РФСРО Халық банкіна бағынышты. Жергілікті қаржылық органдарын ұйымдастыру жұмыстары Азамат соғысының және әскери интервенция кесірінен созылып кетті. Несие ісін реттеу жұмыстары жеке банктерді национализациялау негізінде жүргізілді. 1920 жылы РФСРО Халық банкі жойылып оның функциялары РСФСРО -ның Халықтық қаржылық коммисариатының бюджетік-есептік басқармасына ерілді. 1921 жылдың қазан айында Мемлекетік банкті құру туралы шешім қабылданды. 1922-1925 жылдары бүкіл елде, Қазақстанда соның ішінде, шаруашылықтың бөлек салаларыны қызмет көрсететін коммерциялық және басқа банктерді ұйымдастыру процессі жүріп жатты. Одақ үкіметінің 1930 жылғы 30-ші қаңтарындағы үкімі бойынша елде несиелік реформа жүрді. Бұл реұорма коммерциялық несиелеуден тікелей банктік несиелеуге көшуді жүзеге асырды. Несиелік жүйені қайта құру 1932 жылғы 5-ші мамырдағы үкіметтің “Банктердің күрделі салымдарды қаржыландыруы және ұзақ мерзімді несиелеуі туралы” үкімімен аяқталуы.

Ұлы Отан Соғысы Қазақстанның экономикасының алдында келесі негізгі міндеттерді қойды: Ұлттық шаруашылықты әскери етіп қайта құру, әскери өнімді көбейту, армияны қарумен және азық-түлікпен қамтамасыз ету.

Соғыс өтуімен Қазақстандағы Мемлкеттік Банктің мекемерелі ақшаның айналысқа түсуі және алынуы ережелерін қатаң сақтады. Банктердің кассасына қолма-қол ақшаларды түсіру және олармен бүкіл халық шаруашылығын қамтамасыз етуіне байланысты үлкен жұмыс жүргізілді.

1. 2. Банктік жүйенің мәні, маңыздылығы және оның қызметтері

Банктiк жүйе - нарықтық экономиканың ең маңызды және бiртұтас құрылымдарының бiрi. Несие жүйесінің негізгі буыны - банктік жүйе болып табылады. Себебі масштабы және маңызы жөнінен несие қатынастарының басым көпшілігі банктер арқылы өтеді.

Банктердiң және тауарлы-ақшалай қарым-қатынастардың дамуы тарихи тұрғыдан қатарлас жүрдi және де олар бiр бiрiмен өзара тығыз байланысты. Банктер халық шаруашылығы қызметiнiң барлық деңгейiндегi басқарумен тiкелей байланысты болады. Олар арқылы ұдайы өндiрiс үрдiсiне қатысушылардың экономикалық мүдделерiн қанағаттандыру жүзеге асырылады. Осы кезде банктер қаржылық делдал ретiнде шаруашылық органдардың капиталдарын, халықтық жинақтарын және шаруашылық қызметтiң үрдiсiнде босаған басқа да бос ақша қаражаттарын тарта отырып, қарыз алушылардың уақытша пайдалануына бередi, ақшалай есеп айырысу жүргiзедi және экономика үшiн басқа да көптеген қызмет көрсетедi, соның арқасында өндiрiстiң тиiмдiлiгi мен қоғамдық өнiмнiң айналысына тiкелей ықпал етедi. (1-сызба) . / (4), 169 б/.

Қаржылық делдалдар осылай қоғамға ақша капиталын салааралық, ауданаралық үлестiру механизмiн қамтамасыз ету арқылы маңызды халық шаруашылығы қызметiн атқарады.

Банктер нарықтық экономикада басты қаржылық делдалдар болып табылады. Өз қызметiнiң үрдiсiнде, олар ақша нарығында тауар болатын, жаңа талаптар мен мiндеттемелердi жасады. Клиенттердiң салымдарын қабылдау арқылы банк депозит деген жаңа мiндеттеме жасаса, ал қарызды беру арқылы қарыз алушыға жаңа талап қояды. Осы жаңа мiндеттемелер мен талаптарды жасау үрдiсi қаржылық делдалдықтың негiзiн құрайды. Несие берушi қарыз алушыға және соған қатысты қаржылық институттар қызметiнiң қозғалысы орын ауыстыруы, қаржылық ресурстардың құйылуы қаржылық делдалдық деп аталады.

Әр түрлi көздерден ақша капиталын жинау арқылы банктер жалпы ақша қаражаттарының “тобын” құрайды және оларды жұмыс iстеп тұратын капиталға айналдырып, әр түрлi шарттарға несиеге деген талаптарды қанағаттандыра алады. Шаруашылық органдар мен тұрғындардың қаржылық-несиелiк қызмет көрсетуiн ұйымдастыру және несиелiк жүйенiң қызмет етуi шаруашылық құрылымдардың дамуында маңызды мәнге ие.

Нарықтық экономикада банктер монополистерге айналыды және барлық қаржылық капитал арқылы нақты экономиканы басқарады. Олар тек делдалдық қызметтен шығып, ұдайы өндiрiстiң барлық фазасының аясына ғана кiредi. Банктер шаруашылық өмiрдiң орталығы, барлық экономиканың негiзгi түйiнi болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының банк жүйесiнің қалыптасуы мен дамуы
Қазақстан Республикасының банк жүйесінің қалыптасуы
Сыртық экономикалық банкі
Банк жүйесі туралы ақпарат
Коммерциялық банктердің экономикадағы қызметі және операциялары
Қазақстан Республикасының банк жүйесі жайында
Қазақста Республикасының банк жүйесi
Қр-ғы несие жүйесінің қалыптасуы мен дамуы
Несиенің қажеттілігінің экономикалық мәні
Қазақстан Республикасының банк реформасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz